Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері


Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе
І. Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығын территориялық ұйымдастыруына әсер ететін факторлар
1. 1 Ауыл шаруашылығын территориялық ұйымдастыруға әсер ететін физикалық-географиялық факторлар
1. 2 Ауыл шаруашылығын территориялық ұйымдастырудың экономикалық-географиялық факторлары
ІІ. Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы салаларын территориялық ұйымдастыру
2. 1 Өсімдік шаруашылығын территориялық ұйымдастыру
2. 2 Жануар шаруашылығын территориялық ұйымдастыру
ІІІ. Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығын тиімді территориялық ұйымдастыруының басым бағыттары
3. 1 Ауыл шаруашылығының мамандануының территориялық дифференциясы
3. 2 Өсімдік шаруашылығын территориялық ұйымдастырудың басым бағыттары
3. 3 Жануар шаруашылығын территориялық ұйымдастырудың басым бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан егемен ел ретінде тәуелсіз өркениетті даму жолына түсіп, барлық ұлттық-рухани байлығымызды қайта жаңғыртқан тұста, елдің өткен тарихын жаңаша зерделеуге мүмкіндік берді. Өйткені еліміздегі тарихи мәселелерге деген методологиялық ұстаным, тұжырымдардың өзгеруі, шығармашылық ойлауға еркіндіктің берілуі, бұрынғы зерттеушілердің қолына тимеген көптеген құнды тарихи деректердің ғылыми айналымға тартылуы, т. б. жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Қазіргі таңда тарихымыздың ақтаңдақтарын ашуда, жекелеген аймақтың, ауыл шаруашылығы салалары мен өнеркәсіп орындарының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін баяндау, олардың даму барыстарын саралап, зерттеу тарих ғылымының негізгі бағыттары қатарына жатады. Соның ішінде 1946-1980 жылдар аралығындағы ел экономикасының дамуында ауыл шаруашылығының алатын орны, оның дамуы, қарапайым еңбек адамдарының қажырлы еңбегі, олардың әлеуметтік тұрмысын зерделеу өте маңызды. Өйткені зерттеу тақырыбының өзектілігі қоғам өмірінде ауыл-селоның алатын орнымен тығыз байланысты. Себебі кез-келген ұлттың шығу тегі, өзінің бастау бұлағы, дәстүрлі мәдениетінің қалыптасқан кеңістігі - ауыл-село. Ал ауыл-селоның тарихы - қазақ ұлтының тарихы. КСРО ыдырағанға дейін қазақтардың басым бөлігі ауыл-селоларда тұрып, аграрлық салада еңбек етті. Оның үстіне халықты азық-түлікпен, индустрияны шикізатпен аграрлық сала қамтамасыз етеді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2003-2005 жылдарды ауыл мұқтажын шешуге арнауы да кездейсоқтық емес. Осы тұрғыдан келгенде ХХ ғасырда Қазақстанда жүргізілген кеңестік аграрлық саясат тарихын қайта саралап, талдау қажеттілігі айқындала түседі. Жалпы аграрлық мәселелер бойынша көптеген елдердің даму үрдісі қиын әрі қайшылықты болып келгені белгілі. Мұндай жәйт Қазақстанға да байланысты екені анық. Себебі Қазақстанның ХХ ғасырдағы ауыл шаруашылығы дамуының жетістіктері маңызды, әрі қарама-қайшылыққа толы күрделі процестердің бірі болып есептеледі. Егер, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қазақ өлкесінде социалистік меншікке негізделген ұжымдастыру саясатын жүргізу қолға алынып, ұжымшар, кеңшар құрылысының негізі қаланып, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жаңа сипатқа ие болса, ал соғыстан кейінгі жылдарда аграрлық саясат одан әрі жалғасып, республикада 1950 жылдардың аяғына қарай кеңшар, ұжымшар құрылысы толық жеңіске жетіп, 1960-1980 жылдарда бұл саясат одан әрі тереңдеп, Қазақстанда ірі экономикалық жағынан қуатты, энергетикалық техникалық жағынан жоғары еңбекті ұйымдастыру тұрғысында сол кезеңге сай тиімді ірі аграрлық ұжымшарлар мен кеңшарлар барынша қызмет етті. Сөйтіп, Қазақстан КСРО-ның шығыстағы ірі аграрлық-экономикалық аймағына айналды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ауыл шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген жүйесін ұйымдастыру - экономикалық жəне техникалық шаралардың бір-бірімен байланысты біртұтас жиынтығы іспеттес. Бұларды ауыл шаруашылық кəсіпорындары мен шаруа қожалықтарында табиғи жəне экономикалық жағдайлар мен мемлекеттің товарлы өнімнің белгілі бір түріне деген заказдарын ескере отырып жүзеге асыру жер көлемі өлшеміне еңбек пен қаражатты аз жұмсауымен-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің жоғары дəрежесіне жетуге мумкіндік береді. Бұл шараларға мыналар жатады: өндірісті мамандандыру, шаруашылық салаларын, егіншілік пен мал шаруашылығы жүйелерін дұрыс үйлестіру, ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық салаларын кешенді механикаландыру жəне электрлендіру, күрделі қаржыны барынша тиімді бағыттау жəне пайдалану, жоғары өнімді ауыл шаруашылық өндірістің барлық салаларын тиімді жүргізу жөніндегі ұйымдастыру экономикалық шаралары.
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары орналасқан Батыс Қазақстан өңірі республикадағы ауыл шаруашылығы дамыған ірі аймақтардың бірі болып табылады. Республикадағы ауыл шаруашылығының дамуына өңірде өзінше үлес қосты. Оның айқын дәлелі Батыс Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда мал саны өсіп, жоғары егіншілік дамып, нәтижесінде бұл өлке ірі аграрлық-экономикалық аймақ дәрежесіне көтерілді. Дегенмен, республика жағдайындағы ауыл шаруашылығына қатынасты жетістіктер мен күрделі қарама-қайшылықтар, тежелу процестері Батыс Қазақстанның ауыл шаруашылығына да тән еді.
Батыс Қазақстандағы ауыл шаруашылығының республика мен одақтың халық шаруашылығындағы қаншалықты орын алғандығын, оның даму ерекшеліктерін айқындау, ұлттық мамандардың дайындалуы мен әлеуметтік жағдайын жан-жақты саралау аса маңызды. Мемлекетіміздің экономикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің алар орнының ерекшелігін ескеріп, ауыл-село еңбеккерлерінің сүбелі үлестерін түсініп, өкімет маман кадрлардың елеулі еңбектерін жіті назарда ұстап және оларды жан-жақты қолдауы, біз зерттеп отырған тақырыптың өзектілігін одан әрі айқындай түседі. Агроклиматтық жағдайлар, жергілік ті рельефтер, топырақ қабаттары мен өсімдік дүниесі, су ресурстарының микроаймақтары бойынша сипаттамада мынандай мəселелерге назар аудару қажет:
1. Жыл мезгілдері бойынша жылдық орта температура мен жауатын жауын-шашын; вегетация мезгілінің жылдық орта ұзақтығы, осы мезгіл ішінде жауатын жауын-шашын мен қолайлы температура жиынтығы; аязсыз мезгілдің ұзақтығы; мал түліктеріне қарай жайып бағу уақытының ұзақтығы. Ауыл шаруашылығы өндіріс үшін климаттың қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, аңызақ, тоңазу, мұзтайғақ, қалың қар, қақаған аяз жəне осылардың қайталануы мен ұзақтығы) .
2. Шаруашылық топырағының агроөндірістің сипаттамасы (типтері, айырмашылығы мен олардың көлемі) ; жыртылатын қыртыстың тереңдігі, қара шірік топырақтың сапасы; сортаңдылығы; топырақ типіне қарай тыңайтқыш қабылдауы; эрозияға (жел жəне су) ұшыраған жер көлемі, жер асты су қабатының терендігі жəне оның минералдануы.
3. Шаруашылық территориясының рельефі (далалы, жазықты, дөңесті, жыралы, таулы т. б. ) ; ылдилардың бағыты мен тіктігі, рельеф шарттары бойынша жыртылмайтын жерлердің көлемі мен пайызы.
4. Шаруашылықтың суландырылғандығы мен сумен қамтамасыз етілгендігі, (өзендер, көлдер, бөгендер, құдықтар, скважиналар) олардың жазғы жəне қысқы мезгілде адамдар мен малды сумен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы; жер асты жəне артезиандар суының жатқан тереңдігі; жер асты суының сапасы, мал жайылымы участоктарының сумен қамтамасыз етілуі.
5. Табиғи өсімдіктердің басым түрлері, шабындық пен жайылымдардың типологиялық құрамы, мал жайылымының маусымдылығы мен өнімділігі.
Шаруашылық ішіндегі аумақты ұйымдастыру ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлы негізде ұйымдастыру болады.
ҚР да жерге ораластыру жүйесі қызмет етеді, онда жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыру төмендегілерді өңдеу жолымен:
- ғылыми негізделген болжадар түріндегі бас республикалық схема;
- облыстық және әкімшілік аудандардың жерге ораластыру схемасы;
- шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;
- шаруашылық жерін және учаскелік жерге орналастыру жобалары;
- жеке учаскелерді құру, жақсарту, мелиорация, рекультивация жөніндегі жұмысшы жобалар.
Қазіргі күнгі жерге орналастыру өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ жылжымайтын мүлік ретінде жер қатынастарын реттеуге, жерді толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының жүзеге асуын, сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс- шаралар жүйесі болып табылады.
Оның мазмұны қоғамдық өндіріс, бәрінен бұрын экономиканың аграрлық сектор талаптары мен анықталады. Осыған байланысты жерге орналастырудың маңызды қызметіне жатады:
- ауыл шаруашылығын жүргізу үшінжаңа құнарлы жерлерді анықтау;
- ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, бірлестіктер, шаруа қожалықтары және басқа шаруашылық құрылымдарпда бар жер пайдаланушылар мен жер иеленушіліктерін жетілдіру және жаңадан құру;
- ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері аумағында шаруашылық жерін ұйымдастыру
-мемлекеттік, жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және бөліп беру;
- қалалардың, поселкелер мен ауыл елді мекендердің шекарасын өзгерту және белгілеу.
Жерге орналастыру қызметіне: топографо- геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және т. б. іздестірулер мен зерттеулер жатады, қолданылатын материалдар тек қана жерге орналастыру жобаларын негіздеу және құру үшін пайдаланып қоймай, сонымен бірге мелиорация, жол құрылыстарында және т. б. қолданылады.
Жерге орналастыру мазмұнының күрдегілігіне қарай түрлерге және әртүрге бөлінеді. Оның өзіндік әртүрлі формалары объектінің аймақтық табиғи және экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылықтың әлеуметтік және өндірістік типіне, жерде шаруашылық жүргізудің көп түрлі формаларының әрекет етуіне байланысты. Ал жерге орналастыруды жүргізудің өндірістік және құқықтық процестері бірнеше кезеңдерден тұрады. Оларға:
- дайындық жұмыстары;
- жобаны құру;
- жобаны қарау және бекіту;
- жобаны натураға шығару;
- жеке меншікке, жер пайдаланушыларға, арендаторларға құжаттарды рәсімдеу және беру;
- жобаның жүзеге асуына авторлық бақылау.
Аталған кезеңдер көлемі және мазмұнымен ерекшеленеді. Олар әртүрлі әдістер және тәсілдермен жүргізіледі.
Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алқаптары мен учаскелері болып табылады. Осы бағытта Ақтөбе облысының территориялық ұйымдастыру ерекшелігін қарастыру мәселесі қойылып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктерін Ақтөбе облысы материалдары негізінде ерекшеліктерін айқындау - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
- осы кезеңдегі еліміздің батыс өңіріндегі ауыл шаруашылық өндірісіндегі негізгі нәтижелерді саралау;
- Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру жолындағы Ақтөбе облысында атқарылған іс-шараларға талдау жасай отырып, ғылыми баға беру;
- Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыруына әсер ететін негізгі факторларды анықтау;
- Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығын тиімді территориялық ұйымдастыруының басым бағыттарын ашу.
Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы. Батыс Қазақстан өңірі, Ақтөбе облысы.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. Ақтөбе облысында аграрлық саясаттың және ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастырылу ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан талдауға алынып, зерттелініп, талданды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының басты ғылыми жаңалығы - ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған мол мұрағат деректері және бұрын жарияланған еңбектерді сыни тұрғыдан талдау негізінде жинақтап, жүйелеп, Қазақстанның батыс өңіріндегі Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктерін алғаш рет кешенді түрде зерттелуі болып табылады. Зерттеуге енгізілген жаңалықты былайша топтауға болады:
- Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығына қатысты мұрағат құжаттары, сараланып, жаңа деректерді тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізу;
- Ақтөбе облысы бойынша аграрлық дамудың салыстырмалы талдауының жасалуы, оның ерекшеліктерінің айқындалуы;
- Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ерекшеліктерін аша отырып, экстенсивті бағдар және аграрлық саладағы шаруашылықты жан-жақты сипаттау.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысында Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері баяндалады. Зерттеу жұмысында келтірілген мәліметтерді, айтылған сын пікірлер мен көзқарастар, негізгі тұжырымдар мен алынған қорытындыларды арнайы курстарда маңызды дерек ретінде кеңінен пайдалануға болады. Сонымен қатар зерттеу жұмысын ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлерге әдістемелік көмекші құрал, ал студенттерге оқу құралы ретінде қажеттілігі бар деп санаймыз.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.
І. Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығын территориялық ұйымдастыруына әсер ететін факторлар
1. 1 Ауыл шаруашылығын территориялық ұйымдастыруға әсер ететін
физикалық-географиялық факторлар
Өндірісте пайдалануына және табиғи қасиеттеріне байланысты жер пайдаланымдар әртүрлі пайдаланым алқаптарына бөлінеді.
Пайдаланым алқаптары дегеніміз әрдайым белгілі бір өндірістік және басқа қажеттілікке пайдаланылатын, табиғи, тарихи қалыптасқан ерекшеліктері бар, немесе кейін пайда болған қасиеттері бар жер массивтері.
Әр жер алқабы өсетін өсімдіктерімен, олардың сапасымен, суланғандығымен, жер беті бедерінің элементтеріне орналасуымен, өндірісте пайдалану ерекшеліктерімен бөлектенеді (айырықшаланады) .
Қазіргі классификация бойынша әрдайым ауылшаруашылықтық өндірісінде қолданылатын ауылшаруашылықтық алқаптарға егістік, шабындық жайылым, тыңайтылған жер, көпжылдық өсімдіктер жатады.
Ауылшаруашылық алқаптар бойынша ГОСТ бекітілген (мемлекеттік стандарт Мем. СТ)
Ауылшаруашылық алқаптардың құрамы табиғи - климаттық жағдайға өте тығыз байланыста. Жылдық орташа жауын-шашынның мөлшері 100мм аспайтын жерлерде жыртылған жер 10-13%.
Дәнді-дақыл өсіруге ығалдылығы жеткілі солтүстік аудандардың жерінің құрамында 72% - жыртылған жер.
Қалыптасқан ауылшаруашылық алқаптардың құрамы шаруашылықтардың мамандығына әсерін тигізеді.
Егістік үлесі 70-80% солтүстікте дәнді-дақыл өсіретін шаруашылықтар көп, ал мал өсіретін шаруашылықтарда мал азықтың алқаптардың үлесі өте жоғары.
ҚР егістіктің үлесі 15. 8% қана көпжылдық өсімдіктер 0. 1 млн. га алып жатыр.
Тыңайтылған жердің үлесі егістіктен шығарылған жерлердің мөлшеріне өсті.
Жобаның бұл құрам бөлігінің негізгі міндеті жерді жоғарғы тиімділікте пайдалануға және қорғауға жағдай жасау үшін алқаптардың тиімді ара қатынасын және орналасуын белгілеу.
Алқаптардың бір түрінен екінші түріне көшу - трансформация деп аталады. Трансформацияның негізгі мағынасы тиімді қатынасқа келтіру және а/ш алқаптарды нәтижелі түрге әкелу.
ҚР өкіметінің №1262 шешімі (14 қазан 1996ж. ) бойынша трансформация жасау үшін жер пайдаланушының өтініші немесе жергілікті атқару органының инициативасы болу керек.
Ауылшаруашылық жерлері екі қүрамдас бөліктен тұрады:
1. Ауылшаруашылықы жерлері.
2. Ауылшаруашылық алқаптарына жатпайтын жерлер.
Ауылшаруашылықына жүйелі түрде ауылшаруашылық өнімін алу үшін қолданылатын алқаптарды ауылшаруашылық алқаптары дейміз. Оларқа: жыртылқан жер, көпжылдық көшеттер, шабындық, жайылым, тыңайқан жерлер жатады.
Егістік алқаптар - ең қымбат өнімді алқаптар. Ондай жерлерге құнарлылығы жоғары жүйелі түрде ауылшаруашылық мәдени дақылдарын егетін жерледі жатқызамыз. Соның ішінде пар жатады.
Көп жылдық екпе ақаштар - ол жерлерде ағаш, көшеттер, көпжылдық өсімдіктер өседі. Мұнда жеміс-жидек өсіріп, өнім алады. Сол сияқты дәрі-дәрмек дақылдары өсіріледі.
Ауылшаруашылық алқабына орман және бұталарды жатпайды.
Тыңайқан жер - жер учаскесі, бұрын жыртылған жер ретінде пайдаланған және бір жылдан артық уақытта ауылшаруашылық дақылдары егілмеген болса немесе пар астында пайдаланса, оны тыңайқан жер деп атаймыз.
Шабындық - жер учаскелері жақсы көгалданған, жақсы суарылқан, ылғалданған, қолдан суаруға келетін жерлер жатады. Ол жерден өсімдікті жүйелі түрде алып отыруға болатын пішендеме және т. б. мал азығын дайындауқа болады.
Жайылым - жүйелі түрде мал жаюқа болатын жерді алады. Табиғи түрде ол еңіс жерлерде, ылғалданған далалы, жартылай қалуы, аз қүнарлы, тұзданқан тасты жерлер болады.
Ауыл шаруашылықына жатпайтын жер алқаптарын шартты түрде 2-ге бөледі.
1. Ауыл шаруашылықын кеңейту резересі болып табылады. Оларқа: көшеттер, батпақтар, қатты және өте қатты тұздалған жерлер, құмдар т. б. жатады.
2. Ауыл шаруашылықының 2-ші тобына қүрылыс орындары, су, жол, қорқаушы көшеттер, басқа жерлер.
Бүрынқы ауыл шаруашыллық айналымына, қазіргі ауыл шаруашылық жарамсыз жерлер жатады. Ауыл шаруашылық алқаптары барлық жер қорының 27 процентін қорқайды. Оның ішінде бақалысы егістік, көпжылдық екпе ақаштар 10 процент.
Алқаптардың бір түрінен екінші түріне көшуі трансформация деп аталады.
Трансформацияның негізгі мағынасы тиімді қатынасқа келтіру және ауыл шаруашылық алқаптарды нәтижелі түрге әкелу.
Өндірістік мақсаты жерді пайдаланудың қарқындылығын арттыру, топырақ қүнарлығын арттыру, ең жоғарғы өнім алу.
Алқаптарды трансформациялаудың негізгі талаптары болып мыналар табылады:
- ауыл шаруашылық алқаптарының ауданын көбейту;
- ауыл шаруашылық алқаптарын пайдалану қарқындылығын анықтау;
- жыртылқан жер немесе басқа жоғарғы өнімді алқаптарының ауданын үлкейту;
- ұсақ контурлы учаскелерді тарату немесе жою және конфигурациясын жақсарту;
- инженерлік жол және ішкі шаруашылық құрлыстар сонымен қатар эрозияқа қарсы және табиғат қорқау шаралары бойынша учаскелерді белгілеу.
Ауыл шаруашылық алқаптарын жақсарту учаскелерді бір алқаптан екінші алқапқа ауыстыру үшін мелиоративтік немесе мәдени техникалық шараларды жүргізу арқылы олардың физико-химиялық жақдайын жақсарту және топырақ қабатын басқада қасиеттерін, жердің кеңістік қасиеттерін осының арқасында осың пайдалануын интенсивтік жоқарылату.
Осындай жобалардың ең басты процесі ауыл шаруашылық емес және ауыл шаруашылық алқаптарын трансформациялау, әсіресе жоқары өнімді максимальды көбейту мақсатымен жасалынады.
Мәдени-техникалық шараларқа мыналар жатады:
- мал азықтық алқаптарды түбегейлі жақсарту;
- ауыл шаруашылық алқаптарының өнімділігін жоғарылататын әртүрлі шараларды қолдану;
- орманды ақаш көшеттері және түбіртіктерді жою;
- ор, каналдарды көму, ойыс жерлерді тегістеу;
- үйінділерді жазу.
Мал азықтық алқаптарды түбегейлі жақсарту дегеніміз - бұл аз өнімді алқаптарқа жасанды дақылдар мен айырбастап егу. Бұл үшін жерді жыртып, мәдени-техникалық шараларды жүргізіп, көпжылдық шөпті егу.
Жеңіл жақсарту - бұл мал азықтық алқаптарды жер бетінде бақалы мал азықтық шөптері сақталмақанда мәдени-техникалық шараларды жүргізу барысында орындалады.
1. 2 Ауыл шаруашылығын территориялық ұйымдастырудың экономикалық-географиялық факторлары
Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамыту туралы төртінші бесжылдық жоспар ауыр өнеркәсіп пен транспортты қайта қалпына келтіріп, жан-жақты ұлғайтуды, сонымен бірге ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін қарқынды дамытуды, елде азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын заттардың қорын құруды қарастырды.
Соғыстан кейінгі жылдарда өлке мал шаруашылығының жаңа даму кезеңі басталды. Өз дамуының жаңа кезеңіне енген мал шаруашылығының интенсивті өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Соғыстан кейінгі бесжылдықта бүкіл Қазақстанмен бірге Батыс Қазақстан облысының еңбекшілері едәуір табысқа жетті. 1946-1950 жылдары облыстың ұжымшарларында қоғамдық мал барлық түліктерден 617 мың 848 басқа өсті. Мұның ішінде ірі қара малы бесжылдық ішінде 75 мың, яғни 49, 8 пайыз, қой мен ешкі мыңнан астам, яғни 99 пайыз, жылқы 39 мың, яғни 100 пайыз, түйе 37, 7 пайыз, ал шошқа екі есе дерлік өсті [37, 61-62 бб. ] .
1950 жылғымен салыстырғанда 1954 жылы Батыс Қазақстан облысының ұжымшарлары мен кеңшарларында ауыл шаруашылық дақылдарының барлық егіс көлемі 65, 9 пайызға ұлғайды. Азықтық бағалы дақыл - жаздық бидайдың егіс көлемі ұжымшарларда 31, 5 пайыз, кеңшарларда 171 пайызға артты. Дәнді дақылдардың егіс көлемі негізінен тың және тыңайған жерлерді игеру есебінен ұлғайтылды.
1960 жылдардың ортасына қарай ауыл шаруашылығында жалпы ел экономикасының дамуына кері әсер еткен мәселелер шоғырланды. Оларды шешу жаңа аграрлық саясатты жүргізуді қажет етті. Сөйтіп КОКП Орталық Комитетінің 1965 жылғы наурыз Пленумы осы мәселені қарап, «КСРО ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту жөніндегі кезек күттірмес шаралар туралы» қаулысын қабылдап, жаңа аграрлық саясатты жариялады.
1960 жылдардағы жаңа аграрлық саясат кешенді механикаландыру мен электрлендіруді енгізу, жерді пайдаланудың тиімділігіне қол жеткізу, жан-жақты химиялық әдістерді қолдану, суландыруды кеңейту, кооперативтік меншікті жетілдіру және қоғамдастыру, шаруашылықаралық және агроөнеркәсіптік интеграция негізінде ауыл шаруашылық өндірісін мамандандыру мен шоғырландыру арқылы ел экономикасын тұрақты да ырғақты дамытуға бағыт ұстады.
Тұтастай алғанда, 1950 жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың басындағы Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы дамуының жағдайы сол кездегі уақыт талабына сәйкес келмеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz