Батыс Қазақстандағы музыкалық мектептің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мәдениет және өнер институты
факультеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Батыс Қазақстандағы музыкалық мектептің қалыптасуы мен дамуы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе
1.Батыс өлкесінің ән мектебі
2.Батыс өңіріндегі басты әншілік мектептің
негізін қалаушы Мұхит
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Отандық зерттеушілердің музыкалық білім беру тарихына деген қызығушылық еліміздің тәуелсіздік алғанынан кейін ерекше арта түсті. Музыка саласындағы ұлттық дәстүрді зерттеудің маңыздылығын түсіну, этномузыкалық бағыттардың жандануы осының айқын көрінісі. Халық шығармашылығының ажырамас бөлігі боп табылатын музыкалық фольклорды немесе фольк-музыканы зерттейтін музыкалық этнография сияқты арнайы пәндер бар. Ағылшын және франкотілді ғылымдарда этномузыкология, немістілді ғылыми дәстүрде музыкалық фольклористика немесе музыкалық этнология деген атаумен белгілі бұл сала бүгінгі таңда қарқынды дамуда.
Отандық музыкатануда алғаш рет Батыс өлкесі әндерінің музыкалық мазмұнының тереңдігі мен шағын формасы туралы этнограф А. В. Затаевич: ... люди отводят свою душу в песнях, незатейливых по форме и лаконичных; но посмотрите, как много они успевают сказать в своем лаконизме и как сконцентрированно выразительны эти песни по музыкальному их содержанию! [1, с.19], - деген. Танымал кеңес музыка зерттеушісі В. Беляев қазақ әндерінің аймақтық ерекшеліктері туралы зерттемелерінде Батыс өңірінде кең тынысты лирикамен қатар речитативті терме формасының дамығанын айтады [2, с.79]. Аймақтың ән жанры әртүрлі аспектілерде ғалым Б. Ерзаковичтің, М. Ахметова, Б. Қарақұлов, А. Байгаскина, С. Елеманова және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды.
Дәстүрлі ән өнерінің ырғақтық ерекшеліктерін алғаш рет жүйелі түрде талдауды ұсынған А. Байгаскинаның еңбегіндегі негізге алынған бармақ жүйесі әндегі просодика, поэтикалық ырғақ, мелосты жеке талдауға жол ашты [3]. Ғалымның бұл ғылыми-теориялық концепциясы шағын ырғақтық түзілімнен - бунақ, мелотармақтан бастап әннің композициясын тұтас талдауға мүмкіндік туғызды. Мәтінімен жеткен әндердің бунақтық құрылымын талдау барысында осы методологияның алынуы, басты салмақ сөзге, тармаққа жасалатындықтан да олардың композициясын, формасын, музыкалық фразасын жаңа деңгейде саралап, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге болады. Анығырақ айтқанда, нысанға алынып отырған өлке үлгілерінің стилистикалық сипаты халықтық әндер мен ауызша кәсіби авторлар туындыларын өзара салыстыра сараптап, бірге комплексті талдауда ғана айқын көрінетіндігі дәлелденді. Осы жүргізілген зерттеу нәтижесінде айқындалған шығармалардың формасына, музыкалық-поэтикалық, интонациялық, ладтық және т.б. ерекшеліктеріне нақты тоқталып, халық әндері, аймақ сазгерлері мен Мұхиттың, маңғыстаулық өнерпаздар (қайқылар) мұрасы салыстырмалы түрде қысқаша ұсынылады.
1.Батыс өлкесінің ән мектебі
Қазақ Ұлттық өнері хақындағы деректер - әріде шетел саяхатшылары мен зерттеушілерінің қызығушылығын тудырғандығы көп еңбектерінде жазылған. Бұл зерттеулерден сиректеу, ән - күйлердің ноталары, қазақ музыкасына таңдай қағарлық теңеулерді де өзге елдің зерттеушілері айтқаны белгілі. А.Ф.Эйхгорн Музыкальная фольклористика Узбекистана (1963) еңбегінде қазақ өнері жайында: Иә, бұл адам жанына ләззат беріп, рахатқа батыратын, жүректі қуанышқа толтыратын шын мәніндегі музыка деп айтқызуға мәжбүр етті мені, - деп, қазақ әнін бөле жазады.
Мұндай қызығушылық пен зерттеу жұмыстары Қазан төңкерісінен кейін кең ауқымда жүргізілді. Өзімізде әлі іздеудеміз, жинаудамыз, зерттеудеміз мол қор әлі табылып та жатыр. Бұл біздің өнеріміздің молдығын, тарихының тереңдігін көрсетеді.
А.В.Затаевич Қазақ халқының 1000 әні жинағында Өздеріңіздің ұлттық рухани байлықтарыңызды сақтаңыздар, зерттеңіздер, молайта беріңіздер, оларды бүкіл адам баласының өздеріңіз ұмтылып отырған жоғары мәдениетінің табыстарымен дамыта, гүлдене түсіңіздер, - деп жазады. Біз мұндай жанашыр пікірге бас иіп тағзым ете беруіміз керек.
А.В.Затаевичтің еңбегі хақында Академик А.Қ.Жұбанов: Қазақтың ән қазынасы, сөзсіз қомақты түрде, тек кеңес үкіметі тұсында ғана жиналды. 20-жылдардың басында А.Затаевич Орынборға келіп, Қазақ Халық ағарту Комисариаты арқылы елге шығып, бірнеше жыл бойы музыкалық этнографиямен шұғылданды. Ол жылдар ішінде қазақтың екі мыңнан астам ән - күйін нотаға түсіріп, мың жарымын екі том етіп, 1925 және 1931 жылдары бастырып шығарды дей келе құнды деректерімен жер жүзінде жайғанын өзінің аты Замана бұлбұлдары (23б.) жинағында аса баға берген.
Рухани мұрамыздың, оның ішінде ән - күйіміз, кәсіби өнеріміздің дамуын межелі биіктерге шығарған өрелі, өнегелі ірі тұлғалардың ішінде академик А.Жұбанов есімі дара тұрады. Қайталап айтсақ та - нағыз ақиқат осы!
Замана бұлбұлдары еңбегі шынайы ән өнеріне арналған. Мұнда М.Мералыұлы шығармашылығына кеңінен тоқталған. Бірақ, батыс өлкеде Ақаң күйге дендеп, терең зерделей, бірнеше жинағын арнады.
Қай өлкенің өнерін зерттеп тауыстым деп айтуға ешкімнің ауызы бара қоймас. Мұның сыры ғасырлар бойы сары алтындай сақтаған мол өнер қазынасында деп білеміз.
Мәдениетті қолдау жылында ДАЙК - ПРЕСС баспасынан жарық көрген Атырау ән - күй мұхиты жинағымда батыс өлкесі күйшілік, әншілік, ақындық, жыршылық және т.б өнері хақында барынша баяндағанмын. Алғашында тек қана күй жинағы болып басталып, бұлайша бағыт алуының бір себебі әуезден егіз туған өнерді бөлгіміз келмеді.
Ән турасында ашып айтар біраз деректер бұл өлкеде баршылық. Халқымыз әнді ерекше құрметтеген, табына сүйген. Әнде бүтін тұрмыс - салт, тіршілігі, жанынан, жүрегінен шыққан бар сезім - сырлары орын тапқан.
Нағыз әсерлі әннің өміршеңдігі сондай, қай заманнан да қалмай келе жатыр. Кең ұғынықты тараған өнер. Ұлттың ұлыларының жүрек жарды ойларын айтпағанда А.Эйхгорнның өзі Қазақ әндері құдіретті де күшті, өктем, сонымен бірге жатық, құлаққа жағымды естіледі деген. Мұндай пайымдау бізідң әніміздің терең әсерінен кейін екені айтпай - ақ белгілі. Оның ішінде Батыс аймақ әндері төге ойналатын күйлері іспеттес, ән сүйемелдеуде тегеурінді, тықсыра, бастырмалатып жебей, әу дегеннен көтеріңкі рухпенмақамы ойналып, сөздері діттеген, кейде нақпа - нақтап, кейде лекілдетіп кемерінен аса, төгіле айтылады. Батыстың ән - өнеріне мол үлес қосқан Аухат, Бала Ораз, Қиса, Бораш туралы шығып жатқан ғылыми еңбектерде айтылмайды десе де болғандай. Бастапқыда күйге аңсарлары ауған ізденістердің көлеңкесінде қалса керек.
Музыка мамандарын көп сұрақтар ойландырады:
Атыраудың өзіндік ән мектебі қандай, әлде ортақ Мұхит мектебі ме?
Тұрмыс - салт, әдет - ғұрып, ән - жырларының қандай түрлері бар?
Жыршылық Маңғыстау мектебімен лептес пе? Әлде бәрі бір аймақтық мектеп пе?
Ақтөбе барлығы бір батыс өлкесі болғанымен айдар тағып айтар ерекшеліктері жеткілікті.
Ауыз әдебиеті, фольклор жинақтауда А.Оразақын, Қ.Сыдиықов, А.Сейдімбеков және т.б көптеген ғалымдар сүбелі еңбек етті. Бірақ, онда түрнұсқалардың музыкасы түсірілмеген.
Батыстың ән мектебінің әлі ашылмаған бағыттары, құпиялары көп. Мұхит мектебі бүкіл батысқа, қазақ еліне ортақ, дейтұрғанмен саралап ашатын тұстары баршылық. Әрине, ән дегенде алдымен ақиық әнші Мұхит ойға оралады.
Текеден ән оздырған Мұхит ағаң,
Бұл кезде аяғынан шабандап жүр,-деген екен. Бала Оразды жаста болса үлгі тұтқан.
Қазақстан ән өнері жөнінде талай - талай еңбектер шықты, өкінішке орай, батыс оның ішінде Атырау ән өнері хақында өте сирек айтылады, тіпті, болмаса кездеспейді. Атырауда Қ.Тасболатов, Қ.Дүйсемалиев, Б.Тайыров, У.Қабдыкәрімов, Н.Үлкенбаев, Ж.Құспанов, Р.Латифулина, Г.Сүндетова, С.Тапалова, М.Дәулетов және т.б әншілердің қалың қауымы бар.
А.Жұбанов, В.Затаевич, Б.Ерзакович, З. Қоспақов, Х.Жүзбасов және т.б еңбектерінде жазылған. Өнертану ғылымының кандидаты С.Елеманованың Казахское творчества атты еңбегі жарық көрді. Өте бір жымдасқан жүйемен ғылыми терең танымды, тартымды жазылған. Бірақ, батыс өңірден тек қана Маңғыстау туралы сөз болады. Жеті қайқы өнері көптен қызығушылық тудырған үрдіс. Автор өз сөзінде ол өлкені бірнеше рет аралап, өнерін, табиғатын бойына сіңіріп жазбасаң, басқаша әдіске бара алмайтындығын айтыпты.
Ән әуені бір Айдайға құйылып тұрған үш арысты бөлмелемей түгел атаған дұрыс, одан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Зерттеу жұмысы әлі жалғасуда. Бұл мектепте дауыстың күшімен кең үнді, шалқымалы, әуенді әндермен қатар, тақпақтап, құйып, төгіп, желдіртіп, термелеп айтылатын түрлері де бар.
Бабаларының бар қырын меңгерген хас дүлдүл Ғ.Құрманғалиев - дара, жарық жұлдыз. Домбырасын қолға алып, арқасы ұстап, саңқылдаған үні еш уақыт құлақтан кетпейді. Төл шәкірттері - Оралдағы Қатимолла Бердіғалиев, Атыраудағы Мекес Төрешев, Түркістандағы Қажыбек Бекбосынов, сондай келте өмірден жұлдыздай ағып өткен Қалампыр Рахимова мен Қаламқас Орашевалар ұстаздық ұлағатын жалғастырған таланттар. Сонау Жамбыл облысы, Байқадам ауылында туып, кәсіби Мұхит мектебінің тұтқасын ұстап, асқақтаған дауысымен халқына сүйікті болған Сәуле Жанпейісова, мұзбалақ жас қырандар Пахаман Құттымұратов, Қайрат Кәкімов, Айгүл Қосанова, Елдос Еміловтер жаңа ғасырға әнші мұрасын тап тұйнақтай етіп жеткізді. Кейінге көз салып, ойланғанда ұзақ жылғы өмірі бар бұл мектеп болашақта да мәңгілік ғұмыр кешетіні сөзсіз. Консерваторияда ән кафедрасының ашылғанына 20 жылдан асып барады. Бірнеше рет Мұхит, Ғарифолла атындағы Республикалық сайыстар өтіп, жауқазындай жастар өсіп келеді. Болашағы жарқын ән өнері ізбасарларын дайындау бөлімін Атырау Дина атындағы колледжісінде белгілі әнші Р.Латифуллина ашқан болатын. Консерваторияның Мұхит класынан бітірген П.Құттымұратов ұстаздық жұмысын сонда бастаған. Ал 2000 жылы ұлттық музыка академиясы ашылуына байланысты басшылық жұмысқа С.Жанпейісова, әнші мен әннің түп тамырымен бүкіл Қазақстан бойынша жинақтап, халыққа таныстырған Илья Жақанов шақырылды. М.Төрешов, Н.Үлкенбаев, Ж.Бөлекбаев, П.Құттымұратов, Қ.Кәкімовтердің т.б үн таспаларды консерватория фольклор қорына жеткіздік. Міне, батыста, ән, терме орындаушылық оралымы олқы емес, енді қағаз бетіне ғылыми - музыкалық сындарымен сараланатынына шүбәміз жоқ.
Сембай Бердімұратов бастаған өнер шежірешілері бұл зән мектебіне сағадане, жоғарыдан бастап айту, дауысқа басты назар аударған, - дей келе, Қисалардың Сарайшықтан салған әні Таңқыға естіліп, ел - жұрт соятын малын өрістен алып қалады екен десе, Жұмағыз Дүсіпова күйші - Екіндегі әніміз Елтайға, Таңқыға жететін қасиет Бала Ораз, Қиса бабаларымыздан қалған, - деп әндетіп те жібереді. 82 жасындағы күй мен ән орындауы адам таңқалдырады, жас кезіндегі арынын ойға оралсақ тағы бір таланттың елден ұзай алмағаны көрініп тұр.
Қойыстың, Ажардың, Өтебайдың, Ертілеудің, Аязбайдың, Бораштың әндері қақында С.Бердімұратов, І.Есқалиев, Ж.Бөлекбаев, Ж.Дүсіпова, Ғ.Маштақов, Ә.Ізмағамбетова, Д.Сатқанов, М.Даулетов және т.б шежірешілер айтып, Ертілеудің әнінің 50 шумағын басқалардан һзге мақамымен Манарбек Даулетов орындаса, Аязбайдың Шайтан қарасының екі түрін І.Есқалиев, Қ.Кәкішовтер нақышына келтіре салды (Аязбайдың әні дерегін жеткізуші С.Бердімұратов).
Үшіншіден, ауыз әдебиетін, жыр, терме, ақын - жыраулар жалпы, өнер саласында шексіз қызмет атқарғандар, білімдар өнертану ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықов бәрін жинап, жарыққа шығарғанмен, музыкасы жағына көңіл бөлмегендігін ақыл - кеңес сұхбатында айтты. Көптеген сілтеме, ақылын айтып көмектесем деген Қабиболла аға да өмірден өтті.
Қуанғали Жұмалиевтің Атыраудағы Бала Ораз, Қиса, Аухат, Аманғали әндерінің жинақ зерттеуі біздің қолға тиді. Бірақ, онысы жарық көрмеді, музыкасы да түсірілмеді. Үн таспалары түгел бар. Бар дерегі үйінен және Қ.Ахмедиярұлынан алынды.
Белгілі зерттеуші Л.Қапашев Аманғали туралы фильм түсірген. Оның әндерін Қ.Жұмалиев орындайды. Мұнда да мақамы түсірілмеген, еш жерде музыка туралы сөз жоқ. Аманғали әндері П.Құттымұратовтың репертуарында түгелдей дерлік бар. Аухат, аманғали, Қиса өнері хақында көп дерек белгілі жас талант Т.Досымовтың қорында. Біз оның өзінің мәнісімен жарық көрсетеріне сеніміміз мол. Ондай өнерлі жігіттер бұл елде баршылық.
Қиса, Аухат,Бала Ораз хақында толық деректер әлі де жинақталып, әсіресе өлеңдері де толық жинақталған, бірақ, тағы музыка жағы хатқа түспеген. Кейбір әндері халық әні, қара өлең нақышына кеткен сыңайлы, К.Қайыпов, М.Мұхтаров, Т.Досымов, Ғ.Маштақов, Ж.Құспановтар орындауында бар.
Сонау 1956-1957 жылдары он күндіктер шабыт сыйлап, өнердің нағыз бір қызған шағында өмірге келген С.Құсайынов, Т.Құлтумиев, А.Мұсағалиевтардың дәстүрлі әндерін жасы - кәрісі жатқа біледі.
Қазіргі заманғы ән өнеріне келсек дәстүрлі терме, жыр, тұрмыс - салт, әдет - ғұрып жырларын шығарып айналысып жүрген С.Мәдиев, Ж.Назаров,А.Құсайынов, К.Қайыпов , Ж.Құлмағанбетовтерді айтса да жеткілікті.
Мысалы, А.Құсайынов 40 шақты домбыра жасаған, 30 күй, 25-тей әні бар. Әлі жөнді хатталмаған, кейбіреуін ұмыттым дейді. Әндерінің сөзін, әнін де өзі шығарады. Атырау әні , Ару қыз әнім, Наурыз, Қазақтың жері т.б әндері үн таспаға жазылды. Әр қайсысы жеке қор өздеріне бір - бір жинақ керек адамдар көп - ақ. Осындай таланттардың бірі С.Құлмағанбетов. Әрі ән, әрі күй шығармашылығымен айналысады. Атырау ән өнері хақында алғашқы рет ғылыми ортада 2002 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваиориясында өткен Орындаушылық шығармашылық және қазіргі замандағы даму проблемалары атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясында Б.Тұрмағамбетова мәлімдеме жасап,шешімде зерттеуді керек ететін мол қор бар екендігі атап өтілді. Бүгінгі таңда Б.Тұрмағамбетова ос ытақырып аясында кандидаттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz