Балғын жастағы музыкалық ырғақтың қимылдарға қатыстыру әдісі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Музыкалық білім беру кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Балғын жастағы музыкалық ырғақтың қимылдарға қатыстыру әдісі

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Музыкалық-ырғақтық қимыл түрлері
2. Жасерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау - бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.
Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз - ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка -- адамның өмірлік серігі. Бейнелі қимыл дағдылары өнердің әр түрімен байланысқан. Қимылдардың негізгі түрлері (жүру, жүгіру, секіру), гимнастикалық жаттығулар және сап түзеу дене шынықтыру жаттығулары саласынан алынған. Халықтық, сәнді билердің және характерлі бидің ең қарапайым элементтері би саласынан іріктелініп алынған. Бұлардан басқа драмалық, сюжетті-образды қимылдар да іріктелініп жүр. Балалар музыкалық аспаптарында ойнауға үйретудің мазмұны түрлі аспаптармен, олардың құрылысымен таныстыру болып табылады. Балалар шағын ансамбльге қатыса отырып, дербес және коллективтік дыбысты дұрыс шығару дағдысын меңгереді.
Баланы дамыту мен тәрбиелеуде ойын маңызды рөл атқарады. Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда адамгершілік қасиеттері, қоршаған ортаны танып білуі ойын барысында жүзеге асырылады. Әйгілі совет педагогы А.С.Макаренко былай деген еді: Ересектердің өмірінде жұмысы мен қызметі қаншалықты маңызды болса, бала үшін де ойынның маңызы соншалықты зор. Адамның мінезі бала кезіндегі ойын барысында қалыптасады.
Баланың музыкалық мәдениетінің бастапқы мектебі де ойын тәжірибесінен туындайды. Сол сияқты музыканың сүйемелдеуімен орындалатын қимылды ойындар-шапшандылық, ептілікті, икемділікті, музыкаға дұрыс жауап бере білу қабілеттерін дамытады.
XX ғасырдың бас кезінде швейцар музыкант-педагогы Э. Жак-Далькроз-салған ырғақтық тәрбие жүйесі күні бүгінге шейін музыка тануда ғылыми мағлұматтар негізінде педагогика саласында қолданылып келеді.
Мектепке дейігі жастағы балалардың ырғақты жаттығулар, музыкалық ойындар, билер, қол ұстасып ән айту арқылы музыкалық-ырғақтық дағдылары қалыптасады.
Бұл ироцесте балалардың естуі мен өз қимылын музыкамен үйлестіре білуінің, тиісті музыкалық шығармаларды таңдап ала білуінің мәні зор. Музыкалық-ырғақтық тәрбие жүйесінің негізін қалаған педагогтар: Н.Г.Александрова, М.А.Румер, Н.А.Ветлугина, А. В. Кенемандар.
Музыка мен қимыл арасындағы байланыс олардың жалпы үйлесімділігімен шектеліп қана қоймайды, онда музыкалық образдың дамуы, ұқсас және қарама-қарсы сипаттағы музыкалық шығармалар, мәнерлілік реңк, ырғақтық өрнек, қарқын, динамикалық өзгерістер барлығы қимылдан көрініс таба білуі қажет.
Музыканың және қимылдың қарама-қарсылық, қайталанушылық сипаты өзара сәйкес келеді. Жеңіл ырғақты қимылдар-қол соғу, аяқтопылдату арқылы, ал динамикалық қарқындык сәттер-қимылды жылдамдату, бағытын өзгертумен айқындалады. Мысалы: о. х. ә. На горе-то калина, В. Иванов Полька.

Негізгі бөлім
1. Музыкалық-ырғақтық қимыл түрлері
Балаларға музыкалық тәрбие беру түсінікті және қызықты ойындар, қол ұстасып ән айту, билер, жаттыгулар, драмалық ойындар шығармаларындағы қимылдар арқылы жүзеге асырылады.
Музыкалық ойын. Ойын - музыкалық-эмоциялық мазмұнды білдіретін белсенді шығармашылық қызмет, ол алуан түрлі қимылдар арқылы жүзеге асырылады. Ойынның өзіне тән сюжеті, ережесі, музыкалық оқу тапсырмалары болады. Түсінікті де қызғылықты ұйымдастырылған ойын бағдарламадагы дагдыларды жақсы игеруге көмектеседі. Музыкалық шығармалар мен ойын мазмұны жалпы тәрбие міндеттеріне жауап береді.
Мектепке дейінгі музыкалық тәрбие әдістемесінде ойынның екі түрі берілген. Музыка аспабымен және ән айтумен орындалатын ойындар.
Музыка аспабымен орындалатын ойындар сюжетті және сюжетсіз болып екіге бөлінеді.
Сюжетті ойындарды белгілі бір кейіпкерлер орындайды, оқиға дамып отырады. Негізгі міндет шешімін табады.
Сюжстсіз ойындар (қимылды ойындардың алуан түрі) ережесі музыкамен байланысты болып келеді, музыкалық шыгарманың мазмұнына, сипатына және түріне сәйкес қимыл жасау міндеті шешімін табады. Қол ұстасып ән айту, сахналық түрге келтіру ойындары енгізіледі. Олардың құрылымы шығарма мазмұнына байланысты болады. Қимыл әрекетке жеке балалар, шағын топ, бүкіл ұжым кезекпен қатысады, қимыл бағыты өзгертіледі, ойын кезінде тұру тәртібі - шеңбер жасау, сап түзеу, екі-екіден қатарға тұру, топтанып тұру т. б жатады. Сонымен музыкалық ойындар міндеті жағынан -дидактикалық, ал сипаты жағынан қимылды ойындар болып саналады. Мазмұны музыкамен толық байланыста.
Мысалы: Қайсы екен, қолымыз?, Во саду ли в огороде орыс х. е.
Билер. Балалар билерінде халықтық және классикалық би элементтері кеңінен колданылады.
Белгіленген кимылдары бар және ойдан шыгарылган сипаты бар бірнеше биден құрастырылган секірмелі билер, оларға қарама-қарсы сипаттағы екі бөлімді шығармалар:
- бірінші бөлімі бірқалыпты баяу орындалады, саппен жай жүру, музыка соңында ізет жасалады. мыс: о.х.е. Сеяли девушки яровой хмель,
- ал екінші бөлімінде көңілді, қызу жылдам орындалады. Мұнда музыкаға әркімнің өзінше билеуі, ойдан шығару қимылдарын енгізуге болады. Мысалы: о.х.е Я на горку шла
Еркін билер шығармашылық сипатта болып, халықтық би әуенімен орындалады. Балалар ездеріне таныс билердің элементтерін пайдаланып, оларды жаңаша құрастырып, өздерінше секірме би ойлап табады.
Сәнді би- құрамында полька, галоп, вальс қимылдары енгізілген балалардың сәнді биі. Жеңіл, көңілді түрде ойналатын музыка арқылы полька, галоп адымы үнемі сүйемелденіп отырады.
Өзіндік би-қандайда болмасын бір кейіпкерді орындайтын Петрушка, Ақшақар, аю, қояндар билері.
Жаттығулар. Ойындар, секірме билер, қол ұстасып ән айтуды үйрену барысында музыкалық-ырғақтық дағдылар меңгеріледі. Кейбір билер қосымша күш жіғерді, жаттығуды талап етеді. Мысалы: Ырғақтық өрнекті, екпінді дәл көрсетуге жаттықтыру, педагогтың тапсырманы қызғылықты етіп түсіндіре білуі билерді жеңіл игеруіне көмектеседі. Ал кейбір жаттығулар кейіпкерлерді, секіруді, көркем қимыл дағдыларын, жекелеген би элементтерін меңгеруге көмектеседі.
Ізденіс жұмысының арқасында балада музыкалық ырғақ қатынасы ерте қалыптасады (9-10 айда - Б.М.Теплов). Балада музыкалық ырғақ элементі дене қимылынан бастап музыканың ырғақ қысымына қосылады.
Г.А.Ильин: ... баланың бірінші музыка туралы түсінігі ырғақтық қабылдауы. 2,5 - 3 жаста бала музыка уақытының теңдігін байқайды, қарапайым ырғақтарды қабылдайды (екі кішкене ұзақтық және бір ұзағырақ ұзақтықты). 3 - 5 жаста әндеткенде ырғақтық қимылмен жүреді. 6 - 7 жаста, біріншіден, музыканың әсерлік (динамикалық) және ырғақтың жағын сезеді, ал әуені мен гармониясын нашар қабылдайды.
Музыкалық-ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы музыкалық ырғақ сезімі дамиды және қалыптасады. Олар: екпіні жай, орташа, жылдам. Екпін, метр және ырғақтық сурет - міне, ол музыкалық сипатын білдіреді (6 - 7 жасар балалар). Метр - 24, 44 және (34) ырғақ өлшемдер арқылы. Екпіндік сезімі - дыбыс қатарларының жүрісін қабылдау (екпіні жай, орташа, жылдам). Балалардың ырғақтық сурет сезімі баяу дамиды, ауырлау. Музыкалық әрекетіндегі басты және тез алда дамуы - ол музыкамен музыкалық жүріс. Музыкалық жүріс - бұл ерекше әрекет, барлық музыкалық қабілет жүйесінің дамуы, алда жүретіні - ырғақ сезімі.
Музыкалық жүріс - халықтық, тұрмыстық, сахналы би және ырғақтық гимнастика мен аэробика т.б.
Мектепке дейінгі жас адам өміріндегі өте жауапкершілікті кезеңдердің бірі, яғни осы жас шамалық кезеңде баланың денсаулығының негізі, ақыл ойы, психо-физикалық дамуы қаланып, оның жеке тұлғасы қалыптасады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды. Ал музыка әуеніне қозғалу бұл би. Ырғақты би - бала үшін қозғалыс арқылы өз - өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Себебі мектепке дейінгі жастағы баланың сөздік қоры бай емес, сондықтан да бала өз сезімін, эмоциясын ырғақты би арқылы бейнелеп, қоршаған ортаға жеткізеді. Ал қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын. Қазіргі заманғы балалар биін балабақшада қолданудың тиімділігі ол, балаларды музыкалық, психо-физикалық және эстетикалық тәрбие жағынан әр - түрлі әсерлі формаларды қолдана отырып ырғақты би қозғалыстарын дамыту болып табылады. Ырғақты би қимылы арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді. Ол баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның рухани бейнесін қалыптастырады. Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік, шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, жалпақ табандылық, омыртқа қисаю ауыруларын алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ырғақты би балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады. Өздеріңіз білетіндей біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің мінез-құлықтары әр түрлі ашық, шапшаң, белсенді болса ал кейбіеулері ұялшақ, қорқақ, ұяң балалар да болады дәл осындай балалармен ырғақты би сабағында балалардың тұйық мінезін ашып, көңіл-күйлерін жақсартып, өз-өздеріне МЕН деген сенімдерін арттыруға болады. Біздің бүлдіршіндеріміз көптеген билерді үйреніп қана қоймай ұлттық салт дәстүрлерді тез қабылдайды. Тәрбиеленушілердің арасында ерекше, биді жоғары орындау шеберлігі мен көзге түсіп жүргендері қалалық, облыс, республика деңгейіндегі сайыс - байқауларына қатысып жүр. Атап айтар болсақ бақшаның мақтаныштары Ә.Айнұр, М.Аружан, А.Анель, К.Мадина, Асанәлі, Б.Әлишер. Олар өздерінің табиғи қабілеттерін жетілдіруде. Қазақ халқы би өнері арқылы қайғы-мұңдары мен қуанышытарын би арқылы жеткізе білген. Әсем әуенді естігенде бойы елітіп би билегісі келмейтін жан болмас. Ырғақты би қимылын қабылдау ерекшелігін белгілі бір деңгейде, дайындық кезеңінде жас ерекшеліктеріне қарай анықтайды, оқыту 3 жылға бөлінген, осы кезде дидактиканың негізгі принциптері мен әрбір топтың жас ерекшеліктері, физикалық мүмкіндіктері мен 4-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескерілген. Сабақ аптасына екі рет өткізіледі және үш бөлімнен тұрады атап айтар болсақ олар:
Ойын ритмика: жаттығуларды үйрету кезеңі және жеке қозғалыстар.
Ойын гимнастика: жаттығуларды тереңдетіп үйрету кезеңі, ол би бейнесі.
Ойын би : Жаттығуларды бекіту және одан әрі жетілдіру кезеңі толық би.
Жаттығуларды орындау техникасын түсіндіргеннен кейін бала жаттығуларды көрсеткенде алған ақпаратын толықтырады. Арнайы терминологияны қолдана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка және қимыл
Музыкалық ырғақты қимылдардың маңызы, қойылатын талаптар
Музыкалық қабылдаудың дамуы музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Ересек топтағы мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабылдау ерекшеліктері
Музыкалық аспаптардың түрлері
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жөнінде
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Музыкалық есту қабілеті
Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері
Пәндер