Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану тәсілдері



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Шетел тілдері кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

Орындаған:

Тексерген:

Орал - 2016
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану тәсілдері
1.1 Ағылшын тілі сабағында интернет ресурстарын қолданудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Дид Тилер және Пита Грей интернет ресурстарының көмегі ... ... ... ... ..9
2. ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ
2.1 Шет тілін оқытудың әдістемелік қағидаттары (принциптері) және құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Ағылшын тілін оқыту құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3 Шет тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында жаңа технологияларды қолдану мәселесі кеңінен талқыланып жүр. Бұл тек қана жаңа техникалық тәсілдер емес, сондай-ақ оқытудың жаңа формалары мен әдістері. Шет тілін оқытудың негізгі мақсаты студенттің коммуникативтік мәдениеттілігін және шет тілін практика жүзінде меңгеру шеберлігін дамыту. Оқытушының міндеті студенттердің шет тілін үйренуге қолайлы жағдай туғызу. Яғни студент өзінің шығармашылық белсенділігін көрсете алатын оқытудың тәсілін қолдану. Заманауи педагогикалық әдістер яғни жобалық әдіс және жаңа информациялық техниканы қолдану. Интернет ресурс студенттердің дағдыларын ескере отырып олардың индивидуалдық ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану формалары:
1.Лексиканы меңгеру.
2.Сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Диалогты және монолгты дамыту.
4.Жоба жұмысына үйрету.
5.Граматтиканы өту.
Ағылшын тілі сабағында интернеттің көмегімен түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындауға болады: оқу дағдыларын қалыптастыру, жазу дағдыларын қалыптастыру, студенттің сөздік қорын кеңейту, студенттің ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Студенттер интернет желісімен түрлі олимпиядаларға, жарыстарға қатыса алады. Сонымен қатар тест жұмыстарымен түрлі ойындар арқылы өтетін қызықты жаттығулар жасауға мүмкіндіктері болады.
Соңғы он жылдықта адамзаттың жеткен жетістіктерінің бірі, яғни оқыту үрдісіне елеулі әсерін тигізген халықаралық желі- Интернет.
Интернетті оқу мақсатында қолдану әдістемесінің жаңа бағыты болып саналады. Интернеттің негізі студенттің мәдениетаралық дағдысын қалыптастыру. Интернет халықтардың көпұлтаралық, мәдени аралық қоғам, яғни әлемнің миллиондаған адамдарының электронды түрде қарым-қатынас жасау кезінде студенттер нағыз өмірлік жағдайларға тап болады. Компьютер студенттердің жұмысына сын айтпайды, керісінше өзіндік қабілеттерін дамытып, олардың сенімін арттыра отырып қолайлы әлеуметтік психологиялық атмосфера құрайды.
Зерттеу мақсаты: ағылшын тілін пәнінде интернет ресурстарын қолдану тиімділін зерттеу, пайдасын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
+ ағылшын тілін оқытуда интернеттің пайдасы;
+ ағылшын тілі сабағына қажетті интернет ресурстары туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану тәсілдері
1.1 Ағылшын тілі сабағында интернет ресурстарын қолданудың тиімділігі
Қазіргі таңда білімді дамыту студенттің ақпараттық потенттік деңгейін дамыту деген сөз. Әлемдік ақпараттық қоғамға ену үшін студент ақпараттық мәдениетті, компьютерлік экранды білу қажет, яғни интернетпен тығыз байланыста болу керек. Ақпаратты жүйе ретінде Интернет түрлі ақпараттар мен ресурстарды ұсына алады.
- электрондық хат;
- теле конференция;
- видео конференция;
- өзінің ақпаратын беру, өзінің сайтын құрып Web- серверге орналастыру;
- ақпараттық ресурстарды қолдану;
- ақпараттық жиынтықтар;
- желіде сөйлесу мүмкіндігі [1, 4].
Lucent Technologies компаниясының сайты шет тілінде сөздерді тыңдауға мүмкіндік береді.
Бұл жерде мәтінді дыбысқа айналдыру үшін сөйлеу синтезаторы орналасқан. http:www.belllabs.comprojecttts index.html сайты арқылы жеті тілдің бірін тыңдауға болады. Сосын терезеде кез келген сөзді жаза алады. Бірнеше секундтан кейін компьютер терезесіне енген сөз дыбысталады. Дыбысталған компьютер жадында сақтап, дискіге жазу арқылы бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді.
Интернет әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар жайлы мәлімет алудың тез және ең оңай жолы. Интернеттің көмегімен аудиторияны жаңалықтар өзегімен қамтамассыз етіп, студенттерді тәжірибелі журналистерге айналдыруға болады. Қазіргі таңда көптеген газеттердің жеке WEB парақшалары бар. Сонымен қатар WEB газеттер түрлі бөлімдерге бөлінеді: жаңалықтар (мәдениет және өнер, сауда, экономика т, б), спорт, жарнама, ауа райы жаңалықтары [2, 41].
Студенттер WEB газеттер арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды көру арқылы, есту процесі арқылы және оқу арқылы хабардар бола алады. Әсіресе аудиторияда баспамен тікелей қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін сайттар бар. Бұл арқылы студенттер оқыған мақаласы жөнінде өз ойын айтуға және автормен тікелей байланысқа түсуге мумкіндік алады.
Студенттерді екі - екіден немесе үш - үштен бөліп, мақаланы зерттеуге тапсырма беругеиболады. Бұл әдіс бүкіл аудиторияның қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып отыруына үлкен ықпалын тигізеді. Дарынды студенттер күрделі мақаламен жұмыс жасай алады, ал үлгерімі төмен студенттер ауа райымен, мәдениетпен байланысты мақаламен жұмыс жасауға болады.
Студенттер белгілі бір оқиғаға байланысты өзінің жеке тұжырымдамаларын жасауға болады. Мақалаларды зерттеудегі мәдениаралық біліктілікті дамыту арқылы студенттер мәселені терең меңгереді, өз ойын жеткізе алады және сараптама жасап үйренеді. Жұмыс жасалғаннан кейін әрбір студент жұмысын талқылау мақсатында дөңгелек үстел немесе телеконференция өткізу қажет [3, 79].
Халықаралық хат алмасу кез келген және түрлі деңгейдегі аудиторияларды өткізуге болады. Электрондық хат алмасу қағазға жазудан қарағанда тезірек, ыңғайлы және және арзан. Электрондық хат алмасу түрді мақсатта қолдануға болады: біріккен жобаларды жасауға, мәселелерді шешуге. E-mail бағдарламасы электрондық хат қолданудың жеңіл жолы.
Электрондық хат алмасу арқылы оқу бағдарламасынан ауытқымай жолдасыңыздан сол тақырып жайлы сұрап, кейін сол мәліметтерді баядама ретінде қолдануға болады. Электрондық хатты шет тілін оқыту үрдісінде қолдану тәжірибесін сараптай отырып, оқытушылар мынадай тұжырымға келді:
1) Оқытушының қатаң қадағалауынсыз студенттер 2 немесе 3 адам болып жұмыс жасауы керек. Егер студенттерді қызықтыратын тақырыпта талқыланса жұмыстың сапасы жақсырақ және тезірек болады.
2) Жазу үрдісі өзгереді, яғни студенттер қате жібермеуге тырысып, серіктесінің көмегіне жүгінеді.
3) Электрондық коммуникация арқылы студенттердің еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізуге мүмкіндіктері бар.
4) E-mail қолдану тілді үйренуге деген қызығушылықты тудырады.
Біздің оқытушы ретінде бір ғана басты мақсатымыз біздің студенттердің коммуникативтілігін жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Жалпы білім беретін жоғарғы оқу орындары студеттердің коммункативтілігін туған тілінде ғана емес, шет тілінде де жүзеге асыру қажет сонымен қатар информациялық біліктілігін негіздеуіміз керек. Студенттер өздеріне қажетті информацияны табуды,оны оқып, ішінен ең маңыздысын табуды және өз қажеттілігіне жұмсауды үйренуі шарт. Және де студеттердің бойында өзіндік білім алуды, бүгінгі күн талабына сай ізденуді, ақпараттық ағымда жол табу және өзін өзі дамытуды әрі қарай жетілдіру қажет. Студенттер арасындағы байланысты, топтық ұжымдық жұмысты дамытуға мүмкіндік беруіміз қажет.
Жоғарыда айтылған жобаларды іске асыруда Интернет пен Халықаралық Интернет жобалар таптырмас құрал. Олар студеттің өзін өзі дамыту және жаңа істі меңгеруге зор ықпалын тигізеді. Студеттер түрлі зерттелген мәліметтерді пайдалануды үйренеді, өз ойын нақты және жүйелі түрде қағаз бетіне түсіруді, мәтіндік, сандық және графикалық ақпаратты көп мөлшерде жіберу және қабылдау, өздеріне берілген мәліметті зерделеу және жаңа идеаларды көрсету. Олар жоспарлауды, мониторинг жүргізуді үйренеді. Интернет ресурстары негізіндегі сабақтар және жобалық жұмыс көмек көрсетуді үйренеді, серіктестікті, жобаларды іске асыруды, жауапкершілікті және толеранттық, көптүрлілікке және шыдамдылыққа үйренеді. Студенттер таңдауды, мәліметті пайдалануды, гипотеза ұсынуды және шешім қабылдауды үйренеді. Студенттер чаттар, видеоконференциялар, форумдармен электронды пошта арқылы тілдесе алады. Олар өмір жайлы жан жақты мәліметтер алады. Мысалы; тарих, әдебиет және басқада құндылықтар. Бұл әсіресе студенттер үшін үлкен пайда, себебі бізде шетел тілін күнделікті қолдану мүмкіншілігі өте аз.[4, 103]
Интернет ресурстары арқылы тапсырма жасамас бұрын, сіз өз мақсаттарыңызды негіздеп алуыңыз керек. Келесі сұрақтарды қойыңыз:
1. Тапсырмаларды орындау барысында студенттерініз нені пайда қылады?
2. Неліктен сіз құралдар емес интернетті қолданғыңыз келеді? Сіз осындай нәтижеге қарандаш пен қағазды қолданып жете аласызба?
3. Бұл шаруаға қанша уақытыңызды жұмсайсыз? Бірнеше сағат немесе күнбе?
4. Сіздің шәкірттеріңіз кімдермен қарым қатынас құрады: студент бір бірімен, өзге жоғарғы оқу орнымен, өзге қала жастарымен, өзге елдегі студенттермен, тіл таратушылармен, компаниямен немесе ұйыммен.

1.2 Дид Тилер және Пита Грей интернет ресурстарының көмегі
Дид Тилер және Пита Грей интернет ресурстарының көмегімен тапсырма дайындаудың ретін былай тұжырымдайды:
1. Оқу үрдісін қарап шығып, студенттердің қызықтырмайтын жаттығуды белгілеңіз.
2. Бұл тапсырмалардың кемшіліктерін бағалаңыз және оны интернет ресурстары арқылы жақсартуға болатынын байқаңыз. Мысалы: электронды пошта негізіндегі хаттар шынайы мекен жайы жоқ, ескі газет мақалалары немесе ескі филімдерді талқылауды ойлаңыз, қалай интернет ресурстар сізге бұл жағдайда септігін тигізеді. Еске сақтайтын бір мәлімет еш уақытта жан жақты, барлығына ұнамды оқыту тәсілін мүмкін емес. Сол себепті тәжірибе жасаңыз.
3. Қолданылу аясын белгіленгеннен соң келесі қадам чат және веб сайтпен жұмыс жасау. Веб сайт таңдауда сізге белгілі бір бағыттар қажет сол арқылы сіз веб сайтты бағалайсыз. Ол сіздің жағдайыңызға және интернет ресурсты қолдану барысына байланысты. Бұл бағыттар өз ішіне: инструкциялық элементтері қосады және онда мазмұнды болуы қажет, сонымен қатар мақсаттарды іске асыру да құнды және қызметтік элементтер мен бейнелеу элементтері, жылдамдығы және қолдануға ыңғайлылығы кіреді.
4. Сайтты таңдаған соң сіз жоспарлау бөліміне өтүіңізге болады, және ол бөлім сіздің мақсаттарыңызға сай жұмыс жасайды. Тапсырманы құру кезінде ол интернетсіз ақ жасалатын жұмыстай көрінбеуі қажет. Егер бұл тапсырмалар студенттерді ғылымдағы әр түрлілікке жаттықтырса бұл коммуникацияларға нақты мүмкіндіктер беріп, жергілікті және ел аралық серіктестікке мүмкіндік жасайды. Тапсырмалар студенттерге мынадай мүмкіндіктер беруі қажет: бағалауды үйрену, салыстыру, жариялау, модельдеу, жаңадан құру, зерттеу, гипотезелар ұсыну, ұйымдастыру есептеу, салғыласу, сұхбат алу, тыңдау, көру және бақылау, мазмұндау, тәжірибе жасау, ойнау, сауалнама жүргізу және баяндама жасау. Бұл жағдайда осы текті тапсырмалар студенттің ақпараттық компетенциясын дамытады. [1, 66]
Интернет тапсырмаларын дайындау үш қадамнан тұрады: 1. дайындық 2. Ресурстармен интернет желісінде жұмыс жасау 3. сыныпта интернет желісінсіз жұмыс жасау.
1. Дайындық - сөйлеу негіздерін дамыту, мұның алдында алған білімдерін қолдана білу, сөздерді оқу, тақырыпқа кірістіру.
2. Ресурстармен интернет желісінде жұмыс- интернетте іздеу бағдарламаларымен жұмыс істеу, оқумен жазу, арнайы мәліметтерді іздеу және оны жауап парақтарына енгізу, сұрақтарға жауап іздеу, және т.б. Осы қадамда студенттер өздерінің не істеу керектігін және оған қанша уақыттары бар екенін білу керек.
3. Сыныпта интернет желісінсіз жұмыс- алынған мәліметпен алмасу, және желіден жұмыс жасау уақытында көрген білгенін талқылау [5, 45].
Жәнеде түрлі бағдарламалар арқылы әр түрлі жұмыстар жасауға мүмкіншіліктер бар.
E-mail Project- әр түрлі елдің студенттері көп ұлтты топ құрады және үш жобаның біреуін таңдайды:
Қоршаған ортаның мәселелерін шешу.
a) Қала жобасы.
b) Халықаралық мәселелер жобасы.
Іздену барысында топтар әр түрлі құжаттар дайындайды: мақалалар, техникалық есептер, шығармалар.
K-12 project - бұл сайтта түрлі жобаларды көруге болады және студенттің жобасын енгізуге болады.
Project Icon - студенттер белгілі бір тақырыпта (демографиялық бақылау, глобалждық жылыну) өз елдерінің атынан келісім жүргізеді. Топтар электрондық хат арқылы мәліметтері алмастырып, халықаралық келісімдер жүргізеді. Мәліметтер бірден барлық студенттердің терезелерінен көрінеді.
City Net - арқылы түрлі елдердің сабақтарын, ескерткіштерін, көрнекі жерлеріне саяхаттауға болады. Бұл жерден елдің ескерткіштерін. Суреттерін табиғи ресурстарын тіпті өнерге байланысты мәліметтер алуға болады. Студенттерге туристтер ретінде саяхаттауға ұсыныс беруге болады. Олар жүктерін жинап, авиакомпания мен қонүйлерге телефон соғып, билет пен бос орындар жөнінде сұрауларына болады. Жасалған жұмыстың қорытындысында студенттерге өздерінің саяхаттары жайлы фотоальбом немесе күнделік жасауға тапсырма беруге болады.
Сайттарда әлемнің үлкен қалаларында жер асты темір жолымен саяхаттау инструкциясын қолдануға болады. Инструкциялар ағылшын тілінде ұсынылады. Студенттер қандай қалада жүргені туралы, сол қаланың көрнекі жерлері жайлы, қаланы аралауға қанша уақыт жұмсағаны жайлы ағылшын тілінде есеп бере алады.
Сонымен қатар интернетті граматиканы, лексиканы дамыту мақсатында қолдануға болады. Мұнда түрлі лексикалық, граматтикалық, фонетикалық жаттығулар, тесттер, IQ тесттері бар [4].
Интернет ресурстарын қолдану - мәдениаралық компетенцияларын дамыту; түрлі мәдениеттермен танысу, қарым қатынастың белсенді жүргізуге бағыттау. WWW көптеген сайттармен шет тілі сабағында түрлі бағытта жүмыс істеуге мүмкіндік береді.
Кейбір сайттар ленгвистикалық материялдар жиынтығын құрайлы. Шет тілі сабағында қаралатын елдің мәдениеті жайлы ақпарат ала аласыз. Студенттер басқа елге барған жағдайда жинай алмайтын ақпараттарды интернет көмегімен алуға мүмкіндігі болады. Интернет арқылы студент үйінде немесе интернет классында отырып поездің жүру кестесін, билет құнын, дүкендердегі тауарлардың бағаларын білуге болады. Және бұл мәліметтерді сабаққта қолдануға болады.

2. Шетел тілі сабағында қолданылатын оқыту құралдары
2.1 Шет тілін оқытудың әдістемелік қағидаттары (принциптері) және құралдары
Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқу бағдарламасында пән атаулары мен такырыптары, сағат саны белгіленеді, бұл оқытудың негізгі құжаты болып табылады. Бұл құжат оқулықпен салыстыру барысындағы өзгерістердің, толықтырулардың көрінісі. Сондықтан мұғалім өзінің оқыту-тәрбие жұмысын осы бағдарламаларға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаның түпкі және қосалқы мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр сабактың негізгі және қосалқы мақсаттары болады.
Негізгі және қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектері, байланысы мұғалім үшін айқын болуы керек.
Оқытудың негізгі үш түрі бар:
1) тәрбиелеу
2) ағарту
3) дамыту
Оқыту мақсатының төрт түрі бар:
1) тәрбиелік
2) дамыту
3) ағартушылық
4) тәжірибелік (практикалық)
Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тындай білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. "Адам адамға -- дос, жолдас, бауыр" деген моральдық кағиданы есте ұстаған жөн.
Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Ағылшын тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.
Балаларды оқи білуге, акыл-ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін қажет. Оқушылар оқулықты, сөздікті және анықтамалыктарды пайдалана білуі керек, оқулық белгілерін түсіне білуі керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады.
Ағылшын тілінде білім алу мен тәрбие education деген бір сөзбен беріледі, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Оқытудың дамыту мақсаттары. Дамыту мақсаттары оқушылардың сезім, қозғалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.
Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарлату және сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты мақсаты.
Әйтсе де, окытудың барлық мақсаттары өзара тығыз байланысты. Демек, қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез-келген тілді үйрену үшін өте маңызды. Сондықтан осы максаттарды алға қою арқылы қалаған тілді меңгеруге болатынын көреміз.
Оқытудың ағартушылық мақсаттары. Кез келген тілдің ағартушылық қызметі өте зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетінің тікелей көрсеткіші. (мәселен, француз тілі - француздар мәдениеті туралы хабар береді, иврит тілі - еврейлердің мәдениетінің көрсеткіші болып келеді). Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлетін халық туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі - тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.
Ана тілін оқып үйренгенде тілдің негізгі кұралдары -сөздер мен грамматикалык формалар туралы түсінік қалыптасады. Ал, шет тілінің терминдермен салыстыру арқылы оқушы туған тілдің сөздері мен грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, мұғгалім бірінші сабақтан бастап ана тілі мен шет тілін салыстыра отырып оқытады.
Мысалы: Верещагина, Притыкина ағылшын тілін өлең арқылы таныстыруды ұсынады ("wһаt іs уоur namе?"). Мысалы, дауысты дыбыстың ұзақ-қысқалылығы, т.б. сипатына қарай. Шет тілінде оқыту логикалық ойлауды дамытады. Тілді үйрену тыңдау, көру, есту, қозғалыс мүшелерін белсенді пайдалануға үйретеді, ол зейінді, қиялды, үғымды дамытады.
Оқытудың тәжірибелік мақсаты. Оқытудың тәжірибелік мақсатының түсіну үшін шет тілі пәнінің ерекшелігімен танысуымыз қажет. Тіл - сырткы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі.
Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, құбылыстарымен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.
Шет тілін тыңдап түсіне білу (аударғанша) және сөйлеп білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайлалана білу немесе жазу және шет тілінде жазылған мәтінді оқып білу жатады.
Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.
Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының негізін берік қалыптастыру қажет. Бастауыш кезеңде нені оқып үйренуге болады?
Жоспарланған нәтижелер оқу бағдарламасында көрсетілген. Оқыту әдістемесін кешенді дұрыс пайдалану - оны оқытудағы белгілі бір нәтижеге жетуге болатынын көрсетті. Мысалы: 5-сыныпта 1 минут ұзақтығындағы сөзді түсінуге мүмкіндік бар.
Бастауыш кезеңнің аяғында окушы мыналарді білуі тиіс:
- Амандасу - Сооd morning!
- Қалын сұрау - Неllо! How аге уоu?
- Қоштасу - Gооd bуе!
- Таныстыру - Тһіs is Міке.
- Жауап беру - Неllо! Glad to meet уоu.
- Туған күнмен құттықтау -- Нарру вirtday!
- Жаңа жылмен құттыктау - Нарру New Үеаг!
- Рұқсат сұрау - Мау I
- Кешірім сұрау - I аm sorrу.
- Рахмет айту - Тһаnк уou!
- Өзінің кім екені, мекені, отбасы, қызметі, өзінің туғандары, достары, мектебі, үйі, көшесі, қаласы туралы айтып және суреттеп беру.
- Сұрақтарға жауап беру, сұрак қою.
Бастапкы кезде оқу мен жазу негіздері қаланады.
Окушылар ағылшын тілінде оқуды үйренеді. Оқу техникасы мен дауыс ырғағын қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар бар. Дауыстап оқу, жазу, бірінші оқу кезенінде қалыптастырады.

Ағылшын тілін оқыту мақсаттары
Мақсаттар
Тәжірибелік мақсат (тыңдату, сөйлеу, оқу, жазу)
Ағартушылық мақсат (логикалық ойлауды, естегі қиалды дамыту, оқушышың білімін кеңейту, мәдениетін көтеру)
Тәрбиелік мақсат (ақыл - ой еңбегінің дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру, қызығушылықты дамыту, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу)
Дамытушылық мақсат (оқушының жеке басындағы ойлау, сезіну қабілеттерін дамыту)

Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып табылады. Мазмұн ағылщын тілін пән ретінде қалай және нені оқыту керектігін аңықтайдады.
Оқытудың мазмұны 3 негізгі компоненттен тұрады:
+ лингвистикалық
+ психологиялық
+ әдістемелік
Мұғалім осы 3 компонентке байланысты нені оқытуды білуімен катар, неге осы 3 компонентке сүйеніп оқыту керек екенін білуі керек.
Лингвистикалық компонент. Лингвистика ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Лингвистика ғылымы - тілді белгілі бір таңбалар жүйесі ретінде зерттейді. Адамдар бұл таңбалар жүйесін өзара түсінісу үшін қолданады. Ал әдістеме осы белгілерді оқыту жолдарын іздейді. Лингвистика тілдің нормаларын, оның дыбыстық, морфологиялық-синтаксистік, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерін зерттейді.
Сонымен бірге тілдің белгілі бір белгілер жүйесі мен кызметін қарастырады. Ал сөйлеу дегеніміз - осы белгілер жүйесін қарым-қатынас барысында қолдану. Тіл мен сөйлеу бір құбылыстың екі құрамдас бөлігі, олар бір-бірін толықтырады.
Тілдің және сөйлеудің өзіне тән бірліктері бар. Тілдің бірліктеріне: фонема, морфема, сөз, фразеологлялық бірлік, микро және макромәтіндер жатады.
Оқытудың мазмұнын анықтауда тілге немесе сөйлеуге үйрету керек пе?", "Тілді жүйе түрінде оқыту керек пе? Әлде сөйлеуді үйрету керек пе?" деген сұрақтар пайда болады.
Тілді лингвистикалық феномен ретінде оқытса, ол тәжірибелік қарым-қатынас құралы ретінде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы, фонетиканы қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда бір-бірінен бөлек оқытса, ол ешқандай коммуникативтік міндеттерді шеше алмайды.
Ағылшын тілін оқытуда сөйлеуден тілге қарай жүру жүйесін сақтау немесе тілді ұйымдастырған мақсатты сөйлеу процесі арқылы үйрету керек. Сөйтіп, мазмұнынның лингвистикалық компоненті шығады. Оған мынадай тілдік маитериалдар жатады: нақты іріктелген фонетикалық, грамматпкалык, лексикалық мннимумдер және тілдік материалдар, сөздік үлгілер. Іріктеу, жүйелілік және мөлшер қарым-қатынастың мөлшеріне байланысты. Тілдік үлгі сөйлем, диалог, монолог түрінде беріледі және сейлемнің түрлері ретінде беріледі. Осын-ай тілдік үлгілер тілдің жүйесін қүрайды және ол үйренушінің есінде қалады.
Ал оқыту бірліктері белгілі бір жағдайларға байланысты сейлемдер арқылы беріледі. Олар белгілі бір ырғақпен айтылады.
Оқыту мазмұнына тіл білімінің әлеуметтік лингвистика бөлімі де әсер етеді. Бұл бөлімде тілдің мәдениет пен, қоғаммен қарым-қатынасы зерттеледі.
Лингвистика әдістеме мен оқытудың лингвистикалық компонентінің анықтауға мүмкіндік береді. Лингвистикалық компонетке тілдік және сөйлеу матералдары кіреді.
Тіл - ұлттың негізгі белгілерінің бірі. Сондықтан шет тіліне үйрету белгілі бір жүйеге үйрету ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетіне үйрету. Қазіргі әдістемеде елтану туралы мәліметтер көп қолданылады, ол сол елдің жағрафиясын, тарихын, өмірін зерттеуге арналған. Олар тыңдауға және оқуға арналған мәтіндер арқылы беріледі.
Психологаялық компонент. Психология ғылымынсыз оқытудың мазмүнын анықтау мүмкін емес. Психология адамның іс-әрекеті мен оның қалыптасуын зерттейді. Шет тілінде сөйлеу де адамның іс-әрекетінің түріне жатады. Сөйлеу әрекетінің құрылысын зерттейтін ғылым саласын - психолингвистика деп атайды. Мұнда адамның сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және сөйлегенде жүретін іс-қимылды, әрекетті ойлау моделі ретінде зерттейді. Психолингвистер сөйлеу және тыңдау процесінде қандай тілдік бірліктер қандай тәртіппен қатысады, тілдік жүйе қандай тәртіппен оқылатынын зерттейді.
Сөйлеу процесінде сөйлеу механизмі қальптасады: тыңдау мен оқуда тілдік материал қабылданады; сөйлеу мен жазуда тілдік қор пайдаланылады.
Диалог, әңгіме. мәтіндер тек сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әрекеті - тілдік және сөйлеу материалы дағдылары мен біліктілік арқылы дамытылғанда ғана мүмкін болады.
Дағды дегеніміз - жаттығу мен қайталау аркылы автоматтандырылған іс-әрекеттің бөлігі. Мысалы: А.Леонтьев сейлеу дағдысы деп өте жоғары дамытылған сөйлеу әрекетін айтады.
Шет тілін меңгеру - тілдік дағдылар жүйесін үйрену, ол үшін тілдік біліктілік керек. Тілдік біліктілік шығармашклық іс-әрекетпен байланысты. Ол ойлаумен, эмоциямен, елестетумен байланысты. Ал Е.И. Пассов дағдыға айту, грамматикалық, лексикалық, графикалық, орфографиялық, оқу және жазу дағдысын жатқызады.
Сонымен қатар, психологиялық компонентке коммуникатнвтілік мақсат үшін тілдің дағдысын және біліктілігін пайдалана білу жолы жатады.
Әдістемелік компонент. Қазіргі дидактика ғылыми оқу процесінде оқушының белсенділігін арттыруға, әдістерді жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды пайдалануға көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда мұғалім оқу процесін үйымдастырушы болып табылады. Оқушының белсеңділігіне басты назар аударылады.
Тілді үйренудің нәтижелілігі оқушыға тікелей байланысты, олар мүмкіндігінше шет тілінде көп сөйлеп, тыңдап. оқып, жазулары керек.
Тілдік ортаның болмауы тілді оқыту ісінде кері әсер етеді. Сондықтан мүғалім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану
Ағылшын тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану
Оқытудың дамыту мақсаттары
Интернет желісіне қосылу
Шет тілін оқытудағы интернет ресурстары
Шет тілдерін оқытудың негізгі мақсаты - шет тілдерін оқушылардың коммуникативтік мәдениетін дамыту, оқушылардың шет тілін меңгеру
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Шет тілі сабағын оқытуда интернетті қолдану
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Пәндер