Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Орал гуманпитарлық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.
Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері

1. 1. Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық-психологиялық зерттеулер . . . 6

1. 2 Бастауыш сыныпта дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар . . . 11

2. Бастауыш сыныптарда дарынды балаларға математика пәнінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері

2. 1. Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқыту барысында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері . . . 17

2. 2 Математика пәнін оқытуда кіші мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері . . . 26

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36


Кіріспе

Зерттеу өзектілігі . «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деген Абай. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді

Дарынды, жас талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Бізге керегі - шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті», - деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген. «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді, біздің балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» - деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы тиіс.

Еліміздің болашағы көркейтіліп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру, қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Яғни білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы. Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі тудырмайды.

Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім - тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы алынады.

Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану - айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр. Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Математика» оқу пәнін оқытудың басты міндеттері: баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуальдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға себептігін тигізу; математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына әсер ету; оқушының өмір тіршілігіне және мектептің негізгі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады деп көрсеткен [3] .

Қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында математикалық жаттығулардың оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру тұрғысынан алғандығы негізгі түрлерін саралаудың қажеттігі келіп туындайды. Шын мәнісінде, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер. «Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Осы деңгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін көрсетілген үлгіге орай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді. Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық әс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып - үйретудің негізін қалайды. Сондай - ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және негізгі материалдарды терең меңгеріп алуға көмектеседі. »

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәселелерде өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы «дамыта отырып оқыту идеясы» алынатындығы көрсетілген» [4] .

Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту кезеңінде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мәселелерін жан-жақты анықтап, жолдарын қарастыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Математика сабағында бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқытудың теориялық-әдістемелік негізін анықтау, зерттеу.

2. Бастауыш мектепте дарынды балаларға математиканы оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.

Зерттеу әдісі:

Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларды оқыту мәселесінде ақпарат құралдарына, әдістемелік оқу құралдарында және әдебиеттерде жазылған мақалаларға сараптама жүргізу.

Зерттеу объектісі:

Бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесіндегі математика сабағында дарынды балалармен жұмыс ұйымдастыру.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері

1. 1. Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық-психологиялық зерттеулер

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында « Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Себебі ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни, әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Оның қандай мектеп болсын, инновациялық үрдіс сатысынан өтпей даму мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр.

Сондықтан, қазіргі кезеңде мектептің негізгі жұмыстарын баланың жан-жақты дамуы мен қалыптасуына, олардың белсенділіктерін, жауапкершіліктерін арттыруға, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға, озат тәжірибені жинақтауға, ғылыми негізде білімді тәжірибемен ұштастыру қажет.

Дарындылық - адам бойындағы тума қасиет деп есептеледі. Талантты, дарынды балалар жөнінде 1975 жылы дүниежүзілік Кеңес құрылды. Көптеген елдерде дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық жағынан қолдау мақсатында арнайы бағдарламалар жасақталды.

Өркениетті қоғамда дарынды балаларды бөлектеп оқыту ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында басталып, оқытудың саралап, даралап білім беру принципіне көшкені мәлім. Ол Францияда, Германияда, Америкада, Жапонияда т. б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғары деңгейде жүргізілуде.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек мектеп жасындағы балалардың 20 пайызы осы топқа жатқызылады екен. Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшіліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты, қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез келген қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен психологияда көптеген қиыншылықтардан өтіп, өз жолын енді тауып келеді.

Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айта алады?

Канада ғалымы Д. Хебб « генотиптік интеллект » деген ұғымды енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, « фенотиптік интеллектіні » құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісімен анықталады. Д. Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8- тұқым қуалаушылық, 2- сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) - бұл мәдени-әлеуметтік орта мен индивидтің (адамның) тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты.

Д. Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жақтаушылардың тұжырымдары практик-ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылығы «қатып қалған интеллектіні»жоққа шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50% ғылымның әртүрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете білген. Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интелектуалды дарындылығын танытқан. Нақты, шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық туралы тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы жетістіктерге қарамастан оны жоқ деуге болады. Әйтсе де, бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушілерді көп қиналта қоймайды. Тіпті, кейбіреулері мұны дұрыс заңды нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады. Белгілі ағылшын психологы Г. Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай түйіндейді: « Термометрді алғаш ойлап тапқанда ғылымда жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды, түбінде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе?». Сөйтіп, Г. Айзенк дарындылық туралы түбегейлі, тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдайды ойын.

ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А. Бэн, В. Вундт, Д. Милль, Г. Спенсер, Т. Циген сияқты психолгтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар: ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау. Тек ХХ ғасыр басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әр түрлі, өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В. Штерн жалпы дарындылық - интеллектіден өзгеше, оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілеті деп түсінеді. Арнаулы дарындылық дегеніміз - бұл белгілі бір бағытта ерекше қабілеттер таныта білуі. Мысалы, қолөнер, сурет, ақындық және т. б. Сонда көптеген біріне-бірі байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін, яғни интелектіні құрайды.

Дегенмен, іс-әрекеттің әр алуан саласында ұлы жетістіктерге жету үшін интеллекті емес, психикалық оданда күрделі ерекшеліктері: жаңа, ұшқыр ойлар мен идеяларды туындату және қисыны көп, стандартты емес есептердің шешімін таба білу қабілеті болу керек. Мұны психологияда креативтілік деп атайды.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдары «Креативтілік» ұғымы «интеллект» ұғымының дарындылықты сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен айыра бастады. Сонымен жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытындыласақ, дарындылық - тұлғаның жалпы интегралды қасиеті екендігі анық көрініп тұр. Тек қана бір салада ерекше қабілетті болып, ал өмірдің басқа жақтарынан дәрменсіз болу табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің көпшілігі өлең жазған және керісінше атақты ақындардың біразы сурет, қолөнермен қосымша шұғылданып, жақсы туындылармен халқын тамсандырған.

Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы, универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.

Қазақстан Республикасында соңғы жеті жылда қолға алынып, жүйелеуден өтіп жатқан «Дарын» бағдарламасының педагогтер алдына қойып отырған мақсаты - тұлғаның жалпы қабілеттерін дамыта отырып, белгілі бір саладағы ерекшелігін танытуына жан-жақты әдістемелік және психологиялық қолайлы жағдайлар тудыру.

Жалпы Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының бағдарламасының басты мақсаты: әрбір шәкірттің жеке дара қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп тәрбиелеуге жағдайлар жасау, дарынды балалармен жұмыс жасау аясында ғалымдар мен өнер қайраткерлерін, ізденімпаз ұстаздар ұжымын топтастыру.

Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.

Біз балаға «қабілетті» деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектепте оқушыларға түрлі жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екінші біреуінің музыкалық, ал үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрінеді. Мысалы: біреу қолға алған ісін тез бұрқыратып тастайды және оны нәтижелі етіп шығарады. Ал, екінші біреуі өте баяу қимылдап әрі сапасыз орындайды. Бұл жерде бірінші адамның екінші адамға қарағанда іске деген қабілеттілігі әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.

Елбасымыз «Заманымыз - мәдениет заманы, ал мәдениетке білім жеткізеді. Білім алудың ішінде ең төтесі - жақсы мектеп, білімді мұғалім», - дегені.

Шығармашылық үшін икемді жас - орта буын. Бұл жастың ерекшелігі ойлау процесінің өзіндік ерекше стилі қалыптасады, түрлі болжамдар, ой, қиял, сезім шапшаңдығы көркем шешім таба алады. Бұл жастағы балалардың жан дүниесі нәзік, қаламы тез төселеді.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әлемдік тәжірибелері, ғылыми бағыттары ескеріліп, негізгі төмендегі идеялар басшылыққа алынады:

- дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғаудың ізгілігі мен бұқаралығы;

- дарынды балаларды іріктеу және олармен жұмыс істеуде биологиялық және әлеуметтік факторларды ескеру;

- дарынды балалармен үздіксіз, жүйелі жұмыс жүргізу;

- дарынды балаларды іріктеу үшін диагностикалық әдістердің жиынтығын қолдану;

- жеке тұлғаның дарындылық деңгейінің қалыптасуына орай оқу мен оларды одан әрі жетілдіруде арнайы жасақталған бағдарламалардың сәйкестігі;

- дарынды балалар мен оқытатын мұғалімдерді арнайы дайындау;

- инновациялық технологиялар мен әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

- дарынды балалармен жұмыс істейтін жеке бағдарламалар дайындау.

Дарынды оқушылардың білімге деген талпынысы басқа оқушылардан өзгеше болып келеді. Дарынды оқушылар білім мазмұнын тез әрі терең түсініп, оған талдау жасай біледі. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу үшін психолог мұғалімдер, сынып жетекшілері, тәрбиешілер арнайы дайындықтан өтуі қажет.

Дарынды балаларға арналған бағдарламада мынадай ерекшеліктер бар:

- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар;

- жүйелі бағдарламада (кезеңдермен) ;

- мектептің жалпы бағдарламаны толықтыратын бөлшегі;

- бағдарлама жеке-жеке және үзіліссіз жүргізіледі.

Мұғалімдер мен ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білімін жетілдіру жөнінде теориялық, практикалық семинарлар жүйелі түрде өткізіліп отыруы тиіс.

Психологтер Д. Д. Элыконин мен В. В. Давогдовтың зерттеулерінде оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымы оқу мақсаты және оқу әрекетінен тұрады. Олардың пікірінше, оқу үрдісін басқарушы бөліктер оқу пәндерін оқыту (мұғалімнің әрекеті) және оқу (оқушының әрекеті) өзара бірлесіп әрекеттескенде және терең ойланып өзара тәуелділікте болғанда ғана оқу сапасы артады, балалардың психикалық дамуы тиімді қамтамасыз етіледі.

Сөз жоқ, бүгінде педагогикалық зерттеулер өте көп. Бір байқалатыны, педагогика, дидактика, методика, психология тұрғысынан мектепте оқыту мәселесін әр ғылым өз тұрғысынан зерттейді, ұсынады. Бірақ сол теориялық негіздемелердің нақты практикада іске асырылуына, жүйеленуіне әр мектеп өзі ғана мүдделі. Соның ішінде жаңа типті қазақ гимназиялары мен «Дарын» мектептері қазір ғылыми негізделген, бүгінгі күн қайнауында ширатылған концепцияны керек етіп отыр. Ол үшін ең алдыңғы қатарлы батыстық және Отандық қағидалар мен тәжірибелерге сүйенген, жаңа технологиялар тоғысқан жаңаша мазмұнды ғылыми-практикалық ізденістерді жүргізу - аса маңызды шара. Адамның жеке дара қасиеттерінің бірі - қабілет. Бұл - іс-әрекеттің жекелеген түрін ойдағыдай, әрі нәтижелі етіп орындаудан көрінетін ерекшелік. Қабілет басқа да жан қуаттары мен қасиеттері сияқты өмірмен іс-әрекет үстінде дамып, қалыптасып отырады. Қабілет дамуының табиғи негізін құрайтын, жүйке сапасының туа біткен белгілі нышандар жиынтығын дарындылық дейді. Кісінің қандай да болмасын бір істі жемісті орындауы тек қабілетке ғана байланысты емес. Ол сондай-ақ, адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағды және тәжірибенің болуын қажет етеді. Кісінің пәрменді түрде қызыққан іс-әрекеттерінен тыс қабілеттің қалыптасуы мүмкін емес. Қабілеттер жалпы (жалпы адам атаулыға ортақ), арнайы (іс-әрекеттің белгілі бір саласы бойнша) және практикалық деп үш түрге бөлінеді.

Қызметті нәтижелі орындау үшін қабілеттің ерекше түріне сүйенуге болмайды. Мәселен, ақын-жазушылар ерекше бақылампаздық, ой-өрістің кеңдігі, жазуға икемділігі мен орамдылығы, кеңдігі мен ұшқырлығы ауадай қажет. Бірнеше қабілеттердің ойдағыдай қиысып келуі іс-әрекеттің белгілі саласынан көрінетін талантпен байланысты. Адам жас кезінде сөре олақ болғанымен есейе келе ерен еңбек етудің нәтижесінде ірі ақын, ірі жазушы болуы мүмкін. Мәселен, белгілі орыс жазушысы С. Аксанов алғашқы шығармасын 56 жасында жазған. Бала кезінде түрлі себептермен білім ала алмаған кісінің егде тартқан кезде ғалым болғанын, айғақтайтын деректер аз емес. Бұған 40 жасында сауат ашып, 73-інде ғылым докторы болған С. К. Гусеваның өмірі жақсы дәлел. Қазақ елі тарихында да мұндай фактілер көп кездеседі. Адам неғұрлым талантты, дарынды, болған сайын, өз еңбегі мен шығармашылық шеберлігін істеп, бар күш-жігерімен еңбек етеді.

Дарындылық - адамның ой-өрісінің деңгейі мен өзіндік іс- әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын адамның жан-жақты дамуының қайнар көзі, арнаулы қабілеттердің ойдағыдай дамуының нәтижесі .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс
Студенттердің сыныптарға бөлінуі
Бастауыш мектепте математика сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ЖҰМЫСТАР
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастыру
КЛАСТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz