Балауса саңырауқұлактарын сапасын сараптау және санитарлық бағалау



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Балауса саңырауқұлактарын сапасын сараптау және санитарлық бағалау

Орындаған:

топ студенті

Тексерген:

Орал 2014

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Саңырауқұлақтардың жіктелуі және оның қасиеттері
1.1. Саңырауқұлақтардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Саңырауқұлақтардың дақылдық және морфологиялық қасиеттері ... ... ... 8

2. Саңырауқұлактарын сапасын сараптау және санитарлық бағалау
2.1. Микоздардың сипаттамасы және микоздардың диагностикасы ... ... ... ...10
2.2.Микоз қоздырғыштары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3. Микотоксикоздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.4. Микотоксикоз түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе
Саңырауқұлақтар Fungi әлеміне (Mycetes, Mycota) жатады. Бұларға бір және көп жасушалы организмдердің үлкен топтары жатады, оларға өсімдіктердегі (қозғалыссыздық, биіктеп өсу шексіздігі, витаминдер синтездеу қабілеті, жасуша қабықтарының болуы), жануарлардағы (қоректену түрі, жасуша қабығындағы хитин қабатының болуы, гликоген түріндегікөмірсулар қорының болуы, мочевина түзулері, цитохромдарының құрлысы) сияқты қасиеттер тән, жасуша қабығы бар, фотосинтездемейтін (хлорофильсіз) микроорганизмдер. Эукариоттар, яғни Егсarya доменіне жатады.
Саңырауқұлақтардың ядролық қабығы, ядро, цитоплазма, органеллалар, цитоплазмалық мембрана және бірнеше типті полисахаридтер (маннан, глюкан, целлюлоза, хитин), ақуыз, липидтен және т.б. құралған көпқабатты, ригидті жасуша қабығы бар. Кейбір саңырауқұлақтар капсула түзеді. Цитоплазмалық мембранасы гликопротеиндер, фосфолипидтер және эргостеролдардан (холестериннен айырмашылығы - сүтқоректілер тінінің негізгі стеролы) құралған. Сегресомалар мен хитосомалар тек саңырауқұлақтарға ғана тән. Сегресомалар - вакуоль тәрізді құрылымдар, жасушаға гидрофобты заттардың мысалы көмірсулардың түсуін шектейді. Хитосомалар құрамында хитинді синтездеуге қажетті хитинсинтетаза ферменті бар органеллалар.Саңырауқұлақтар грам-оң микробтар, вегетативті жасушалары-қышқылға төзімсіз. Саңырауқұлақ денесі - талломом деп аталады.
Саңырауқұлақтық аурулар таралуы жағынан пиодермияларға тең. Микоздар - шартты патогенді немесе патогенді әртүрлі (200-ден көп ) кең таралған инфекциялар тобы.
Саңырауқұлақтар эукариотты өсімдік тектес микроорганизмдерге жатады. Клеткалық организациясы өте жоғары, бұл топтың микроорганизмдерінің морфологиясы әртүрлі, өмірлік циклы күрделі, жыныстық және жыныссыз жолмен көбейеді. Саңырауқұлақтар бір клеткалы микроорганизмдер түрінде өмір сүре алады ( дрожьде ), бірақ олар мицелий типті құрылысты.
Саңырауқұлақтың көбісі сыртқы ортадағы табиғи субстраттарда бос өмір сүруі мүмкін. Кейбіреулері ғана адамда инфекциялық қоздырғыш ретінде шығады.
Саңырауқұлақтардың метоболизмі, химиялық құрамы, морфо-функциональды организациясы осы микроорганизмдермен шақырылатын инфекцияның ерекшелігі болады. Саңырауқұлақтардың клеткалық құрамында хитиннің болуы және олардың көлемінің үлкен болуы иесі иммунитетінің қоздыру факторларына инактивациясын қиындатады. Осының бірі болып микоздардың қоздырғышының антибактериальды антибиотиктерге резистенттілігі табылады.
Инфекция шақыратын саңырауқұлақтар таксономиялық қатыныста тұқымдастыққа, подкласстарға және класстарға бөлінеді. Олардың жүйесі және толық анықтамасы арнайы әдебиетте келтірілген (Кашкин П. Н. и соавт. 1978, 1979; Rippon J.W.,1982).
Клинико-патогенетикалық, ұлпалық тропизм, паразитарлы морфогенез және микотикалық инфекциялық қоздырғышының патогенділік деңгейінің ерекшелігіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: кератомикоз қоздырғыштары, дерматофиттер, шынайы паразитарлы дермографизмі бар саңырауқұлақтар, шартты - патогенді дрожь тәрізді және көгерген саңырауқұлақтар - оппортунистикалық инфекция қоздырғышы.
1.Саңырауқұлақтардың жіктелуі және оның қасиеттері
1.1. Саңырауқұлақтардың жіктелуі
Саңырауқұлақтардың негізгі 2 типін ажыратады: гифальды және ашытқылы.
Гифальды(көгерткіш) саңырауқұлақтар шырмалған мицелийлерінде бұтақталған жіңішке жіпшелер құрайды. Гифа жуандығы 2 - ден 100 мкм-ге дейін ауытқиды. Қоректік субстратқа қарай өсетін гифалар вегетативті гифа (саңырауқұлақтың қоректенуіне жауапты), ал субстраттың бетінде өсетін - ауалық немесе репродуктивті гифа (жыныссыз көбеюге жауапты) деп аталады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында жасуша перделері болмайды. Олар көп ядпролы жасушадан құралғандықтан ценоцитті (грек: кoenos - ортақ, жалпы) деп аталады. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары жасуша перделерімен немесе септалармен, саңылаулармен бөлінген.
Ашытқы саңырауқұлақтар (ашытқылар) негізінен оваль пішінді жасуша түрінде болады. Ашытқылар - бір жасушалы саңырауқұлақтар, жоғарғы саңырауқұлақтардың арасында жыныстық көбею типі бойынша - аскомицет және базидомицет деп бөлінеді. Ашытқы саңырауқұлақтар жыныссыз көбею кезінде бүршіктер түзеді немесе бөліну барысында бір жасушалық өсінді береді. Сарделка тәрізді тізбектелген жасушалардан тұратын, жалған мицелийлер псевдомицелийлер мен псевдогифалар құрауы мүмкін. Жыныстық жолмен көбею қабілетінен айырылған, ашытқыларға ұқсас саңырауқұлақтарды, ашытқы тәрізділер деп атайды. Олар бүршіктену немесе бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Медициналық әдебиеттерде ашытқы тәріздес саңырауқұлақтарды ашытқылар түсінігінен ажыратады (идентификациялайды).
Көптеген саңырауқұлақтар диморфизмділікпен сипатталады, дақылдандыру жағдайына байланысты гифальды (мицелиальды) немесе ашытқы тәріздес өсуге қабілетті. Мысалы, инфицирленген организмде ашытқы тәріздес жасушалар (ашытқылық саты) түрінде, ал қоректік орталарда гифалар мен мицелийлер түзіп өседі. Мұндай реакция температуралық фактормен байланысты, бөлме температурасында мицелий түзеді, ал 37оС та (адам денесінің температурасында) - ашытқы тәріздес жасушалар түзеді.
Саңырауқұлақтардың көбеюі жынысты және жыныссыз (вегетативті( жолмен жүреді: жынысты көбеюі (телеморф) гаметалар, жыныстық споралар түзумен және т.б. жыныстық жолмен жүреді. Жыныссыз (анаморф) көбею бүршіктену, гифалардың фрагментациялануымен, жыныссыз споралардың түзілуімен жүреді. Эндогенді споралар (спорангиоспоралар) спорангия деп аталатын дөңгелек құрылымның ішінде жетіледі. Экзогенді споралар (конидиялар) конидий ұстаушылар деп аталатын өнім беретін гифалардың ұшында қалыптасады.
Конидийлердің негізгі типтері - артрококидийлер (артроспоралар) немесе таллоконидийлер (ескі атауы - оидийлер, таллоспоралар) - гифалардың бөлшектенуі мен біркелкі септаларға бөліну жолымен құралады; бластоконидийлер бүршіктену нәтижесінде құрылады. Бір жасушалы ұсақ конидийлер - микроконидийлер, көп жасушалы ірі конидийлер - макроконидийлер деп аталады. Саңырауқұлақтардың жыныссыз түрлеріне хламидоконидийлер немесе хламидоспоралар (жуан қабықты тыныштықтағы ірі немесе ұсақ жасушалар кешені) және склероцийлер (қабығы бар жасушалардың қатты массасы) тән - олар, қолайсыз жағдайда саңырауқұлақтардың тіршілікке қабілеттігін қамтамасыз ететін тыныштықтағы ағзалары. Медицинада маңызы бар саңырауқұлақтардың з типін ажыратады, олар Phyium (немесе бөлімі), жынысты жолмен көбейеді (жетілген саңырауқұлақтар деп аталады): зигомициттер (Zygomycota), аскомициттер (Ascomycota) және базидомициттер (Basidiomycota). Сонымен қатар, тек қана жыныссыз жолмен көбейетін жетілмеген саңырауқұлақтар деп аталаиын дейтеромициттер (Deiteromycota типі) - саңырауқұлақтардың шартты типіне жатады.
Зигомицеттер төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады. Олар Mycor туыстастығының түрлерінен және т.б. құралады. Бұл топ топырақ пен ауада таралып өкпенің, бас миының зигомикозын (мукоромикоз) қоздырады және адам мен жануарлардың басқа да ағзаларын зақымдайды. Зигомицеттердің жынысты көбуюі зигоспоралардың түзілу жолымен жүреді. Бұл саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі өнім беретін гифада, яғни спорангий ұстаушыда көптеген спорангиоспоралардан құралған қабықпен қапталған шар тәрізді спорангий құрайды.
Жоғары сатыдағы жетілмеген саңырауқұлақтарға аскомицеттер мен базодомицеттер жатады. Жоғарғы сатыдағы жетілген саңырауқұлақтарға - дейтеромицеттер жатады.
Аскомицеттердің(қалталы саңырауқұлақтар) септаларға бөлінген мицелийі бар (бір жасушалы ашытқылардан басқасы). Оның аты 4 немесе8 гаплойдты жыныстық споралардан (аскаспоралардан) тұратын негізгі мүше - өнім беретін қалталармен немесе аскамен байланысты алынған. Аскомицеттерге Aspergillus, Penicillum және т.б. туыстастықтардың жеке өкілдері (телеоморфтар) жатады.
Aspergillus, Penicillum туыстастықтарының көптген саңырауқұлақтары анаморфтар болып табылады, яғни жыныссыз жолмен көбеюіне байланысты жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады. Олар өнім беретін гифаларының құрылу ерекшеліктерімен ажыратылады. Aspergillus туыстастығы саңырауқұлақтарының (су құйғыш тәрізді зең саңырауқұлақтары) өнім беретін гифаларының ұштарында, конидий ұстаушылардың жуандаған бөлігінде споралар тізбегі конидиялар (яғни стеригмалар, фиалидалар) түзіледі. Аспергиллалардың кейбір түрлері аспергиллез бен афлотоксикоздар қоздыруы мүмкін. Penicullium туыстастығы саңырауқұлақтарының өнім беретін гифасы саусаққа ұқсас келеді, одан конидий ұстаушы жуандап, конидий тізбектері орналасқан стеригмалар мен фиалидалар сияқты ұсақ құрылымдарға тарамдалады. Пенициллалар пеницилиоз ауруын қоздыруы мүмкін.
1.2. Саңырауқұлақтардың дақылдық және
морфологиялық қасиеттері
Саңырауқұлақтарды рH 7-ден төмен Сабуро, Чапек-Докс, сұйық сусло және сусло-агар қоректік орталарында өсіреді. Саңырауқұлақтардың басым көпшілігі аэробтарға жататындықтан олар сұйық орталарының бетінде қабық түрінде өседі. Ал қатты орталарда басында түссіз, кейін пигментті колонияларға айналады. Колониялар пішіні саңырауқұлақ түріне, өсуі мен көбеюінің жылдамдығына, қоректік ортаның құрамына байланысты.
Саңырауқұлақтар көбінесе спора арқылы көбейеді. Қолайлы орталарда спора өсе келе дистальды аяғы арқылы өсетін түтік түзіп, кейін жіпшеге - гифаға(филамент) айналады. Нәтижесінде жоғары сатылы саңырауқұлақтардың гифасында септалар пайда болып, септалы гифа түзіледі. Ал төменгі сатылы саңырауқұлақтарда септа болмайды.
Гифалар өсіп, бұтақтанып мицелий түзеді. Субстратқа өсетін мицелий бөлігі вегетативті, ал бос жататын, спора түзетін бөлігі репродуктивті мицелий деп аталады. Мицелийдің вегетативті бөлігі арқылы таллоспоралар түзілуі мүмкін: бластоспора, хламидоспора, артроспора.
Репродуктивті мицелий спора түзетін құрылымдар спорофора түзеді. Егер спорофораның терминальды бһөлігі үлкейіп, споралар түзетін жабық құрылымға эндоспораға айналады. Ал егер спорофораның терминальды бөліктері үлкейіп, бос споралар түзсе, олар экзоспора немесе конидиялар деп аталады. Ал спорафоралар - конидиофора не конидиен тасушылар болады. Әр түрлі саңырауқұлақтардың конидия саны, мөлшері, пішіні және құрылысы әр түрлі болады.
Кейбір саңырауқұлақтардың конидиофоралары жоғары құрылымды болып, өзіне тән микроскопиялық құрылымы болады. Мысалы, Aspergillus саңырауқұлақтардың конидиофоралары терминальды көпіршік (басы) ретінде болады. Одан стеригмалар өсіп шығады.
Penicillium саңырауқұлақтарында терминальды көпіршік (басы) болмайды.
Саңырауқұлақтардың басқа түрлері бірден көп конидиялар түзеді. Пішіні кіші конидиялар (біржасушалы) микроконидиялар деп аталады. Пішіні үлкен конидиялар (көпжасушалы) макроконидиялар деп аталады.
Аталған споралардың барлығы жыныссыз, вегетативті жолмен пайда болады. Алайда споралар жынысты жолмен - гаплоидты хромасомалары бар 2 ядроның қосылуынан түзілуі мүмкін. Қосылған гаметалар диплоид түзіп, редукциялық бөлініп (мейоз), спора түзеді. Төменгі сатылы саңырауқұлақтарда түзілетін жыныс споралары - ооспора және зигоспора, ал жоғары сатылы саңырауқұлақтарда - аксоспора мен базидоспора.
Қазіргі уақытта барлық вегетативті және жыныссыз көбейетін саңырауқұлақтардың құрылымдарын анаморфтар деп атайды. Ал жыныстық жолмен көбейетін саңырауқұлақтардың денешіктерін телеоморфтар деп аталады.
2.Микоздар және микоз қоздырғыштары, жіктелуі
2.1. Микоздардың сипаттамасы және микоздардың диагностикасы
Терең микоздар туберкулез таяқшасы мен актиомицеттер тудыратын созылмалы бактериялық инфекцияларға ұқсас. Алғашқыда әдетте өкпелерді зақымданып, жедел пневмония түрінде өтеді; кейде гематогендік жолмен бүкіл ағзаға таралады. Ауру жұқпалы емес. Антибиотиктер ашылғанға дейінгі кезеңде бұл ауру аурумен аяқталатын. Микоздарға қарсы плиенді препараттардың жоғары тиімділігі бар.
Теріастылық микоздар көбінесе ыстық климатты елдерде кездеседі, ауыл тұрғындарына тән. Тері астылық абцестер мен гранулемаларпайда болады, кейіннен олар жұмсақ тіндер мен сүйектердің созылмалы ойық жарасына - мицетомаға ауысады.
Эпидермомикоздар - көбінесе жеңіл өтетін, созылмалы инфекциялар. Қоздырғыштар сүтқоректілердің терісінде (кейде топырақта) тіршілік етеді. Ауру жануарлардан немесе адамнан қатынас арқылы жұғады.
Кератомикоздар - жеңіл өтетін сирек аурулар. Бұл аурулар - түрлі-түсті теміреткі (малассезиоз), қара теміреткі (кладоспориоз), ақ пьедра (трихоспороз) - біздің елімізде мүлде кездеспейді.
Оппортунистикалық микоздар - аспергиллездер, кандидоздар, мукороздар және тағы да басқалары - иммундытапшылық нәтижесінде пайда болады. Қоздырғыштардың көбі қалыпты адам микрофлорасына жатады. Клиникалық көрінісі үрдістің орналасуымен анықталады (жергілікті немесе жайылымды). Аурудың нәтижесі көбінесе ағзаның қалпымен байланысты.
Микоздарға диагноз қою үшін микроскопиялық, микологиялық(дақылдық), аллергиялық, серологиялық, биологиялық және гистологиялық зерттеу әдістері қолданылады. Патогенезіне байланысты зерттеу материалдары :ірің, қақырық, зақымдалған шаштар, тырнақ ликвор, лимфа түйіндері мен жұлынның пунктаттары, ішкі мүшелер, қан, өт, нәжіс, тіннің биоптаттары және т.б.
Микроскопиялық әдіс бойынша нативті (боялмаған) және боялған жағындылардың микроскопта зерттеу жүргізіледі. Нативті препараттарды дайындау үшін шашты, теріні, тырнақты 10-30% КОН және NaOH ерітінділерде ағартады. Сілтімен өңделген материалды шыныдағы глицерин тамшысына салады, жабын шынымен жауып микроскопта зерттейді (фазалы-контрасты микроскопты қолдануға болады), ол саңырауқұлақтың құрылысын, споралардың орналасуын зерттеуге мүмкіндік береді, дегенмен саңырауқұлақтың түрлік тегі туралы соңғы нәтиже тек дақылдық зерттеулер арқылы беріледі.
Жағындыны көбінесе Грам, циль-нильсен,Романовский-Гимза әдістері арқылы бояйды. Дерматофиттері бояғанда Сабуро, Адомсон т.б. әдістерін қолданады.
Дақылдық (микологиялық) зурттеулерді саңырауқұлақтың таза дақылын бөліп алу және оны идентификациялау үшін жүргізеді. Ол үшін тығыз жәнге сұйық қоректік орталарды қолданады (Сабуро, сусло-агары, Чапек т.б.). Термостатта өсу ұзақтығы 3-4 апта (22-28 0С). Саңырауқұлақтың таза дақылын белгілерінің жиынтығы бойынша идентификациялайды: колониялардың пішіндері, түсі, тығыздығы, микроскопиялық көрінісі (мицелияның сипаты, споралардың, конидиятасымалдаушылардың орналасуы ) және басқа да белгілері арқылы.
Саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға диагноз қою үшін жалпы әдістемелер бойынша саңырауқұлақтық антигендермен серологиялық реакциялар - (АР, ПР, КБР, ТеГАР, ИФР т.б. ) қолданылады.
Аллергиялық сынамаларды жалпы қолданылатын әдістеме бойынша сәйкес аллергендерді теріішілік егумен жүргізуге болады (жасушалардан немесежәне жасушалық қабықшалардан алынған полисахаридті және ақуыздық фракциялар, бұзылған саңырауқұлақ жасушасының қоспасы, дақылдардың фильтраттары). ЖСЖТ анықтау үшін тіндік және сарысулық базофилдердің дегрануляциялық тесті, ал ЖСБТ анықтау үшін - фагоциттер көшуінің тежелу реакциясы, лимфоциттердің бласт трансформациясы қолданылады.
Биологиялық зерттеулерді зертханалық үлгілерде жүгізеді (тышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқасы, орқоян, иттер, мысықтар). Микоздардың биологиялық үлгісін қоздырғыштардың патогендігін, таза дақылды бөліп алу және жаңа микоздарға қарсы препараттарды зерттеу үшін қолданылады.
Гистологиялық зерттеу тіндегі саңырауқұлақты, оның морфологиясын, ағзадағы тудырған патологиялық үрдістің ерекшелігін зерттеуге мүмкіншілік береді.

2.2.Микоз қоздырғыштары
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар микоздар деп аталады. Аурулардың атаулары кейде патологиялық үрдістің орналасуына (теріде - дерматомикоздар, өкпеде - пневмомикоздар т.б.), кейде - қоздырғыштың түрімен (мукоромикоз, аспергиллез, трихофития т.б.) байланысты.
Микоз қоздырғыштарының жіктелуі:
I. Терең (жүйелі) микоздардың қоздырғыштары: Coccidioides immitis, histoplasma capsulatum, Criptococcus neoformans, Blastomyces dermatitidis.
II. Теріастылық (субкутанды) микоздардың қоздырғыштары: Sporotrichum schenckii және т.б.
III. Эпидермомикоздардың қоздырғыштары (дерматомикоздар: Epidermophyton floccosum, Microsporum canis, Trichophyton rubrum және т.б.
IV. Кератомикоздардың қоздырғыштары(беткейлі): Malassezia furfur, Cladosporium werneskii, Trihosporon cutaneum және т.б.
V. Оппортунистік микоздардың қоздырғыштары: Candida albicans, Aspergillus, Mucor, Penicillium т.б. туыстастықтардың әр түрлері.

Медицинада маңыздылығы бар саңырауқұлақтардың негізгі топтары
Таксондар
Негізгі туыстастықтар
Қоздыратын аурулары
Зигомицеттер (Zygomycota типі)
Rhizopus, Mucor, Rhizomucor, Absidia, Cuninghamella, Sacsenea, Conidiobolus,

Зигомикоз
Аскомицеттер
(Ascomycota типі)
Ашытқылар: Sacharovycts, Pichia, (кейбір Candida spp. Телеоморфтары)

Arthoderma ((Trichopphyton және Microsporum түрлерінің телеоморфтары)

Кейбір Aspergillus және Penicullium spp. телеоморфтары)

Psdfilescheria boydii ( Scedosporium apiospermum телеоморфтары)

Nectria, Giberella (Fusarium туыстастығына жататын саңырауқұлақтардың көптеген түрлерінің телеоморфтары)

Pneumocystis carinii
Көптеген микоздар

Дерматомикоздар

Аспергиллез, пенициллез

Мицетома, гиалогиомикоз

Кератоз, гиалогиомикоз

Пневмония

Базидомицеттер (Basidiomicota типі)
Amanita, Agaricus

Ашытқылар: Filobasidiella (Cryptococcus ntoformans телеоморфтары)

Уытты саңырауқұлақтармен улану

Криптококкоз
Дейтеромицеттер (Deitermycota типі)
Жетілмеген ашытқылар: Candida, Criptococcus, Trichosporon, Malasseria

Epidermophyton, Coccidioides, Para- coccidioides, Sporothric, Aspergillus

Phialophora, Fonsecaea, Exophola, Wangiella, Cladophiphialophora, Bipolaris, Exserohilum

Phoma
Көптеген микоздар

Көптеген микоздар

Хромобластомикоз, мицетома, феогифомикоз

Феогифомикоз

Шынайы мицелий түзу қабілетінен айрылған бір жасушалы ашытқы саңырауқұлақтар да аскомицеттердің өкілдері болып табылады. Ашытқылар оваль пішінді, диаметрі 3-15 мкм болады. Олар бүршіктену, бинарлы көбею (тең екі жасушаға бөліну) немесе аскоспоралар түзіп, жынысты жолмен көбейеді. Ашытқылар қоздырған аурулар ашытқы микоздары деп аталады.
Дәнді дақылдарда паразитті тіршілік ететін эрготизм қоздырғышы да (Claviceps purpurae - қастауыш) аскомицетке жатады. Аскомицеттердің көптеген түрлері антибиотиктердің продуценттері ретінде биотехнологияда қолданылады.
Базидомицеттер - мицелийі септаларға бөлінген қалпақты саңырауқұлақтар. Олар - гомологиялық аскомицелиидің соңғы жасушасы базидиядан шешілуі арқылы жыныстық спора - базидиоспоралар түзеді.
Дейтеромицеттер - (басқаша атауы: саңырауқұлақтар, Fungi imferfecti, анаморфты саңырауқұлақтар, конидиалды саңырауқұлақтар) жыныстық жолмен көбеюге қабілеттігі жоқ саңырауқұлақтардың шартты және формальды типіне жатады. Формальды деген сөз - бұл саңырауқұлақтардың жыныстық көбею қабілеттігінің болу мүмкіндігін білдіреді. Егер саңырауқұлақтардың жыныстық көбею қабілеттігі н14талса, оны - телеоморфты түрге жатқызып, Ascomycota немесе Basidiomycota типіне ауыстырады. Дейтеромицеттер септаларға бөлінген мицелий түзіп, тек қана жыныссыз жолмен көбейеді. Кейінгі кездедейтеромицеттер терминінің орнына митоспоралық саңырауқұлақтар термині ұсынылды - жыныссыз споралар арқылы, яғни митоз жолымен көбейетін саңырауқұлақтар деген ұғымды білдіреді.
Дейтеромицеттерге жетілмеген ашытқылар ( ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар), мысалы тері, шырыш қабықтарды және ішкі ағзаларды зақымдайтын (кандидоз) Candida туыстастығының саңырауқұлақтары жатады. Олар оваль пішінді, диаметрі 2-5 мкм, бүршіктену жолымен бөлінеді, септаларға бөлінген гифалар және созылыңқы жасушалардың тізбектері тәрізді жалған гифалар (жалған мицелий) түзеді. Бұл ашытқы тәрізді саңырауқұлақтардан шынайы ашытқылардың ерекшелігі - аксоспоралар түзіп аскомицеталарға жатады. Candida albicans-қа хламидоспоралар түзу тән.
Жүйелі микоздардың қоздырғыштары қан жүйесіне өтіп, саңырауқұлақтық сепсис шақырып, жиі өліммен аяқталады.Кератомикоздар проблемасы көп жағдайда косметикалық, ал субкутанды микоздар тері жамылғысын зақымдаумен қатар ауыр аллергиялық формаға әкеледі.

2.3. Микотоксикоздар
Микотоксикоздар дегеніміз - жануарлар ағзасына микоз тәріздес уытты заттардың (саңырауқұлақтар) енуі нәтижесінде пайда болатын ауылшаруашылық малының аурулары. Оларға: аспергилло, дендрохио, стахиоботрио және фузариотоксикоздар жатады.
Аспергиллотоксикоздар -- аспергиллюс туысына жататын (20-астам) уытты саңырауқұлақ әсерінен пайда болатын аурулар. Олар ылғалдылығы 18 ден 35 градус аралығындағы жемдерде пайда болып, афлотоксин деп аталатын уытты зат бөліп шығарады. Афлотоксиндер суда және органикалық ертінділерде жақсы ериді. Судағы ерітінділері жоғары температураға төзімсіз, күн сәулесіне төзімді. Қышқылдар мен сілтілердің әсерінен белсенділігін жояды.
Токсикологиясы. Малдың организміне ене отырып афлотоксиндер бауырдың функционалдық қызметін бүлдіреді, кейбір ферменттердің белсенділігін төмендетеді, РНК-ның метаболизмін өзгертеді, белоктардың синтезін бұзады, мүшелерді майлы және белоктық дистрофияға ұшыратады, гепатоцидтерді өлі еттендіреді, канцерогенді, тератогенді және мутагенді әсер етеді.
Клиникасы. Алғашқы белгілері 1-3 күннен кейін байқала бастайды. Улану жіті, жітілеу және созылмалы түрде кездеседі.
Жылқыларда аздаған қозу пайда болып, ол тежелу сатысына алмасады. Жем-шөптен қалады, шөлдейді. Ауыз қуысының кілегейлі қабықтары қызарады, ішектің перистальтикасы күшейеді, нәжіс кілегейлі заттармен араласады. Температура төмендейді, тамыр соғуы және тыныс алу жиілейді, бұлшық еттері тартылады.
Ірі қарада алғашқы белгілер 4-6 күннен кейін пайда болады. Көз қарашығы үлкейеді, бұлшық еттері тартылады, құлақтарының ұштары, аяқтарында, бас терілерінде өліеттенулер көрінеді, жалпы әлсірейді, кілегейлі қабықтар сарғаяды, тәбеті төмендейді, сілекей көп бөлінеді, жөтеледі, тремор, асқорыту және жүйке жүйесі жұмысы нашарлайды. Буаз мал іш тастайды, бұзаулардың іші өтеді, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді.
Қойларда: Жалпы әлсірейді, тәбеті төмендейді, саливация, несеп бөлу жиілейді, гипотония, атония және тимпания қалыптасады, қарын ісінеді.
Шошқаларда: Жалпы қозу, атаксия, тремор, іш өту, парез секілді белгілерімен қатар, ас қорыту жолының функциясы бүлінеді, салданады, тілі, қызыл иегі, желінінің, құлағының ұштары, аяқтарының, бас терісінің кейбір бөліктері өліеттенеді.
Құстарда: Жалпы әлсірейді, тәбеті төмендейді, айдары мен сырғалығы көгереді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Кілегейлі қабықтар катаральді түрде қабынады, асқазан мен кейбір ішектердің кілегейлі қабықтары өліеттенеді. Бауыр үлкейеді, жүректе қан ұйюлар байқалады, өкпесі қызарған әрі ісінген. Миы қанға толы, паренхимтозды мүшелерде дистрофиялық өзгерістер білінеді. Бронхтар мен бронхиолалар көбіктенген, қан аралас сұйықтыққа толы.
Емдеу және алдын алу шаралары. Рационнан аспергилл штамдарымен зақымданған азықты алып алып тастау керек. Адсорбенттер, құстырғыштар, іш өткізгіштер береді. Сіресуге қарсы тері астына 2-10,0 мл, 30 пайызды магний сульфатын, глюкоза егуге болады. Дәндердің тазалығын анықтау үшін натрий хлоридімен талдау жүргізеді. 4 кг. натрий хлоридін алып, оны 10 л. суға ерітеді. Алынған дәндерді осы дайындалған ерітіндіге салады. Егер де қастауыш мүйізшелері бар болса, онда олар судың бетіне шығады.
Дендродохиотоксикоз - жіті және жітілеу түрде өтетін ауру. Көбінесе жылқы, шошқа, қой және қүхтар уланады. Дендрохин саңырауқұлақтары бидайдың, қара бидайдың, сұлының және арпаның сабанының ішінде өмір сүріп, улылық қасиет көрсетеді. Сондықтан, сабанның сыртқы көрінісі ешбір зақымданбаған болып көрінеді. Бөлінетін токсиндер химиялық заттарға және жоғары температураға өте төзімді.
Клиникалың белгілері. Улану ауыр түрде етеді. Жылқыларда жалпы қажу, тамыр соғуының жиілеуі, ауыз қуысы кілегей қабығының қабынуы, еріннің ісінуі, қанның формалық элементтерінің санының көбейюі сияқты белгілер білінеді.
Қойларда уланудың жіті түрінде лейкоцитоз, гипотония, тремор байқалып, кейбір кездері дене қызуы көтеріледі. Ал жітілеу түрінде еріндері өлі еттеніп, жүйке жүйесі зақымданады.
Шошқаларда әлсіздік, қозғалысының бұзылуы, тәбетінің жойылуы, шөлдеу, құсу, іш өту, дірілдеу, ауыз қуысы кілегей қабықтарының, ернінің және тұмсығының қан талауы, қанда эритроциттердің санының көбеюі секілді белгілер байқалады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексе сіресіп қалады. Көзге көрінетін кілегей қабықтардың көгергенін көруге болады. Ішектің кілегейлі қабығы катаральды қабынады. Сонымен қатар өт қабының өтке толғанын, өкпенің ісінгенін, паранхиматозды мүшелердің дисстрофиялық өзгерістерін байқауға болады.
Балау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кептірілген саңрауқұлақ
Саңырауқұлақтардың тағамдық құндылығы
Қазақтың ұлттық өнімі қаймақты ветеринариялық санитариялық сараптау
Айранның дайындалу технологиясы
Сүт қышқылды стрептококктар
Ұшаны өлшеу
Дайын өнімдердің сапасына қойылатын сапа көрсеткіштер талаптары
Еттің балауса екендігін оның майы бойынша анықтау
Асыл Мерей базарының зертханасының құрылымы
Құйрықты қойдың құйрығы майға толы
Пәндер