Бастауыш сыныпта етістікті оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ тілі пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш сыныпта етістікті оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану

Орындаған:
Жетекші:

Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
1.1. Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану ... ... ... ... ..5
1.2 Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану ... ... ... ... ... ... .8
II. Етістікті оқытуда ақпараттық технологияны қолдану
2.1 Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Етістік 3 сыныпқа арналған сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты - тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.
Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ беру өте қиын және жауапты жұмыс. Сондықтан мұғалім әр сабаққа жауапкершіліепен дайындылып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығы ояту үшін әр түрлі технологияларды қолданып жатыр. Мен қазақ тілін оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдануға тоқталғым келеді.
Ақпараттың-коммуникативтік технологиялардың негіздері:
1. Ақпараттық құралдармен жұмыс істеу;
2. Оқу барысында компьютерді пайдалану;
3. Модельдеу;
4. Электрондық оқулықтарды қолдану;
5. Интерактивті тақтаны қолдану;
6. Интеррнетте жұмыс істеу;
7. Компьютерлік оқыту бағдармаларды пайдалану.
Қазіргі кезде бізге әр түрде берілген ақпараттар жиі ұсынылады.Сондықтан шәкітттерді оқытуда олардың ақпараттық құзыреттіліктері маңызды орын алып отыр, яғни, керекті ақпаратты тауып, оның мазмұны беру біліктіліктері. Әрбір мұғалім шәкірттерінің өз пәніне деген қызығушылықтарын армандайды. Оны қалыптастыруда кәптеген қиындықтар кездеседі. Сол себепті жаңа ақпараттық технологияларды қодану бізге әдістемеләк әдіс-тәсілдерді таңдауға, сабақтарды қызықты да, есте қаларлық болуына көмектеседі. Сонымен бірге олар оқыту удерісін өзгертіп , балалардың жүйелі ойлау қабілетерін қалыптастырады.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудң ерекшеліктерімен таныстыру.
Зерттеу обьектісі: бастауыш сынып
Зерттеу пәні: бастауыш қазақ тілі пәні
Зерттеу міндеттері
1. Бастауышта қазақ тілін оқыту ерекшеліктері;
2. Етістік тақырыбын түсіндіруде ақпараттық технологияларды қолдану;
3. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын зерттеп, тиімділігін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы. кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
1.1. Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы (Л. С. Выготский)
Адам ұрпағымен мың жасайды - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман,- деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік - педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Технология сөзі techne - өнер, шығармашылық, logos - ілім
Педагогикалық технология терминінің анықтамаларын көптеген авторлар өз түсінігі мен өз санасында қалыптасқан көзқарастарын қалыптастырған:
- Технология - қалыпты өзгерту, өңдеу әдістері, өнері, шеберлігі, іскерлігі жөніндегі ғылым жиынтығы. (В. М. Шепель)
- Педагогикалық технология - оқыту, тәрбиелеу құралдары түрлерін, әдістері, тәсілдерін үйлестіретін, әрі анықтайтын арнайы жинақ, психологиялық - педагогикалық ұстанымдар жиынтығы; (Б. Т. Лихачев)
- Педагогикалық технология - жоспарланған оқыту нәтижелеріне жету процесін сипаттау болып табылады. (И. П. Волков)
- Педагогикалық технологиялардың даму сатыларын жан - жақты қарастырып зерттеген ресейлік ғалымдар - Ф. А. Фрадкин, Е. Ю. Рогачева, Л. И. Богомолова,
С. И. Мезенцева, Г. Н. Осухова, Л. А. Кирсанова және де т. б. Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану ретімен жиынтық жүйесін білдіреді.
Педагогикалық технологияның тиімділігі:
1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
5. өзін - өзі тексеруге дағдыланады.
6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.
7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр. Қысқаша осы технологияларға шолу жасайық.
Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басым бағытының бірі - орта білім беру жүйесін ақпараттандыру. Қазіргі уақытта заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі, бұл - оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басым бағытының бірі - орта білім беру жүйесін ақпараттандыру. Қазіргі уақытта заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі, бұл - оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

1.2 Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруіне сәйкес инновациялық үдерістердің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі үдерістен инновациялық үдеріске көшу талабы қазақ тілі мамандарының жаңа педагогикалық технология ауқымында әрекет жасауларына себепші болуда. Бүгінгі күндегі озық педагогикалық технологиялар арасындағы өзектілігімен, пәрменділігімен айшықталатыны - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Мемлекеттік тілді оқытуда соңғы мақсатты нәтиже - қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің ең негізгі тетігі - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану. Бұған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6435 өкімімен бекітілген білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасында: Оқу үдерісінде педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану - жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі, - делінген. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.
Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазақстан Республикасында қабылданған білімді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру саласын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған.
Тіл үйренушілердің жаңа ақпараттық және білімдік ортада табысты іс-әрекет етуі олардың бойында ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі мен ақпараттық мәдениеттілігінің үстем болуына байланысты болып келеді. Ақпараттық мәдениеттің деңгейі тұлғаның ақпараттық кеңістікте өз адамгершілігін анықтау және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытумен байланысты әлеуметтік маңызды өмір сүру тәсілін көрсетеді. Ақпараттың адам өміріне қаншалықты әсер етуіне қарай соншалықты оның жеке тұлғалық ерекшелігі, ақпараттық мәдениеті айқындалады. Қоғамды ақпараттандыруды дамытудың негізгі факторларының бірі - білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. Білім беруді ақпараттандыру - оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда білім беру саласының теориясы мен практикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану үдерісі.
Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында қазақ тілін үйрету мен ақпараттық технологияларды игеру жарыспалы түрде қолданылады. Ақпараттық қоғам кезінде оқытушы тіл үйренушілердің алдында жалғыз ақпарат көзі болмайды. Ол ақпарат алуды жеңілдететін аралық тұлғаға айналады. Адамзат өркениетінің іргелі сипаты қажетті ақпаратты іріктеп алу, жинақтау, өмірге бейімдеп өңдеу және тұтыну болып табылады. Ақпараттық қоғамда алғашқы компьютерлік сауаттылық пен оны пайдалана білуді меңгермейінше, белгіленген міндеттерді шешу үшін компьютерлік құралдарды пайдалана білмейінше қазіргі ғылым мен мәдениетте, өндірісте, іскерлік пен қоғамның басқа да саласында адамның шығармашылық әлеуетін толық пайдалану мүмкін емес. Сондықтан қазақ тілін үйретуде қатысымдық құзыреттіліктің жоғары белсенді түрін дамыту ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданғанда жүзеге асады.
Жалпы "Ақпараттық технология" термині ғылымда XX ғасырдың 40-50 жылдары пайда болған, оны Америкада XX ғасырдың басында дидактиктер оқуға арналған медиа (instructional media), оқыту машиналары (teaching machines), оқытуды автоматты түрде басқару (programmed instruction) сияқты ұғымдармен атаған. Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулерін талдай келе, біз мынадай анықтама ұсынамыз: Ақпараттық-коммуникациялық технология дегеніміз - мәліметтерді әр түрлі деңгейде, әр түрлі нысанда ұйымдастыруға қолайлы, жылдамдығын бірнеше мәрте арттыруға, қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін, технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық - техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы.
Оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу және басқару қызметінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғары тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде пайдалану - ғасыр талаптарына сәйкес тәрбие беруде тұлғаның танымдық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа ұмтылдырады. Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдерді қолданудың артуына алып келеді. Сондықтан тіл үйренушінің танымдық іс-әрекеттерін күшейтіп, өздік жұмыстарды сапалы және жылдам орындау мүмкіндіктерін арттыру мақсатында дыбыстық, графикалық, видео, мультимедиа элементтерімен оқытудың мүмкіндігі жоғары.
Ақпараттық технологияларды қолдану интерактивтік және бейімделу сияқты құнды қасиеттері бар білім алу ортасын тудырады. Тілдік білім алуды ақпараттандыру тіл үйренушілерге дүниежүзілік мәдениет байлықтарымен, ақпараттық ресурстармен қатынас жасауға мүмкіндік береді және шынайы мәдени коммуникация үшін жағдай жасайды. Жаңа ақпараттық және білім алу ортасында тіл үйренушілердің табысты қызмет етуі олардың ақпараттық-технологиялық құзыретінің қалыптасу деңгейімен сипатталады, оның құрамында мәдени ақпарат жетекші орын алады.
Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асатын, тіл үйренушілердің мүмкіндіктеріне, ерекшеліктеріне бейімделген ақпарат көздерін қамтитын, анықтамалық, машықтандырушы қызметтерін атқаратын, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, тексеру міндеттеріне құрылған оқытудың бір түрі - қашықтықтан оқыту жүйесі. Қашықтықтан оқыту жүйесі тіл үйренушінің ерекше танымдық белсенділігі мен қызығушылығына құрылған қатысымдық құзыреттілікке жетелейтін тұлғалық, нәтижеге бағдарланған оқыту ортасы болады. Бүгінгі қоғам сұранысын ескере отырып тіл үйренушілердің қатысымдық құзыреттілігін дамытуда қазіргі ақпараттық технологияларды және деңгейлік тапсырмаларды кіріктірген қашықтықтан оқыту жүйесінің қажеттілігі дау тудырмайды.
Қашықтықтан оқыту жүйесінде тіл үйренушілердің білімін өз таңдаулары бойынша көтеруіне мүмкіндік беретін оқыту үдерісі жүзеге асырылады. Бұл өздігінен білім алу формаларының бірі ретінде оқытудың "жеке траекториясын" жасақтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі білімнің негізгі шарты үйренушінің жаңаны, өзіне қызықтыны, өз оқу траекториясын іздеу қажеттілігін қалыптастыру екенін ескерсек, қашықтықтан оқыту жүйесін жоспарлауда басты шарт тіл үйренушінің өз бетімен қатысымдық, танымдық, ізденушілік әрекетке ұмтылысын қамтамасыз ету болуы қажет.
Зерттеушілердің пікірінше, болашақ қоғамдағы әрбір азаматтың міндеті - мамандардың бүкіл өмір бойы білім алуы болады. Бүгінгі білім парадигмасына сәйкес оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан, қазақ тілін оқытуды ақпараттық білімдік ортада жоғары деңгейде ұйымдастыру арқылы тіл үйренушілердің қазақ тілінен қатысымдық дағдыларын өздігінен жетілдіріп отыруды өмірлік дағдыға айналдыруларына ықпал жасау көзделеді. Тіл үйрету үдерісінде компьютерді қолдану арқылы жасанды өзгетілді орта тудырылып, өзге тілді қарым-қатынас қамтамасыз етіледі, ақпаратты молынан алуға, өз бетімен тіл үйренуге жол ашады.
Тіл үйрету жүйесінде қолданылатын электронды білім ресурстарын көбейту, тарату мүмкіндігінің кеңдігі экономикалық жағынан өте тиімді. Қазақ тілін оқытуға арналған электронды оқу ресурстарының мазмұны неғұрлым бай, жан-жақты болған сайын тіл үйренушінің тілді өз бетімен үйренуге деген қызығушылығы арта түседі, танымдық белсенділігі артады, ол өз кезегінде өздік жұмыс нәтижесінің сапалы болуына әсер етеді. Тіл үйренуші ақпараттық білімдік ортаны әуелде тек қана өздік жұмысты орындау барысында қолданса, кейіннен белгілі бір деңгейді тәмамдап, қолына құжатын алып, курстан қол үзіп кетсе де, өз бетімен осы ақпараттық ортаны қолдану мүмкіндігіне шек қойылмайды. Өздігінен жұмыс істеу дағдысын жетік меңгерген, ақпараттық білімдік ортадан қана сусындаған тіл үйренуші қазақ тілінен білімін өз бетімен үздіксіз жетілдіріп отыруға бейімделеді.
Тіл үйренушінің өздігінен жұмыс істеуіне ыңғайлы электронды оқыту жүйесін құруда "компьютер - тіл үйренуші - оқытушы„ үздіксіз байланысын қамтамасыз ететін интерактивтік ұстанымы, мол ақпарат көлемін модульдік жүйеде, шоғырландыра ұсынуды қамтамасыз ететін жүйелілік ұстанымы, тіл үйренушінің психо-физиологиялық ерекшеліктерін сәйкес даралық ұстанымы, уақыт, кеңістік, қозғалыс бостандығын қамтамасыз ететін ізгіліктік ұстанымы, ақпараттық кеңістіктегі еркін бағдарды қамтамасыз ететін ыңғайлылық ұстанымдары басшылыққа алынады. Тіл үйренуші мен компьютер диалогы интерактивті терминалдың көмегімен және белгіленген ереже бойынша жүргізілген есептегіш жүйе мен оны пайдаланушылар арасындағы ақпарат алмасуға құрылады. Өздігінен жұмыс істеуге ыңғайлы электронды білім ресурстарының оқытуға арналған оқу ортасы дамытушы компьютерлік ойындарға бағдарланған, қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген және деңгейлік тапсырмаларға негізделген оқу орталары болып бөлінеді. Дамытушы компьютерлік ойындарға құрылған оқу ортасы - тіл үйренушілердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ тілін меңгеруге және сөйлесім әрекетін дамытуға бағытталған ойындарды қамти отырып, олардың қатысымдық құзыреттіліктерін дамытуды көздейтін орта.
Толассыз ақпараттар ағымын бүкіләлемдік Интернет жүйесі, спутниктік каналдар, теледидар, ұялы байланыс арқылы көріп, естіп қабылдауға машықтанған ХХІ ғасырдың өкіліне нағыз керегі - сандық бейне, анимация, компьютерлік оқыту ойындары, дыбысты жаңғырту т.б. компьютерлік технологиялар. Осылардың бәрін қолдануға мүмкіндік беретін қазіргі мультимедиалық бағдарламалар тіл үйретуді жеделдетуге, оқу уәждемесін көтеруге, сөйлесім әрекетін дамытуға зор әсерін тигізеді. Сөйлесім әрекетінің кез келген түрінің негізіне көру-есту моторының арасындағы байланыс жататыны белгілі. Сондықтан тақырыптық жүйеде аудио-бейне әсерлермен ұсынылған тілдік материал адамның көру, есту сезімдеріне ерекше әсер ете отырып, есте сақтау мүмкіндігін арттырады.
Қосылып әндер айту, диктордың айтқанын қайталау арқылы дұрыс айтуға дағдыландыру, мағынасын аша түсетін бейне материалдар, грамматикалық анықтағыштар, сөздіктер т.б. арқылы тың тақырыпты жан-жақты ұсыну, бос орындарға жауаптар жазу, диктант, мазмұндама жазу, сәйкестік, балама, ашық, жабық, реттік тест түрлерін орындату, т.б. тәсілдер компьютерлік технологиялардың арқасында өте жылдам және ыңғайлы жүйеде жүзеге асуда.
Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру модульдерінен тұратын электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу. Қазақ тілін оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолдану тәжірибесі көрсеткендей, оның нәтижелі болуы көптеген факторларға, оның ішінде негізінен бағдарламаның сапалы болуына байланысты. Кейбір электронды оқу құралдарында кездестіріп жүргеніміздей, сурет немесе жазбаша мәтін түрінде ұсынылған ақпаратты тек көру немесе оқу мүмкіндігі, кей жағдайда дыбысталу, яғни тыңдалым мүмкіндігі ғана берілетін болса, ол қағазда басылған оқулықтың электронды аналогы ғана болып қала береді. Ал мемлекеттік тілді оқытуда компьютердің шексіз мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз етілген, сөйлесім әрекетінің барлық түрін дамытуға әсер ететін, оқыту әрі тексеру модульдерінен тұратын, тіл үйренушінің өз бетімен қолдануына ыңғайлы, білім беру стандарттары талаптарына толық жауап беретін мультимедиалық бағдарламалар қажет. Қазақстандық тілдік тұлғаның бойында қалыптасуға тиісті негізгі құзыреттіліктерді назарға ала отырып, компьютерлік оқыту бағдарламаларына келесі талаптар қойылады:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту
Шығармашылық ойлау дағдысы
Тұрлаулы мүшелерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Технология мен әдістеменің ерекшеліктері
Шет тілін оқытудың маңызыдылығы
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Ағылшын тілі сабақтарында АКТ қолдану жолдары
Пәндер