Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа деген саналы қатынасқа тәрбиелеу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Орал Болашақ көпсалалы колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа деген саналы қатынасқа тәрбиелеу
Пәні: Балаларды табиғат және экология негіздерімен таныстыру
Орындаған: Кәрімқызы Ө.
Тексерген: Тулегенова Б.Қ.
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. Мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
1.1. Мектепке дейінгі балаларда табиғат туралы ұғымды
қалыптастырудағы ғалымдардың пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2. Баланы табиғатпен таныстыра дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІ тарау. Балабақшада балаларды табиғат және экология негіздерімен таныстыру
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие
беру маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2. Балаларды табиғат қызықтарымен таныстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Балабақшажа балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан.
Экологиялық білімнің ғылыми-теориялық мәселелері бірқатар ғалымдардың (Э.Геккель, Ч.Дарвин, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоцци, Ф.Дистервег, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, С.Т.Шацкий, И.Д.Зверев, Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев, И.Н.Нұғыманов және т.б.) зерттеулерінде қарастырылады
Көптеген ғалымдар (М.Фамин, В.И.Фурсов, В.В.Журавлев, Ә.Н.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Д.Кішібеков және т.б.) экологиялық тәрбиенің философиялық тұжырымдамаларын анықтап, табиғатқа саналы көзқарасты адам дүниетанымының құрамды бір бөлігі ретінде қарастырған, белгілі психологтар болса (Т.Тәжібаев, М.Мұқанов. Ә.Алдамұратов, Х.Шерьязданова және т.б.) жеке тұлғаны тәрбиелеудің психологиялық аспектілеріне мән берген.
Экологиялық тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негіздері В.А.Сухомлинский, Н.К.Скалон, А.Н.Захлебный, М.Н.Сарыбеков, Т.В.Кучер, Ғ.К.Ділімбетова, Ж.Б.Шілдебаев және т.б. еңбектерінде көрініс тапса, экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік жолдары А.А.Сотников, К.Ж.Сарманова, Ұ.Ә.Есназарова, К.С.Құрманбаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерделенген.
Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастың ұлттық салт-дәстүрлер мен байланысы, халық педагогикасын зерттеген ғалымдардың (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Р.Төлеубекова, Қ.Аймағамбетова, Р.Дүйсембінова және т.б.) еңбектерінде көрініс алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін тікелей зерттеген ғалымдардың (С.Н.Николаева, А.М.Пушнина, Н.Н.Кондратьева, Г.В.Кирикэ, Е.И.Золотова, Н.Ф.Виноградова, Қ.А.Аймағамбетова, Ә.М.Мұханбетжанова, П.Г.Самарукова, Н.А.Рыжова, Т.В.Христовская және т.б.) еңбектерінде табиғаттың тұлғаны қалыптастырудағы ықпалы туралы құнды ғылыми-әдістемелік тұжырымдар берілсе, мектепке дейінгі тәрбие мәселесін қарастырған ғалымдардың еңбектерінде (Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, Қ.М.Меңдаяқова, Ә.С.Әмірова, Ф.Н.Жұмабекова және т.б.) тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылады.
Көптеген ғалымдар экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық, әдістемелік аспектілерін жүйеге келтіреді (Н.А.Гладков, Я.И.Габев, С.Н.Назарова, Е.А.Сластенин, А.В.Чигаркин, М.Н.Фомин, Е.З.Батталханов және т.б.), кейбірі экологиялық іс-әрекеттің мәнін айқындап, мазмұнына жан-жақты сипаттама береді (С.Н.Соломина, И.Д.Лаптев, В.А.Ясвин және т.б.).
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау қарастырылып отырған проблеманың ғылыми тұрғыда негізделмегенін дәлелдейді.
Демек, отбасында, балабақшада экологиялық тәрбие берудегі қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; кіші жас балаларына қоршаған ортаны аялай білуді сабақтастықта жүргізу қажеттігі мен экологиялық тәрбие сабақтастығын қамтамасыздандыратын бірыңғай тұжырымдаманың және оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екені байқалады. Осы қарама- қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының ғылыми-педагогикалық негіздері деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі: балабақша.
Зерттеу пәні: үздіксіз білім беру процесіндегі (отбасы -- балабақша-- бастауыш мектеп) экологиялық тәрбие сабақтастығы.
Зерттеудің мақсаты: балабақшада экологиялық тәрбие сабақтастығын теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу және әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің болжамы: егер, экологиялық тәрбие беру сабақтастығының теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып, құрылымдық жүйесі, шарттары, әдістемесі анықталса және оларды жүзеге асыруға байланысты тұжырымдама мен соған сай әдістемелік кешен жасалып, практикаға енгізілсе кіші жастағы балалардың экологиядан білімі толысып, қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады. Ал, бұл болса оларға табиғатты қорғауға, онымен достасуға көмектеседі.
Зерттеудің міндеттері:
1.Балабақшада экологиялық тәрбие сабақтастығының әдіснамалық-теориялық негіздерін анықтау.
2. Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын және құрылымдық жүйесін айқындау.
3.Балаларға табиғат туралы алғашқы түсініктері қалыптастыру.
4.Үздіксіз білім беру процесінде халық педагогикасының кіші жас балаларына экологиялық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін айқындау.
5. Кіші жас балаларының экологиялық тәбиелілігі моделін жасау.
6. Экологиялық тәрбие беру әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Жетекші идея: білім беру процесіндегі экологиялық тәрбиені сабақтастықта жүзеге асыру, баланың табиғатпен қоғам туралы дүниетанымының дұрыс қалыптасуына ықпал етеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: табиғат пен қоғамның қарама-қайшылықтарының бірлігі туралы идеялар; қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімділік тұрғысындағы философиялық қағидалар, диалектикалық таным теориясы, терістеуді терістеу заңы, жеке тұлғалық, тұлғалық-бағдарлық; іс-әрекеттік теориялар; біртұтас педагогикалық процесс және ынтымақтастық, құндылық теориялары құрайды.
Зерттеу көздері: Қазақстан үкіметінің ресми материалдары, ҚР Конституциясы, Білім туралы Заңы, ҚР Қазақстан - 2030 даму стратегиясы; ҚР Білім мемлекеттік бағдарламасы; ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы; ҚР экологиялық қауіпсіздікті сақтау; Экологиялық білім бағдарламасы; Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы; Айнала қоршаған ортаны қорғау туралы Заң, Экологиялық кодекс және т.б. ҚР Білім және ғылым министрлігінің отбасы, балабақша, бастауыш мектепке байланысты ұсынған құжаттары (тұжырымдамалары, бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары), педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; белгілі философтардың, экологтардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; диссертанттың жеке басының педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, мектепке дейінгі мекемелер құжаттарына талдау беру, озық тәжірибелерді зерделеу, сауалнама, әңгімелесу, тест, деңгейлік бақылаулар, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді сұрыптау, математикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1.Балабақшада экологиялық тәрбие сабақтастығының әдіснамалық-теориялық негіздері анықталды.
2.Балабақшадағы табиғат туралы түсінікті қалыптастырудың педагогикалық шарттары және құрылымдық жүйесі анықталды
3.Балабақшада экологиялық тәрбие сабақтастығының тұжырымдамасы жасалды.
Зерттеудің практикалық мәні. Отбасы, балабақша, бастауыш мектептерге арнап: Балабақшадағы табиғат жайлы алғашқы ұғымды қалыптастыру тұжырымдамасы;
- Экологиялық тәрбие бағдарламасы;
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынуымен дайындалған Айналаны қоршаған орта. Экология (қазақ және орыс тілінде) экологиялық тәрбие беру кешені;
- тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Зерттеу нәтижелерін отбасы тәрбиесінде, мектепке дейінгі мекемелерде педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін мекемелерде пайдалануға болады.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
1.Балабақшада экологиялық тәрбиенің сабақтастықта жүргізілуі, кіші жас балаларының осы саладан меңгерген білім, іскерлік дағдысының жүйелі, бірізділікте қалыптасуына және оларға күнделікті өмірде тиімді пайдалана білуіне көмектеседі.
2.Балабақшада экологиялық тәрбие сабақтастығы мынадай педагогикалық шарттарды ескерумен (сабақтастықтың жетекші идея бойынша жүзеге асырылуы; білімді әр пәндерден меңгерілетін ұғымдардың жалпылығына сүйене отырып сабақтастықта жүргізу мүмкіндігі; қоршаған орта мен табиғаттағы мінез-құлық ережелерін, пайдалы іс-әрекет дағдыларын дамытудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, балаларды табиғат жөніндегі шығармашылық әрекетке баулу мүмкіндігі; аталған шарттардың әрбір тақырыптарда сабақтастықта жүзеге асырылуы) құрылымдық жүйені (мазмұны, принциптері, әдіс-тәсілдері оны оңтайландыру жолдары, формалары мен бағыттары) анықтаумен қамтамасыздандырылады.
3. Балабақшадағы экология пәні бағдарламалары мен оқулықтары мазмұнын балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сабақтастықта құруда ғылымға негізделген тұжырымдамалық көзқараста бағыт-бағдар береді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен; зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сай келуімен; зерттеу пәніне сәйкес кешенді әдістерді қолданумен; эксперимент жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы нәтижелерді қорытындылаумен; балабақша мен бастауыш мектептерде олардың тиімділігін эксперимент жүзінде тексерумен және оқу-тәрбие процесінде кең көлемде пайдаланылуымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І . Мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
1.1. Мектепке дейінгі балаларда табиғат туралы ұғымды қалыптастырудағы ғалымдардың пікірлері
Қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерді біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Олар өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің біріншіден морфологиялық, екіншіден физиологиялық бейімделушіліктің қоршаған ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырды.
Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, үшіншіден табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Ұлы Абай да өзінің қарасөздерінде табиғат туралы философиялық ой-пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келе, Кім өзіне махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз, - деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі.
Демек, философтардың, педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан олардың экологиялық тәрбие беруді экологиялық сана, экологиялық таным, экологиялық қарым-қатынас; экологиялық іс-әрекет; экологиялық сезім; экологиялық қызығушылық; экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте қарастырғанын байқаймыз. Егер, табиғатты қорғау - әлеуметтік табиғи түзілім десек, оның құрылымын құрайтын экологиялық ұғымдарға зерттеуіміздің мазмұнына сай, біз төмендегідей мазмұндық сипаттама беруді жөн көрдік:
Экологиялық сана - экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді, экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті, сол себепті экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Экологиялық таным - ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, табиғаттың даму заңдылықтарын білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді. Демек, экологиялық таным баланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.
Экологиялық қарым-қатынас - баланың табиғатты танып білуге, оны қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас адам мен табиғат, табиғат - қоғам жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында пайда болады.
Экологиялық іс-әрекет - адамның табиғи ортаны танып білуімен, меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы - табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқты педагогикада - экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын меңгерту.
Экологиялық сезім - табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға бастайды.
Экологиялық қызығушылық - адамның қоршаған ортаға, табиғатқа деген ерекше көңілі. Қызығушылық табиғаттағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның заңдылықтарын, құпия сырларын, табиғат құбылыстарының бір-бірімен қатынасы мен өзара байланысының себебін біліп, оны әрі қарай зерттеуге ұмтылудан тұрады.
Экологиялық көзқарас - тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі.
Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи -философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған жөн. Аристотель Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама... табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік сақталып қалады,- деп табиғат құндылығын сақтауды мұрат етсе, Гераклит ... табиғаттың өзі көп сырын аша бермейді, адамдардың көпшілігі әбден тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды- дейді, ал неміс философы Л.Фейербах болса адам табиғаттың ең жоғарғы нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды,- деп ой түйіндейді. Философтардың зерделі ой-тұжырымдарынан мынадай қорытынды шығаруға болады: біріншіден, табиғат заңдарын өшпенділікпен бұзу жағдайында, адам тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің қасиетін жоғалтып, өсіп-өну қабілетінен айрылады; екіншіден, табиғаттың даму заңдарын білмейінше, табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге көп күш-жігер жұмсалады, үшіншіден, табиғатты тек білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат туралы білімі, тәрбиесі болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.
Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыруда ең алдымен кейбір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіп алу қажет:
- экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру, оларды бұлжытпай орындау;
- қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру;
- экологиялық білім беруді үздіксіз, сабақтастықта ұйымдастыру.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, жаңа педагогикалық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерге байыптап қарап, бағамдау үшін біз үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық-педагогикалық генезисіне мән бердік.
Сабақтастық, үздіксіздік ұғымдары даму, біртіндеп және сатылай өзгеруді білдіретін болса, белгілі бір кезеңде сандық өзгерістер құбылыстың жаңа сапаға өтуіне әсер етеді, сөйтіп өзгерістердің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Сабақтастықтың философиялық заңдылықтары мен мәні бірқатар ғалымдардың (Э.А.Баллер, Б.С.Батурин, А.И.Зеленков, Г.Н.Исаенко, З.А.Мукашевтың және т.б.) зерттеулерінде қарастырылып, сабақтастықтың терістеуді терістеу заңының маңызды жақтарының бірі екендігіне мән беріледі. Солардың ішінде Э.А.Баллердің көзқарасынша сабақтастық - жүйеліліктің өзгермелі элементтерінің тұтастай немесе бөлек түрде ұйымдастырылуын сақтау тұсында болмыс пен танымның бірнеше сатылары мен кезеңдері арасындағы өзара байланысы, яғни бір жағдайдан келесі жағдайға көшуі болып саналады.
Сабақтастықты біржақты процесс деп қарастыруға болмайды, өйткені ол байланыс орнату механизмінің өзін анықтауы тиіс және сонда ғана сабақтастық кез келген дамудың әдіснамалық ұстанымының негізі бола алады. Сабақтастық кең мағынада алғанда үш бірлікті процесс. Бұл терістеуді терістеу заңын ұстанатын а)деструкция (бұзу, алдыңғыны ығыстырып шығару); ә)кумуляция (ішінара сақтау, мұра ету, көрсету); б)конструкция (құру, жаңаны жасау, қалыптастыру) және тар мағынада сабақтастық сақтау, мұра ету, беру, көрсету сияқты сандық қасиеттері жағынан қарастырылатын процесс.
Сонымен, философиялық түсінікте сабақтастық дегеніміз - тарихи процестің сатылық сипатын анықтайтын маңызды заңдылық. Экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық мағынасы барлық жақсы, оң нәрселерді сақтау талабымен бірге жаңалық енгізуге, өзгертуге әзірлікті қамтиды. Даму процесін, сондай-ақ терістеудің салыстырмалылығын дұрыс түсіну үшін аталған категорияны ескіні қарапайым түрде жою ретінде емес, мағынасы бар процесс түрінде нақты қарастыру қажет сабақтастық кездейсоқтық емес, ол дамудың сатылық сипатын қамтамасыз ететін қажетті заңды құбылыс.
Дүниеге келген жаңа, ескінің ішіндегі мәдениетті, мәнді әдет-ғұрыпты, өміршең дәстүрлерді, тағы басқаларын өркендетеді. Ескі мен жаңаның арасындағы диалектикалық байланыс сабақтастық жолымен дамытылады. Сабақтастық болмаса, дәуір мен дәстүрдің, қоғам мен қоғамның, ұлт пен ұлттың арасында ешқандай байланыс орын алмайды. Дүниежүзілік өркениет те өткен дәуірдің ұшан-теңіз байлығын кіршіксіз сақтау негізінде пайда болды. Ендеше, бұл сабақтастық- қажетті, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын заңды процесс.
Одақтық энциклопедияда сабақтастық - даму процесінде құбылыстар арасындағы жаңаның ескіні ығыстыра отырып, оның кейбір элементтерін өзінде сақтап қалатын байланыс деп берілсе, педагогикалық энциклопедияда Оқытудағы сабақтастық - оқу пәнін оқып-үйренудің түрлі сатыларында оның бөліктері арасында қажетті байланыстар мен дұрыс арақатынасты құрудан тұрады деп көрсетілген. Олай болса, сабақтастық ұғымы оқытудың әрбір сатысында оқушылардың білімдері мен біліктеріне, жаңа оқу материалын түсіндіру формаларына, әдістері мен тәсілдеріне және оны бекітуге бағытталған барлық жұмыстарға қойылатын талаптарды сипаттайды.
Сонымен ғалымдардың берген анықтама-түсініктеріне және Білім заңына жасаған талдау білім беру жүйесінің әрбір буыны немесе сатысы бір-бірінен бөлініп, жекеленіп қалмай, келешекте берілетін біліммен сабақтастықта жүргізілгенде, бала бұрынғы сатыда алған білімін еске түсіру арқылы жаңаны қабылдауға ұмтылыс жасайды деп ой тұжырымдауымызға және: сабақтастық - үздіксіз білім беру процесіндегі баланың дене және рухани дамуының ішкі үйлесімді байланысы мен жеке басы дамуының бір сатыдан екінші сатыға өтудегі ішкі дайынды,ал балабақшада экологиялық тәрбие сабақтастығы - баланың қоршаған ортадағы әсемдікті сезініп,оны бағалай білу қасиеттері мен дағдыларының мектепке дейінгі кезеңнен бүкіл ғұмырындағы түрлі сатылар арасындағы байланысы деп өз анықтамамызды беруге септігін тигізді.
Әлбетте, экологиялық тәрбие сабақтастығын тиімді жүзеге асыру кіші жас балаларының өзіндік педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты екені белгілі. Өйткені баланың бұл ерекшеліктерін ескермей экологиялық тәрбиелілігін жүзеге асыру мүмкін емес. Біз өз зерттеуімізде баланың әрбір жас кезеңіндегі ерекшеліктеріне, жеке басының мінез-құлқының қалыптасуына, қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдауына, қоғамның оларға қоятын талаптарына тоқталамыз.
1.2. Баланы табиғатпен таныстыра дамыту
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.
К.Д. Ушинский - баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz