Аустралия құрлығының ашылуы
Аустралия құрлығының ашылуы, зерттелуі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. Аустралия және Океанияның зерттелу тарихы
1.1 Аустралия құрлығының ашылуы, зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Океанияның зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ІІ тарау. Аустралияның және Океанияның физикалық және геологиялық зерттелуі
2.1 Аустралияның және Океанияның жер бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..15
2.2 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Топырақ, өсімдік жамылғысы, жануарлар әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Австралия -- оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңт. ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңт. ендіктегі оңт.-шығ. мүйіске дейін және 113°05' шығ. бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығ. бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мүхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур т-дері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары -- солтүстігінде -- Карпентария, оңтүстігінде -- Австралияның үлкен шығанағы.
Австралияның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солт.-шығ. жағалауын бойлап (ұз. 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания ар-нан Австралияны Басс бүғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Австралия шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Австралия құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан.
Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасмания аралын бір ғана ел - Аустралия Одағы алып жатыр. Қазіргі кезде халық саны 21млн адамнан асады. Елдегі қала халқының үлесі 86% -дан асады. Мемлекеттің байырғы халқы аборигендер метистермен қосқанда халықтың 1%-ын құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің саны көп.
Аустралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95 %-дан астамының биіктігі 600 м-ден аспайды.Орографиялық ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады.
Батыс Аустралия таулы үстіртінің орташа биіктігі 400-500м,үстірттің шығысында (құрлықтың орталық бөлігінде)Магдоннелл жотасы(1510м)
Солтүстігінде Кимберли алқабы(936м)
Оңтүстік батысында Дарлинг (582м)жоталары жатыр.
Орталық ойпаттың биіктігі 100м-ден аспайды,ал аустралиядағы ең төмен жер- Эйр көлінің маңы(12м төмен)Ойпаттың оңтүстік батысында Флиндерс,Маунт-Лофти жоталары бар.
Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен Суайрық жотасы алып жатыр.оның шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімденген,батысы төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан.Аустралияның ең биік жері - Косцюшко тауы осында орналасқан.(2230м)
Зерттеушілері: Биллем Янсзон. 1606ж - Голландиялық Дуивкен атты кемесінің капитаны Б.Янсзон Австралияны ашады.17ғ голландиялықтар дүниежінің картасына аустралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.
Дж Кук.
ХҮІІІ ғасырдағы ағылшынның атақты теңізшісі. Ол оңтүстік материк (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты. Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған.
1770ж Дж Кук Аустралияның шығыс жағалауын ашады.Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс деп атайды. және оны Ұлыбританияның жері деп жария етеді.
Зерттеудің негізгі мақсаты: Аустралия материгіне және Океанияға жалпы сипаттама беру, географиялық шолу жасау.
Міндеттері:
1.Аустралия материгі туралы жалпы сипаттама беру;
2. Океанияға географиялық шолу жасау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Аустралия құрлығының ашылуы, зерттелуі
Дүние жүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) туристік мезоаймақтарға жіктеуі бойынша Аустралия Жаңа Зеландиямен бірге Аустралазия мезоаймағын құрап, Микронезия, Мелонезия, Полинезиямен бірге Шығыс-Тынық мұхиттық макроаймағына кіреді.
Аустралия мемлекеті Аустралия құрлығын толығымен алып жатыр. Ел аумағы Аустралия құрлығы мен Тасмания аралын қоса Аустралия Одағын құрайды. Аустралия мемлекетінің жалпы аумағы 7,7 млн. шаршы шақырым шамасында. Елді шығыста Тынық мұхиты; батыста Үнді мұхиты; сондай-ақ Тасман, Коралл, Арафур, Тимор теңіздері шайып жатыр. Аустралия - жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін ашылған материктің аты латынның australias оңтүстік деген сөзінен шыққан.
Оңтүстік тропик Аустралияны одан солтүстікте материктің шағын, оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Солтүстікте Аустралияның жағасында Мелвилл, Батерст, Грут-Айленд және басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте материктік қайраңның шегінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал - Дерк-Хартог, шығысында - Фрейзер.
Аустралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Аустралияны, сондай-ақ оның көлемінің шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды.
Аустралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық және жанартау текті көптеген аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.
Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн. шаршы шақырым. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Аустралияға ең таяу жатқан Жаңа Зеландиядан басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия деп атайды. Меланезияға Жаңа Гвинея, Соломон аралдары, Жаңа Каледония, т.б. кіреді. Ең оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге түседі. Меланезиядан солтүстіктегі және 177' ш.б. батысқа таман жатқан ұсақ аралдарды (Мариан, Каролин, Маршалл т.б.) Микронезия деп атайды. Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік бөлігінде 177' ш.б.шығысқа қарай жатқан қалған барлық аралдар Полинезияға жатқызылады. Олар Гавай, Лайн, Қоғам аралдары, т.б. Бұл тарихи және этнографиялық жағынан осылай бөлінген, бірақ ол Мұхиттық аралдарды генетикалық және физикалық-географиялық белгілеріне қарай бөлуге сәйкес келмейді.
Жаңа Гвинеядан, шығыста Фиджи аралдарын қоса, Жаңа Зеландияға дейінгі аралдар доғасы аралдарды және материкті бөліп жататын су алаптарымен бірге Тынық мұхит геосинклинальді белдеуінің жалғасы болып табылады. Климаттың құрылуы және органикалық дүниенің түзілуі жөнінен ол Аустралиямен тығыз байланысты, Шығыс Азия аралдары Еуразияға қандай қатынаста болса, ол да Аустралияға сондай қатынаста.
Аустралияға солтүстігінен эпиконтиненттік Тимор және Арафур теңіздері, сонымен бірге Карпентария шығанағы ұласып жатыр. Тайыз сулы өңір материктің Үнді мұхитымен ұласып жатқан батыс және оңтүстік жағалауларын бойлап созылып кетеді. Шығысынан Аустралияны жер қыртысы мұхиттық немесе өтпелі типтегі терең қазан шұңқырлар болып табылатын (5000 м астам) Маржанды, Тасман теңіздерімен ұласады.
Үстінде материктік және мұхиттық аралдары бар су асты қыраттары мен жоталарын бөлетін Фиджи, Жаңа Каледония, т.б. қазан шұңқырлардың тереңдігі кем түспейді. Сырт жағынан, ішінара теңіздер жағынан да аралдар доғасын бойлап ең тереңдігі 9, тіпті 10 мың м-ден асатын науалар (Меланезия, Витязь, Тонга, Кермадек, т.б.) созылып кетеді.
Аустралияны солтүстік және солтүстік-шығыстан ұласып жатқан теңіздердің бетіндегі судың температурасы жыл бойы +27ºС, +28ºС-қа тең, Маржанды теңіздің оңтүстігінде ол қыста 19ºС-ге дейін, Тасман теңізінде +16, +12ºС-ге дейін төмендейді. Маржанды теңізден жылы Шығыс Аустралия ағысы шығып, материктің жағасын бойлап оңтүстікке қарай бағыт алады. Судың тұздылығы барлық жерде 34,5-35,5%.-ге тең.
Судың тұрақты жоғары температурасы Маржан құрлыстарының дамуына қолайлы жағдай туғызады, олар Маржанды теңізде кең тараған. Оның алабында материктік қайраңның шетін бойлап 2300 шақырымға Үлкен Тосқауыл рифі созылып кетеді. Оңтүстікте оның ені 150 шақырымға жетеді. Оның кедір-бұдыр, эрозиямен тілімденген бетін толысу кезінде су басады. Рифті қиып өтетін енсіз каналдар ашық теңізден тереңдігі 50 м-ден аспайтын үлкен қайраңға апарады. Онда кеме жүзе алады, сондықтан да оның жағаларында Аустралияның ірі порттары орналасқан. Соңғы жылдары маржан ғимараттары әдеттен тыс көбейіп кеткен тікенді тәж деп аталатын теңіз жұлдыздарының шабуылынан қатты зардап шегуде. Олар Үлкен Тосқауыл рифінің бір бөлігін құртып та жіберген және бұл бірегей табиғи құрылымды түгелдей құрту қаупін төндіреді.
Үнді мұхитындағы судың температурасы оңтүстікке қарай бірте-бірте төмендейді. Материктің батыс жағалары маңында Батыс Аустралия суық ағысы өтеді, бірақ ол қыста ғана пайда болады және ауа мен судың температурасына күшті әсер етпейді.
Құрлықтың жер бедері эрозия, абразия және үгілу процестерінің нәтежесінде біршама тегістелген. Аустралия мемлекеті аумағының тек 2%-ы ғана 1000 м жоғары биіктікте орналаскан. Аустралияның ең биік нүктесі Жоғарғы Суайрық жотасында орналасқан - Косцюшко тауы (2228 м), ең төменгі нүктесі - Эйр көлі (теңіз деңгейінен 15 м төмен орналасқан). Аустралия ең ыстық және құрғақ материк. Аустралия құрлығының 32%-ын шөлдер мен шөлейттер алып жатыр. Жауын-шашын мөлшері орта есеппен жылына 420 мм-ді құрайды. Елдің көп бөлігі тропикте, ал солтүстік аймақтары - субэкваторлық, оңтүстік батыс субтропиктік аудандарда орналасқан. Шілде айының орташа температурасы +12-20ºС, қаңтардың орташа температурасы +20ºC-ден +30ºС-ге дейін жетеді.
Аустралияның және көршілес аралдардың климаттық жағдайлары олардың көпшілік бөлігінің экватор мен тропикке жақын біршама жылы су алаптарының қоршауында жатқанына байланысты болады және жылына 140-тан 180 ккалсм2 ге дейінгі күн радиациясының жоғарғы жиынтығымен сипатталады. Тасмания мен Жаңа Зеландия аралдары 120 ккалсм2-ден кем алады. Аустралияның климат жағдайларының қалыптасуында Тынық Мұхит пен оның үстіндегі солтүстік және оңтүстік жарты шардың пассатты ауа ағыстары жүйесінің, сондай-ақ қыста едәуір салқындап, жазда күшті ысып кететін Аустралияның континентті массивтерінің ролі зор.
Тынық мұхиттың экваторға жақын шығыс бөлігіндегі атмосфераның өзгеруі қаңтар мен шілдеде біршама болады. Алайда материктердің батысында атмосфера айналымында елеулі өзгерістер байқалып, жылдың маусымдары арасында үлкен айырмашылық туғызады.
Шілдеде экваторлық және бүкіл пассаттық айналым жүйесі солтүстікке қарай ығысады. Бұл оңтүстік жарты шардан, солтүстік жарты шарға қарай, Азия құрлығы жақта ауа тасқындары жүйесін жасайды. Солтүстік жарты шар пассатты Азияға жақындаған сайын материктің үстіндегі төменгі қысым аймағына қарай ауытқуға ұшырайды және оңтүстік-шығыс жазғы муссонына ауысады. Оңтүстік жарты шардың пассаты осы себептердің әсерінен солтүстік жарты шарға оңтүстік-батыс экваторлық муссоны түрінде келеді. Ылғалдың негізгі массасын бұл кезеңде солтүстік жарты алады, оңтүстік жарты шарда жауын-шашын оңтүстік-шығыс пассат өз жолында тауға кездескен жерлерде ғана жауады. Австралияның көптеген аудандары мен аралдарында бұл кезде қуаңшылық болады.
Аустралияның қиыр оңтүстігі, Тасмания мен Жаңа Зеландия шілдеде бұл аудандардың барлығына едәуір мөлшерде жауын-шашын әкелетін қоңыржай ендіктер айналымының ықпалына ұшырайды.
Қаңтарда Аустралия неғұрлым күшті ысып, Азия салқындаған кезде ауа ағысының бөліну реті өзгереді. Аустралиядағы төменгі қысым аймағына тек оңтүстік жарты шардан ғана емес, сондай-ақ солтүстік жарты шардан да адам келеді. Солтүстік жарты шар пассаты Жердің айналу әсерінен ауытқуға ұшырайды және экваторға таяу жерде меридиан бағытына жақындайды. Экватордан өткеннен кейін солтүстік-батысқа қарай бағыт алып, Аустралияның солтүстік бөлігі мен оңтүстік жарты шар аралдарына ылғалды экваторлық муссон түрінде өтеді. Оңтүстік жарты шар пассаты бар минимумы бойынша ең төмен өлшемнің ықпал етуіне қарай Аустралия үстінде айрықша күшті әсер етеді, әрі Тынық мұхиттың батыс бөлігі мен Аустралияның шығыс жағалауларында тура шығысқа қарайғы дерлік бағыт алады, бұл жерлерде мол ылғал қалдырады. Шығыс Аустралия тауларынан асып, ол біршама құрғақ ауа тасқынына айналады.
Сөйтіп, Аустралия материгінің шеткі бөліктері мен аралдарында қаңтарда көп мөлшерде жауын-шашын түседі, бұл кезде солтүстік жарты шарда жауын-шашын мөлшері күрт азаяды.
Аустралияның оңтүстік-батысы мен оңтүстігі қаңтарда Оңтүстік-Үнді максимумының шеткі шығыс аймағының және жауын-шашын бермейтін оңтүстік желдерінің ықпалына ұшырайды.
Тасмания мен Жаңа Зеландияның оңтүстігінде қыстағыдай ауа массасының батысқа ауысуы басым болып, жаңбыр жауады.
Аралдардың температуралық жағдайлары, тіпті экватордан едәуір қашықтықта жыл бойына бір қалыпта болады. Бірақ Австралия әсіресе оның ішкі бөліктері үшін температураның жылдық, тәуліктік едәуір ауытқуы тән.
Аустралия мен көршілес аралдар мынадай климаттық белдеулерге енеді. Шегінде ұсақ аралдар мен Жаңа Гвинея солтүстік бөлігі жатқан экваторлық белдеуде ылғалды экваторлық ауа массасы үнемі басым болады және ауа ағыны өрлей түседі. Бұл жауын-шашынның, оның жылдық қосындысының бір қалыпты таралуын және ылғалданудың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Температура жыл бойына өзгермейді дерлік. Теңіз деңгейінен шамалы биіктіктегі +24+28ºС арасында ауытқиды. Биіктеген сайын температура төмендейді, алайда оның барысы бір қалыпты болып қалады.
Субэкваторлық белдеудің шегіне Аустралияның солтүстігіне Жаңа Гвинеяның оңтүстігі мен көрші ұсақ аралдар кіреді. Климаты маусымдылығының айқын білінуімен, әсіресе материкте айқын білінуімен сипатталады. Жауын-шашын жазда көп мөлшерде жауады. Қысқы кезең құрғақ келеді, алайда аралдарда ол пассатқа қатысты алғанда ық жақтағы тау баурайларында ғана айқын байқалады. Алайда таудың жел жақ баурайларында жауын-шашын қыста да жауады, әйткенмен жазбен салыстырғанда оның мөлшері едәуір азаяды. Жылдық жауын-шашын мөлшері жер бедері қолайлы ықпал жасайтын аудандарда өте көп. Материкте температураның ауытқу амплитудасы едәуір, алайда ең салқын айдың орташа температурасы 20ºС-ден төмен болған емес дерлік. Аралдардағы температуралық айырмашылық экваторлық белдеудегі сияқты соншалық аз.
Аустралиядағы тропикалық белдеу аридтік жағдайлардың басым болып келетіндігімен сипатталады. Тропиктік белдеудің шығыс бөлігі, яғни солтүстігі мен оңтүстік-шығысынан басқа жағалаулары мен Шығыс Аустралия таулары бүкіл жыл бойына Оңтүстік Тынық мұхит максимумы мен пассаттық айналымының батыс аймағының ықпалына ұшырайды және бір қалыпты ылғал климатты келеді. Аустралияның шығысында жауын-шашын бүкіл жыл бойына мол жауады. Бұл жауын-шашын әкелетін оңтүстік-шығыс пассаты әрекетінің қысқа қарағанда едәуір интенсивті келуімен түсіндіріледі. Температураның ауытқу амплитудасы Аустралияның солтүстігіне қарағанда анағұрлым көп. Климатқа сондай-ақ таулы рельефтердің де әсері бар.
Материктің ішкі аудандарында бүкіл жыл бойына континентальды тропиктік ауа басым болады, жылдық жауын-шашын қосындысы 250 мм-ден аспайды. Салыстырмалы ылғалдылық 30-40%-ға тең, ал жылдық, әсіресе тәуліктік температуралық амплитуда өте үлкен (соңғысы 35-40ºС-қа жетуі мүмкін). Қыста оңтүстіктен суық ауа массасының енуіне байланысты суық бірден түседі. Топырақ бетіндегі аяз - 5ºС-ге жетеді.
Аустралияның қиыр оңтүстігі, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияның Солтүстік аралдары субтропиктік климат белдеуінің алабына енеді. Материктің оңтүстік-батысында жауын-шашын тек қыста жауады және оның мөлшері батыстан шығысқа қарай кеми береді. Жазда аймақ Оңтүстік Үндінің максимумының ықпалына ұшырайды. Температура жағдайы әсіресе жазда өте тұрақсыз. Әдетте, оның бұзылуы солтүстіктен күшті ысыған ауаның кіруіне байланысты, ол кейде 40ºС-ден асып түседі, алайда оңтүстіктен жиі-жиі келетін суық пен ылғалды желдер бұл жылы ауа ағысын ауыстырып тұрады.
Аустралияның оңтүстік-шығысында, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияда климат бір қалыпты ылғалды, жауын-шашын жазда ең көп жауады, оны шығыс және солтүстік-шығыс желдері тікелей теңіз жақтан әкеледі. Қыста жауын-шашын полярлық фронтқа байланысты. Тропикалық фронттан бұл аймақ қыста орташа температурасының неғұрлым төмен болуымен ерекшеленеді (+5, +10ºС). Тауда аяз -20ºС-ге дейін болады.
Аустралияның оңтүстік жағалауларының орта бөлігі Эйр түбегінің екі жағынан жауын-шашынды өте аз алады және маусымдық температураның едәуір айырмашылығымен сипатталады. Жауын-шашын онда қыста аз мөлшерде жауады.
Тасманияның оңтүстік бөліктері мен Жаңа Зеландия қоңыржай белдеуге енеді. Бұл аралдардың климат жағдайлары үлкен ылғалдылық және температурасының бір қалыптылығымен көзге түседі. Батыс айналымның тұрақты әсері әсіресе жауын-шашынның батыс жағалауларда және таудың батыс баурайларында мол түсуіне жағдай туғызады. Қыстағы аяз -5, -7ºС-ге дейін болатын таулы аудандардан өзге жерлерде жаз бен қыстағы температураның айырмашылығы шамалы болады.
Аустралия, Тасмания, Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия өзендерінің ағыс көлемі 1600 текше шақырымға тең, ағыс қабаты 184 мм, яғни Африкадағыдан сәл көп. Аустралияның жеке ағыны көлемі не бары 350 текше шақырым, ағын қалыңдығы небары 46 мм-ді құрайды, яғни басқа материктердің барлығына қарағанда бірнеше есе аз. Бұл материктің үлкен бөлігінде жауын-шашынның аз түсетіндігіне және оның алабында биік таулар мен мұздықтардың жоқтығына байланысты.
Ішкі ағын аймағына Аустралияның беткі бөлігінің 60%-ы жатады. Шамамен территорияның 10%-ы Тынық мұхитқа, қалған бөлігі Үнді мұхитқа құяды. Материктің басты суайрығы - Үлкен Суайрық жотасы, оның баурайларынан неғұрлым ірі және суы мол өзендер ағып жатады. Бұл өзендер тек жаңбыр суымен ғана қоректенеді.
Жотаның шығыс баурайының қысқа және тік келуі себепті Маржандар теңізі мен Тасмания теңізі жақтарына қарай ағысы күшті, қысқа өзендер бұралаңдап ағады. Азды-көпті біркелкі су ала отырып, олар Аустралияның ең суы мол және жазғы максимумдары айқын байқалатын өзендері болып табылады. Жоталарды кесіп өтіп кейбір өзендер шоңғалдар мен сарқырамалар түзейді. Ең ірі өзендердің ұзындықтары бірнеше жүздеген километр. Олардың кейбіреулерінің төменгі ағысынан 100 шақырым және одан да көп жерде кеме жүзеді, сағалары мұхит кемелерінің жүзуіне де қолайлы.
Сондай-ақ Арафур және Тимор теңіздеріне де құятын Солтүстік Аустралия өзендерінің де суы мол. Олардың ішіндегі елеулісі Үлкен Суайрық жотасының солтүстігінен ағып шығатындары. Алайда Аустралияның солтүстігіндегі өзендер режимі жаз бен қыста жауын-шашын түсуінде елеулі айырмашылық болатындықтан, шығыс өзендеріне қарағанда әркез тұрақты бола бермейді. Олардың суы көбейіп, жазғы муссондық жаңбырлар кезінде арнасынан жиі-жиі асып кетеді. Қыс уақыттарында бұл баяу ағатын енсіз су ағыстары бас алатын кей тұстарда кеуіп қалады. Солтүстіктің неғұрлым ірі өзендері - Флиндерс, Виктория мен Ордтың бірнеше ондаған км төменгі ағысы кеме жүзуге қолайлы.
Аустралияның ірі су жүйесі - Муррей (Марри) - Дарлинг жүйесі. Бұл өзендер Үлкен Суайрық жотадан ағып шығып, оңтүстік ойпатта қосылады. Муррей Дарлингтен қысқа болуына қарамастан, бұл жүйедегі басты өзен болып саналады, өйткені Дарлингке қарағанда суы анағұрлым мол болады.
Материктің ең ірі көлі - Эйр, Орталық жазықта жатыр. Оның деңгейі теңіз деңгейінен 12 м төмен. Көл қазан шұңқыры кең байтақ аймақтың ағын орталығы болып табылады және уақытша су ағыстарының - криктердің (Куперс, Дайамантин, Эйр, т.б.) бүтіндей жүйесін қабылдап алады. Көл таяз, күшті тұзданған, оның көлемі мен пішіні тұрақсыз болады, жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады. Жауын кезеңінде криктер таудан өзенге көп су әкеледі, сөйтіп ол суға толығады. Неғұрлым ылғал жылдары Эйр көлінің ауданы 15 мың шаршы шақырымға жетеді. Жылдың көп уақытына созылатын құрғақ кезеңдерде судың криктерге құйылуы тоқталады, көл суы буланады және олар бір-бірімен қабыршақ тұз басқан телімдер арқылы жалғасқан, таяз су қоймаларына бөлініп кетеді.
1.2 Океанияның зерттелуі
Океания -- Тынық мұхитының орталық және оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан жүздеген көбіне шағын аралдар мен атоллдардан құралған географиялық аймақ, геосаяси жер бөлігі.
Жер шарындағы ең үлкен аралдар тобы Тынық мұхитының орталық және оңтүстік-батыс бөлігінде Солтүстік жартышардың субтропикалық аймақтары мен Оңтүстік жартышардың қоңыржай белдеуінің арасында орналасқан. Жерді құлықтарға бөлгенде көбіне Океанияны көбіне Аустралиямен бірге Аустралия және Океания деп арашалайды. Кейде бөлек құрлық деп есептейді.
Океанияның жалпы аралдар ауданы - 1,26 млн км² (Аустралиямен бірге 8,52 млн км²), тұрғындар саны - шамасы 10,7 млн адам (Аустралиямен бірге 32,6 млн адам).
Океанияны географиялық орналасуы бойынша
Меланезияға
Микронезияға және
Полинезияға бөледі.
Кейде Жаңа Зеландияны арашалайды.
Океанияның аралдары мен атоллдары Тынық мұхитының көптеген теңіздермен шектеседі:
Маржан теңізі,
Тасман теңізі,
Фиджи теңізі,
Коро теңізі,
Соломон теңізі,
Жаңа Гвинея теңізі,
Филиппин теңізі
және Үнді мұхитының
Арафур теңізімен.

2.1 Аустралияның және Океанияның жер бедері
Австралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады.
1. Батыс Австралия таулы үстіртінің орташа биікт 400 -- 500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр.
2. Орталық ойпаттың биікт. 100 метрден аспайды, ал Австралиядағы ең темен жер -- Эйр к-нің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңт.-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар.
3. Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жот асы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Австралияда ең биік жер -- Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан.
Геологиялық құрылысы және кен байлықтары
Құрлықтың іргетасын, негізінен, Австралия платформасы мен Шығыс Австралия геосинклинальді белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент шығанағына дейінгі орталығын және оның Арафур т. астындағы бөлігін, Жаңа Гвинея аралының оңтүстігін қамтиды. Геосинклиналь белдеуі Кейп-Йорк түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді. Австралия платформасының түпкі негізі (архей-төм. протерозой) күшті метаморфтану салдарынан гнейс пен гранитке айналған жанартаулық жыныстар мен терригенді шөгінділерден тұра-ды. Архей жыныстары Пилбара мен Калгури жақпарларында, солтүстікте Кимберли үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солт.-батысында кездеседі. Протерозой шөгінділері Батыс Австралияның Наллагайн, Кимберли үстірті ойыстарында, Карпентария шыганағының оңт.-батысында көп ұшырасады. Платформаның солт.-батысындағы Үлкен құмды шөлде триас, юра шөгінділеріне толы Каннинг ойысы, Үлкен шығанақтың солт. жағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозой дәуірінің Юкла ойысы бар. Шығыс Австралия геосинклиналь белдеуі батыстан шығысқа қарай біртіндеп алмасатын каледондық (Аделаида) және герциндік (Жаңа Англия) жүйелерден құралған. Солтүстік-тен оңтүстікке қарай Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше ойыс жатыр.
Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңт. мен бат-ндағы протерозой шөгін-ділерінде темір мен марганец-тің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кентасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геол. жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлыктың шығысы мен батысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.
Ағынсыз тұзды көлдердің үлкен тобы материктің оңтүстігінде жатыр. Бұл Торренс, Гэрднер, Фром, т.б. көлдер таяздап, құрғақ уақытта жекелеген су қоймаларына бөлінеді және күшті жаңбырдан кейін тасиды. Олардың барлығы кең сортаң алқаптармен қоршалып жатыр.
Аустралия халық аз қоныстанған құрлық болып табылады (18 млн-дай адам). Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 2,3 адам. Халықтың аз қоныстануына қарамастан, Аустралия жоғарғы урбандалған мемлекеттің бірі. Халықтың 90%-ы қалада қоныстанған.
Аустралия ерекше қорғауға алынған аумақтарға бай құрлық. Бүгінде мұнда 2500 ерекше қорғауға алынған аумақтар бар, олар шамамен 33 млн га алып жатыр. Аустралияның қорғауға алынған нысандарының 11-і ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген.
Аустралияның негізгі туристік ресурстарына мыналар жатады:
- жағажайлар, мұнда жартасты шоқылар мен ақ құмды жағажайлар алмасып келіп отырады ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz