Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен сөйлеуге үйрету дағдылары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Шетел тілдері кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен сөйлеуге үйрету дағдылары

Орындаған: 03301 топ студенті

Тексерген: аға оқытушы Насимуллина А.Б.

Орал - 2015 ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. 2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету
1.1 Сөйлеу сөйлеу қызметінің бір түрі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. 2-3сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... 6
1.3. 2-3 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.4. Сөйлеудің монологтық және диалогтық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Үйрету кезеңдері
2.1. Сөйлеу дағдыларының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Лексикалық дағдылардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3. Грамматикалық дағдылардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .13
2.4 Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде кітаптардың көптеген атақты және тәжірибелі авторлары бар, сол себепті сөйлеуге үйрету процесін ұйымдастыруда қанша автор болса, олардың сонша көзқарастары мен пікірлері бар. Біздің міндетіміз арнайы тақырыптағы материалмен танысып, оған анализ жасап, белгілі бір қорытынды жасау. Берілген тақырыпты мүмкіндігінше зерттеп, белгілі бір ерекшеліктерін тауып, өз әрекетімізде белсене қолдануымыз қажет.[1.55]
Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы - жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу - біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару, сапалы білім беру, нәтижеге жету үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне - халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор. Шет тілін мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргенннен кейін де шет тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.Шет тілін үйрету әдістемесі біздің қоғамда жетекші орын алуда. Қазіргі уақытта шет тілін оқытуға байланысты оқыту саясатының бағыты мемлекетте шет тілін оқушыларға барлық жақсы және ыңғайлы жағдайларды жасап, олардың қоғамдық және жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жасап жатыр.Елімізде күннен-күнге оқу процесінде шет тілі жетекші орын алатын лицей,гимназиялар ашылуда. Жалпы білім беретін мектептерде де шет тілін бастауыш сыныптан бастап оқытады. Тіпті, өз балаларының шет тілін үйренуін қолдайтын ата-аналар саны да көбейін келе жатыр. Отандық телеарналардан, газеттерден ағылшын тілінің курстары немесе шет елде білім алуға және жұмыс істеуге шақыратын хабарламаларды да көруге болады. Ағылшын тілін ерте жастан бастап оқыту маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстанда балаларды балабақшадан немесе 2 сыныптан бастап шет тілін оқыту басталып жатыр. Бұл тереңдетіп оқыту болып табылады. Бастауыш мектепте шет тілі бойынша білім беру процессінің мәні мен ерекшелігі осы бастауыш сынып оқушыларының шет тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - 2-3сынып оқушыларына ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың мақсаты - 2-3сынып оқушыларына ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету ерекшеліктерін бөлу және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ағылшын тілінде сөйлеу процесін ұйымдастыру, 2-3сыныптарда ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету жаттығуларының кешенін өңдеу.
Міндеттер:
oo курстық жұмыстың тақырыбын зерттеу;
oo анализ жасау;
oo 2-3сыныптарда ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету ерекшеліктерін бөлу;
oo белгілі бір қорытынды жасау.

1. 2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету
1.1 Сөйлеу сөйлеу қызметінің бір түрі ретінде
Тіл - қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Сөйлеудің негізгі мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын ой. Сөйлеудің мазмұны ойды ауызша түрде жеткізу. Сөйлеудің негізгі объектісі адамның шыншыл өмірмен байланысы. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады. Сөйлеу - көп аспектті әрі қиын құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым - қатынас құралы функциясын атқарады. Екіншіден, сөйлеу қызметінің арқасында пікір айту қалыптасады. Үшіншіден, сөйлеу қарым - қатынас тапсырмаларын шешу мақсатындағы өз ойыңды жеткізу. Сөйлеу әрқашан белгілі бір мақсатқа көзделген. Сөйлеуге үйрету оқушының сөйлегісі келу арманына қатысты болу керек, ол мұғалімге тікелей қатысты. Бұл құбылысты жүзеге асыру үшін оқытушы мен оқушының қайырымды қарым-қатынасы болу керек, мысалы оқушы my pet деген тақырыпқа қызыға талқылама жасайды. Олар өздерінің сүйікті үй жануарының суретін, ойыншығын алып келіп сыныпта әңгіме жүргізе алады.
Сөйлеу аудитория үшін арналған және тыңдаушыға бағытталған түрде бола алады. Яғни біз сөйлеу кезінде сөзімізді белгілі бір адамға бағыттап ойды бөлісіп, дәлелдеп сұрай аламыз. Мысалы оқушы белгілі бір нәрсені айту кезінде оны сыныпқа немесе өзі қарым-қатынас жасап отырған адамға қатыстыруы қажет. Сөйлеу әрқашан эмоционалды боялған түрде бола алады. Яғни сөйлеуші айтып тұрған объектіге өзінің сезімін, қатысын білдіре алады. Сөйлеудің бұл мінездемелері алғашқылармен де тікелей қатысты. Мыс: my pet деген тақырыпта I like my dog very much деген сөйлемде like деген сөзді белгілі бір екпінмен айта алады. Сөйлеу арқашан алдын ала келісу негізінде жүзеге асады. Мысалы, оқытушы оқушылардын белгілі бір нәрсені сұрау алдында оқушылардың бұл тақырыпқа қатысы бар ма, лексикалық қорлары жете ме, оқушы санасына сай ма деген сұрақтарға жауап бере алуы қажет.[3.79]
1.2. 2-3сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
2-3сынып оқушылары шамамен 7-10 жас аралығындағы оқушылар.Олар бейнелі-көркем ойлауымен ерекшеленеді. Бұл жас оқушылары үшін мнемоникалық әрекет нәтижесінде еріксіз есте сақтау тән. Сабақтың қызықты мәліметі олардың назарын тез аударып алғанмен, олар осы қызығушылықпен ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды, себебі олар шаршап кетеді. Жалпы осы жас кезеңі байсалды әрі біркелкі даму кезеңі болып табылады, яғни бұл кезеңде оқушы миының жүйелік толық жетілуі болады. 2-3сынып оқушылары арасында оқу дағдысы жетекші рөлді атқарады, бірақ олардың ойынға деген қызығушылығы жоғалмайды. Сондықтан да оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен материалды қабылдау деңгейі төмен түспеу үшін, мұғалімнің тапсырмаларды ойын түрінде таңдап алғаны жөн. Осы ойын арқылы шет тілдегі материалдың айтарлықтай бөлімі еріксіз есте қалады. Р.И.Жуковскийдің тәжірибелеріне қарағанда бала балалық шағынан бастап өлеңдер мен түрлі ұйқастарды оңай оқып үйренеді. Ал С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша өлеңмен жазылмаған материалға қарағанда, өзінің ұйқасы мен ырғағы арқасында өлеңдер тез есте сақталады. Сондықтан да 2-3сынып оқушыларының сөйлеуін дамыту үшін, тез жатталынатын өлеңдер мен ұйқастарды таңдау керек. Сондай-ақ осы жастағы оқушылар қарым-қатынасқа бейім және тез әсерленгіш келеді. Олардың назарын жаңа әрі кенеттен болған жағдайлар қызықтырады. 7-10 жасар оқущылардың ақыл-ой мүмкіндіктері әжептәуір кең. Олардың пікір алмастыруға, шешім қабылдауға, ойша пайымдауға, заттар мен құбылыстарға анализ жасауға мүмкіндіктері қалыптасқан. Сондай-ақ 2-3сынып оқушылары да мұғалімнің қойған бағасына сезімтал келеді.[2.65]

1.3. 2-3 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастыру
Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. Биляев ойынша, шет тілін игеру яғни басқа тәсілдермен және жолдармен санадағы ойды шығару. Шет тілін оқытудың нәтижесі жемісті болу үшін оқушының дербес және жас ерекшеліктерін ескеру маңызды шарттардың бірі болып табылады. Әдістемелік және психологиялық әдебиеттерде (дәстүрлі орта білім беру мектебі, шет тілін тереңдетпей оқыту) 3 сатыны бөліп қарастырады:
* Бастапқы (4-6 сыныптар )
* Орта (6-7 сыныптар)
* Жоғарғы (8-10 сыныптар)
Ал қазіргі уақытта шет тілін тереңдеп оқытуға байланысты оқыту сатылары мынандай:
* Бастапқы (1-3 сыныптар)
* Орта (4-6 және 7-8 сыныптар)
* Жоғарғы (9-11 сыныптар)
Орта мектептерде бастапқы саты деп оқушыға керекті коммуникативті компетенция негіздерін салу болып табылады. Ал бұл компетенциялар осы курсты ары қарай дамытып оқуға қажетті және жеткілікті болу керек. Мысалы, бірдеңені жеткізу, сұраққа жауап беру, өтінішті орындау,сондай-ақ қаламды әперу, есікті ашу, тақтаны сүрту т.б. Бұл жағдайлардың негізгі мақсаты күтілетін қорытынды. Бұл бөлімде сөйлеу не үшін, неге және не айту керек деген қызметтерді ғана атқарады. Сөйлеуді қалай жүзеге асыру сөйлеудің 2-ші бөлімінде яғни аналитика-синтетикалық бөліміне қатысты. Бұл бөлімінде тіл арқылы ойды жүзеге асыру процесі жүреді. Ағылшын тілінде ойды жеткізу кезінде оқушы естегі сөздерді теріп (анализ) оны ойды жеткізу үшін сөйлеу бүтініне қосу керек (синтез). Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бір нәрсемен қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық және синтагматикалық бола алады. Сөйлеудің осы екі түрі көп болса оқушының сөйлей алу қабілеті жоғары болады. Парадигматикалық байланыс негізінде сөздерді әртүрлі белгісіне қарап есте сақтай алады:
oo жазу кезінде әртүрлі,ал дыбысталуы бірдей, мысалы two-too,one-won, see-sea;
oo мағына жақындығына байланысты, мысалы small-little;
oo мағынасының қарама-қарсылығына байланысты, мысалы answer-ask.
Cөйлеу кезінде синтагматикалық байланыста үлкен роль атқарады. Яғни сөздердің басқа сөздермен сәйкес келуі, мысалы order деген сөз келесі сөз тіркестерінде қолданылады:
oo order - something (order dinner, order breakfast, a new coat etc )
oo order to do something (order to stand up, to close the door, to stay in bed)
oo give an order to do something (to stand up, to stay after classes)
Сөйлеушілер арасындағы қарым- қатынас кезінде лексикалық сөздік қорларына қатысты құралдарды таңдап алу мына жағдайларды іске асырады:
oo күнделікті қолданылатын ағылшын тіліндегі бірліктер, мысалы good afternoon, thank you, my name is, I am on duty, may I come in.
oo сөздердің орнын ауыстыру және құрылымын өзгерту, мысалы my name is деген дайын тіркестен name is бірлігі өзгеріссіз қалып, my түрін his, her немесе my sister's деп ауыстыруға болады. Осы құрылымды өзгерту кезінде біріншіден ойлау тікелей мен арқылы жүзеге асып, 2-ші жағдайда грамматикалық құрылымы іске асады. [4.91]
Шет тілін оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер кезінде оны бірінші ойлап алады, ал ол ана тілінде іске асады. Сөйлеу тыңдау, оқу және жазумен тығыз байланысты. Тыңдау мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу тікелей оқумен байланысты, яғни сөйлеу мен дауыстап оқудың қарым қатынасын дәлелдеп жату артық. Сөйлеу жазумен де байланысты, мысалы оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады.

1.4. Сөйлеудің монологтық және диалогтық түрлері
Сөйлеу монологтық және диалогтық түрде жүзеге асырылады. Яғни, ол әрбір сөйлеу формаларының лингвистикалық ерекшеліктерін көрсету негізінде, методикалық мақсатта жүзеге асады. Монологтық сөйлеуге ойды толық жеткізу және бір-бірімен байланысты болу деген мінездеме тән. Монологтық сөйлеуге хабарлау деген мінездеме бере аламыз. Оларға мынандай мысалдар көрсете аламыз,оқушылар қайда оқимыз,бүгін қай күн деген сөздерді, апта күндерін немесе күздің сипаттамасын ағылшынша жеткізе алу қажет. Монологтық сөйлеуді үйретудің бірліктері сөйлемдер, сөйлемдік бірліктер және байланысқан мәтіндер бола алады, мысалы This is a pen. It's on the table. Монологтық формада сөйлеу өз тілінде де, шет тілінде де қиындық туғызады. Ол не айту керек әрі қалай айту керек және т.б байланысты. Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін, сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек те, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог- сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. 2-ші сыныптық кезеңдерде оқушыларға мәтінді тез есте сақтап, түсініп айту үшін көмек ретінде құрылымдық қаңқаны тірек етіп алуға болады. Қаңқаны кодоскоп арқылы экранға шығаруға немесе тақтаға, карточкаларға жазып қоюға болады. Мысалы, аттың суретін көрсету арқылы мұғалім оқушыларға келесі құрылымдық қаңқаны ұсынады: This is a ..., It's a domestic ... It's ..., It lives on .. , It eats ... It drinks ... I like ... very much. Сөйтіп оқушы тиісті суретке қарай отырып,ат туралы айта бастайды. Ал 3-ші сыныптық кезеңдерде оқушылардан тыңдалған немесе оқылған әңгіме арқылы , оның негізгі мазмұнын бірнеше сөйлем арқылы беру талап етіледі.
Диалогтық сөйлеу сөйлеу клишелерін (conversational formulas) және элиптикалық сөйлемдерді қолдану негізінде жүзеге асады. Мысалы,сөйлеу практикасында жалпы сұрақтарға иә, жоқ деген қысқа жауап ала аламыз. Оқушылар көбінесе бұндай жауапқа қанағаттанбай толық жауап сұрайды. Мысалы Is it tuesday today? деген сұраққа Үes,it is! немесе Yes it is already tuesday today деп жауап беруге болады. Альтернативтік сұрақтарға жауап ретінде мынандай мысалдар келтіре аламыз. Yes ,it is an English book or Russian one? сұрағына Іt is a Russian one немесе a Russian one деген жауап ала аламыз. Арнайы сұрақтарға мынадай жауап ала аламыз: What is red? The flower is; Who will go to the cinema? My brother will. 2-3 сыныптарда сөйлеудің диалогтық формасында әңгімелесушіні қарсылау, онымен қоштасу, біреуге біреуді таныстыру, бір нәрсені істеуге келісіміңді білдіру немесе білдірмеу, мейраммен құттықтау, қуанышыңды немесе наразылығыңды білдіру және т.б ерекшеліктерге көңіл бөлінеді. Диалогтық сөйлеуге үйретудің негізі диалогтық бірліктер.Олар:
oo сұрақ-жауап: Is our classroom large? -- Yes, it is.
oo сұрақ- сұрақ: Is it your pen? -- Why do you ask me?
oo нақтылау-сұрақ:I want to know English. -- What for?
oo нақтылау- нақтылау:This is a box of sweets for you. -- Oh, thank you, I like sweets very much.
Ағылшын тілін оқытудың алғашқы жылдарында оқушылар сөйлеуге ұмытылады. Тіпті оқушылардың лексикалық сөздік қорлары минималды дәрежеде болса да, олар тілдің коммуникатививтік қызметін сезіне бастайды. Ал екінші жылдарында оқушыға сұрақтарды қою, оған жауап беру т.б сияқты талаптар қойылады; тілдік бағдарламалық материалдың шегінде оқу жағдайына сәйкес, әңгімелесушілердің сөзі кем дегенде 3 сөйлемнен кем болмауы керек. Монологтық сөйлеуге келетін болсақ, олардан алдын-ала дайындықсыз оқу жағдайына сәйкес әрі тілдік бағдарламаның материалы шегінде сөз көлемі 5 сөйлемнен кем болмау керек. Оқытудың үшінші жылында диалогтық сөйлеу кезінде сұрақ пен жауап, ұсыныс пен бұйыруды қолдана отырып, әңгімені жүргізе алу қабілеттілігі болу керек. Ол тікелей тілдік бағдарламалық материалмен қатысты болып және де ол 4 сөйлемнен кем болмауы қажет. Ал монологтық сөйлеуге талаптар күшейіп күрделенеді және көлемі 7 сөйлемге дейін жоғарылайды. [6.12]

2. Үйрету кезеңдері
2.1. Сөйлеу дағдыларының қалыптасуы
Сөйлеудің қалыптасуы жаттығулар жасау негізінде жүзеге асады. Сөйлеуді үйретудің бір тәсілі ретінде қарап көрейік. 2-3 сыныптарда ағылшын тілін үйрету тілдік бірліктер, тілдік үлгілер және құрылымдарда жүргізілгенде, айтылу дағдылары көрсетілген бірліктерде жүргізіледі. Мысалы, My name is ... деген сөйлеу үлгісін оқушылар түсінікті болатындай етіп айту керек. Бұл фраза [m, n, z, аі, еі, i] ағылшын дыбыстарынан, екпінді және екпінсіз элементтер мен интонациялық суреттен құралады. Дыбыстардың молшылығына қарамастан, бұл фраза оқушылар үшін айтуға оңай. Интонацияны балалар мұғалімге еліктеу арқылы игереді. Оқушыларды ағылшын тілінде сөздерді дұрыс айтуға үйрету үшін, олардың әрқайсысына 1-ші сабақтан бастап көңіл бөліп, игерілетін материалдың айтылуында хор немесе жеке формада жаттықтыруға болады. Хор бойынша айтқан кезде мұғалімнің оқушыларды ести алатындай қабілеті болу керек. Хор бойынша жаттықтырғанда әр оқушының белсене қатысқаны дұрыс. Алайда жеке формада жаттықтыруды да ұмытпау керек. Сабақта алдымен жақсы білетіндерді шақырып алып, олардың айтуы арқылы әлсіз оқушыларға үлгіні тағы бір естуге мүмкіндік беру қажет. Жаңа материалдарды арнайы фонетикалық жаттығулар арқылы игерген дұрыс. Бұл жаттығудың материалы дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем және тұтас ұйқастар бола алады. Фонетикалық жаттығуды мұғалімнің өз дауысы арқылы да, дыбыстық жазулар арқылыда жүргізуге болады. Дыбыстық жазулар арқылы оқушыларды материалды тыңдауға, естуге және оны дұрыс жеткізуге дағдыландырған жөн. Бұл жағдайда оқушылардың дыбыстық жазумен деген дағдылары көбейеді. Ал үлгерімі төмен оқушылар дыбыстық жазумен мұғалімнің көмегі арқылы жеке тапсырмалар орындауларына болады. Мұғалім оқушылардың сөзді айтқанда неден қате жіберетінін байқап, оларды дұрыс жөндеу қажет. Мысалы, оқушы The tiger eats meat сөйлемінде eats сөзіндегі ұзақ [і:] деп айтудың орнына қысқа [i] деп жауап берсе, сөйлем мәнсіз болып қалады. Бұл жағдайда дауыстылардың ұзақтылығына мән берген жөн. Егер де мұғалім ағылшын тілінде жақсы сөйлеп, соның арқасында оқушылардың фонетикалық есту, өз-өзін бақылау, өз-өзін дұрыстау қабілеттерін қалыптастырып, сабақ кезінде дыбыстық жазулар қолданып және оқушылардың онымен сабақ кезінде, сабақтан соң немесе үйде жұмыс істеуге үйретсе, онда бұл оқушыларға әжептәуір жуықталған дұрыс сөйлеумен қамтамасыз етеді.[7.177]

2.2. Лексикалық дағдылардың қалыптасуы
Оқушылардың лексикамен танысуы тыңдау арқылы жүзеге асады. Оқушылар сөзді тыңдап, олардың қалай дыбысталатынын және қандай мағына беретінін, қандай сөзбен тіркесетінін меңгереді. Оқушылардың сөзді меңгеруге жаттығулары сөйлеу арқылы жүзеге асады. Жаттығу мұғалімнің немесе диктордың сөзді айтуымен басталады. Сөзде жаңа дыбыстар болса ең алдымен осы қиындық шешіледі, ал егер болмаса балалар сөзді 2-3 рет хормен және жеке қайталайды. Әр оқушының меңгерілетін сөзді дұрыс айтуына көңіл бөліну керек. Сөздің көп қайталанып айтылуы, оқушылардың сөздік қорының көбеюі мен есте сақтау қабілетінің жақсаруына, керек сөзді сөйлеуде қолдануға мүмкіндік береді. Жаттығулардың саны сөздердің қиыншылықтарына қарай анықталады. Кей жағдайларда мұғалімдер сөздің оқушыға қаншалықты қиын екеніне көңіл бөлмей, әр түрлі қиыншылықтағы сөздерді үйретуде бірдей уақыт жұмсайды. Жаңа сөз тіркестерін құрудағы лексикалық дағдылардың қалыптасуы өте маңызды. Оқушылар ағылшын тілінің ережелеріне сәйкес сөздерді тіркестіріп білу керек. Бұндай жаттығулар өте пайдалы әрі мұғалімнің бақылауы арқылы жүргізіледі. Мысалы, good weather - fine weather, strong rain (snow) - heavy rain (snow). Лексикалық ауыстыру есте қалған сөзді таңдап алумен және оны сөйлеу тізбегіне қосумен байланысты. Мысалы, оқушыларға what we eat тақырыбында сөйлеуге тапсырма берілді. Оларға үлгі беріледі : We eat pears.
P1 - We eat apples.
P2 - We eat plums.
P3 - We eat cucumbers.
P4 - We eat potatoes.
P5 - We eat bread.
P6 - We eat bread and butter.
P7 - We eat meat.
P8 - We eat fish.
Бұндай тапсырма оқушыларға Тамақ тақырыбындағы сөздерді естеріне түсінуге мүмкіндік береді. Лексикалық бірлесуде оқушыларға белгілі бір тақырыпта меңгерілген сөздің басқа бір тақырыптағы сөзбен сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Мысалы, жеміс-жидектердің атымен оқушылар жыл мезгілдері тақырыбында,әсіресе күзді сиппаттауда танысады. Бұл сөздерді оқушылар екінші бір тақырыппен бірлестіре отырып қолдана алады, мысалы,тамақ туралы айтқанда, сауда-саттық, үйге қалай көмектеседі немесе саяхатқа шығарда не алып шығады және т.б. Лексикалық дағдының қалыптасуында орындалатын жаттығудың нақтылығы мен дұрыстығы қадағаланады.[12.77]

2.3. Грамматикалық дағдылардың қалыптасуы
Грамматика жағынан жаттығуларды ұйымдастыру барысында мұғалімнің материалға, оның қиыншылықтарына қарай, әртүрлі жағдайда қараған жөн. Жаттығу кәдімгі қайта өңдеуден бастау алады. Қайта өңдеу тілдік бірліктің хор ретінде айтылуы негізінде жүзеге асады. Хормен 2-3 рет қайталап айтуға болады, одан кейін жеке-жеке қайталау жүреді. Мысалы, мұғалім I live in Astana сөйлем үлгісін айтады, оқушылар хормен оны 1-2 рет қайталайды. Кейін жақсы оқитын оқушыға қарап, тағы қайталайды: I live in Astana. And you,Ainur? Аталған оқушы үлгіні айтады. Басқа оқушыға қарап, And you, Dina? Оқушы жауап беруге қиналса, мұғалім үлгіні қайталау арқылы оған көмектеседі. I live in Astana. And you, Dina? Грамматикалық қайта өңдеуден кейін, грамматикалық ауыстыру жүреді. Грамматикалық ауыстыру кезінде оқушы үлгінің грамматикалық құрылымын есте сақтап, оны қай элементке ауыстыру керек екенін ескеріп, мұғалімнің айтқан сөзін есіне сақтай отырып, жаңа мазмұндағы үлгіні айтады. Жаттықтыру кезінде үлгі сөздердің орнына суреттерді де қолдануға болады. Мысалы, мұғалім балаларға армандауды ұсынадыда, тақтаға иттің суретін іліп, This is for you , Fariza, - дейді.Өз кезегінде Фариза : I have a dog, деп сыныпқа хабарлайды. Осылай әрі қарай қайталана береді. Сондай-ақ грамматикалық ауыстыру жаттығулары грамматикалық кеңейту жаттығуларымен үйлеседі. Грамматикалық кеңейту оқушыларға көп айтуға мүмкіндік береді. Мысалы, I like to read books. I like to read interesting books . I like to read books in our school library. Сөйлеу үшін трансформация немесе ауысу өте қиын әрі өте маңызды болып табылады. Трансформация жаттығулары грамматикалық дағдыларды қалыптастыруда жақсы көмектеседі. Трансформация интеллектуалдық белсенділікті қажет етеді. Мысалы, мұғалім үстелге бір кітап қояды да, There is a book on the desk дейді. Кейін тағы да екі-үш кітап қойып, There are books on the desk дейді.Бұл мысал арқылы оқушылар зат есімнің көпше және жекеше түрін, артикльдің қай жағдайда қолданылады,қай жағдайда қолданылмайды, етістіктің зат есіммен тіркесе отырып жекеше түрден көпше түрге өтетінін меңгереді. Грамматикалық бірлесу грамматикалық дағдыны қалыптастыруда өте маңызды. Мысалы, оқушыларға үлгіні тыңдатып,осыған ұқсас өз ойларынан жаңа үлгі құрдыртуға болады. [11.67]
Т: This is a pen. It's blue. It's on the desk.
P1: This is a book. It's thick. It's on the table.
Р2: This is a bag. It's brown. It's on the desk. Etc.
Осы мысал бөлек игерілген грамматикалық құрылымдардың логикалық байланысқан пікірге бірігетінін көрсетеді. Грамматикалық дағдының қалыптасуында да орындалатын жаттығудың нақтылығы мен дұрыстығы қадағаланады.

2.4 Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
Бастауыш сынып табалдырығында оқушының оқу дағдысын қалыптастыруды жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Линвистикалық негізгі обьектісі - сөйлеу, адамзаттың сөйлеу тілі. Сөйлеу - адамзаттың іс - әрекетінің ерекше формасы. Сөйлеу адамзаттың ойлауымен және басқа да психикалық процестерімен тығыз байланысты. Сондықтан адамзаттың сөйлеу іс - әрекетін тексеру бір ғана тілі білімінің үлесі емес, бұл басқа да ғылымның мәселен, психологияның, физиологияның, логопедияның т.б зерттеп қарастыратын облыстілі.
Сөйлеу екі түрлі формада - ішкі және сыртқы формада жүзеге асырады. Ішкі сөйлеу формасы - ойлау процесі үшін осы қажет нәрсе, ал сыртқы форма арқылы адам өз ойын басқаларға жеткізеді, белгілі бір информатика береді.
Сөйлеудің екі жағы бар: сөйлеу процесінің нақ өзі және сол сөйлеу іс - әрекеті процесінде жасалынған нәтиже яғни сөйлемдер, мәтіндер т. б.
Адамның өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор. Ол сөйлеу арқылы өз ойын айтып жеткізеді және біреудің ойын ұсынады. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым - қатынасты атқарады.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біреу шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін - бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндеу алшақтығы болуы мүмкін. Сөйлеуге үйрету манолог және диалог түрінде іске асырылады. Манолог және диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым - қатынас әрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, әдептік және сезімдік - бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.[9.138]
Монолог - оқушылар мәтіндердің мазмұны туралы өз ойын, көз қарасын білдіру үшін жеке тәжірибиелеріне және суреттер тізбектерімен тағы басқа көрнекіліктеріне сүйене отырып, суреттеу, хабарлауды қолданып, мәлімдемелер жасайды.
Диалог - оқушылар қысқа және толық жауап беру түрлерін қолдана отырып, құттықтау, шақыру, кешірім сұрау, бір нәрсе жайлы керек мәліметті сұрап білу немесе айту, талқылаған деректерді анықтау, оларға баға беруге дағдыланады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілерді өз ара қысқа сөз алмасуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауы мен ерекшеленеді.
Сөйлесу арқылы тек қана ақпарат жүрісі орындалып қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір - біріне деген ықпалда жасалынады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бір - бірінің іс - әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады.
Ауызша сөйлеуді жүзеге жарғанда өзгеше лингвистикалық та, лингвистикалық емес те құралдар үлкен роль атқарады. Өзгеше лингвистикалық құралға арнайы таңбаланған лексикалық бірліктерді,кейбір грамматиканы жатқызуға болады. Ал, лингвистикалық емес құралдарға ауызша сөйлеуге тиісті құралдардың барлығы - оқушының тұрысы, ымдауы, ишарат білдіреді, көз қысуы, жымиуы, күлкісі, жылауы және т.б. жатады. Бұл эксромингвистикалық бөліктер ауыз екі тілде сөйлеуді айтарлықтай толықтырып тұрады.
Ауызша өз пікірін айту жазбаша түрде ойын жеткізуден, ең алдымен, қарым - қатынастың тікелей өзгешелігімен және коммуниканттандардың арасында нақты байланыстың болуымен оқушылардың өз ойын жеткізудің формасына және тәсіліне таңба салғандай ерекшеленеді. Сөйлеу әрекеті кезінде әңгіме дүкен жүргізушінің серігінің болуы немесе тыңдаушысының болуы сөйлеп тұрған адамға өзінің серігінің кез келген іс қимылын байқап тұруға мүмкіншілік береді. Бұл оқушының ойын ауызша жеткізу жолына әсер етуге және үнемі үндестірілуіне мүмкіншілік береді.
Ауызша сөйлеуге үйрету жайлы айтқанда, оқу үрдісінің шартымен және мақсатымен емес, сонымен қатар ауыз екі тілде сөйлесудің қандай түріне үйрету керектігін анықтау қажет.[10.201]
Лингвистикалық жоспар бойынша ауызша әңгімелеп жеткізудің 3 түрлі формасы бар: монологты, диологты және полилогты.
Ауыз екі тілде сөйлеу психологиялық жобада да белгілі бір қызығушылықты ұсынады. Ауыз екі тілде сөйлеу психологиясында кибернетика саласындағы ойдың әсерінен бір жүйеге келтірілген екі коммуникативтік үрдіс табанды түрде танылуда. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу.
Оқушы өзіне тиісті пәндерді жан - жақты меңгеріп алғысы келеді және де шетел тілін жетік меңгеруі арнайы әдебиеттерді оқығанда оған баға жетпес көмегін көрсетеді. Ауызша сөйлеуге үйрету барысында оқушыларды сөйлеу әрекетінің екі түріне үйреткен жөн. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу. Бұлардың әр қайсысы өзіне тиісті жаттығуларды жүргізуді талап етеді.
Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:1) Ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдеріндеқатар жүреді; 2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;3) қосымша оқыту құралдарының жиі жиі қолданылуы; 4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.
Ауызша сөйле ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты.
Осы орайда бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты, монологты дұыс формада сөйлеу білуге үйрету.
Сөйлеу әрекетінде түсіне отырып тыңдауға үйретудің басты мақсаты түсіне отырып тыңдаудың көлемін ұлғайтуға қол жетізу, нақтырақ айтқанда әр адамға тән сөйлеу сипаттамасы бар, бірнеше адамды түсінуге мүмкіншілік беретін жаттығулар көлемін қалыптастыру.
Ауызша сөйлеуге үйретудің біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде және монологты түрде сөйлеудің арасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
Көмекші оқыту құралдары
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңызы
Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқыту
Топтық жұмыстарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйрету жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдану әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу, әдістемесін жасау
Сөйлеу тілін түсіну
Пәндер