Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі

Орындаған

Ғылыми жетекші:

Орал, 2013

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5 бет.

І тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты.
1.1.Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-9 бет.
1.2.Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-15 бет.

IІ тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері.
2.1.Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-21 бет.
2.2.Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-25 бет.

ІІІ тарау.. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.
3.1.Банктердің бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26-30 бет.
3.2.Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31-32 бет.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33- 34 бет.
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35 -36 бет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 7-38 бет.

Кіріспе

Таңдалған тақырып көкейтестілігінің негіздемесі. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты Қазақстан экономикасының түбегейлі өзгерістері мемлекеттің барлық шаруашылық салаларына өз септігін тигізді. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өсуі байқалып отыр, бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасымен дәлелденеді.
Қазақстан экономикасының өсуі сыртқы факторлардың ықпалымен шартталады. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 07.02.2008 ж. " Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты " атты жолдауында : " ... мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өсіп келе жатқанын ескере отырып ішкі инвестициялық ресурстарды белсендіру, банктердің инвестициялық қызметті дамыту ",- деп берілген. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанда мемлекет экономикасына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, банктерде инвестициялық қызметті ұйымдастырып, оны дамыту бойынша барлық жағдайлар жасалды. Тікелей шетелдік инвестиция ( ТШИ ) тұрғын басына шаққандағы көлемі бойынша Қазақстан Достастық елдері арасынан ғана емес, сонымен қатар транзитті экономикасы бар мемлекеттердің ішінен озып келе жатыр. Алайда Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту және екінші дәрежелі банктердің инвестициялық қызметін жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл бірқатар факторлармен шартталады. Біріншіден, экономикалық жүйенің трансформациялану кезеңі ішкі инвестициялық ресурстардың пайдалануының күрт төмендеуімен сипатталады, ал бұл өз кезегінде республика ұйымдары мен кәсіпорындарына ұлттық экономиканы дамытуға бағытталған инвестициялық қызметпен айналысуларына мүмкіндік берген жоқ. Екіншіден, дүние жүзі нарығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін экономиканың өңдеуші секторына инвестициялар деңгейі жеткіліксіз болып отыр.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Коммерциялық банктерде инвестициялық қызметінің төменгі деңгейде болуының себебі олардың шектеулігі және инвесторлар ( шетелдік және отандық ) мүдделерінің экономиканың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі болып табылады. Жеке шаруашылық субъектілері бос қаржы қаражатын иеленгенімен, оны ағымдағы шығындарын өтеуге жұмсайды, ал коммерциялық банктер нақты өндірісті инвестициялауға әлі құлшыныс таныта қойған жоқ. Үшіншіден, көптеген мемлекеттердегі инвестициялық белсенділік пен экономикалық өсу шетел капиталының қатысуымен қолдау тауып отыр. Алайда, тәжірибенің көрсетуінше, шетел инвесторлары үшін, ең алдымен, дәстүрлі шикізатты салалар, әсіресе, мұнай газ және металлургия өнеркәсіптерінің игеруші салалары тартымды. Ал байланыс, көлік, ауыл шаруашылығы, машина құрылысы кешеніне ТШИ көлемі азырақ келеді.
Инвестиция бағыттарының приоритеттерін анықтау, әсіресе экономиканың өңдеуші саласына, бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр деп санауға болады. Ондағы инвестициялық белсенділіктің жандануы мен капитал салымдарының тиімділігін жоғарылату керек. Жаңа инвестициялық саясат нарықтық қатынастардың жетілу кезеңіне сәйкес келетін кеңейтілген ұдайы өндіріс парадигмасына жетудің шешуші механизмі болып табылады, бұл Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстанның бәсекеге қабілетті және әлеуметтік бағытталған экономикасын қалыптастырудың түбегейлі міндеттерін іске асыруға септігін тигізеді.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі тақырыбындағы курстық жұмысты орындаудағы міндеттері келесідей :
Құнды қағаздардың жалпы экономикадағы қызмет етуі мен орнын анықтау;
Бүгінде жас буын алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни құнды қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру;
Мемлекеттік бағалы қағаздарды жан-жақты талдап, олардың еліміздің ұлттық экономикасындағы айналыстағы барысын талдау;
Коммерциялық банктердің құнды қағаздар нарығында қызмет ету механизмін талдау;
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен оларды құру жолдарын талдау;
Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар есебін құрастыру болып табылады.
Зерттеу нысаны мен мән мағынасын суреттеу. Мемлекет экономикасындағы инвестициялық қызметті белсендірудің маңызды шарасы Қазақстан Республикасының 2003-2015 ж.ж. өнеркәсіптік-инновациялық даму стратегиясымен белгіленген. Стратегия экономиканы диверсификациялау мен модернизациялау негізінде, шикізаттық бағыттан арылу, өңдеуші секторының болашағы бар бағыттарын анықтау, нақты сектордағы инвестициялық қызметтің тартымды жағдайларын қалыптастыру негізінде мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегияны іске асыру мемлекетімізге қосылған құны жоғары тауарлар мен қызмет көрсетудің әлемдік нарығында табысты бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.
В.Д.Камаев инвестициялаудың мәнін, табиғатын зерттеп, инвестициялауды тауар мен қызметті өндіру және оларды тұтынуға жеткізу үшін пайдаланылатын өндіріс процесі мен өндіріс қаражаттарын жинақтау процесі ретінде анықтайды.
Инвестициялау мәселелерінің әдістемелік аспектілеріне экономика теориясы классиктерінің көптеген еңбектері арналған. Жинақталу, экономикалық өсу мен инвестиция мәселелері, сонымен қатар, оларды реттеу механизмдерін қалыптастыру Дж.Кейнс, Дж.Р.Хикс,Ж.Б.Сэй, А.Маршалл, А.Пигу, К.Маркс, П.Самуэльсон, М.Фридмен, Ф.Хайек және экономикалық ойдың басқа классиктерінің еңбектерінде қарастырылған.
Институционалды инвестициялау саласында портфельдік менеджмент мәселелеріне негізделетін қазіргі инвестициялау теориялары американдық теорияшылар мен тәжірибешілермен терең қарастырылған. Құнды қағаздардың оңтайлы портфелін құру үлгісін ұсынғандарға Г.Марковиц, У.Шарп, Дж.Тобин, Дж.Линтнер, Ф.Блек, М.Шоулз атаулы ғалымдарды жатқыза аламыз. Инвестициялық тартымдылық мәселелерін шешуде институционализм теориясын ұстанушы Т.Веблен, У.Митчел, Р.Коуз, Д.Бьюкенен сынды зерттеушілер еңбек сіңірген болатын.
Инвестициялық қызмет заңдылықтары мен инвестициялық ресурстарды экономикада тиімді пайдалануды зерттеуге таяу шетел экономист мамандары Л.Абалкин, А.Васильева, А.Добрынин, П.Завлин, А.Кондратьев, А.Кноль, А.Крутик, Ю.Матькина, В.Миловидов, Ю.Никифоров, Е.Никольский, М.Попов, А.Смирнов және т.б. үлес қосты.
Дерек көздері мен әдебиеттерге жалпы талдау. Инвестициялау теориясы мен тәжірибесі бойынша қазақстандық зерттеуші мамандардың ірі еңбектеріне А.Т.Ашимбаева, С.А.Аханов, Айменов А.Т., Р.А.Алшанов, А.Абишев, А.Алимбаев, Ж.Аубакирова, У.Баймуратов, Ф.Днишев, В.Додонов, О.Егоров, М.Исаева, К.Кажымурат, М.Кенжегузин, А.Кошанов, А.Кравцов, Н.Мамыров, Т.Мухамбетов, Н.Нурланова, К.Окаев, М.Оспанов, О.Сабден, Есиркепов Т.А., М.Спанов, П.Пасеченко, А.М.Смагулов, Б.Хусаинов, Б.Чумаченко және т.б. ғалымдардың туындыларын жатқызуға болады.
Авторлық жаңашылдық пен шығармашылық дербестікті көрсету. Қазақстан экономикасын инвестициялаудың жеке аспектілері қарастырылған бірқатар ғылыми зерттеулерде атап кету керек. Мысалы, Ф.Днишев экономиканы модернизациялау көзі ретінде инновациялық факторға баса назар аударған. Сонымен қатар, іске асырылуындағы инвестициялау механизмін жасап Нұрланованың аймақтық аспектіні қамти отырып, Қазақстанның инвестициялық стратегиясын негіздеу мәселесіне шығаруға арналған.

I. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты
1.1.Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай - ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Инвестиция деп нәтижесінде пайда (табыс) немесе әлеуметтік тиімді құрылатын кәсіпорын құруға, негізгі қорларды жаңалауға, кеңейтуге, істегі кәсіпорындарды қайта құру мен техникалық жабдықтауға , жылжымайтын мүлік сатып алуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, сонымен қатар, акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздар мен активтерді сатып алуға жұмсалатын мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың мүліктік және интеллектуалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын түсіну қажет. Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы. Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

Инвеcтицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор - бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.
Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.
Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық- саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.
Бөлінген инвестициялар және оны іс жүзінде игерудегі қызметтер жиынтығы инвестициялық қызметті білдіреді. Мемлекет экономикасына инвестицияны салу, пайда алу және тиімді пайдаға жету мақсатындағы тәжірибелік әрекеттер инвестициялық қызметпен түсіндіріледі.
Ал жалпы алғанда, инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция - бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал - жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік , өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.
Коммерциялық банктер биржа мен банктердің, өнеркәсіп пен ұйымдардың, түрлі акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу арқылы инвестор ретінде шығып, өз портфелін құрайды. Мұндағы банктердің мүддесі - болашақта дивиденд алу ғана емес, сонымен қатар компанияның қызметін басқаратын мүше болу.Қазіргі жағдайда қаржылық инвестициялардың негізгі түрлерінің бірі болып портфельдік инвестициялар болып табылады. Және инвестициялық қызмет кез-келген инвестицияның нысанындағы портфельдің қалыптасуымен байланысты болады.
Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс- әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.
Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді : банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге ( вексельдер, талап етілетін ссудалар, т.б. ) қосымша ретінде болу. Алайда, портфель құрудың басты мақсаты - банктік операциялардың өтімділігі. Ссудалық операциялар тәуекелді болғандықтан банк реурстарының негізгі үлесі жоғары өтімді активтер формасында болуы қажет, яғни бағалы қағаздарға салымдар. Бұл бағалы қағаздар мемлекеттік болғаны жөн, себебі олардың сенімділік рейтингісі жоғары.
Қор нарығында құнды қағаздарды сатып алу-сату операцияларын жүзеге асыру арқылы оңтайлы портфельдік инвестицияны құру және оны басқару инвестордың басты міндеті болып табылады.
Дегенмен, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі материалдық өндірістің әр түрлі салалық кәсіпорындар акцияларына салынғандықтан, оның өндірісті тікелей инвестициядан еш айырмашылығы жоқ.
Портфельдік инвестицияны іске асыруда инвесторлар әр түрлі мақсаттарды көздейді және осыған байланысты салым жасауға әр түрлі нысандарды таңдайды. Мысалы, инвестицияланған активтердің нарықтық құнының айтарлықтай өсуін күтуге көзделіп отырған жағдайда тәуекелді салым жасау. Бұл жердегі, инвестициялық тәуекел - әлемдік нарығының конъюктурасының өзгеруі, спекуляция, пайыз ставкасының өзгеруі, саяси және экономикалық дағдарыстар, эмитенттің банкроттылығы салдарынан бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі. Банк инвестициялар саласындағы стратегияны және нақты бағалы қағаздарды өзі таңдай алады, сол себептен бұл тәуекел басқарылуы мүмкін. Инвестициялық тәуекел жйелік және жүйелік емес болады. Жүйелік тәуекел бағалы қағаздардың бағасы, табыстылығы, пайыз ставкаларының деңгейі, күтілетін дивидендтердің деңгейі өзгерген кезде көрінеді. Жүйелік емес тәуекел сыртқы ортаға байланыссыз және әрбір нақты банктің қызметінің ерекшклігімен байланысты болады. Бұл тәуекелге әсет ететін негізгі фактор нарық конъюктурасына сәйкес альтернативті инвестициялардың болу мүмкіндігі.
Портфельдік инвестицияларды жүзеге асыру, бастапқы салым сияқты сату және қайта сату болсын, барлығы құнды қағаздар нарығында жүреді. Және инвестициялық портфель инвестициялық стратегияға сәйкес қызметін жүзеге асыру үшін инвестициялаудың нақты және қаржылық объектілерінің жиынтығынан қалыптасады. Қазақстандық екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің маңызды салалары мемлекеттік құнды қағаздар болып табылады.
Портфельдік инвестициялардан бөлек, кеңінен таралып отырған ақша-несиелік операциялар кезінде инвестор капиталды банкке депозиттік салым түрінде салып, ол артынан несие ретінде пайдаланылады. Қаржылық инвестициялар ( құнды қағаздарға салым ) олар әкелген табысына қарап бағаланады. Табысты бағалау - құнды қағаздар бағасын немесе бағамын білдіреді.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады.

1.2. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі

Несиелік жүйенің төменгі буындарының бірі болып табылатын коммерциялық банктер, халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсетеді және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайды.
Коммерциялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады "Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған ( міне осыдан " коммерциялық банк " деген атауға ие болды ). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің " коммерциялық" деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын, сонымен қатар банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді.Капиталдың бағалы қағаздар сияқты түрінің пайда болуы коммерциялық және өндірістік қызметтің күрделене түсуі нәтижесінде несиелік ресурстардың үлкен көлемін тарту қажеттілігінің дамуымен байланысты.
Қазіргі кезде бір уақытта коммерциялық банктер өзінің бағалы қағаздарын шығару арқылы эмитенттер де, трэйдерлер де, өз шотынан бағалы қағаздарды сатып алғанда инвестор рөлінде және бағалы қағаздар операциясын жүргізетін делдал болып саналатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының бірі болып қатысады. Олардың көпшілігі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың) қаражаттарын біріктіреді және олардың табысты бағалы қағаздарға орналастыру мүмкіндігін қарастырады. Қазіргі кезде коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығындағы қызметін өзінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі деп санайды. Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар операциясынан және инвестициялық қызметтен түскен табысы пайданың қалыптасуында басты рөл атқарады, сондай-ақ оның кеңеюі бағалы қағаздар операциясының жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылады.

Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер келесі кәсіби қызмет түрлерін атқарады :
Брокерлік қызмет;
Диллерлік қызмет;
Кастодиандық қызмет;
Клирингтік қызмет.
Банктердің осы аталған қызмет түрін, клирингтен басқасын, бірігіп атқаруға лицензияны Ұлттық банк береді. Үкімет пен Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілерімен және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін Заңдарға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктерге қосымша талаптар қойылған.
Делдалдар рөлінде банктер кәсіпорындардың талабы бойынша олардың шығарған акциясын сату, қайта сату, cақтаумен айналысып, одан түскен пайдадан дивидендтер мен комиссиондық сыйақы алады. Мемлекет тарапынан банктердің бағалы қағаздар нарығында делдалдық қызметін тиімді реттеу жүргізілмегендіктен, олар клиенттерге қызмет көрсету сферасын кеңейтіп отырады. Банктер қаржылық супермаркетке айналып, бағалы қағаздар нарығында брокерлік фирмалардың қатысуымен банктік холдингтер құрып, өзінің саясатын осы құрылымдар арқылы жүргізеді.
Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік ресурстар болып табылатын тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге банктер уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтап, оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтен табатын кірістері, экономикалық факторлар мен ұйымдастырушылық жағдайларға байланысты болады, яғни мемлекеттің тұрақты дамыған экономикасы, өндіріс және кызмет саласындағы әртүрлі меншік түрлері, бағалы кағаздар және оның нарықтық субьектілерін дамыған рыногының болуы, бағалы қағаздарды шығару және оларды айналымға келтіріп реттейтін зандылық актілер мен ережелердің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі және бағалы кағаздардың жоғары сапалы топқа жататын түрлерін айналымға келтіру сияқты маңызды қызмет саласында шешуші роль атқарады. Коммерциялық банктер қаражаттарды тарту және орналастыруды жүзеге асырушы әмбебап қаржы-несиелік институттар ретінде бағалы қағаздар нарығының қатысушылары болады.
Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің алатын орны ерекше және маңызды екені күмән келтірмейтін жәйт. Көптеген елдерде банктер бағалы қағаздар нарығында маңызды да кілтті рөл ойнайтыны белгілі.
Коммерциялық банктер - бағалы қағаздар нарығында қаржылық брокер ретінде клиент атынан және оның шотынан, диллер ретінде өз атынан және өз шотынан бағалы қағаздар бойынша сату, сатып алу функциясын атқаратын делдалдар.

Брокерлік - диллерлік қызмет Қазақтан Республикасының Конституциясымен және басқа да заңнамасымен, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімшарттармен, банктің ішкі шарттарымен және ішкі құжаттарымен реттеледі. Банктер комиссионерлер ретінде бағалы қағаздарды сату-сатып алу мәмілелерін өз атынан клиент шотынан жүзеге асырады. Бұл ретте банк комиссия келісім-шартына негізделеді және клиент талабы бойынша өз атынан бір немесе бірнеше мәмілелерді жасасуды ұйғарады және оған сыйақы алады. Комиссия шарты белгілі бір мерзімді көрсетумен немесе көретпей-ақ жасалуы мүмкін.
Банктер өз клиенттері үшін бағалы қағаздарды сату, сатып алу бойынша мәмілелерді тапсырыс берушінің келісім-шарты негізінде жасайды. Сонымен қатар, банктер клиенттердің бағалы қағаздарды сату, сатып алу мәмілелерін биржалық және биржалық емес нарықта да жасай алады. Банк клиент өтінішін қанағаттандыру үшін өзінің портфелінен сатуға немесе клиент үшін бағалы қағаздарды портфельге сатып алуды жүзеге асырады.
Брокерлік-диллерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша лицензиялауға міндетті болғандықтан, брокер-диллер өз қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның келесі түрлеріне иемденуі керек :
Бірінші категориялы лицензия - клиент шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқымен (бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу құқымен) ;
Екінші категориялы лицензия - клиент шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу құқығынсыз).
Коммерциялық банк мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларын жүргізу кезінде алғашқы диллер ретінде шығады.
Алғашқы диллер - мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларын жүргізу бойынша депозитарлық және регистраторлық қызметтер атқару жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы болып табылатын банк.
Коммерциялық банкке номиналды ұстаушы ретінде клиент шоттарымен брокерлік-диллерлік қызметті іске асыру құқы туралы лицензия берілгеннен кейін брокер-диллер мен клиент арасында келісім-шарт, яғни клиенттік тапсырыс ретінде құжат толтырылады. Бұл құжат брокер-диллердің ішкі ережесіне, Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілеріне сәйкес реттеледі.
Брокер-диллердің ұйымдық құрылымы келесі бөлімдерден құралады :
Сауда бөлімшесі - бағалы қағаздар мен мәмілелерді жасасу функциясы басты болып табылатын бөлім.
Бэк-офис - негізгі функциясы бағалы қағаздар мен мәмілелерді іске асыру және бұл брокерлердің, оның клиенттерінің бағалы қағаздары мен ақшасына есеп жүргізу.
Брокер-диллер мен инвестор арасында мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларын жүзеге асыру туралы келісім-шарт жасалғаннан кейін олардың арасында міндеттер мен құқықтар пайда болады.
"Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес екінші деңгейдегі банктер мынадай инвестициялық операцияларды орындай алады:
инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару ( чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды ( бағалы қағаздарды басқару) және т.б.
Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:
Инвестициялық саясаттың басты мақсаты - ұйымдастырушылық механизмді құру;
Баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін ( үлесін ) анықтау;
Инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;
Инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
Бағалы қағаздар сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;
Инвестициялар портфелінің диверсификациялануына қойылатын негізгі талаптар;
Портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
Сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
Пайдалар мен зияндардың есебі;
Компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары.
Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру ( андеррайтинг ), сондай - ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.
Бірінші категориялы брокер-диллер жеке дара немесе эмиссионды синдикат құрамында андеррайтер ретінде шыға алады.
Андеррайтер - брокер-диллердің бірінші категориялы лицензиясы бар және андеррайтикалық қызметті сыйақыға жасайтын тұлға.
Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг - бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндігі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.
Андеррайтикалық операциялардың мәні - эмитент пен андеррайтер мүдделерінің бірыңғайлығында. Егер бағалы қағаздар эмиссиясын орналастыру Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында әрі шет мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығында жүргізілсе, онда эмисионды синдикат мүшелері бұл елде брокер-диллерлік қызметті жүзеге аыруға құқы бар шет ел ұйымдары да бола алады. Екі жақты мүдделердің өзара қызметі бағалы қағаздар нарығының артықшылықты тиімділігіне әкеледі, себебі мұнда эмиссияны дайындау сапасы жақсарады, эмитент өзінің экономикалық жағдайы мен болашақтағы жобалары туралы толық ақпарат береді. Сонымен қатар нарықта мамандардың экпертизасынан өткен бағалы қағаздар пайда болады.
Андеррайтерлер потенциалды инвесторларға қате ақпараттарды беруге және зерттеулер бойынша дұрыс емес, қате нәтижелерді ұсынуға, эмисия проспектісін толық емес орналастырғаны жөнінде қате ақпаратты беруге құқығы жоқ.
Андеррайтерлер бағалы қағаздарды сату үш негізгі әдіс арқылы жүзеге асады :
Мықты міндеттемелер (firm-commitment) немесе сатып алынған мәмілелер - андеррайтерлер эмитенттен бұл эмиссияның барлық бағалы қағаздарын басқа инвесторларға қайта сату немесе бағалы қағаз портфелінде сақтап қалу мақсатында сатып алады;
Жақсы мүкіндіктер әдісі, мұнда андеррайтер бұл эмиссияның бағалы қағаздарын орналастыру және толық орналастыра алмау эмитент тәуекелін жария ету;
Бағалы қағаз эмиссиясын орналастырудың тағы бір әдісі резервті міндеттемелер (standby commitments) , барлығы немесе ештеме (all or nothing) әдістері бағалы қағаздар нарығында брокер-диллерлік қызметті тәжірибеде жүзеге асырады немесе андеррайтингалық келісім-шартқа қатысушылар арасында келісілген қызметті жүзеге асырады.
Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік іс - әрекет және басқа да пайда әкелетін іс - әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысущылары - жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы мәлімет коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне байланысты.
Әдетте банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне ақшалай қаражаттар салу. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бірқатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын , салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде ақша қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Екіншіден, несиелеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде - несие берушіден ( банктен ) болады.

Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды.
Қазақстанда шаруашылық субъектілерінің тартылған қаражаттары келесі құрамдас бөліктерден тұрады: Екінші Деңгейлі Банктердің ( ЕДБ ) ссудалық портфелі, облигациялық қарыз бен лизингтік несиелер.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты - қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсикацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.

II. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері

2.1. Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары

Бағалы қағаздар - бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар , оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық ( акциялар , облигациялар ) және коммерциялық болады ( вексельдер , чектер ) .
Қордық бағалы қағаздар , әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді , олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік , немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді . Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция , облигация) , ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқықтар мен талаптарды білдіреді (купондар , талондар) .
Соңғыларына пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алу құқын беретін купондар жатады. Олар нарықта айналысқа түсе алады. Талондар купондарды алу құқын береді.
Олар өздерінің айналысқа қатысуының ерекшеліктерімен нарықтық және нарықтық емес болып бөлінеді. Біріншісі нарықта еркін айналады, яғни биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде еркін сатып алынып, еркін сатылады және эмитентке мерзімі жетпей қайтарылмайды. Екіншілерінің керісінше, екінші ретті айналымы ( яғни биржада және тысқары жүруі ) болмайды, бірақ мерзімі бітпей эмитентке қайтарылуы мүмкін.
Бағалы қағаздар иелерінің құқтары ерекшеліктерімен байланысты мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.
Мәлімдеуші бағалы қағаздар - бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқықтарын ратауы үшін тек мәлімдеу керек.
Ордерлік бағалы қағаздар - оларды ұстаушылардың құқтары сол қағаздың мәлімдеушісімен және сол сияқты аударып жазу белгілерінің сәйкестігімен расталады. Атаулы бағалы қағазда ұстаушының аты міндетті болады.
Қаржылық бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілермен эмиссияланады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық бондар, қазыналық міндеттемелер жатады. Мемлекеттік еместерге акциялар, облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер депозиттік сертификаттар жатады.
Қазақтан Республикасындағы мемлекеттің бағалы қағаздарын өзіндік сипатына қарай төмендегідей беруге болады.

Кесте №2- ҚР-дағы мемлекеттің бағалы қағаздарының сипаты:

Шығару мақсаты
Орналастыру тәсілі
Айналыс мерзімі
Номинал құны
түрі
Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы
Айналыстағы ақша массасын реттеу
Аукцион сату
7 Күннен 90 күнге дейін
100 теңге
Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы
Еркін өзгермелі валюта бағамына өтуге байланысты жинақтаушы зейнет ақы қорларының активтерін қорғау
Ноталар портфелін жинақтаушы зейнет ақы қорларымен айырбастау
35 Күн
100 АҚШ доллары
Арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар ( АВМЕКАМ)
Жинақтаушы зейнет ақы қорларының активтерін қорғау
Мемлекеттік облигациялар портфелін жинақтаушы зейнет ақы қорларымен айырбастау
5 жыл
100 АҚШ доллары
Мемлекеттің арнайы қазыналық міндеттемесі (МЕАКАМ)
Ұлттық банкке Үкіметтің қарызын қайта рәсімдеу

10 Жыл
1000 Теңге
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық-валюталық міндеттемесі (МЕКАВМ)
Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Аукцион
3, 6, 9 және 12 ай
100 АҚШ доллары
Мемлекеттің индексацияланатын қазыналық міндеттемесі ( МЕИКАМ)

Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Аукцион
3 Ай және одан жоғары
1000 Теңге

Мемлекеттің орта мерзімді қазыналық міндеттемесі ( МЕОКАМ)
Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Аукцион
2 Және 3 жыл
1000 Теңге
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕККАМ)
Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Аукцион
3, 6, 9 Және 12 ай
100 Теңге
Мемлекеттік ішкі займдық ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО)
Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Жазылу жолымен
364Күн
1000 Теңге

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:
Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен ( номиналдық құнынан төменгі бағамен ) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.
Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдық құны 100 теңге тұратын дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатыа алсаңыз, онда мынадай табыс аласыз :

100-75=25 теңге немесе

25 теңге : 75 теңге ( бастапқы салынған инвестиция ) * 100% =33,3 %.

Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс : 33,3% : 91 күн = 0,3659% құрайды. Демек, бір жылдық табыс : 0,3659% * 364 күн = 133,19 % тең.
Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 не 4 ретке дейін төленеді.
Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор - банктің табысы екі көзден : дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер : біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады. Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамымауына және олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты банктер оларға қаражат салуда әлі де болса пассивтік танытуда. Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда.
Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру
Коммерциялық банктердің қызметі саласындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі
Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын бағалау әдістері
Қазақстанның банк жүйесі жайлы
Қаржы нарығындағы ЕДБ ролін арттыру бағыттары
Банктің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен тәуекелдер
Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық мәні
Қазастандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Коммерциялық банктердің несиелендіру операциялары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Пәндер