Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
1.1 Ақыл-ой тәрбиесі және оның мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... .6
1.2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ - ОЙЫНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2. Балалардың ақыл-ойын қалыптастыра тәрбиелеу
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл - ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Ақыл - ой тәрбиесінің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе
Қазіргі Қазақстан мектептеріне білім бері беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдармен қатар өткен мұраларға абарынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап,оның ішінен пайдалы ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін ,түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді.
Орнымен, жүйелі түрде, уақытында пайдаланылған халықтық педагогикалық ескерткштер үлкен білімділік және тәрбиелік тиімділікке ие екендігін қазіргі оқыту тәжірибесі көрсетуде.
Халықтық білімдердің көпқорлылығы, олардың ақыл-ой тәрбиесі мазмұнындағы орны мәселелерінің тиісті оқу пәндерінде ашып көрсетілуі болашақ мамандар , тәрбиешілер мен ата-аналарды теориялық және практикалық білімдермен қаруландыруға көмегін тигізері сөзсіз.
"Мәдени мұра" бағдарламасы осыған айғақ. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында :"Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру,сөйтіп өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажет.
Әрине, "Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру" туралы жан-жақты білу мақсатындағы ізденісімді қазақ халқының ірі тұлғалары Әл-Фараби,М.Қашғари,А.Құнанбаевтан бастадым. Себебі, дәл осы ірі ғалым-ойшылдардың мұралары ұлттық тәрбие беруде сіңірген еңбектерінің зор екендігін дәлелдей алады. Әсіресе, А.Құнанбаевтың педагогикалық мұраларының ықпалымен қазақ халқынада тәуелсіздік үшін күресушілердің жаңа легі: М.Дулатов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,М.Әуезов т.б. көші басталды.
Ұлтымыздың аяулы азаматтар ұлт келешегі үшін қызмет еткен, бойындағы барын берген зиялы қауым өкілдерінің қазақ мектептері үшін пайдалануға тұратын көзқарастары мен тәжірибелері бүгінгі күнде өзектілігін көрсетіп отыр.
Зерттеудің өзектілігі. Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі - басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - балалардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін тәрбиешінің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны -балалардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
Зерттеудің мақсаты. Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды этнопедагогика материалдары арқылы адамгершілікке тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктері қалыптасады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- танымдық қызығушылықты дамыту;
- танымдық белсенділікті қалыптастыру;
- белгілі білім көлемін меңгеру;
- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;

1. Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
1.1 Ақыл-ой тәрбиесі және оның мақсаты мен міндеттері
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл -- тозбас киім, білім -- сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
-- танымдық қызығушьшықты дамьпу;
-- танымдық белсенділікті қалыптастыру;
-- белгілі білім көлемін меңгеру;
-- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
-- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
-- ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.
Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.
Адамгершілік тәрбиесі тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетгі қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моральдык касиетгерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты -- жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның оқушылардың іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.
Адамгершілік тәрбиенің міндеттері:
адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;
адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамьпу;
адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерліктерін қалыптастыру;
адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;
қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасаттылығын дәлелдеу;
өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.
Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы Адам бол, Өзіңдегі адамгершілікті сақта- деген өсиеттері осыны айғақтайды.
Сонымен қатар, адамгершілік тұлғанын басқа Мен- дермен әрекеттесу процесін қамтитын қарым-қатынастар жүйесі болып табылады. Осы қарым-қатынастар адамгершілік нормалар мен мінез-құлық механизмдерін игеруге әкеледі (Хмель Н.Д.).Тұлғаның адамгершілік нормалары мен талаптарын меңгеру механизмдерінің ерекшеліктері адамгершілік тәрбиеге жағымды психологиялық жағдай тудырумен, адам іс-әрекеттерінің адамгершілік жақтарын және нәтижелерін бағалаумен тығыз байланысты болады.
Бірақ қоғам өмірінің нормаларын қадағалап қорғайтын заңдардың маңыздылығын қарастырмай адамгершілік тәрбиесінің мазмұны толық ашылмайды.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".
Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі -- адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.
Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным -- бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.
Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау -- барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.
Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік.
Нақты және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.
Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау белігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принцшітерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.
Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.
Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Олар:
-- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
-- негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
-- зиялылық біліктерді қалыптастыру;
-- дүниетанымды қалыптастыру;
Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.
Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.
Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.
Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.
Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.
Синтез -- заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.
Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.
Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.
Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.

1.2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ - ОЙЫНЫҢ ДАМУЫ
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті, - деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен[1].
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.
Қазіргі Қазақстан балабақшаларында білім бері беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдармен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап,оның ішінен пайдалы ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда[2].
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін Ақылдан қымбат байлық жоқ, Ақылды сатып ала алмайсың, Ақыл -тозбас киім,білім-сарқылмас бұлақ деген халқтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады[3].
Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі мектепке дейінгі балалардың барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр болашақ тәрбиеші ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет.
Мектепке дейінгі білім берудің алдында тұрған негізгі мақсат - балаларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Мектепке дейінгі кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде баланың ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Ал ойлау қабілеттері белгілі зерттеу әдістеріне сүйенеді. Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілетін зерттеу әдістері арқылы біріншіден - айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың дәрістері
Интеллект және оның функциялары
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Ақыл-ой және танымдық ойындар
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Эстетикалық тәрбие мәнін зерттеу
Пәндер