Балаларды есептің құрылымымен таныстырудың методикалық әдістері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
«Балаларды есептің құрылымымен таныстырудың методикалық әдістері»
Пәні: Қарапайым математика
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Математикалық түсініктерді қалыптастыру
2. Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар
3. Балаларды есептің құрылымымен таныстыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Балаларды есептің құрылымымен (шарты, сұрағы) таныстыру, есепті балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп құрастыру, мазмұны әр түрлі есептер (көрнекі материал қолданып) құрастыруға үйрету. Екінші қосылғышты бір-бірлеп қосу және азайтқышты бір-бірден шегеру әдістеріне үйрету.
Есептеуді оқытып үйретуді неден бастау керектігі: сан мысалдан ба әлде арифметикалық есептерден бе деген мәселе мұғалімдер мен методистер арасында ертеден талқыланып келген. Біреулері оқытуды есептеу әдістерін көрсету оңай болатын сан мысалдан, ал басқалары - арифметикалық есептерден бастау қажеттігін дәлелдеді.
Қазіргі кезде мектеп есептер мен сан мысалдарды бір мезгілде береді де соған сүйеніп қарапайым есептер құрастырылады. Мысалы, баладардың санды бірлікке арттыра және кеміте білу шеберліктеріне сүйеніп ұзындығы 5 см (5 клетка емес) кесінді сызу, сонан сон, оның ұзындығын 1 см арттыру тапсырылады. Бұл тапсырма кейін есепке айналады - мынадай сұрақ қойылады: «Кесіндінің ұзындығы қандай болды?» Балалар тапсырманы орындайды да, оларды қалай орындағанын түсіндіріп, есептің сұрағына жауап береді.
Мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс практикасында балаларды арнфметикалық амалдармен және есептеу әдістерімен балалардың өз іс-әрекеттері бейнеленетін қарапайым есептер негізінде таныстыру қабылданған. Балаларға есеп, мысалы, екі қосылғыш бойынша қосындыны табудың мағынасын түсінуге көмектеседі. Қосумен азайтуға берілген есептердің алуан түрлілігі үнемі қолданылатын: қосу, азайту, болады, қалады. деген терминдердің мағынасын бірте-бірте ұғынуға, яғни арифметикалық амалдардың мағынасын ұғынуға мүмкіндік береді.
Ең оңай есепті түсіндірудің өзі оның мазмұнын талдауды, оның сан мағлұматтарын бөліп алуды, оларды арасындағы қатынастарды демек, орындауға, тиіс амалдарды ұғынуды талап етеді.
Есеп шығарғанда бала айналадағы заттардың саны мен құбылыстарды жай ажыратып айырудан олардың арасындағы күрделі сандық қатынастарды ұғынуға дейін жетуі тиіс.
Зерттеулер көрсеткендей, есептің құрылысының өзін де балалар бірден ұғынып алмайды. Бұған үйрету арқылы мүмкіндік жасалады. Әңгіме мен жұмбақтан өзгеше есеп шартын түсініп алысымен, балалар сан мағлұматтар арасындағы қатынастарды ұғынулары керек.
Негізгі бөлім
1. Математикалық түсініктерді қалыптастыру
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы - сабақ. Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады.
Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан - жақты, бағыт - бағдар беріп отырады.
Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.
Сабақ құрылымының - көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі.
Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден - педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады. Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады
Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде сабақтарға арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда сабақтар балаларға пайдалы, қызықты болады.
Математика сабақтарында дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін. Қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар т. б. Өзімнің математика бойынша сабақтарымда жұмбақтарды пайдаланамын, өлеңдер, тақпақтар таңдаймын, логикалық ойлауға арналған тапсырмаларға мақалдардан, қанатты сөздерден, ертегілерден және де сергіту сәтінен (физминуттардан) топтама жасаймын. Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырады, сондай-ақ, олар баланың ақыл - ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады. Балаларды ойын үрдісіне оқыта жүріп, ойыннан алған қуаныш оқу қуанышына ұласуы үшін, ары қарай жұмыстанамын.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын дамыту.
Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қалай болса, ол өскенде де, жұмыста да сондай адам болады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын - мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.
2. Математика сабағында қолданылатын дидактикалық
ойындар
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуына ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуғап қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді
1. Ойын-саяхат. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық- оңай жолмен; қажеттілер- қызық жолмен беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді . . . ?», «Мен не істер едім, егер . . . » деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындамауды талап етеді.
4. Ойын-жұмбақ. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Мұғалімнің балалармен, мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
3. Балаларды есептің құрылымымен таныстырудың
методикалық әдістері
Есептің сұрағын қою балаларға ерекше қиындық келтіреді. Бұл қиындықтың себебі неде? Сұрақ есептің мәнін анықтайды, ойды сан мағлұматтар арасындағы қатынастарды ұғынуға бағыттайды. Эмпирикалык, әсер сипатын ұғынуға және орындауға тиісті сәйкес арифметикалық амалды табуға көмектеседі. Бірақ сұрақтың екі: тұрмыстық-әлеуметтік және арифметикалық жағы бар. Бала оларды дифференцияламайды және есептің сұрағын өзіне қаратылып қойылған сұрақ ретінде қабылдайды. Ол өзіне қойылған сұрақты қайталамай оған жауап беріп үйренген. Сондықтан есепті қайталағанда, балалар, әдеттегідей сұрақты қайталамастан бірден жауабын есепке енгізіп жібереді; олар жауап беруге асығады. Сұрақтың басқа қызметін олар әлі білмейді. Балалар үшін сұрақтың жаңа арифметикалық жағын ашып беру үшін ең алдымен балаларға белгілі жағына сүйену керек, олардың әрқайсысын есепті ойлап табушының жағдайына келтіріп, оны шығаруды тыңдаушыларына тапсыру керек. Мұндай - жағдайда есепті беріп отырған балаға сұрақ қою қажеттілігі айқын болады. Арифметикалық есептегі сұрақтың мәнін ұғынуға, сондай-ақ сұрақтардың әрі түрлі сипаты да көмектеседі. Сұрақ сан мағлұматтар арасындағы қатынастармен есепте нені білу талап етілетінін түсінуге бағыттайтынын балалар бірте-бірте ұғынулары тиіс.
Әр түрлі есептерді шешу балаларды арифметикалық амалдардың мәнін түсінуге, сандарға қолданылған ол амалдарда адамдардың жиындармен жасайтын көптеген практикалық іс-әрекеті жинақталады. Ол қосу, азайту, болады, тең т. б. сияқты жинақталған ұғымдарда бейнеленген, мұнда сандардың өздері жиындардың қуаттылығының көрсеткіштері болып табылады. Осы математикалық терминдердің бәрін ұғып алу балалардың ақыл-ойын эмпирикалық практикалық амалдарға жинақтауға дейін жеткізеді.
Қосындының мәнін де балалар бірден ұғынып алмайды. Ең алғаш жиындарды практика жүзінде біріктіру ретінде түсініледі. Алайда қосынды - ол тек сандарды ойша қосу ғана. Сондықтан әр түрлі жиындарды біртұтас жиын етіп біріктіру жөнінен, жиынның дұрыс бөлігін бөліп ал т. с. с. жөнінен алдын ала істелетін жұмыстың балаларды арифметикалық амалдарды ұғып алуға дайындауда елеулі мәні бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz