Аристотельдің ғылыми философиялық жүйесі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
География кафедрасы
Жаратылыстану пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Аристотельдің ғылыми философиялық жүйесі
Орындаған: Г21 топ студенті Жарылгаева Э.Ж.
Тексерген: Жармагамбетова Н.С.
Орал қаласы, 2017 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Антика дәуірінің өкілі - Аристотель
1.1 Аристотельдің өмірі мен еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Аристотельдің философиялық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.Аристотельдің ғылыми философиялық жүйесі
2.1 Логика мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2 Дүние, өмір және адам мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды физиктер деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда натурфилософия деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) - ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі (идеялар дүниесі пікірін) теориясын сынаса да идеялизм мен материализм арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі - болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім - адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім - (творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі - адамның ақыл-ой өресі жететін дүние.
Аристотель табиғатты материяның формаға, форманың материяға біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні - өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын - Құдай деген тұжырым жасады.
Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі - Құдай, яғни өзін ойлайтын ой - нағыз кемелденген философ.
Қазіргі кездегі ғылымның нақты отаны Ежелгі Греция болып табылады.. Ғылымның іргетасы - математиканы, астрономияны, механиканы, оптиканы, биологияны, медицинаны гректер қалаған.
Платондық Академияның ең қабілетті шәкірті Аристотельдің рухани дүниесін платонизм мен метафизикадан бас тартып, натурализм мен эмпиризмге бет бұру деп түсінуге болады. Яғни, ол ұстазының жолын қайталамай, оның ілімін алға жылжыта отырып, оның теориясы шеңберінен шыға білген. Аристотельдің таланты мен ғылыми рухы оны тәсілдер дифференциациясына, органикалық синтез бен жүйелеуге алып келді. Ол философиялық білімдердің -- метафизиканың, физиканың психологияның, этиканың, саясаттың, эстетиканың, логиканың даму жолдарының негізін қалады.
Зерттеу мақсаты: Аристотельдің ғылыми философиялық жүйесі туралы мағлұмат беру.
Зерттеу міндеттері: Аристотельдің өмірі мен еңбектері туралы және ғылыми философиялық жүйесін зерттеу.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Антика дәуірінің өкілі - Аристотель
1.1 Аристотельдің өмірі мен еңбектері
Аристотель - (б.з.д. 384 - б.з.д. 322 жылдар) -- грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Аристотель, б.з.д. 300ж. түпнұсқаның көшірмесі, мәрмәр, заманауи құралдармен өңделген
Жалпы мағлұмат
Туған күні:
Б. з. д. 384
Туған жері:
Стагир, Орталық Македония, Халкидикижартыаралы
Қайтыс болған күні:
Б. з. д. 322
Қайтыс болған жері:
Халкида, Эвбея аралы
Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс пәлсапасының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған -- Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғыцлымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман пәлсапаларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің пәлсапасына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің пәлсапасының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.
Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін алтын өзен деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін келіп жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.
Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.
Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.
Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі трактат түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде Физика, Метафизика, Никомахтың этикасы, Жан туралы және Поэтика. Бұл еңбектерлдің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың ситілі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.
Аристотель мен Ескендір: Аристотель сабақ беруде. Британ кітапханасы, мұсылман халықтары дәстүрінде
Пәлсападан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтанутуралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.[1] Александр қайтыс болғаннан кейін Афиныда македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты.
Билеуші Еуромедон Аристотельге құдайларды қастерлемейсің деген айптау жасады. Аристотель Афинылықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афинылықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады.[2] Аристотель (б.з.б 384-322)- ежелгі грек философы және ғалымы. Көптеген ғалымдардың, соның ішінде логика (формальды логика) ғылымының негізін қалаушы. Қазіргі барша философия тарихшылары Аристотельді ерте заманның ұлы ойшылы ретінде таниды, грек философиясының ұлы қолбасшысы - философияның Александр Македонскиі ретінде мойындайды.
Аристотель Фракиядағы Стагүр қаласында туған. Афины қаласында оқып білім жетілдіреді. Он жеті жасында Платон академиясына түсіп, Платон қайтыс болғанға дейін (20 жыл бойы) сонда ғылыммен шұғылданады. Б.з.б. 343 жыл Македония патшасы- Филипп Аристотельдің баласы Александрдың ұстазы болуға шақырады.Александр патша болғаннан кейін Аристотель алдымен Стагирға, одан 335 жыл- Афиныға оралады.
Мұнда келгеннен кейін өзінің мектебін- ликей ашады. Бұл мектеп сол кездегі философия мен ғылым дамыту орталықтарының біріне айналады. Александр өлгенннен кейін Аристотель Афиныдан кетіп, б.з.б. 332 ж. дүние салды. Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып жүйеге келтіріп, әр түрлі ғылым саласынан көптеген еңбектер жазып қалдырған. Кейбір деректер бойынша оның еңбектерінің саны төрт жүзге, екінші бір деректер бойынша мыңға жеткен. Аристотельдің философиялық көзқарасы "Метафизика", "Жан туралы", Категориялар" және "Аналитика" деген шығармаларында жете бағаланған. Философияның негізгі мәселесін шешуде Аристотель материализм мен идеолизмнің екі арасында ауытқып отырды. Аристотель ғылым классификациясында философияны ең жоғары орынға қояды. Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын ғана,зерттеумен шұғылданса,философия бастаманың жалпы табиғатын зерттейді.
Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: "Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан да мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады." (Метафизика, М., 1934,с45).
Аристотель философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлінген. "Метафизикада" Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданады. Табиғат - бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және "әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі" болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, "табиғат дегеніміз - форма және мән. Аристотельдің "аспан әлемдерін еш уақытта көмесек те, дегенмен біз білетіндерден басқа да мәңгі субстанциялар өмір сүрген болар еді" деген пікірі сыртқы дүниенің реалдығына күмән тудырмайды. Бұл адам жалпы мен жекенің, ұғым мен түйсіктің, мән мен құбылыстың диалектикасында ұштасып отырады. Шынында да Аристотель Платонның идея жөніндегі идеялистік ілімін орынды сынап, заттардың реалдығын мойындыуына қарамастан, жалпы мен жекенің өзара қатынасы келгенде, жөн таба алмай шатасады.
Аристотельдің пікірінше, философияның пәні жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттардың (құрамды мәндері) - статуя, мемлекет, т.б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады. "Метафизикада" және басқа да еңбектерінде Аристотель заттарды табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді; материалды себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы: үй салудың бастамасы - құрылыс өнері, мақсаты, материясы (тас, кірпіш немесе жер), формасы (ұғым). Аристотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине ең алдымен оның субстраты (материясы) алып қарастыру керек. Бірақ, тек жездің өзінен, мүсіннен, эстетикалық сезім қалай туатынын түсіну қиын. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра білуге тура келеді.
Осыдан келіп: - Мүсіннің мүсін болуы неліктен? - деген сұраққа Аристотель: - формадан, - деп жауап берді. Аристотель философиясында форма заттың мәні әрі іс-әрекеттің көзі болып табылады. Аристотель өзінің форма мен материя жөніндегі ілімінде олардың өзара байланысын ашып, бұл жөнінде маңызды диалект пікір ұсынды. Алайда Аристотельдің идеялистік көзқарасы мұнда да аңғарылады: ол - материя дәрменсіз, формаға тәуелді деп түсіндірді. Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды. Сонымен Аристотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдірет) белсенді және творчестволық бастама деп сипаттайды. Аристотельдің идеялистік қателері, әсіресе оның формасы бірден бір белсенді күш, алғашқы түрткі және материядан бұрынғы нәрсе, құдірет (форманың формасы) деп түсінуінен артық көрінеді.
Аристотель философиясының елеуліи бір саласы категорияларды зерттеу болып табылады. Категорияларды ол болмыстың негізі болады деп түсіндіреді және олардың мазмұнын, ақиқаттылығын болмыспен байланыстылығына қарап анықтауға тырысады. Жан-жақты маңызы бар ұғымдарға Аристотель 10 категорияны жатқызады. "Өзара байланыссыз айтыла салған сөздердің әрқайсысы - деп жазады ол, - бірде мән, бірде сапа, бірде сан, бірде қатынас, бірде орын, бірде жағдай, бірде әрекет, бірде қайғы-қасірет (азап шегу, жапа шегу) болып келеді". Аристотельдің категориялар жөнінде ілімінде жүйенің жоқтығы, категориялардың эмпирикалық күйде бейнелегені философия тарихында әлденеше рет атап көрсетілді. Алайда, оның жалпы ұғымдарды тұңғыш рет терең зерттеп, мән категориясын басқа категориялардың негізі ретінде қарағанын ұмытпауымыз керек.
"Егер де бастапқы мәндер болмаса, деп көрсетеді Аристотель - онда басқа еш нәрсе де болмаған болар еді". Аристотель қозғалыстың түрлері мен таным негізін зерттеу ісіне де көп мән береді. Аристотельдің пікірінше, мүмкіншіліктің шындыққа айналуын жете түсіну үшін осы айналудың формасыболып табылатын қозғалыстың жалпы белгілері мен оның нақты түрлеріне талдау жасау керек. Аристотель "Метафизикада", "Аналитикада" т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол обьективтік шындықты танып білуге болатындығана күмән келтірмейді. Аристотельде барлық жерде обьективтік логика субьективтік логикамен араласып жатады және сонымен қатар, қай жерде болса да обьективтік логика көрініп тұрады.
Танымның обьективтілігінде күмән жоқ. Ақыл ойдың күшіне, танымның күшіне, қуатына, обьективтік ақиқаттылығына аңғырт сену".
отель сезімдік танымның сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау, формаларына да (ұғым, пікір, ой тиянағы) терең талдау жасайды. Ол қарапайым эмпирик қана емес, терең ойшыл эмпирик деп бағалаймыз. Аристотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқарастары елеулі орын алады. Бұл арада ақымыстының "Политика", "Никомаха этикасы" т.б. шығармаларын атап көрсеткен жөн. Көне дәуірдегі барлық философтар сияқты Аристотель де қоғамның дамуын негізінен идеялистік тұрғыдан түсінді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарасында құл иеленушілертабының өкілі болып, құл иеленушілікті табиғи деп таныды. Алайда оның қоғамдық-тарихи зерттеулерінің маңызы көзге дейін жайылған жоқ. өйткені Аристотель грек т.б. шығыс мемлекеттерінің өмірін суреттейтін көптеген материалдарды жинап, бір жүйеге келтірді. Аристотель "Политикада" мемлекеттің, семьяның шығуын тереңірек зерттейді. Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына,ең алдымен, адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни Аристотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы - ой еңбегімен шұғылдануында деп тұжырымдайда. Саяси іс-әрекетке ерекше мән беріп, саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді, - дейді.
Аристотель адамды саяси жануар деп қарауы оның адам мемлекет, қоғам жөніндегі мәселерді шешудегі ұстанымы болды. Бірақ Аристотель мемлекеттің шығу себептерін қоғамдық өмірден, ондағы даму қайшылықтарынан іздемей, адамның өз табиғаты мен мүдделерінен іздейді. Аристотель құл иеленушілермемлекетінің әртүрлі формаларына (монархия, демократия, олигархия) терең талдау жасап, олардың ішінен мемлекеттің алғашқы формасы боолып табылатын монархияны алдыңғы қатарға қояды. Мемлекет билігін қолына алған "кемеңгер адам" қоғамның материалдық және моральдық жағынан өркендеуіне зор ықпал етеді деп ойлайды. Аристотельдің этикалық көзқарасы оның адам жөніндегі ұғымына негізделген. Этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шығып, Аристотель адамға белсенділіктің тән екендігін атап көрсетеді. Стагирктің пікірінше, мемлекеттің азаматы реелды сезімдері басылып, жаншылған жағдайда емес, қайта жер бетіндегі қасиеттіліктер мен "сыртқы игіліктерді" игеруіне сонымен бірге адамгершілік пен ғылымға деген анта жігерінің дамуына сай қалыптасады. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттымасы деп таниды.
"Политикада" ол былай деп жазады: "Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. семья мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді". Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенделік пен жасампаздық деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты.
Александр Македонский Аристотель шәкірті болғандықтан, оған патша тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: "Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристогтельге қойған Александр". Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш - түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) - материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель ашқан 1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа шығару заңдары.
Аристотельден бір ғасыр бұрынғы Афина империясы картасы, б.з.д.431ж. Пелопоннес соғысы қарсаңы.
Аристотельдің ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі ұлы жерлесіміз - Әбу Наср әл Фараби болды. Аристотельдің философиясы орта ғасыр мен жаңа дәуірде қазіргі батыс философиясында талқылауға түсті, әр кезеңде ойшылдар өзінше түсінуге және өзінше түсіндіруге де тырысты. Алайда оның мұралары адамзаттың ақыл-ойына өлмес азық бола берері анық.
1.2 Аристотельдің философиялық жүйесі
Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік - эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ - б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай Эллиндік дәуірдің өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.
Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар қалай өмір сүру керектігін білу үшін, данагөй болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты.
Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.
Антик философиясы деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. Антик сөзінің латын тілінен аударғанда көне деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберге келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VII -- VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII -- V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. III ғ. - б.з. V ғ.)- Ал Дж.Реале мен Дантисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
1. Б.з.д. VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мүның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері - софистер және әсіресе Сократ.
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі -- неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.
Ежелгі Грекия дүниетанымның жаңа формасы - философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.
Грек философиясы физис философтары немесе натурфилософтар болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анаксимандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор -- сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғүұлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты физикалық-химиялық элементтердің немесе үрдістердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Сократ философиясынан бастау ала отырып, екі түрлі бағытты ұстануға болатьн еді: бір жағынан білместік принципі (мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін) ғылымды теріске шығаруға әкелгендей, екінші жағынан нағыз жоғары білімге жол сілтейді; оның афиналықтарға бағыштаған арнауы (Платонның Сократ апологиясы) бір жағынан қарапайым моральдық уағыз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан платондық , метафизикаға кіріспе ретінде бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан софистика мен эристиканы еске түсірсе, екінші жағынан ғылым ретіндегі логиканың негізі болып табылады; оның ілімі бір жағынан афиналық полис қамалымен шектелсе, еқінші жағынан тұтас әлемнің космополиттік кеңістігі ашылады). Платон мен сократшылдар деп аталатындар осындай әр-түрлі жолдармен жүрді.
Сократка дейінгі алғашқы философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен натуралистер деп аталады. Сондықтан Гомер және антик дәстүрімен салыстырғанда бұл ұғым пантеистік типтегі түсінік болып табылады. Мысалы, Фалес бәрі құдайға толы деп айтқанда барлық нәрсенің өн бойын түпнегіз қамтиды дегенге меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар тірі нәрсенің де жаны болады (гилозоизм).
Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсылықтарды аңғара білді (суық пен ыстық, құрғақтық пен ылғалдық және т.б.). Анаксимен барлық өзгерістер мен трансформацияларды түсіндірудің негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі табиғатына орай универсалдық стихия түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны белгілі. Ол сонымен қатар, тығыздалу мен сиректелу үдерістеріне динамикалық себеп принципін енгізгендіктен, себептіліктің түпкі бастаумен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп бергендіктен милеттік ақыл-ойдың қатаң және логикалық көрінісін айшықты түрде көрсетеді. Кейінірек, бұл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгісіне айналып, әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз - от ретінде өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар, түпнегіздің универсалды динамизмі тақырыбын онан әрі дамытты. Оның бәрі ағады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz