Ауыспалы егістерді жоспарлау


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Кафедра

Тақырыбы: АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕРДІ ЖОСПАРЛАУ

Орындаған: Құрмашева Г.

Қабылдаған:

Алматы-2009

ЖОСПАР

I-бөлім. АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕРДІ ЖОСПАРЛАУ ҮШІН КЕРЕК ДЕРЕКТЕР

1. 1. Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат

1. 2. Шаруашылықта пайдаланылатын жерлердің түрлері

1. 3. Шаруашылықтың климат жағдайы

1. 4. Ауыспалы егістер орналасқан егінжайдың топырағы

1. 5. Арамшөптер

1. 6. Егіс көлемінің құрылымын есептеу

ІІ-бөлім. Ауыспалы егістерді жоспарлау және оларды игеру

2. 1 Ауыспалы егістерді жоспарлау

2. 2. Ауыспалы егістерді экономикалық тұрғыдан дәлелдеу

2. 3. Қабылданған ауыспалы егіске өту жоспары (ауыспалы егісті игеру жоспары) .

2. 4. Ауыспалы егіс танаптарының арамшөптену картасын жасау

2. 5. Ауыспалы егістегі топырақ өңдеу жүйесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

I-бөлім. АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕРДІ ЖОСПАРЛАУ ҮШІН КЕРЕК ДЕРЕКТЕР

1. 1. Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат

«Балтабай» жауабы шектеулі серіктестік, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан. «Балтабай» ЖШС, 1961 жылдан бастап қалыптасқан шаруашылық. Шаруашылықтың негізгі бағыты - мал шаруашылығы. Оған қосымша көкеніс, жеміс-жидек шаруашылығымен бірге темекі өндірісі шоғырланған.

Шаруашылықтың аудан орталығы - Есік қаласы, ал облыс орталығы - Алматы қаласынан 45 км жерде орналасқан. Ең жақын темір жол торабы аудан орталығы Есік қаласында, яғни 20 км жерде орналасқан.

Қажетті құрал-саймандар мен техника және басқа да жабдықтарды сатып алу орындары әртүрлі. Техникалық қамтамассыз етілуде ауылындағы аудан орталығы Есік қаласында жүргізіледі, ол шаруашылықтан 20 км жерде орналасқан. Ал күнделікті құрал-саймандарды (күрек, айыр, тырма, кетпен, шелек және т. б. ) аудан орталығы қаласынан сатып алынады.

Жол жүйесі толықтай асфальттанған.

Су жүйесі негізінен суармалы жерлер «Балтабай» су қоймаларына жиналған «Тургень» өзендерінің суымен суарылады. Өзен суын тікелей пайдаланбайды десек те болады.

1. 2. Шаруашылықта пайдаланылатын жерлердің түрлері

1-кесте. Шаруашылықта пайдаланылатын жердің 2008 жылғы 1 қаңтардағы құрамы.

Пайдаланылатын жер түрлері
Көлемі , га
Пайдаланылатын жер түрлері: Егістік жер
Көлемі,га: 700
Пайдаланылатын жер түрлері: Оның ішінде суарылатыны
Көлемі,га: 131
Пайдаланылатын жер түрлері: Тыңайған жер
Көлемі,га: -
Пайдаланылатын жер түрлері: Шабындық
Көлемі,га: 14
Пайдаланылатын жер түрлері: Жеміс бағы, жүзімдіктер, жидектік, жеміс көшеттігі
Көлемі,га: 42
Пайдаланылатын жер түрлері: Пайдаланылатын барлық жерлер
Көлемі,га: 697
Пайдаланылатын жер түрлері: Өзге жерлер (үй іргесіндегі, тоғайлар, жол тораптары, құрылыстар, өзен көл және басқалары)
Көлемі,га:
Пайдаланылатын жер түрлері: Шаруашылықтағы жердің жалпы көлемі
Көлемі,га:

1. 3. Шаруашылықтың климат жағдайы

Алматы облысының климат жағдайы біршама жұмсақтығымен жылу мен ылғалдың жақсы үйлесуімен ерекшеленеді, мұның өзі тәлімі егіншілікті өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Шілде айындағы температура әдетте +22+23 0 С жылылықтан қаңтар айындағы температура аяздан аспайды.

Аймақтың төменгі шекарасында ауаның температурасы 10 0 С жоғарғы кезең сәуір айының екінші кезеңінде басталып, қазан айының бірінші онкүндігінде аяқталады. 10 0 С жоғарғы орташа тәуліктік оң температуралардың қосындысы 2000-3000 0 С тең. Тауға көтерілген сайын ауа температурасы шұғыл төмендей бастайды. Жоғарғы шекарадағы оң температура қосындысы 2000 0 С дейін, ал 10 0 С жоғарғы температура кезінде 1400-1500 0 С дейін кемиді. Аяз кезеңі төменгі шекарада 5-5, 5 айға созылса, жоғарғы шекарада 3 айға дейін қысқарады.

Аймақтың батыс бөлігінде жылына 600-800 мм жауын шашын жауса, шығыс бөлігінде жауын шашын мөлшері 350-400 мм аспайды.

Тұрақты қар жамылғысы желтоқсан айының басында түсіп, 3 ай және одан да көп уақытты жатады. Қардың қалыңдығы батыс бөлігінде 60-70 см жатса, шығыс бөлігінде 35-40см.

2-кесте. Көп жылдық орташа айлық, жылдық жауын шашын, температура және ауаның салыстырмалы ылғалдылық мөлшері Ақший метиостанциясы

Көрсет-кіштер

Айлар

Жыл-дық орта-ша мөл-шері
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Көрсет-кіштер:

Жауын -

Шашын,

Айлар: 32
Жыл-дық орта-ша мөл-шері: 25, 1
33, 6
47, 5
24
10
0, 7
0, 7
0, 2
2, 5
18, 3
24
219
Көрсет-кіштер: Темпера-тура, 0С
Айлар: -8
Жыл-дық орта-ша мөл-шері: -6, 6
-1, 3
10, 7
13, 3
23
25, 3
17, 4
8, 5
-0, 3
-6, 4
-8
8, 8
Көрсет-кіштер:

Ауаның

салыс-лы

ылғ-ғы

Айлар: 76
Жыл-дық орта-ша мөл-шері: 76
71
57
56
49
42
39
43
55
73
73
59, 1

- абсолюттік минималды температура -35 0 С және максималды температура +41 0 С;

- көктемгі соңғы 4 ай, күзгі алғашқы үсік мерзімі 11 ай; Жазы құрғақ, әрі ыстық. Шілде айының орташа температурасы +22 0 С +25 0 С -қа тең. Өте ыстық жылдары + 42 0 С +45 0 С-қа дейін жетеді.

Қаңтар айында температура - 7 0 С - 10 0 С; қатты аяз болғанда - 37 0 С- 40 0 С дейін жетеді. 0 0 С +5 0 С күндерде температуралардың қосындысы 3800 - 4000 градус. +10 0 С жоғары кезеңде - 3800 - 3600 0 С градус аралығында ауытқуы отырады.

- Көктемгі ызғар көп жылдарда сәуір айынның 15-21аралығында басталады.

- Күзде алғашқы қар қыркүйек айының екінші онкүндігінде түседі.

- Тәулікпен есептелген аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 155-190 күн.

- Қар жамылғысы желтоқсан айының бірінші онкүндігінде түсіп, 75-100 күн тұрақталып, жатады. Қардың қалыңдығы 10-25 см жетеді.

1. 4. Ауыспалы егістер орналасқан егінжайдың топырағы

«Балтабай» ЖШС, жауын-шашынға тапшы. Тәлімі жер аймағы бозғылт, қызыл қоңыр, қара, сұр, ашық қоңыр топырақта тау баурайы далалық жерде орналасқан.

Жауын-шашыны аз түсетін аймақтарда көктемгі-жазғы кезде болмашы мөлшерде жауған жауын-шашын топырақтың тамыр жүйелері қоректендіретін қабатындағы ылғалдылықты сақтауға онша әсер ете қоймайды.

Топырақтың беткі қабатынан тереңге 32 см дейін гумусты қабат десек, ондағы гумус мөлшері 5% ғана құрайды. 0-24см аралығында жыртыланатын гумус қабаты, 24-32см арасы жыртылмайтын гумус қабаты болып табылады.

Топырақтағы азот мөлшері 0-10см - 0. 210%, 20-30см - 0. 066%, 45-55см - 0. 052%: көміртегі мөлшері 0-10см - 11. 90%, 20-30см - 10. 50%, 45-55см - 9. 17%; көмір қышқыл газы 0-10см - 3. 24%, 20-30см - 4. 01%, 45-55см - 4. 22%.

Топырақтың орташа қышқылдылық ортасы ph=8. 5. Шаруашылықта ыза суының деңгейі жауын-шашын мөлшері көбейген кезде көтеріледі, яғни жер бетінен 1метр тереңдікте ғана жатады, бұл әсіресе көктемде, қар ерігенде, күзде көтеріледі. Ал жауын-шашын аз түскен мезгіл жазда, су деңгейі 2-2. 5метрге дейін төмендейді.

1. 5. Арамшөптер

Ауыл шауашылығының егіс алқаптарында мәдени дақылдармен қатар өсетін зиянды өсімдіктер, ауыл шаруашылығы дақылдарына жан-жақты теріс ықпалын тигізіп, егін шаруашылығы өнімділігін төмендетеді. «Балтабай» ЖШС-дегі кездесетін арамшөптер.

3-кесте. Шаруашылықта кең таралған арамшөптердің түр құрамы және оларды жоюға қолданылатын гербицидтер

Рет

Арамшөптердің аттары
Биологиялық тобы және оған қысқаша сипаттама
Қазақша
Орысша
Латынша
Рет№: 1
Арамшөптердің аттары: Алабота
Биологиялық тобы және оған қысқаша сипаттама: Марь белая
Chenepodium album
Ерте пісетін жаздық арамшөп. Экономикалық зиянкестігі 1м 2 10 өсімдік. Бір өсімдік 200-700 мыңға дейін тұқым береді. Топырақта өнгіштігін 8 жылға дейін сақтайды. Тұқымы 8-10 см тереңдіктен өніп шығады. Әртүрлі гербицидтерге сезімтал, сондықтан оны топыраққа және көктеген кезінде шашады.
Рет№: 2
Арамшөптердің аттары: Егістік шырма-уық
Биологиялық тобы және оған қысқаша сипаттама: Вьюнок полевой
Convolvulus arvensis
Шырмауық тұқ-на жататын, көпжылдық атпатамырлы арамшөп. Әр өсімдіктен 100-1000 тұқым береді. 2-12 см тереңдіктен 25-30 0 С температурада өніп шығады. Топырақта өнгіштігін 2-3 жылға дейін сақтайды. А/ш дақылдарына шырмалып, олардың жатып қалуына себеп болады. Гербицидтер: 2. 4-Д, әр гектарға 1. 5-2кг, 2М-4ХМ препаратын 2-3 кг.
Рет№: 3
Арамшөптердің аттары: Мысық құйрық
Биологиялық тобы және оған қысқаша сипаттама: Щетинник сизый
Semaria glauca
Кеш пісіп жетілетін астық тұқ-на жататын бір жылдық жаздық арамшөп. Биіктігі 50см Бұл өсімдік тек қана тұқымы арқылы көбейеді. Бір өсімдік 5. 5мыңға дейін тұқым береді. Дәннің көлемі тары тұқымымен бірдей, сондықтан оны бөліп алу қиын. Піскеннен кейін төгілген тұқым сол жылы шықпайды, 3-4 ай өткен кезде көктемде 15-20 0 С топырақ қызғанда 12 см дейінгі тереңдіктен өнеді. Алғашқы кезде баяу өсіп, танап жинап алғаннан соң қаулап өседі, өнгіштік қабілетін 15-20 жылға дейін сақтайды.
Рет№: 4
Арамшөптердің аттары: Егістік арамсояу
Биологиялық тобы және оған қысқаша сипаттама: Повелика полевая
Cuscuta arvense
Шырмауық тұқымдасына жататын біржылдық паразиттік арамшөп. Сабағы сары түсті, жуандығы 0. 8мм, бұл арамшөптің тамыры және жапырағы болмайды. Басқа өсімдіктерге жабысып сорып алады. Тұқымның мөлшері 0. 9-2. 0мм Бір өсімдігі 20 мың тұқым береді. Өнгіштігін 4-5 жылға дейін жоғалтпайды. Тұқымы жер 20-30 0 С қызғанда 4см тереңдіктен өнеді. Гербицидтер: ДНОК, натрий тұзы, пентохлорфенолдың 2-3%, 25-40кгнитрофен қолданылады. Бір га кететін гербицид - 1000 литр.
Рет№: 5
Арамшөптердің аттары: Күнба-ғыс сұңғы-ласы
Биологиялық тобы және оған қысқаша сипаттама: Заразиха подсолнечниковая
Orobanche cumana
Сұңғыла тұқ-на жататын бір жылдық паразитті арамшөп. Бір өсімдігі 100-160 мыңға дейін тұқым береді, ал 1 га тұқым саны 90 млн. данаға жетеді. Тұқымы ұсақ 0. 5-0. 45мм және желмен, сумен тез тарайды. Өнгіштігі 5-10 жыл. Топырақ 20-25 0 С қызғанда өніп шығады. Сұңғыламен ластанған дақылдарының өнімі 50-70% дейін кемиді. Гербицидтер: 0. 3-0. 4кг/га - эфир, 0. 7-0. 8кг амин тұзы, 1-1. 5кг натрий тотығы, 8-10кг аммиак селитрасы пайдаланылады.
Рет№: 6
Арамшөптердің аттары: Егістік қанат-жеміс
Биологиялық тобы және оған қысқаша сипаттама: Ярутка полевая
Thlaspi arvense L.
Қырыққабаттар тұқ-на жататын қыстап шығатын арамшөп. Барлық а/ш дақылдарын, парлар мен көпжылдықтарды ластайды. Кіндік тамырлы, сабағы тік өсетін биіктігі 20-50см. Өткір иісі бар, тіршілікке қабілеттілігін 10 жылға дейін сақтайды. Гербицидтер: 2. 4-Д, 2М-4Х.

1. 6. Егіс көлемінің құрылымын есептеу

Шаруашылықтағы өнделетін жер көлемі 700 гектар.

Мендегі өнделетін жер көлемін 100 % \%\ % \%\ деп алып, оқутышының маған берген көрсеткіштері бойынша есептеп, 4-кестені толтырамын.

1. Дәнді және дәндібұршақ дақылдары - 60 % \mathbf{\%}\ % \mathbf{\%}\

700га ө. ж. к, Хга д. дб.

100 % \% % \% 60 % \%\ % \%\

Хга = 700га × \times \ × \times \ 60 % / \%\ / % / \%\ / 100 % \% % \% = 420 га

Оның ішінде:

Жаздық бидай - 5 % \mathbf{\%}\ % \mathbf{\%}\

700га ө. ж. к, Хга ж. б.

100 % \% % \% 5 % \% % \%

Хга = 700га × \times \ × \times \ 5 % \% % \% ÷ \div ÷ \div 100 % \% % \% = 35 га

Осы жолмен басқа дақылдарды есептеп шығарамыз.

4-кесте. Ауыспалы егістерді игерген жылғы шаруашылықтағы егіс көлемінің құрылымы.

Рет

саны

Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар
Көлемі
Гектар есебімен
% есебімен
Барлығы
Оның ішінде суарылатыны
Барлығы
Оның ішінде суарылатыны
Ретсаны: 1
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: 2
Көлемі: 3
4
5
6
Ретсаны: 1
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар:

Дәнді дақылдар және дәнді бұршақ дақылдары -барлығы

Оның ішінде:

Көлемі: 420
60
Ретсаны:
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Жаздық бидай
Көлемі:
35
5
Ретсаны:
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Күздік бидай
Көлемі:
210
30
Ретсаны:
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Арпа
Көлемі:
70
10
Ретсаны:
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Сұлы
Көлемі:
35
5
Ретсаны:
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Асбұршақ
Көлемі:
35
5
Ретсаны:
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Дәнге арналған жүгері
Көлемі:
35
5
Ретсаны: 2
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Техникалық және майды дақылдар - темекі
Көлемі: 14
2
Ретсаны: 3
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Көкеніс және бақша дақылдары - барлығы
Көлемі: 35
5
Ретсаны: 4
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Картоп
Көлемі: 35
5
Ретсаны: 5
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар:

Малазықтық дақылдар - барлығы

Оның ішінде

Көлемі: 126
18
Ретсаны:
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Көпжылдық шөптер
Көлемі:
70
10
Ретсаны:
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Біржылдық шөптер
Көлемі:
7
1
Ретсаны:
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Сүрлемдік жүгері
Көлемі:
35
5
Ретсаны:
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Малазықтық қызылша
Көлемі:
7
1
Ретсаны:
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Малазықтық бақша
Көлемі:
7
1
Ретсаны: 6
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: Парлар
Көлемі: 70
10
Ретсаны: Шаруашылықта өнделетін барлық жер көлемі
Ауыл шаруашылық дақылдары және парлар: 700
Көлемі:
100

ІІ-бөлім. Ауыспалы егістерді жоспарлау және оларды игеру

2. 1 Ауыспалы егістерді жоспарлау

Шаруашылықта ауыспалы егістерді құрастыру және территорияға орналастыру үшін алдымен олардың типтерін, түрлерін, сандарын, жалпы мөлшерін, танаптың орташа көлемін және дақылдар алмасуын шешу керек.

Жобаланатын ауыспалы егіс жүйесі шаруашылықтың мамандандырылуына, малды жемдеу түріне, егіс көлемінің құрылымына, жер бедері жағдайының біркелкілігіне, егістікті суару көзімен қамтамасыз етілуіне, жердің эрозияға ұшырауына, жыртылған жердің территорияға орналасуына, олардың пішін үйлесіміне, шаруашылық орталығымен өзара байланысына қарай жасалады.

Ауыспалы егістерді жоспарлаудағы ең маңызды жұмыстардың бірі танаптардың орташа көлемін анықтау. Оны агроландшафтты, қолданылатын агротехниканы, жыртылған жерлердің орналасу сипатын, әр танаптың мүмкіндігінше біртектілі топыраққа орналасуын, танаптарда техникаларды үнемді пайдалану үшін олардың тиімді пішіні мен мөлшерін, танаптардың шекараларын су жүйелермен, жолдармен үйлестіре отырып жасайды. Ауыспалы егістердің тиімділігі көбінесе танаптардың көлемдерінің дұрыс жобалауына тікелей байланысты болады. Ауыспалы егістерді жобалауды негізінен көкөніс және малазықтық (ферма жанындағы) ауыспалы егістерден бастаған орынды. Өйткені, бұл ауыспалы егістерде өсірілетін дақылдар жергілікті жердің табиғи және экономикалық жағдайына да жоғары талап қояды. Көкөніс және ферма маңыңдағы ауыспалы егістерді жақын орналасқан, дұрыс пішінді, біртұтас, топырағы құнарлы, сумен жақсы қамтамасыз етілген алқапқа орналастырған жөн.

Ауыспалы егістерді жобалағанда:

  • шаруашылықтың егіс көлемінің құрылымын қатаң түрде сақтау керек;
  • ол барлық егіс пен парлар көлеміне (аралық дақылдарды есепке алмағанда) ең болуы және олардың барлығы ауыспалы егістерге неуі керек;
  • ауыспалы егістерге дақылдарды орналастыруды өте жақсы алғы егістен бастап, шамалы талап ететін дақылдармен аяқтау керек;
  • ауыспалы егіс танаптарының көлемдері өзара тең болған жақсы, ал мүмкін болмаған жағдайда танптардың бірбірінен көлемінің ауытқуы∓5%−дан\mp \ 5\% - дан\∓5%−дан\mp \ 5\% - дан\аспауы қажет.

5- кесте. № 1. Егістік, дәнді-парлы 4 танапты ауыспалы егіс. Жалпы көлемі - 280 га, орташа көлемі 70 га.

Рет саны
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл
Көлемі, га
Дақылдар тобының меншікті салмағы, %
Рет саны: 1
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Пар
Көлемі, га: 70
Дақылдар тобының меншікті салмағы, %:

Пар - 25%

Дәнді дақылдар - 75%

Рет саны: 2
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Күздік бидай
Көлемі, га: 70
Рет саны: 3
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Күздік бидай
Көлемі, га: 70
Рет саны: 4
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Күздік бидай
Көлемі, га: 70

№2. Егістік, дәнді-отамалы, шөпті 8 танапты ауыспалы егіс. Жалпы көлемі - 280 га, орташа көлемі - 35 га.

Рет саны
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл
Көлемі, га
Дақылдар тобының меншікті салмағы, %
Рет саны: 1
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Арпа+жоңышқа
Көлемі, га: 35
Дақылдар тобының меншікті салмағы, %:

Дәнді дақылдар - 50%

Малазықтық дақылдар - 25%

Отамалы дақылдар -25%

Рет саны: 2
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Жоңышқа
Көлемі, га: 35
Рет саны: 3
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Жоңышқа
Көлемі, га: 35
Рет саны: 4
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Жаздық бидай
Көлемі, га: 35
Рет саны: 5
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Дәндік жүгері
Көлемі, га: 35
Рет саны: 6
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Ас бұршақ
Көлемі, га: 35
Рет саны: 7
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Көкеніс-бақша дақылдары
Көлемі, га: 35
Рет саны: 8
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Сұлы
Көлемі, га: 35

№3. Егістік, дәнді - отамалы 3 танапты ауыспалы егіс. Жалпы көлемі - 105 га, орташа көлемі - 35 га.

Рет саны
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл
Көлемі, га
Дақылдар тобының меншікті салмағы, %
Рет саны: 1
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Сүрлемдік жүгері
Көлемі, га: 35
Дақылдар тобының меншікті салмағы, %:

Дәнді дақылдар - 33, 33%

Отамалы дақылдар -66, 66%

Рет саны: 2
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Картоп
Көлемі, га: 35
Рет саны: 3
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Арпа
Көлемі, га: 35

№4. Малазықтық, шөпті - 5 танапты ауыспалы егіс. Жалпы көлемі - 35 га, орташа көлемі - 7 га.

Рет саны
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл
Көлемі, га
Дақылдар тобының меншікті салмағы, %
Рет саны: 1
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Судан шөбі
Көлемі, га: 7
Дақылдар тобының меншікті салмағы, %:

Малазықтық дақылдар - 60%

Техникалық дақылдар - 40%

Рет саны: 2
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Темекі
Көлемі, га: 7
Рет саны: 3
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Темекі
Көлемі, га: 7
Рет саны: 4
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Малазықтық бақша
Көлемі, га: 7
Рет саны: 5
Ауыспалы егістегі алмаспалы дақыл: Малазықтық қызылша
Көлемі, га: 7

2. 2. Ауыспалы егістерді экономикалық тұрғыдан дәлелдеу

Ауыспалы егіс типтерінің (егістік, арнайы, малазықтық) әрқайсысының ішінен негізгі бір негізгі ауыспалы егіске агрономиялық баға беру керек. Одан әр алғы егістің өзінен кейін себілетін дақылдардың өсіп-дамуына, топырақтың физикалық, химиялық, биологиялық және басқа қасиеттеріне, оның қарашірік мөлшерінің өзгеруіне, ылғал, ауа және қоректік заттар режимдеріне, танаптың арамшөптенуіне, өсімдіктердің зиянкестері және ауру қоздырғыштармен күресі тиімділігіне, қоршаған ортаның ластануына, топырақтың құнарлылығы мен алынатын өнімнің артуына тигізетін әсері келтірдім. Бұл мәліметтер төменгі 6-кестеге жазыдым.

6-кесте. Егістік, дәнді-парлы, 4 танапты №1 ауыспалы егісті агротехникалық бағалау.

Рет

саны

Ауыспалы егістегі дақылдардың алмасу реті

Агротехникалық баға және

олардың көрсеткіштері

Ретсаны: 1
Ауыспалы егістегі дақылдардың алмасу реті: 2
Агротехникалық баға жәнеолардың көрсеткіштері: 3
Ретсаны: 1
Ауыспалы егістегі дақылдардың алмасу реті: Таза пар
Агротехникалық баға жәнеолардың көрсеткіштері: Парды алғы дақыл сипаттағанда оның ең алдымен мына көрсеткіштеріне көңіл бөлеміз. Біріншіден, пар қолдану арқылы танаптағы ылғал мөлшерін көбейтеміз. Пардан кейін орналасатын дақылды себу алдында топырақтың жалпы ылғалдылығы пар қолданбаған танаптағы ылғалдан әлдеқайда көп болады. Екіншіден, пардан кейін танаптағы арамшөптерден құтыламыз. Таза парда олармен күресуге оңтайлы жағдай туады: бірнеше рет тамыр жүйелері қырқылады, оның салдарынан арамшөп әлсіреп жойылады. Үшіншіден, пар танабында көп мөлшерде нитраттар жиналады. Фосфор тыңайтқышын қолдану керек болады. Төртіншіден, пардан кейін егістікте зиянкестер мен ауру қоздырғыштары өздеріне қолайлы жағдай таба алмай, іс-әрекеттерін жояды. Бесіншіден, парға егілген дақылдың өніп-өсу жағдайы жақсаратындықтан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасы артады. Парға егілген астықтың өнімі 1, 5-2 еседей артық болады. Пардан кейін ол танапқа 3-4 жыл астық егуге болады.
Ретсаны: 2
Ауыспалы егістегі дақылдардың алмасу реті: Күздік бидай
Агротехникалық баға жәнеолардың көрсеткіштері: Күздік бидайдың ең жақсы алғы егісі таза пар мен ықтырмалы пар. Парға егілген танапта ешқандай өсімдік болмағандықтан топырақ ылғалы жеткілікті болады. Күздік бидай өркендері уақытысында көгеріп шығып, суық түскенше жақсы дамып, түптенер алдында буынына қант жинап алса, қыстың қиындықтарына төзіп, көктемге аман-есен шығады, Қазақтың ғылыми-зерттеу егіншілік институты дерегі бойынша таза пардан кейін себілген күздік бидайдың өнімі әр гектердан 23 ц. Күздік бидай алғы егіс ретінде жазғы бидайдан жақсы. Оған себеп күздік бидай ерте пісіп-жетіледі де, танапты ерте босатады. Бұл жағдай топырақты толық сапалы түрде дайындауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан аралық дақылды қолдануға мүмкіндік береді. Екіншіден, күздік бидайдың өнімі жоғары болатындықтан оның топырақта қалдыратын органикалық заттардың мөлшері де көп болады.
Ретсаны: 3
Ауыспалы егістегі дақылдардың алмасу реті: Күздік бидай
Агротехникалық баға жәнеолардың көрсеткіштері: Күздік бидайдың екінші жыл қайтара себілуі кезінде оның алғы егісі күздік бидай болғандықтан, топырақта органикалық қалдықтар көп қалады. Сол себептен екінші жылы себілген күздік бидайдың өнімі жақсы болады. Зерттеулер таза пардан кейін астық дақылдарын 3-4 жыл егудің мол өнім алуға мүмкіншілік беретінің көрсеткен. Арамшөптермен ластану деңгейі - 1балл.
Ретсаны: 4
Ауыспалы егістегі дақылдардың алмасу реті: Күздік бидай
Агротехникалық баға жәнеолардың көрсеткіштері: Үшінші жылы қайтара өсіруде егістіктің арамшөптермен ластану дәрежесінің біршама (3 балл) болуы, топырақтағы қоректік заттардың мөлшерінің азаюына байланысты оның өнімділігі мен сапасы төмендейді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егісті жобалау
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Ауыспалы егістерді жобалау, енгізу және орындау
Күнбағыстың, рапс пен қыша, зығыр зиянкестері және күресу шаралары
Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
Ауыспалы егістерде топырақтағы органикалық заттардың баланысын есептеу
Aқмoлa oблысы Eрeймeнтaу aудaны Қaрaтaл ЖШС жыртылғaн жeрiн рeттeстiру жәнe кaдaстрлық құнын aнықтaу жoбaсы
Қазақстан жеріне интенсивті технологиялар негізінде сүдірлі жерлерді дайындаудың қарақұмық өніміне келтіретін әсері
Нысанның табиғи-климаттық және шаруашылықтық жағдайлары
Барлық жерлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz