Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде ана тілінің орны



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Орал техникалық гуманитарлық колледжі

Сырттай бөлімі 3 Г КДО
Тіркелген күні:
Пәні: Тіл дамыту әдістемесі

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде ана тілінің орны

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013
Мазмұны

Кіріспе

1. Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде ана тілінің орны
2. Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету.
3. Тілдің грамматикалық құрылымы
4. Бала тілін дамытудағы ойындардың орны
5. Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Балалардың ересектермен тілдік қатынасын дамыту. Қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б. Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру. Балаларды (1 жас 2 ай - 1 жас 4 ай) былдырды белсенді қолданып, былдыр сөздерді айта білуге ынталандыру. Жиі еститін дыбыстар мен сөздерге еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық, өкіну және т.б. дауыс сазын білдіретін дыбыстар мен сөздерді айту. Сөздік қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру. 1 жас 6 айға қарай таныс заттарды (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету.
Ересектердің сөздерін тыңдауға, Бұл не?, Не істеді? сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, болмайды, рұқсат сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.
Балалардың ынталық және жауап беру тілін дамыту. 1 жас 6 айға қарай екі сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге ынталандыру.
Ересектердің сөйлеген сөздеріне еліктеу арқылы жеке сөздер мен тіркестерді жаңғырта білуді, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту.
Сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету, заттар мен іс-әрекеттерді білдіретін жаңа сөздерді енгізу, былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді біртіндеп тілдік формамен ауыстыру, пассив сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету.

1. Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде ана тілінің орны

Қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және тілектерін білдіруге қажетті сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, ары жылжы), кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу және т.б.) дұрыс атай білуді қалыптастыру.
Балаларды кейбір есім сөздерді (мен, біз, сен, маған), үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) және қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету. Зат есімнің көпше түрін, септікті, етістіктің бұйрық райын, етістіктің өткен шағын осы және келер шақтармен бірге қолдануды қалыптастыру.
Жыл аяғына қарай баланың белсенді сөздік қоры 300 сөзге дейін жетеді.
Заттарды ерекше белгілеріне қарай жалпылап қана қоймай, оларды атай білуді (қуыршақтар, доптар, машиналар және т.б.) үйрету.
3-4 жасар балалар үшін
1. Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту.
2. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану.
3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
4. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру.
5. Мектепке дейінгі кіші жастағы баланың қызығушылығын халық ауыз әдебиетіне баулу.
6. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту.
Тілдің дыбысталу мәдениеті
Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету. Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу, жаңылтпаштар айту. Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
Сөздік жұмыс
Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) қатысты сөздермен байыту.Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің - жеңі, жағасы, түймелері) ажыратып, атай білуге үйрету.Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру. Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету (ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т.б., киімдер: жейде, шалбар, тон және т.б, ыдыс-аяқтар: кесе, қасық, тостаған және т.б.).Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер- антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) енгізу. Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттардың атауларымен толықтыру: кір жуғыш машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар.Балалардың сөздік қорын ұлттық және бұрын көрмеген таңқаларлық заттардың атауларымен (желпуiш, теңге) толықтырып, аттары мен қызметтерін түсіндіру.

2. Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету.

1 жас 6 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін заттар мен әрекеттерді жеке сөздермен және екі сөзден тұратын сөйлемдермен айтуға ынталандыру. 1 жас 10 айдан бастап сын есімдер мен үстеулерді қолданып 3-4 сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге үйрету.
Тілді қоршаған ортамен қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Диалогты тілді дамытуға әсер ететін қарым-қатынас жағдаяттарын құру, баланы түрлі себептермен ересектерге және балаларға өтінішін білдіруге ынталандыру, сұрақтар қоя білу, өз тілектерін, өтініштерін білдіре алуға, көрген-білгені жайлы бірнеше сөзбен айта білуін қалыптастыру. Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз түріндегі талаптарын орындау.
Таныс заттар жөнінде қойылған сұрақтарға сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап бере білуге үйрету (Бұл не? - Бұл қуыршақ; Арбада не бар? - Қуыршақ; Көрпе неге керек? - Қуыршаққа; Әнуар енді не істейді? - Ұйықтайды (серуендейді, тамақ жейді, ойнайды)).
Өз өтінішін сөзбен және қысқа сөйлеммен білдіруге, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізе білуге (шақыру, көмегін ұсыну, тәрбиешіге беру үшін баланың күтушіден керек затты сұрауы және т.б.) үйрету. Сөйлеу тілінің дұрыс үлгісін бере отырып, балалардың ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес сөйлем құруын бақылау, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік туғызу. Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуге үйретуді жалғастыру.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде), кейбір жануарлар мен олардың қимылдарын,ойыншықтарды;
- заттардың белгілері, күйі, орналасқан орнын;
- айналадағы адамдардың жасы мен жынысына сәйкес дене жай-күйі, мезгілдік және сандық қарым-қатынастарды атауды;
- ересектерді мұқият тыңдау, топта өзін-өзі ұстау немесе басқа балалармен қарым-қатынасы туралы нұсқауларын орындауды;
- екі-үш қимылдан тұратын жеңіл тапсырмаларды орындауды;
- сюжетті суреттер бойынша үлкендердің шағын әңгімелерін түсінуді;
- ересектердің сөздеріне еліктеп, кейбір еңбек әрекеттерін дұрыс атап, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты ретке келтіріп және тілектерін білдіруге байланысты сөздерді қолдануды;
- кейбір есімдіктер (мен, біз, сен, маған) мен үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) қолдануды;
- 300-ге дейін сөзді;
-заттарды айрықша белгілеріне қарай жалпылап, атауды;
- ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды;
- таныс заттар туралы сұрақтарға бір сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап беруді;
- өз өтінішін сөзбен немесе сөз тіркестерімен білдіруді, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізуді;
- дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуі тиіс.

3. Тілдің грамматикалық құрылымы

Балаларға сөздерді жақ, шақ, септіктерде қолдана білуге үйретуді жалғастыру.Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету (үстелдің астында, шкафтың үстінде, үйдің жанында, әжесінің қасында, есіктің артында, айнаның алдында және т.б.).Жануарлар мен олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы-жылқылар, құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтуға үйрету.
Өздері білетін заттар мен ойыншықтарды септік жалғауларын жалғап, көпше түрде айтуға үйрету (доптардың, қуыршақтарға, қонжықтарда, т.б.).
Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді (мен атама, әжеме, апама барамын) қолдана білуге үйрету.
Байланыстырып сөйлеу
Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету.Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау.
Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру.
Шығармашылық тілдік дамыту
Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.Ұйқасты сөздермен ойналатын ойындарды балалар қызығатындай етіп өткізуге тырысу керек. Өздеріне таныс ертегілердің қойылымы мен оны драмалауға, ойыншықтары туралы кіші оқиғалар құрастыруға, саусақты жаттықтыруға арналған ойындарға қатысуға ниеттерін дамыту. Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру. Жыл соңында тіл дамыту бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуды;
- сөздерді көпше және жекеше түрге қоюды; септік жалғауын қолданып сөз бен сөздің арасын байланыстыруды;
- біріңғай мүшелі сөйлемдерді қолдануды;
- сұрақтарға жауап беруді;
- тәрбиешінің ойыншық жайлы және сурет бойынша құрастырған нұсқасына сәйкес әңгімені қайталауды;
- өздеріне таныс әдеби шығармалардан және ертегілерден үзінділерді драмалауға қатыса білуі тиіс.
Ойын -- қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Заман талабы екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сол сияқты балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады: Қазақ тілі сабақтарында көздейтін-мақсат балаларға жалаң сөз жаттау емес әрбір сабақта үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.

4. Бала тілін дамытудағы ойындардың орны

Ойын -- балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де,бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.
Рөлдік ойындардың негізгі талаптары
Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.
Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.
Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.
Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.
Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.
Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.
Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.
Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайында баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Дидактикалық ойындар мен жаттығулар арқылы балаларды тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Отбасы тәрбиесі
Патриоттық тәрбиенің мәні
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Пәндер