Арнаулы сабақтарда грамматикалық жаттығулардың, дидактикалық ойындардың рөлі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
«Арнаулы сабақтарда грамматикалық жаттығулардың, дидактикалық ойындардың рөлі»
Пәні: Тіл дамыту
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Жоспар
Кіріспе
1. Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету
2. Тілдің грамматикалық құрылымы
3. Бала тілін дамытудағы ойындардың орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Баланың ақыл-ойы мен тілінің жетілуі үшін зор мәні бар сенсорлық қасиеттері тез даму үстінде болады. Іс-әрекет жасау процесінде қоршаған орта әсерін қабылдау қабілеті жетіледі. Бала заттардың белгілері бойынша - түсіне, формасына, көлеміне қарай оларды ажырата білетін болады: салыстырп, ұқсастықтарын аңғарып түсіне бастайды. Алдымен үлгі бойынша содан кейін ересектердің сөзі бойынша ұғып ол 2 -3 түрлі түсті шариктің ішінен қажетті түсі бар шарикті немесе үлкендігі әртүрлі 2-3 қуыршақтың ішінен ең кішкенесін таңдап ала алады.
1-жылдың басында бала назары еріктен тыс болады, бір заттан бір затқа ауа береді. Бірақ жасы өскен сайын белгілі бір тәрбиелік арқылы оның назарын тұрақтандырып, ойын жинақтауға үйретуге болады.
Іс-әрекет процесінде балалардың әр нәрсені әр сөзді жадына сақтау қабілеті де дамиды. Олар заттарды танып қана қоймайды, сонымен бірге дәл сол мезетте жоқ заттар мен құбылыстарды әсіресе бұрын өздерін қатты қызықтырған немесе қатты әсер еткен нәрселерді еске алады. Бұл еске алуларға алдымен әлде қандай көрнекті жағдайлар себеп болады.
Кейінірек олар сөздер арқылы да осы нәрсені еске алатын болады. Мысалы, балаға : «Әжеңе барамыз»-, десе ол әжесінің үйінде ойнаған ойыншық аюды немесе тағы басқа нәрселерді есіне алып қуанады. Бала өзінің қуыршағын қайда қойылатындығын, ыдысы қай жерде ұсталатынын, қалай аталатынын есінде ұстайды.
Әсіресе сөйлеу қабілетінің дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала өмірінің екінші жылы оның тілінің қалыптасып, тез даму кезеңі болып табылады, мұның ой-өрісінің жетілуі үшін зор маңызы бар.
Баланың сөйлеу қабілетінің 2 жылында дамуы екі кезеңге бөліне өтеді: біріншісі - 1 жастан 1 жас 5-6 айға дейін, бұл кезеңде негізінен тілді түсіну қабілеті дамиды, екіншісі - 1 жас 5-6 айдан 2 жасқа дейін, бұл сөз қорының тез молайып, активті тілді пайдалану кезеңі.
- Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету
1 жас 6 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін заттар мен әрекеттерді жеке сөздермен және екі сөзден тұратын сөйлемдермен айтуға ынталандыру. 1 жас 10 айдан бастап сын есімдер мен үстеулерді қолданып 3-4 сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге үйрету.
Тілді қоршаған ортамен қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Диалогты тілді дамытуға әсер ететін қарым-қатынас жағдаяттарын құру, баланы түрлі себептермен ересектерге және балаларға өтінішін білдіруге ынталандыру, сұрақтар қоя білу, өз тілектерін, өтініштерін білдіре алуға, көрген-білгені жайлы бірнеше сөзбен айта білуін қалыптастыру. Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз түріндегі талаптарын орындау.
Таныс заттар жөнінде қойылған сұрақтарға сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап бере білуге үйрету («Бұл не?» - «Бұл қуыршақ»; «Арбада не бар?» - «Қуыршақ»; «Көрпе неге керек?» - «Қуыршаққа»; «Әнуар енді не істейді?» - «Ұйықтайды (серуендейді, тамақ жейді, ойнайды) ») .
Өз өтінішін сөзбен және қысқа сөйлеммен білдіруге, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізе білуге (шақыру, көмегін ұсыну, тәрбиешіге беру үшін баланың күтушіден керек затты сұрауы және т. б. ) үйрету. Сөйлеу тілінің дұрыс үлгісін бере отырып, балалардың ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес сөйлем құруын бақылау, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік туғызу. Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуге үйретуді жалғастыру.
3-4 жасар балалар үшін
1. Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту.
2. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану.
3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
4. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру.
5. Мектепке дейінгі кіші жастағы баланың қызығушылығын халық ауыз әдебиетіне баулу.
6. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту.
- Тілдің грамматикалық құрылымы
Балаларға сөздерді жақ, шақ, септіктерде қолдана білуге үйретуді жалғастыру. Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету (үстелдің астында, шкафтың үстінде, үйдің жанында, әжесінің қасында, есіктің артында, айнаның алдында және т. б. ) . Жануарлар мен олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы-жылқылар, құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтуға үйрету.
Өздері білетін заттар мен ойыншықтарды септік жалғауларын жалғап, көпше түрде айтуға үйрету (доптардың, қуыршақтарға, қонжықтарда, т. б. ) .
Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді (мен атама, әжеме, апама барамын) қолдана білуге үйрету.
Байланыстырып сөйлеу
Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету. Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау.
Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру.
Шығармашылық тілдік дамыту
Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету. Ұйқасты сөздермен ойналатын ойындарды балалар қызығатындай етіп өткізуге тырысу керек. Өздеріне таныс ертегілердің қойылымы мен оны драмалауға, ойыншықтары туралы кіші оқиғалар құрастыруға, саусақты жаттықтыруға арналған ойындарға қатысуға ниеттерін дамыту. Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру. Жыл соңында тіл дамыту бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуды;
- сөздерді көпше және жекеше түрге қоюды; септік жалғауын қолданып сөз бен сөздің арасын байланыстыруды;
- біріңғай мүшелі сөйлемдерді қолдануды;
- сұрақтарға жауап беруді;
- тәрбиешінің ойыншық жайлы және сурет бойынша құрастырған нұсқасына сәйкес әңгімені қайталауды;
- өздеріне таныс әдеби шығармалардан және ертегілерден үзінділерді драмалауға қатыса білуі тиіс.
Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету. Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу, жаңылтпаштар айту. Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) қатысты сөздермен байыту. Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің - жеңі, жағасы, түймелері) ажыратып, атай білуге үйрету. Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру. Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету (ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т. б., киімдер: жейде, шалбар, тон және т. б, ыдыс-аяқтар: кесе, қасық, тостаған және т. б. ) . Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер- антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) енгізу. Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттардың атауларымен толықтыру: кір жуғыш машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар.
- Бала тілін дамытудағы ойындардың орны
Ойын - балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.
Рөлдік ойындардың негізгі талаптары
Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.
Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.
Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.
Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.
Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.
Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, жұмысына жәрдем беруіне болады.
Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.
Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек. Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, соғаң орай өздеріде рөлді тез тандайдьі. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.
Рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны. Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.
Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді, есте сақтайды.
Драматизацияланған ойындар
Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды. Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
а) шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;
б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап, сахнаға қою.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz