Балаларды табиғатпен таныстырудағы тәрбиешінің рөлі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Балаларды табиғатпен таныстырудағы тәрбиешінің рөлі

Орындаған: Жумагазиева М.К.
Тексерген: Айткалиева А.М.

Орал, 2015ж.

Жоспары

Кіріспе

1. Мектепке дейінгі балаларда табиғат туралы ұғымды қалыптастырудағы ғалымдардың пікірлері
2. Баланы табиғатпен таныстыра дамытуда тәрбиешінің рөлі
3. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Балабақшажа балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан.
Экологиялық тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негіздері В.А.Сухомлинский, Н.К.Скалон, А.Н.Захлебный, М.Н.Сарыбеков, Т.В.Кучер, Ғ.К.Ділімбетова, Ж.Б.Шілдебаев және т.б. еңбектерінде көрініс тапса, экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік жолдары А.А.Сотников, К.Ж.Сарманова, Ұ.Ә.Есназарова, К.С.Құрманбаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерделенген.
Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастың ұлттық салт-дәстүрлер мен байланысы, халық педагогикасын зерттеген ғалымдардың (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Р.Төлеубекова, Қ.Аймағамбетова, Р.Дүйсембінова және т.б.) еңбектерінде көрініс алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін тікелей зерттеген ғалымдардың (С.Н.Николаева, А.М.Пушнина, Н.Н.Кондратьева, Г.В.Кирикэ, Е.И.Золотова, Н.Ф.Виноградова, Қ.А.Аймағамбетова, Ә.М.Мұханбетжанова, П.Г.Самарукова, Н.А.Рыжова, Т.В.Христовская және т.б.) еңбектерінде табиғаттың тұлғаны қалыптастырудағы ықпалы туралы құнды ғылыми-әдістемелік тұжырымдар берілсе, мектепке дейінгі тәрбие мәселесін қарастырған ғалымдардың еңбектерінде (Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, Қ.М.Меңдаяқова, Ә.С.Әмірова, Ф.Н.Жұмабекова және т.б.) тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылады.
Көптеген ғалымдар экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық, әдістемелік аспектілерін жүйеге келтіреді (Н.А.Гладков, Я.И.Габев, С.Н.Назарова, Е.А.Сластенин, А.В.Чигаркин, М.Н.Фомин, Е.З.Батталханов және т.б.), кейбірі экологиялық іс-әрекеттің мәнін айқындап, мазмұнына жан-жақты сипаттама береді (С.Н.Соломина, И.Д.Лаптев, В.А.Ясвин және т.б.).
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау қарастырылып отырған проблеманың ғылыми тұрғыда негізделмегенін дәлелдейді.
Табиғат пен қоғамның қарама-қайшылықтарының бірлігі туралы идеялар; қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімділік тұрғысындағы философиялық қағидалар, диалектикалық таным теориясы, терістеуді терістеу заңы, жеке тұлғалық, тұлғалық-бағдарлық; іс-әрекеттік теориялар; біртұтас педагогикалық процесс және ынтымақтастық, құндылық теориялары құрайды.

1. Мектепке дейінгі балаларда табиғат туралы ұғымды қалыптастырудағы ғалымдардың пікірлері
Қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерді біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Олар өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің біріншіден морфологиялық, екіншіден физиологиялық бейімделушіліктің қоршаған ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырды.
Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, үшіншіден табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Ұлы Абай да өзінің қарасөздерінде табиғат туралы философиялық ой-пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келе, Кім өзіне махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз, - деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі.
Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи -философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған жөн. Аристотель Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама... табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік сақталып қалады,- деп табиғат құндылығын сақтауды мұрат етсе, Гераклит ... табиғаттың өзі көп сырын аша бермейді, адамдардың көпшілігі әбден тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды- дейді, ал неміс философы Л.Фейербах болса адам табиғаттың ең жоғарғы нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды,- деп ой түйіндейді. Философтардың зерделі ой-тұжырымдарынан мынадай қорытынды шығаруға болады: біріншіден, табиғат заңдарын өшпенділікпен бұзу жағдайында, адам тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің қасиетін жоғалтып, өсіп-өну қабілетінен айрылады; екіншіден, табиғаттың даму заңдарын білмейінше, табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге көп күш-жігер жұмсалады, үшіншіден, табиғатты тек білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат туралы білімі, тәрбиесі болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.
Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыруда ең алдымен кейбір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіп алу қажет:
- экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру, оларды бұлжытпай орындау;
- қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру;
- экологиялық білім беруді үздіксіз, сабақтастықта ұйымдастыру.

2. Баланы табиғатпен таныстыра дамытуда тәрбиешінің рөлі
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.
К.Д. Ушинский - баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді [1, 6, 15].
Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.
Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда қауіпті кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян ...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.
Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің негізгі сипаттамасы
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Жас ұрпаққа тәрбие беру
Балаларды табиғатпен таныстырудың негіздері Методтардың жалпы сипаттамасы
Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдістері
Бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуы
Пәндер