Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау
қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .6
1.2. Ойлау формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Оқыту барысында ойлау процесін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .12

ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау
процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту ... ... ... ... ... ... ...20
2.1. Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...20
2.2. Оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту моделі ... ... ... ... ... .22
2.3. Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім беру заңында бастауыш білім беру туралы былай делінген: Бастауыш білім беру - баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын, негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениеті мен дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат - оқушыларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе - логикалық ойлауға сүйенеді. Логикалық ойлау анықтылығымен, бірізділігімен, дәлелділігімен ерекшеленеді. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға біріншіден - айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден - баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден - сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.
Ж. Аймауытов жас буынның дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеуіне ата-ана мен мектеп оқытушылары бірден-бір жауапты деген құнды пікір айтады. Бұл пікірлер оқу-тәрбие үдерісіндегі озық ой-пікірлермен үндесіп жатқандығын байқауға болады.
Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде Баланың логикалық ойлауын дамыту, ұғымдарын өсіру - науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие үдерісінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі - делінген.
Оқыту үдерісінде логикаға көңіл бөлген чех педагогы Я.А. Коменский оқушыларды ой тұжырым жасауға үйретіп оларды өмірмен байланыстыра білуге ары қарай логикалық ойлауын жетілдіру керектігін айтқан. Ол қандай пән болмасын ойлаудың формалары талдау, жіктеу және салыстыруға көп көңіл бөлген. Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту - бастауыш сыныпты оқытудың басты мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыта оқытудың негізгі ерекшелігі - айнала қоршаған орта және табиғатты бақылау және көрнекі оқыту болу керек - деп құнды пікір айтады.
Оқушылардың логикалық ойын дамыту мектепте оқытылатын пәндік білімдерді және олардың ғылыми мазмұнын меңгеру үдерісінде жүзеге асырылады. Дегенмен, ғылыми зерттеу жұмысында эксперименттік бақылау тәжірибелерін жүргізу бастауыш сынып оқушыларының білім алу барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту қажеттілігі мен бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың дидактикалық ерекшеліктері ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделмеуі арасында қайшылықтар туғызатыны байқалды. Бұл қайшылықтарды мәселе ретінде қарап, мынадай тақырыпты таңдап алу қажет болды: Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу және логикалық ойлауды дамытудың дидактикалық ерекшеліктерін айқындап, оқу үдерісінде кешенді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің нысаны - бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың дидактикалық ерекшелігі айқындалып, іс-жүзінде әдістер тиімді қолданылса, онда оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің даму жүйесінің негізі қаланады.
Жетекші идея: оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеті дамуының дұрыс қалыптасуына жәрдемдеседі.
Зерттеу міндеттері:
бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың моделін құру;
оқу - тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың дидактикалық ерекшелігін анықтау;
зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар жасау;
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері таным, білім, оқушының және оның ақыл-ой іс-әрекеті, ойлау туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасын арттыру теориялары құрайды.
Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы, жетекші психолог, педагог, әдіскерлердің ғылыми-зерттеу нәтижелері, зерттеліп отырған мәселеге байланысты отандық, жақын шетелдік ғалымдардың еңбектері;
Зерттеудің әдістері. Теориялық тұрғыдан философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау; оқушылар мен мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу; тәжірибе - эксперимент жұмыстарын және олардың нәтижесіне баға беру; материалды сандық және сапалық тұрғыда сұрыптау, қорытындылау.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту
3.1. Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестеріне талдау беруге көшелік.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды.
Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді.
Ой операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. 1 кластағылар нақты затқа, не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 кластағылар бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Ал аталған операциялар - өзінше динамикалық болып тұратын процессуалдық құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге (логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды рефлексиянық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына дәлел бола алады.
Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау әрекетінің бірінші кезеңі.
Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.
Ойлау процесіні пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа, белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.
Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.
Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.
Анализ - бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез - бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау.
Анализ бен синтез ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой процесінің екі жағын құрайды.
Анализ бен синтездің өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді:
1. Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды, тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі әрі синтездеу болады.
2. Анализдік - синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.
3. Ой процесінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.
4. Ойлау процесі, яғни талдау-синтездеу әр дәрежеде өтеді - ол не заттарды қолға ұстап әрекет ету, оларды практика жүзінде мүшелеу және біріктіру түріне жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.
Талдау - синтездеу ой процесінің негізі бола отырып, жеке сипатқа не әр түрлі операцияларында көрініс береді. Ол операциялар мыналар:
Салыстыру - бұл қаншада салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Салыстыру жолымен оқушылар әр түрліліктің жалпылығы және ұқсастықтың әр түрлілігін оңай табады.
Салыстыру - зат, құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі.
Топтау - бұл салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға бөлінеді.
Жүйелеу - заттар мен құбылыстарды топтастыру, осы топтың ішінен одан кіші топтар мен бөліктерді саралайды. Бұл - кішкене топтар да ортақ белгілер негізінде құрылады, бірақ ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді.
Жалпылау жалпылардың ең қарапайым түрі ұқсас заттарды олардың кездейсоқ ортақ белгісіне қарай біріктіру болып табылады.
Нақтылау дегеніміз - жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану, бұл үшін осы жеке жағдайды тағыда талап, оның белгілі ереже, ұғым, заңға сай келетін белгілерін айрықшалау керек.

1.2. Ойлау формалары
Ойлау түрлі формаларда жүзеге асады. Ой процесінің негізгі формалары - пікір және ой қорытындысы болып табылады. Олардың формалары да алуан түрлі болып келеді. Осы мәселелерге де тоқтап өтейік.
Пікір дегеніміз - құбылыстар арасында байланыс орнату.
Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Демек, пікірде тек ой, яғни танымдық процесс қана бейнеленбейді.
Пікірден адамның сезімі де, оның ниеті де көрініп отырады. Пікірдің көрінісі және оны сипаттайтын ерекшеліктері де көп.
Адам өз пікірінің шынында да ақиқат жайды білдіретініне, дұрыс екеніне басқаларды немесе, тіпті, өзін-өзі нандырғысы келсе, ол оны негіздейді. Бұл үшін адам өмірден белгілі және тексерілген фактілерді, ғылыми дәлелдеген заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды. Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады.
Пікірдің әр түрін, оның формаларын, ерекшеліктерін логика ғылымы зерттейді. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.
Көпшілік жағдайда адам пікірлер жүйесін ғана емес, сондай-ақ ой қорытындысы жүйесін де, яғни, ол бар деректер негізінде жасаған тұжырымды да пайдаланады. Ой қорытындысы бірнеше жеке жағдайдан шығатын жалпы тұжырымға қарай ойысу болуы мүмкін. Бұл - индуктивтік ой қорытындысы. Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайда қарай ойысы тұжырым жасауға да болады. Бұл дедуктивті ой қорытындысы.
Ой әрекетінде ой қорытындысы бұл екі формасы бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Олар біртұтас ой процесінің екі жағын немесе екі буын құрай отырып, ажырамас бірлікте болады.
Ой қорытындыларын адам ой әрекеті мен күнделікті практикада пайдаланып отырады. Бірақ ой қорытындысы адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін.
Ең бастысы - бар білім мен ой әрекет тәсілдерін пайдалана отырып, әр нақты жағдайда түрлі операцияларды орынды және тиісті үйлесім, жүйесімен қолдана білу.
Адам әрекет еткенде, мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі мәселелермен кездеседі.
Тәжірибелік немесе практикалық ойлау. Машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін шофер капотты көтереді, мотородың қызуын байқайды, контактілері тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрін практикалық немесе әрекетті деп аталады. Ол міндеттің көрнекі түрде, немесе нақтылы түрде берілуімен сипатталады. Оны шешу тәсілі - практикалық әрекетпен байланысты жүреді. Сонымен қатар практикалық немесе тәжірибелі ойлаудың барлық іс-әрекеттерге негіз болып адамның өміріне қажетті іскерлік пен дағдының негізі болып келеді.
Нақтылы - бейнелі ойлау - мәселені шеше отырып адам өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс береді. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып, талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы - бейнелік деп аталады да ол заттармен құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді.
Теориялық ойлау - ойлау процесінің ең күрделі түрі. Адам алдында тұрған проблемалар егер мәселен, теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялың ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдаланып шешу талап етіледі. Мұндай әрекеттер өте күрделі ойлау арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы, оқушыға оқыған шығармасының әдеби каһармандарының қайсысының пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі керек. Мұндай әрекет теориялық ой арқылы жүргізіледі, сондықтан әрекеттің түріде теориялық талдау деп аталады.
Теориялық ойлардық жоғары формалары - заңдарды ашу, ғылыми болжамдар жасау, күрделі өндірістік процесті жоспарлау міндетті түрде практикадан шығады да құрамына азды-көпті жалпыланған елестерді енгізеді.
Әр адам бірқатар мамандық, темперамент, мінез, жас ерекшеліктерге ие. Жеке адамдық ерекшеліктер адамның барлық танымдық әрекетінен, соның ішінде оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың субъективтік факторы - адамның зейіні қандай екеніне байланысты. Мәселенің өзіне аударатындығына, олардың әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай сезімге болатындығынан, шешімді қалай және қай бағытта іздейтіндігінен, сәттілік пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс береді.
Субъективті фактордың ролі ойлауды адамның айрықша қызмет ретінде қарастырғанда айқынырақ көрінеді. Қызмет адам орындайтын және белгілі бір ақылға қонымды мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі. Қызмет белгілі түрткісінен туады.
Еңбекпен бірге адамның практикалық қызметіне ене отырып, оған саналы, күрделі, бағыт-бағдарлы және жасампаз сипат беретін ойлау да пайда болды.
Ақыл-ой қызметінің айрықша эмоциялық-еріктік жақтарының қосылатындығы болып табылады.
Адамның сезімдері оның ойлау процесіне үш түрлі формада орналасады. Біріншіден, ол адамдарды қиындығы мол ақыл-ой жұмысына жұмылдыратын түрткі, мотивтер.
Ақыл-ой және арнаулы ой қызметінің мотиві кейбір әжептеуір қиын мәселе шешуге мәжбүрлік болуы мүмкін. Көп жағдайда адамды ақыл-ой қызметіне жарыс, өзімшілдік, жоғары баға алу, мансапқа мотивтер де итермелейді. Мотив сипаты бүкіл ой процесінің өтуіне әсерін тигізеді. Ойлаудың бұл ерекшелігі ақыл-ой қызметінің бүкіл процесіне ақылға қонымды және дәлелді сипат береді.
Біз қорытынды ретінде оқушының ақыл-ойының әлі күнге дейін еске алынбаған мүмкіншілігіне көңіл бөлейік. Осы уақытқа дейін бастауыш мектептегілер тым жас болғандықтан, таным процестерінің, әсіресе ой әрекетінің әлі қалыптаспаған, жетілмеген шақтары бар. Осылай деу зерттеулерге сүйеніп отыр. Бірақ біз адамның менталитеттік немесе ақыл жасының ортасы үш жас дедік. Ал мәселенің шын мәні осылай жетіспеген кемшілік бар деудің себебі неліктен? Осы мәселені тексеріп қарағанда бұл жастағылардың ой-өрісінің әлі күнге дейін еске алынбаған және тауысып бітпеген мүмкіншілігі бар екені анықталады. Бұл жәйіт мына сияқты деректерге негізделеді:
- біріншіден, әлеумет қоғамның алға өріс алдына қарай 7-11 жастағы балалар тиісті байланыс құралдары (телевизор, радио т.б.) арқылы түрлі жаңалықтарды естіп, өзінің сол мағлұматтарға орай байлығын көбейтіп, осының нәтижесінде үлкендерге күтпеген сұрақтар қойып отырады.
- Екіншіден, қазіргі кіші оқушының мүмкіншілігін өткен дәуірлердегі осы жастағылармен бірден-бір теңестіруге болмайды. Оған бүгінгі кезде 3 сыныптан бастап баланы шет тілін, не алгебра, геометрия сабақтарына оқыту тәжірибелері дәлел бола алады. Осы жәйіттерге сүйеніп, кіші оқушының әлі толық аңғарылмаған, бүгінгі күнге дейін тексеріліп бітпеген оқуға деген қабілеті бар.

1.3. Оқыту барысында ойлау процесін дамыту
Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардық ойлау процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы болады.
Халық педагогикасында қалыптасқан балаларға арналған ойындар олардың білімін қалыптастырып, он пысықтауға, үй тапсырмасын орындау жолдарын түсіндіруге, білімдерді бір-бірімен ұштастырып, ұғымдық қорын қалыптастыруға жәрдем береді. Қазіргі мектеп бағдарламасы ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге арналған. Осндай мән-мағынасы өте терең және жан-жақты дамуға, баланың байқағыштығын тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып, ойлау қабілетін дамытатын ойындардың бірі Аңдардың айтысы деп аталды. Бұл ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай белгілі бір тақырыпқа сай келетін әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді талап етеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымдарды қалыптастырып, сонымен қатар музыкалық және артистік қабілетін дамытады. Топтасып ән айту, бірін-бірі тыңдап әрекет жасау дағдысын жетілдіреді.
Әр ойынды жүргізу және қатысушылардың орындау ережелері бар. Ол ережелердің тірбиелік мәні өте үлкен. Бұларға ойынның барысы белгіленді, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттің реті, олардың өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар анықталады. Сондықтан ойнау барысында тәртіп сақтауына, ерік-жігерінің қалыптасуна мүмкіндік туады. Мысалы: Қоғи көп ойынында қаздар тек қана кемпірдің Олай болса сендердің біреуіңді алып қаламын деген сөзінен соң ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек. Ойын шапшаңдықты, ептілікті, тиянақтылықты, тез бағдар табуы, ұжымдық ұйымшылдық көрсетуді, бір-біріне көмектесуді, жауапкершілікті, батыл қимылды талап етеді.
Бұл ойындағы ерекшелік - билеп жүріп хормен өлең айтуды өзара үйлесімді әрекет ұйымдастыруда байқалады. Хормен ән айтып, би қимылын жасаған сайын кеудедегі қоңырау әшекейлер өзара үндесіп жатады. Яғни, әуен саздары мен қоңырау сылдыры ойнаушылардың қимылдарына сүйемелдеушілік жасап тұрғандай болады.
Өйткені ойындағы қимылдар жай қимыл емес, оларды әуеннің ырғағына байланысты жасалған қимылдар болып табылады.
Мұндай ойындар халықтық педагогикада өте көп және мазмұндары да бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызықты. Олар Алқан соқпақ, Тақия тамақ, Тартыс, Айгөлек т.б. Қай ойынды алсақ та, бәрінде де би элементтері кездеседі, ән, күй, тақпақ, мәнерлі қимыл мен ыммен жасалатын көріністер бір-бірімен алмасып жатады. Бұлардың бірі нақтыланған жағдайға қарай актерлік үлгіде, сахналық үзінді түрінде орындалады. Ойын барысында қатысушылар өздерін күнделікті тіршілік жағдайында сезінбейді, керісінше, мүлде бөлек ортада сезім, поэзия, өнер әлемінде сезінеді. Олар ойнаған рольдерінен эстетикалық ләззат алуға талпынады.
Ойын барысында қатынасушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қойылды:
- қалай отыру, өзін дұрыс ұстау;
- қандай мөлшерде бір-бірімен сөйлесу қажет т.б.
осы айтылғандардың бәрінен қазақ ойындары драма және сахналық өмірдің әрқилы элементтерімен аса толықтырылған деп қорытынды жасауға болады. Сонымен бірге осы ойындардың кең тұрғыда таралуы ондағы қатысушылар мен көріп тамашалаушылар санының артуы - мұның тәрбиелік мәнін тереңдетеді. Мысал ретінде қаламақ ойынды келтіруге болады. Соқыр теке ойынында жүргізуші ойынға қатысушылардың әрқайсысына мал атын қойып шығады. Ең соңғы аталған бала Тентек теке болады:
Бұзау, бота, құлыншақ,
Тоқты, серке, тай торпақ,
Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.
Малдың жасын айыра біл, естіп ал
Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар
Көзін байла, теке-теке бақ-бақ.
Соқыр теке қайдан бізді таппақ.
Ойын сызылған шеңбердің ішінде айналады. Жүргізуші Тентек текені ортаға шақырып, көзін таңа бастағанда Тентек теке былай деп өлеңдетеді:

Қараңғыда көзім жоқ,
Тиып кетсем сөзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Бір қыз ұстап беріңдер.

Көзі байланған Соқыр текені айнала қоршағандар оны мазақтап:

Соқыр, соқыр, соқырақ,
Оқ көзіңе топырақ
Топырағын алайын,
Тотияиын салайын.
Ал ұстап көр, батырым,
Міне келе жатырмын! -

деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа ойнаушылар қашады. Ал Соқыр теке олардың бірін ұстауға тырысады, ұстаған баласы оның орнына тұрады. Сөйтіп ойын одан әрі жалғасады.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты осындай санамақтар мен қаламақтар мазмұны оларға өте жақын, түсінікті. Олар балалардың ой өрісін, тілін тез дамытуға өте икемді. Сонымен қатар ойындарға қатысу арқылы балалардық мінез-құлқы сыйысымды болып, қарым-қатынас мәдениетін меңгереді, әдептілікке, басқалармен санасуға, тілалғыштыққа баулиды. Ойын кейіпкерлерінің мінез-құлығына қарап жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Халық ойындарының көптеген түрлерін сабақтан тыс бос уақытты, үзіліс кездері ұйымдастыруға қолдануға мүмкіншлік өте мол. Сондықтан бастауыш сынып оқушылар өмірінде осы ойын түрлері үлкен орын алуға тиіс.
Ойындар мен қатар халық шығармалары туындыларының бірі жұмбақтарды қолдану балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа, зеректілікке тәрбиелейді. Жұмбақтар - халықтық шығармаларының ішінде үлкен орын алады. Жұмбақтардың шешімін айту баланың ақыл-ойын, ой-өрісін дамытып, ойлаған іс-әрекеттің шешімін тауып, үдесіне жетуге үйретеді. Жұмбақтар бала үшін өте қызықты құпия. Оны шешу қажеттілігі білімге қызығушылық тудырады. Баланың ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баулиды. Ой - сананың қызмет етуіне себебін тигізеді. Жұмбақтар өмірде кездесетін шаруашылық кәсіпке байланысты, тіршілік тірекке тиянақ болатын, адам көңіл аударатын қажетті заттардың барлығын қамтиды. Бәрін де алғаш жұмбақ етіп, біртіндеп оның құпиясын ашып беруді қажет етеді.
Жұмбақты қолдану баланың ойлау қабілетін дамытудың өте тиіміді өте тиімді тәсілдерінің бірі. Өйткені жұмбақты шешу барысында бала көптеген табиғат құбылыстарын салыстырмалы түрде бейнелеуге үйренеді Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды деп бұлттан шыққан күннің көзін ақ жібектен салыстырып, бұлтты ақ сандыққа теңестіру арқылы баланы қоршап отырған заттардың табиғат құбылыстарына ұқсас келтіреді. Бұл ойлаудың өте күрделі түрі ассоцияциялық байланыстар құруды талап етеді.
Жұмбақтардың тағы бір пайдалы жағы, ол әр баланың өз бойындағы құпияны шештіру арқылы, оларға өмірді танытады. Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстарға зер салуға, соның себебін іздеп табуға үйретеді. Сондықтан балалар жұмбақтарға өте үлкен қызығушылық білдіреді. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болады.
Бірнеше мысалдар келтірейік.
Жабық астында жарты күлше. (Ай).
Отқа жанбас, суға батпас (Мұз).
Басына үлпілдетіп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап. (Қамыс).
Қар астында қыстады,
Жасылмен бөрік тыстады. (Бәйшешек).
Бұл жұмбақтар балаларды табиғат маусымдарында кездесетін ерекшеліктермен таныстыра отырып, олардың әсем, әдемілігін, түр-түсін, т.б. ерекшеліктерін тани білуге, сезімталдықпен қабылдауға үйретеді.
Аталған тәсілдерді сабақ үстінде дидактикалық ойын ретінде қолданылады. Ойын-ойлау процестін дамытуға қолданылатын тиімді тәсіл.
Тиімді тәсіл.
Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытыға көп көңіл бөлінеді. Осы орайда математика 1-сыныпта заттық орнын сан қатарымен белгілеу тақырыбы бойынша дамыту процесін, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін психокоррекция элементтерін қолданып жүргізген машықта (сабақтан тыс, баланың бос уақытында өткізген сабақтарды Т.Р.Нұрмұхамбетованың ұсынысы бойынша машық деп атағанды дұрыс көріп жүрміз) қалай өткізгенімізді көрсетіп жіберу үшін бірнешеуінің үлгі жоспарын көрсетіп жібергенді дұрыс көрдік.
Бұл машықта заттың орнынан дұрыс белгілеу және оларды бір-бірінен ажыратуға, 1-ден 5-ке дейін кері санауға, нешінші? деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру негізгі мақсат деп анықтап алдық. Машық ойын түріне және сұрақ-жауап әдістерін қолдану арқылы құрылады. Көрнекіліктерден түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстық (үйрек, қаз, тауық, қораз, күркетауық) үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар, магнитофон қолданылады.
Машық барысы: Өтілетін тақырыпты тақтаға жазып, оның неізгі мазмұнын түсіндірдім. Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген суреттерді және диагностикалық альбомда жинақталған материалдарды қолдана отырып кіріспе әңгіме жүргіздім. Одан әрі тақырыппен байланысты отырып, магнитофоннан құстын дауысын тыңдап, әр құстың дауысын ажыраттым. Одан кейін оқушылар үйдегі құстар туралы әнгімелеп берді. Олардың санын айтты. Машықты одан әрі сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, балалардың нені түсініп, ал нені түсінбей қалғанын анықтап алып, олармен дамыту жұмысын жалғастырдым. Балаларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым.
- Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер?
- Құстарды.
- Кәне, бұл суреттегі құстардың аттарын атаңдаршы.
- Үйрек, тауық, қаз, қораз, күркетауық.
Осы арада оқушыларға жабайы және үй құстары туралы түсініктеме бердім.
- Балалар, мына суреттегі құстар нешеу?
- Барлығы бесеу.
- Қазір біздер Орынды тап ойынды ойнаймыз. Осы суреттегі құстардың орнын енді санмен сұрап, тиісті орындарын белгілейміз.

- Үйрек нешінші орында?
- Бірінші.
- Тауық ше?
- Екінші.
- Қораз ше?
- Үшінші.
- Қаз ше?
- Төртінші.
- Күркетауық ше?
- Бесінші.

Балалар олардың орындарын цифрмен белгілейді. Одан кейін қалташаға Құстарды ретпен өзінің орнына орналастыруға көмектесіп балалар ойынын одан әрі жалғастырған жөн. Сосын Күн мен түн ойыны жүргізіледі. Түн дегенде оқушылар түгел көздерін жұмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушыны тақтаға шақырдым. Ол құстың орнын ауыстырып қойды. Күн дегенде оқушылар басын көтеріп, көзін ашты. Оқушыны тақтаға шақырдым. Ол құстарды өз орнына дұрыс қоя білуі тиіс. Қалған оқушылар құстардың орнын дұрыс тапқанын бақылап отырды.
Орынды тап бұл ойынды заттарды, құстарды сөреге, немесе сатыға қою тәртібімен де алмастыруға болады. Ойын тәртібі жоғары ойынға ұқсас. Сөредегі құстың орнын ауыстырып қоямын, оқушы өз орнына дұрыс қоюы керек. Баспалдақ ойыны да осылайша жүргізіледі. Бұл арада да құстың орнын ауыстыр, оқушы оларды өз орнына қояды. Бұл ойынды оқушының өзінің қалауынша ойнайды. Ойын тәртібін былай жасадым. 1, 2, 3, 4, 5 цифрларын партаға отырған оқушыларға үлестіру керек. Тақтадағы қалташаларда құстың орындары өзгертіліп ретсіз қойылған. Оқушылар өздеріде цифрлары бойынша құстардың суреттегі ретімен өз орнына тұра қояды. Ойын тез әрі шапшаң ұйымдастырылады. Сабақты түрлендіру мақсатын көздеп, оқып бердім.
Қораз
Ақ қораз-ау, ақ қораз,
Сауысқандай сақ қораз,
Таң атқанша шақыр да:
Тауықтарды бақ қораз.
Оқушылар өлеңде Қораз деген сөз неше рет, ал тауық деген сөз неше рет айтылғанын санап отырады. Кейін оқушылар қораз сөзі 4 рет, тауық сөзі 1 рет (барлығы 5 рет) айтылатынын айтты. Сергіту жаттығуын да сабақтағы құстардық сәйкестігін талдадым.

Қаңқ-қаңқ қаздарым,
Тізені сәл бүгіндер.
Қолды артқа ұстаңдар.
Қазға кәне, ұқсаңдар.
Алға мойын созыңдар,
Сол қалыппен жүріңдер
Ілгеріліп озыңдар,
Солай етіп байқа да:
Он шақты рет қайтала.
Қант жая жалма-жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иілем де, қол созам:
Аяғымның ұшына.

Сабақты одан әрі Тез табамыз, Кім тез ойындарын жалғастырған. Ойын тәртібі бойынша оқушылар партаға басын қойып жатады. Өзім көрсеткіш таяқпен партаға құстардық орнына сәйкес сан қанша болса сонша рет тықылдатамын. Оқушы неше рет соғылғанын тыңдап, дыбыс санына қарай (1, 2, 3) деп санды айтады. Кейін сол санмен құстық орнын белгілеп, оның атын айтады. Мысалы: 3-рет соғылды. Ол - қораз. 4 саны - ол қаз және т.б.

ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту
2.1. Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы
Логика адам ойлауын өзінің нысанасы ретінде қарастыратын ғылым болғандықтан оны философия, психология, педагогика, әлеуметтану, жоғары жүйке қызметінің физиологиясы және басқа ғылымдардың зерттеу пәні. Философия өз пәні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жасөспірімдердің ойлауын дамыту процесі
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін математика сабағында дамыту тәсілдері
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІ МЕН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЗЕРТТЕУ
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбында
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Бастауыш білім беруде проблемалық оқыту технологиясын қолданудың ерекшеліктері
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолдарын теориялық, әдіснамалық тұрғыда негіздеу
Пәндер