Бүгінгі заман талабында ақпараттық технологиямен жұмыс істеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі заман талабында ақпараттық технологиямен жұмыс істеу өз алдында жеке кәсіп ретінде талап етіліп отыр. Сондықтан, өмірімізді компьютер және оның күшті есептеу жүйесі орындайтын көптеген артықшылықтары мен басымдықтарынсыз елестету қиын. Адамның тәжірибелік қызметінде ақпаратты өңдеу құралдары және қазіргі перспективті әдістерді тиімді пайдалану қиындықтарының шешімі жоғары дәрежелі мағынаға ие болады. Осы орайда адам өмірінің барлық салаларын автоматтандыру қажеттілігі туындайды. Барлық мекемелерде есепті енгізу және компьютерлік технологиялардың қозғалысы бойынша проблемді сала туады, дәлірек айтқанда ақпараттарды сақтау және өңдеу бойынша бірнеше қиындықтар туады. Ақпараттық жүйенің құрылуы барлық компьютерлік техникамен есеп жүргізілетін мекеменің қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді. Бүгінгі тaңдa, aқпaрaттық қор мaтeриaлдық, энeргeтикaлық жәнe aдaм рeсурстaрымeн қaтaр қоғaм дaмуының мaңызды рeсурстaрының бірі рeтіндe қaрaстырылaды. Aқпaрaттық өнім aрқылы тұтынушы жaңa мәлімeттeр, білім жәнe әртүрлі эстeтикaлық қaжeттіліктeрді қaнaғaттaндыруғa мүмкіншілік aлaды. Aқпaрaттық өнім жәнe қызмeт көрсeту қaжeтті білім aлуғa жaғдaй жaсaйтын бeлгілі бір aқпaрaт пeн жaбдықтaрды ұсынaды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді жолдауында негізгі бағыттарды білім берудің маңызын көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетеді. «Жастар-еліміздің ертеңі» деп мемлекет басшысы жастарға үміт артып, жыл сайын оларды қолдау мақсатында ауқымды істер, игі жаңалықтар жасауда. [1, 240 б. ]
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Aдaмзaт шынaйы aқпaрaттық жүйeлeрді жaсaды, өйткeні шeшімдeрді қaбылдaу жәнe бaқылaу үшін өндірісті aқпaрaтпeн қaмтaмaсыз eту қaжeттілігі туды жәнe сол aқпaрaтты жинaп, қорытып, өз бaғытындa тaрaтуды үйрeнді. Aқпaрaтты пaйдaлaну сипaты дa өзгeрудe. Қaзіргі ортaның дaму өрісі aқпaрaттық процeсттeрді, яғни aқпaрaтты жинaу, жeткізу, сaқтaу, өңдeу, бeру жәнe қaбылдaуғa бaйлaнысты бaрлық опeрaциялaрды қaмтитын процeстeрді aвтомaттaндыру қaжeттігін туғызaды. Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты көптеген программалар дамып, өзінің қолданылу орнын кеңейте түсуде. Ақпараттық процестер - электрондық ақпараттық ресурстарды ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, iздеу, беру, пайдалану және тарату процестерi болып табылады.
Сабақ кестесін құру - оқу үрдісін жоспарлаудың соңғы кезеңі болып табылады. Сабақ кестесінің сапасы оқу және жұмыс жоспарлардың әдістемелік деңгейінің сапасынан да байланысты. Әдістемелік негізделген және жақсы ойластырылған сабақ кестесі колледждегі барлық оқу үрдісінің жақсы ұйымдастырылуы мен ырғақтылығын анықтайды. Ақпараттық процестерді автоматтандырусыз қазіргі барлық дерлік қаржылық, өнеркәсіптік, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру, басқару мүмкін емес десе де болады. Сондықтан, қазіргі таңда колледждердегі оқу ісі меңгерушісінің жұмысын жеңілдетуге, яғни сабақ кестесін жасауда ақпараттық жүйесін құру өзекті мәселе болып табылады. Өйткені заман ағымы осыны талап етеді. Зерттелініп отырған колледждің сабақ кестесі жөніндe aқпaрaт MS Excel бaғдaрлaмaсы фaйлындa сaқтaлғaн, aлaйдa іздeу, сүзгілeу кeзіндe қиындықтaр туындaйды.
Қaзiргi yaқыттa қoғaмдық өмipдe aқпapaттың тapaлy қapқыны өте жылдaм дaмып кeлeдi. Aқпapaттық пpoцeccтeр - aдaмдap apaсындa, тiрi opгaнизмдepдe, тexникaлық құрылғылapдa, қоғaмдық өмiрдe aқпapaт тacымaлдay, жинaқтay мeн түpлeндipу пpoцeccтepi болып табылады. Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып келеді және де болашақта үлкен роль атқарады.
Мәліметтер қоры - бұл қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрады, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделеді.
Дипломдық жоба Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Paradox қосымшасы қолданылады. Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып есептелінеді. Delphi-де мәліметтер қоры қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және бағдарлама интерфейсін жүзеге асыру әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана емес, мәліметтер қорымен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі де бар. Delphi тілінің визуалды бағдарламалау ортасы бағдарламалауға тиімді және қолайлы болып табылады.
Дипломдық жобаны құру барысында келесідей тапсырмалар қарастырылды:
1. Бағдарламаның қажеттілігін негіздеу және қолдану ортасын анықтау және пайдаланушыға тиімділігін қамтамасыз ету.
2. Сабақ кестесін құруға арналған бағдарлама жасау. Бағдарламаны құруға қажет мәліметтерді жинақтап, оны практикалық түрде орындау.
3. Жобаны құру барысында Delphi тілінде қолданылатын барлық қажетті әдістерді пайдалану.
4. Бағдарламаның кешенділігін жүзеге асыру.
Зeрттeу жұмысының мaқсaты: Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжнің сабақ кестесін құруды автоматтандырылған жүйеге ауыстыру.
Зeрттeу міндeттeрі:
- Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер туралы түсінік беру;
- Сабақ кестесін құру кезінде туындайтын мәселелер және сабақ кестесін құру кезінде қамтылуға тиісті ақпараттар туралы мағлұматтар беру;
- Сабақ кестесін құру жүйесін автоматтандыруда қолданылатын бағдарламаларға сипаттама беру және сабақ кестесін құрудың негізгі әдістерін қарастыру;
- Мәліметтер базасын құрудың ретін және автоматтандырылған жүйенің жасалу жолын көрсету.
- Сабақ кестесінің автоматтандырылған жүйесінің қолданылуын және бағдарламаның тиімділігін көрсету.
Зeрттeу нысaны: «Батыс-Қазақстан инженерлік - технологиялық колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі.
Зерттеу жұмысының деректік негізі : зерттеу жұмысының деректік негізін тақырыпқа сәйкес колледждің сабақ кестесіне байланысты негізгі мәліметтер қоры мен деректік құжаттар жинағы, басты оқу құралдары және мерзімді баспасөз материалдарында кездесетін деректер құрайды.
Зeрттeу әдісі: Батыс Қазақстан инженерлік технологиялар колледжінің ақпараттық жүйeсін құру үшін колледждегі сабақ кестесіне байланысты aқпaрaттaр aғымын тaлдaу, деспечерлердің жұмысы бойыншa қaжeт мәлімeттeрді модeльдeу.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш тараудан қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қатар, диплом жұмысының тақырыбына сәйкес соңына қосымшалар тіркелген. Дипломдық жобаның құжаттары меңгерілуі мен жүзеге асырылуы бойынша орналасқан.
Дипломдық жобаның бірінші бөлімінде ақпараттық жүйелер және мәліметтер қоры түсінігі туралы мәліметтер келтірілді. Дипломдық жобалаудың объектісі - «Батыс-Қазақстан инженерлік - технологиялық колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесіне сипаттама берілді. Сабақ кестесін құру ерекшеліктері туралы түсінік берілді.
Дипломдық жобаның екінші бөлімінде жобаны жасауда қолданылған Delphi объектілі-бағытталған бағдарламалау тіліне, Adope Photoshop графикалық редакторы және Excel, FronPage мәтіндік редакторларына сипаттама беріліп, бағдарламалардың мүмкіндіктері қарастырылды.
Дипломдық жобаның үшінші бөлімінде сабақ кестесін құруға арналған бағдарламаның алгоритмі және экономикалық тиімділігі мен еңбекті қорғау туралы жазылды.
Қорытындыда дипломдық жобалау кезінде қол жеткізген нәтижелерді негізге алып тұжырымдамалар жасалып, ұсыныстар айтылды.
І Ақпараттық жүйелерді автоматтандыру - мекеме жұмысын жеңілдету құралы ретінде
1. 1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер туралы түсінік
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа технологиялардың даму барысында ақпараттандыру жүйесі негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және ақпараттық жүйе мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандыруды жүзеге асыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде сабақ кестесін автоматтандыру жүйесі де кіреді.
Ақпарат термині латынның “іnfоrmаtіоn” деген сөзінен шыққан, яғни қазақша баламасы “түсініктеме, баяндама ”. Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әзекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Мұндай анықтама ақрпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, сематикалық және прогматикалық.
Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынасқарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты
Сематикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік береді. Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағұлматтар жатады. [2, 35-67 б. ]
Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы-оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
Жүйе деп - әртекті элементтер жйынының қойылған мақсаттарға жету барысында біртұтас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде қарастырыларын кез-келген объекті тусінуге болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша да, бастапқы мақсаттары бойынша да бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Информатикада жүйе түсінігі өте кен таралған және көптеген мағыналы мәндерге ие. Атап айтқанда ол техникалық құралдармен бағдарламалар жиынында өте кең қолданылады. Компьютердің ақпараттық бөлігі деп айтуымызға болады. Сонымен қатар нақты қолданбалы есептерді шешуде құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген бағдарламаларды есептеуге болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуымен функционалдануы, іс-қыймыл жасауы мақсаты бейнеленеді.
Ақпарат жүйесі (АЖ) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
- Ақпараттық -анықтамалық жүйелер;
- Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
- Ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.
Ақпаратты - қадағалаушы жүйелерде мәліметте, р адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
«Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. Ол оған мынандай анықтама берді: «Ақпараттық технология дегеніміз - ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз - ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе студентке жеткізу. В. Апатова, В. Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз - ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы».
Ақпараттық технологияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағымын қалыптасытруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпаратық орта жағдайында ақпаратты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл болашақ ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттың мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. Автоматтанған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үрдісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басты рөлді компьютер алады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп (ААЖ) деп- ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін арналған ақпараттардың экономика математикалық әдістерімен модельдердің техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы.
1. 2 БҚИТК-нің сабақ кестесін құру кезінде қамтылуға тиісті ақпараттар мен қойылатын талаптар
Сабақ кестесі - студенттердің апта бойындағы пәндердің, дәрістерінің жоспары. Сабақ кестесінің түрлері көп болғандықтан ол келесі ақпаратты қамтуы керек: топ нөмірін, пәннің атауларын, уақытын, оқу сабағын өткізу орнын, оқытушының аты-жөнін. Сонымен қатар, колледждегі оқу режимі студенттердің функционалдық мүмкіншіліктеріне сәйкес келуі керек. Оқу процестің көлемі, мазмұны және ұйымдастырылуы демалу кезінде шаршағандық толық жойылып кететіндей қамтамасыз ету керек. Студенттің функционалдық мүмкіншілік көзқарасынан сабақтарды бағалаудың негізгі критерилері - қиындық пен шаршағандық. Шаршағандық жұмысқа қабілеттілігінің өзгеруіменен, ал пәннің қиындығы - оқу үлгерім деңгейімен сипатталады, яғни оқу материалын меңгеру дәрежесімен. Демек, сабақ кестесін құру кезінде тең дәрежеде екі факторды да есепке алу керек.
Сабақ кестесін құру кезінде студенттің физиологиялық мүмкіншіліктерінен шығатын өздік жұмыстардың шартын қамтамасыз ететін және әдістемелік, ұйымдастырушылық сипаттағы талаптары ескерілуі керек. [3]
Екі үш қиын сабақтарды қатар қоюға құрсат етілдмейді, мысалы: математика, физика, шет тілі. Бірақ бұл шартты колледж орындай алмайды, өйткені ондай сабақ кестесін қамтамасыз ететін оқытушылар саны жеткілісіз.
Жұмалық жұмыс қабілеттілік динамикасы да ескерілуі керек, мысалы:
Дүйсенбі күні демалыс күннен кейін болғандықтан, студенттердің жұмыс қабілеттілігі жоғары емес болады.
Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.
«Батыс-Қазақстан инженерлік - технологиялық колледжі»мемлекеттік емес білім беру мекемесі - АБ№0036514 06. 08. 2010ж. мемлекеттік лицензия негізінде техникалық, мұнай-газ, биологиялық, гуманитарлық және экономикалық мамандықтар бойынша білім беру мекемесі.
Батыс Қазақстан инженерлік - технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.
Колледждің алға қойған мақсаты - еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 27 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді жолдауында негізгі бағыттарды білім берудің маңызын көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетеді.
«Жастар-еліміздің ертеңі» деп мемлекет басшысы жастарға үміт артып, жыл сайын оларды қолдау мақсатында ауқымды істер, игі жаңалықтар жасауда.
Елбасымыз отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерді айқындаған «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісінде 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, қоғамның қызу қолдауына ие болған «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айқындалған жаңа мақсат-міндеттерден туындайтын тың тапсырмалар берді.
Батыс Қазақстан инжерелік-технологиялық колледжі - білім мен кәсіби-техникалық даярлық үшін жақсы мүмкіндік беретін, тұрақты даму бағыты бар білім мекемесі.
Колледждің алға қойған мақсаты - еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады.
Қазіргі, Батыс Қазақстан инжерелік-технологиялық колледжі алғашында, Басқару және құқық иститутының Ғылыми кеңесінің 2000 жылғы 16 мамыр күнгі шешімімен (хаттама №6) Басқару және құқық институтының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды.
Институттың 2000 жылғы 05 тамызындағы №34-к бұйрығымен колледждің алғашқы директоры болып, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Бекбулов Нагметулла Құрманұлы тағайындалды.
Қазіргі уақытта дербес қызмет ететін «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» Мемлекеттік емес білім беретін көпсалалы оқу орны болып табылады. Қазір оқу орнында 5 бөлім, экономикалық және әлеуметтік-құқықтық пәндер бөлімі, техникалық бөлім, экология және биотехнология бөлімі, мұнай-газ және стандарттау бөлімі, жалпы білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бөлімдері жұмыс жасайды.
Бүгінгі күні Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, облысымыздағы техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономикалық мамандықтар бойынша білім беретін көпсалалы оқу орындарының бірі болып табылады.
Сондай-ақ колледж Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2010 жылдың 6 тамызында №560 бұйрығымен берілген сериясы АБ №0036514 Мемлекеттік лицензия негізінде соңғы талаптарға сай мамандар даярлайды.
Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 27 мамандық бойынша мамандар даярланады. Колледжде білім беру күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде жүргізіледі. Оқу үрдісі білім беру стандарттарына, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Оқытылатын барлық мамандық мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларымен толығымен қамтамасыз етілген.
Колледж 9-11 сынып негізінде мемлекеттік тапсырыс (грант) және ақылы (келісім-шарт) негізінде мамандар даярлауды жүзеге асырады. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде күндізгі, сырттай (оқыту мерзімі 2-3 жылға дейін) және жеделдетілген (1 жыл) оқыту түрінде жүргізіледі.
Колледжге 11 сынып негізінде келетін талапкерлерді колледж өткізген кешенді тестілеу нәтижесі немесе ҰБТ қорытындысы бойынша қабылдайды.
Екінші мамандыққа (қысқартылған оқыту түрі) түсушілер әңгімелесу негізінде қабылданады. Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялар колледжінде оқытылатын мамандықтар туралы 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялар колледжінде
оқытылатын мамандықтар
Қаржылар
(салалар бойынша)
Есеп және аудит
(салалар бойынша)
Метрология, стандарттау жәнесертификаттау
(салалар бойынша)
1-кесте. (жалғасы) Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялар колледжінде
оқытылатын мамандықтар
Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру
(түрлеріне қарай)
Сабақ кестесіне қойылатын негізгі талаптар
Оқу сабағы кестесі сабақ жоспарымен және бағдарламаларымен қоса колледждің оқу жұмысын реттейтін негізгі құжаты болып табылады.
Оқу сабағы кестесін оқу ісі жөніндегі колледж директорының орынбасары (факультет деканнының орынбасары) мамандықтың оқу жоспарына толық сәйкес келетін бір оқу семестріне кафедра меңгерушілерінің ұсыныстарының есебімен құрады және сабақ басталуынан 2 апта бұрын кеш емес мезгілде колледж (факультет) қабырғаларына ілінеді.
Кестені құру кезінде келесі талаптарды сақтау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz