Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2016 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ағылшын тілін деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы арқылы оқытудың тиімділігі
1.1 Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Шетел тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. Шет тілінде деңгейлеп оқыту технологиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану
2.1 Ағылшын тілі сабағында саралап, денгейлеп оқыту технологиясының қолдану мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Деңгейлеп оқыту технологиясын қолданып өткізілген с My family тақырыбындағы сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамда ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ағылшын тілі - жаңару тілі. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Сол себепті де ағылшын тілін жетік меңгеру, ол тілде жақсы сөйлей білу, жаңару көшіне ілесу деген сөз. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Заман талабына сай шетел тілін жаңа технологиялармен оқыту қазіргі күннің басты талаптарының бірі болып тұр [1].
Ел президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Біз елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз, - деген болатын. Олай болса бүгінгі мұғалімнің алдындағы мақсат - оқу тәрбие саласының барлық сатысында жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда, әсіресе әдіс- тәсілдерді дұрыс таңдай білу,оқушыларға бірыңғай талап қою, дидактикалық білім мен тәлім тәрбие беру, ой өрісін дамыту, білімнің мазмұнын дәл тиянақты анықтау және өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету керек .
Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқыту үлкен шығармашылық ізденіс пен біліктілікті талап етеді. Мұғалім педагогикалық заңдылықтарды неғұрлым жақсы білсе, оқу технологиясының талаптары соғұрлым нақты орындалады. Деңгейлеп оқыту технологиясы - білім беруді жетілдірудің бір жолы.
Мақсаты: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен білім деңгейі ерекшелігіне қарай бейімдеу.
Деңгейлік оқыту ерекшелігі:
1. Озат оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі.
2. Әлсіздер оқуға ниет білдіріп , сенімсіздіктен арылады.
3. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
Оқушы бір, екі адаммен немесе топпен қарым-қатынасқа түсу арқылы диологты, монологты, сұраққа жауапты және т.б меңгере келіп, жұптық, топтық, ұжымдық қатынастарға үйренеді.
Деңгейлік оқыту мәселесі өз алдына жеке бір ғылыми зерттеуді қажет етеді. Біздің зерттеу объектіміз деңгейлік тапсырма арқылы оқыту мәселесі. Сонымен, деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әртүрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші.
Ағылшын тілінде оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктерін деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі, әрі үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құрылыммен іске асады.
Зерттеу мақсаты: Ағылшын тілінде оқушының білім сапасын жетілдіруде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану маңызын сипаттау.
Зерттеу міндеттері:
oo Ағылшын тілі пәнін оқытуда деңгейлеп-сарапалап оқыту технологиясының ерекшеліктері туралы түсінік беру;
oo Ағылшын тілі пәнін деңгейлеп оқытудың маңыздылығын анықтау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Ағылшын тілін деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы арқылы оқытудың тиімділігі
1.1 Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту әдісі
Қазіргі кезде 50 - ден артық педагогикалық технологиялар бар. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі - тəжірибемен жүзеге асуы (Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов жəне т.б.)
Сондай-ақ ағылшын тілінде деңгейлеп оқыту технологиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану - сабақтың білім сапасын көтерудің маңызды факторларының бірі болып, тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.
Ж. Қараев және Б. Кобдикованың еңбектерінде деңгейлік оқыту әдістемесі туралы айтылған. Бүгінгі таңда Ж. Қараевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау технологиясы пәнге деген қызығушылықты арттыратын технология ретінде танылды [7].
Өзге тілді аудиторияда жаңашаландырып жаңғырта оқытудың деңгейлік әдістемесінің негізін қалаған профессор Қ. Қадашеваның зерттеуінде де жаңалықтар өте көп берілген. Ғалым еңбегінде тіл үйретудің ішкі деңгейлері мен Фонетикалық тамшылар әдісі - тиімділігімен тәжірибеде кең таралып кеткен тіл үйретудің оңтайлы жолы болып саналады[4].
Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай :
а) тіл үйренушінің оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
г) дамыта оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты үйренушінің оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу - білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді [2].
Деңгейлеп, саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:
-- жеке құрылымдарға бағдар беру;
-- білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы [6].
Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясының мақсаты - әр үйренушіні қабілетіне, өзіндік ерекшелігіне, мүмкіндігіне қарай топтастырып оқыту. Оқытуды түрлі топтарына, білім деңгейлеріне, қабілеттіліктеріне, өзіндік ерекшеліктеріне қарай бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы. Бұл технологияның ерекшелігі - тіл үйренушінің тіл үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын, деңгейлік тапсырмалар арқылы дарындылығын арттыру [3].
Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы:
1. тіл үйренушілердің барлығы жұмыс жасайды;
2. бос отырған үйренуші болмайды;
3. өздігінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;
4. тіл үйренуге деген қызығушылығы арта түседі;
5. сабақ барысында тіл үйренуге деген белсенділігі арта түседі.
Деңгейлеп оқытудағы нәтиже:
Өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре алатын, өз қателерімен жұмыс жасай алатын тұлға тәрбиелеу;
Үйренушінің алдына қойған мақсатына жете алатын тұлғаны жетілдіру;
Үйренушінің өз деңгейін біліп қана қоймай, оны әрі қарай дамыта алуы [5].
Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:
I - деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;
II - деңгейдегі тапсырмаларға :
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
2) үйренушінің ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
III - деңгейдегі тапсырмаларға :
1) танымдық - іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында тіл үйренушілер жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;
2) өз ісіне талдау жасай білуі, білімді жаңа жағдаймен пайдалана алуы қажет;
3) эвристикалық (танымдық-іздену) түріндегі жұмыстарды мұғалім көмегімен өздері орындайды.
IV - деңгейдегі тапсырмаларға:
Бұл сатыға өз бетімен жұмыс жасай алатын, ұшқыр ойлы үйренушілер көтеріле алады.
1) үйренуші өз бетімен эссе жазуы қажет;
2) мәтін кейіпкерлеріне хат жаза алуы тиіс;
3) олимпиадалық тапсырмаларды орындау;
Демек, бұл тапсырмалар - үйренушінің біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады [6].
Сабақ барысында грамматикалық тапсырмаларды орындауда, өтілген сабақты еске түсіргенде, үйге берілген тапсырмаларды сұрағанда сонымен қатар жаңа сөздермен жұмыс жасағанда түрлі ойындар, жарыс сабақтарын ұйымдастыруға болады. Сондай сабақтардың бірі төменде берілген.
Қорыта келгенде, ағылшын тілін аудиторияда деңгейлеп оқытудың негізгі мақсаты - күнделікті өмірде пікірлесім түрлеріне еркін араласып, сөйлеу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл тазалығын сақтау, үйренушінің өз бетімен білім алуы, ізденуі болып табылады.

1.2 Шетел тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын дамыту жолдары
Оқытудың үш өлшемді жүйесінің педагогикалық технологиясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Дыбыстарды қайталау барысындақабілеті төмен оқушылармен төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
1.Мына сөздерді көшіріп жаз да, қай әріптің орны алмасып тұрғанын аңғарып, астын сыз.
cake - take big - bag ball - hall
plate - place nine - fine cup - cap
six - sit cat - rat milk- silk
2. Сөздің бірінші әрпін тауып жаз.
- ed ( bed ), - ar ( car ), - ench, - ree, - poon, - helf, - itchen, - able, - ace, - ie;
3. Мына сөздердегі дауысты дыбыстардың астын бір, дауыссыздардың астын екісызықпен сыз.
stone, kite, hat, back, stand, late, hand, my, turn, pupil, green, name, so.
Орташа оқитын оқушыларға осы тақырыпта төмендегідей тапсырма берілді.
1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз.
Su.t, ch.ld, pict..., fr.end, ni..t, .rite, ha.f, w.ich, .nife, ans.e.
2.Сөздерді екі топқа бөліп жаз ( айтылу ерекшелігіне қарай ).
Go, box, text, bus, five, she, desk, stop, make, kitten, pupil, red, sofa, bedroom.
3.Төмендегі сөздерді айтылу ерекшелігіне қарай төрт бағанға бөліп жаз. th t ( ch ) sh sk
chalk, thank, back, shoe, shirt, arm - chair, third, month, short, sock, teeth, brush, blackboard, chair, which, shope, watch, child.
1. Сөйлемдерді көпше түрге айналдыр.
1 - жекеше 2 - көпше
This is on old woman These are old women
This is a young man
This is a white scarf
This is a little child
1.Затқа зейін қойып, оны суреттеп, басқа екінші затпен салыстыр.
Заттың қандай белгілері, ұқсастығы және айырмашылығы бар?
Қарбыз доп сияқты домалақ .
Water - melon is as round as a ball.
Қарбыз ауыр да, доп жеңіл.
Water - melon is heavy but the ball is light.
2.Суретке қарап қысқа әңгіме құрап жазып, зат есімдердің астын сыз.
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі - 45 минуттың ішінде деңгейі әр түрлі оқушылармен жұмыс істеу жүзеге асады. Бұл әдістің қаншалықты тиімді жүргізілуі мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына байланысты.
Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылар аз жұмыстан көп деңгейлі жұмыс жасауға қалыптасты.

2. Шет тілінде деңгейлеп оқыту технологиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану
2.1 Ағылшын тілі сабағында саралап, денгейлеп оқыту технологиясының қолдану мазмұны
Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай:
а) тіл үйренушінің оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
г) дамыта оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты үйренушінің оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше, оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу - білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті, басқаруды қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп, саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:
- жеке құрылымдарға бағдар беру;
- білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.
Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясының мақсаты - әр үйренушіні қабілетіне, өзіндік ерекшелігіне, мүмкіндігіне қарай топтастырып оқыту. Оқытуды түрлі топтарына, білім деңгейлеріне, қабілеттіліктеріне, өзіндік ерекшеліктеріне қарай бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы. Бұл технологияның ерекшелігі - тіл үйренушінің тіл үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын, деңгейлік тапсырмалар арқылы дарындылығын арттыру.
Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы:
:: тіл үйренушілердің барлығы жұмыс жасайды;
:: бос отырған үйренуші болмайды;
:: өздігінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;
:: тіл үйренуге деген қызығушылығы арта түседі;
:: сабақ барысында тіл үйренуге деген белсенділігі арта түседі.
:: Деңгейлеп оқытудағы нәтиже:
Өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре алатын, өз қателерімен жұмыс жасай алатын тұлға тәрбиелеу;
Студенттердің алдына қойған мақсатына жете алатын тұлғаны жетілдіру;
Студенттердің өз деңгейін біліп қана қоймай, оны әрі қарай дамыта алуы.
Студенттердің білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: 1 деңгей (төмен) - эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру оқытушының көмегімен жүзеге асырылады; II деңгей - түсініктерді жүйелеу деңгейі, студенттердің 70 пайызы ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; III деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді.
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік қалып (стандарт) талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, студенттердің білім деңгейіне сай болады. Топ бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Тыңдап, түсініп оқып, аударып, жаза алады. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді. Грамматикалық, лексикалық тапсырмалар орындайды. Мәтінмен жұмыс жасайды. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар болса, үшінші деңгей танымдық-іздену түріндегі заңдылықтар шығару, қорытындылау жұмыстары болып келеді. Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, студенттерге түсетін салмақтың артуы басты себеп болады.
Продуктивті (өнімді) танымдық қызмет деп, алынған білімді қалыпты (стандартты) емес өзгертілген жағдаят үшін ізденісте, шығармашылық іс-әрекеттер нәтижесінде қолдана білуді, сөйтіп білімді өз бетімен алуды айтады. Продуктивті танымдық қызмет нәтижесінде игерілген білімді зерттеушілер екі деңгейге бөледі: конструктивті және шығармашылық деңгейлер. Конструктивті игеру деңгейі студенттің қалыпты емес жағдаяттарда алған білімін қолдана білуімен, эвристикалық-әңгімеге араласа алуымен, алған білімін жалпылай алуымен сипатталады. Танымдық қызметтің бұл түрлері өзара байланыста және бағынышты (иерархиялық) сипатта болады. Танымдық қызметтің бұл үлкен екі тобының иерархиясынан шыға отырып, академик В. П. Беспалько білімді меңгеру иәтижесі мынандай 4 иерархия түрінде сипаттайды:
1.Үйренушілік-репродуктивті іс-әрекет деңгейі. Студент тапсырма құрылымындағы мақсат, жағдаят және оны шешу іс-қимылдарының сәйкестігі туралы корытынды жасауы керек, тани білу іс-әрекеті.
2. Алгоритмдік - екі компонентті мақсат, жағдаятта - берілген есептерді қарастырады. Студент тапсырманы орындарда бұрыннан меңгерген іс-қимылдарын өздігінен жаңғыртып, қолдана білуі қажет.
3. Эвристикалық - өнімді іс-әрекетінің бірінші деңгейі. Бұл деңгей есебінде мақсат ғана берілген. Студент жағдаятты дәлелдеп, оны шешу үшін амалдарды таңдап алуы қажет.
4. Шығармашылық деңгей-өнімді іс-әрекетінің ең күрделі деңгейі. Студент өзі мақсат қойып, өзі оны тұжырымдайды, нақтылайды, оны орындауға жеткізетін жағдаят пен амалдарды іздестіреді.
Білімді меңгерудің (игеру) мұндай иерархиясы - мақсат коюдың да сәйкес иерархиясын құруды талап етеді. Шығармашылық меңгеру деңгейі студентті өз бетімен іздене білуі,нәтижесін жүйелеп жалпылай білуімен сипатталады. Мақсатты деңгейлер тізбегі түрінде қою арқылы зерттелмесе де, кейбір ғалымдар (В. В. Краевский, И. Я. Лернер, М. К. Скаткин) білімді меңгеру деңгейлерінің төмендегідей тізбегін ұсынады:
1. деңгей - білу (еске сақтау, қайталап айту);
2. деңгей - түсіну (түсіндіру, баяндау);
3. деңгей - қолдану (үлгі бойынша, өзгерген жағдаяттарда)
4. деңгей - жалпылау және жүйелеу. Бұл деңгейді білімді игерудің шығармашылық деңгейі деп те атайды.
Дидактикалық зерттеулер және іс-тәжірибе нәтижелері мақсаттың деңгейлік тізбек (иерархия) түрінде берілуі - оқу үдерісінде оқытушы назарына басты нәрсеге аударуға, нәтижені дәл бағалауға, оқу үдерісін тиімді басқаруға қол жеткізгендігін көрсетті. Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең.
Тілдік (лексикалық), грамматикалық жұмыстар;
- Пысықтау жұмыстары;
- Тестік сұрақтар;
- Іскерлік ойындар;
- Танымдық ойындарды шешу т.с.с.
Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес студентті саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша студенттің шет тілін білу білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Деңгейлі тапсырмаларды құру мен қолдануда төмендегі педагогикалық шарттар орындалуы тиіс:
1-шарт. Оқыту мақсатын нақты қою. Қойылған мақсатқа сәйкес талаптар мазмұнын жүйелеу. Әрбір тапсырмаларды құрғанда әрбір топтың, студенттің жеке-дара ерекшеліктерін есепке алу. Студенттің оқуға деген құлшынысын арттыратындай жеңіл тапсырмалар болуы қажет.
1 - деңгейлі тапсырмалар жалпы білім беретін жоғары оқу орынның білім берудің міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес, ең төменгі (минимал) білімді камтуы керек, ал, 4-ші деңгейлі тапсырмалар білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартынан тыс күрделі, шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар жүйесін құрауы тиіс. Төртінші деңгейдегі тапсырмалар оқыту материалын тереңірек беруге жол ашады, студенттің тұлғалық сапаларының ашылуына мүмкіндік тудырады.
2-шарт. Оқыту жаңа білімді дайын күйінде беруден студенттің ойлау іс-әрекетін қалыптастыратындай танымды іс-әрекеттің белсенді құралына айналатындай жаңа күйге ауысуы қажет. Әрбір деңгейдегі тапсырмаларды құрастырғанда студенттің тұлғалық сапарларымен қатар қызығушылықтарын да ескеру қажет. Тапсырмаларды құрғанда әр тақырыптың, әр тараудың ерекшеліктерін ескерген жөн. 1-2-деңгейлі тапсырмалар міндетті түрде студенттердің танымдық қызығушылықтарын арттыратын қызғылықты материалдарды қамтуы тиіс (Ғалымдардың өмірінен қызғылықты деректер келтіру және т.б.).
3-шарт. Студенттің өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру қажет.
1 - деңгейлі тапсырманы орындағаннан кейін студент оңай 2 - деңгейлі тапсырманы орындамай-ақ, еш қиындықсыз 3, тіпті 4 - деңгейлі тапсырмаларды орындай алатындай болуы тиіс. Тапсырмаларды орындауда студенттерге тандау құқығын берген жөн.
Студент қай деңгейдегі тапсырманы орындайтынын, өзі таңдағаны жөн. Сонда, студенттің шет тілі пәніне деген қызығушылығы оянып, жаңаны білсем деген құлшынысы арта түседі. Ал, бұл өз кезегінде студенттерді шығармашылық белсенділікке итермелеп, олардың танымдық белсенділігін арттыра түседі.
4-шарт. Оқыту біртіндеп оқытушының басқаруынан біртіндеп студенттің өзін-өзі басқаруына өтуі қажет. Тапсырмаларды орындау барысында студент өзіне қажетті материалды іздестіреді, табады, пайдаланады, жүйелейді, қорытындылайды. Оқыту мақсаты төмендегі байланыста құралады: білу -- түсіну -- қолдану -- қорыту (жүйелеу). Оқытудың жаңа білімді білдіру, игеру деңгейі іс-әрекеттің I репродуктивті деңгейіне сәйкес келеді: студенттерде жаңа материалды меңгеруге бірыңғай қызығушылық туады, студенттердің белсенділігі қалыптасады.
Оқытудың жаңа білімді түсіндіру мақсатына оқушы іс-әрекетінің II репродуктивті деңгейін қамтитын білімді меңгертудің алгоритмдік деңгейі сәйкес келеді: студенттердің кей жағдайларда қызығушылығы артып, белсенділігі ұдайы толығып отырады, студент білімі толыға түседі.
Оқытудың жаңа білімді қолдану мақсатына іс-әрекеттің I продуктивті деңгейін қамтитын білімді игерудің деңгейі сәйкес келеді: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту әдісі
Шетел тілін деңгейлетіп оқыту
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Шет тілінде коммуникативті оқыту технологиясы
Ағылшын тілін саралап оқыту әдісі
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту жолдары
Ағылшын тілі сабағын жоспарлау жайлы
«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
Пәндер