Байланыстыра сөйлеу әдісінің түрлері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Орал техникалық гуманитарлық колледжі


Пәні: Тіл дамыту

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету

Орындаған: Бижанова С.Х.
Тексерген: Айтқалиева Ә.М.

Орал, 2013
Мазмұны

Кіріспе

1. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің әдістері
2. Байланыстыр сөйлеу әдісінің түрлері
3. Баланың белсенді сөздік қоры мен сөйлемдерді дұрыс құруы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Балалардың ересектермен тілдік қатынасын дамыту. Қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б. Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру. Балаларды (1 жас 2 ай - 1 жас 4 ай) былдырды белсенді қолданып, былдыр сөздерді айта білуге ынталандыру. Жиі еститін дыбыстар мен сөздерге еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық, өкіну және т.б. дауыс сазын білдіретін дыбыстар мен сөздерді айту. Сөздік қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру. 1 жас 6 айға қарай таныс заттарды (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету.
Ересектердің сөздерін тыңдауға, Бұл не?, Не істеді? сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, болмайды, рұқсат сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.
Балалардың ынталық және жауап беру тілін дамыту. 1 жас 6 айға қарай екі сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге ынталандыру.
Ересектердің сөйлеген сөздеріне еліктеу арқылы жеке сөздер мен тіркестерді жаңғырта білуді, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту.
Сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету, заттар мен іс-әрекеттерді білдіретін жаңа сөздерді енгізу, былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді біртіндеп тілдік формамен ауыстыру, пассив сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету.

1. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің әдістері

Балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретуден бұрын біз балаларды бағдарламада белгіленіп берілген жоспар бойынша кішкентай (сәбилер) тобынан бастап тіл үйретудің 2 әдістерімен таныстыруымыз қажет. 1,5 - 2 жастар аралығында сәбилер тобынан еліктеу әдісі көп пайдаланылады.
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді бірақ әр түрлі етіп айтады, үйретуші ересек адамдармен сөйлеседі. Сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге және мағынасын түсінуге тырысады.
Ойыншықтармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан екінші орынға ауыстырады, лақтырады, кәрсетеді, итереді, бұрайды, шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды және олардың қимылын атайды. Мұнда тәрбиеші немесе ата-ана баламен сөйлесуге, оны жетелейтін сұрақтар қоюға тиіс. Мына машина жүре ме? Шар қандай? Паравоз, машина қандай дыбыс береді? Осындай сұрақтарға жауап бере отырып, баланың тілі сөйлеуге үйренеді.
Сюжетті драмалық, рольдік режиссерлік, драматизациялық ойындарда балалар таныс ертегідерден, бір кейіпкердің ролін алып, ойын процесінде өз кейіпкерлерінің сөзін қайталайды сол арқылы бала өзінің сөзін байытады. Сюжетті ойындар үйренген тілдік қүралды бекіте түсуде тамаша жаттықтыру болып табылады. Баланың ойын кезіндегі сөйлеу мөлшері оның жас шамасына байланысты, тәрбиешінің кейбір тұрмыстық, әрекеті орындау кезінде айтқан сөзіне балалардың еліктеуі мүмкін.
Балалардың тілін үйрету әдісі - сөйлеу әдісі, сұрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу деп те аталады.
Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек олардың екеуі де сөйлейді, бір-ақ бір сөзді емес еліктеу әдісіндегідей, әр түрлі сөздер сөйлейді, тәрбиеші немесе ата-ана өзінің сүрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды немесе тақырыпты еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді. Бұл әдіс заттар мен немесе дидактикалық, логикалық ойындармен, ойыншықтармен шектеледі. Мысалы: Ойын-сабақтың белгілі бір ойынның ережесімен таныстырады. Содан соң балалардың өз беттерімен ойнауға мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындарда баланың тілін дамытатын үлкен мүмкіндіктер бар, өйткені дидактикалық ойын арқылы берілетін кез келген білімді бала сөйлеу түрінде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу тілін дамытуға арнайы арналған дидактикалық ойындар да бар. Бұл сөйлеу түріндегі дидактикалық ойындар. Мысалы мектепке даярлық топтарда балалар белгілі дыбысқа сөз ойлап табады. (О) - Отан, орақ, ожау, ою т.б. сөздерді еркін ойлап тауып, сосын сөзге сөйлем ойластырады.
Менің атам орақпен шөп шапты. Әжем әдемі ою ойды т.б. бұл жастағы балалар жұмбақтарды айтып немесе өздері жүмбақ ойлап табады. Бұл дидактикалық ойынның басты ережесі жұмбаққа арқау болған затты көріп, қолмен ұстап, дыбыс шығаратын болса тыңдаулары керек. Байланыстыра сөйлеуге жаттығу үшін тәрбиеші белігілі бір тақырыпты белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше сүрақтар қойып, балалардың тілін дамытуды ұйымдастыра алады. Балаға сұрақтың бәрін бірдей қоймай, бір-бірлеп қойып оны екеу ара әңгімеге шақыру керек.

2. Байланыстыр сөйлеу әдісінің түрлері

Сөйлесу әдісі - балаға тәрбиеші өзінің сөздік қорын орынды пайдалануға және сол арқылы тілін жетілдіре түсуге үйрететін әдіс. Сөйлесу әдісі - сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.
Еліктеу әдісінен кейін қайталап айту әдісімен сөйлесуге үйретеді. Қайталап айту әдісі тәрбиеші балаларға көркем әдебиет шығарманы айтып береді немесе серуендегенде саяхатта болғанда өздері көрген нәрселерді олардың есіне салады, немесе белгілі бір тақырыпта жоспар бойынша айтып баяндайды. Қайталау әдісі - еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Жобалау мен шығармашылық
Баланың сөйлеу жүйесінің қалыптасуы
Тілдің қатынас қызметі
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Ағылшын тілін оқыту
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Шетел тілі сабақтарын тиімді өткізу мақсатында коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану
Шет тілін оқытуды жетілдірудің негізгі жолдары
Пәндер