АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Шетел тілдері кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ

Орындаған:

Тексерген: аға оқытушы
Утебаева А.Х.

Орал - 2016 ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бастауыш сынып оқушыларынA ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы
1.1 Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ..6
1.2 Ағылшын тілі сабағында грамматиканы меңгертудегі тиімді
әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2. ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды тиімді орындау тәсілдері
2.1 Жазуға және оқуға үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Жазуға үйретуде кездесетін кейбір қиыншылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .2 3
2.4 Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі және де дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі Америка Құрама штаттары, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ алты тілінің біреуі. Ағылшын тілін білген адамға болашақта мүмкіндігі зор сондықтан оны көптеген елдерде үйретудің маңызы зор. Дамыған елу елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мән беруде. Қазіргі кезде бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін үш тілді жетік меңгеру керек сондықтан елімізде ағылшын тілін үйретуде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың маңызы зор себебі, бала жастайында тез қабылдайтын болғандықтан оған тілді үйрену жеңіл болады.[1.35]
Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту. XXI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан бүгінде шетел тілін түрлі жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және шет тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады:
- сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;
-интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;
-сабақты ойын түрінде өткізу;
-сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану;
Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады . Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар ойынды сүйіспеншілікпен мұғалімдер де, оқушылар да ойнайды. Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең. Сол себепті ойын кезіндегі теңдік сезімі, оқушының тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера әрбір оқушыға өз бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге, топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ойындар келесідей маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
2. Балалардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтырады.
Сонымен қатар сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденісін ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі. Оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды. Шыныменен жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолдану үлкен рөлге ие болып, барлық сфераларда қолданылуда. Интернет-технологиялар ақпаратты іздеуге, халықаралық ғылыми жобаларды әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер туғызады. Ағылшын тілі сабағында оқушының оқу-танымдық көзқарастарын дамыту үшін, ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын артырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын арттыру ең біріншіден ұстаздарға байланысты.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сыныпта ағылшын тілі грамматикасын оқыту әдіс тәсілдерімен таныстыру.
Зерттеу міндеттері:
+ Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың маңызы;
+ Бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабағына грамматиканы оқыту тәсілдері туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Бастауыш сынып оқушыларынA ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы
1.1 Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделді.
Осымен байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік, коммуникативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен: табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен, т.б. өзара белсенді әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып табылады.
Қазақ тілі бастауыш мектептерде, жоғары және арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқылуда. Қазақ тілі жеке грамматикалық категорияның өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда.[2.124]
Балалар бастауыш сыныптарда оқуға, жазуға үйренеді, ойын анық, дәл жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге жаттығады.
Сөйтіп, қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы пәнін оқытудың мақсаты мен міндеті - болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін бастауыш сынып оқушысын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету және соның негізінде олардың тілдерін ұстарту, сондай-ақ жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге төселдірудің әдіс-тәсілдерімен формаларына қатысты әдістемелік әрі іскерлік дағдылармен қаруландыру болып табылады.
Курс бойынша барлық әдістемелер психология, педагогика, лингвистика, әдебиет тану және балалар әдебиеті сияқты ғылым салаларымен өзара тығыз байланыстарды қамтып, сабақ, лекция, семинар және студенттердің өздік жұмыстары түрінде ұйымдастырылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне Әліппені, Әдебиеттік оқуды, Қазіргі қазақ тілі грамматикасын оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
- Әліппені, Әдебиеттік оқуды, Қазіргі қазақ тілі грамматикасын үйренудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік Ұстанымдарды таныстыру;
- бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру;
- сауат ашу әдістемесін меңгерту;
- әдебиеттік оқудың әдіс-тәсілдерін игерту;
- тіл дамыту әдіс-тәсілдерін үйрету;
- оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу жолдарын көрсету.
Жұмыстың өзектілігі, қажеттілігі. Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби даярлығы әр алуан пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық, пәндік-теориялық және дербес әдістемелік компоненттерді қамтиды. Әліппе, Әдебиеттік оқу, Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясынан берілетін білім студенттердің мектеп қабырғасында алған білімдеріне және алғашқы курстарда Жалпы психологиядан, Педагогикадан (әсіресе Тәрбие теориясы мен Дидактикадан), сондай-ақ Қазіргі қазақ тілі курстарынан алған білімдеріне негізделеді.
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай сауаттандырып, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге лайықты қылуын қажет етіп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарауға тиіс. Бұл- жазба жұмыстарына да қатысты талап.[3.215]
1.2 Ағылшын тілі сабағында грамматиканы меңгертудегі тиімді
әдіс-тәсілдер
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Ағылшын тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды,оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым - қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым - қатынас жасауға мүмкіндік туады.[6.21-25]
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым - қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс Шетел тілінің қызметі - оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан - жақты дамыту. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым - қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады. [5.31]
Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады - деген К.Ушинскийдің даналығында.
Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.[7.16]
Оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс - әрекеттерін әгімелеуге үйрету. Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін ұстаз ерінбей еңбек ету нәтижесінде жете алады.
Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады емес пе? Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс - бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез - келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады.[13.29-33]
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды[21.6].
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. [14.3-5]
Инновациялық технологиялардың көптігіне, олардың түрі мен әдістерінің сан - салалағына қарамастан, әр технологияның элементтері өзара бір - бірімен байланысып кірігеді.
Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады. Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары - телефон, телевизор, магнитофон, мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта қол жеткізген табыстарымызды сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуді қажет етеді.[11.4]
Қорыта келгенде шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты әртүрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру.

1.3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері.
Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттылығын арттырудың негізгі жолы. Бұл мәселе ағылшын тілі пәніне де тікелей байланысты. Осы саладағы пәннің негізгі мақсаты мектеп оқушыларын шетел тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу. Осы жолда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, іскерлігі үлкен көрініс табады.
Мұғалім сабақтың әр минутын тиімді және дұрыс пайдаланғанда ғана көздеген нәтижеге жетеді. Бұл нәтижеге жету үшін мұғалім тіл дамыту жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыра білуі керек.[15.9-11]
Оны қандай тиімді жолдармен жүргізуге болады?
Сабақты баланың ойын осы сабаққа аударатындай тиімді әдісті қолдана отырып бастау керек. Ол әдістің бірі - диалог. Бұл әдіс бір жағынан оқушының тілін шетел тілінде сөйлеуге жаттықтыру болса, екінші жағынан диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесу болып табылады. Диалогты үлгерімі орташа оқушыларға пайдалану тиімді. Диалог арқылы әр сабақта оқушымен сөйлескенде сұрақтар қоя отырып, бүкіл сыныпты жұмылдырып алып, балалардың зейінін өзіне аудару арқылы түрлі тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады.
Күнделікті сабақ барысында тіл дамыту үшін төмендегідей тәсілдері пайдалануға болады:
- сөздік арқылы тіл дамыту;
- мәтінге байланысты тіл дамыту;
- көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;
- үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тіл дамыту.[2.18]
Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады.
Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы - тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты, жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапқа сай жүргізілуіне байланысты.
Тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері төмендегідей:
1. Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;
2. Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;
3. Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;
4. Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;
5. Шағын көріністер даярлату;
6. Мәтінмен жұмыс жүргізу.[20.8]
Осының ішінен ең басты орын алатыны - мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі - берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет[22.3-5]. Егер мұғалім мәтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл бір сарынды болып келіп, оқушыларды жалықтырады және пәнге деген қызығуын төмендетеді.
Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:
1 Мәтінді өзгертіп баяндату.
Мысалы: "Менің ойымша", "Мен өз тәжірбиеме сүйеніп айтып отырмын", сияқты сөз тіркестерін қолдану.
2 Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтату.
Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады.
3 Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.
4Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді орын, орнына қою арқылы әңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру. Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән - мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді.
5 Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлеріде өте көп.
1. Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету.
2. Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.
3. Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.
4. Мәтін бойынша сурет cалғызу.
Оқушының тілді меңгеруге ықыласын, ұмтылысын, қызығуын арттыратын ең тиімді технологияның бірі - Нұрша Оразақынованың "Сатылай комплексті талдау" технологиясы екені анық. Себебі, бұл технологияның жұмысы жаңа сабақты түсіндіруде де немесе қайталап қорытындылауда да қолдануға қолайлы. Өйткені оқушыға мәтінді үйретуде бұл технология білімді сатылап, жүйелеп бірізділікпен меңгертеді.
2. АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Жазуға және оқуға үйрету
Тіл - қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас қралы ретінде оқимыз.
Сөйлеу екі жақты үрдіс. Ол біріншіден таңдап түсінуден, екіншіден сөйлеуден тұрады.
Сөйлеудің екі түрі бар. Олар:
1) Диалогтық
2) Монологтық
Бағдарламада ауызша сөйлеуге мынадай талаптар қойылған:
1) Сөйлеу тілін түсіну
2) Бағдарлама алынған мөлшерде шет тілінде әңгіме жүргізе білу, сөйлей білу. Бұл - сойлеудің тжирибелік мақсаты. Ауызша сөйлеу шет тілін үйретудің маңызды құралы. Ол лингвистикалық материалды таныстыру құралы: дыбыстар, сөздер, грамматикалық құрылымдар. Және бұл сөздік үлгілер мен сөздікті меңгеру құралы, әрине, ол айту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу - сабақтың маңызды бөлігі. Ауызша сөйлеу - оқұшылардың мәтінді тыңдау мен оқу кезіндегі оқылған материалды тексеру құралы. [13.74]
Тыңдау, түсіну, меңгеру оқушылар үшін қиынға соғады, себебі олар дыбыстарды жылдам айырып, ойында сақтап түсіну керек. Оқушылар бұл процесті өзінің туған тілінде өте жөңіл орындайды, ал шет тілінде қатты қиналады. Сондықтан, таңдағанда өте зерек болуы керек және ойлай білуі керек. Ерік- зейінін, еске сақтауға көмектеседі.
Ол үшін негізгі факторды еске сақтау керек:
1) Лингвистикалық материал
2) Материалдың мамұны
3) Материалды беру жағдайы
Оқушыларға шет тілін үйретуде негізгі 3 қиыншылық бар: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық.
1. Фонетикалық қиыншылықтар ағылшын тілі мен қазақ тілінің дыбыстық құрамының айырмашылығында кездеседі. Ағылшын тілінің дыбыстарын өз тілінің дыбыстарына ұқсатып айтады
Мына сөздерді қиындықпен айтады:
Worked-walked, first-fast-forced, lion-line, tired-tide, bought-boat-board.
Дауыс ырғағындағы айырмашылықтар да түсінуді қиындатады.
Мысалы: Good morning!
Сондықтан тыңджау дағдыларының, дыбыстар мен дауыс ырғағының жаттығулары өте қажет.
2. Лексикалық қиындықтар - ағылшын тілінің аналитикалық құрылысымен және инфинитив, көсемше құрылымдарының өте көп қолданылуына байланысты,
Мысалы:
The horse is slipping. The horse is sleeping.
They worked till night. They walked till night.
Міне, осындай сөйлемдерді түсіну өте қиын, сөздерді шатыстырады.
Мысалы:
East-west take- put ask-answer
Әсіресе, логтан кейін қолданылатың етістіктер.
Put on: put off-put down
Take off: see off-going for: etc.
Ағылшын тілінде грамматикалық омонимдер де қиындық туғызады.
Мысалы: to work-work6 to answer-answer. - ed Past Ind. Participle 2
Бұлардың бәрін тыңдап айыру қиын.
3. Тыңдауға берілген материалдың мазмұны да түсіндеуге әсер етеді. Тыңдауға арналған материалды дайындау үшін маныларды ескеру қажет:
А) материал тақырыбы түсінуге жеңіл ме? Қандай қиын сөздер бар?
Ә) материал түрі: суреттеу ме, әңгіме ме?
Б) материалды үзінді ме, әлде толық па?
В) материалды тыңдауға әзірлік.
Г) материал диалог түрінде ме, әлде монолог па? Монологтық сөйлеу оңай, сондықтан тыңдауға тиімді.
4. Матеиялды тыңдау жағдайы өте маңызды.
1. Сөйлеу дылдамдығы
2. Сөйлеу қарқыны: басында жай басталуы қажет.
Сөз топтарының арасында пауза болуы қажет. Тыңдаудың соңында қарқыны қалыпты деңгейге 1 минут - 150 сөзге жетуі керек. Орташа қарқын 120 сөз: жай қарқын - 95 сөз.
3.Қайталау жиілігі 1 немесе 2 рет.
4. Сөйлеп тұрған адамның барлығы, егер таза тілде сөйлеуші адам өзі тұрса өте жақсы. Ал ең қиын диалогты тыңдау керек.
5. Көру құралдары заттар немесе қимыл тектес болуы мүнкін. Олар көруге, естуге, тыңдауға көмектесуі қажет.
6. Сөйлешінің дауысы да тыңдаушыға әсер етеді. Мұғалінің дауысына үйреген оқушылар басқа адамның сөйлегеніне түсінбеуі мүнкін. Сондықтан мұғалім дауыс ырғағын барынша өзгертіп отыруы керек. Ағылшын тілінде сөйлеу - тілді игерудің ең қиын түрі, бір екі сөзден тұратын сөйлем құрастыру үшін сөйлеу дағдысын қалыптастырып, машықтану керек.
Бұл көп дайындықты қажет етеді, ал мектепте оқушы өз ойын айтып түсіндіруі қиын. Мұғалімнің бұл үшін қолданатын әдістері өте аз. Оқушы жай ғана естігенін қайталайды, үлгі бойынша берілген сөздердіжазады. Әрине, бұл механикалық жаттығулар өте қажет, бірақ жылдан жылға оларды сөйлеу мағынасыз қолдану ешқандай пайда бермейді. Оқушы бір нәрсе туралы айтқысы, түсіндіргісі немесес сұрағысы келсе тілдік қоры пайдалануы қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Оқытудың көрнекілік принциптері
Ағылшын тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану
Оқыту және сөйлеу жағдаяттарының түрлері
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында білімді меңгеру тәсілі ретінде тыңдап түсінуді үйрету
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
Ағылшын тілі сабағында жазбаша коммуникативтік құзыреттілікті дамыту
Пәндер