Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Проблемалық оқытудың теориялық негіздері
1.1 Проблемалық оқыту туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...9
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
2.1 Проблемалық ситуацияны тудыру механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 13
2.2 Әдебиеттік оқу сабағында проблемалық оқытудың ерекшеліктері ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халкына Жолдауында: Ұлттық бәсекелестікке қабілеттілік бірінші кезекте оның біліктілік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіруге білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз, - деп көрсеткендей, қазіргі кезде мұғалімдердің біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеруде білім беру жүйесінін қызметкерлерін кайта даярлау жөніндегі республикалық және аймақтық институттарда әлемдік деңгейдегі жаңа технологияларды кеңінен қолдануды қажет етеді. Жаңа формация педагогін даярлауда жоғары педагогикалық оқу орының ескөрсек, оқытудың жаңа технологияларын педагогикалық процеске енгізудің әдістемелік нұсқауын даярлау - өмір талабы.[1]
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып табылады. Сонымен, екінші бапта білімнің негізгі міндеттері рухани дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің тұрақты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу арқылы ой мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттігін байыту болып табылатыны туралы айтылған.
Қазіргі кезде проблемалық оқыту арқылы танымдық, интеллектуалдық, ізденушілік, т.б. қасиеттерді кең түрде дамытуға болады. Оқытушы проблемалық мәселені қою арқылы оқушыларды проблемалық жағдайға алып келеді. Бұл жерде бұрынғы меңгерілген білім мен жаңадан пайда болған мәселе арасында қарама-қайшылық пайда болады да, оқушы оқытушының көмегімен осы мәселеге байланысты пайда болатын құбылыс немесе процеске талдау жасау арқылы оны түсінуге, игеруге тырысады.
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.
Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.
Зерттеу мәселесі. Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптағы оқыту процесіндегі проблемалық оқыту мәселесі.
Зерттеудің мақсаты: Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың логикалық қабілетін, оқу еңбегіне қызығушылығын арттыру, оқушыларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйрету, сонымен қатар, осы оқыту тәсілі арқылы берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу.
Зерттеудің міндеті:
-Ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі проблемалық оқытудың теориялық негізін анықтау;
-Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда проблемалық оқытудың жолдарын қарастыру;
-Оқушылардың даму деңгейін педагогикалық және психологиялық жағынан сипаттау.
Зерттеу пәні. Бастауыш сынып
Зерттеу әдістері. Ғылыми - педагогикалық еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау.
Практикалық пайдасы. оқушылардың қызығушылығын арттыруда, шығармашылық қабілеттерін дамытуда қосымша құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Бастауыш сыныпта проблемалық оқыту әдісіне теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
Оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың тетіктері анықталып зерделенді,
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
Дидактикалық материалдардың түрлері көрсетілді.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егерде ұйымдастырылған жұмыстар жүйелі, мақсатты түрде құрылса, проблемалық оқыту тәсілдері арқылы оқушыларды ойлауын дамытуға болар еді.
Зерттеу базасы: №45 ЖОББМ
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Проблемалық оқытудың теориялық негіздері
1.1 Проблемалық оқыту туралы ұғым
Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.
Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
·Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
·Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
·Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.
Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивтік қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды.
Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.
Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, керекті әдеьиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.
Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.
Проблемалық ахуал - оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік.
Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті проблемалар бар:оқушылардың өз бетінше ойланып,әрекет етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.
Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

1.2 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері
Проблемалық оқыту əдісі негізінен екі функциясымен анықталады:
1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудіңамалдарын іздестіруі.
2.Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу əрекеті белседілігін қалыптастыру.
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты(жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс ) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Атамыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді.
Мұғалім проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
·Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
·Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
·Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
·Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
·Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
·Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады. Білім беру - оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени - білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни бұдан шығатын қорытынды - бұл сабақтастықтың яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің негізі бойынша Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.
Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуальды жерлерінде проблемалар бар: Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым,техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде. Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасын Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді. А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық құралы.
Білім беретін мектептің міндеттеріне сүйене отырып, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлеміз. Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
- оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеру;
- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.
Бұған қоса проблемалық оқытудың арнайы міндеттері төмендегідей болып бөлінеді:
- білімді шығармашылық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу (логикалық әдістерді немесе шығармашылық қызметтің жекелеген тәсілдерін қолдану);
- алған білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (жаңа ситуацияларда) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;
- шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау (ғылыми зерттеу, практикалық проблемаларды шешу және шындық болмысты көркем бейнелеу әдістеріне ие болу);
Проблемалық оқыту технологиясы негізінде оқушылардың білімді меңгерудің ғылыми дәрежесін арттыру екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:
Бірінші әдіс - оқытушының түсіндіруін күшейту. Әңгіме дәстүрлі оқыту жағдайындағы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық оқыту жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу туралы болып отыр. Оқытушының негізгі міндеті - түсіндіру жаңа сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, оқытушы:
а) өзі жасаған проблемалық ситуация арасында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді;
ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын, логикасын көрсетеді.
Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші әдісі - сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, атап айтқанда, оқытушының түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен студенттердің ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту. Бұл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады. Өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәнін студенттердің өздері продуктивтік шығармашылық қызмет барысында (оқытушының көмегімен және басшылығымен) ашады, оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ал, білімді бір ғана зердемен емес, өз ойының күш салуымен алады.
Проблемалық оқыту - ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады, дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады.

2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
2.1 Проблемалық ситуацияны тудыру механизмі
Жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру оқушылардың ойлау қабілетін арттыруда өзектендіре отырып,оқу-үрдісін ұйымдастырудың әдістері мен технологияларын,ендіру бағыттарын айқындай түседі.Ойлау шынайлықты көрсететін адам шығармашылығының жоғары формаларының бірі. Кезінде ҚР атаулы мектептерінің миссиясын оқушыға ой салу,ойланту деп анықтаудың басты себебі де шынайлыққа қол жеткізу, білімді өсіру, дамыту және бағдарлы мақсатта пайдалану болатын.
Ойлау әрқашанда проблемадан немесе сұрақтан, таңдаудан немесе сенімсіздіктен,қарама-қайшылықтан басталады.
Психологиялық ойлау - ойлау операциялары,ойлау әрекеттері,ойлау қызметі деген үш түрлі деңгейде қарастырылады.
Ойлау операциялары әр түрлі оқу қызметтерін (талдау, салыстыру, жинақтау, себептерін іздеу, есептеу) орындау барысында жүзеге асырылады.
Ойлау әрекеттері - бұл үлгіде,түснікте бейнеленген обьектілер арқылы практикалық әрекеттер негізінде қалыптасады.
П.Я.Гальперин және Н.Ф.Талызина бойынша,ойлау қызметі- материалданған затты немесе оның көрінісін қабылдау,сонан кейін затқа немесе олардың көрінісіне сүйенбей сөз түрінде жүзеге асыру.Ойлау қызметінде әрекет ойша, ақылмен орындалады,яғни өзіндік сөз арқылы ол ішкі әрекетіне айналды.
Бүгінгі білім жүйеінің алдындағы міндет те осы ойлау операцияларын,әрекеттерін,қызметтер ін,ең бастысы қабілеттерін жандандыру.Қабілет Б.М.Теплов (264) тұжырымдамасы бойынша, бар,білім,білік, дағдыға сыймайтын,бірақ білім мен дағдыға қабылдаудың жылдамдығымен және жеңілдігімен түсіндірлетін жеке ерекшеліктер.Қабілеттің дамуы өз бетімен білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Өз бетімен білім алудың тиімді деп саналған әдіс тәсілдерінің ішінен поблемалық ситуациялар әдісіне тоқталамыз. Проблемалық ситуация ерекшеліктері біріншіден, ойлау қызметінің теориялық ойлауға (құбылыстарды зерттеуге,жаңа ұғымдарды анықтауға,қоршаған ортадағы немесе қоғамдағыц заңдылықтарды табуға); сыни тұрғысынан ойлауға(қызметтің нәтижесін бағалау ,дұрыс,бұрысын табуға);практикалық ойлауға )ұйымдастыру формаларын,құралдарын жетілдіруге)бағытталумен сипатталады.Екінші ерекшелігі жаңа нәтижені алудағы ойлау әрекеттерінің жүйесінде.Үшінші ерекшелігі ретінде қызметті ізденіс нәтижелерінің сипатында.Осыған орай,А.М.Матюшкин проблемалық ситуацияларды танымдық,бағалаушылық,ұйымдаструшыл ық өндірістік деп үш топқа жіктейді.Автор танымдық проблемалар ретінде түсініктің анықтамасын немесе сипатын анықтауды жатқызады.Практикада көп жағдайда ойлауды қажет етпейтін жаттанды анықтама түсінік деңгейінде қалыптасады.Білімді меңгерудің мұндай тәсілі мұғалім үшін де,оқушы үшін де, ең оңай тәсіл.
Педагог түсінікті практикалық тұрғыда оқушының ішкі сезімдерін оятатындай дәрежеге жеткізе бермейді, оқушы өзінің ішкі сезімдері арқылы түйсіне білмесе бүгінгі түсінік оқушы үшін жаңалық деудің өзі артық.Бұл жөнінде Б.М.Теплов былай деген:Работа теоретического ума сосредоточена...на переходе от живого созерцания к абстрактному мышлению.Яғни,қолмен ұстап ,көзбен көрмейінше түсінік бала түйсігіне жете алмайды.Айнала,өмір,баланың өзі,оның өз тәжірбиесі түсініктің қалыптасуындағы ең негізгі факторлар.Баланың түсінуі үшін түсіндірудің қажеті жоқ деген сөздің мәні проблемалық ситуацияда.
Бұл жердегі проблема түсінік баланың бүгінгі өміріне қатысты қандай ситуацияда қажет болуы мүмкін, педагог тарапынан осы бір факт сұрақ, тапсырма ретінде баланың алдына қойылу керек.Сонда баланың болған фактіне қабылдай отырып ойлауына мүмкіндік туады. А.М.Матюшкин түсінікті қалыптаструағы ақыл-ой қабілетінің дамуын қамтамасыз ету жолдарының этаптарын ұсынады.
Фактіні оқу үшін сұрақ қою;
Затқа (үрдіске,құбылысқа) талдау жасау;
Заттың (үрдістің,құбылыстың) маңыздың белгілерін ажырату;
Себеп-салдарды айқындау әдістерін табу.
Автор ақыл-ой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Бастауыш білім беруде проблемалық оқыту технологиясын қолданудың ерекшеліктері
Проблемалық оқыту жолдары мен әдістемесі
Проблемалық және қарқынды күшейте оқыту технологияларының ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Бастауыш сыныптағы оқыту процесіндегі проблемалық оқыту мәселесі
Бастауыш мектепте жиын және логика элементтері тақырыбын оқыту әдістемесінің ерекшелігі
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы
Проблемалық оқыту туралы ұғым
Оқушылардың жеке пәндерін оқыту үдерісінде танымдық міндеттерін қалыптастыру
Пәндер