Ара шаруашылығының өнімдерінің түрлері,сипаттамасы және ол өңімдердің пайдалану салалары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрілігі

Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

« » кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Ара шаруашылығының өнімдерінің түрлері, сипаттамасы және ол өңімдердің пайдалану салалары»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. 1 Әдебиетке шолу . . . 5

II. Негізгі бөлім

2. 1 Ара өсіру және оның биологиясы . . . 7

2. 2 Ара шаруашылығының өңімдерінің түрлері, сипаттамасы және ол өңімдердің пайдалану салалары . . . 9

2. 3 Бал арасының кәсіптік маңыздылығы және халақ щаашылығына тигізер әсері . . . 15

2. 4 Ара шаруашылығының Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы . . . 19

2. 5. Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар . . . 23

Қорытынды . . . 27

Қолданылатын әдебиеттер . . . 29


Кіріспе

Ара шаруашылығының халық шаруашылығына кажеттілігі тікелей омарталардан алынған бірқатар құнды өнімдермен (ара балы, балауыз, ара желімі, тозаң, аналық ара сүті және ара уы) ғана шектеліп қоймайды.

Энтомофильдік дакылдардың (бунақденелілер арқылы тозаңданатындар) тиімді тозаңдатқыштары ретінде бал аралары ауыл шаруашылық өндірісінде де елеулі қызмет атқарады. Озық агротехникамен ұштастыра отырып, оларды бунақденелілермен алмасып тозаңдандыру - осы дақыддардың өнімділігін, тұқымы мен жемісінің сапасын артырудың маңызды қоры болып табылады.

Ара балы - емдік-диеталық қасиеті бар құнды тағам. Кеңінен пайдаланылатын кәдімгі канттан (дисахарид) айырмашылығы, бал көбінесе адам ағзасы оңай сіңіретін моносахаридтерден-жеміс және жүзім қантынан тұрады. Гүлдер шірнесін ара балына өндеген кезде арнайы бездері шығаратын инвертаза ферментінің әсерімен дисахаридтердің басым бөлігі ғлюкөза мен фруктозаға қарапайым қантқа бөлшектенеді. Гүл балында глюкоза мен фруктозаның мөлшері 75-80 % болады. Жетілген ара балында су 16-20 пайызға жуық. Бал құрамына адам ағзасына оңай сіңірілетін тұз, көмір, фосфор және күкірт қышқылдарының тұздары күйіңде оның қалыпты жетілуі үшін минералдық заттар - темір, марганең, кальций, магний, натрий, кобальт, т. б. қажет. Балда шамалы мөлшерде ферменттер (инвертаза, диастаза, каталаза т. б. ) мен витаминдер болады.

Балдың әр сортының өзіне тән ерекше дәмі бар, ал балдағы шамалы мөлшерде кездесетін эфир майы оған айрықша бір хош иіс беріп тұрады. Ара балынын бактерицидтік, яғни бактерияларды жою қасиеті бар. Көне заманнан бері ол құнды тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар ішек-қарын, тағы басқа аурулардың емдік дәрі ретінде де пайдаланып келген. Бал ағзасының жалпы күйін жақсартуға себін тигізеді. Ол әсіресе балаларға пайдалы. Ара балы тәтті тағамдарды, бал сусынын даярлау үшін азық-түлік өнеркәсібінде пайдаланылады. Қазақстанда тауарлы балдын орташа жылдык өндірілуі шамамсн 11-14 мың т.

Мәнділігі жағынан ара шаруашылығының екінші өнімі - ара балаузы. Елімізде алынатын балауыздын төрттен уші балауыз зауыттарында балауыз жапырактары күйінде шығарылып, омарта- ларға қайтадан жеткізіледі. Оның калған беліғі өнеркәсіптің бірқатар маңызды: электротехникалық және радиотехникалық салаларда - тұткыр оқшаулағыш заттарды және конденсаторларды, авиация өнеркөсібінде - тұрлі жабынды және сіңірілгіш эмульсия- ларды шығару үшін, мата, былғары, ағаш өндеу, қағаз, шыны, лак- бояу, парфюмерия және фармацевтика салаларында пайдаланылады. Балауыз шаңғы майын, көшірме бедерлер даярлағанда, мүсіндер жасағанда қолданылады; ол бақ сыламасының құрамына кіреді.

Бал мен балауыздан баска, бал араларынан ара уы, аналық ара сүті, ара желімі, гүл тозаңы сияқты онімдерді алуға болады. Фармацевтикалық өнеркәсіп шығаратын арнайы препараттар ретінде ара уы радикулитті, полиартрит ишиасын (жамбас жүйесінің талаурауы), ревматизмді және басқа ауруларды емдеген кезде қолданылады. Аналық ара сүтінен (апилак т. б. ) даярланған препараттар медицина тәжірибесінде жүрек-тамыр жүйесі кызметінің бұзылуына байланысты ауруларды емдегенде және қан жаңарту жұмысын күшейту ушін қолданылады. Сонымен қатар аналық ара сүті арнайы крем және жағатын сықпа май даярлау үшін парфюмерия онеркәсібінде пайдаланылады. Бактерицидтік қасиетгері бар ара желімі (прополис) соңғы уакытта кейбір ауруларға карсы күресу үшін медициналык және мал дәрігерлігі тәжіибесінде кеңінен қолданьыып келеді.

Біздің еліміз бен шетелдер медицина мамандығы мен диеталогтар витаминдер мен минералдық затгарға бай гүл тозаңына едәуір ынта қоюда.

Оңтүстік аудандардың арнайы кәсіпке бейімаелген ара өсіруімен шұғылданатын ұжымдардыц тауарлы өнімінде аналық аралар едәуір орын алады Олардың өсірілуі жыл сайын сан жағынан артып келеді. Мысалы, еліміздің ара өсіретін шаруашылықтарында жыл сайын 32, 5 мыңға жуық аналақ аралар жұмыс атқарады.

1. 1 Әдебиетке шолу

А. Б. Байжұманов (1987) деректерінде ірі ауыл шаруашылық өндірісі жағдайында энтомофильдік дақылдарды бадды аралармен тозандандырудың халық шаруашылықтық мәні зор. Қарқынды егіншілік аудандарда ауыл шаруашылығын шоғырландырьш, арнайы кәсіпке бейімдеген кезде, ара шаруашылығы көптеген дәнді, жемшөп, техникалық, жеміс, жидек, көкөніс, эфир-майы және бунақденелілермен тозаңдандырьшатын дәрулік дақылдардың жемісі мен тұқымы өнімділігін арттырудың жөне сапасын жақсартудың елеулі қоры болып табылады.

Аветисян Г. А. (1982) мәліметі бойынша ауыл шаруашылық өндірісін шоғырландыру және арнайы кәсіпке бейімдеу, егіншілік мәдениетін арттыру жағдайында энтомофильдік дақылдарды алмасып тозандандырудың биологиялық мәні мен экономикалық тиімділігі анағұрлым арта түседі. Кішігірім шаруашьшықгарға қарағанда, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарда энтомофильдік дақылдардың бір мезетте гүлдеп өсетін жерлері аумақгы келеді, сондықган оларды жабайы бунакденелілермен (түкті аралармен, жеке-дара аралармен т. б. ) тозандыруды қамтамасыз ету мүмкін емес, оның үстіне бұлардың саны жыл сайын азайып келеді. Мұндай жағдайда энтомофильдік өсімдіктедің негізгі тозандандырғыштары бал аралары болып қала береді. Агротехника мен егіншілік мәдениетінің дәрежесі неғұрлым жоғары, өсімдіктің өсіп-жетілуі жағдайы неғұрлым жақсы болса, алмасып тозандандандырудың тиімділігі мен қосымша алынатын өнім соғұрлым көтеріңкі болады. Біздің елімізде кеңінен жүргізілетін: топырақгы мелиорациялау, суармалау, тыңайту сияқгы шаралар өсімдіктің шірнесін молайтады, аралардың оған неғұрлым жиі ұшып келуіне және гүлдердің жақсы алмасып тозаңдандырылуына себепкер болады.

Баршников С. И. ., Башмаков А. И., (1990) деректеріне қарасақ, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын дамытудың болашақ жоспарларында әсіресе жерді мұқият пайдаланудың және ауыл шаруашьиық өсімдіктерінің өнімділігін көбейтудің әтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді одан әрі арттыра түсу көзделіп отыр. Осы бір жалпыхалықгық міндетті орындау үшін негізгі қайнар көзінің бірі - энтомофильдік ауыл шаруашылық дақылдарын аралармен тозандандыру. Осы міндеттің маңыздылығын ескере отырып, ауыл шаруашылық мекемелері энтомофильдік дақыларды тозандандыруда балды аралар мен жабайы бунакденелілер пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылдауы қажет. Ғылыми мекемелер мен озық шаруашылықтардың мәліметтеріне карағанда, энтомофильдік дакьілдарды аралармен тозандандырғанда беде мен жоңышқа тұқымының өнімі 1 гектардан 1, 5-2 ц, күнбағыстікі-3-4 ц, карақұмықтікі-2-3 центнерге артады екен.

Буренин Н. А., Катова Г. Н. (1977) айтуынша Казақстан Республикасының ауыл шаруашылық мекемелері энтомофильдік ауыл шаруашылық өсімдіктерді егіп-өсіру аса маңызды агротәсілдерінің бірі ретінде аралармен тозаңдандыруды барлық агрономиялық ұсыныстарға жөне технологиялық картапарға еңгізуде, бүкіл егістікте егіп-өсірілген осындай дақылдарды аралармен тозаңдандыруды, сондай-ақ энтомофильдік дақыларды аралармен тиімді тозандандыруды ұйымдастыруда ауыл шаруашылық мекемелерінің, шаруашылықгардың басшьшары мен мамандарының жауапкершілігін күшейте түсуге міндетті. Ауыл шаруашылығының осы саласын одан әрі дамыту шараларына байланысты ауыл шаруашылық және зоотехниялық жоғары дәрежелі оқу орындарының студенттері ара шаруашылығының және энтомофильдік дақылдарды тозаңдандырудың негіздерін игеру керек.

Васильев М ( 2004) зерттеуінде қазіргі кезде мамандардың есебіне қарағанда, біздің елде аралардың көптеген ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдату қызметінің арқасында жыл сайын екі миллиард сом табыс түседі екен. Сөйтіп, кәптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру жөнінен аралар адамның қанатты досы және көмекшісі. Халық араны адамның кішкене досы деп дұрыс атаған.

Васиьев Е. (1981) алынатын бал, ара уы, перга, аналық, сүтше, балауыз және ара желімі сияқты өнімдер қазір гі медицинада және техникада кең қолданылады. Бал өте қоректі, организмге жақсы сіңетін шипалы тағам. Балдың құрамында 60-70-ке жуық зат бар. Оның ішінде көптеген минералды тұздар, органикалық қышқылдар, витаминдер, химиялық заттардың алмасуын күшейтетін ферменттер және белок бар.

Г. Н. Доброходов (1969) мәліметінде сондай-ақ бал арасы - табиғи дәрі-дәрмектердің қайнар кезі. Одан Бал арасы - өте еңбекқор жәндік. Ол бір килограмм бал үшін миллионға жуық гүлден шірне жинайды. Егер гүлді алқап ұясынан 1, 5 километр қашықтықта болса, ол бір килограмм бал үшін 300-400 мың километр жер ұшады Ара сағатына 65 километр жылдамдықпен ұшады.

II. Негізгі бөлім

2. 1 Ара өсіру және оның биологиясы

Аналық, еркек, жұмысшы аралар. Үлкен жанұя болып, аралар тіршілік етеді; бір жанұя ішінде мыңдаған жұмысшы аралар мен бір аналық арадан бар. Жұмысшы ара мен аналық ара - ұрғашылары, ал еркектері - трутни деп аталады. Еркек аралар көктемнің соңында және жаздың басында пайда болады да, аз уақыт тіршілік етіп, күздің аяғында өліп қалады. Еркек аралар жас аналықтарды ұрықтандыру үшін туады.

Омарта (пасека) тұрғындары бір жанұя болып тіршілік етеді де, омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады. Мұнда тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен міндеттерін жақсы біледі және оны орындайды.

Аналық ара, жұмысшы араға қарағанда екі есе ұзын (25 мм), тірідеі салмағы 260 мг, құрсағы ұзын. Қанаты денесінің жартысын жауып тұрады. Жұмысшы араның қанаты құрсағын толық жауып тұрады, еркек араның қанаты құрсағынан ұзын болады.

Ұрғашы ара күн сайын ұяшығына 1-2 мың ұрықтандырылған жұмыртқа салады. Ұрғашы ара кейде ұрықтандырылмаған да жұмыртқа салады, одан тек еркек аралар ғана шығады. Ұрықтанған жұмырқадан ұрғашы аралар, жұмысшы және аналық аралар шығады. Аналық ара жұмысшы, еркек араның, барлық ара жанұясының анасы болып есептелінеді.

Аналық ара еркек арамен омартада емес, ауада ұшып жүріп, шағылысады, сосын 2-3 күннен кейін жұмыртқа сала бастайды. Күтімі жақсы аналық тәулігіне 1500-2000 жұмырқа салады. Ұрғашы аралар 5-6 жыл тіршілік етеді, екі жылда оларды ауыстырып отыру керек, өйткені, тұқым тарту қабілеті азая бастайды.

Еркек араның денесінің ұзындығы 15-17 мм, салмағы - 200 мг, аналық араны ұрықтандырғаннан кейін өледі, шығатын піспегі болмайды, тіпті өзін-өзі қорғайда алмайды, қозғалыс-қимылдары шамалы және жұмысшы аралар дайындайтын балмен күн көреді. Еркек ара жұмыртқадан өсіп, жетілуі үшін 24 күн қажет, 12-14 күннен кейін жыныс бездері жетіліп, ұрғашы араларды ұрықтандыруға кіріседі.

Жұмысшы ара омартаның негізін қалайды. Қыстан шыққан жанұядағы жұмысшы араның саны 15 мыңдай болады (80-100 мың бал берген кезде) . Жұмысшы араның денесінің ұзындығы 12-15 мм, салмағы 90 мг болады. Әдетте олар екі топқа бөлінеді: ұшпайтындары омартаның ішіндегі жұмыстарды орындайды (14-20 күндік), ал ұшатындары - сақа аралар - күніне бірнеше рет ұшып шығып, гүл тозаңдарын, тәтті шырындарды жинап, бүкіл жанұяны азықпен қамтамасыз етеді.

Ара тұқымдары. Ара тұқымдары, ТМД елдерінің (бұрынғы Кеңес Одағының) кең-байтақ табиғатына сай, түрлері де алуан-түрлі болады. Әр тұқымы бір-бірінен сыртқы түрімен, мінез-құлқымен, шаруашылыққа пайдалы белгілерімен ажыратылады. Әсіресе кең тараған тұқымдардың бірі - орман арасы - Украина мен авказ арасын мекендейді. Орманда мекендейтін бұл араның түсі қара, балы аппақ болады. Украина арасы далалы және қара топырақты аймақтарды мекендейді, түсі ақшылдау, ұзын тұмсығы гүл тозаңдарын жинауға ыңғайлы, балы аппақ болады. Оларға жақындағанда түтін немесе арнайы масқа қажет болады. Кавказ арасының түсі сары немесе сұр, тұмсығы ұзын, адамды шақпайды.

Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты болады, олардың негізгі қорегі - гүлдерден тәтті шырындар мен тозаңды жинайды. Аралардың өсімдікке тигізер пайдасы орасан зор: олар ұшып-қонып жүргенде гүлдерді айқас тозаңдандырады да, өсімдіктің өнімділігін арттырады

Ара шаруашылығынан алынатын өнімдер. Араның беретін негізгі өнімі -бал - әрі дәмді, диеталық тағам, әрі емшілік қасиеттері мол, құрамында глюза мен витаминдер, микро- және макроэлементтер, организмге пайдалы тағы басқа, барлығы жүзден асатын, құнды ингридиенттер бар. Сонымен қатар араның уы (пчелинный яд), аналық сүтше (маточное молочко), балауыз (воск), ара желімі (прополис, пчелинный клей) сияқты өнімдерді береді.

Мөлдір бал жоғары сапасы жоғары болып есептелінеді. Қазақстан бойынша 300 мыңнан аса жанұялары бар, әрбіржанұя орта есеппен жылына 40-50 кг бал жинайды.

Ара шаруашылығы, ара өсіру - ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т. б. ) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П. С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар - Б. Герасимов, П. А. Ермаков, Е. П. Михаэлис, А. Н. Федоров, т. б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-жабдықтар әкелдірді. 1915 - 16 ж. оның басшылығымен Оңт. -батыс Алтай ара өсірушілерінің 2-съезі өткізілді.

2. 2 Ара шаруашылығының өңімдерінің түрлері, сипаттамасы және ол өңімдердің пайдалану салалары

Ара - ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады.

Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.

Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай - ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады.

Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мың-даған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті - жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығар-ту, ұя салдыру, балапан құрт-тарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай - ақ, қорғау міндетін атқарады.

Еркек араның бірден - бір міндеті - ара патшасымен шағылысу. Араның бөліп шығаратын балауызы, улы сұйық-тығы, балы дәрілікке жасалады.

Жинау мен өңдеу - жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлей-ді. Бал ақ және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы - тәтті, дәмді, усыз болады.

Ара балының бөлінуі

Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.

Бір шырынды бал - тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай - қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.

Көп шырынды бал - өсім-діктердің бірнеше түрінен жи-налған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Табиғи балдың түрлері

Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қо-ректендіру арқылы алынады.

Сатушылар оны табиғи бал-ға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағ-дайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал) . Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол - балдың құрамында крахмал-дың бар екендігінің айғағы.

Гүлдейтін қанша ма өсім-діктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Түйебұршақ (донник) ба-лы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық - янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкоза-ға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай (кипрей) ба-лы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қар-сы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

Шабындық (луговой) ба-лы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықта-ғы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сорт-қа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай бол-ғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

Балдың құрамы мен қуаты

Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсім-діктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салааралық баланстың теориялық негіздері
Астықты майдалау технологиялық процесін бақылау
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі
Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан жиналған балдың тозаңдық құрамын зерттеу әдістері Тозаң микроскопиясы
Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері
Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы
Ауыл шаруашылық географиясы пәнінен дәрістер
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Нан пісіру өндірісіндегі негізгі шикізаттар жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz