Батырлар жырындағы тарихи шындық



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Батырлар жырындағы тарихи шындық

Орындаған:

Жетекші:

Орал, 2016

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Батырлық жырлар -- көркем шығарманың бірі
1.1 Ең ежелгі эпос - Ер Төстік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қобыланды батыр мен Алпамыс батыр жырлары ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Қырғыз әдебиетінің классикалық туындысы - Манас эпосы ... ... ... ... ... 12
2. Батырлар жырындағы тарихи шындық
2.1 Батырлар жырының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 "Қобыланды батыр" жырындағы тарихи фактілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3 Жаңа заманның батырлық жырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Кіріспе
Батырлық жырлар, батырлар жыры -- ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.[1] Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар -- ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
1) "Ең көне заманғы эпос", "ертегілік эпос", "архаикалық эпос", "көне эпос", "мемлекетке дейінгі эпос" дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына "Ергенеқон", Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар ("Қорқыт Ата кітабы", "Алпамыс", "Қамбар", "Қобыланды", "Ер Тарғын", т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, "Еспенбет", "Өтеген", "Нарқыз", т.б.).
Тақырыптың өзектілігі. Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың -- Батырлық жырлардың қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі -- батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, "Қобыланды", "Алпамыс" жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Мысалы, "Қобыланды" жырындағы Құртқа -- батырға ат таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйелеркі (матриархат) дәуірімен байланысты орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі Батырлық жырларда біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып қалған. Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін үйлендіріп, олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән. Батырлардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын әсірелеп, ұлғайтып көрсету батырлық жырларда маңызды орын алады. Аттың сөйлеуі, биік таулар мен қамал-қорғандардан ұшып өтуі, қысылғанда батырға ақыл-кеңес беріп, қиындықтан құтқаруы сияқты байырғы түсініктерге тән белгілер Батырлық жырларда үлкен орын алады. Алайда бұл да біртіндеп шындыққа, реалды өмірге жақындай бастаған.
Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ батырлар жырларына талдау жасау, тарихи шындықты анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері: батырлар жырының бізге беретін тәрбиелік маңызын көрсету, жырлардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын сипаттау және батырлар жырындағы тарихи фактілер туралы мағмұмат беру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі төрт бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

1. Батырлық жырлар -- көркем шығарманың бірі
1.1 Ең ежелгі эпос - Ер Төстік
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді.
Батырлық жырлар өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
1) "Ең көне заманғы эпос", "ертегілік эпос", "архаикалық эпос", "көне эпос", дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына "Ергенеқон", "Аттилла", "Ер Төстік", мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар. Мысалы "Алпамыс", "Қамбар", "Қобыланды", "Ер Тарғын", "Манас" т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы: тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, "Еспенбет", "Өтеген", "Нарқыз", т.б.
Орта Азияның эпосының пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынов зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Ә. Марғұлан ұсынған болатын.
Ер Төстік - қазақ батырлық ертегілерінің ішіндегі ежелгі үлгісі. Мазмұны мен сюжеттік құрылысының, кейіпкерлері мен іс-әрекетінің сипатынан ертегі архаикалық мифтің, хикаяның, қиял-ғажайып ертегілердің қасиеттерін бойына молынан сіңірген. Ер Төстік туралы ертегінің негізгі қаңқасы б.з.д.
2-1 мыңжылдықтарда, яғни, қола және темір ғасырларының тұсында және дәстүрлі көшпеліліктің қалыптасу дәуірінде қалыптасқан. Бірақ сол кезеңдердің өзінде де ертегілік эпосқа тым ежелгі замандардың неолит-этеолит мифтік материалдары пайдаланылғанын аңғаруға болады. Ер Төстік - мифологиядағы күн текті қаһарман .Оның есімінің қойылуы шаңыраққа ілінген төсті жегесін бойға біткен бала, мұндағы шаңырақтағы төс -аспандағы Күн оқиғасынан да осы сипат аңғарылады. Ер Төстік туралы ертегінің негізгі қаңқасы б.з.д. 2-1 мыңжылдықтарда, яғни, қола және темір ғасырларының тұсында және дәстүрлі көшпеліліктің қалыптасу дәуірінде қалыптасқан. Бірақ сол кезеңдердің өзінде де ертегілік эпосқа тым ежелгі замандардың мифтік материалдары пайдаланылғанын аңғаруға болады.
Сөз болып отырған ертегінің бас қаһарманы, эстетикалық мұраты - халық идеалы. Ертегі тек халық мұратын мадақтайды. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары - аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша бала және басқа әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара өкілі. Бұлардың бәрі халық арманынан әр кезде туған идеал кейіпкерлер. Ер Төстік те сондай кейіпкерлердің бірі. Онда классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі - батырлықтан гөрі қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы.
Көркемдік жағынан Ер Төстік қиял-ғажайып ертегі мен батырлық жырдың элементтерін кең пайдаланған. Төстіктің көмекшілері де ескі діни сенімдер шеңберінде туып, кейін көркем бейнеге айналған. Сондай-ақ сөз болып отырған ертегідегі басты тақырып - сиқырлы заттардың көмегімен бас қаһарманның небір ғажайыптар мен қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Мысалы, Шалқұйрық - тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше түрлі сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет қылатын қасиетті жануар, Төстіктің көмекшісі, ақылшысы. Ал жер астында Төстікке дос болатын Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты кейіпкерлер - мифтік танымның сипаты. Ертедегі адамдардың мифтік түсінігі бойынша желдің, таудың, судың иелері болған.
Ер Төстік ертегісінің оқиғасы батырдың қонған жерінде қалып қойған егеуін іздеу идеясына құрылған, тек ертегіде осы ой көмескіленіп кетіп, ақыр соңында айтылмай қалады. Мифологиялық танымға сай Ер Төстік жай ғана егеуді іздемейді, ол адамзатқа қажетті от шоғын алу үшін Ру ана-қожайынның жеріне (Мыстан кемпірге) барады. Ер Төстік оқиғасы барысында баяндалатын ғаламдық бәйтерек пен самұрық бейнелерінің параллельдері де шумер мифінен табылады. Мәселен, сегізаяқты Шалқұйрық - қола заманының Күн текті образдарының бірі, оның тікелей параллелі - скандинав сағаларында сегізаяқты Слейпнир деген тұлпар; Хермод деген батыр, Слейпниге мініп о дүниеге барып қайтады бар. Жалпы, Ер Төстіктің іс жүзінде жер астына сапар шегуі кезінде Шалқұйрықтың сенімді серігі болуы да - қола заманының түсініктері қатарына жататындығын айтуымыз керек, өйткені Ер Төстіктің Шалқұйрыққа мініп, жер астын түсіп кетуі дегеніміз - қола және оған ілескен көшпелілік замандағы өлген адамды молаға мініс атымен бірге жерлеу ғұрпының ертегіленген түрі болып табылады.
Ерте заманда туып, көне дәуірдің көріністерін сақтап келсе де, қиял-ғажайып ертегілер халқымыздың тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Әрине өмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық тұрғыда бейнелейді. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер, ғұрып-әдет... бәрі де халықтың эстетикалық рухына сай түзіледі. Мәселен, Ер Төстікте алғашқы қауым адамдарының ырымдары мен әдет-ғұрыптары да жиі кездеседі. Атап айтқанда Төстіктің жер астына түсіп, үстіне шығуы, оның Шойынқұлақпен айқасуы шамандық көзқарасқа тән түсінікті бейнелейді. Жалпы, осы аңыз үзік-үзік болғандықтан оған толықтай түсінік берудің қиындығы бар, дегенмен, біз өз кезегімізде жылан мен бүркіт қарама-қарсылығынан қазақ ертегілеріндегі айдаһар-жылан мен алып қарақұс оппозициясын көруге болады, ал бүркітті құтқарған, сол бүркіттің арқасына отырып аспанға ұшқан Этананың бейнесінен алып қарақұс балапандарын құтқарып, сол жақсылығының ақысы ретінде алып қарақұстың көмегімен жер астынан үстіне шығатын Ер Төстікті көріп отырғанымызды айта аламыз. Ер Төстік жыры қарапайым сюжеті мен кейіпкерлерінің арғы ағында өте күрделі мифтік табиғаттың жатқандығы сөзсіз.

1.2 Қобыланды батыр мен Алпамыс батыр жырлары
Қобыланды батыр - қазақ халқының мазмұнға аса бай, қастерлі де өлшемді батырлық жырлардың бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп ірі-ірі эпос айтушылардың аузынан өткен. Қобыланды жыры өзінің қалыптасуының үш сатысын басынан өткізген:
Бірінші саты - XIV ғасырдың ортасы және екінші жартысы (1350-1390 жылдар). Бұл - маңғыстаулық кезең. Бұл кезеңде Қобыланды жыры қалыптасқан жоқ, кейіннен осы жырды жасауға жұмсалған материал болған бастапқы аңыздық-озалдық оқиғалар жиынтығы қалыптасты.
Екінші саты - XVI ғасырдың екінші жартысы (1560-1600 жылдар). Бұл қобда-електік немесе алты ауылдық кезең. Нақ осы заманда, есімі белгісіз болып қалған алтыауылдық-ноғайлық жырау өзі өмір сүрген заманда атағы мәшһүр болған, қыпшақ тайпасынан шыққан, Қобыландыға арнап, жыр жасамақ болды. Бірақ ол Қобыланды туралы шынайы аңызды біле бермеген, сондықтан да, басқа кейіпкер туралы аңыздарды пайдаланып, сол аңыздардың бас кейіпкері ретінде Қобыланды есімін алды да, жаңа жыр жасады.
Үшінші саты - XVII ғасырдан кейінгі уақыт. Бұл кезде алтыауылдық ноғайлар бірлестігі жойылып, олардың қалдықтары қазаққа, ноғайға, қарақалпаққа, көшпелі өзбекке сіңді. Сол қалдық-топтардың өздерімен бірге ала кеткен қыпшақ Қобыланды жыры енді қазақ, ноғай, қарақалпақ, өзбек арасына таралып, ұлттық нұсқалары қалыптасты. Осы кезеңде бір қазақтың өзінде жырдың бірнеше ондаған аймақтық нұсқалары дамып, олардың кейінгі ғасырларды тағы да араласу процесі болып өтті. Сондықтан, жырдың ішіндегі тарихи ақиқаты қайсы, ойдан қосылғаны қайсы - анықтау қиын.
Қобыланды батырды - Марабай, Мергенбай, Мұрын Сеңгірбаев, Сыр бойының белгілі жыршы Тұяқбай жырлаған. Сюжеттің аңыздық ұйытқысы Оғыз-Қыпшақ ұлысы кезінде дүниеге келе бастаған. Қазан атты оғыздар сол дәуірде туған. Сол атаулар Қорқыт ата кітабында да кездеседі. Жырдың бергі кездегі мазмұны Монғол, Иран, Жоңғар шабуылы, одан қалса қазақтардың кейінгі кезеңдерде қалмақтармен шайқастарына негізделген. Қобыланды жырының 29 нұсқасы болса, соның Марабай жырлайтын нұсқасы үлкен рөл атқарады. Қай нұсқаны алып қарасақ та, ортақ жырда мынаны аңғаруға болады: онда Қобыландының қияттарға еріп, Қызылбас ханы Қазанды, одан соң Көбіктіні өлтіруі, Қарлығаны олжалауы, ең аяғында өзі жорықта жүргенде елін шауып кеткен Алшағыр ханмен соғысып, ел-жұртын азат ету оқиғалары суреттеледі. Онда Тоқтарбайдың баласыздығы, Қобыланды мен Қарлығаның тууы, Қобыландының Көктім хан қызы Құртқаға үйленуі, Құртқаны жалғыз көзді дәудің тартып алмақ болғаны, оны Қобыландының өлтіруі, батырдың Қарлығаға үйлену секілді драмалық тартыстар орын алады. Ал Құлзақ пен Досжан нұсқасында Құртқаның тұлғасы бұдан да айқындала түседі. Қобыланды мал бағып жүріп бір қызға жолығады. Елі оны жылына бір келетін айдаһардың жолына қойған екен. Қобыланды қыздың орнында қалып, қырық құлаш қылышын тосып, айдаһарды өлтіреді. Бірақ өзі де уланады. Оны қыз сүтке шомылдырып, емдейді. Сол қыз Құртқа боп шығады. Қобыландының ерлігіне риза болған Көктiм хан оған қызын береді. Одан әрі Құртқаның көк ала биені көрімдікке сұрап алуы, содан Тайбурылдай тұлпардың туылуы баяндалады. Мергенбай, Біржан, Досжан жырларында Қобыландының Қазанға не себепті аттанғаны толығырақ айтылады. Қараман Қобыландыға келіп: Қызылбастың елінен Қазан деген ер шығып Ноғайлының жерін, Қырлы қала, Сырлы қала деген екі қаласын тартып алады. Қырлы қалаға бектерін, Сырлы қалаға жендеттерін жатқызып жатып алады, - дейді. Қобыландыға жауға менімен бірге аттан деп қолқа салады.
Жырдың негізгі арқауы - сырт жауларға қарсы шайқасқа, яғни, Қазан, Көбікті, Алшағыр секілді атты жаулар сипатталады. Қобыланды батыр эпосынның рулы феодалдық құрылысқа тән ұғымдар аз емес. Қобыланды батыр жырының алғашқы нұсқасын Ы.Алтынсарин Марабай жыраудың ауызынан жазып алып, Тайбурылдың шабысы деген саласын өзінің Хрестоматиясына енгізген. Жырдың басқа да үзінділері төңкеріске дейін Дала уалаяты (1899 жыл), Туркистанские ведомости (1899 жыл), Тургайская газета (1901 жыл), Труды Оренбургской научной комиссий (1910 жыл) сияқты басылымдарда сөз бола бастады. 1914 жылы қазанда Тұяқбай нұсқасы, 1922 жылы Ташкентте Диваев жинаған нұсқалар басылған. Академик М.Ғабдуллин жырдың 15 түрлі нұсқасын тапқан.
Орта Азия халқының ауыз әдебиетінің рухани байлығын арттыруда үлкен рөл ойнайтын белгілі жыр - "Алпамыс батыр". Ол өз халқының жоғалып кеткен бір бөлігін іздеп тауып, өз еліне қосу үшін шыбын жанын шүберекке түйіп аттанады. Жырдың көтерген бір идеясы -- елдік пен бірлік. Бұл жөнінде М. Ғабдулин былай деп жазады: Алпамыстың батырлық іске бел байлаған сапары Гүлбаршынды іздеп шығуынан басталады. Өзіне - жар-жолдас- қалыңдық іздеп шығу, бұл жолда әр түрлі ерлік істер жасап, батырлық сыннан өту - дүние жүзіндегі эпостық шығармалардың көбінде кездесетін жай. Ондағы батырлардың Алпамыстан үлкен бір айырмашылығы бар: Алпамыс батырдың іске тек Гүлбаршын үшін ғана аттанбайды. Ол бір кезде Байбөріге өкпелеп бөліне көшкен, қалмақ еліне кеткен қоңырат руының бір бөлігін іздеп те шығады. Өзіне туыс болған рудың бір бөлігі жат жұртқа көшіп кетуі, қалмақ ханына қоңсы болуы, оның зорлық- зомбылығын көруі, Алпамысқа қатты бататын сияқты. Жырда Алпамыс өз халқының жанашыры, қамқоршысы, ел бірлігін сақтаушы батыр. Оның ойы мен мақсаты бөлінген елді біріктіру. Бөлінгенді бөрі жер деген ұлағатты сөзден қорытынды шығару. Төртеу түгел болса төбедегі келеді деген аталы сөздің қадір - қасиетін ұғыну. Осы тұрғыдан қарағанда Алпамыс батыр ғана емес, ірі қайраткер, көсем. Сондықтан М. Ғабдулин: "ол өкпелеп көшіп кеткен ел-жұртының бір бөлегін қайтару, оны қоңыраттарға қайта табыстыру, татуластыру мақсатын көздейді, ру бірлігін қарастырады. Жыр ру арасында бірлік болса, елдік бар екендігін аңғартады. Байсарының қалмақ ханына көшіп кетуін, ол жерде жат жұрттан қорлық көруін суреттеу арқылы жыр бірсыпыра жайды елестеткендей болады. Ру бірлігін бұзып бөліне көшкен адамдар осындай өкінішті күйге ұшырайды, сондықтан бірлік сақтау керек деген қорытынды жасайды. Осы ретте ру бірліген қорғаушы батыр болуы керек деп таниды. Батыр ру бірлігін қорғаушы ғана емес, ол сонымен қатар, батыры болмаған ру бытырап, тозып кетеді деп көрсетеді"- деп жазды.
Ата - бабаларымыздың қанына сіңген дәстүр - жерді шет ел басқыншыларынан қорғау болса, сол жерді қорғаушы халықтың басын біріктіріп ұстау идеясын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Осы елді біріктіру идеясы Алпамыс батыр жырын биікке көтеріп тұр. Қазақ халқының ұлттық идеясы да осы елді біріктіру, қасиетті жерді қорғау. Алпамыс батыр жыры елдігіміз бен ерлігімізді бүкіл әлемге білдіретін аса көрнекі, халқымыздың салт - дәстүрі сақтаған жыр.

1.3 Қырғыз әдебиетінің классикалық туындысы - Манас эпосы
Манас дастаны - қырғыз халқының дәстүрлі эпосы. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, бұл дастан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық есінде сақталуда.
Жыр-дастан Манастың, оның ұрпақтарының және ісін жалғастырушыларының хикаяларын баяндайды. Эпос үлкен үш бөлімнен тұрады: Манас жыры, Манастың ұлы Сәметейдің жыры және Манастың немересі Сейтектің жыры. Дастанның өзекті тақырыбын қытай мен қалмақ дұшпандарына қарсы шайқастар сипаттайды. Манас дастанында қырғыз елiнiң әдет-ғұрып, қағида-салты, шаруасы, жаушылық тұрмысы кеңiнен айтылған. Манас дастанын кейбiр эпизодтары 16 ғасырда жазылған Мажму ат-таварих шығармасында айтылады. Оның жазбаша нұсқасы 1885 жылда жарық көрген.
Манас эпосы қырғыз әдебиетінің классикалық туындысы ретінде түрлі жиын-шараларда дастанды зерттеуші, орындаушы мамандар, манасшылармен жырланады. Қырғыз халқының мәңгілік мәдени ескерткіші, бүкіл тарихнама шежіресі, эпостық жүздеген дастандардың - поэзияның асыл маржанынан соғылған мұнарасы Манас ғасырлар бойы өзімен бірге ғажайып манасшылар әулетін, өзге де сирек жыраулар тобын, шеруін туғызып келеді. Екінің бірі манасшы бола алмайды. Манасты жырлау өнері әдетте жыршыға түс көргенде несіп етіледі. Ол түсте Манастың өзі, немесе дастанның өзге кейіпкері жыршыға манасшы болуды бұйырады екен. Бұйрықты орындамаған жағдайда, түс көрген кісі ауыр дертке шалдығып немесе мүгедек болып қалуы мүмкін деген наным бар. Манасшылар дастанды арнайы әуенке салып, музыкалық аспаптардың көмегінсіз әндетіп жырлайды. Манасшылар сонау көне ғасырлар бойына бір өздері бүкіл театр міндетін атқарған. Онда бір адам әрі баяндаушы, әрі шығарушы, әрі орындаушы, еркек-әйел рольдерін атқарушы, ойнаушы, қимыл-әрекет суретшісі, қомызшы, сазгер - бәрі-бәрін кереметтей басын қосқан өлшеусіз талант иелері болған. Ең ғажабы - әлденеше айлар бойына айтылатын бұл ұзақ хикаяларды еш шатастырмай миында, зердесінде ұстау қасиеті. Манасты шығарғандарды мен осы күнгі электр, атомды, ғарыш кемелерін ойлап тапқан данышпандар миымен салыстырар едім. Осы кереметтердің бәрі сол Манас тәрізді халық даналығының өзегінен шыққан. Сондықтан да Манас адамзат мәдениетінің асыл қазынасы болып саналады. Дастанның жазбаша үлгілерінің бірі жарты миллионға жуық жолдан тұрады да, көлемі жағынан Гомердің Одиссеясы мен Илиядасын қосқандағы көлемнен жиырма есе, ал Махабхарата көлемінен екі есе асып түседі.
Қырғызстанда көптеген манасшылар бар. Дастанның үш бөлігін де жатқа білген манасшылар Ұлы Манасшы атағына ие бола алады. ХХ ғасырдың ұлы манасшыларына Сағымбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаев, Шаабай Азизов Қаба Атабеков, Сейден Молдоқова және Жүсіп Мамай кіреді. Рысбек Жұмабаев, мәртебелі манасшы Ұлыбританияға барып келген. Бішкек Филармониясының манасшысы, Ұрқаш Мәмбеталиев те Еуропа елдеріне сапарлар жасап тұрады. Жасы кішілеу манасшы, Талантаалы Бакчиев манасшы кәсібін Манас дастаның ғылыми түрде зерттеумен толықтырады.
Дастанның әр түрлі бөлімдерінің 65-тен астам жазбаша нұсқалары белгілі. Ұлы ағартушы ғалымымыз Шоқан Уәлиханов дастан бөлімдерін қағазға түсіріп, Көкетай ханның асы деген көлемді үзіндісін орысшаға аударған.

2. Батырлар жырындағы тарихи шындық
2.1 Батырлар жырының ерекшеліктері
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар -- ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынов зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
1) "Ең көне заманғы эпос", "ертегілік эпос", "архаикалық эпос", "көне эпос", "мемлекетке дейінгі эпос" дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына "Ергенеқон", Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар ("Қорқыт Ата кітабы", "Алпамыс", "Қамбар", "Қобыланды", "Ер Тарғын", т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, "Еспенбет", "Өтеген", "Нарқыз", т.б.).
Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың -- Батырлық жырлардың қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі -- батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, "Қобыланды", "Алпамыс" жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Мысалы, "Қобыланды" жырындағы Құртқа -- батырға ат таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
«Алпамыс батыр» жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Қазақ батырлар жырлары
Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері
Тарихи жыр табиғаты
«ЕСІМ ХАН» ЖЫРЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫ МЕН ТАРИХИЛЫҒЫ
Пәндер