Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыратын жаттығулар
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыратын жаттығулар
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Танымдық белсенділікті ағылшын сабақтарында қалыптастырудың теориялық аспектілері
1.1 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдер ... ... ...5
1.2 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
мақсатындағы жұмыс түрлері
2.1 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерін бақылауға арналған тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Қазақстан Республикасындағы 12 - жылдық білім беру Концепциясында Қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерінің бірі өзгермелі әлеуметтік, экономикалық жағдайда тек өмір сүріп қана қоймай, сонымен қатар қалыпты жағдайдың жақсы жағына қарай өзгеруіне белсенді түрде әсер ете алатын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру,- деп жазылған. [1]
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. Олай болса, қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс- тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына , адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеру шығармашылық пен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.
Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Қазіргі қоғам талабына орай орта мектептердегі ағылшын тілінен білім беру сапасын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.
Дегенмен, окушылардың танымдық әрекеті мен белсенділігін арттыруда оқыту процесінің, сондай-ақ ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялар арқылы қалыптастыру мүмкіндіктерін қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді. Бұл проблеманың ғылыми-теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан мектеп тәжірибесінде белгілі кемшіліктер орын алып келеді. Мүғалімдер өз тәжірибесінде оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруда танымдық белсенділікті дамытудың тиімді жолдарын қолдануда өздерінің дайындығының төмен деңгейде екенін мойындайды.
Ағылшын тілі сабағының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, сабақта жаңа технологияларды пайдаланудың оқушылардың танымдық белсенділігін аттыруда мүмкіндігі зор. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сабақтан тыс және үй тапсырмасын орындау кезіндегі танымдық өзіндік жұмыстарын бақылаудан байқағанымыз, олар тапсырмалардың түріне байланысты белсенділіктің әр түрлі деңгейін көрсетті.
Зерттеу мақсаты: ағылшын тілі сабағын ұйымдастыру және оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға арналған жаттығулар түрлерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру әдістері туралы түсінік беру;
Ағылшын тілін сабағын ұйымдастыру;
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатындағы жұмыс түрлері.
Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру үшін қолданылатын жаттығулар түрлері.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдер
Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады. [4]
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз. Сондықтан оқу барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас - ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады. Шәкірттің қабылдауы негізінен, мүғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:
1-Дәреже - жаңғыртушы белсенділік - шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға , меңгеруге ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің 1 - дәрежесіне тән көрсеткіш - оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
2-Дәреже - түсіндіруші белсенділік-оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді.2-дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
3-Дәреже - белсенділіктің шығармашылық дәрежесі - оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады.Бұл дәреженің ерекшелігі - мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы.
Педагогикалық-пихологиялық әдебиеттердегі талдауда көрсетілгендей танымдық белсенділік терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік жатыр. Ол әртүрлі салада талдауды талап етуші көп аспектілі феномен ретінде көрінеді: биологиялық (П.К.Анохин, В.М.Бехтерев, И.М.Сеченов т.б.); психологиялық (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.С.Мухина, Б.Ф.Ломов); әлеуметтік (А.Н.Леоньтев, А.В.Петровский, Л.Рубенштейн); педагогикалық (Я.А.Коменский, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Г.И.Шукина, Т.И.Шамова). [4]
Биологиялық аспект - биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін оған тұқымқуалау қасиеті. Белсенділік көзі болып сыртқы орта және ағзада тұратын және өтетін ішкі үрдістер болып табылады.Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен, әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.
Психологиялык аспект - белсенділік адамның жаңа қарым - қатынасына айналады, бұл адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады. С.Л.Рубенштейн адамның белсенділігін былай түсіндіреді:Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды.
Әлеуметтік тұлғалық аспект - белсенділік болмыстың қоғамдық формаларын құруға және адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған іс - әрекет болып табылады.
Педагогикалық аспектідегі - белсенділік баланың таным іс- әрекетіне деген қатынасын сипаттайды. Педагогикалық аспект түрғысынан белсенділіктің үш түрін бөліп қарауға болады:
1) ақыл - ой белсенділігі;
2)интеллектуалды белсенділік;
3)танымдық белсенділік;
Ақыл - ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады. Н.С.Лейтес былай бекітті: ақыл-ой белсенділігі-кез келген денісау балаға тән, бірақ әртүрлі деңгейде болады. Өз бақылауының кең материалында Н.С.Лейтес балалық шақтың әр кезеңі - белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы деген қорытындыға келді.
Интеллектуальды белсенділік- өзіндік шарттарға сай ой әрекеті ретінде түсіндіріледі.Бүл терминнің кең өріс алуы, жиі қолданылуы Д.Б.Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты.Оның пікірі бойынша, интеллектуалды белсенділік интеллектуалды емес факторлардан көрінетін жүйенің интегралдар қасиеті болып табылады.
Танымдьқ белсенділік - Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бүл мәселе қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр. [5]
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық - сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу жүмысы, тәжірибелік -зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жүмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлеледеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту.
Сондықтан оқушылардың танымдық белсендідігін арттыруда маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушылардың оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді. Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
1. кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарауда тақырыптарды өтер алдында үйымдастырылады.
2. ілеспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізіледі.
3. қорытынды экскурсия. Ол күрделі немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау,бекіту мақсатын көздейді.
Факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге байланысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отырып, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау. Пәндік үйірме жүмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдай туғызып отырады.Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді. Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және консультация сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жүмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат -бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру. Сынақ жүмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді. Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақьлау және топтық, практикалық - лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Үйдегі оқу жұмысы - оқушылардың үйде өз бетімен орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Оқушының үйдегі оку жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл- ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады. [6]
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласы мен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге адамның барлық жоғары таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсенділендіруге танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Әрбір қимыл дамып қалыптасудың белгілі бір кезеңінде ғана болып, тек өзіне ғана тән рөлді атқарады. Өзіндік әрекеттің үшінші компоненті құралға танымдық оқу әрекеті жатады. Өзіндік әрекет арқылы жүзеге асырылатын танымдық оқу әрекетінің түпкі мақсаты- тұлғаны қалыптастыру. Өзіндік жұмысқа бейімделу өзіндік танымдық әрекетті қажетсінуді тудырады. Оның белгілеріне: білімді қажетсіну, білімді ғана емес оны игеру жолын тереңірек меңгеруге құштарлық, оқу материалына сын көзбен қарау, бір мәселе бойынша өз көзқарасының болуы, өз бетінше ойлау, өзінің тіршілік әрекеті және ары қарай білімін көтеру үшін жаңа білім алуға ұмтылуы жатады. [5]
Көптеген ғалымдар оқыту әдістерін мазмұнына, қолданылуы мен іс-әрекет түрлеріне, мақсатына, мәніне қарай түрліше топтайды. Оқытуда инновациялық әдістерді қолдану жақсы нәтиже береді деп ойлаймын. Біз жалпы оқыту әдістерін талдап, жүйелей отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы әдістер тобын мынадай негіз бойынша топтадық:
Ақпараттың берілуі мен қабылдау сипаты бойынша - дәстүрлі әдістер жүйесі (әңгіме, әңгімелесу, көрнекілік дәріс сарамандық жұмыс, шығарма т.б.)
Оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеті бойынша - топтаған әдістер жүйесі: баяндау, проблемалық баяндау, ішінара іздену, зерттеушілік әдісі. Мұғалім іс- әрекеті компоненті бойынша - а) оқу - танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру ( сөздік, көрнекілік, практиаклық, өзіндік жұмыс ).
б) бақылау және өзіндік бақылау әдістері ( ауызша және жазбаша бақылау, лабораториялық және практиаклық жұмыс бағдарламаланған бақылау, т.б).
в) оқу танымдық әрекеттегі мотивация және реттеу әдісі (қызығушыылқты қалыптастыру әдісі: танымдық ойындар, өмірдегі жағдайларды талдау)
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл - ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығыт.б. Сөйтіп, оқудағы белсенділік - оқушының іс - қимыл жағдайы ғана емес, осы іс -қимылдың сапасы, онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына қатынасымен, өзінің рухани -ерік, күш-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді. Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады. [6]
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған сабақтар түрлерін төртке бөліп қарастыуды ұсынамыз:
:: Танымдық
:: Коммуникативтік
:: Шығармашылық
:: Әдіснамалық
Өзіндік жұмыс пен шығармашылық сабақтарды өткізу оқушының танымдық белсенділігін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады. Танымдық әрекеттегі белсенділік компаненттерін бір арнаға біріктірген тиімді болады: мотивациялық, еріктік, мазмұнды-операциялық, бағалау- нәтижелік.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың маңыздылығын зерттей келе мынадый ұсыныстар туындады:
Мектептегі жоғары сынып оқушыларына конференциялар, дебаттар, дөңгелек столдар, іс-шаралар жыл сайын жүргізіліп отырылуы керек.
Өзіндік жұмысқа бейімдеудің дидактикалық жүйесін тиімді жүзеге асыратын оқытудың жаңа технологияларын жасап іске ендіру.
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын дамыту барысында кешенді мақсатты бағдарлама жасау.
Оқушының қабілеті мен білімін көтеру мақсатында оқу жоспарларын жасау.
Оқу үрдісінде ауқымды түрде педтехнологияларды қолдану, компьютер арқылы ақпараттандыру. Қосымша танымдық сабақтарды көбейту.
Қоғамның әлеуметтік дамуына сай, келешекте білім берудің жаңа технологиясына сай жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдіснамалық, ғылыми-теориялық жақтары жете зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар оны болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда жеке проблема ретінде арнайы зерттеуге болады.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Оны тағайындау үшын біз мынандай көрсеткіштерді пайдаландық: тапсырма өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек керек; тапсырманың орындалуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі.
Танымдық белсенділігі төмен оқушылар білімдерінің төмен екендігін көрсетті: игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байланысты таба алмайды. Мұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальды түрде, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды.
1.2 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану
Ағылшын тілі сабағында оқу-танымдық белсенділіктің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар жалпы заңдылықты игеруге және қорытындылауға біраз қабілеті бола тура, тақырып мазмұнының негізгі өзегін ашып бере алмайды. Дегенмен үлгі бойынша және стандарттық емес, біраз қиындығы бар тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындай алады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орныдау үшін олар едәуір күш жұмсайды. Сондықтан бұндай тапсырмаларды орындауға оқушыларға үнемі көмек қажет.
Елбасы Жолдауында кез келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат - білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. Әрине ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлері дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыға бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру дағдысының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді:
1. Алфавитті дұрыс меңгерту;
2. Орфографияны дұрыс оқыту;
3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;
4. Лексиканы меңгерту;
5. Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру. Оқушыларды шетел тілінде қарым-қатынас жасауда әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады. Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез келген ойынды өткізу үшін алдын ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, оны орындауы тиіс. Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1. Ойынның өтілетін сабақтардың мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3. Ойынның ойналу түрі - топ болып ойнау.
4. Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
5. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау.
6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау. Мұғалім алдымен оқушының оқуға деген қызығушылығын оятуы қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне,мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz