Арнайы пән сабақтарында ойында оқыту әдістерін қолдану тәжірибелері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық технологиялар колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Арнайы пән сабақтарында ойында оқыту әдістерін қолдану тәжірибелері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Кәсіби оқыту - білім берудің негізгі жолы
1.1. Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Кәсіптік-педагогикалық білім беруді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2. Арнайы пәндер оқытуда ойын технологиясын пайдалану әдістемесі
2.1. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері ... ... ... ... 13
2.2 Ойын технологиясының негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз деген. Еліміздің білім беру саясатын айқындайтын Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар төмендегі бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді.
Қазіргі кезде білім мазмұны мен білім беру жүйесі оның нәтижесіне қарап бағаланатыны мәлім. Сондықтан білім беру жүйесінде ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамытуда оны кәсіби тұрғыдан шыңдауға басты назар аудару қажет.
Бүгінгі таңда қоғам алдында Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы, Қазақстан 2030 бағдарламасындағы: Барлық Қазақстандардың өсіп өркендеу қауіпсіздігі мен әл - әуқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.
Бұл талаптар оқыту үрдісінде оқыту технологияларын жетілдіру, инновациялық бағыты білім, біліктілік, және дағды жиынтығын меңгеру үрдісі ретінде мамандық ауқымында, пәндік сипат алып отыр
Оқу бағдарламаларының мазмұны білім беру мақсаты мен міндеттеріне жауап бере алатын білім-біліктілік-дағды жүйесімен құрылып, арнайы ептілікке ұласады десек, арнайы білім мен біліктілік кәсіпке даярлау барысында жүзеге асады деуге болады .
Ойын-әрекеті арқылы студенттің дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл - күйін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын ойлау қабілетін арттырады. Арнайы пәндермен байланысып білім - білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Студент дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы студенттер ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл студенттің ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға,өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие жүйесінің қалыптасуына ықпал етті.
Біздің пікірімізше, педагогикалық үдеріс технологиясы - мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының, психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиыны. Оқыту технологиясында оқу үдерісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап, ойындар секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.

1. Арнайы пәндерді оқыту - білім берудің негізгі жолы
1.1. Арнайы пәндер оқытудың мазмұны мен жүйесі
Кәсіби оқытудың басты мақсаты - білім алушының кәсіби білімділігін арттыру.
Оқу процесі - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін басқа адамдардың меңгеруіне және оны өмірде тиімді етіп қолдануын айтады. Оқу процесін басқару әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады:
1. Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрінісі екені мәлім.
2. Білім беру нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда жастардың кәсіптік дайындығының кәсіптік шеберлігінң деңгейі, сәттіліктің кепілі бола алады.кәсіптік оқу орнында оқу процесін іске асыру педагогтың саналы іс-әрекет жасау қабілетіне байланысты. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзіреттілігінен шешіледі.
Кәсіптік білім беру жүйесі - бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:
:: Бастауыш кәсіптік білім;
:: Орта кәсіптік білім;
:: Жоғары кәсіптік білім;
:: Қосымша кәсіптік білім.
Кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлерін дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіпті саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімде жұмыс істей алады.
Кәсіптік лицей - кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.
Оның мақсаты - азаматты жұмысшы мамандығына дайындауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.
Білім беру ақпараты - белгілі бір кәсіп саласы не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету. Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы оқушылырға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет.
Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі - 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін -1,5 жыл.
Кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз - инженер-педагогтық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті олардың теориялық білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру.
Кәсіби білім берудің негізгі ұйымдастыру формасы - сабақ. Сабақтың жалпы барысы:
1. Жалпы мәліметтер: күні, сыныбы, мектебі, жалпы мәліметтер. Оқыту бағдарламасының тақырыбы, сабақ тақырыбы.
2. Оқу ортасы мен оқыту құралдарына шолу. Кабинетті жабдықтау, оның мұғалім мен оқушыға ыңғайлылығы, жабдықтау құралы. Оқыту құралдарының күйі.
3. Компьютермен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздігін, санитарлы-гигиеналық нормаларын сақтау.
4. Мұғалімнің сабаққа дайындалуына кететін уақыт шығыны. Белгілі бір сабаққа материалының дайын болуы. Қолданылатын көрнекілердің сабақ тақырыбына сәйкестігі, қолдану моменті, материалының мазмұны, нұсқалар, сұрақтар кезеңі, әдістері.
5. Сабақ құрылымы: сабақтың негізгі кезеңдері, мақсаты және ұзақтылығы ұстаздың басқару жұмысын тіркестіру. Жеке, жұптық, топпен және сыныппен бірлесіп жұмыс істеу. Материалды қайталау және бекіту кезеңі, әдістері.
6. Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаты, оның жетістіктері.
7. Сабақ мазмұнын, мектап оқулығының материалымен салыстыру.
8. Жалпы дидактикалық принциптер көзқарасынан сабақ мазмұнына баға беру.
Ғылымилық информатика сабағында жаңа жетістіктерді есепке алу және т.б.
Көрнекілік-графикалық ақпаратты қолдану алгоритмдердің орындалу кестесі және т.б.
Тізбектілік - түсіндірілетін материалдың логикалық көрнекі болуы түсіндіруде материалды қалдырмау күрделі түсініктерді оқығанда циклдің болуы.

1.2. Кәсіптік-педагогикалық білім беруді ұйымдастыру
Кәсіптік-педагогикалық білім берудің басты айырмашылығы - кәсіптік-педагогикалық оқыту бастапқы және орта кәсіптік білім беруде қабілеттіліктерді тиімді пайдалана алатын, қызметкерлер мен мамандарды дайындауда кәсіптік-білім беру қызметтерін орындауға, ұйымдарда, кәсіпорындарда маман дайындаумен айналысуға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Кәсіптік-педагогикалық мамандық. Білім беру саласында, басқа да материалдық және рухани өнім аясындағы сияқты, ішкі кәсіптік дифференциацияның даму бағыты байқалады. Осыған байланысты, кәсіптік-педагогикалық білім беру мамандарды дайындаудың дербес саласы ретінде қарастырылады.
Педагог қызметінің шығармашылық деңгейіне қойылған мақсатқа жету үшін оның өзіндік мүмкіншілігін пайдалану дәрежесімен айқындайды. Сондықтан педагог қызметінің шығармашылық сипаты оның басты ерекшелігі болып есептеледі.
Педагог шығармашылығының басқа сала шығармашылықтарынан (медицина, техника және т.б.) айырмашылығы оның мақсатында, яғни жаңа құнды, өзіндік әлеуметтік жаңалық жасау емес, оның мақсаты - жеке тұлғаны дамыту. Педагог қызметінің тиімділігіне әсер ететін негізгі себеп -ол педагогтің жеке басының қасиеттері. Олардың бәрінің кәсіби мағыналары бар. Жақсы педагог - ең алдымен парасатты, адал, әділ, мейірімді адам. Сонымен қатар, өз жұмысын табысты орындау үшін, мамандықтың әр қызметкері жеке қасиеттеріне өз талаптарын қояды, ал ондай қалыптасқан қасиеттері жоқ немесе аз болса онда еңбектің тиімділігі тез төмендейді. Ал педагогті сипаттайтын қасиеттер: көпшілдік, адамның бәріне тең қарау.
Әр педагог өз ісінің шебері бола ала ма немесе педагогикалық жетістікке жету үшін ерекше дарындылық керек пе? Немесе кәсіби шеберлік қалыптасуы үшін, педагогикалық қызмет жемісті болуы үшін қандай себептер әсер етеді: табиғи және әлеуметтік.
Ұзақ уақыт бойы педагогика тарихында өмірге педагогикалық таланты бар тәрбиеші дайындайды деген көзқарастар көбірек болған; оның жұмысындағы негізгі жетістікке жетудің шарты арнайы қабілеттілігі болу керек деп саналады. Әрине, бұл сұрақтардың төңірегінде басқа да көзқарастар бар.
Қазіргі таңда ғылым да педагогикалық қабілеттілік жөнінде біржақты жауап бере алмайды. Негізінен қабілеттіліктің қалыптасуына әсер ететін төрт факторды баса айтады: талап (бейімділік), тәрбие, орта, өздігінен жетуге талаптану.
Педагогикалық негізгі қасиеттерге мыналарды жатқызуға болады:
экспрессивтік, дидактикалық, перцептивтік, ғылыми-педагогикалық, авторитарлық, конструктивтік, мажорлық, гностикалық, психомоторлық және назар аударып жинақтай білу қабілеттілігі.
Экспрессивтік қасиеттер - педагогтің сөзбен немесе сөзсіз әдістәсілдермен, құрал-жабдықтармен өз ойын көрнекті түрде әдеппен, айқын айта білуі.
Дидактикалық қасиеттер - оқу материалын түсінікті және терең меңгеретіндей түсіндіре білу және оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыра білу.
Ғылыми-педагогикалық қасиеттер - педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу.
Перцептивтік қасиеттер - оқушының ішкі дүниесін түсініп, әр уақытта оның психикасын сезіне білу, оның сабаққа, педагогке деген ойын айқын таба білу.
Конструктивтік қасиеттер (немесе педагогикалық қиялдау) - тәрбиеленушілердің болашағын болжай білу, алдағы жұмысты мұқият жоспарлау, өзінің жұмысының нәтижесін көре білу.
Авторитарлық (әмірлік, өктемдік) қасиеттер - оқушыларға жігерлі әсермен тез уақытта қадірлі, сыйлы бола білу, нәтижесінде жоғары беделді, абыройлы болу.
Коммуникативтік қасиеттер - бұл басқа адамдармен, әсіресе, оқушылармен жеңіл қарым-қатынас құра білу (тіл табысу) және әрмен қарай дұрыс қарым-қатынаста болу.
Мажорлық (сергек көңілді) қасиеттер - бұл оқу процесін, жұмыстың кез келген түрін және демалысты жандандыруға, күрделі дау-жанжалдың алдын алып және дұрыс шешуге, шаршаудан айықтыруға көмектесетін педагогтің дүниеге сеніммен қарауы және зиянсыз әзіл-оспағы.
Ұйымдастырушылық қасиеттер - кез келген оқу-тәрбие жұмыстарын, сынып сағатын, демалыс кешін, ата-аналар жиналысын және т.б. жұмыстарды дұрыс, тез ұйымдастырып, өткізе білу.
Психомоторлық қасиеттер - бұл педагогтің оқушылардың әрқайсысына практикалық оқу, тәжірибе жасау және басқа да жұмыстарды орындаудың жеке әдістерін қарастыру қасиеттері, яғни оқушыларды әрқашан ойланып, орынды жұмыс істеуге үйрету.
Гностикалық қасиеттер - бұл құбылыстарды, пәндерді тез, дұрыс түсініп, талдау жасап және осыған сүйеніп, оларды түсіндіріп айта білу қасиеттері.
Жеке адамдық қасиеттер - бұл қоршаған ортаны түсініп, оған көңіл бөле білу қасиеттері, сонымен қатар оқушыларды сыйлап, қамқорлықпен қарап, оларға талап қоя білу.
Педагог өзінің атқаратын, өзін көрсететін тәрбие жұмысын орындау кезінде оның педагогикалық қасиеттері айқындалады. Сонымен, педагогтің оқушылармен қарым-қатынастың қасиеттері: экспрессивтік, дидактикалық, авторитарлық, ғылыми-педагогикалық, коммуникативтік, жеке адамдық, ұйымдастырушылық, мажорлық, конструктивтік; оқушыларға арналған қасиеттер: перцептивтік, гностикалық; ал қоршаған ортаға қатысты қасиеті - ойын жинақтап, көңіл бөле білу.
Педагог кәсіпқойлығының белгілік сипаттамалары. Педагог кәсіпқойлығын қарастыра және бағалай отырып бұл кәсіпте не жетелейтінін, қандай құндылық бағдарлардан бастау алатынын, бұл іспен не үшін айналысатынын, өз еңбегіне қандай ішкі мүмкіндіктерін жұмсайтынын анықтап алу маңызды.
А.К. Маркова педагог кәсіпқойлығының мынадай белгілерін жасап шығарған:
- объективті белгі мұғалім таңдап алған кәсіпке қойылатын талапқа қаншалықты сай келетінін анықтайды. Объективті белгілер қатарына жоғары еңбек өнімділігі, сан мен сапа, еңбек өнімділігінің сенімділігі, кәсіпте белгілі бір мәртебеге ие болу, тәрбиелеу мен оқытудың әр алуан мәселелерін шеше білу іскерлігі;
- субъективті белгілер: педагог мамандығы адамның талаптарына, оның мотивтеріне, қабілеттілігіне қаншалықты сай келеді, адам бұл кәсіп бойынша еңбегіне қаншалықты қанағаттанады, тұрақты кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптік құндылық негіздерін түсіну, жеке тұлғаның қажетті кәсіби-психологиялық сапаларының жиынтығы және т.с.с;
- нәтижелік белгілер: педагог өзінің педагогикалық еңбегінде қоғам қалайтын нәтижелерге жете ме? Педагог еңбегінің басым нәтижелері сапалық өзгерістер, қозғалыстар, оқушылардың психикалық дамуындағы өсулер (ақыл-ой және жеке тұлғалық) болып табылады. Педагог оқушылардың даму көрсеткіштерін, олардың бойларындағы және потенциалды деңгейлеріне диагностика жасай білуі, оқушылардың жақын даму аймағын және т.б білуі керек;
- процессуалды белгі: педагог өз жұмысының нәтижелеріне жетуде әлеуметтік тиімді тәсілдерді, әдістерді, технологияларды қолдана ма?
Педагогтің қалай жұмыс істегені, қандай кәсіптік білімдер мен іскерліктерді, жеке тұлғалық психологиялық қасиеттерді (педагогикалық ойлау, педагогикалық эмпатия) қолданды, мұғалім мен оқушының күші мен уақытын жұмсау түріндегі нәтиженің психологиялық бағасы қандай, т.с.с;
- нормативті белгі: педагог таңдап алған кәсіп бойынша құжаттарды, ережелерді меңгерді ме және оның жоғары эталондарын шеберлік деңгейінде жаңғырта ала ма? Ғылымда жасалып, практикада байқаудан өткен кәсіптік іс-әрекет және қарым-қатынас нормаларын меңгеруі;
- жеке-дара вариативті белгілер: адамның өз еңбегін даралауға ұмтылуынан, онда өз қажеттіліктерін өздігінен жүзеге асыруынан, өзін кәсіп құралдары арқылы дамытуынан байқалады. Педагогикалық даралық, әдетте, өз-өзімен тынбай жұмыс істеу, өзіне диагностика жасай білу, өзінің күшті және әлсіз жақтарын оқушылардың психикалық дамуы бойынша анықтай білуінің нәтижесінде қалыптасады.
- педагог бойындағы деңгейлік белгі: педагог кәсіпқойлықтың жеткілікті жоғары деңгейіне жетті ме? Педагогтің бойында белгілі бір деңгей, өзекті деңгей және кәсіби дамудың жеке тұлғалық мүмкіндіктері болады;
- болжамдық белгі: маман жұмысының болашағы бар ма, өзінің жақын даму аймағы бар ма, басқалардың кәсіптік тәжірибесін меңгеруге дайын ба, кәсіби айқындығын байқата ма?
- шығармашылық белгі: педагог өз кәсібінің шеңберінен шығып, оны тәжірибемен өзгертуге, өзінің жеке тұлғалық шығармашылық үлесімен байытуға тырыса ма? Кәсіби айқындықтың, оқытуға бейім болудың және өзіндік шығармашылық ізденістің үйлесімділігі педагогикалық кәсіпқойлық үшін маңызды болып табылады.
- әлеуметтік белсенділік пен бәсекеге қабілеттілік белгісі: педагог өз еңбегінің нәтижесімен қоғамды қызықтыра ала ма, білім беру қызметі нарығында бәсекелік қарым-қатынасқа түсе ме?
- кәсіптік жол қуу белгісі: педагогикалық кәсіптің ар-намысы мен абыройын сақтай ала ма? Өз-өзімен тұйық болмау, мұғалім мамандығын басқаларға қарсы қоймау.

1.3 Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқыту үдерісін және тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Білім мазмұны - бұл тиісті орында жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Кез келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін-өзі өмірдегі іс-әрекетінен, оның объективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысы тәсілдерінің өзі - олардың әлемге қатынас тәсілдерінің мақсатына сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын нақты іс-әрекеті. Тек білім мазмұны ғана іс-әрекет мақсатын теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді.
Арнайы технология болса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Ол оқушылардың мына төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды:
- тиісті өндіріс саласы мен оның даму болашағы туралы жалпы мәлімет береді;
- қазіргі заманғы техника, өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың кешенді жүйесін неғұрлым тиімді пайдалану, құрылғылардың негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын оқу-тәрбие әдісі
Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарына жаңа педагогикалық технологияларды қолдану ерекшелігін зерттеу
«Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану ерекшелігі»
Мектеп оқушыларының ойын әрекетінің табыстылығын бағалаудың объективті критерийлері
Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Таным және практика
Оқыту үрдісінде танып –білу арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру
Сабақ беруде оқу-танымдық ойындарды пайдалану
Пәндер