Ағылшын тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді қолдану


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Ағылшын тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді қолдану»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1. 1 Шет тілі сабақтарын мақал-мәтелдерді пайдаланып оқыту . . . 6
1. 2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал - мәтелдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері . . . 9
2. ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ
2. 1 Грамматикалық сабақтарда мақалдарды пайдалану ерекшеліктері . . . 12
2. 2 Қазақша, ағылшынша мақал-мәтелдердің үндестігі . . . 25
Қорытынды . . . 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 39
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық санатына жатын мақал-мәтелдер мән - мазмұнының тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен, түп жағынан ықшамдылығымен ерекшенеді. Көлемінің ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік, бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп -салдарын, халықтың өмір тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін қатар береді.
Онда өмірдің сан-саласы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысады.
Сөйтіп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жинақтап, қорытып береді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр.
Мәтел-тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз. Дастан, хиссаларға қарағанда, мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі әрі ол барлық барлық халыққа әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, мағынасының тереңдігі әрі ол барлық халыққа әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге бөлекше келеді. Мақал-мәтелдің шығу тарихы жайлы дөп басып айту қиын екен. Мақал-мәтелдер -халық творчествосының төл жемісі. Әуелі әрбір адам жеке ойлап шығармен, жүре бара халық қазынасына айналған.
Қазақстан Республикасының егеменді ел халықаралық қатынастар субьектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіл аралық байланыстардың, ағылшын -қазақ қос тілдігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем-әдеби шығармалардың, ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы өрістеп келеді. Ал, шетел тілін үйренуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер фразиологизмдер мен мақал-мәтелдер. Оның себебін фразиологиялық паремиологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердіңиұлттық сипатының, ұлттық нақтылығының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасына жете түсінбей тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару сәтсіздіктерге ұшырату мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдердің тіл аралық симантикасын салыстыра зерттей отырып, ондағы жалпы халықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды және этностық екшеліктерді сондай -ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да өзекті мәселң. «Ұлт пен біртұтас» деген қағидаға сәйкес, қаза-ағылшын мақал мәтелдердің тек тілдік емес этнолингвистикалық тұрғыда қарастырубірлік астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да көкейтесті мәселелер қатарына жатады. хъ
Қазіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев халқымызға үш тұғырлы тіл:қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі -қарым-қатынас тілі, ағылышын тілі -халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны әдемі, таза, шебер сөйлеуіміз керек.
Әрбір сабақта тиянақты, сапалы білім беру тәрбие жұмысымен күнделікті бірлікте жүргізілуі тиіс. Осыны ескере отырып, мақал-мәтелдерді сабақта грамматикалық тақырыптарды түсіндіргенде пайдалануға болады. Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын меңгеруге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге, үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, айта білуге тәрбиелейді. Мақал-мәтелдер мен жаттаған өлендер өткен тақырыпты пысықтау үшін, оқушылар жалыққан кезде көмектеседі, олардың ізденушілік кабілетін дамытады, үш тілді меңгеруге ынтасын арттырады.
Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығуларменқатар үй тапсырмасы ретінде мақал-мәтелдерді беріп, одан бүгінгі өткен грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп, орысша, қазақша аударып келуге берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады. Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын дамыту, жаңа әдіс - тәсілдерді еңгізу басты талабы.
Зерттеу жұмысының мақсаты : Ағылшын тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді сабақта қолдану ерекшеліктері, маңыздылығын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Шет тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді қолданудың ерекшеліктері мен маңызы турады түсінік беру және сабақтарда мақалдарды қолданудың тәсілдерін зерделеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1. 1 Шет тілі сабақтарын мақал-мәтелдерді пайдаланып оқыту
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиенің озық өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерді жеткіншек ұрпақтардың бойында қалыптастыру, халықтық педагогика материалдарын тиімді пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Ағылшын тілі сабағында мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын, грамматикалық құрылымын білуін жетілдіруге болады. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңызы зор. Адамдардың ойлау қабілетін де жетілдіреді. Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы халық даналығынан туындаған. Адамдар мақалды неғұрлым көп білсе, соғұрлым сөздік қоры баий түседі. Ал, мақал-мәтелдердің оқушылардың жан-жақты және адамгершілігі мол азамат болуына ықпалы зор. Ғасырлар бойы ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің бірі болып келген мақал-мәтелдер қазіргі нарық заманында да өзінің өзектілігін жоя қойған жоқ. Мақал-мәтелдер тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін өзінің ықшамдығымен, әрі түсінікті даналық сөзімен түсіндіріп бере алады. Сол себепті де ағылшын тілі сабағында біз мақалдардың қазақша баламасын, екі тілде жаттап үйренеміз. Ағылшын мақал-мәтелдері мен қазақ мақал-мәтелдерін салыстыра отырып, мазмұнын ұғындыру оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді. Оқулықтардағы мақал-мәтелдер тек ағылшын тілінде берілген. Мәселен, «If you agree to carry the calf, they will make you the cow» деген мақалдың қазақша баламасы «Жұртқа күле қарасаң, көйлегіне жамау сұрайды» дегенді меңзейді. Ал, осы мақалды қазақшала десең оқушылар «Егерде бұзауды көтеруге келіссең, сиырды көтеруге мәжбүр етеді» деп сөзбе сөз аударады. Сондай-ақ, ағылшын тілін меңгеруде, халқымыздың ақыл-ой даналығын үйрететін мақал-мәтелдер біздің ойымызды ширатып, ойлау белсенділігімізді арттыратыны сөзсіз. Негізінде мақал-мәтелдерді белгілі бір тақырып бойынша жазып отыру керек. Мысалы, «Достық» тақырыбын өткен кезімізде тіл дамыту жаттығуларын орындау барысында төмендегі мақал-мәтелдерге назарын аудардық:
Between friends all is common. - Достардың арасында бәрі ортақ.
A man is known by the company he keeps. - Адамды досына қарап танырсың.
Joys shared with other are more enjoyed. - Доспен көрген қуаныш аса зор қуаныш.
A hedge between keeps friendship green. - Шынайы достық қиындықта сыналады.
Friendship can not stand always on one side. - Есептескен дос болмайды.
Мақал көптеген жағдайларда тиянақталған ой ретінде сөйлем түрінде келеді және олар нақыл, өсиет түрінде айтылатын пәлсапалық ой қорытындылары болады. Ал, мәтел сипатты жағынан бейнелеп сөйлеудің элементі тәрізді. Ағылшын тілінде мақал - мәтелдер тест кітапшаларының ішінде де «Мақалды жалғастыр», «Аудармасын тап» деген секілді тапсырмаларда көптеп кездеседі. Барлық тілде секілді ағылшын тілі де мақал - мәтелдерге, сөз тіркестеріне бай, олардың көбісі әдебиетте, газет мақалаларында жиі қолданылады. Мақал - мәтелдерде ұлттық мәдениетке және еңбекке қатысты тарихи тәжірибесі көрсетіледі және олар тілге қайталанбас көркемдік береді.
Әр түрлі елдердің мақал - мәтелдерде салыстыру - салыстырылып отырған елдердің арасында едәуір ұқсастықтың бар екенін білдірсе, салыстыру арқылы тілдер бір - біріне аздап болса да жақындай түседі. Айта кететін бір жайт қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдер көп мағыналы және әр салалы болғандықтан, тура мағынасында салыстыру қиындық туғызады. Мысалы ағылшын тіліндегі мақал «A penny saved is a penny earned». Қазақ тілінде сөзбе сөз аударсақ, «Үнемделген тиын - жұмыс істеп тапқан тиын». Қазақ тілінде дәл сондай мақал болмағанымен осыған мағыналас мақалдар бар, «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар». Мақал - мәтелдерді ағылшын тілінде жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайды өткен кезде де қолдандық. Мысалы: «Better late than never», «The best fish swim in the bottom». Сонымен бірге модальды етістіктерді өткен де қолдануға болады. Мысалы: «Never puy off till tomorrow what you can do today», «When pigs can fly», «you can’t eat your cake and have it». «Артикль» тақырыбын өткен кезде төмендегідей мақал - мәтелдерді меңгердік: «An apple a day keeps a doctor away», «A man can die but once», «A friend in need is a friend indeed». Мақал-мәтелдер оқушылардыңсөздік қорын арттырады, әсіресе сандарды жеңіл есте сақтауға көмектеседі. Мысалы: «Two is company, three is none», «If two men ride on a horse, one must ride behind», «A cat has nine lives», «Custom is a second nature», «Two heads are better than one». Ойымды жинақтай келе, мақал - мәтелдерді екі топқа бөлуге болады екен.
Үш тілде де мағынасы сай келіп, бірдей аударылып, үш тілдегі нұсқалары толыққанды сәйкес болып табылатын мақалдар мен мәтелдер.
Үш тілде де мағынасында ешбір ұқсастығы жоқ және оларды тек қана сөзбе сөз аудару арқылы ғана түсінуге болатын мақал - мәтелдер.
Мақал - мәтелдер техника мен ғылымның дамуына қарамастан белгілі бір ұлттың мәдениетінің біртұтас айрылмас бөлігі, әрдайым зерттеу нысаны болып табылады. Мақал - мәтелдер оқушылардың практикалық тұрғыда есту, жазу қабілетін арттырады, тіл мәдениетін дамытады, ой - өрісін жоғарылатады, тәрбиелейді.
1. 2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал - мәтелдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері
Мақал - мәтелде әр халықтың тарихы, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, мәдениеті, ұлағатты сөздерімен жатыр. Мақал - мәтелдерде халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл - өнегесі, даналығы көрініс тапқан. Мақалда айтылатын ой тура, не астарлы түрде беріледі және көп жағдайда үлгі өнеге, өсиет айтуға негізделген. Ал мәтел - орамды сөз тіркесі, ойды емеурін арқылы жеткізеді де, нақты тұжырым қорытынды пікір жасалмайды. Сөздік қорымыздың кең әрі мазмұнды болуы үшін мақал - мәтелдердің алатын орны ерекше.
Ағылшын тілінде мақал - мәтелдердің ара - жігі ажыратылмай тұрақты тіркес ретінде қалыптасқан. Бірқатар қазақ және ағылшын мақал - мәтелдердің құрамы мен құрылысы және мағынасы жағынан өзара сәйкестіктер байқалады, сонымен қатар сөзбе-сөз аудармасы, баламалары көп кездеседі. Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің айырмашылықтары қазақ мақал - мәтелдерінің басым көпшілігі ауызша сөз үлгілері негізінде қалыптасса, ағылшын мақал-мәтелдерінің көлемді бөлігі қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады. Сондай - ақ ағылшын мақал - мәтелдерінің құрамында елді мекендердің атаулары мен кісі есімдері жиі кездеседі. Туыс емес тілдердегі бірқатар мақал - мәтелдердің өзара мағыналас болып келуі қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәжірибесінің, көзі жетіп, көкейіне түйген ой тұжырымдарының ұқсастығымен, астарлылығымен байланысты.
Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдер бір, екі кейде төрт сөйлемнен құралады. Мысалы: «Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуы оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуы оңай».
Ал ағылшын тілінде мақал - мәтелдердің көпшілігі бір ғана сөйлемнен тұрады, төрт тармақты мақалдар өте сирек кездеседі. Мысалы: «Knowledge is power» (Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы), немесе «So many countries, so many customs» (ауд. Әр елдің салты басқа) . Ал қазақ тілінде де мақал - мәтелдер көбіне бір, екі, төрт сөйлемнен тұрады да, қос тармақты түрі көп қолданылады. Мысалы: «Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды» (ауд. Between friends all is common. ), «Екі жүзді досыңнан ежелгі дұшпан артық». (ауд. False friends are worse than open enemies. ) т. с. с
Ағылшын тіліндегі бір ғана мақалдың қазақ тілінде бірнеше баламасын кездестіруге болады. Мысалы: «East or West, home is best»
а) «Әркімнің өз үйі Мысыр шаһары»
б) «Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім»
с) «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»
д) «Өз елім - өлең төсегім»
с) Тек жүрсең тоқ жүресің, домаланып көп жүресің
Екі тілде де мақалдар қолданысы мен мағынасы жағынан екі топқа бөлінеді. Тура мағынада және ауыспалы мағынада қолданылатын мақал - мәтелдер. Мысалы:
« Aman is known by the company he keeps» .
«Досыңа қарап, кісіні таны».
«Pride goes before a fall».
«Еңкейген екі асайды, қайқайған құр қалады».
«No news is good news»
Аш құлақтан - тыныш құлақ
Ағылшын және қазақ тіліндегі мақал - мәтелдерді салыстыра отырып ауыспалы мағынада мұндай мақалдарды екі тілде де көптеп кездестіруге болады. Мысалы:
«There is no smoke without fire».
«Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды».
«Cut your coat according to your cloth».
а) «Көрпеңе қарай көсіл».
б) «Піспегіне қарай ішпегі».
«The rotten apple injures its neigbours» десе,
«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді».
«There is honour among thieves».
«Қарға қарғаның көзін шұқымайды».
Кейде жеке адам айтқан немесе белгілі бір оқиғадан, құбылыстан шыққан тарихи дерегі бар сөздер, нақылдар, мақал - мәтелдер ретінде айтылатын жағдайлар кездеседі.
Мысалы: Жамбыл: «Не тағдырға көну бар, Не ерлікпен өлу бар».
Б. Момышұлы: «Тәртіпке бас иген құл болмайды».
Гамлет «To be or not to be» т. с. с.
Абай: «Баяғы жартас-бір жартас»
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»
Ағылшын тілінде «one- бір» сандық тіл мақалдар кездесіп отырады. Мысалы:
- «The voice of one man is the voice of no one».
«Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас».
- «One man no man». «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас».
- «One is no number». «Бір сан емес, екі көп емес».
Зерделей қарасақ, мақал - мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс - тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Көненің көзі іспеттес мақал - мәтелдер тобы өз ұрпағына тәрбие бере отырып, оларды еңбек етуге, білім алуға, адалдыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелейді.
2. ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ
2. 1 Грамматикалық сабақтарда мақалдарды
пайдалану ерекшеліктері
Мақал - мәтелдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын меңгеруге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге, үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, айта білуге тәрбиелейді. Мақал - мәтелдер мен жаттаған өлеңдер өткен тақырыпты пысықтау үшін, оқушылар жалыққан кезде көмектеседі, олардың ізденушілік қабілетін дамытады, үш тілді меңгеруге ынтасын арттырады.
Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал - мәтелдерді беріп, одан бүгінгі өткен грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп, орысша, қазақша аударып келуге берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады. Шет тілі оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын дамыту, жаңа әдіс - тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы.
Бүгінгі күнде көп тілді меңгерген жан - жақты, ел ертеңін ойлайтын дана ұрпақты тәрбиелеу - киелі мәселелердің бірі деп түсініп, мына мақал - мәтелдерді, өлең шумақтарын сабаққа қолдануды ұсынып отырмын.
The plural of nouns. Зат есімнің көптік жалғауы.
- So many countries, so many customs.
Что ни город, то народ.
Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа.
- Many words cut more than swords.
Злые языки острее меча.
Сөз сүйектен өтеді.
- Men may meet but mountains, never meet.
Гора с горой сходится, человек с человеком сойдется.
Тау - таумен кездеспейді, адам адаммен кездеседі.
- A cat in gloves catches no mice.
Без труда не выловишь и рыбку из пруда.
Еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы жетпейді. Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қоймай мұратқа жетпес.
The degrees of comparison of adjectives. Сын есімнің шырайлары.
- A good name is better than riches.
Добрая слава лучше богатства.
Жақсы сөз - жарым ырыс.
- Two heads better than one.
Одна голова хорошо, две лучше.
Екі кісі бір кісінің тәңірісі.
- East or west home is best.
В гостях хорошо, дома лучше.
Өз үйім өлең төсегім.
- Better an open enemy than a false friend.
Лучше явный враг, чем лживый друг.
Жауыққан дос - жаудан бетер.
- Better late than never.
Лучше поздно, чем никогда.
Ештен кеш жақсы.
The constructions: There is/There are. There is/There are құрылымы.
- There is no place like home.
Вгостяххорошо, адомалучше.
Айхай өз үйім, кең сарайым, боз үйім.
- There is no smoke without fire.
Нет дыма без огня.
Жел болмаса, шөптің басы қозғалмайды.
- There are spots even on the sun.
Конь о четырех ногах, тот спотыкается.
Төрт аяқты мал да сүрінеді.
The Present Indefinite. Осы шақ.
- Tastes differ.
На вкус и цвет товарищей нет.
Әркімнің өз талғамы бар.
- All is well than ends well.
Все хорошо, что хорошо кончается.
Басы қатты болса, аяғы тәтті болады.
- All is not than glitters.
Не все то золото, что блестит.
Жылтырағанның бәрі алтын емес.
- Bad news files fast.
Худые вести не лежат на месте.
Жамандық жерде жатпайды.
The Future Indefinite. Келер шақ.
- We shall see what we shall see.
Поживем - увидим.
Көргеніңнен көрмегенің көп.
Жүре бара көреміз.
- Who keeps company with the wolves will learn to howl.
С кем поведешься от того и наберешься.
Жолдасына қарап, кісіні білерсің.
- If you run after two hares, you will catch neither.
За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь.
Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
The Present Perfect.
- As you have made you bed, so you must lie on it.
Что посеешь, то и пожнешь.
Не ексең, соны орасың.
- Who has never tasted bitter, knows not what is sweet.
Не вкусив горького, не узнаешь, что сладко.
Ащының дәмін татпай, тәттінің не екенін біле алмайсың.
- A lot of water has flown under the bridge since that time.
Много воды утекло с тех пор.
Содан бері көп жыл өтті.
The Gerund. Герундия.
- Talking mends no holes.
Разговоры не помогают в беде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz