Криптографиялық әдіс арқылы ақпаратты қорғау



Баяндама

Ақпараттық қауіпсіздік -- мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.
Ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
oo ақпаратты қорғауға жалпы түсініктеме беру
oo ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері жайлы айтып өту.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Ақпаратты қорғау мәселесіне толық мағлұмат беру;
2. Компьютерлік желі мен жүйелерде ақпаратты қорғаудың әдістеріне түсінік беру;
3. Криптографиялық әдіс арқылы ақпаратты қорғау
Криптографияда ақпаратты қорғау - ол арнайы шифрлеу әдісі, ақпаратты қайта құру немесе кодтау, нәтижесінде оның мазмұнын көру, кілттік криптопрограммасыз және қайта құру үшін қол жеткізе алмайды. Криптографиялық қорғау ең тиімді әдіс, өйткені ақпаратты қорғайды (мысалы, шифрленген ақпаратты қолданушыдан ұрлаған жағдайда файлды оқи алмайды). Бұл қорғау әдісі программа немесе программа пакеті ретінде жүзеге асырылады.
Бұқаралық сервистер жұмыс жасайтын желінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте күрделі және ауыр жұмыс. Желінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін - Xspider программасы көмекке шақырылады.
XSpider толық автоматты режимде осалдықтарды табу, желіде компьютерлер мен сервистерді тексере алады. Осалдықтар базасы үнемі Positive Technologies мамандарымен толықтырылып, қосындысында бағдарламаның базалары мен модулдерінің автоматты түрде жаңартылуымен XSpider болжамының өзектілігін үнемі қолдайды.
Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы.
Компьютерлік жүйелер үғымын немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны - машиналарды, мәліметтерді, программаларды және адамды - біріктіре қарастыру кезінде қолданады.
IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік (есептеу) жүйелер төрт негізгі құрамнан түрады:
- шығарылатын есепті, орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;
- аппараттық жасақтама (Hardware);
- мәліметтер файлы;
- компьютерді программалық жасақтамасы (Software).
Қарапайым компьютерлік жүйе бір-бірімен онша алыс тұрмаған екі компьютерді жалғастыру арқылы пайда болады. Олар нуль модем деп аталатын (10-20 м. мөлшердегі) арнайы кабель аты келесі немесе параллель тұрған компьютерлерге қосылады.
Қорғаудың криптографиялық әдістері деп ақпаратты түрлендірудің арнайы құралдарының жиынтығын айтамыз, нәтижесінде оның мазмұны жасырылады.
Криптографиялық әдістердің маңызды аймақтарда қолданылуына қарамастан криптографияны эпизодтық қолдану оның бүгінгі қоғамда атқаратын ролі мен маңызына тіптен жақын көрсеткен жоқ. Криптография өзінің ғылыми пәнге айналуын көрсеткен жоқ. Криптография өзінің ғылыми пәнге айналуын электрондық ақпараттық технологиямен туындаған практиканың қажеттілігіне парыз.
Криптографиялық әдістердің теориялық негізі болып математика мен техниканың төмендегідей бөлімдерінде қолданылатын математикалық идеялар табылады:
- қалдықтар кластарының жүйесіндегі модульдік арифметика;
- сандардың жай көбейткіштерге жіктелуі;
- ақырлы өрістердің математикалық ақпараттары;
- алгебралық көпмүшеліктер қасиеттері;
- дискреттік логарифм мәселесі;
- кодтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты криптографиялық түрлендіру әдістері
Криптография туралы мәліметтер
Ашық кілтті жүйелер
Ашық кілтті жүйе
Криптографиялық жүйе
Windows ОЖ қолданбаларының криптографиялық интерфейсі
Ақпаратты қорғау әдістемесі
Кілттермен басқару
Криптография жайлы
Ақпаратты қорғаудың криптографиялық жүйелері
Пәндер