Балаларды табиғатпен таныстыру әдістері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Табиғаттану пәнінен
Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Балаларды табиғатпен таныстыру әдістері

Орындаған: 3КДО топ студенті Умбетова П.С.
Тексерген: Л.А.Жайманова

Орал, 2015ж.

Жоспары

1. Балаларды табиғатпен таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Балалардың жас ерекшеліктерін және бағдарламалық материалдардың мазмұнын тәрбиелеу мен оқыту міндеттеріне тәуелділігін іріктеу ... ... ... ... ...6
3.Балаларды табиғат пен және экология негіздерімен таныстырудың нысандары мен әдістердің көптүрлілігі және олардың балалардың жас ерекшелігіне, білім мен тәрбие беру міндеттеріне және бағдарлама материалдардың мазмұнына қарай іріктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
4. Балалардың табиғатта іс-әрекет арқылы және тікелей танысуын қамтамасыз ету әдістері олардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
5. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

1. Балаларды табиғатпен таныстыру
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Балабақшажа балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан.
Экологиялық тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негіздері В.А.Сухомлинский, Н.К.Скалон, А.Н.Захлебный, М.Н.Сарыбеков, Т.В.Кучер, Ғ.К.Ділімбетова, Ж.Б.Шілдебаев және т.б. еңбектерінде көрініс тапса, экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік жолдары А.А.Сотников, К.Ж.Сарманова, Ұ.Ә.Есназарова, К.С.Құрманбаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерделенген.
Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастың ұлттық салт-дәстүрлер мен байланысы, халық педагогикасын зерттеген ғалымдардың (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Р.Төлеубекова, Қ.Аймағамбетова, Р.Дүйсембінова және т.б.) еңбектерінде көрініс алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін тікелей зерттеген ғалымдардың (С.Н.Николаева, А.М.Пушнина, Н.Н.Кондратьева, Г.В.Кирикэ, Е.И.Золотова, Н.Ф.Виноградова, Қ.А.Аймағамбетова, Ә.М.Мұханбетжанова, П.Г.Самарукова, Н.А.Рыжова, Т.В.Христовская және т.б.) еңбектерінде табиғаттың тұлғаны қалыптастырудағы ықпалы туралы құнды ғылыми-әдістемелік тұжырымдар берілсе, мектепке дейінгі тәрбие мәселесін қарастырған ғалымдардың еңбектерінде (Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, Қ.М.Меңдаяқова, Ә.С.Әмірова, Ф.Н.Жұмабекова және т.б.) тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылады.
Көптеген ғалымдар экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық, әдістемелік аспектілерін жүйеге келтіреді (Н.А.Гладков, Я.И.Габев, С.Н.Назарова, Е.А.Сластенин, А.В.Чигаркин, М.Н.Фомин, Е.З.Батталханов және т.б.), кейбірі экологиялық іс-әрекеттің мәнін айқындап, мазмұнына жан-жақты сипаттама береді (С.Н.Соломина, И.Д.Лаптев, В.А.Ясвин және т.б.).
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау қарастырылып отырған проблеманың ғылыми тұрғыда негізделмегенін дәлелдейді.
Табиғат пен қоғамның қарама-қайшылықтарының бірлігі туралы идеялар; қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімділік тұрғысындағы философиялық қағидалар, диалектикалық таным теориясы, терістеуді терістеу заңы, жеке тұлғалық, тұлғалық-бағдарлық; іс-әрекеттік теориялар; біртұтас педагогикалық процесс және ынтымақтастық, құндылық теориялары құрайды.
Қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерді біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Олар өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің біріншіден морфологиялық, екіншіден физиологиялық бейімделушіліктің қоршаған ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырды.
Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, үшіншіден табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Ұлы Абай да өзінің қарасөздерінде табиғат туралы философиялық ой-пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келе, Кім өзіне махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз, - деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі.
Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи -философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған жөн. Аристотель Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама... табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік сақталып қалады,- деп табиғат құндылығын сақтауды мұрат етсе, Гераклит ... табиғаттың өзі көп сырын аша бермейді, адамдардың көпшілігі әбден тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды- дейді, ал неміс философы Л.Фейербах болса адам табиғаттың ең жоғарғы нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды,- деп ой түйіндейді. Философтардың зерделі ой-тұжырымдарынан мынадай қорытынды шығаруға болады: біріншіден, табиғат заңдарын өшпенділікпен бұзу жағдайында, адам тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің қасиетін жоғалтып, өсіп-өну қабілетінен айрылады; екіншіден, табиғаттың даму заңдарын білмейінше, табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге көп күш-жігер жұмсалады, үшіншіден, табиғатты тек білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат туралы білімі, тәрбиесі болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.
Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыруда ең алдымен кейбір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіп алу қажет:
- экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру, оларды бұлжытпай орындау;
- қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру;
- экологиялық білім беруді үздіксіз, сабақтастықта ұйымдастыру.

2. Балалардың жас ерекшеліктерін және бағдарламалық материалдардың мазмұнын тәрбиелеу мен оқыту міндеттеріне тәуелділігін іріктеу
. Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған "Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндеттері - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына жолдауы" негіз болады.
Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.
Атап айтқанда: Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаев т.б. өз еңбектерінде балалардың экологиялық білім - біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударса, ал Ө.Т.Танабаев, С.Әбубәкіров, Қ.Нұрланова, З.Серікқалиұлы, Д.Н.Сарыбеков, К.Ж.Бұзаубақова, Г.К.Құрманбаева, М.А.Лигай, А.Болтаев, Г.М.Сабденалиева, С.Тілеубергенов, Д.І.Жангельдина, В.П.Кәрібжанова, А.Қ.Егенисова, Н.Т.Есеналина, К.И.Исламова т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық білім мен тәлім-тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.
Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы - денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты -- табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жөне өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.
К.Д. Ушинский - баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді [1, 6, 15].
Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.
Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда қауіпті кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян ...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.
Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.

3.Балаларды табиғат пен және экология негіздерімен таныстырудың нысандары мен әдістердің көптүрлілігі және олардың балалардың жас ерекшелігіне, білім мен тәрбие беру міндеттеріне және бағдарлама материалдардың мазмұнына қарай іріктеу
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:
- педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
- балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;
- әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.
Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді... Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.
Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдістері
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеудің формалары мен әдістері
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы
Пәндер