Бақыт ұғымының теориялық негізі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Бақыт ұғымының теориялық негізі

Орындаған: Әлеуметтік педагогика
және өзін-өзі тану мамандығының
3 курс студенті Олинова А.Ш.
Тексерген:п.ғ.к.доцент Ергалиева Г.А.

Орал, 2014

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫНДА БАҚЫТ ҰҒЫМЫНЫҢ ПАЙЫМДАЛУЫ
1.1 Бақыт ұғымының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Қазақ қоғамында бақыт ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Бақыт концептісінің философияда, психологиялық еңбектерде, лингвистикада зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2. Бақыт - адамға өмірлік рухани күш беруші құбылыс
2.1 Бақыт концептісінің ақпараттық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...18
2.2 Бақыт - әлемге деген діни қатынас пен руханилықты қалыптастыру жолындағы негізгі тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

КІРІСПЕ
Бақыт ұғымы адам баласының рухани құндылықтарының біріболғандықтан рухани мәдениеттегі ролі ерекше. Ал рухани мәдениеттің қоғамдағы әлеуметтік маңызы зор. Қазақхалқының дүниетанымдық көзқарасы мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтардың өз орны бар. Өз кезегінде ұлттың рухани бағдары, негізгі өмірлік позициялары, дүниетанымы да осы құндылықтарға байланысты қалыптасып дамыды.
Адам қашанда өмірдің мәнін ұғынуға ұмтылғандықтан және бақытқа жетуге тырысқандықтан аталмыш мәселе - адамзат баласын ерте кезден толғандырып келе жатқан философиялық тақырып. Бұл жерде өмірдің мәні мен бақыт арақатынасының өзара терең байланысы бар. Өйткені өмірдің белгілі бір мәнділігі бақыттың алғышарты болып табылса, екінші жағынан бақытқа деген ұмтылыс өмірдің өзіне белгілі бір мән-мағына береді. Мән-мағынасыз өмір сүру - адам үшін бақытсыздық және керісінше адам өз өмірін терең пайымдай алса ғана, бақыт сезімін сезіне алады. Бақыт ұғымы моральдық сананың тұрақты әрі құбылмалы қондырғысы болып қана қоймай, күнделікті тіршіліктің де бағыт-бағдарын айқындайды. Бақыт - ең алдыменадамзат баласы қанша ұмтылғанымен шешімін таба алмаған, сол себепті де ақырына дейін танылмаған танымдық құбылыс. Бақытты - сол тәрк етіп түндерін, бақыт іздеп азаптанса кімде-кім, деп қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев айтқандай, өмірдің мәнін із-деп, бақытты табуға ұмтылу философияның негізгі мәселеле-рінің бірі.Адамзат тарихында, оның өн бойын көктей өтіп отырған жалпы-адамзаттық мәңгі құндылықтармен қатар, әр дәуірдің, әр қоғамның өзіне тән құндылықтар жүйесі болғанын да теріс-ке шығаруға болмайды. Өмірдің мәнімен байланыстағы бақыт мәселесі ХХ ғасырда (әсіресе, екі дүниежүзілік соғыс пен концлагерьлерден кейін) болу не болмау деген гамлеттік сұрақ-пен сипатталатындай ерекше драмалық мән мен өзектілікке ие болды. Өмірдің мәнін зерттейтін абсурд философиясының негізін қалаушының бірі, орыстың ойшыл жазушысы Ф.М. Достоевский өз-өзіне қол жұмсаушылықты мәңгілікке деген сенімнің жоғалуынан көреді.Философия мен мәдениет тарихында бақыт туралы қол-данбалы этикалық пәнді фелицитология деп атайды. Қазір-гі заманғы бақыт туралы ілімдерде негізінен үш бағытты ай-қындауға болады: бақыт психологиясы, бақыт аксиологиясы және бақыт социологиясы. Психологиялық тұрғыдағы бақыт - жағымды көңіл-күй, өмірден қанағат алу, қуаныш пен шат-тыққа және ләззатқа кенелу. Аксиологиялық тұрғыда, бұл - құндылықтар, адам өміріндегі жақсылықтардың өлшемі, адам болмысының мәнімен байланысты барлық ізгі адамгершілік-ті қасиеттерді игеру. Бақыт социологиясы утилитаризммен (пайда туралы іліммен) тығыз байланысты. Адамды бақытқа жеткізетін құндылықтар тізіміне мыналар кіреді: денсаулық, байлық, билік, абырой (репутация), жақсы қарым-қатынас, достық, жұбаныш және т. Б.
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік философия тарихында бай дәстүрі бар бақыт тақырыбының бүгінгі күнде қолданбалы, тұтынушылық сипатта қойылуы мен зерттелуі адамның өмір сүруінің негіз-құраушы болмыстық және құндылықтық өлшемдері терең өзгерістерге ұшырап отырған осы заманның келбетін айқын-дайды және тән мұқтаждықтарының өтелуі алға шығып, рух ұмыт қалған руханилықтың дағдарысын да білдіреді. Осын-дай ықпалдардан қорғану және ұлттың өзін-өзі сақтау тетігін жандандыру мақсатында бақыт метафизикасының байырғы түркілік дәстүрлеріне үңіле түсуіміз қажет. Осыған орай, ұлттық таным-түсінігіміздегі бақыт ұғымын тарихи тұрғыдан зерделеу бүгінгі кезеңге дейінгі бұл түсінік-ті қалайша пайымдағандығын теориялық негізде анықтап алуымызды қажет етеді. Бұл - бақыт ұғымын тарихи-логикалық негіздермен қамтамасыз ете отырып, оны өмірмәндік прак-тикалық бағытта қолдануымызға септігін тигізеді.
Бақыттың мәнін түсінудің басты мақсаты осы жағдайға жетудің практикалық тәсілдерін игеру болғандықтан да, мұн-дай эмпирикалық бағдар бақыттың мәнін мәдениет тұрғысынан, оның ішінде дәстүрлі этностық мәдениет пен дүние-таным тұрғысынан зерттеуді қажет етеді. Өйткені дәстүрлі мәдениет пен дүниетаным жеке адамды тәрбиелеудің, әлеуметтендірудің, мәдениеттендірудің және оған ықпал етудің қуатты факторы болып табылады. Дәстүрлі түркі және қазақ дүниетанымындағы бақытты зерттей отырып, халық санасындағы ортағасырлық этникалық құндылықтарды өзекті-лендіру негізінде бақыт категориясын түсінудің тұжырымдамасын ғана емес, қарапайым адамның рухани әлемінің негіздерін құрайтын дүниетанымның жағымды бағдарын да айқындауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бақыт ұғымының теориялық негіздерімен танысу, бақыт ұғымының метафизикасын ғылыми-философиялық, тарихи әрі теориялық тұрғыдан талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері: Бақыт ұғымына түсініктеме беріп, бақыттың адамға рухани күш беруші құбылыс ретіндегі философиялық-антропологиялық мән-мағынасын талдау, бақыттың қоғамдық әлемді құрудың мақсаты мен жағдайын қалыптастырушы дүние екендігін білдіретін ұғымын әлеуметтік қырынан түсіндіріп, түйіндеу болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫНДА БАҚЫТ ҰҒЫМЫНЫҢ ПАЙЫМДАЛУЫ
1.1 Бақыт ұғымының теориялық негіздері
Философия адамзат руханиятының үлкен бір саласы болуымен қатар, біздің күнделікті өмірлік тәжірибеміздің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғамдар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат мәдениеті дамуы-ның бүкіл ұзақ жолына ілесіп келеді. Ғылыми білім мен философияның пайда болу дәуірін Карл Ясперс өзектік кезең деп атайды. Адамзат тарихындағы бұл төңкерістік кезең алғашқы қауымдық дәуірден өркениеттілікке өтуді, мифологиялық дүниетанымнан қоршаған ортаның ғылыми-философиялық пайымдалуына өтуді білдірді және бұл құбы-лыс біздің заманымызға дейінгі VIII - II ғасырларда Шығыста да, Батыста да бірдей орын алды. Әлемдік философияның дамуын хронологиялық тұрғыда жіктейтін болсақ, оның мынадай ірі кезеңдерін бөліп қарас-тыруға болады: 1) ежелгі дәуір (ертедегі мессопотамиялық, ирандық, үнді, қытай және ежелгі грек-римнің антикалық философиясы); 2) ортағасырлық философия (Шығыста исламдық философия, Батыста христиандық философия); 3) Жаңа заман философиясы (Еуропадағы рационалистік философия); 4) Қазіргі заман философиясы (бейклассика немесе постмодернизм). Мұның ішінде ортағасырлық философияның өзіндік ерекшелігі болды. Яғни негізгі тақырыбы Құдай - адам - әлем мәселелерімен сипатталатын бұл философия теоло-гиямен тығыз байланысты болды. Бүкіл ортағасырлар бойы Шығыста - ислам діні, Батыста - христиан діні дүниетаным-дық тұрғыда доминантты рөл атқарды. Ақыл мен сенім тұтастығындағы ортағасырлық философияның мынадай өзге-шелік белгілері болды: 1) Егер антикалық философияның мақсаты шындыққа жету болса, ортағасырлық философияның мақсаты қасиетті қасиетті Құранда немесе Інжілде айтылып қойған шындықты, Қасиетті Сөзді ұғынуға ұмтылды; 2) ортағасырлық философияның негізін теоцентризм, провиден-циализм, креационизм, традиционализм құрады; 3) инкар-нация (құдаймен бірігу) идеясы адамзат баласы үшін өзін құрбандыққа шалған пайғамбарлардың алдында, Құдайдың алдында күнәhарлықты өтеумен байланыстырылды. Құтқа-рылу құдайшылдыққа негізделіп, өзіңді-өзің тану Құдайды танумен (мағрифатпен) түсіндірілді. Ортағасырлық түркі философиясына араб философия-сының зор ықпалы болды. VII ғасырда ислам діні қалыптас-қаннан кейінгі мәдениеті өркен жайған Араб халифатында философия ерекше дамыды. Бастапқыда Куфа және Басра қалаларында шоғырланған араб философиясы Қасиетті Құрандағы Алладан келген уәхи-сөздерді тәфсірлеп, тікелей теологиялық сипатта дамыды. Ал VIII ғасырдың орта тұсынан бастап Платон, Аристотель, Плотин сияқты антикалық авторлардың араб тіліне аударылған шығармалары жарық көргеннен соң араб философиясы шығыс перипатетизмі деп аталатын жаңа бағытта дамып, оның орталығы Бағдат қаласындағы Бейт-әл-хикма (Даналық үйі) үйіне көшті. Антикалық философия мұрасын кәламшылар (мутазилит-діншіл рационалистер, ашариттер, джәбәриттер, хариджит-тер), сопылар (мистиктер) мен перипатетиктер (мәш-шаи) исламдық жаңа арнада дамытты. IX ғасырдың аяғында рационалистік бағыттағы карматтар үйірмесі (Ихван ас-сафа - Тазалық бауырластығы) өз дәуірінің философиялық және ғылыми жетістіктерін жүйелеп, 52 трактаттан тұратын энциклопедия құрастырды. Ірі араб философы әл-Кинди Платон мен Аристотель ілімдерін біріктіріп, оны исламмен байланыстырып, эклектикалық жүйенің негізін қалады. Өз кезегінде араб тілдес философия мен ғылымның дамуына орталық азиялық ғұламалар зор үлес қосты: әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Хорезми, әл-Бируни, Омар Хайам, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ.А. Иасауи және т. б. Арабтардың Пиреней түбегін жаулап алғаннан кейін мұсылмандық Испанияда қалыптасқан өркениет Еуропаның рухани дамуына орасан зор ықпал етті. Батыс Еуропаның ортағасырлық схоластикалық философиясында араб тілдес шығыстық перипатетиктермен қатар, мағрибтік философтардың қалдырған үлкен ізі болды, мысалы: Ибн Бадджа (Авеллас), Ибн Туфейль (Абубанер), Ибн Рушд (Аверроэс), Ибн Гебироль (Авицеброн), Маймонид және т. б.Араб тілдес философия мен мәдениеттің күшті ықпалы болғанымен де, ортағасырлық түркі философиясының ұлттық реңкке ие өзіндік ерекшеліктері болды, оны құт, қанағат, несібе, кие, кесір тәрізді дәстүрлі дүниетанымдық әмбебаптардан аңғаруға болады. Дегенмен де түркі фило-софиясының да басқа ұлттық философиялар сияқты (мысалы, ежелгі үнді, антикалық грек, классикалық неміс, ағартушылық француз және т.б.) қалыптасу мен дамуға тән ортақ заңды-лықтарға бағынатыны сөзсіз. Сондықтан да түркі философия-сын жалпыадамзаттық әлемдік философияның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн.

1.2 Қазақ қоғамында бақыт ұғымы

Адамның тұрмыс жағ-дайымен тығыз байланыста болған, халықбақыттыбақыт құсы деп түсінген. Бақыт құсы қолыма қонып, мені бақытты қылады деп ойлаған, ал енді қонбай кетсе, бақытсыздыққа ұшыраймын деп қорыққан. Бақытты болған адамның көңілі көтеріңкі болып, басына тек жақсы ойлар келеді. Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша бақытты болудың маңызды екенін көреміз, бақытты адамдар ұзақ өмір сүреді, ауруға бой алдырмаайды, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады. Бақыт адамдардың кез-келген жерде табысқа жету кепілі. Шын бақытты адам болу бұл байлық та, мансапта емес, ол туа біткен, адамның ықыласымен, тәрбиесімен қалыптасқан қасиет. Жақсы тұрмыс, мол дәулет, биік лауазым да бақытқа бастайтын жол , бірақ ол шын бақыт емес. Адамды бақытқа жетелейтін байлық пен билік болғанымен, бақытқа бастар жол бола тұрып, үнемі үрей туғызатын күш. Олай болса байлық та, билікте адам ба-сынаан ұшып кетуі мүммкін. Сондықтан, адам өз тойымсыз нәпсісін тиып, тәубе деуі керек. Психологиялық тұрғыдан алғанда, бақыт - өмірге қанағаттану деп қабылданады. Адам өзі жақсылыққа ұмтылса, жақсылық та адамға қарай ұмтылады, өз ойы арқылы адам дүниедегі жақсылықтарды ғана қабылдауы керек.Бұл экзистенциалдық жауапкершіліктерден туындаған түркілік адамгершілік ұстанымдарға ислам дінінің де жа-ғымды ықпал еткені сезіліп тұр. Исламның түркі даласына енген алғашқы әрі одан кейінгі кезеңдерінде исламның дүние-танымдық көпқырлылығы, әсіресе, өмірмәндік және адам-гершілік мәселелері адамның күнделікті тіршілігінде ғана емес, даланың ұлы дана ойшылдарының философиялық тұ-жырымдарында да көрініс тапты. Жоғарыда аталған атақты жерлес бабамыз, өз заманында ғылымға жан-жақты ойшыл-дығымен танылған Әбу Насыр әл-Фарабиден өзге, Матуриди өзінің тауил теориясы арқылы Қазақстанға суфизмнің кең таралуына жол ашса, Халлаж Мансұр бүкіл түркілердің осы таным арқылы ислам дінін қабылдауына әсер етті. Түркі халықтары арасында ислами өмірмәндік философияның қалыптасуы мен дамуына түркі сопылығының ұлы өкілі Қожа Ахмет Иасауидің рухани қызметі үлкен әсер етті. Оған дейін 45Ортағасырлық түркі философиясында бақыт ұғымының пайымдалуытүркі тілінде нақыл-дидактикалық моральдық-этикалық жүйелердің арнасын салған Баласағұн мен Иүгінеки бар. Академик Ә. Нысанбаев пен белгілі дінтанушы әрі философ Досай Кенжетай былай дейді: философиялық және әлеумет-тік ойды дамытудағы Иасауидің айрықша дәрежесі мен дүниетанымының ерекшелігі, біздіңше, қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымының топырағына құдайлық таным сопылық-исламдық тұжырымдамасын әкелуі дер едік [65, 58 б.]. Қазақстандық ғылым мен философияда сопылықты зерттеу мен иасауитанушылық салаларының қарқынды дамып келе жатқанын атап өту керек. Бұл тақырып бойынша К. Тәжікова (Идейные предпосылки и особенности развития суфизма в средневековом Казахстане), А. Әбуов (Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави), К. Бегалинова (Суфизм как религиозно-философская картина мира и человека), Д. Кенжетай (Қожа Ахмет Иасауи философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны), Ө. Малдыбек (Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымындағы рухани кемелдену мәселесі), Қ. Қаратышқанова (Қожа Ахмет Иассауидің Диуан-и хикметіндегі ұғым-түсініктердің философиялық мәні), К. Тышхан (Ислам дініндегі адамның рухани ерік-бостандығы мәселесі) және т. б. арнайы зерттеулерін жария-лады. Бұл зерттеулерде сопылық пен көптеген тариқаттардағы негізгі философиялық мәселелер көтерілді, ал олардың басым көпшілігінің экзистенциалды астары бар екені даусыз, өйткені адамға өзін қоршаған ортадан экзистенциалды тәуелсіз болу құштарлығы тән. Ол бір жағынан осы әлеммен тығыз байланыста болса, екінші жағынан оның өзіндік ішкі әлемі бар. Сенім адамды танымайтынды білуге ынталандырады, яғни таным еркіндігін бұл дүние жұмбақтарын емес, тылсым дүние-ні тануға жұмсайды. Бұл тұрғыдан алғанда сопылықтың руха-ни ілімі мен практикасы басқалардан әлдеқайда ерекшеленіп тұрады. Сондықтан да болар, оны әдетте, жалпы ғылыми анықтамалық әдебиеттерде діни мистикалық-аскеттік ағымға жатқызады [66, 225 б.; 67, 360 б.].Батыс философиясында адам үнемі рационализм мен эмпиризм негізінде қаралғандықтан, оның рухани қалыбы мен трансцендентальды қыры назардан тыс қалып жатады, бұл 46Түркі даналығындағы бақыт метафизикасыәсіресе, материалистік дүниетанымда сыңаржақты бағаланады. Адамды материя (ет пен сүйектен жаралған) деп қарау, оны өлшеп-пішіп, талдауға ыңғайлы, сонымен қатар объективті нәтижелер беруі де мүмкін. Адам алдымен рухани тұрғыдан танылмайынша оның мәнін толық ашып, түсіну қиын. Бірақ, рух әлемі өлшеп, тартуға, объективтендіруге келмейді. Терең де тұңғиық интуициялық толқындар мұхиты - адам туралы анықтамалар беру, синтездер жасау мүмкіндігі әзірше жоқ. Адам - сырлар әлемі. Сол сияқты хәл ілімі де сырлармен көмкерілген. Шындығында да бұл мәселе рационалдық әдістермен оңай шешіле қоятын түйінге ұқсамайды. Бұл хәлді бастан өткеру керек. Жалпы исламда жүрек, рух, көңіл негізгі ұғымдардың қатарына жатса, бұл мәселелерді сопылардан артық талдаған ешкім жоқ, өйткені бұл дүниетанымның мақсатының өзі де жүректің пәктігі мен көңілдің тазалығына, материалдық ауыртпалықтардан арылып, рухани еркіндікке жету болып табылады. Көңіл руханилық тұрғысынан алғанда ақиқаттың көрінісі болып табылады. Бұл дүние сынақ алаңы болғандықтан, көңіл нәпсінің жетегінде кетпей, өзінің жаратылыстық мақсатына сай, үнемі жетілу, кемелдену үстінде болуы керек. Адамның көңілі - құдайлық есім мен сипаттардың ең ашық және кемел дәрежеде көрініс тапқан айнасы болып табылады. Адамның көңіл әлемі ашылғанда ақиқатты, сырды ұғынып, кемелдікке ұласады. Сол себепті көңілді тазаұстау, көңіл әлемін ашу - сопы-әулиелердің негізгі мақсаты болып табылады. Сондықтан да Иасауидің тікелей адам мен оның көңіл әлеміне қатысты арнайы жазған Көңіл айнасы атты рисаласы бар [68]. Сонымен қатар, Иасауи бабамыздың Ди-уани Хикмет, және Фақрнама еңбектері - оның хикмет, хәл ілімдерінің айнасы, Иасауи тариқатының этикалық-моральдық және рухани тәжірибелік ерекшелігін көрсететін, оның жалпы дүниетанымының мәнін ашатын негізгі трактаттары. Иасауидің экзистенциалдық хәл ілімінің мәнін ашу үшін алдымен оның дүниетанымындағы хикмет (даналық), ғашық-тық, рух, нәпсі, өмір мен өлім, еркіндік пен жауапкершілік, үрей мен қорқыныш туралы түсініктердің орнын анықтап алуымыз қажет. Сопылық дүниетаным бойынша хикмет дегеніміз құдайлық сырлар мен ақиқат туралы таным, бол-мыстардың жаратылыс мақсатының мәнін ашу, олардың арасындағы байланыстарды танудағы құдайлық еріктің сырын ұғу. Яғни, хикмет - көкірек көзі (басират) деп аталатын сырға қанығу (кашиф - иррацоналдық-интуициялық метод) әдісі арқылы қол жеткізетін сопылық таным. Адамдағы көңіл көзі - ғайып (метафизикалық) әлемге тән ерекшеліктерді көру қабілеті. Қожа Ахмет Иасауи бабамыздың хикметі адамдық кемелдікке және рухани еркіндікке жетудің ілімі болып табы-лады. Адамның адамдыққа жетуі оның нәпсі деген қара қүшті тізгіндеуіне байланысты. Бұл қабілетке адам Алланың жәрдемінің арқасында ие болады.

1.3 Бақыт концептісінің философияда, психологиялық еңбектерде, лингвистикада зерттелуі

Бақыт концептісінің философиялық еңбектерде зерттелуіБақыт ұғымы - этикадағы ең іргелі (фундаменталды) түсініктің бірі. Ол этикадағы жоғары құндылық болып табылатындықтан философия ғылымының негізгі объектісі болып саналады. Адам қашанда өмірдің мәнін ұғынуға ұмтылғандықтан және бақытқа жетуге тырысқандықтан аталмыш мәселе - адамзат баласын ерте кезден толғандырып келе жатқан философиялық тақырып. Өйткені өмірдің белгілі бір мәнділігі бақыттың алғышарты болып табылса, екінші жағынан бақытқа деген ұмтылыс өмірдің өзіне белгілі бір мән-мағына береді. Мән-мағынасыз өмір сүру - адам үшін бақытсыздық және керісінше адам өз өмірін терең пайымдай алса ғана, бақыт сезімін сезіне алады. Бақыт ұғымы моральдық сананың тұрақты әрі құбылмалы қондырғысы болып қана қоймай, күнделікті тіршіліктің де бағыт-бағдарын айқындайды.Философия мен мәдениет тарихында бақыт туралы қолданбалы этикалық пәнді фелицитология деп атайды. Этикалық теория ретінде фелицитологиядағы антикалық дәуірден бері келе жатқан әрқилы көзқарастарды жинақтап, негізгі үш бағытта бөліп қарастырады: гедонизм, эвдемонизм және утилитаризм. Гедонизм (грек тілінен аударғанда - рахаттану, ләззат алу дегенді білдіреді) - өмірдің мақсаты мен ең жоғарғы игілігі және басты жақсылық ләззат алу деп түсіндірілетін этикалық ілім. Гедонизмнің негізін қалаушы Сократтың замандасы ежелгі грек философы Аристип (б.з.д. 435-355 жж.) адам жанының екі жағдайын айырады: жанның жұмсақ әрі аялы қозғалысы ләззатты білдірсе, дөрекі әрі секірмелі қозғалысы ауыруды білдіреді. Бақытқажету, Аристиптің пікірінше, аурудан аман болып, барынша ләззатқа қол жеткізумен сипатталады және өмірдің мәні физикалық ләззат алумен түсіндіріледі [62, 15б.]. Ал бақыттың этикалық теориясы немесеэвдомонизм (грекшеден аударғанда көркею, игілік) - бақыт пен игілікке жетуді барлық ұмтылыстардың ынтасы мен мақсаты ретінде қарастыратынэтикалық бағыт. Антикалық дәуірдегі эвдомонизм теориясының ең жетілген түрін Аристотель жасады. Одан кейінгі бұл бағыттың көрнекі өкілдеріне Шефтсбери, Фейербах, Бехер, Спенсер т.б. жатты. Танымал зерттеуші Г.Д.Бандзеладзе өзінің Этика деп аталатын еңбегінде барлық этикалық жүйелердің алуан түрлілігін бақыт этикасы (эвдомонизм) және парыз этикасы (ригоризм) деп екіге бөлуге болатынын айтады[103].Ал соңғы бағыт - утилитаризм ХІХ ғасырда қалыптасып дамыды. Утилитаризм - латынның пайда, табыс деген сөзінен шыққан. Ол - барлық құбылыстарды олардың пайдалылығы тұрғысынан бағалайтын, адамгершіліктің негізіне пайданы жатқызатын буржуазиялық ілім. Утилитаризмнің негізін қалаушы Иеремия Бентам моральдің негізі пайдалылық деп есептеп, оны ләззатпен теңгерді. Ол моральдің түпкі мақсаты адамдардың қасіреттен қашып, ләззатқа ұмтылатын табиғи қалауына қызмет етуі тиіс деп есептеді. Кейінірек келесі бір ағылшын ғалымы Джон 23Стьюарт Милл утилитаризм этикасындағы буржуйлық ойға тән эгоистік тұстарды жұқартуға тырысты және ақырында әрқилы ұстындардың эклектикалық қосындысына келді [104].Бақыт - философияда терең зерттелгенұғым. Әсіресе, философия ғылымында бақыт көне заманнан келе жатқан адамгершілік құндылықтарының ең жоғары сатысына жатады. Философия тарихында бақыт туралы шығармалардың қатарына анағұрлым танымал мына туындыларды жатқызуға болады: Аристотельдің Никомах этикасы, Сенеканың Бақытты өмір туралы, Аврелий Августиннің Бақытты өмір, Боэцийдің Философиялық жұбаныш, әл-Фарабидің Бақыт жолын сілтеу, Бақытқа жету жайында, Жүсіп Баласағұнның Құтты білік, Гельвецийдің Бақыт, Л.Фейербахтың Эвдемонизм,Дж.С.Милльдің Еркіндік туралы, В.Татаркевичтің Адамның бақыты және т.б. Сондай-ақ, Л.Толстой мен М.Гандидің, қазақта Абай мен Шәкәрімнің шығармалары жатады. Бұл шығармалардың барлығы бір тақырып төңірегінде жазылғанымен, алуан түрлі көзқарастарды ұстанады Дүниежүзілік философиядағы бақыт тақырыбына қатысты айтылғандарды түгел қамтып шығу мүмкін емес. Бақытты гедонистік және эвдемонистік тұрғыдан қарастырған антикалық дәуірдегі гректерден бұрынырақ ежелгі үндінің (брахманизм мен буддизм) және ертедегі қытайлықтардың (конфуцийшілдік, дао және легизм ілімдері) бақытқа байланысты этикалық-философиялық өзіндік жүйелері болды. Мысалы, будда дінінде: Бақытқа екі жолмен жетуге болады -дейді, алғашқы жолы - сыртқы. Ең жақсы баспана, ең жақсы киім, неғұрлым жақсы достар таба отырып, біз бақытқа жетіп, қанағаттанарлық күй кешеміз. Екінші жолы - бұл рухани даму жолы, және ол сыртқы бақытқа жетуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл екі жол да бірдей емес. Сыртқы бақыт ішкі бақытсыз көпке созылмайды. Егер өміріңізде қара дақтар болса, егер жүрегіңізде бірнәрсе жетіспесе, қандай байлыққа малынсаңыз да бақытты бола алмайсыз. Егер сіз ішкі жан тыныштығын тапсаңыз, тіпті қиын жағдайларда да бақытты сезіне аласыз. Материалдыжақсы тұрмыс кейде кейбір мәселені шешуге көмегі тиеді, бірақ ол орнына басқа бірнәрсені береді. Айталық, адам бай, білімді, қоғамда жоғары орны бар, бірақ бақыт оны айналып кетеді. Міне, сол кезде ол тыныштандыратын дәрі-дәрмек немесе алкоголь қолдана бастайды. Оған әр кезде де бірнәрсе жетіспей жатады, бұрынғысынша бірнәрсеге қанағаттанбайды да наркотик немесе араққа тәуелді болады. Бір жағынан аз ғана ақшасын қанағат тұтып тыныштықтан ләззат алатын адамдар бар. Материалдық жақтан кедей адамдар қанағатшыл және бақытты. Міне, дұрыс, ақылды жөнге келу нені білдіреді. Материалды жақсы тұрмыс ешқашан адамның қайғысын толығымен шеше алмайды.
Шәкәрім өзінің философиялық ойларында балалық, адамшылық, дәулет жайлы айта келіп, осылардың ішіндегі шын бақ қайсысы? деген сұраққа жауап іздейді. Осы айтылған идеяларды талдай келіп: ... шын бақ - сол айнаның ең түбіндегі ата-анадағы махаббат пен балалардағы шын таза жүрек еді. Сол махаббат әм таза жүрек сізге де біткен еді. Соны қалдырмай, бұзбай ала жүріп, барша адам баласын өз балаң, өз бауырыңдай көріп, махаббат, ғадалат қылсаң - шын бақыт сол еді. Оны іздеп жүріп көрген бейнет, тартқан қайғы, аңшының қанша бейнетпен іздеген аңын алғанда қуанышқа айналғаны сықылды, саудагердің пайда іздегендегі бейнеті көп пайда тапқанда қызыққа айналғаны сықылды болушы еді деген тұжырым жасайды [112, 9б.]. Сонымен қатар, Шәкәрім бақтың тұрақсыз екендігін айтады.ХХ ғасырда бақыт туралы идеялар мен тұжырымдар әртүрлі бағытта қалыптасып дамыды. Мысалы, поляк философы В.Татаркевич өз еңбегінің ІІ дүниежүзілік соғыста қандай қиыншылықтардан өткендігі туралы айта келіп, бақытқа ерте кезден бастап толық талдау жасайды. Ол барлық философтардың бақыт туралы айтылған идеяларын жинастыра келе, бақыттың төрт аспектісін анықтайды. Олар:
1. Бақыт бақытты тағдыр, сәт ретінде;
2.Бақыт керемет қуаныштар, алаңдаулар ретінде;
3. Бақыт ең жоғарғы игіліктерді игеру ретінде;
4. Бақыт өмірден қанағат алу ретінде.Өзінің О счастье и совершенстве человека атты кітабында бақыттың төрт түрлі түсінігін, оның пайда болу тарихын, бақыт пен қанағаттану, қуаныш, көңіл-күй, жанның тыныштығын талдай келіп, бақытты болудың алғышарттарын (сыртқы игіліктер, сүйікті жұмыс, қайырымды сезімдер және риясыз қызығушылықтар) көрсетеді. Осы еңбегінің кіріспесінде: Всеобъемлющая книга о счастье до сих пор еще не написана, что кажется почти невероятным, если учесть, что существует такое количество книг о проблемах, гораздо менее важных для людей. Я хотел бы, чтобы такой
28книгой стала эта: чтобы, по крайней мере кратко, в ней было изложено все то, объективно можно сказать о счастье; чтобы она не ограничивалась одним аспектом проблемы, хотя бы и самым важным, одной концепсией, хотя хотя бы она и представлялась наилучшей со всех точек зрения, одним способом достижения счастья, хотя бы он и казался самым надежным. Я хотел бы, чтобы это была Сумма счастья(Summadebeatitudine), как такую книгу назвали бы в средние века . Ал Бақыт туралы (О счастье) деген еңбектің авторы М.И.Новиков: Счастье само по себе не приходит, его надо завоевывать. Понять смысл счастье не так просто, как это кажется на первый взгляд. Оно многогранно и многоцветно. Умееть бороться за счастье, не сбиваясь с истинного пути, не так-то легко дей келіп, адам, ғылым мен өнер, денсаулық, отбасы, жастық, орта жас, кәрілік тағы басқалардың бақытқа қатысын анықтайды. Ғалымның бұл еңбегі көбінесе Кеңес дәуірі кезіндегі коммунисттік идеологияға бағытталып жазылғандығын байқауға болады.Кейінгі уақытта баспасөз беттерінде бақыт туралы біраз философиялық ойлар жарық көруде. Олардың мазмұны да әртүрлі. Мысалы, философия ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қалмырзаевтың Бақыт дегеніміз не? атты мақаласында Бақыт құдайдың адамға еншілеп берген сыйы ма, әлде бақытты әркім өзі тер төгіп ала ма? Бақытты құрайтын элементтер қандай? Бақытты немен бағалаймыз? деген сұрақтардың жауабын табуға тырысады. Жауап іздейді. Бақыт ұғымы адамды алға сүйрейтін, жетілдіретін, ынталандыратын, өршілдікке, ерлікке, өзіңді-өзің танытуға, басқаларға мойындатуға жетелейтін құндылық -дей келіп, қанағатшылық, жақсылықтың бақытқа апаратын жолдар екендігін айтады. Ал, А.Ағатев бақыт теориясын психологиядағы сезім теорясымен байланыстырып қарастырады. Сезім теориясының әрбір адам өмірінде алатын орны үлкен, маңызы зор екендігіне дау жоқ екендігін, бақыт теориясы сезім теориясының ең бір маңызды бөлігі деп айтуға толық негіз бар екендігін таратып түсіндірсе, О.Сәрсенбай бақытты адамдар қандай болады? Оның түрі, түсі бар ма? деген сұрақтарға жауап іздейді. Бақыттылық пен бақытсыздықты салыстыра талдай келіп, Бүгін өзін бақытсыз санаған адам күні ертең бақыттылар қатарына қосылып кетуі мүмкін. Әйтпесе керісінше. Ең бастысы - жұмыр басты пенде дәл қазіргі заманда өзінің шын мәнісінде ия бақытты, ия бақытсыз екенін тұп-тура ашып айта алмас. Қуанған сәттің бәрін бақыттылыққа тели берсек, әйтпесе ренжіген сәттің бәрін бақытсыздыққа тели берсек, есептен жаңылысып қалатынымыз сөзсіз - деп тұжырым жасайды. С.Керімбайдың Бақыт кімге қонады?, Өмірдің мәні мақалаларында бақытқа жету жолындағы өмірдің мәні туралы ой-пікірлерін ортаға салады.Аталған мақалалардың қайсысын алсақ та, барлық авторлар бақыттың мәнін түсіндіре отырып, оны міндетті түрде қоғаммен, адам өмірімен және адам психологиясымен тығыз байланыстырады.
Философия ғылымымен айналысып жүрген кейбір ғалымдар бақыт сүйіспеншілікте деп тұжырымдайды. Алайда, бақыттың тез өткіншілігі де белгілі. Бақыт жастықта ма? Бірақ, Цицерон кәрілік - бақыттырақ деп есептейді. Көпшілігі бақыт қажеттіліктерді қанағаттандыруда дап санайды. Алайда, тойымшылықтан бас тартып, өзін-өзі шектейтіндер қателесе ме? Мүмкін достықта болар? Бірақ достан қашық бол, жауыңодан қауіпті емес. Білім ше? Бірақ білім алған адам қайғыны да арқалайды. Даңқ? Алайда, даңқты іздеме, өйткені онда сені кез келген жағымпаз тауып алады. Яғни,осындай бақыттың көпқырлы парадокстарын философтар көне заманнан бері талдап, екшеп келеді. Алайда, бұл бақыт ұстатпайды және теориялық талдауға көнбейді дегенді білдірмейді. Мысалы, В.Татаркевичтің пікірінше адамдар бақытты әрқалай түсінеді. Негізінен бақытты ерекшелеуге болады. Бұқаралық санада ең кеңінен таралғаны: бақыт - бұл сәттілік, кездейсоқтық, бізге бағынбайтын тағдыр (бақыт құсы). Екіншісі, бақыт - өмірден қанағат , ләззат алу, қуаныш. Үшіншісі, бақыт - бұл жоғары ізгілікке пен игілкке ие болу. Және, ақырғы төртіншісі, бақыт - бұл ләззат алу мөлшері де емес, бір сәттік қуаныш та емес, сыртқы игіліктерге ие болу да емес, ол бүтіндей өмірден толық, ұзақ қанағат алу, қайғы-қасіреттер арқылы болмыстың құпия мәніне ие болу. Осы соңғысы көңілге қонымды секілді.

2. Бақыт - адамға өмірлік рухани күш беруші құбылыс
2.1 Бақыт концептісінің ақпараттық ерекшеліктері
Тілдің басты қызметі - адамдар арасындағы қарым-қатынасты, ақпараттың тасымалдануын қамтамасыз ету болса, концептік зерттеулердің мақсаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі бақыт концептісінің танымдық көрінісі
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ АДАМ МЕН ӘЛЕМ БОЛМЫСЫНДАҒЫ ОРНЫ
Иммануил Кант туралы ақпарат
Утилитаризм және деонтология - белгілі екі этикалық жүйе
Этикалық ізгіліктер
Этика ұғымы және оның заты туралы
Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Этика термині жайлы
Пәндер