Азықтың химиялық құрамын зерттеу


Кіріспе
Азықтандырудың талдап жасалған нормасында азықтың қоректілік көрсеткіші ретінде алмасу энергиясы МДЖ немесе азық өлшемін қолданады. Малдың азықтандырылуын бақылау үшін рациондағы азықтық құрғақ заттардың мөлшерін де есептеу қажет.
Тәулігіне жейтін құрғақ заттың, соның ішінде көлемді азықтар қосқандағы кұрғақ зат мөлшері берілген. Норма бойынша сауын сиырлар сүтейту кезінде әр 100 кг тірілей салмағына 2, 8 кг құрғақ зат жейді. Негізінде ғылыми түрде жасалған рацион бойынша сауын сиырлардың сүтейту кезеңінде 3 килограмға дейін кұрғақ зат жеуге мүмкіндігі бар, одан кейінгі кезеңдері бұл мөлшер азая бастайды. Сонымен бірге, сиырлардың кұрғақ қоректі заттарды пайдалануы, рационының құрамы мен азықтың сапасына ғана емес, малдың жасына, тірілей салмағына да байланысты болады.
Қозы жақсы дамып жетілуі үшін оларды қысында түйіршік жеммен азықтандыру мен жазғы жайылымдықты пайдалануды ұштастыра жүргізу керек. Қойдың азығында протеин жетіспесе қырқылатын жүннің мөлшері 20-25% төмендейді. Жұпыны азықтандыру барысында жүн талшықтарының көлденең кесігі шамамен 20, ал ұзындығы 10% азаяды екен. Рационда көмірсутегі жетіспесе, қойдың организміндегі көмірсутегі мен май алмасуының бұзылуына әкеп соғып, ацидоз, бауырдың майлануы пайда болады. Қойға берілетін азықтың бәрі сапалы әрі дұрыс өңделуі тиіс. Сапасы төмен азықтан қой ауруға шалдығады. Қойды азықтандыру барысында қылқанды дақыл топанын пайдалану асқазан-ішек жолының қабынуына әкеліп соғатынын есте сақтаған жөн. Саусымалы тозаңды азықты қойға тамыр жемісті немесе күнжарамен қосып беру керек. Соңғысы алдын-ала майдаланып, барлық азықтық қоспа жеңіл түрде ылғалдандырылады. Мес қарынның қабынуынан сақтану үшін қара бидай дәні мен ұрпағын қой рационына енгізбеген жөн. Зат алмасу бұзылмас үшін мөлшері 10-15 г, ал төлдердің рационында 5-8 г болып белгіленуі тиіс.
Қойларды азықтандыру үшін бір мезгіл сырттағы азықтық алаңды да пайдаланған жөн. Оған бір-бірінен ара қашықтығы 3метр болатын астауларды орналастырады. Бұл малдың еркін азықтануына мүмкіндік береді. Алаңдағы ауаның температурасы -20 0 С төмен болса қойға тек ірі азық береді, ал қалғаны қора ішінде азықтандырылады. Ірі және құрама жем үшін арнаулы және құрастырмалы астауларды пайдаланады. Түйіршіктелген азықты бункерлі астауға 5-10 күнде бір рет салады.
Ірі қой өсіруші шаруашылықтарда саулықтарды циклдірі қой өсіруші шаруашылықтарда саулықтарды циклді ұрықтандыру әдісі кеңінен қолданылады. Ол үшін саулық отарын екі бөлікке бөледі: бірінші топтағы малды 4 күннің ішінде, ал кейіннен 15 күннен кейін екінші топты ұрықтандырады. Мұндай үзіліс бірінші топтағы саулықтардың төлдеуінен кейін қораны тазалап, дезинфекциялауға және оған екінші топтағы саулықтарды көшіруге мүмкіндік береді. Қойдың жақсы күтілуіне жағдай жасау жүн сапасының жоғары болуына, оның былғанбауына ықпалын тигізеді. Қорадағы төсеніш жұқа болып, қойдың жатуына қолайсыз болса оның жүні садыраға малынып, сарғыш түске тап болады. Жүні тез сынып, босаң тартады, оның басқа да технологиялық сапасы нашарлайды. Жаз айларында шаң-тозаңмен былғанған жайылымды пайдалану кезінде де жүннің сапасы төмендейді. Жүннің көп былғанатын кезі жаз айының екінші жартысы.
Жүнді сұрыптаушылар әртүрлі өсімдіктің қиқымдары қосылған былғаныш жүнді бірден ажыратады. Оңтүстік аудандарда жүнге жабысқақ қылқанды бетеге шөп өрісте көп болады. Малшылар қылқанды бетегені қойдың тажалы дейді. Оның қылқанды тұқымы, жапырақтары жүнге оралып, қой қимылдаған сайын ол тереңдей кіріп, тіпті етке қадалады. Қойдың мойыны мен шоқтығы зақымданғанда олар еңкейіп шөп жеуге шамасы келмей, арықтап өледі. Бау-бақшада өсетін түйешоған еліміздің орталық және солтүстік аймақтарында егістік пен жайылымдықтарға кеңінен тарап, шөпке немесе сүрлемге түсіп, малды қолда ұстап бағу кезінде қойдың жүнін былғайды. Қой жүнінің таза болуы үшін белгілі бір шараларды сақтау қажет. Қой малына бетегемен, түйе тікенекпен былғанған шөпті бермеген жөн. Қойларды маяларға, шөп шөмелеріне, биік астаулардың жанына жібермеу керек.
I. Әдебиетке шолу
И. Наурызбаевтың (1975ж) айтуынша, азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделіп өсіп өніп ұрықтанып көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне байланысты басқа да қызметке жұмсалады.
Қоректік заттардың маңызы мен атқаратын қызметі мал мен кұс түріне байланысты да өзгереді. Айталық, карапайым қарынды мал түзуге тек белок азотын қосындыларды пайдалана алатын болса, күрделі қарынды күйіс қайыратын мал алдыңғы қарын микроорганизмдерінің көмегімен басқа да азотты заттар аммиагін игереді. Сол микроорганизмдер қатысуымен олар басқа мал мен құс қорыта алмайтын азық жасунығын жақсы қорытып, өсімдік көмірсуларының энергетикалық қуаттылығын толығырақ пайдаланады [1] .
Ж. Мырзабековтың (2005ж) пікірінше, азықтандыруда олардын қорытылу ерекшелігін, таратуғаыңғайлылығын ескереді. Әдеттегіде ірі азықты шырышты азықтан бұрын таратады. Оның ішінде пішенді танертең беріп, түнге сабан салып қойған дұрыс. Ұнтақты шырынды азықпен араластырып берген жөн. Азықтандыру мен суару тәртібі әсіресе жұмыс аттарына кушті әсер етеді. Оларды міндетті түрде суытып барып азықтандырып, содан кейін суарады. Суыту ушін алдымен ірі азык беріп, кейін шырынды азық таратып, суарады да, артыншан жем береді. Сұлыны суарғаннан кейін 30-45 минут, арпа мен басқа жемді 1-1, 5 сағат өткен соң береді. Жұмысқа аттарды азықтандырғаннан кейін бір сағат өткен соң шығарады. Тәуліктік азық мөлшерінің ірісі негізінен кешке салып қояды, өйткені алдыңғы қарны жоқ жылқы малы жұмыстан бос уакытының көбін азықтануға жұмсайды. Ертеңгісін ірі азықтың аз бөлігін, ал түсте тіпті аз мөлшерде салады. Өйткені жемшөпті мұқият шайнап жұтатын жылқы берілген азықты жеп үлгермейді. Жемді де ертеңгісін және түсте бірдей көлемде, кешкісін ұлғайтып береді [2] .
В. И. Гершунның, Р. К. Туякованың (2007ж) әдебиеттеріне суйенсек, рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы көректілігіне (а. ө. не АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрылымын (структура рациона) айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жеке-леген азық мал азықтандыру типін (тип кормления) белгілейді. Азықтан-дыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына сәйкестендіріледі. Айталық, табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды азықтандыру типі (пастбищный тип кормления) қолданылса, жері жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтық қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді (силосный), картопты-жемді (картофельно-концен-тратный), тамыржемісті-жемді (корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т. с. с. азықтандыру типтерін ажыратады. Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми-зерттеу орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген типтік азықтандыру рациондарын ұсынады [3] .
Беляков, И. М. (2004ж) мағлұматы бойынша азыктағы қоректік заттарға мал тіршілігіне қажетті барлық қосындылар жатады. Азық құрамын зерттегенде олар организмде атқаратын фи-зиологиялық-биохимиялық қызметі бойынша топтастырылатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Олардың ішінде негізгі қоректік заттар ретінде алмасу барысында, яғни ыдырағанда, энергия (жылу) бөлетін «шикі» протеин, «шикі» май, «шикі» жасунық пен азотсыз экстрактивті заттар тобы алынады. Сонымен қатар, бұл қосындылардың ыдырап, алмасуға қатысуына қолайлы жағдай туғызатын азық минералды және биологиялық әсерлі қосындыларын да қоректік заттарға жатқызады.
Организмдегі бүкіл зат алмасуы судың қатысуымен өтеді. Сондықтан да суды да тіршілікте маңызы зор қоректік заттар қатарына жатқызуға болады.
Су. Су немесе ылғал - өсімдік пен жануар тіршілігін сақтап, дұрыс өсіп-жетіліп, өнім өндіруіндегі маңызы зор қосынды. Өсімдік пен мал денесіндегі судың мөлшері жасына, физиологиялық жағдайына және басқа да факторларға байланысты кең ауқымда өзгереді. Мысалы, жаңа көктеген балаусада 80-90% ылғал болатын болса, өсе келе оның ылғалдылығы
50-60% -ға дейін кеміп, өсімдік қатайып, шырынсызданады. Төл денесіндегі су 70-80% болса, сақа мал денесіне 50-60% болады.
Пішенге кептірілген шөп ылғалдылығы 15-17%-дан аспай ол шы-рынды балаусадан қатайған ірі (трубый) азыққа айналады. Дұрыс сақталуы үшін дән ылғалдылығы да осы көлемнен аспауға тиіс. Көкшөп шырынын қыста да сақтау үшін дайындауға кептірмей, шабылғаннан кейін бірден салынған сүрлем ылғалдылығы 70-75%, ал жартылай дегдітіп салған пішендеме ылғалдылығы 45-55% деңгейінде болады. Азықтық тамыртүйнектер ылғалдылығы 80-90% болады [4]
Ю. Ф. Мишаниннің (2007ж) мағлұматына сүйенсек - қойларды жазғы және қысқы жайылымдыққа күтіп-бағуға мынадай міндеттер қойылады: табиғи және жасанды азықты жайылымды тиісінше тиімді пайдалану, мал басының жақсы қоңдылығына, оның жоғары төлдегіштігі мен жүн өнімділігіне қол жеткізу.
Республикамызда қой ұстайтын жайылымдық жерлер көлемі көптеп саналады. Өріс оты мол құрғақ жоталар учаскелері қойды жайып бағуғу өте қолайлы. Еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-шығысында көпжылдық жоңышқа, бетеге, қоңырбас, еркекшөп, әртүрлі жусандар кездеседі. Жусан өсімдігі қойдың асқазан-ішек жолдарының гельминттен арылуына ықпал етеді. Оның үстіне ащы жусанның бойында мыс, кобальт, марганец, магнийй, фосфор, кальций және басқа да организмнің қалыпты қызметіне қажетті минералды элементтер бар.
Жайылымдық оты жұпыны, құрғақ далалы аудандарда қойға арнап пішеннен сүрлем дайындауға болады. Жұғымдылығы нашар шөптер өсетін ойпатты, батпақты учаскелерде малдың ауруға шалдығуына себеп болатын түрлі шөптер өседі. Мұндай өріс қой жаюға жарамайды. Қойларды жайылымда күтіп-бағу шығарар алдында тұяқтарының өскен жерлерін қияды, көздері мен құйрығының төңірегіндегі жүнді қырқады. Өріске айдар алдында қойларды ірі азықпен азықтандырады, ас тұзын беріп суарады. Бұл іш өтудің алдын алу үшін қажет, өйткені оның ұзаққа созылуынан қозылар мен еркек қойлардың тірілей массасы азайып, жүні былғанады [5]
Т. Сайдулдиннің (2009ж) мағлұматы бойынша, құрғак жемді мал қорасындағы ауаны тозаңдатып, микробтық ластануын, ал ылғалды азық - ауа ылғалдылығын жоғарылататынын ескеру қажет. Және де берілетін азықтардың белгіленген тәртіппен таратып, тәртібінің бұзылмауын сақтаған жөн. Азыктандыру тәртібінің бұзылуы стресстік фактор ретінде әсер етіп, мал өнімділігін төмендетеді, өнім бірлігіне жұмсалған азық шығынын ұлғайтады.
Жаңа азықты да біртіндеп енгізіп, малды үйрету керек. Бүған әсіресе буаз малдың; азықтандыруында абай болу керек. Дұрыс қолданылмаған азық тіпті іш тастатып, ал төлді емізетін бастардың сүт кұрамы өзгертіліп, сол арқылы төлді тышқақтатуы мүмкін.
Жана азыққа және де қысқы азықтан жазғы азыққа малдың біртіндеп, 10-15 күнде үйрету кажет. Бұрынғы азықтарды бірте-бірте азайтып, орнына жаңа азықты көбейтеді.
Малдың азықтануына сыртқы орта температурасы да әсер етеді. Ыстықта малдың ас қорыту сөлдері аз шығып, ондағы ферменттер азаяды, ас корыту жолының жиырылуы бұзылып, қорытылымы төмендейді. Мұндай кұбылыстар сыртқы ауасында көмірқышқыл газы, аммиак көп жиналғанда орын алады [6]
Кузнецов, А. Ф. (2001ж) дерегіне сүйенсек, мал азығына жұмсалатын жемшөп пен азықтык қосындылардың химиялык, құрамы алуан түрлі болып келеді.
Мал организмі күрделі биологиялық құрылым болғандықтан, ондағы қоректену барысында өтетін өзгерістерді, әрине мұндай қарапайым кесте мен бейнелеуге келмейді. Ол өзгерістер сан-алуан болғандықтан, бір жағынан, бір-бірімен тығыз байланыста, ал екінші жағынан, бір-біріне тәуелдіде
бір-біріне ықпал етіп өтеді.
Сол секілді жемшөп көмірсулары энергияға айналуымен қатар кейбір қосындылар құрылымына да кіреді. Ал жекелеген минералды элементтер көптеген кұрылымдар құрамына (кальций мен магний - сүйектің,
фосфор -аденозинфосфатты қышқылдардың, темір-гемоглобиннің,
кобальт-цианкобаламиннің, йод-тироксиннің, т. с. с. ) тікелей кіруімен қатар организмдегі қышқыл-сілтілік қатынас пен иондық теңдікті, осмостық қысымды калыптастыруға қатысады, микроэлементтер ферменттер функциясын әсерлендіретін коферменттер құрамына кіреді. Өте аз мөлшерде болатын витаминдер зат алмасуының барлық қырын ретгестіру арқылы организм тіршілігі мен өнімділігіне ықпал етеді [7] .
А. Ф. Кузнецовтың (2003ж) айтуынша, биологиялык маңызы анықталған биогендік элементтердін 99, 95%-ын көміртегі, сутегі, оттегі, азот, кальций, фосфор, калий, күкірт, натрий, магний, темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, йод, селен, молибден мен вольфрам қүрайды. Бұлардың 98, 5% көлеміндегі басым бөлігі алғашқы 6 элементтің, оның ішіңде, 98, 0% органогендік 4 элемент -оттегі (70%), көміртегі (18%), сутегі (10%) мен азот үлесіне тиеді.
Азық органикалық заты азотты және азотсыз қосындылардан тұрады. Барлық азотты қосындылар «шикі» протеин аталып, көппептидті белоктық заттармен қоса азықтағы одан тыс кездесетін азотты қосындыларды, атап айтқанда әлі пептидтік қосындыларға енбеген жекелеген аминқыш-қылдарын, аммоний тұздары мен нитрат, нитриттерді біріктіреді. Соңғы-ларын қысқартып «амидтер» деп атайды.
Азық үлесіндегі жалпы азотты аммиакқа дейін күшті күкірт қышқы-лымен ыдыратып барып байлайтын Кельлал тәсілімен анықтайды да, протеинде орташа есеппен 16% азот болғандықтан 100:16=6, 25 коэффициентіне көбейту арқылы протеинге айналдырады. Бірақ пептидтердегі азот мөлшері 15, 0-18, 4% аралығында ауытқитындықтан, дәлірек есептеу үшін бидай, қара бидай, сұлы мен арпа азотын - 5, 83-ке, күнжара мен майлы дәндердікін - 5, 9-ға, жүгері, бұршақ тұқымдастар дәні мен ет, жұмыртқанікін - 6, 25-ке, сүттікін 6, 38-ге көбейтеді [8] .
Найденский, М. С. (2001ж) деректеріне көз жүгіртсек, организмдегі бүкіл зат алмасуы судың қатысуымен өтеді. Сондықтан да суды да тіршілікте маңызы зор қоректік заттар қатарына жатқызуға болады.
Су. Су немесе ылғал - өсімдік пен жануар тіршілігін сақтап, дұрыс өсіп-жетіліп, өнім өндіруіндегі маңызы зор қосынды. Өсімдік пен мал денесіндегі судың мөлшері жасына, физиологиялық жағдайына және басқа да факторларға байланысты кең ауқымда өзгереді. Мысалы, жаңа көктеген балаусада 80-90% ылғал болатын болса, өсе келе оның ылғалдылығы 50-60%-ға дейін кеміп, өсімдік қатайып, шырынсызданады. Төл денесіндегі су 70-80% болса, сақа мал денесіне 50-60% болады.
Пішенге кептірілген шөп ылғалдылығы 15-17%-дан аспай ол шырынды балаусадан қатайған ірі (трубый) азыққа айналады. Дұрыс сақталуы үшін дән ылғалдылығы да осы көлемнен аспауға тиіс. Көкшөп шырынын қыста да сақтау үшін дайындауға кептірмей, шабылғаннан кейін бірден салынған сүрлем ылғалдылығы 70-75%, ал жартылай дегдітіп салған пішендеме ылғалдылығы 45-55% деңгейінде болады. Азықтық тамыртүйнектер ылғалдылығы 80-90% болады.
Организмдегі судың басым бөлігі физикалық-химиялық тұрғыдан бос су (алғашқы ылғал) түріндегі еріткіштер болып келеді де, қалғаны кол-лиодтарда белокпен, ал жасушада гидраттанған иондармен және молеку-лааралық байланған су (гигроскоптік ылғал) түрінде болады [9] .
Гершун, В. И (2007ж) айқанына көз жугіртсек, төлді жалпы қоректілігі 0, 50-0, 55 кг азық өлщемі және 50-60 г қорытылатын протеин болатын, тәулігіне бір басқа мөлшері 600-1000 г түйіршіктелген азық қоспасымен үстеп азықтандыру, ұрғашы тоқтылардың бір жаста тірілей массасынан 38-40 киллограмға, ал еркек тоқтылардың массасын 50 киллограмға жеткізуге мүмкіндік береді. Қаракөл шаруашылығында елтірінің құндылығы шамалы қозыларды да, оларды сол туған жылы етке өткізіп жібереді. Енелерінен бөлінгеннен кейін мұндай төлдерді жетілдіріп, өсіріп бордақылау үшін жеке топтарға бөліп, мамандандырылған бригадалар мен комплекстерде ұстайды. Түнде жаюды және қосымша азықтандыруды ұйымдастыру тоқтыларды сегіз айлығында тірілей салмағын 45 киллограмға жеткізіп, етке тапсыруға мүмкіндік береді [10] .
Онегов, А. Г (2007ж) жазғанына қарасақ, буаз саулықтар жайылым шөбі есебінен қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне байланысты толық рационды түйіршіктелген азық қоспасы мен қосымша азықтандыру мөлшері тәулігіне 1 басқа 600-1100 болуы тиіс. Бұл қойлардың өнімділігін 15-22 пайыз арттырып, қаракөл сапасын жақсартуға ықпалын тигізеді. Қаракөл саулықтарының рационы олардың буаздығының барлық кезеңінде де толық құнды болуы керек.
Қаракөл саулықтарының сүттілігі бірсыпыра жоғары болып келеді. Қозы 3, 5-4 айда 115 киллограмға дейін сүт емеді. Сүтейген соң жиырмасыншы күні саулықтың сүті ең көп шығады да, содан соң бірте -бірте азая береді. 65 - ші күні саулықтардан сүттің жалпы мөлшерінен 80 пайызына дейін шығын болады.
Қаракөл шаруашылығында емізетін саулықтардың әдетте бір ғана қозысы болады. Оның өсуі мен дамуы алғашқы айларда енесінің сүттілігіне толық байланысты. Саулықтарды әдетте көк шөп шығатын кезде қоздатуға тырысады. Сондықтан қозылары еміп жүрген саулықтардың жайылымды тиімді түрде пайдалануына қатты көңіл бөледі. Мұның өзінде сақмандар құруының ерекше маңызы бар.
Саулықтар ерте көктемде қоздап, көктем кешігіп шыққанда, сондай -ақ ауа райы қолайсыз болған жағдайда қозысы еміп жүрген саулықтарды қосымша азықтандыру қажет болады. Мұндайда қозысынан бөлек жайылған саулықтардан жақсы нәтижелер алынады. Оларды шалғай бөліктерге апарып жаюға болады [11] .
Храбустовский, И. Ф. (1984ж) пікірінше, Қаракөл қойын күтіп - бағу мен азықтандыру табиғи жемшөпті пайдалануға негізделеді. Шөл жайылымдары пайдалану жүйесі жекелеген массивтерді жыл маусымына қарай алмастырылып пайдалануға мүмкіндік береді. Қаракөл щаруашылығында маусымдық жайылымдар негізінен үш түрге бөлінеді: көктемгі, жазғы және күзгі жайылымдар. Кейбір аймақтар үшін жыл он екі ай бойы пайдаланылатын жайылымдар да болады.
Жайылымдарды тиімді пайдаланудың аса маңызыды жолдарының бірі шаруашылықтың территориясында суаттарды біркелкі орналастыру болып табылады.
Біз табиғи жайылымдардың молдығына үйреніп кеттік. Қаракөл шаруашылығында өнім өндіру үшін қажетті қоректің ең арзан көзі ретінде ол жайылымдарды пайдалану жайлы көп жазылып та жүр. Алайда ол резервтерді шексіз деп есептеуге болмайды. Соңғы жылдары жайылымдардың жетіспейтіндігі жайлы әңгіме бола бастады. Бұл алаңдатушылықтың әбден негізі бар [12] .
Сайдулдин, Т. (1984ж) оқулықтарына тоқталсақ, жануарлардың қандай да бір тұқымын жетілдіру барысында бір жетістікке жетумен қатар жаңа қиындықтар пайда болуын, сонымен қатар іріктеу мен жұптаудың әдістерін жетілдіру және тереңдету қажеттілігін селекцияның алдында тұрған үлкен сұраныс нұсқайды.
Қой шаруашылығының белгілі академик М. Ф. Иванов кезінде былай деп жазды: «Құйрықты қойлар жергілікті жағдайға өте жақсы бейімделген және ерекше шыдамдылығымен, мықтылығымен және азықтану тапшылығы мен күтімнің нашарлығына төзе білу қабілетімен ерекшеленеді. Әйтседе осы жағдайлардың бәрінде олар шаруашылық тұрғысынан алғанда өзінің тез өсіп жетілетін, етті, майлы келетін қасиетін жоғалтпайды. Осы бір ерекшеліктері қойларды басқа жануарлардан даралап, шаруашылық тұрғысынан алғанда олардың бағалылығын арттыра түседі».
Малды бордақылаудағы көздеген мақсат көк балаусаны, жұғымды азық пен белгілі мөлшерде құрама жемді пайдалана отырып, қысқа мерзімнің ішінде дене массасының жоғары да арзан өсіміне қол жеткізу.
Бордақылау кезінде толық құнды түйіршік азық мақта күнжарасы мен шрот, сүрлемнің әртүрлі, пішендеме, сабан, пішен, арпа, сұлы, жүгері сабағы, азықтық бұршақ, ұрпақ, тәтті сірне, барда қолданылады. Минералды азықтарды брикет түрінде, ал ас тұзын жалау үшін кесектей береді. Ұнтақ азық негізінен ірілетіп жармаланған дәннен даярланады [13] .
Волкова, Г. К. (1970ж) айтуынша, басқа жануарларға қарағанда мегежіндер азықтың толық құндылығыа көп талап қояды және көптеген азықтық заттардың жетіспеушілігіне сезімтал болады. Мегежіндердің ас қорыту жүйесінде микробтық белокты, аминқышқылдары мен В тобының витаминдерін синтездеу жүрмейді. Сондықтан мегежіндерге үнемі аминқышқылдары мен витаминдер жетіспейді.
Азықтық заттарға мұқтаждығы бойдақ мегежіндерде тірідей салмағына, буаздарда - буаздық кезеңінде ( алғашқы 84 және соңғы 30 күн ), емізетін мегежіндерде торай санына байланысты болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz