Ақпаратты кері кодтау



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық технологиялар колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ақпаратты кодтау

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.

Жоспары
Кіріспе
1. Ақпаратты кодтауды негізгі анықтамалары
2. Ақпаратты кері кодтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі ақпараттық ғасырда деректерді жіберу, сақтау және іздеу үшін тек қана оның жылдамдығы маңызды емес, сонымен қатар оның қатесіздігі маңызды. Ақпаратты өңдеу және сақтау, жіберу құрал-жабдықтарының қазіргі даму сатысында барлық үлкен өзектілік жоғарғы қорғаушылықты қамтамасыз ету мәселесінде жатыр, оның бәрi өсетiн сапаға қойылатын талаптарымен және нақты жүйелердiң сенiмдiлiгiне шартталған. Кодтау және декодтау тәсілдерін таңдау, және олардың жүзеге асыру әдістерін. Сонымен бірге тез әрекеттілігі (кодтау және декодтау жылдамдығы), жүзеге асырылу қиындығы (бағдарламаның көлемі немесе құрылғылардың шағыны), әмбебаптылығы сияқты көрсеткіштер де ескеріледі. Барлық параметрлерді ең жақсы жағдайда қамтамасыз ету мүмкін еместігі анық, және әрбір нақты жағдайда шешімді жеке-жеке жағдайларда қабылдау керек.
Кодтау (кодирование; coding; кодировать; encode) -- мәліметтерді олардың алдын ала тағайындадған кодтық комбинацияларымен бейнелеу немесе мәліметтер элементін (символдар жиынын) олардың кодтық комбинацияларымен сәйкес келтіру; программалау процесі.
Ақпараттың 8 биттік (байттық) кодтауын 7 биттік кодтауға түрлендіру. Мұндай түрлендірудің қажеттілігі кейбір желілік программалардың мәліметтерді тек 7 биттік кодтауда жеткізе алатындығынан туындайды. Байттық мәліметтерді осындай арналармен тікелей жеткізу ақпараттың бұрмалануына жол береді. Белгілі бір ереже бойынша дискреттік хабарды дискреттік сигнал түріне түрлендіру (аудармалау), яғни шарттаңбаларды қолдану.
Кодтау бланкі (программаны жазуға арналған бланк, стандартты бланк) (бланк кодирования (бланк для записи программы, стандартный бланк); doding (program) sheet) -- алғашқы мәліметтер мен алғашқы программаның операторларын (командаларын) компьютерге енгізу мақсатымен оларды тізбектік жазуға арналған бланк. Бланкіге ақпарат жазу берілген тілде қарастырылған ереже бойынша орындалады.
Кодтау жүйесі (система кодирования; system of coding) -- объектілерді кодтармен бейнелеу ережелерінің жиыны, кодтау ережесі мен символдар жиынтығы; код. Цифрлі деректерді аналогтік және цифрлі кодирлеу.
ТКЖ - нің бір түйінінен деректерді басқаға жіберу байланыстың барлық битінен жүйелі беріліспен жүзеге асады.
Аппараттық сигналдар деп - шектеулі диапазон шегінде кейбір шамалар мәндерінің сансыз мөлшерін көрсете алады.
Цифрлі (дискретті) сигналдар мәндердің біреуіне немесе түпкілікті наборға ие бола алады. Аналогтік сигналмен жұмыс жасағанда кодирленген деректерді беру үшін синусоидальді формадағы аналогты негізгі сигнал пайдаланылады, ол цифрлі сигналдар жұмысында - екідеңгейлі дискретті сигнал. Аналогты сигналдар бұрмалануға сезгіш, есесіне деректерді кодирлеу мен декодирлеу цифрлі сигналдар үшін қарапайым жүзеге асады.
Аналогты кодирлеу телефонды байланыс бойынша цифрлі деректерді беру кезінде қолданылады. Әдетте ЭЕМ келіп түсетін цифрлі деректер модулятор - демодулятор көмегімен аналогты формаға түрленеді.

1. Ақпаратты кодтауды негізгі анықтамалары
Кодтау теориясы -- компьютингтің дамуына өз үлесін қосқан математиканың бір облысы болып табылады. Оның таралу облысы мәліметтерді нақты каналдар бойынша беру, ал оның пәні берілген ақпараттың нақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Кейбірде кодтау теориясын шифрлеумен шатастырады, бірақ ол дұрыс емес: криптография кері есепті шешеді, оның мақсаты - мәліметтерден ақпаратты алуды қиындату.
Кодтау теориясы мәліметтерді жоғалтпай алуды қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді кодтаудың қажеттілігімен алғашқы рет жүз елу жыл бұрын тап болды. Каналдар өте қымбат және сенімсіз болғандықтан телеграммаларды жіберудің өте тиімді жолдары қарастырылды.1845 жылы пайдалануға арнайы кодтау кітаптары шықты; олардың көмегімен телеграфистер қолмен мәліметтердегі ұзақ сөйлемдерді қысқа кодтармен алмастырды. Сол кездері мәліметтердің жіберілуінің дұрыстығын тексеру үшін жұптық бақылау әдісі қолданылды, бұл әдісті перфокарталардың дұрыстығын тексеру үшін компьютердің бірінші және екінші буындарында да қолданылды. Ол үшін ең соңғы мәліметтер колодасына арнайы дайындалған бақылау сомасы бар картаны салған. Егер енгізу құрылғысы сенімсіз болса (немесе колода тым ұзын болған жағдайда), онда қате тууы мүмкін. Оны жөндеу үшін картадағы сомамен сәйкес келмегенше процедураны қайталай беретін. Бұл сұлбаның ыңғайсыз болғанымен қатар, ол екі есе қателер жіберетін. Байланыс каналдарының дамуымен қатар бақылаудың өте тиімді механизмі керек болды.
Бұл мәселенің теориялық шешімін алғашқы болып ақпараттың статистикалық теориясынының негізін қалаушы Клод Шеннон ұсынды. Шеннон өз заманының жұлдызы болды,ол АҚШ-тың академиялық элитасынынң мүшесі болған. Ванневар Буштың аспиранты болып, ол 1940 жылы жасы 30 жетпеген оқымыстыларға берілетін Нобель атындағы сыйлыққа ие болды (Нобель премиясымен шатастырмаңыздар). Bell Labs жұмыс істеп жүріп Шеннон Мәліметтерді жіберудің математикалық теориясы (1948) атты жұмыс жазды, ол жұмыста Шеннон каналдың жіберу мүмкіндігі мәліметтердің энтропия бастауынан жоғары болса, онда мәліметтерді ешқандай ақаусыз жіберілетіндей етіп кодтап қоюға болатынын дәлелдеді.Бұл түйіндеме Шеннонның көптеген дәлелдеген теоремалардың біреуінде бар. Сонымен қатар, ол каналда шудың бар болуына қарамастан мәліметтің жіберілу мүмкіндігінің теориялы түрде дәлелдеп берді.Шеннонның Мичиган штатында өзінің туып өскен қаласында орнатылған ескерткішінде ойып жазылған формуланы C = W log ((P+N)N) Альберт Эйнштейннің E = mc2 формуласының мәнімен салыстырады.
Шеннонның еңбектері ақпараттар теория облысындағы ары қарай зерттеулерінде өз ықпалын тигізді, бірақта оларда инженерлік практикалық қосымшасы бар болмады. Теориядан практикаға алмасу Ричарда Хэммингтің жұмысынан байланысты болды. Ол Шеннонның Bell Labs бойынша әріптесі болды және кодтар класын ашқандығы үшін әйгілі болды, оларды Хэмминг коды деп атады. Өзінің жаңалығын Хемминг 40 жылдардың ортасында Bell Model V есептеуіш машинасының перфокарталармен жұмыс жасау қолайсыздығынан ашты деген аңыз бар. Оған операторлар жоқ болғанда, яғни демалыс күндерде машинамен жұмыс жасауға мүмкіндік берді және ол өзі енгізулермен жұмыс жасады. Хемминг байланыс каналдарындағы, сонымен қатар компьютерлердегі ақпараттарды беру магистральдарында, ең бастысы жад пен процессор арасындағы қателерді түзете алатын кодты ұсынды. Хемминг коды Шеннон теоремасында көрсетілген мүмкіндіктерді практикалық түрде қалай іске асыруға болатындығын көрсетеді.
Хемминг өзінің мақаласын 1950 жылы жарыққа шығарды, бірақта ішкі жазбаларда кодтау теориясы 1947 жылмен белгіленген. Сондықтанда кейбіреулер кодтау теориясының атасы ретінде Шеннонды емес, Хеммингті атау керек деп ойлайды. Бірақта, техника тарихында алғашқыны іздеу пайдасыз нәрсе.
Хемминг бірінші болып қателерді түзейтін кодтарды (Error-Correcting Code, ECC) ұсынғандығы анық екенін білеміз. Бұл кодтардың қазіргі заманғы модификациялары барлық ақпараттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктерін теориялық түсіндіру.
Информатиканы оқытуға қойылатын мақсаттар
Кодтауды негізгі анықтамалары
Сандық информацияны кодтау
Көпмүшеліктерді көпмүшеліктерге бөлу процедурасы
Ақпарат, ақпарат түрі, қасиеттері
Ақпарат ұғымы
Телемеханикалық жүйелердегі кодтар
Белгілі кодтау кезеңінде
Мәліметтерді сығу және сығу түрлері
Пәндер