Аударманың трансформациясы және оның түрлері
Орал гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Аударманың трансформациясы және оның түрлері
Орындаған: Курмашева З.
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Аударма -- тілдік және мәдениетаралық қарым -- қатынас құралы
1.1 Аударма сөзіне теориялық түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Аударма - қарым-қатынастың аса маңызды құралы ретінде ... ... ... ... ... ...9
1.3 Аудармашының кәсіби этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2. Аударманың трансформация және оның түрлері
2.1 Аудармалық трансформация ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Аударма өніміне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3 Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.4 Аудармадағы сәйкестіктер мен қателіктер түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
КІРІСПЕ
Аударма деп біз жалпы алғанда, бір тілден, яғни түпнұсқа тілінен белгілі бір хабарды екінші бір тілге, яғни аударма тіліне жеткізу үдерісін түсінеміз. А. В. Федоровтың пайымдауы бойынша, аудару дегеніміз - тілдік құралдар көмегімен қандай да бір ойды бір тілден екінші бір басқа тілде толыққанды жеткізіп беру және ондай ой басқа тілде соның тілдік құралдарымен бұрынырақта айтылып, жарыққа шыққан, демек, аудару үдерісінің нәтижесі аударма тілі үшін еш жаңалық емес. Ең маңыздысы, ойды дәл, толық, дұрыс жеткізу. Ал, А. Т. Казакованың ойынша, дәлме-дәл аударманың болуы мүмкін емес, себебі, тіпті, әр қилы мәдениетті сөз етпегеннің өзінде олардың қарапайым ғана грамматикалық құрылымдары мен сөздік қорларында елеулі айырмашылықтар зор болады.
Біз, болашақ аудармашылар кез келген аударма үдерісі кезінде сөздіктерде берілген баламаларды сәтті, орынды қолдану жүзеге аспай жататын жағдайларға жиі ұшырап жүреміз. Себебі контекстінің шарттары қатаң орындалуы тиіс. Мұндай жағдайда аудармашылар аударманың трансформациялық үлгісіне жүгінуіне мәжбүр болады және бұл мәжбүрлік түпнұсқа мен аударма тілдерінің арақатынасы нәтижесінде туындаған заңдылыққа бағынады.
Аударманың трансформациялық теориясының мәні аударма үдерісі барысында ой-мазмұнды толыққанды беру мақсатында түпнұсқалық лексикалық бірліктің ішкі формасын түрлендіруде немесе оны аударма тілінің лексикалық бірлігімен ауыстыруда. Аударманың трансформациялық үлгісін жасауда аудармашы аударма үдерісі кезінде қиыншылық тудырған күрделі мәселені тауып, оның шешімін табу үшін аударманың басты мақсаты оның адекватты болуы екенін ескере отырып, қажетті аудармалық трансформацияларды жасауы тиіс.
Зерттеу жұмысымның тақырыбы Аударманың трансформациялары және оның түрлері деп аталады.
Зерттеу мақсаты: ағылшын көркем әдебиеті аудармасы материалы негізінде қазақшаға аударуда лексикалық трансформациялардың қолдану ерекшеліктерін анықтау болды.
Зерттеу міндеттері:
+ Аударманың трансформациялық теориясын қарастыру;
+ Аудармадағы трансформацияның түрлерін анықтау;
+ Аудармадағы лексикалық трансформациялардың жіктемелерін қарастыру;
+ Лексикалық трансформация жасаудың тәсілдерін белгілеу;
+ Лексикалық трансформацияларға сипаттама беру;
+ Лексикалық трансформацияларға көркем әдебиеттен мысалдар қарастырып, оларды талдау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі аударма үдерісінде трансформация жасауды оқып-үйреніп алудың аса маңыздылығында. Қандай да бір қалыптағыдан тыс ерекше шарт қоятын контекстіде функционалдық қызметінен ауытқыған басқа бір бірліктер қолданылуы тиіс. Басқаша айтқанда, трансформация жасау қажет. Осы талап кей аудармашылардың назарына ілінбей жатады. Тілдік бірліктердің окказионалды қолданыс ерекшеліктеріне мән бермеу нәтижесінде аударма мәтінінде түпнұсқаның мазмұны жоғалып, аудармада әр қилы ағаттықтар мен кемшіліктер орын алады.
Зерттеу жұмысының жаналығы онда бір мезетте лексикалық трансформацияларды жалпы аудармадағы трансформациялардың бір түрі ретінде жеке, яғни аударманың трансформациялық теориясы тұрғысынан және басқа трансформация түрлерімен салғастыра отырып, аудама теориясының аясында қарастырдық. Өйткені аударма үдерісі барысында әр түрлі трансформациялар бір-бірімен араласып, бірінің туындауын екіншісі қажет етіп жатады. Сондықтан біз кешенді талдау жасауды ұйғардық.
Зерттеу жұмысының құндылығына келер болсақ, теориялық жағынан да, практикалық жағынан да аударма теориясы курсы бойынша маңызды материал көзі бола алады, өйткені мұнда лексикалық трансформацияға байланысты жан жақты ақпарат қамтылған.
Зерттеу материалына танымал американдық жазушы Эдгар Поның Алтын қоңыз және Қара мысық әңгімелерінің түпнұсқалары мен Б. Баймаханов жасаған аудармалары алынды.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Аударма -- тілдік және мәдениетаралық
қарым -- қатынас құралы
1.1 Аударма сөзіне теориялық түсінік
Аударма-адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын "қос тілді" адамдар-тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылды. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржімә халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.
Аударма-күрделі көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Бұл-адамзат қызметінің ежелгі түрі. Басынан бастап маңызды әлеуметтік функцияны атқарып, тіл аралық қатынасты мүмкін етті. Қазіргі кезде сот отырысы, нотариустың қатысуымен құжаттарға қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік өмірімізде ажырамас бөлікке айналды.
Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымның бүгінгі дәуірді "аударма ғасыры" деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.
Әлемдік әдебиетпен әлемдік өркениеттегі таңдаулы мәдениет қазыналардың бірін-бірі байыту мүддесіндегі аударма ісінің маңыздылығы соншалықты, 1948 жылдан бері қарай ЮНЕСКО-да дүниежүзі тілдеріндегі аударма әдебиетінің жылма-жылғы тізімі жасалып, ресімделіп отырады. Демек аударма ісі-қоғамдық құрылымдағы қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз. Сөз жоқ, бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап-мақсаттарына сай әр қилы болды. Қазіргі заман деңгейіне қарағанда, арғы-бергі тарихта, бастапқыда ауызша, кейіннен біріңғай жазбаша қалып алған тәржіма саласынан қазақ халқы үшін мәдени-танымдық, қоғамдық-әлеуметтік сан түрлі қызметінің екі арнаға қарай тоғысатынын көруге болады: оның бірі - білім-ғылымды, оқу-оқыту ісін дамытуға қосқан үлесі; яғни ағартушылық қызметі; екіншісі - қаза әдеби тілінің қалыптасуына, тілдің сөздік қорының, ғылыми аталымдар жүйесінің қосқан үлесі; жазба әдебиет нұсқасы ретінде тілді байыту қызмет.
Ұлттық мәдениетті өркендетудің, әлемдік әдебиет нұсқаларымен, көршілес, туыстас халықтар әдебиетін оқып-үйренудің, жалпы алғанда, әлемдік өркениетке жақындаудың негізгі ұтымды көзінің бірі ретінде танылған аударма жұмысының дұрыс жолға қойылу қоғам мүшелерінің энтилектісін көтеру мен қатар, халықтар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстарды нығайтуға жол ашатындығын ұғынған зиялы қауым өкілдері осы процеске белсене араласты.
"Аударма" - көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанныңжазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар. Бұл, біздің ойымызша, дұрыс емес сияқты, өйткені, ең алдымен, бұл екі ұғым (үрдіс пен оның өнімі) әрдайым өзара тығыз қатыста, ажыратуы қиын байланыста болады: үрдісі десек,оның нәтижесі алдын-ала өзінен-өзі ұйғарылып отырады. Егер аудару іс-әрекетінің кезеңдері мен жекелеген сәттері белгілі болса, оның өту барысының сипаты арқылы түпкі нәтиже болатын тілдік туындының белгілі бір ерекшеліктерін түсіндіруге болады. Не болмаса, керісінше, аударудың нәтижесіндегі өнім мен түпнұсқа мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп, аудару үрдісінің мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп аудару үдерісінің қозғалысы, қалай өткерілгені туралы ұйғарым-тұжырымдар жасауға болады.
А.В Федоров аударманы түпнұсқасымен қатысты, екі тіл ерекшеліктерімен байланысты, материалдың жанрлық ерекшелігімен байланысты тілдік шығарма ретінде зерттейді.
Аудармаға байланысты, басты екі жайт бар:
1.Аударманың мақсаты - бастапқы түпнұсқа тілін білмейтін оқырмандытыңдарманды өзге тілдегі мәтінмен мүмкіндігінше жақын таныстыру;
2. Аударма дегеннің өзі - басқа тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен толық та нақты, нық шынайы, сенімді бейнелеу.
Аударма мынадай тұстарда қолданылады.
1. диалектіден оның әдеби тіліне;
2. әдеби тілден оның диалектісіне (негізінен, жазбаша түрде емес, ауызша түрде болатын үдеріс);
3. бір диалектіден екінші бір әдеби тілге (керісінше болуы мүмкін емес, яғни бір әдеби тілден екінші бір тілдің диалектісіне аудару қажетті жұмыс емес);
4. бір тілден екінші бір тілге;
5. туыстас тілдер арасында;
6. тегі бөлек тілдердің арасында;
7. көне дәуір тілінен жаңа дәуір тіліне аударудың адамзат мәдениеті, қоғам дамуы үшін маңызы зор (осы тұста көне түркі жазба жәдігерлерін, аударып жүрген ғылымдардың ұлтымыздың тарихы үшін сіңірген еңбектерінің айрықша екенін атап кету артық емес).
1.2 Аударма - қарым-қатынастың аса маңызды құралы ретінде
Осы маңыздылығына байланысты түпнұсқадағы ойды басқа тілде толыққанды, айқын жеткізу қажеттігі туады, аударма тілдің түпнұсқа тілінің қалыптарына сәйкестенуі, ыңғайлануы келіп шығады. Бұл - аударманың түсінікті болуының негізгі шарты.
Аударманың ең жиі талап етілетін түрлерінің бірі-ауызша аударма.
Ауызша аударма-түпнұсқа мен оның аудармасы тіркелмеген нысанда аудару процесінде туындайтын түрі.
Аудармашының түпнұсқаны акустикалық нысанда (есту арқылы) қабылдап, оны ауызша нысанда өз аудармасы арқылы айтылатын аударма ауызша аударманың классикалық үлгісі болып табылады. Ауызша аударманың шағын екі түрі бар: ілеспе аударма және кезекті аударма.
Кезекті аударма- бұл ауызша дәйекті аудару тәсілі. Аудармашы шешеннің барлық сөзді немесе жартысын аяқтап, сөйлеуді доғаруынан кейін аудара бастайды. Ауызша кезекті аудару кезінде аудармашының іс-әрекеті шешеннің сөйлеу қарқынындағы уақытпен қатаң шектеледі. Мұндай кезекті аударма аудармашыға шешеннің айтқандарын талдауға және керекті сөздерді таңдауға аз уақыт береді. Түпнұсқа үзінділерінен қабылдаудың біржақтылығы оны орындағаннан кейін аударманы кейіннен салыстыруға немесе түзетуге, анықтамалық әдебиеттерді қарауға мүмкіндік бермейді.
Кезекті аударманың қарабайыр нұсқасын желілік деп атауға болады және көбінесе қасында ілесіп жүргенде әрі экскурсияларда пайдаланылады.
Сөйлеушінің сөздері әрқашан қысқа бола бермейді. Осындай жағдайларда жазу техникасын білу қажет болады.
Аудармашы үшін аса күрделі тұстарды, сондай-ақ цифрларды, күндерді, есімдер мен атауларды аңғарып, жазбаша тез жазып ала білуі өте маңызды. Әдетте аудармашылар кезекті аударуды хаттамалық іс-шараларға қатысу кезінде, делегацияларға ілесіп жүргенде, іскерлік келіссөздерге қызмет көрсеткенде қолданады.
Ауызша аударма-аудару үшін аудармашыға қажетті сөйлеушінің сөздерін үзіліспен аудару. Бұл үзілістер көп емес. Аудармашы сөз сөйлеген уақытқа аударманы құрастырып, үзіліс уақытында оны орындайды. Ауызша кезекті аударма кезінде аудармашының аудару дайындығы өте жоғары болуы тиіс және арнайы дайындықты талап етеді. Бірақ ілеспе аудармаға қарағанда сонша ұзақ емес. Ауызша аудармашылар тақырыптық салаларға мамандалады. Аударманың осы түрі қозғалыс кезінде, аралау барысында (құрылыс обьектілеріне жұмыс істеуде, экскурсия жасауда) шағын келіссөздерде өте тиімді.
Кезекті аударма-оны тыңдағаннан кейін мәтінді ауызша аудару. Кезекті аударманы жазумен, абзацты-фразаны аударумен, біржақты, екіжақты аударумен ажыратады.
Алайда кезекті аударманың өз кемшіліктері де бар. Біріншіден, өте көп уақыт алады. Екіншіден, сөйлеушінің сөзі мен оның аудармасы аралығында уақыт көп болғандықтан, соңғысында қатерлерге көбірек жол беріледі.
Ілеспе аударма-ауызша аударманың ерекше түрі. Бұл ретте аудармашы сөйлеушінің сөзімен бір мезгілде аударманы, яғни негізгі мәтінді есту арқылы жүзеге асырады. Ілеспе аударма парақтан аударуды да білдіреді (жазбаша мәтінді оны қабылдау процесінде және алдын ала оқымастан ауызша аудару).
Сөйлеушіге аудармашының аударып үлгеруі үшін мағыналық топтар арасында үзіліс жасауының қажеті жоқ. Сондықтан баяндама, хабарлама үзіліссіз айтылады. Бұл аудитория тыңдаушыларының назарын ұстап тұруға, оны сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге тілді білмейтін мырзалардан бұрын баяндамашының тілін түсіндіреді, елең еткізетін, күлкілі және тіпті келеңсіз оқиғаларды болдырмайды.
Ілеспе аударма-аударманың барлық түрлерінің ең күрделісі және қиыны да, жауапты екендігі күмәнсіз. Осыған қарағанда аударманың әр-түрі түрлі қабілеттер мен мінезді талап етеді. Ауызша аудармашы жинақтала білуге тиіс: оның міндеті ақпаратты осы жерде және қазір барынша толық жеткізу. Оның сөздіктерді ақтаруға, мамандармен кеңесуге мүмкіндігі жоқ. Ол жоқтан бар жасауы тиіс. Ауызша аудармашыға қандай қасиеттер қажет: тапқырлық, дұрыс ақыл-ой және жалпы эрудиция көмегімен өз біліміндегі олқылдықтарды еңсере білу. Барлық ақпаратты тыңдаушыларға қиналмай жеткізу үшін артистизм де, баяндамашыға айнала білу де қажет.
Аударма қандай қоғамдық қажеттілікті өтейді дейтін сұрауға көп ойланбай-ақ меңгерген ортақ тілі жоқ адамдар арасында тұрақты түрде үзіліссіз туып отыратын қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандырады деп жауап беруге болатын еді. Алайда бұл үстірт жауап бізді қанағаттандырмаса керек.
Аударманың қоғамдығы қызмет аясын кеңейту мақсатында, коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында "языковое посредничество" деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша "тілдік дәнекерлік" деп алдық.
Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. Бұл лингвоэтникалық кедергі жағдайында қарым-қатынас жасауға неғұрлым кең мүмкіндік туғызады. Белгілі бір жағдайларда өзінің тиімділігі жағынан тілдік дәнекер арқылы қарым-қатынас жасау іс жүзінде әдепкі бір тілді қарым-қатынаспен теңесе де алуы мүмкін.
Тілдік дәнекерлік қай - қайсысы болсын өзіне тән ерекше қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады. Дегенмен басты міндетіміз - аударма қанағаттандыратын қоғамдық мұқтаждық, қажеттілікті көрсетіп беруге тырысу.
Аударманы тілдік дәнекерліктің басқа түрлерімен салыстыра отырып, іс жүзінде аудармаға қойылатын талаптарды қорыта келсе, аударманың даму қарқынын еске ала отырып аударма өзінің қоғамдық тиімділігі, табиғилығы, толыққандылығы жағынан қарым-қатынасты әдепкі бір тілдік қарым - қатынасқа мүмкін болғанынша барынша жақындатуға арналған тілдік дәнекердің жоғары дәрежедегі, дамыған түрі деп тұжырымдауға болады. Аударма әдебиеті осылайша зиялы қауымның назарынан түспей, әдебиеттің өзекті мәселесінің біріне айналды. Бұлай болуының түп-арқауы, біріншіден, аударманың, төл әдебиеттен өзгеше, қоғамдық-саяси тапсырысты орындағанға байланысты болса, екіншіден, аударма қоғамның әр бір жеке адамның зердесін, интелктісін байытатын, тұтастай алғанда, ұлт мәдениетіне қосылатын рухани қазына, көркемөнердің бір түрі деп бағаланды.
1.3 Аудармашының кәсіби этикасы
Аудармашы мамандығын әртістің мамандығндай. Бірақ оған қарамастан,әр мамандықтын өз ерекшелігі болады.Әртістін міндеті кеиіпкердің обрызына кіріп,кейіпкердің іс -- қимылын салып,көрермендерге әсер ету. Ал аудармашы керсінше, аударып жатқан адамның образына ешбір қатысы болмау керек.
Аудармашының басты мақсаты, мәтінің аудармасын дұрыс жеткізу, ол қандайда бір жест, дауысының екпіні арқылы тындаушыларда эмоция туғызуға құқұғы жоқ.Ал бұндай жағдай болса, оған мәтінің мағынасы себеп болу керек, сіздің көмегініз емес. Аудармашының дауысы және іс- қимылы аударып жатқан адамның эмоциясына тәуелді болмау керек.
Аудармашының дауысы қатты, әрі анық шығу керек, бірақ ешбір эмоциясыз. Әсіресе сіздердің назарларынызды доклад қорғаушылардың әзіл- қалжындарына аударған дұрыс болады, себебі олардын қалжындарына, сіз аудармаға дейін де, аударғаннан кейін де өздеріңізді ұстап, жай ғана жымйған дұрыс болады.
Әрқашан аудармашылардын есінде сақтайтын бір қағйда бар, аудармашылар екі жағаны қосып тұрған копір, ал басқа болып жатқан нәрселерге оның қатысы болмау керек.
Дәл осы қағидаға сүйене отырып айта кететінім, сіз аударып жатқан адам өз ренжісін немесе ашуын көрсетсе, сіз оның ойын бөліспеуге толығымен құқұғыныз бар.
Тілді оқығанда, сол ұлттын арасында оқыған көп пайдасын тигізеді, шетелдіктерге еліктеңіздер, олардын манераларын келтіруге тырысыңыздар. Өзіңізге үнайтын бір шетел артистің таңдап алыңыз да, соған толығымен еліктеніз.
Ал аудармашының сөздік қорына келетін болсақ, күнделікті қолданатын сөздердің эквиваленттерін жаттап алыныздар, мысалы: мен сізбен кейін хабарласам, менімен хабарласып отыр, кім ақырғы? ... Бұндай сөз тіркестер шетел тілінде тіптен басқаша айтылады.
Әрине аудармашы шетел тілін жетік білген жақсы, бірақ бәрінен бұрын ол өз тілін жақсы білу керек. Ілгермелі аудармашыларға шетел тіліне аударған оңайрақ түседі, өз тіліне аударғанша.
Тағы бір манызды мәселе- жалпы және арнайы білім, жан- жақтылық. Осның арқасында аудармашыны, аудармашы машинадан айырмашылығы.
Ал енді мына кітаптағы кейіпкер, кім ол , өзінің мамандығын жақсы біледі ме?
Оқыған, қарапайым киінген, сыпайы және ішімдік қолданбайтын, тамақ ішкенде өз мөлшерін білетін, дауысы анық және құлаққа жағымды, батыс жақтын білімі туралы хабары бар, өз мамандығын бағалайтын адам.
Енді бір- неше тәжірибеде қолданылатын кеңестер:
Сіз аударып тұрған адамнын көнілін бөлменіз. Әрине сіздін тәжірибенізде өз- өзін тындағанды ұнататын адам кездесуі мүмкін, әрине мұндай жағдайда сіз оны тоқтатуға мәжбүр боласыз, бірақ тындаушылардын сізге деген көз қарасы дұрыс болмайды. Ондай жағдайға түспеу үшін, сөйлеп турған адамға көзіңізбен немесе қолдын жесты арқылы тоқтау керек екенің ескеріңіз, ол жанында сіз тұрғаныңызды ұмытпау керек.
Егер сізде сұрақ болса, сіз оны сұрауға міндеттісіз- осындай жағдайда бөлшек аударма қолайлы, бірақ тек маңызды деген жерлерді ғана сұраныз, қайта- қайта адамды мазалаған әдепсіздік.
Егер сіз аудармаға ертерек дайындалып, көрермендер алдында тез , әрі дұрыс аударсаныз, ол аудиторияға жақсы әсер етеді.
Аударуды бастар алдында, тындаушылармен байланыс орнатқан дұрыс болады, мысалы : өзіңізді таныстырыңыз немесе сіздін дауысыңызды анық етіледі ме?- деп сұраңыз. Сонда аудитория сіздің дауысыңызға өз құлақтарын үйрете бастайды.
Ауыша аудармашының мамандығында, ен маңыздысы дауыс. Сіздің дауысыныз қатты, анық, бәріне естілетіндей болу керек.Егер сіздін дауысыңыз тым қатты немесе тым ақырын болса, дауысынызды алдын- ала үйреткен жөн. Егерде сіз дауысынызды үйретпесеніз, ол отырып қалады.
Аударманын тағы бір түрі сыбырлап аудар. Ол ілгермелі аудармадай, бірақ аудармашы аударып беріп жатқан адамнын артында отырады немесе түрады, басқаларына бөгет жасамау үшін ақырын аударады, аудармашы дауысын бір қалыпта ұстау керек, ол әрине өте қиынға түседі аудармашы үшін. Және бұндай жағдайда жұмыс істегендіктен, ойынды жинау өте қиын.
Бөлшекті аударма көбіне актердің жұмысына ұқсайды, себебі ол да көп адамның алдында жұмыс істеуге мәжбүр, сондықтан қалай киіну керек, қай жерде отыру керек, ал қай жерде тұру керектігін алдын ала ойлайды.
Бөлшекті аудармада, ілгермелі аудармаға қарағанда көп артықшылығы бар.
Ілгермелі аудармашы, аударатын сәтте ғана шетелдікті көреді, ал жай аудармашы аударатын шетелдікпен алдын- ала кездесуге мүмкіншілігі бар. Аударма басталмай тұрып , шетелдіктерге барып өзіңізді таныстырыныз, олардың аудармашысы екеніңізді айтыныз, алдын ала кейбір терминдердің мағынасын сұрап алыныз, тіптен болмаса ауарайы туралы сөйлесіңіз.
Біріншіден, сыпайлағынызды, ұқыптылығынызды көрсетініз- соның арқасында сіз жұмысқа дайын екеніңізді көрсетесіз, шетелдіктер бұндайды бағалайды.
Екіншіден, ол сіз үшін манызды. Сіз алдын- ала аударатын адамның манерасы мен дауысына үйренесіз.
Үшіншіден, сіз шетелдікпен алдын- ала келісіп алуға болатын жақсы мүмкіндік. Дос ретінде тез және ұзақ сөйлемесін деп келісіңіз. Ұмытпаныз ол сіз үшін маңызды.
Алдын ала оған шарт қойманыз, біріншіден шетелдіктін көз- қарасын тыңданыз, ол сізге де тиімді болуы мүмкін. Бірақ ұмытпаныз өмірде әр- түрлі жағдай болады, сондықтан сіздердің келісімдерініз ойдағыдай болмауы мүмкін.
Аударма барысында шетелдіктін қолданатын сөз- тіркестерін ескеріп отырыңыз.
Мысалы: аударманың бас кезінде бюрократиялық барьер деген сөз- тіркесін аударсаныз, bureaucratic barriers, ал кейін шетелдік оның орнына red tape деп айтса, оны да тез арада түсініп бюрократиялық барьер l деп аударған дұрас болады.

2.1 Аудармалық трансформация
Тіліміздің өркен жаюына аударма саласы да айтарлықтай үлес қосады. Жалпы алғанда тіл ғылымы саласында аударма мәселесі жан-жақты зерттеліп, бұл туралы көптеген теориялар мен тұжырымдар жасалуда. Солардың бірі аударма саласындағы трансформация әдісі.
Оның негізгі анықтамасына келетін болсақ, аудармалық трансформация - белгілі-бір тілдегі сөздік және грамматикалық ережелерге сәйкес келетін мазмұнды екінші бір тілде сөйлеушілер түсінетіндей етіп алмастыру болып табылады. Осы үдеріспен байланысты аудармада трансформациялық әдістер, трансформациялық модельдер пайда болғаны белгілі. Аударма туралы көптеген теориялар арасында ғалым В.Комиссаров өзінің Лингвистика перевода деген еңбегінде: Аударма туралы төрт лингвистикалық теория бар, соған сәйкес аударма ұғымына да төрт түрлі анықтама беріліп жүр деп жазған.
Аудармашылар кейде түпнұсқалардың дәстүрлі түсініктерін сақтауға тырысып, аударылатын тілдің ұлттық ерекшеліктеріне мән бермейді, ал кей кездерде аударылатын тілдің ұлттық нақыштарын сақтауға тырысады да, бастапқы шығармаларды асыра өзгертіп жіберетін тұстар аударма саласында көп кездесіп қалып жатады. Бұл мәселе айналасында С.Маркиш, В.Гумбольдт, Б.Уорф, К.Мэргэн, Л.Вайсбергер және т.б. ғалымдар өз пікірлерін білдірген болатын. Мысалы, В.Гумбольдт бұл қауіпке ұшырамау мүмкін емес екендігін айтса, өзге ғалымдар мұның себебін философиямен байланыстырады.
Аударма деректі жүйе емес болғандықтан, нақты тілдік мәтінге назар аударып отырған дұрыс деп білеміз. Аудармашының жұмысы белгілі бір мәтіннің тіліне байланысты жасалатын нақты әрекеттерден тұратынын дәйім ескеріп отырған жөн.
Аудармада аудармашы бара-барлыққа жету, әрқилы тіларалық өзгертулер жасай білуі керек. Бұндай өзгертулер жоғарыда айтқанымыздай трансформациялау деп аталып келеді. Бұндай трансформациялаулар көбінесе түпнұсқа тіліндегі мағлұматтарды, хабар, мазмұнды, ақпаратты аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатында қолданылады.
Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелері кітабының авторы А.Алдашеваның жазуына қарағанда, осы деңгейлердегі аудару үдерісінде қолданылатын техникалық әдіс-тәсілдердің негізгілеріне: ауыстыру (сөздерді, сөйлем мүшелерін, сөз таптарын ауыстыру; құрмалас сөйлемдегі синтаксистік ауыстырулар; контекстік және тілдік нақтылау; антонимдік аударма; өтелу; генерализация); орын тәртібі (сөйлем құрылысындағы сөз тіркестері мен сөздердің орын тәртібі); түсіру; қосу әдістерін жатқызуға болады. Осындай басты техникалық әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігіне байланысты түпнұсқаға дәл келмейтін аударма (недоперевод) және түпнұсқадан әлдеқайда артық (түсінікті, ғылыми, көркем, әсерлі) көрінетін (сверхперевод) нұсқа ретінде бағаланады. Айта кету керек, былай бөлуді шартты бөлу деп есептеген дұрыс. Себебі көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен араласып, бірігеді. Аударма барысындағы неғұрлым көп кездесетін жайттың бірі - түпнұсқа мәтіндегі сөз тіркестері мен сөздердің орын тәртібінің өзгеріске ұшырауы. Мысалы, қазақ тілінде қалыптасқан сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты, ал орыс тілінде еркін. Құрмалас компоненттерінің аударуда өз орындарын өзгертуі заңды құбылыс. Мысалы, Егер сіз бұған келіспесеңіз, мен өкініп қалар едім. Я в отчаянье, если бы вы на то не согласились.
Сонымен қатар аударма саласында түр-түс атауларына қатысты мәселелер де туындап жатады. Ол туралы осы мақалада арнайы тоқтала кетуді жөн көрдік.
Түр-түс атаулары - ең көне әрі қарапайым, танымдық қызметі зор, тілде жиі қолданылатын логикалық теңеу тәсілі болып табылады. Шындық әлемді танудың ұтымды құралы бола тұрып, түр-түс атаулары мейлінше мазмұнды, көп қырлы тілдік құбылысты білдіреді. Түр-түс атауларының ойлау өрісінің бір формасы ретінде дүниені эмоционалды түрде қабылдаудағы және ондағы кейбір құбылысты салыстыра бағалау тұрғысынан қандай да бір нысанға мән берудегі орны ерекше.
Түр-түс атаулары - ортақ, ұқсас белгілердің негізінде бір затты екінші затпен салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік, бейнелілік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа поэтикалық қырынан таныстыратын әрі таным құралы, әрі стильдік тәсіл.
Ғылымда түс атауларын білдіретін сөздерді зерттеудің әр түрлі тәсілдері бар. Олардың ішіндегі ең маңыздылары және белгілілері мыналар: антропологиялық (Кей П. Берлин Б.), психологиялық (Н.Серов, И.Рош, Б.Базыма) және гендерлік (Е.Мишенькина, Р.Лакофф) тәсілдер, сонымен қатар лингвомәдени тәсіл (Л.Исаева, Ш.Жарқынбекова, А.Вежбицкая).
Лингвомәдени тәсіл. Түс тұрақты шамалардың немесе жалпы ғана емес, сонымен қатар ұлттық нақыштағы мағыналы - мәдени тұжырымдарды мәдени жадыда игеру, қалыптастыру, бекітудің жолдарын бейнелейтін дамудың өзіндік үлгісі бола алатын мәдени ұстанымдардың бірі болып есептеледі. Мәдениеттің көптеген құбылыстарын түстердің мағынасын ескермей отырып түсіну мүмкін емес. Түс қоршаған табиғаттың бейнесі туралы, халықтың тарихи жолдарының өзгешелігі туралы, әр түрлі этникалық дәстүрлердің өзара әрекеттесуі туралы, әлемнің көркем көрініс ерекшеліктері туралы бірден-бір ақпараттарды белгілейтін мәдениеттің негізгі категорияларының бірі болып келеді.
Түс табиғаттың құрамдас бөлігі болған соң, ол мағыналыққа, қауымдастыққа, жоруларға толы: түс әр түрлі рухани-эстетикалық құндылықтарды нақтылы түрде көрсететін құралға айналып бара жатыр.
Құрылымы әр түрлі қазақ және ағылшын тілдерінің сөздік қорындағы көптеген атаулардың ішінде өте жиі қолданылатын, қолданыс ауқымы кең, мағынаға бай, тілдік бірліктердің бірі - түр-түс атаулары. Олар ұлт өмірінің айнасы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz