Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Қазақ тілінен дидактикалық материалдарды қолдану негізі
1.1 Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Дидактикалық ойын түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру ... 10
2. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолдану
2.1 Қазақ тілі сабағында ойындар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі таңда білім берудің негізгі кезеңдері оқу-тәрбие процесін дамыту, оны интеграциялау, ізгілендіру, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру мәселелері бойынша белгіленеді.
Тіл пәндерін оқыту концепциясы брйынша оқушы білім дағдыларын саналы меңгеріп, тіл арқылы бір-бірімен қатынас жасайды. Тіл үйрету барысында тәрбиелі педагогикалық, соцлингвистикалық мақсаттар да іске асырылады. Тіл пәндерін оқыту арқылы оқушылар рухани және эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына, өз бетімен білім алуына, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Жалпы қазақ тілін үйренушілер тілді үйренудің алғашқы сатысындағы ауызекі сөзді түсініп, өздері қазақ тілінде көрген-білгенін айтып, оқып жаза алатын болу керек.
Осы мақсаттарға жету үшін біз сабақта оқытудың бірнеше әдістерін: баяндау, түсіндіру, сұрақ қою, дидактикалық түрлі материалдарды қолдану арқылы әр түрлі жұмыс түрлерін жүргіземіз.
Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы ең əуелі оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тəсілдері түсіндіріледі.
Жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тəсілдермен жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай түсінгендері айқындалады, яғни жаттығу əдісі оқыту ісінің теориясын практикамен байланыстыруды жүзеге асырады.
Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс атқарғанына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді.
Шəкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда келесі талаптар қойылады.
1.Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.
2.Жаттығу оқушының тілге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруы тиіс.
3.Жаттығу белгілі-бір жүйеге сәйкес құрылуы керек.
4.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.
5.Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек.
Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынадай талаптар қамтылуы тиіс:
1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы;
2) жаттығу талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек.
Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тəжірибеде кездеседі. Құрастыру, салыстыру, талдау, табу, топтау, дəлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың əр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне байланысты.
Əрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалыптастыратын немесе қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын жаттығу əдістерін білгені жөн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерінше жұмыс атқаруға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады.
Зерттеу мақсаты: қазақ тілінен дидактикалық материалдарды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Зерттеу міндеттері:
қазақ тілі пәнінен дидактикалық материалдарды қолданудың негіздері туралы түсінік беру;
дидактикалық материалдар түрлерін көрсету;
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі ойын элементтерін қолданудың маңызы туралы түсінік беру
Зерттеу мәселесі. Елдің болашағы білім беру ісіне тәуелді. Беру үрдісінде келесі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан - жақты жетілген ертеңгі қоғам иелерін оқыту мектептің негізгі міндеті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділіктерін арттыру керек. Ол үшін қазақ тілінен бастауыш сыныптарға білім беру үрдісінде әр түрлі дидактикалық материалдарды қолдану әдісін кеңінен қолдану керек.
Зерттеу болжамы. Егер қазақ тілі сабағында балалардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған ойындар, дидактикалық материалдарды пайдаланса, онда балалардың танымдық ойлау қабілеті, қызығушылығы артады, білімді игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу нысаны. Бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу пәні. Қазақ тілі.
Зерттеу әдістері. Ғылыми - педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау.
Практикалық пайдасы. оқушылардың қызығушылығын арттыруда, тіл үйренуде, сөздік қорын байытуда оқулыққа қосымша құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу базасы. Мектеп
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Қазақ тілінен дидактикалық материалдарды қолдану негізіне теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
Оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың тетіктері анықталып зерделенді,
Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
Дидактикалық материалдардың түрлері көрсетілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік негіздері
Дидактикалық материалдардың негізгі міндеті - оқушылардың сөздік қорын байыту, тілін дамыту яғни оларға тіл туралы білімді ғана меңгеру емес қазақ тілінде сөйлесуге, пікір алысуға үйрету. Осыған байланысты сөздерді синонимдерін, антонимдерін табу, мақал - мәделдермен таныстырып, олардың қолдану аясында көрсету, диологтар мәтіндерінің мазмұны бойынша сұрақтар, жоспар құрастыру, шағын әңгіме, шығарма жазу сияқты лексика - грамматикалық тапсырмалар ұсынылады. Грамматика көбінесе қолданбалы сипатта беріледі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырмай, тіл үйренуге болмайды, сондықтан әр мәтіннің соңынан фонетикалық тапсырмалар орындатқан дұрыс.
Қазақ тілінің дидактикалық материалдары-сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгерту дәрежесін, сөздік қорларын ескере отырып, оқушыларға материалдарды толықтыру мақсатында жасалады. Мұнда қысқа және қызықты мәтіндер, өлең, жұмбақ, мақал, түрлі дидактикалық ойындар оқушылардың сөйлесу тілін кеңейту, байыту мақсатында беріледі. Сондай-ақ жаттығу, тапсырмалардың әр түрлері де қамтылады.
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері,логикалық ойлауы,түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып,ізгілік,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты:1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.2.Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
3.Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Міндеті:
1)Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2)Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі
4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
1.2 Дидактикалық ойын түрлері
Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен же әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Жаңылтпашты жаңылмай айт, Мақалды дұрыс оқы, Мақалды жалғастыр т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
Мыс: Мұғалім бірінші топтың алдына келіп, өтірік сөз немесе ұрлық деді, оқушылар өтірік сөздің жолы қысқа екендігін және ұрлық түбі қорлық екенін айтып, мақалдар ұйқастырып айтады. Оқушылар осындай ойындарға дағдыланып,жаман қылықтардан аулақ болады.Сабақта викториналық сұрақтар, жұмбақтар,сөзжұмбақтар,ребустар пайдалану өте тиімді.
Оқытудың ойын теориясын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:
1.Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.
2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.
Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.
Дидактикалық ойынға Ғажайып алаң, Бақытты сәт, ХХI ғасыр көшбасшы, анаграммалар, тренинг-сабақ, Ойлантап, Кім тез, атты ойындар және викториналар, сөзжұмбақтар, ребустар жатады.
Сонымен қатар ұлттық ойындары оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен ханталапай ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.
Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты жинай отырып, жаңылтпашты жаңылмай айтып отыруы керек. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша жаңылтпаш айтуы керек, жаңылтпашты дұрыс,анық айтқан баланың тілі шынығады әрі жылдамдыққа,шапшаңдыққа,ептілікке үйренеді.
Арқан тартыс ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, қазақ тілі сабағында 2 топ білім сынасады.Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын.2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде мақал-мәтелдерді тоқтамай айтып шығады. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды барлық пәндерге қолдануға болады.
Бастауыш сынып апталықтарында Тапқыр достар, Бақытты сәт атты интеллектуалдық ойындарда қазақ тілі пәнінен викториналық сұрақтар түрінде өткіздім.
Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.
Педагогтың бала ойынындағы рөлі
Педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы.
1.3 Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың
белсенділігін арттыру
Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпараттар тасқынынан оқушыларды ұлттық сана-сезімде, төл халкының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін қажетті деректерді оқыту үрдісіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы шарт.
Ж.Қоянбаев пен Р.Қоянбаев "Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты өмірге дайындау, өнер-білімге баулу, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. ...Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, үйелмен тәжірибелер т.б." жататындығын атап көрсете келе, халық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі рөліне айрықша тоқтала отырып "... халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті" дейді.
Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.
Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді. Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру - тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді: " Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады". Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.
Қазак халқының өзіндік ерекшелігіне жас ұрпақты туылған кезінен бастап, халықтық педагогика негіздерімен тәрбиелеуі жатады. Бесік жырынан бастап, өскенге дейін бала тәрбиелік маңызы жоғары өсиет сөздер естіп өседі. Бірақ, қазіргі кезде ата дәстүрлері қалалық жерлерде ұмытылып жүр.
Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі парасаттылық пен бауырмалдылыққа, адалдық пен кішіпейілділікке, ибалылық пен үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді.
Қазақ тілі сабактарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиетгерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады.
С.Рахметова қазақ тілі сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді:
1. Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;
3. Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу;
4. Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқап біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін кадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру,тілін одан әрі дамыта түсу;
6. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;
7. Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлык нормаларына үйрету;
8. Еңбекке кызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Демек, 5-сыныпта казақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек:
1. Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп,олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
2. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін қазақ тілін оқыту барысында тиімді қолдану қажет.
Қазақ тілі сабақтарында діни нақылдар мен өнегелік өсиеттерді үйрету арқылы оқушыларды адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны келешек өмірінде дұрыс қолдана білуге дағдыландырылады.
Мәселен, қазақ халқының киелі сандарымен таныстыру. Сабақта сандардың қасиетті екенін түсіндіріп, ұқыптылыққа, сыпайлыққа, ұжымдықпен жұмыс істеуге тәрбие беру көзделеді. Сабақ көрнекілігіне жеті басты жылан, аты жазылған карточкалар, асықтар, теңгелер, жеті жолақ, ғажайып алау барабанын, жануарлар суретін пайдалануға болады.
Мысалы: 3, 4, 5-ке немесе 7-ге байланысты ойын түрлері.
1. Асық ойыны. 4 санының қадір-қасиеттерін атау.
(Төрт мүлік, төрт тұлға, төрт құбыла, төрт маусым, төрт тоқсан, төрт бұрыш, төрт түлік, төрт күнә жөнінде.)
2. "Қол күрес" білім сайысы. Сан есімді қайталауға арналған тапсырмалар.
(Үш із, үш арсыз, үш байлық, үш қазына, үш мақсат, үш қадірсіз, үш көз, үш тоқтам, үш жүз, үш тәтті, үш қуат, үш жұрт жөнінде)
3. "Арқан тартыс" ойыны. (Бес қару, бес борыш, бес жаратылыс, бес қатер жөнінде)
4. "Блиц-турнир" ойыны. Тақтада үш түрлі тақырып бойынша үш деңгейлік тапсырмалар ілулі тұр. Ұлттық ойындарға, ұлттық тағамдарға, ұлттық киімдер жайлы тапсырмалар.
5. Ғажайып алаң ойыны. Сөз таптарына байланысты тапсырмаларды орындайды.
6. Адасқан септіктер ойыны. Сөздеріне қарай оқушылар қай септік екенін табады.
7. Тапқырлар ойыны. Қазақтың мұсылмандық заңдарымен таныстыру. Дұрыс жауабын тауып, аудармасын айту.
1) Ата-анаға тіл тигіз - ...
2) Өтірік айт - ...
3) Ұрла ...
4) Күш көрсет - ...
5) Өсек тасы - ...
6) Нанды бас - ...
7) Адам өлтір - ...
8. Теңге алу ойыны. Тыйым сөздерді айту.
1) Ұмытып кет...: есікті теп..!
2) Ізет танытып, әдепті сақта да, жатқан кісінің үстінен атта...!
3) Құр бекерге ермекке, бос бесікті тербет...
4) Шаршасаң сәл аялда, бірақ та жер таян...
5) Ұлттық салттан бұлжы..., жұма күні кір жұма.
6) Қашанда болсын есте, үлкеннің алдын кес...!
7) Өзім құмын де..., кісі ақысын же...!
9. Құрақ құрау ойыны. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің ретін білу, сол бойынша жасырылған сөзді табу.
10. Қатеңді тап. Сөдің жазылуын, есте сақтау қабілетін дамыту.
11. Көкпар ойыны. Оқушылар сабақта, саяхатта, шеберханада көргендерін, білгендерін еске түсіріп, сөйлемдерді аяқтайды.
Менің көргенім ...
Менің түсінгенім ...
Менің ойымша ...
Демек, ұлттык педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың, өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым - қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.

2.1 Қазақ тілі сабағында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz