Психодиагностика туралы түсінік


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Педагогика және психология»
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Психодиагностика туралы түсінік»
Орындаған: Ниязбекова Г. Н.
Тексерген: Талпакова С. А.
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі заман психодиагностикасының тарихы ХІХ ғасырдың І-жартысынан бастау алады. Яғни, сол кезеңнен бастап ең алдымен психология білімінің дамуының клиникалық дамуы басталды. Бұл кезең адам туралы психологиялық эмперикалық білім болады. Талдауда және оны қолануда шешуші рөлді дәрігердің ойымен сипаттайды. Ал бұған дәлел мұнымен негізінен философтар мен жазушылар шұғылданды. Дәрігерлерді емделуі қиын ауру және аурудың неден пайда болғандығы, сондай-ақ сол жылдары әлемдік дамыған елдерінде еңбек алған жан күйзелістерінен болатын аурулар және невроз себептері қатты қызықтырды. Психиатр дәрігерлер Европа клиникаларында ауруларға жүйелі түрде бақылау жүргізе бастады және өз басқару нәтижесін талдап жазып отырды. Бұл уақытта психодиагностика әдісінің бақылау, сұрау құжаттарды талдау сияқты әдістерді жүзеге асады. Бірақ бұл жылдары психодиагностика тұтастай толық құрылды деп айта алмаймыз. Өйткені мұнда тек дәрігерлерге 1 ауру түрін ғана бақылауы және бірдей әдіспен қорытындылауы, олар зерттеу нәтижесінде дәрігерлер көзқарасы, ой қорытындысы бойынша заң жасалды. Бұл кезеңде психодиагностика әдістемелері тек сандық жағынан сипатталатынын көрсетеді. Психодиагностика әдістемелері сандық көрсеткіштерін алу түрі ХІХ ғ ІІ жартысында жүзеге аса бастады. Осы жылдары атақты неміс психологы Вундтың жетекшілігімен әлемде алғаш рет тәжірибелік психология лабораториясы ашылды. Мұнда психодиагностикалау мақсаттар әр түрлі құралдар мен жабдықтар қолдана бастады. «Диагностика» оқыту тәжірибесіндегі «білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді.
Ал, диагностика бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерге талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісті жобалау, яғни педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін атқарады.
Диагностика үрдісінде оқытудың нәтижесі ғана анықталып қоймай, сол нәтижеге жетудің жолдары мен амалдары талданылады. Олай болатын болса, білім жүйесіндегі өзгеріс, яғни 12-жылдық білім жүйесіне көшу, біздің алдымызға келелі міндеттерді қойып, сол міндеттерді шешудің жолын қарастыруды талап етеді. Осы қойылған міндеттерді шешу мақсатында біз, тақырыбымызды «Педагогикалық-психологиялық диагностикалау - тұлғаны зерттеудің негізі» деп алдық.
Зерттеудің мақсаты : Тұлғаны зерттеу мақсатында педагогикалық диагностика ұғымдарын теориялық түрде негіздеу;
Зерттеу міндеттері:
- педагогикалық - психологиялық диагностиканы тоеориялық тұрғыда негіздеу.
1 Жеке тұлғаны ғылыми тұрғыдан қарастырылуы
Қазіргі кезеңде психология ғылымында тұлғаны типтестірудің жоғарыда аталған 3 теориясынан өзге әлеуметтік-тұлғалық типология (тұлғаның басқа адамдармен қатынасына негізделген Юнг теориясы), психогеометриялық типология (адамның қандай да геометриялық фигураларды қызыға таңдауына негізделген С. Деллингер теориясы), сезімдік (сенсорлы) типология (адамның көру, есіту, қозғалыс әрекеттеріне негізделген Э. А. Голубева және т. б. теориясы), тұлға - өмір жолы типологиясы (тұлғаларды өзара салыстырумен емес, ал олардың әрқайсысының өз жеке өмір жолына қатысты типтестіруге негізделген К. А. Абдулханова - Славская теориясы) қабылданып, зерттеу нәтижелерін беріп жатыр.
Жеке тұлға - әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар; белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т. б. ) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
2. Психодиагностика туралы жалпы түсінік
Тұлғааралық қатынаc - практик психологтың психодиагностикалық жұмысының пәні ретінде
Практикалық психологтың тұлғааралық қатынас және қарым-қатынас мәселесін психодиагностикалау жұмысы - кәсіби іс-әрекеттің күрделі саласы. Біріншіден, тұлғааралық қарым-қатынас саласының өзі кең ауқымды, яғни адамның жекеден әлеуметтікке дейінгі аспектілерін қамтиды. Адам жалғыздықта қалғанда да өзгелерге, маңызды бағалауларға сүйенетініне келіспеуге болмайды.
Сондықтан қазіргі психологияда тұлғааралық қатынас сипатын бағалауға бағытталған психодиагностикалық құралдардың көптеген түрлері бар.
Практикалық психолог тұлғааралық қатынас мәселесімен жұмыс жасағанда түрлі негізде құрылған психодиагностикалық әдістемелер жүйесіне бағдарланады. Ол жекеленгенде былай жіктелуі мүмкін:
а) обьект негізінде (топтар арасындағы қатынас, ішкі топтардың процестері, диадалық қатынастардың диагностикасы) ;
б) зерттеу шешетін міндеттер негізінде (топтың ұйымшылдығын, сәйкестігін және т. б. анықтау) ;
в) қолданылған әдістемелердің құрылымдық ерекшеліктері негізінде (сауалнамалар, проективті әдістемелер, социометрия және т. б. ) ;
г) тұлғааралық қатынасты диагностикалаудың бастапқы есептеуі негізінде (субьективті қалаулар әдістемесі, қарым-қатынасқа қатысушылардың жеке мінездемесін анықтау әдістемесі, тұлғааралық қатынастың субьективті бейнеленуін зерттеу әдістемесі және т. б. ) /1/.
Ғылыми зерттеулерде ерекше бөліп қарастырылатын адамның өзге өмір жағдайы мен өзге ортаға түсуінің салдарынан туындайтын кері құбылыстар адам өмірінің өң бойында психологиялық көмек жүйесін құрастыру қажет екенін көрсетеді.
Адами ресурстарды басқаруға көшу бір жағынан теориялық және қолданбалы әлеуметтану, екінші жағынан теориялық және қолданбалы психология, сонымен қоса әлеуметтік психология, еңбек психологиясы мен психодиагностикасы тағы басқа өзара байланысатын адам жағдайындағы ғылымдар жүйесіне негізделетін бөліп айтқан жөн.
Адами ресурстармен басқаруда үш негізгі аспектіге ықпал етіледі:1) Индивидтер мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайы; 2) Әрекеттің әр саласындағы түлға аралық қатынасы; 3) Субъекттің өзін қоғам мүшесі, профессионал және толыққанды тұлға қалыптастырудағы даму үдерістері. Аталмыш аспектілер алуан түрлі ортада көрініс табады - білім алуда, еңбекте және т. б.
Қазіргі кезде жоғарыда аталған практикалық талаптардың шешуге негізделген түрақты ғылыми базаны құру шарт. Олар өз алдына психологиялық теорияның даму бағыттарын анықтайды, зерттеу әдістерін бағалау және т. б.
Тәжірибеде пайда болатын мәселеледі жүзеге асырудағы ғылыми базаны құру бүрынғы классикалық қатынастармен қатар, құрылымды өзгертуді талап ете отырып, олар төменгі әрекеттерден түрады:
1. Субъект өмір үрдісінің анализі, ол адам дамуының үрдісі, ажеттіліктердің пайда болуы мен оларды қанағаттандыру; қарым -қатынастарды қалыптастыру және дамыту;
2. Әлеуметтік үрдістегі және ірі топтардағы жеке субъектілердің мір жолдарының интеграцияларын зерттеу - «жеке» және қоғамдық» сананың қатынасы, үйымдардағы адамдар әрекеті;
3. Сауда үрдісі деп аталатын ортадағы психологиялық жайттарды
зерттеу: жеке меншіктердің өзгеруі және үйым конверсиясы және т. б. Мамандар жүйелеудің көрсеткіштерін психодиагностикалық міндетіне әдістемелердің адекваттылылығын бағалайтын аспектісі ретінде көрсетеді.
Әр психодиагностың алдында әрдайым әдістермен жұмыста таңдау мәселесі тұрады. Бұл пәннің мәнін нақты түсінуді, зерттейтін, психологиялық ақиқаттың механизмдеріне түсінуді талап етеді. А. А. Бодалев және В. В. Столин әдістерді таңдауда бастапқы есептеу нүктесін зерттеуді ұйымдастырудың негізі деп санайды, себебі зерттейтін психологиялық деңгей жұмысын құрылымдайды (мысалы, «зерттелетін өзара әрекет - интеракция қатысушыларының жеке мінездемелері - әлеуметтік жағдаяттың субъективті бейнеленуі» сызба бойынша) . Осыдан келе міндеттерді шешудегі диагностикалау әдістерін таңдауда көрінеді, ол практикалық психологтың алдында тұрады. Төменде көрсеткіштер негізінде анықталған психодиагностика процесіне және мақсаттық тұрғылардың шартталған топтары көрсетілген /3/.
Тұлғааралық қатынасты субъективті қалаулар негізінде диагностикалау. Мұнда мысал ретінде бәріне танымал социометриялық тестті (Moreno J, 1934) және оның модификациясын айтуға болады. Мұнда топтың тікелей бағалау әдісінде кіргізуге болады. (Дорцов А. И., 1984) Бұл әдістемелер тобының кемшіліктеріне әлеуметтік бекітілім әсерінен болатын саналы бағалау, зерттеу процесіне деген қатынас немесе психологиялық қорғаныштың әсерінің салдары түбегейлі өзгеруі жатады (бастысы рационализация және реактивті құрылулар) . Мұнда адам санасындағы эмоционалды қатынастың бейнелену мәселесі де жатады.
Ал тұлғааралық қатынасты жанама бағалау әдістемесіне тоқталатын болсақ, мұнда әлеуметтік психологиядағы эмоционалды қатынас заңдылықтарының әсеріне негізделген соның ішінде, вербальды емес мінез-құлық, поралингвистикалық параметрлердің әдістемелік тәсілдері жатады. Бұл әдістемелердің қатарына адам мінез-құлқының прокимикалық заңдылықтарына негізделген ең танымал әдістер кіреді. Мұндағы негізгісі адамның кеңістіктегі орны өзгелермен тұлғааралық қатынасына байланысты болады, арақашықтықта болатын жағдайда таңдалады. Осы топтағы барлық әдістемелерді үш категорияға бөлуге болады:
- нақты жағдаятты бақылау әдістемесі;
- нақты жағдаятты символикалық модельдеу әдістемесі;
- проективті әдістер.
Тұлғааралық қатынысқа әсер ететін жеке-тұлғалық қасиеттерін анықтау негізінде құрылған әдістемелер тобы да жеткілікті. Мұнда қолбасшылық, авторитарлық, сәйкестік, үрейленушілік, тұлғалық құндылықтар және т. б. қасиеттерді өлшейтін тесттер мен шкалалар енеді.
Психодиагностикалық әдістеме - психодиагностиканы пайдалануды қажет ететін, практикалық талаптардың ерекшеліктерін қолданудағы әдісті нақтылауды айтады.
Зерттеушіге ықпал ету тәсілдері, ұсыныстар, ережелерді қолдану тәртібі, оның іс-әрекеттерінің процедура құрып, төмендегі бөлімдерден тұрады:
- зерттеушінің мінез-құлқы мен іс-әрекет ерекшеліктерін айқындайтын алғашқы мәліметтерді алу тәсілі;
- салыстыруға (сұрақ жауаптары, өзіндік әрекеттер, іс-қимылдар т. б. ) және қарым-қатынасқа қажетті жеке мәліметтерді талдау алгоритмі;
- психикалық реттеудің заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелерді талдау тәсілдерінің анализдері;
- мұндай анализдің нәтижелерін интерритациялық мүмкін болатын құсқаларын талдау;
Психодиагностикалық зерттеу әрекеттері нақты зерттеушілердің индивидуалдық ерекшеліктерін анықтауға және бағалауды қажет ететін психодиагностикалық әрекеттер мен олардың үйлесімінен тұрады. Бұл ерекшеліктер мен ақырғы мақсатқа байланысты алуан түрлі психодиагностикалық процедуралар пайдалануы мүмкін.
Педагогикалық практикада оқушының даму деңгейіне байланысты жетістіктерді дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігінен туындаған. К. Д. Ушинский : «Егер педагогика адамды барша тараптан тəрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі шарт» -деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тəрбие процесіндегі маңызын баса көрсеткен.
Диагностика (грек сөзі: диа - ашық, айқын жəне гнозис - білу) - зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың жалпы тəсілі. Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы, медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс.
Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін бүкіл дүниежүзінде жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін өлшестіруші ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушының қажетті деңгейге, тəн-дене дамуындағы нақты өлшемдерге сəйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен салыстырылады.
Қорытынды
Психодиагностикалық әдіс - мінез-құлықтармен әрекеттердің ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға, бағалауға мүмкіндік беретін, зерттеушілерге ықпал ететін ұсыныстар жиынтығы.
Психодиагностикалық әдістеме - психодиагностиканы пайдалануды қажет ететін, практикалық талаптардың ерекшеліктерін қолданудағы әдісті нақтылауды айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz