Балаларға тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Балаларға тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2016 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Ұлттық өнер арқылы балалардың таным эстетикалық
қабеліттерін арттыру
1.1 Балаларға тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ұлттық өнерге баулу - ұлттық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. Балаларды ұлттық өнерге баулу әдістері
2.1 Ұлттық өнер арқылы жеткіншек ұрпақтың эстетикалық танымын қалыптастыру мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Халық қазынасына негізделген тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3 Ұлттық өнер - тәрбие негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазақтың ұлттық өнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған тарихи негіздермен қоса Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел болады. Міне осы қазақ халқының дәстүрлі ұлттық өнерін қазіргі заман талабына сай әрі қарай дамыта беруді, келешек ұрпақты, жастарды осы салада тереңдеп оқытуды, жан дүниесіне сіңіру тәрбиелік мәнге ие. Оның себебі әрбір өскелең ұрпақ өзінің қолөнер шеберлігін арттырып үйреніп, оны өзінен кейінгі ұрпақтан -- ұрпаққа жалғастыру. Сонымен бірге ұлтшылдық пен отаншылдыққы баулу болып келеді. Ою - өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы әдет - ғұрып, салт - дәстүріне сай дамып, түрлендіріліп, жетілдіріліп отырған. Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою -- өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді.
Халық шеберлері ою -- өрнекпен, сәулетті ғимараттарымен, киім - кешек, жиһаз, қару - жарақ, ат әбзелдерін, зергерлік әшекей заттарын т.б. тұрмыста тұтынатын заттарын безендіріп отырған. Міне осы әдет - ғұрыпты әрі қарай сөндірмей жалғастыру жас ұрпаққа оқу-тәсіл арқылы ұлттық тәрбие ретінде қалыптастыру біздің міндетіміз.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский былай деп жазған: "Әдемілікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін". Эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі. Яғни эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: балаларға білім берудің деңгейін жетілдіру және тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Балалардың ақыл-ойы, танымдық қабілетін, эстетикалық қасиеттерін, өнерге көзқарастарын қалыптастыру, балаларға эстетикалық талғам мен ұлттық тәлім - тәрбие жұмыстарын жетілдіру.
Зерттеу жұмысының нәтижелері педагогика ғылымының саласы эстетикалық тәрбие беру ісін байытып оның теориялық мазмұны және деңгейлік сипаттамаларын дамытуға үлес қосады.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы:
Ұлттық өнер арқылы балалардың шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады. Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруға және эстетикалық тәрбие беру ісіне көмегін тигізеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысымыз кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Ұлттық өнер арқылы балалардың таным эстетикалық
қабеліттерін арттыру
1.1 Балаларға тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты.
Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегін қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамалар, үй жиһазында үй интерьерінде аз қолдануда. Кейбірі тіпті қолданбайды да. Көпшілігі европалық немесе шығыстық (қытайлық) стилді таңдайды. Бұған себеп дизайнердің тұтынушыға ұсынатын силіде осындай. Ұлттық стилдегі ұсынысы болмаса, ол үйлесімсіз, көңілге қонымсыз болып келеді.ал дизайнер қайдан шықты, қайдан оқып келді? Әрине өзімізден.
Сондықтан айналып келгенде бар қателік оқытқан ұстаздан болып тұрған сияқты. Бұған тосқауыл болу жолы баршылық. Соның бірі бейнелеу өнерінің мәртебесін көтеру қажет, бұл халқымыздың қолданбалы қол өнерін барлық мектептерде жүйелі түрде оқытуды енгізу арқылы іске асады. Біз бұдан не ұтамыз, меніңше: біріншіден, жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін қалыптастырамыз, екіншіден, жас таланттың жолын ерте ашамыз, үшіншіден, жалпы өнерге баға беруші қарапайым халықтың өнерге деген көзқарасын тереңдетеміз. Бүгінгі таңда қолөнер туралы, ою-өрнек туралы танымдық кітаптар бар, бірақ мектептегі балаларға арналған кітаптар жоқтың қасы. Ежелгі шеберлер үшін шабыт көзі табиғат өсімдіктер мен жануарлар әлемі болған. Олар ыдыс - аяқты, киім - кешекті, қару - жарақты, үйлер мен ғибратханаларды тамаша әшекейлеген. Бейнелеу өнерінің әртүрлі салалары көп. Мысалы, ағаш өңдеу, жүн,қыл өңдеу. Бұл тек ұлттық өнерге қатысты саласы. Осылардың барлығына дерлік ортақ ою-өрнек. Халықтың ұлттық нақышын көрсететін, өзге ұлттан ерекшелейтін ою-өрнек. Халқымыздың рухани байлығының қайнар көзі болып табылатын осынау құндылық бүгінде азаматтығымыздың нысаны - көк байрағымызды да көріктендіріп тұр. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесекте қол өнерінің бейнелеген бұйымына қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз. Өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің бейнелеу өнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті
Дәстүрлі орта білім беру әрі қарай оқудың, мамандық алу мен өмірде табысқа жетудің негізі болып табылады. Мектеп түлектері әрі қарай оқу мен өздігінен білім алуды қалыптастыратын, нарық экономикасы жағдайында олардың басекеге қабілеттілігі факторы болып табылатын сапалы білім болып алулары керек. Мектеп оқушыларына халқымыздың қолөнерін үйретумен эстетикалық тәрбие береміз.өнер мектеп өмірінің алғашқы күнін бастапақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құрал ретінде, әлемді біртұтас жағымды мәнімен қабылдауға, бағалауға үйретеді және бейнелі ойлауды дамытады.
Бейнелеу өнерінің әр түрлі өнер түрлеріндегі көркем іс әрекеттерді меңгере отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар өзін талғампаздыққа тәрбиелейді.
Күнделікті көріп жүрген нәрселерінен әсемдікті таба білу қабілетіне ие болады, көргеннің еске сақтап, қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап талдауға біліктілікке дағдыланады. Аталған қасиеттер баршаға қажет. Кез келген кәсіптің иесі, егер ол бейнелеу құралын игерсе және оны пайдалана білуге машықтанса, жұмыстыда жақсы істейді.
Қазақтың ою-өрнегін болашақта қолданыстан шығып қалмас үшінжастардың санасына осы күннен бастап сіңіру қажет. Ол үшін көркем педагогикалық білім беретін оқу орындарда суретші ұстаздарды даярлаудың сапасын арттыру қажет.
Эстетикалық мәдениеті дұрыс қалыптаспаған адам ғылымда, саясатта және қоғамда өзгелермен тіл табысуда мәдениетті түрде адамгершілікпен әрекет жасай алмайды. Сондықтан қазірден бастап мектеп оқушыларына ойлау эмоциялды сезімдерді қалыптастыру, экологиялық патриоддық тәрбие ауадай қажет, бұл осы бейнелеу өнері ұлттық қол өнеріміз бен мәдениеттің қалыптасуынсыз жеткізу мүмкін емес.
Қазуіргі уақытта мектепте қол өнерге үйрететін ұстаздардың біліктілігін арттыру, оларға шығармашылықпен жұмыс жасауға арнайы кәбинеті, әдістемелік қоры, қазақ тіліндегі оқу құралдары, көркем іс-әрекеттер үшін қажетті материялдар алуға көмектесу керек.Кейбір жастарымыз суретші ұстаз болғанды өзіне қор деп санайды, қаржыгер заңгер болсам деп армандайды, менің ойымша суретші ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейтін Қудайдың адамға берген сыйы екенін ұмытпаған жөн. Жоғарыда айтылған мәселелер шешімін табу үшін, біріншіден суретші ұстаздардың кәсіби дайындығын, білім беру сапасын арттыру, екіншіден, суретші ұстаздардың материялдық жағдайдарын қамтамасыз ету және ұлттық өнер мен мәдениетке деген қамқорлықты күшейту қажет.
Мұғалім түрлі жұмыстар атқарып, оны көпшілікке ұсынып, жалдатып, пікірін біліп отырса, сонда ізденіс болмақ. Осы орайда, шәкірт жүрегіне жол табар билікті, қадірлі ұстаз болу үшін мұғалімнің үнемі ізденіс үстінде болып тұру керектігін ескере келіп,оның шығармашылықпен, ғылыми - зерттеу жұмыстарымен ұдайы айналысып отыруы, күнделікті сабақ жоспары секілді, оқытушыға аса қажет дүниенің бірі екендігі туралы айта кету орынды. Жақсы ұстаз өзі біліп қана, сол білгендерін шәкірттеріне үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар, оқушы бойындағы қабілетті дәл тауып, оның сол талантының ашылуына ұйытқы бола біледі. Яғни, Бұлақ көрсең көзін аш.

1.2 Ұлттық өнерге баулу - ұлттық тәрбие беру
Адамның диалектикалық дамуы еңбекпен тығыз байланысты. Ол өзін қоршаған дүниеге еңбегі арқылы әсер етеді, қабілетін көтереді, өндірістік тәжірибесін арттырады.
Олай болса, еңбек дегеніміз - қажеттілік.
Қазіргі кезде елімізде жалпы білім беретін мектептердің алдында маңызды міндеттер қойылып отыр. Жалпы алғанда, оқуды өнімді еңбекпен ұштастырудың принципін толығырақ жүзеге асыру, оқудың тиімділігін арттыруға, қазіргі қоғамның саналы құрылысшыларын тәрбиелеуге күш салу керек.
Әрбір мектеп пәні өз мүмкіндігіне қарай оқушыларға еңбек пен мамандық әлемі туралы мағлұмат береді. Ал, осындағы еңбекке баулу пәні ерекше орын алады, өйткені бұл сабақта оқушылар жалпы таныммен қатар еліміздің халық шаруашылығында жұмыс істеуіне қажетті жалпы еңбек біліктілігі мен дағдысын үйреніп, белгілі бір мамандықты игеруге ұмтылады.
Кәсіптік бағдар алдымен жалпы білім беретін бастауыш мектептен бастап жастардың бойында белсенді өмірлік бағытты қалыптастыру негізінде құрылуы тиіс. Бұл міндетті шешуде еңбекке баулу пәнінің мол мүмкіндігі бар. Технология пәнінің мұғалімі өз шәкіртінің шеберханадағы жұмыс нәтижесіне, олар атқаратын жұмыстың сапалығы мен өзіндік ерекшелігіне, жаңа білім мен дағдыны игеру тездігіне яғни еңбектің нақты бір саласы бойынша қабілетін таныта білгендігіне қарап, олардың кәсіби қабілетін айқындай алады.
Еңбекке баулу - бастауыш сыныптан жоғары сыныпқа дейін бірте-бірте дамып отырған комплексті процесс болғандықтан, технология пәні мұғалімінің кәсіби қабілетін дамытуға мол мүмкіндік бар. Мұның өзі технология пәнінің мұғалімін өз пәні бойынша оқушының кәсіптік бағдарын ұдайы, жүйелі жүргізіп отыруға бағыт береді.
Технология сабағында қолданатын аспаптарды, операцияларды, тәсілдерді өндірісте қолданатын сондай аспаптармен, операциялармен тәсілдермен салыстыру оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейте түседі.
Ал, проблемалық мәселелер оқушының алған білім негізін практикада қолдануға, талдауға, себеп-салдар байланыстарын анықтауға мәжбүр етеді.
Мәселен, оқушы қол арамен ағашты кесіп тұр. Ол ағашты көлденең немесе ұзыннан кескенде әр түрлі күш жұмсайды. Неге? Ара түсінің формасы әр түрлі: біреуі тең қабырғалы үш бұрышты, ал екіншісі - тік бұрышты. Тістердің қайралуы да әр түрлі, неге?
Сол сияқты балтамен түзу сызықты беттерді шабуға болады, ал шотпен қисық беттерді шабуға болады, жүздерінің қайралуы да екі бөлек, неге?
Мұндай сұрақтар оқушының творчестволық белсенділігін оятып, түптеп келгенде еңбек сабағына ынтасын арттырып қызықтыра түседі. Тек оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыруға негізделіп, дұрыс ұйымдастырылған және мақсат қойылған еңбекке баулу жалпы білімдік және тәрбиелік тиімді нәтиже береді.
Ал біздің шеберханамызда оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың негізінде - қазақ халқының ұлттық өнімдерін жасап шығаруды негізгі мақсат етіп қойдық. Осы мақсатта бірнеше жыл тәжірибелік жұмыс жасап жаттыққаннан кейін өткен оқу жылынан бастап мектеп шеберханасының жұмысын халықтық педагогикаға жоспарлы түрде қарап ұлттық өнімдер шығара бастадық.
Оқушы жастар - өмірдің жарқын болашағы,өндіргіш күштің шешуші құрамдас бөлігі. Сондықтан мектеп қабырғасында тәрбиеленушілердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіре білудің үлкен мәні бар.
Себебі мектепте алған білім, шеберлік алдағы уақытта да өмірдің жолында жастарға рухани азық, олардың творчестволық іс-әрекеттеріне негіз болады. Соңғы кездері халықтық педагогиканы көпшілік арасында тарату мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіп келеміз.
Біз оқушыларды тек қана еңбек етудің мазмұндылығы мен қажеттілігіне тәрбиелеп қоймай, сол өздері жасаған еңбегіндегі эстетикалық талғамды дұрыс түсінуіне күш салуымыз керек.
Оның үстіне қазақтың ұлттық өнеріндегі тұнып тұрған эстетикалық талғамды дұрыс өз мәнінде жетілдіре түсіндірудің орны үлкен. Адам сұлулығын тәрбиелеудегі біздің мақсатымыз оның жан-жақты дамып жетілуін көздеу, оның көпшіл, коллектившіл, өте мәдениетті болып жетілуіне жағдай жасау.
Осы мақсатта көптеген жұмыс жасауға тура келді. Атап айтқанда қазақтың ұлттық өнері негізінде жасалған ондаған заттардың үлгісін шағын сувенир түрінде жасап оны облыстық оқуларда, оқу бөлімінің тамыз мәслихаттарында бірнеше рет көрсетіп баяндамалар жасадым.
Ағаштан жасалған үй бұйымдарының бетін безендіру тәсілдерінде де жергілікті ерекшеліктер орын алған. Қазақстанның оңтүстігінде түрлі бояумен сәндеу, нұсқаулы оюлар жүргізу басымырақ болса, Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда сүйекпен, күміспен, асылтастармен, түсті металдармен әсемдеу жиі кездеседі.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері бойынша дамыған, бағалы әрі мол мұра. Оқушылар үшін оның танымдық әрі тәрбиелік мәні зор. Сол себептен ықылым заманнан халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыруда игі әсер еткен осы мұрамен танысу, оны кәдеге жарата білу, жас ұрпақ үшін теориялық әрі практикалық жағынан өте тиімді.
Халық өнерін білу жалпы өнердің әлеуметтік мәнін, оның қоғам өміріндегі алатын орнын түсінуге итермелейді. Сәндік-қолданбалы өнерді білу адамның жалпы өнер жайлы, оның сипаты мен өзіндік көркем тілі туралы түсінігін толықтырады.
Оқушылармен жұмыс үстінде ағаш шеберлерінің жұмысынан басқа да әр түрлі өнер түрлерімен таныстырып өткеннің зияны жоқ. Мәселен, металл өңдеу, сүйек пен мүйіз өңдеу, тері мен етікшілік, тас өңдеу, т.б.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде технология пәнінің мұғалімі теориялық, методикалық және практикалық жағынан сауатты болу керек. Яғни, халық өнерін тереңірек зерттей отырып, оны оқу-тәрбие жұмысына тиімді пайдалана білу керек.
Мұғалімнің ою-өрнектерді өзінің оқу-тәрбие жұмыстарына пайдалануы бірнеше сатыдан құралуы тиіс.
Біріншіден, Қазақстанның ұлттық өнерін оқып-үйрену, зерттеу керек.
Екіншіден, барлық халықтардың өнерге тән ортақ үндестігін, ұқсастығын анықтау керек.
Үшіншіден, ою-өрнектер жасау әдісін еңбек арнасына бағыттап, оқушылардың ою-өрнектер сырын өз қолдарымен жасап түсінуіне мүмкіндік жасау керек. Қажетті құрал-саймандар мен эскиздік үлгілер жасау, бояулардың түрлі түстерін түсініп пайдалануына көмек көрсетіп отыру, ағаш түрлерінің жарамды, жарамсызын айыра білуге үйретудің үлкен маңызы бар. Кейбір өрнектер салу үшін ағаш токарь станогын пайдалану еңбек өнімділігіне көмектеседі.
Оқушылардың ұлттық өнер туралы түсінігін қалыптастырмай, басқа халықтың өнерін түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан ұлттық өнерді жан-жақты үңіле үйреніп жақсы меңгергеннен кейін басқа халықтың ұлттық өнерімен таныса бастау керек.
Осы мақсатта қазақтың ұлттық өнері мен тіл байлығын дамыту қазіргі кезеңнен күн тәртібінде тұр.
Сондықтан мектеп оқушыларын бастауыш сыныптан бастап ұлттық өнер мен тілге қатар қалыптастыру керек.
Ұлттық өнермен жұмыс үстінде сол жасап жатқан заттың ұлттық ерекшелігіне байланысты мақал-мәтелдер кездессе, оны оқушыларға түсіндіру өте пайдалы болады. Өйткені ұлттық өнердің даму тарихына қанша уақыт болса, оларға арналған мақал-мәтелдерге де сонша уақыт болғаны.
Мақал-мәтелдің қызметі балаларға, жастарға тәлім-тәрбие беру, оларды өнер-білімге баулу.
Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық, Өнерлінің өрісі ұзақ, Өнерлінің тасы өрге домалайды деп, халық өнерлі адамды жоғары бағалаған.
Ұста, зергер сияқты шеберлер ерекше қадірленген, құрметтелген Темірші көміршіге үйір, Ұстамен жақын болсаң, ісің бітеді, Алтынды ала білген, бөле де біледі дейтін мақалдар сондай өнер иелеріне арналған. Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар деп, ұсталық өнердің келешегін, елге керектігін ескеріп, халық өнер қуған талапкерге Көп көрген - нұсқа, көп істеген - ұста, Өнер білсең, өлмейсің деп, өсиет айтады.
Қазақ шаруасының баспанасынан бастап үй-мүлкі, ыдыс-аяғына дейін ағаштан жасалған. Сондықтан шаруалар үйші, ерші, әбдерші шеберлерді Ағаштан түйін түйген деп мадақтайды. Жақсы үйшіні Тоғай аралаған үйші, ел аралаған сыншы деп, ақыл-ой иесімен қатар қояды.
Халық Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ деп, өнерді қол өнері, тіл өнеріне бөледі.
Өнер - бұлақ, білім - шырақ деп халық өнер мен білімді қатар айтады. Ендеше өнер мен білімнің ажырамас егіз екенін оқушыларға тиянақты түсіндіру керек. Өнер мен мақал-мәтелдер халықтық болғандықтан, тәрбиенің халықтық тәсілдерін де оқушыларға терең түсіндіру дұрыс. Оқушылардың жұмыс үстінде ұнамды қылығын немесе мінезін, пайдалы ісін көргенде, оны мадақтап ынталандыру қажет. Себебі, балаларда ересектермен бірден өзіне ыстық, ізгі ниет көрсеткенді ұнатады. Осы мақсатта еңбек сабағының үздіктері мен үйірме мен үйірме жұмыстарында көзге түскендерге кітаптай сыйлық, мектептің мақтау грамотасымен ынталандыру жұмыстарын жүргізген дұрыс. Сол сияқты оқушылардың істеген жұмыс көлеміне қарай ақшалай ақы төлеу баланың өз еңбегінің жемісін іс жүзінде көріп, еңбектің өмірге қажеттілігіне көз жеткізуіне көмектеседі.

2.1 Ұлттық өнер арқылы жеткіншек ұрпақтың эстетикалық танымын қалыптастыру мәселесі
Қазіргі қазақ мектептің мақсаты -- замана талабына сай, тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен халықтық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру болып отыр. Бұл процестің стратегиялық негіздері Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (2007): Білім беру жүйесінің басты мақсаты, ұлттық мәдениетіміз бен халық педагогикасының негіздерінде, әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау,- деп көрсетілген [1]. Қазақстан болашағы қоғамының идеялық бірлігінде атты еңбегінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деп айтқан: Білім беру ісіндегі рухани дәстүрлерді сақтап, жаңаша жетілдіріп дамыта беру керек. Бұл жүйедегі оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі үзіліп қалды. Сіздер мен біздер тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мәні мен маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз. Олардың отаншылдық сезімдерін тәрбиелеуде, білім берудің мектепке дейінгі жүйесі мен жоғарғы оқу аралықтарын үндестіре ұйымдастыру, көкейтесті мәселе болып табылады [2].
Ұрпақ тәрбиесі туралы мәселеге, мүлдем жаңа психо-физиологиялық көзқараспен қарауды, замана сипаты ерекше талап етуде. Бүгінгі таңда жалпы адам тәрбиесіне де, халық педагогикасының тигізер әсерлерін, тіпті ештеңемен салыстыруға келмейді.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, оның қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Білім берудің негізгі мақсаты -- білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы - бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Ұлттық мәдениеттің негізі болып табылатын этнопедагогикалық білім беру мен ұлттық тәрбие берудің басты құралдарының бірі - ұлттық өнер екендігі белгілі. Ұлттық өнер - ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі.
Халықтың рухани, мәдени әлемі оның дәстүрлі өнерінен көрінеді және тиісті өз орнын алады. Ұлттық өнер, халқымыздың қолданбалы өнерінің ең биік жетістіктерінің бірі. Бүгінгі күнге дейін өмірде пайдаланылып келген ою-өрнектер, сәндік, әшекейлік өнерлер талай ұрпақтың ақыл-ойы мен шеберлігінің жемісі. Біздің мақсатымыз, ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық өнерімізді ұмытпай, келесі ұрпаққа аманат етіп жеткізу, ұлттық мәдениетте өзіндік орнын көрсету және де мүмкіндігінше қазақ сәндік қолөнерінің өзіне ғана тән құндылықтарын, халықтың мінез-құлқын, жалпы адамзаттар мәдениеттер қатарынан көрсете білу. Осы мақсатқа жету үшін қазақ қолөнері арқылы оқушының эстетикалық талғамын қалыптастыруды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастыру қажеттігі туындап отыр.
Бүгінгі жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде, жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әртүрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейтестілігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан, білім беру жүйесін реформалау саясаты ең біріншіден - еңбек, технология, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден - оқу үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, қабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау болып отыр. Бұдан ұлттық тәрбие мәселесіне бұрын соңды көңіл бөлінбеген деген ой туындамау керек. Оған этнопедагогика саласындағы зерттеулер дәлел бола алады. Дегенмен де, қазіргі қоғамның ғылыми, әлеуметтік, практикалық талабына, тәрбие беру мақсатын жүзеге асыру қажеттілігіне сай, оқу-тәрбие үрдісінде жергілікті жердің экономикалық, экологиялық, және этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, технология сабағында оқушыларға ұлттық тәрбие беру арқыыл эстетикалық танымын дамыту мәселелері әлі күнге дейін шешімін толық тапқан жоқ.
Әр халықтың рухани әлемі, ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңаруы жағдайымен бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің негізіне - қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған, уақыт сынынан өтіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру
Оқушылардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары
Мектепке дейінгі білім беруде балаларға музыкалық шығармашылық құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беру
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Мектеп жасына дейінгі баланың эстетикалық тәрбиесі
Табиғатқа саяхат жасаудағы эстетикалық тәрбиенің рөлі
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Эстетикалық тәрбие ұғымын түсіндіру
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТҰЛҒАДА ӘСЕМДІК СЕЗІМІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер