Колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға арналған әдістерді қарастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Қазақcтанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда . Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды, оқушылардан танымдық, шығармашылық потенциялдық дамытуды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті ізденіс арқылы, барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілі туындайды[1] .

Студенттерді машықта жетілдіруде көптеген тәжірибеден өткізеді алайда, әр машық әртүрлі қорытындыға ие болады. Оқу орындарында жоғары, орта, кәсіби білім беретін білімге деген жалпы және кәсібі бойынша негізгі көзқарас қалыптастырады. Соның ішінде жеке тұлғаның даму процесі маңызды рөл алады, тұлғаның дұрыс дамуына жағдай жасауда және жақсы атмосфера қалыптастыруда рефлексияның алатын орыны ерекше.

Білім - бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық үрдіс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық үрдістен тыс іске асуы мүмкін емес.

Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпы адамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім - жүйе; білім - педагогикалық процесс; білім - нəтиже. Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу - ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.

Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні - адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық бағдарларының өзгеруі колледж, лицей түлектеріне, олардың дайындық деңгейлеріне жаңа талаптар қоюда. Нарықтық экономикада қатты бақталастық жағдайында шығармашылық еңбекке бейім, жоғары кәсіби, мобильді, өз іс-әрекеттерін ұйымдастыруда жаңа, тиімді әдістерді пайдаланатын, жоғары рефлексивті мәдениеті бар мамандарды талап етеді. В. А. Сластенин бойынша рефлексивті мәдениет - субъект өзінің өмірлік іс-әрекетін әлеуметтік шартталған әдістермен саналауы және жеке даралық әдістердің жиынтығы болып табылады. Рефлексивті мәдениет кәсіби өзіндік саналаумен кәсіби компетенттіліктің, әлеуметтік және кәсіби шартталған әдістерді саналаудың белгілі бір деңгейімен сипатталады.

Сол себепті менің дипломдық тақырыбым: «Колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерін оқу әрекетінде дамыту» - болып алынды.

Зерттеу мәселесі.

Ең жақсы ұстаз өмір жолындағы еңбек тәжірибесінен көрінеді. Бәрінің өз еңбектерімен, ақыл, күші және өз қолдарымен жасаған еңбегі үлкен көрсеткіш көрсетері анық және бәріде үлкен көрсеткішке өз күштерімен жеткісі келеді, соның ішінде - тұлғалық өсуде. Өсудің екі аспектісі бар: иелігіндегі үлгімен ішкі әлемін құру, әрекеттер формасы, қабілет, мәдениет құндылығы осы және т. б. қасиеттерге сай жеке тұлға ішкі әлемін құрсатырады. Екінші аспект, өз-өзіне толықтай жауап беру кезеңінде болады, жеке тұлға деңгейлі жетістікке жеткен кезде, өз-өзін басқара алғанда, қоршаған ортасына әсер ете алғанда, өзіндік мәдениет қалыптастыра алады және жаңа әлем құрады. Екі аспектіде тұлғаға үлкен мүмкіндіктер береді. Шынайы өмірде бұл мүмкіндіктер рефлексиялық қабілет және рефлексия механизімдерін қажет етеді. Дамуы кемел Қазақстан жастарының толыққанды білімді азамат және азаматша болып дамуы үшін рефлексияның алатын орыны ерекше. Олай, болса колледж оқушыларының яғни, болашақ мамандардың бойында рефлексивті қабілетті дамытып, жетілдіру қазіргі таңның көкей кесті мәселесі.

Зерттеу мақсаты: Колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға арналған әдістерді қарастыру.

Зерттеу нысаны: колледж оқушылары

Зерттеу пәні: Колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерін оқу әрекетінде дамыту

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер колледж оқушыларына рефлексиялық іс-әрекетерді сабақ барысында қолданса, оқушыларға өзін ғана емес, өзгені түсінуіне көмектеседі. Рефлексия арқылы барлық адамдарды түсінуге, ұғынуға және бағалауға болады.

Зерттеу міндеттері :

  1. Рефлексия ұғымына теориялық тұрғыдан түсінік беру;
  2. Колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерінің ерекшеліктерін анықтау;
  3. Оқу әрекетінде колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерін қалыптастыру.
  4. Колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерін анықтауға арналған әдіс-тәсілдерді қолдану;
  5. Колледж оқушыларының бойында рефлексивті қабілеттерін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және қорытындылау.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы Білім заңы, оқыту мазмұны бойынша тұжырымдамалар, оқулықтар теориясы, философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер және әр түрлі психологиялық-педагогикалық тренинг жаттығулары.

Зерттеу әдістері : Сараптау (анализ), бақылау анкета жүргізу, итервью, тестілеу.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері . Педагогтар мен дефектологтар мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен істейтін жұмысқа керек жаңа және жетілдірілген бағдарламалардың топшылығын айтады. Сонымен жанұясында мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің зерттеу және оның шешу жолдарынын анықтау мамандардын өзекті бағыты болмақ.

Зерттеу кезеңдері :

Бірінші кезең - ізденіс кезеңінде зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерді жинақтау және оларды оқып-үйрену, зерттеу мәселесінің қазіргі кездегі хал-ахуалын анықтау істері жүргізілді, оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық - әдіснамалық талдау жасалды, архив материалдарын жинастыру, қорытындылау. Жинақталған материалдарға құрылымдық талдау жүргізілді. Колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерінің ерекшеліктері қарастырылып, колледждегі оқу іс-әрекетінде рефлексияны жүргізу жолдары анықталды.

Екінші кезеңде - алынған материалдары сұрыптап өңделді. Колледж оқушыларының рефлексивті қабілет деңгейлері анықталып, түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі . Зерттеу барысында қолданылған әдіс-тәсілдер, тренинг-жаттығулары оңтайлы әсер етті. Зерттеуден алынған мәліметтерді педагогикалық тәжірибеде қолдану, оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге және өз-өзін және өзгені түсінуге, сабаққа белсене қатысуына әсер етті.

Зерттеу жұмысының базасы. Батыс Қазақстан агроколледж оқушылары.

Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес педагогикалық зерттеу әдістері, тәжірибелік педагогикалық жұмыс нәтижелерінің тиімділігін тексеріп, өңдеумен және алынған деректерді талдау қортындысымен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу базасы: Орал газ-мұнай колледжі

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады

Кіріспеде зерттеу тақырыбымның өзекті мәселесі қарастырылып, мақсат-міндеттері анықталды.

«РЕФЛЕКСИЯ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ» атты бірінші бөлімде рефлексия ұғымы және даму тарихы, жоғарғы оқу орынында мамандарды дайындаудағы педагогикалық рефлексияның мәні және оқу әрекетіндегі рефлексия қарастырылды

Екінші бөлімімнің тақырыбы: «КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕФЛЕКСИВТІ ҚАБІЛЕТТЕРІН АНЫҚТАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ» деп аталды. Колледдж оқушыларыны рефлексивті ойлау қабілеттерін дамытуда бақылау, анкета жүргізу, сауалнама, әңгіме, сараптау (анализ) әдістерін қолдандым.

І тарау. рефлексия ұғымының теориялық аспектілері

1. 1 Рефлексия ұғымы және даму тарихы

Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». Өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылыңмен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады. Н. Б. Ковалева және И. Н. Семенов кәсіби шығармашылықтағы рефлексияның рөліне байланысты оны әр түрлі кәсіби позицияларға өтудегі икемділік деп есептейді.

Қазіргі қоғамымызда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашлықта жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс. Ал, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні артып отыр. Өзін-өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы қолданысқа енді (Р. Декарт, Д. Локк) . Жаңа дәуір философиялық идеялары «өзіндік» және «Мен» ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік «Мен» құндылығы пайда болды.

Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні - адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.

Психологияда рефлексияның қалыптасып, дамуы маңызды жайттардың бірі болды. Рефлексияның құрылымы мен даму динамикасын теория жүзінде және тәжірибеде игеру үлкен қызығушылық тудырады соныменқатар, механизімдердің құрылу ұғымын түсіндіреді. Осы сөйлемді филологтарға қаратқан жөн. Жақсы аударасыз, бірақ сөйлемнің құрылымында қателіктер бар!

Экспериментальды зерттеулерде рефлексия ұғымы қандайда бір ғылымның саласы ретінде емес, психологияны түсіндіретін сала ретінде қарастырылады мысалы: Н. И. Гуткин тұлғалық рефлексия, М. М. Муканова рефлексия «дәстүрлі мәдениеттің» көрсеткіші, А. В. Захаров, М. Э. Боцманов және Е. Р. Новиков рефлексияның ересектердегі маңыздылығын қарастырған. Рефлексияны жүргізу орынына немесе қырына «грань»-ға байланысты. Рефлексия экспериментальды зерттеу жұмысын талдауда, рефлексияның жүру жолын үйретеді және төрт маңызды аспектіні зерттейді: ұжымдық, коммуникативті, жекелік және интеллектуальды. Соның ішінде, рефлексияны жан-жақты бөліп қарастырсақ, психологияның күрделі мәслелерінің бірі, сол секілді:

1) көңілін өзіне аударту «өзіне мән беру»;

2) ақылдан ақылға;

3) жаңа білімді меңгеруін талдау немесе білім беруде білімді қабылдауының тұрақтылығы мен тұрақсыздығы;

3) өзіндік білімін және жанын бақылау;

4) мәселелерді өзі шеше алуы;

5) тұлғаның өзіне бағытталған зерттеу акт-і және т. б.

Рефлексияның механизімі тұлғаның өзін, өзгелерді, айналасын, әлемін және болып жатқан жайттарды өзінше қабылдауы. Ойлану процесі 5 кезеңге (фазаға) бөлінеді:

1. Тұлғалық «мен» дұрыс қолдану және маңыздылығы, субьектінің конфликтілі жағдайлардан шығуы және түсінуі.

2. Өмірлік тәжірибесі және шаблондарын өзінің әрекеттерінде тиімді қолдану.

3. Қарсылық жағдайларда тұлғаның жеке әрекеті.

4. Конфликтілі жағдайларға мақсатты «мен» қолдану, өзін жағдаятқа қайта даярлау және өз-өзіне мән беру және қайта ойлану. 5. Жеке тәжірибесін және қарсы әрекеттегі жауаптарды қорытып конфликтілі жағдаятты толық талқылап, өзіндік қорытынды жасау.

Рефлексияның теориялық идеяларын алғаш ұсынғандар: В. В. Столин, С. Ю. Степанов, Г. П. Щедровицков, И. Н. Семенова және т. б, жалғастырушылар: Дж. Локк, Буземан, және т. б Ғылыми әдебиеттерде рефлексия көптеп зерттелген.

Қолданбалы энцеклопедияда рефлексия - « теория формасы жалпы адамның даму әрекеті, өзінің заңдарына іс - әрекеттік бағытталуы, өз-өзін тану көрсеткіші, тұлғаның жасырын ішкі әлемін ашу» немесе «бір затты көмектесіп үйрету және салыстыру, тұлғалық «мен»-ді түсіну және ішкі әлемін ұғыну».

Тұлғаның ішкі әлемін түсіну туралы Аристотель, Платон және өзгеде ортағасыр ғұламалары көптеген мысалдар келтірген, ал қазіргі таңда сол мысалдар рефлексия ұғымына сай келеді. Локка Лейбниц тарихи трактатында алғаш рефлексия ұғымы қолданылған және антикалық, ортағасыр ойшылдарының автордың трактатында жағдаяттарды шешуде тұлғаның өзін түсіну ұғымы қолданысқа ие бола бастады және «мен» концепциясы тұлға жанының әлемін түсіндіреді деген ойлары қарсылықсыз дұрыс болды.

Фихте рефлексияға қосымша эпистомологиялық ұғым берді және контестілік процесте өсуші немесе «өмір»-дің дамуы деді.

Гегель рефлексияда функциянальды жанның дамуын ашуға тырысты. Философияда Гегельдің рефлексияға берген анықтамалыры қолданылды.

Л. Д. Демина рефлексияны былай түсіндіреді: Рефлексия - жекелік құндылық бағасын, уайым, қарым-қатынасы, тұлғалық жағдайы психикасының күшін көрсетеді. Рефлексия тұлғаның ішкі әлемін айқындайды. Ол өзінің ішкі әлемімен қоса, өз әрекеттеріне жауап беруге дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.

Рефлексия - өзін түсіну, өзін тану ғана емес. Өзгені түсінугеде көмектеседі. Рефлексия арқылы барлық адамдарды түсінуге, ұғынуға және бағалауға болады. Рефлесивтілік - «қайта тірілу», «өзінің ішкі әлемін босату» және «бағалау» деген ұғымдарды білдіреді.

Рефлексияның философияда дамуымен алғашқы түсініктер.

Рефлексия феномені бұрыннан таныс ұғым. Философияда рефлексияның дамуын қарастырмай тұрып, философияның энцеклопедиялық сөздігінде келтірілген анықтамаға тоқталсақ (1983) .

Рефлексия түсінігі (латынша «reflexio» - «артқа бұрылу») философияда алғашында күнделікті болып жатқан процесстер тұлғаның миында саналы түрде жүреді. Түсініктірек айтсақ, тұлғаның жасырын ішкі әлемінің мазмұнын, өзін-өзі тану әрекеті арқылы ашу. Алғаш рет рефлексияға анықтаманы ежелгі грек философтары берген болатын. Тұлғаның өзін-өзі тануын рефлексия деп түсіндірді.

Сократтың айтуынша, адамның ішкі белсенділігін танырда, танымдық функциялары маңызды рөл алады.

Платонның айтуынша, тұлғаның өзі-өзі тануда тәрбиенің рөлі ерекше, бала есін жыйып, айналасын танығанда көрген тәрбиесі маңызды.

Декарттың пайымдауынша, рефлексияны индивидтің өз ойларын жинақтай алуы, өзін болып жатқан әрекеттен бөліп ала алу қабілеттілігімен түсіндірді. Тұлғаның өзінің ішкі әлемін тану қорытындысын алғансоң - жеке сенімді білімі болады, құдайға сенімі туралы ойы және физикалық күші қалыптасады.

Локктың тұжырымдамасы бойынша, рефлексияны ішкі тәжірибе ретінде қарастырды, білімнің маңызды көзі, сырқы тәжірибеден айырмашылығы, ішкі ағзалармен жұмыстанады. Интраспективті психологияда рефлексия маңызды аксиома болды. Локкттың еңбектерінен кейін, рефлексия ғылымда зерттелді, яғни автор рефлексияның ғылымда қаралуына жол ашты. Локк алғаш рефлексияны маңызды психикалық шындық ретінде көрді. Оның көрсетуінше рефлексия ақылға бағытталған әрекет. « . . . бақылау, ақылға бағдарлайтын әрекетті және оны қалыптастыруға қабілеттілік қабілеті, бұл әрекеттермен идеялар мида жұмыс бағдарын қозғайды» (Локк, 1960, б. 129)

Гносеологиялық мәселені зерттеген неміс классикалық философиясында рефлексия маңызды даму көрсеткішін алды. Рефлексия мұнда, ғылыми талдауда жеке тұлға өз-өзін танудың көрсеткіші немесе теорияның маңызды ретроспекциясы.

Кант жеке тұлғаның танымдық процесстерімен рефлексияны байланыстырып қарастырды және білім берудегі маңызды рөлін көрсетті. Ол рефлексияны төмендегідей бөлді: логикалық рефлексия, қорашаған ортадағы заттарды бір-бірімен салыстыру, трансцендетальды рефлексия, бір-бірімен салыстырмалы танымдық қабілеттерді байланыстыру - сезімталдық немесе рассудк. (Кант, 1965) .

Гегель рефлексия танымдық процесспен байланысты екендігімен келісті және шектеулі болатындығын айтты. Рефлексияда адамның қозғаушы күші бар екендігін көрді.

19-20 ғасырларда Батыс Еуропада рефлексия дамыды. Олар философияны ғылымдардың системасы ретінде қарастырды, заттық-сезім әрекеті арқылы ерекшеленді, соның ішінде негізгі көзқарас тұлғаның өзін-өзі тануында болды.

Әртүрлі рефлексиялық принциптерді маңыздылығына қарай философиялық бағыттарға бөлген. Феноменологияда Гуссерля таным процестерінде рефлексия әмбебап қасиеті бар, « әртүрлі мағлұматтарға немесе топталған жағдайларды уайымдау . . . талдап және түсіндіріп отырады» (цит. По Философская Энциклопедия, с. 501) .

Замануи герменевтика (Г. Гадамер, П. Рикер, К. Ясперс) рефлексияның қорытындысы және негізгі мәнін қарастырады, «Мен» концепцисымен рефлексия арасын бөледі.

Экзистенциализм философиясы (Ж. Сартр, М. Хайдеггер, С. Франк) рефлексияның жаңа мазмұнын көрсетті: этикалық деңгейді көрсетеді, дауыс ырғағымен өзгені тыңдата алады және сана функциясын қадағалайды. «Мишықтың жандануы» (Хайдеггер, 1993) адамның кінәлілік сезімі болады, өзінің ұнамды жағын бағалауға мүмкіндік береді және бағдарын бөледі.

Философияда ар-ұят сезімі, этика рефлексиямен байланысты. Мысалы, Канттың белгілі фразасы: «Біздерде өмір сүретін заң ұят деп аталады. Әркімнің өзіндік ұяты бар, әрекеттеріне қарай заңы бар» (1996) .

Рефлексия ғылымда ғылыми, әлеуметтік, этиқалық және эстетикалық бағыттары бар (мысалы, талдаудың ғылыми зерттеу принцип гармониясына және жайлығына қатыстылығы) Сөзсіз мұндай әрекет ғылыми зерттеуде қатыстылығы бар, заттық әрекеттері рухани потенциалды көтереді. (Ладенко, Семенов, Степанов, 1989) . Әріқарай рефлексияның дамуы дифференциальды жүреді. Заманауи философияда рефлексияны үш түрге бөледі:

- Элементарлы рефлексия, жағдайды қарастыру және білімді талдау, ойдың шекарасын және мәнін ашу;

- Ғылыми рефлексия талдау ретінде және әдістермен қабылдаудың маңыздылығы теориялық білімді игеру;

- Философиялық рефлексия ойға түсетін күш және оның маңыздылығы, тұтастай тұлғалық мәдениет (Митюшин, 1983) .

Заманауи әлемдік философия рефлексияның категорияларын бөлді. Дәстүрлі, ретроспективті рефлексия функциясы - ғылыми білімнің критикалық талдауы - оның құрамдары белсенді ауысады, шығармашылық функцияда: программасы, мақсаты, бағалық құрамасы және ғылыми әрекеттері жүзеге асады. Рефлексия тек философияда ғана қолданылып қоймайды сол секілді, ортақ көлемді ғылымдарда, әдістемелерде, әдістемелік құралдарда немесе әлеметтік гуманитарлық (өнер, әлеуметтану, лингвистика және т. б. ) бағыттар аймағында кей мәселелерге жауап береді.

Сонымен, рефлексия тек философиялық немесе ортақ ғылыми түсінікте ғана болмайды, ол көптеген мағынаға ие және әртүрлі бағыттарда қолданылады. Ол енді, кәсіби ғылымда, жеке ғылымда, психологияда да өзіндік мәнге ие болды. Соңғы он жылдықта рефлексияны психология ғылымы көптеп зерттеді.

ХХІ - ғасырдың аяғында психологияда рефлексия ұғымы қарастырылды. Тұлғаның өзін-өзі тану тұрғысының құралы ретінде рефлексия интроспекционизім психологиясында қолданысқа ие болды.

Қысқасын атйқанда, рефлексия жаңа ұғым бола алмады. Интроспекция (ішкі әлемге қарау деген мағынаны береді) тұлғаның ішкі әлемін психикалық мазмұнын жекелік санасын зерттеу процесі ретінде қолданылып жүрді.

Психологияда субьективті, инторспективті әрекет психиканы зерттеуде маңыздылығын жоғалтып ұзаққа созылмады. Бірақ, 19 ғасырдың аяғымен 20 ғасырдың басында рефлексивті әдіс тұлғаның өзін-өзі бақылау, өзін түсінуін зерттеу арқылы әртүрлі қабілеттерге ие болды, философияға енгізіліп, негізгі ғылыми әдіс ретінде белсенді түрде физика, биология және ғылыми стандарт ретінде қолданылып, сол кезеңде психологияның дамуына үлес қосты.

20 ғасырда алғашқы боп, рефлекияны психология кітаптарына анализ жасап, рефлексияға көңіл бөлген, әйгілі американ ғалымы, философ және психолог, Джон Дьюи болатын. Өзінің классикалық жұмысы ретінде санайтын «Біз қалай ойлаймыз» жұмысында 1910 жылы, ол рефлекисияға анықтама берді: « тұлға өзі көрсететін, келершекке қорытынды анализ жасауы және өмірінің маңызы, білімінің формасы ретінде немесе өз түсініктеріне ұстамды, белсенді назар аударып қарау» (Дьюи, 1997, с. 15) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Білім алушылардың кәсіби ойлауын қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық негіздері
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың оқу-зерттеушілік іс - әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Материалтану оқу курсының оқыту әдістемесі
Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануы
Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдылары
Шет тілін оқытудың психологиялық негізі
Мектептің оқу тәрбие процесі
Бапкер-оқытушыны спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz