Балаларды табиғатпен таныстыру формалары, әдістері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Балаларды табиғатпен таныстыру формалары, әдістері

Пәні: Балаларды табиғат және экология негіздерімен таныстыру

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны
Кіріспе
1. Мектепке дейінгі балаларда табиғат туралы ұғымды
қалыптастырудағы ғалымдардың пікірлері
2. Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру формалары
3. Балабақшада балаларды табиғат және экология негіздерімен таныстыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Балабақшажа балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан.
Экологиялық білімнің ғылыми-теориялық мәселелері бірқатар ғалымдардың (Э.Геккель, Ч.Дарвин, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоцци, Ф.Дистервег, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, С.Т.Шацкий, И.Д.Зверев, Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев, И.Н.Нұғыманов және т.б.) зерттеулерінде қарастырылады
Көптеген ғалымдар (М.Фамин, В.И.Фурсов, В.В.Журавлев, Ә.Н.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Д.Кішібеков және т.б.) экологиялық тәрбиенің философиялық тұжырымдамаларын анықтап, табиғатқа саналы көзқарасты адам дүниетанымының құрамды бір бөлігі ретінде қарастырған, белгілі психологтар болса (Т.Тәжібаев, М.Мұқанов. Ә.Алдамұратов, Х.Шерьязданова және т.б.) жеке тұлғаны тәрбиелеудің психологиялық аспектілеріне мән берген.

1. Мектепке дейінгі балаларда табиғат туралы ұғымды
қалыптастырудағы ғалымдардың пікірлері
Қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерді біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Олар өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің біріншіден морфологиялық, екіншіден физиологиялық бейімделушіліктің қоршаған ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырды.
Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, үшіншіден табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Ұлы Абай да өзінің қарасөздерінде табиғат туралы философиялық ой-пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келе, Кім өзіне махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз, - деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі.
Демек, философтардың, педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан олардың экологиялық тәрбие беруді экологиялық сана, экологиялық таным, экологиялық қарым-қатынас; экологиялық іс-әрекет; экологиялық сезім; экологиялық қызығушылық; экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте қарастырғанын байқаймыз. Егер, табиғатты қорғау - әлеуметтік табиғи түзілім десек, оның құрылымын құрайтын экологиялық ұғымдарға зерттеуіміздің мазмұнына сай, біз төмендегідей мазмұндық сипаттама беруді жөн көрдік:
Экологиялық сана - экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді, экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті, сол себепті экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Экологиялық таным - ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, табиғаттың даму заңдылықтарын білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді. Демек, экологиялық таным баланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.
Экологиялық қарым-қатынас - баланың табиғатты танып білуге, оны қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас адам мен табиғат, табиғат - қоғам жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында пайда болады.
Экологиялық іс-әрекет - адамның табиғи ортаны танып білуімен, меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы - табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқты педагогикада - экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын меңгерту.
Экологиялық сезім - табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға бастайды.

2. Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру формалары
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.
К.Д. Ушинский - баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді [1, 6, 15].
Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.
Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда қауіпті кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян ...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс [1, 6, 15].
Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеудің формалары мен әдістері
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Пәндер