БАҒДАРШАМНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ РОЛІ


БАҒДАРШАМ - жарықпен белгі беру арқылы көшедегі, автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. Ол белгі беру тәсілдеріне қарай: түрлі түсті Бағдаршам (жарығы жасыл, сары және қызыл түсті, ал темір жолда бұларға қосымша көгілдір және ақ жарық), позициялық Бағдаршам (бір түсті жарық) және құрама Бағдаршам болып ажыратылады. Алғашқы Бағдаршам типтес құрылғы 1868 жылы Лондон көшелерінде, үш түсті электрлік Бағдаршам 1918 жылы Нью-Йоркте, 1930 жылы Мәскеуде орнатылған. Темір жолында 20 ғасырдың басынан бастап қолданылды. Бағдаршам белгі санына қарай 1 - 5 секциялы болады. Бағдаршам іске автоматты түрде не қолмен қосылады.
Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 1914 жылдары америка қалаларында екі түсті (қызыл, жасыл) электірлі бағдаршам болды. 1918 жылдан бастап үш түс қолданысқа енді. Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қалаларының көшелерінің қиылысынан орын алды.
Ия, бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. - Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды.
Таңның атып, кештің батысына дейін ары - бері жүретін сіз жол бойында үнсіз тіл қатып тұратын бағдаршамға күніне неше рет жолығасыз? Үш түстен құралған қарапайым бағдаршам «Тоқта, дайындал, жүр!» деп жанып - өшіп, қаншама адамның мезгілінен бұрын көз жұмуынан сақтап тұр екен?! Ол түсін алма кезек ауыстырғанда көз алдыңызға не елестейді? Бағдаршам сіз үшін қай кезде жүріп, қай кезде тоқтау керектігін түсіндіретін құрал ғана ма?. .
Сағат тілі таңғы жетіні көрсетіп тұр. Терезе жанына барған мен далаға көз салдым. Қыс мезгілі болғандықтан айнала қараңғы. Көше бойында қаз қатар тізілген шам жарығынан биік үйлердің сұлбасы көрінеді. Мен тұратын үй мен қарсы бағытта орналасқан көп қабатты үйдің ортасында ұзын жол бар. Бағдаршамның түсі жасылға өзгергенде жолдың екі жағында тұрған адамдар әрі-бері жүре бастады. Міне, қызық! Бесінші қабаттан төменге көз салып тұрған адам үшін жол үстінде ары - бері сабылып жүрген екі аяқты тіршілік иелері қаптаған қара құмырсқаға ұқсайды екен. Ерекше көріністі тамашалап тұрғанымда бағдаршамның сары түсі жанды. Осы кезде көліктер жүруге дайындалса, жол үстіндегі адамдар жолдың арғы бетіне жетуге асықты. Бағдаршам қызыл түсті көрсеткенде жолдың екінші бетіне өткен адамдар аяңдап басып, әлдеқайда кете барды. Қайда бара жатқаны мен үшін белгісіз.
Қызық . . . Өмірдің өзі бағдаршамға ұқсайды екен-ау! Бағдаршамның «жүр!» деп жасыл түсі жанғанындай, «өмірге кел!» деген бұйрықпен жарық дүние есігін ашамыз. Бағдаршамның сары түсі «дайындал!» дегенді білдіретіндігіндей, өмірге келген адам өлімге қарай қадам басып, жалғаннан мәңгілікке кетуге дайындалады. Бағдаршамның «Тоқта!» дегенді білдіретін қызыл түсі жанғанындай, күндердің бір күнінде тағдырдан «Тоқта!» деген бұйрық келеді. Жолдың ар жағына өткен адамдардай біз де өлімнен кейін әлдеқайда бет аламыз. Не жұмақтан, не тозақтан тұрақ табарымыз Алладан басқасына аян емес.
Бағдаршамдағы сары түстің ұзақ жанбайтыны бәрімізге белгілі. Адамның өлшеп берілген ғұмыры да көзді ашып жұмғандай тез өте шығады. Жолдың арғы бетіне өтуге асыққан адамдардай, біз де әлдеқайда асығамыз да жүреміз. Асығатынымыз сондай, жан - жағымызға зер салып қарауға, өзіміздің ішкі дүниемізге терең үңілуге, көп нәрсенің қадірін білуге уақыт таппай қаламыз.
Адамзат атынан сөйлеуден аулақпын, дегенмен қазір тіліме тиек ететін әрекетердің сізге де қатысты болуы ғажап емес. Өзіңізге «Мені кім көп ренжітті?» деген сұрақтың орнына «Осы уақытқа дейін кімді көп ренжіттім?» деген сұрақ қойып көріңізші. Көз алдыңызға кімдер келеді? Көпшілігіңіздің көз алдыңызға ең алдымен ата - анаңыз келуі мүмкін. Себебі біздер кез келген қателігімізге көз жұма қарап, кешіре білетін адамдардың қадірін біле бермейміз. Әлдекімге ашулансақ, ренжісек бұлқан - талқан болған күйімізді көтеретін кім? Әрине әлемнің жарығын сыйлаған анамыз! Ес біліп, ересек жасқа жетсек те құшағына қысып, жас балаша еркелететін сол бір аяулы жанды түсінбей «Жас бала емеспін ғой! Не үшін еркелете береді?» деген ойдың жетегіне кететін біз арада ұзақ жылдар өтіп, әке - шешеміз бақилық болғанда әкенің ақылы мен ананың мейіріміне қаншалықты мұқтаж екендігімізді түсінеміз . . . (Кеш түсіну - адамзат атаулыға тән қасиет-ау!)
. . . Арманыңыз асқақ, қиялың шексіз бала кезіңізде туған жерден (мейлі ауыл, мейлі қала болсын) жырақтап, алысқа кеткіңіз келеді. Сол алыс жақта жарқын болашақ күтіп, өміріңізде оңды өзгерістер болатындай сезімде боласыз. Кәмелеттік жасқа жетіп, өз бетіңмен шешім қабылдауға қабілетті болғанда оқуыңызды жалғастыру немесе басқа да мақсаттармен көзіңіз көрмеген жаққа кетесіз. Ол жақта бәрі бөтен адамдар, ешкім сіздің басыңыздан сипап, еркелетпейді. Үйге келсеңіз бар тәтті - дәмдісін алдыңызға жайып отыратын ата - анаңыз, қиындықта қол ұшын беретін бала кезгі достарыңыз да жоқ. Өміріңіздің қалам ізі түспеген жаңа парағы ашылғанын түсінесіз. Бойыңызда үміт пен күдік қатар жүреді. Ол кезде ешкім де сізден «Былай етсем саған ұнай ма? Мынадай сынақ жіберсем, сынақтан сүрінбей өте аласың ба?» деп сұрамайды. Себебі бұл он бірінші сынып бітіргенде тапсыратын тест сынағына он бір жыл бойы дайындалатын мектеп қабырғасы емес, бул - өмір! Өмір сынақтарын алдын ала ескертіп айтпайды, «сынақтан өте аласың ба?» деп сұрамайды. Алдыңнан сынақ шықса «өте алам ба, өте алмаймын ба?» деген сұрақ болмауы да керек, өйткені сынақ сізге сүріндіру үшін емес, шыңдала түссін деп беріледі. Осындай сан сұрақтың жауабын таппай жүрген кездеріңізде бір кездері қадірін білмеген, «осы жерден алысқа кетсем ғой, бар арманым орындалар еді!» деген туған жеріңізді сағына бастайсыз! Бір - бірін естімейтін, бір - бірін түсінбейтін, түсінуге тырыспайтын, алдына қойған мақсаты мен мақсатқа жетуге себепші болатын пайдалы адамдарды ғана көретін адамдардан қашып кетіп, туған жеріңде тұрақтап қалғыңыз келеді. Бірақ адамдардан «алысқа кетіп арманына жете алмай, сағы сынып қайтты» деген сөзді естимін деген қорқыныш сезімі сіздің кері қайтуыңызға жол бермейді . . . (Бұл қорқыныш талай жетістікке жетуіңізге себепші болуы мүмкін) .
Өмірден өз орныңызды табуға талпынып жүрген күндердің бірінде сіздің қасыңыздан табылып, қол ұшын беріп, қуаныш - қайғыңызды тең бөлісіп, сізге бақыт сыйлағысы келетін жанды жолықтырасыз. Бірақ сіз оны көзіңізге де ілмейсіз. Себебі алдағы уақытта алдыңыздан одан да жақсы адам шығады (бәлкім кездесіп те қойған) . Сіздің көзіңіз сол жаннан өзгені көре алмайды. Сізді бақытты еткісі келетін бір адам сияқты, сіз басқа бір адамды бақытты еткіңіз келеді. ОДАН ДА ЖАҚСЫ (тіпті бәрінен жақсы ) деген адамыңыз уақыт өте келе сезімнің өшкенін, сізден де жақсы біреуді кездестіргенін айтады. «Сен де жақсысың, бірақ жүрекке әмір жүрмейді» деп, сөз соңында саған бақыт тілеп, өз жолымен кете барады. Осы кезде жақсы деген адамның да жылатып кете алатынын, шынайы сезіміңді бағалай білмеудің қандай ауыр екенін түсінесіз. Сізді бақытты еткісі келген жанды түсіне бастайсыз, алайда ол да сізсіз де күле алатынын, сізсіз де қуанып, сізсіз де бақытты өмір сүре алатынын әлдеқайда түсінген . . .
Жүйрік аттың шабысындай зулаған уақыт өте береді, өте береді. Ал сіздің жан жараңыз жазылмайды. Сағаттың тық - тық еткен дыбысы сізге «Мен өтіп барам, мен өтіп барам! Әр сәтің бағалы, қайтып оралмайды! Оян! Өмір сүр!» дейді. Атқан таң да, батқан күн де, алма кезек ауысып отыратын жыл мезгілдері де, жауған қар, құйған жауын, аққан жұлдыз да «Өмірде бәрі де өткінші" деп сыбырлап, өткінші сәтті өкінбестей етіп өткізуге кеңес береді. Бірақ сіздің көңіл - көзіңіз ештеңе көрмейді, жүрегіңіздің құлағы ештеңе естімейді . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz