Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері


мазмұны
Кіріспе . . . 7
І. Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеуінің педагогика және психология ғылымдарында зерттелуі
1. 1 Оқу жағдайларына бейімдеу ұғымының мәні . . . 11
1. 2 Оқушылардың оқу жағдайларына бейімделуінің сипаты . . . 18
II Колледж оқушыларының оқу жағдайына бейімделуге бағытталған тәжірибе жұмыстары
2. 1 Психологиялық - педагогикалық бағдарламасы - оқу жағдайына бейімделу құралы . . . 38
2. 2 Эксперимент жұмыстары . . . 43
Қорытынды . . . 54
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 57
Қосымшалар . . . 60
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстандық білімнің жаңартылуы жаңа түрлердің, әдістердің, оқу құралдарының, оқу үрдістерінің жетілдірілуіне және оның қарқындылығына, сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақтың өмірге және еңбек шарттарының нарық экономикасына дайындығын белсенді іздестіруін талап етеді. Жаңа заманның шарттарында оқушылардың оқу - тәрбиелік үрдісі жаңа әлеуметтік тапсырысқа - дербес құруға, ынталылыққа, шығармашылыққа және жеке тұлғаның деңсаулығына бағытталған болуы керек. Шешу жолдарының біреуімен ғана қажетті әлеуметтік мақсаттарды шешіп, оқушылардың оқу үрдісінде болатын қиындықтарды жеңуде оқытылатын резервтегі мүмкіншіліктердің, осыған орай мақсатқа бағытталған белсенділіктің нақты негізімен және психологиялық тосқауылдармен зерттеледі. Педагогикалық қызметте алдын - ала жасалатын бейімделу кезіңде оқушылардың құрастырылған кәсіпшілігі негізінде басқарылатын үрдісімен түсіндіреміз. Оқушылардың оқуға бейімделуі маңызды психофизиологиялық жүктемелерді талап етеді. Осыған байланысты ерекше маныздылыққа білім сапаларын жоғарылау сұрақтары иеленеді, бірінші бағыттағы оқушылардың психологиялық қасиеттерінің дамуы, оқу үрдісіне бейімделуді қамтамасыз етеді.
Жаңа қоғамның қалыптасуына білімді маманның қажеттілігі жеткіліксіз, әр тұлғаның жан дүниесі бай, өмір бойы іздену мен даму үстінде болу қажет. Білім беру орындары- мемлекттік қоғамда тұлғаның дамып өсуін қанағаттандырады. Адамның жан-жақты дамуында, мінездің қалыптасуына мектептік ортаның әсері мол. Жас мемлекеттің қалыптасып, дамуына білімді тұлғаның болуы заңдылық. Бұл тұрғыда педагогиканың өрлеуіна білім беру орындарының ықпалы ерекше. Жалпы білім беру саласында орта және жоғары оқудың байланысынан гөрі Қазақстанда алшақтықты көруге болады. Оқушылар мен студенттердің арасындағы айырмашылық әдістемелік танымалдылықта айқын байқалады.
Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”[2], “Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтеруге кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі өзгерістер болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігімен қазіргі қоғамның өзгермелі жаңа талаптарына бейімделуіне объективті жағдай жасап отыр. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және орта арнайы оқу орындарыдағы оқушыларға тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз ұрпақ тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның педагогикалық- психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен ақпарат ағынының даму қарқыны адамзаттың тез бейімделуі өз бетімен білім алуы ақпараттық құралдарды кең көлемде қолдану талаптары білім беру жүйесіндегі қызметке жаңа міндеттер белгілейді Арнайы оқу орындарында оқушылардың оқыту мен қатар кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны жетілдіру арқылы жаңа көзқарас, жаңа ой қалыптастыруға үлкен мән беріледі.
Колледждегі кезең жасқа өсу үрдісінің аяқталуы тән, бұл ақыр аяғында, жас адамның оқуындағы ерекше жағдайға негіз ғана беріп қоймай, сонымен бірге, оған жаңа мүмкіндіктердің, рөлдердің және дәмеленулердің игерілуіне де жағдай жасайтын ағзаның өрлеуіне әкеледі Ағзаның "бейімделу қорын" құру, сыртқы әсерлерге талап ететін жедел жеделдендіру, сыртқы және ішкі факторларға үлкен ықпал жасауы шарттарын көрсетеді. Осыған орай табылған ерекшеліктер ағзаның психофизиологиялық және морфогенетикалық үрдісінің оқушылардың бейімдеулерінің үрдісі қысқа және ұзақ уақыт ерекше маңыздылыққа ие болады. Жалпы биология белгілерінің қолдануына сәйкес адамдардың әлеуметтік тобына бейімделу жағдайының үрдісін түсінуге жаңа түрткі бола алады.
Бейімделу (өздігінен жөнге келу) әр түрлі деңгейде: биохимиялық, физиологиялық, психикалық, әлеуметтік және тағы басқа деңгейлерде жүзеге асады. Психикалық деңгей үш деңгейге: психофизиологиялық, әлеуметтік-психологиялық болып бөлінеді. Қазіргі кезде оқушылардың бейімделу үрдісінің шарттарына сәйкес жоғары оқу орнында оқу психофизиологиялық және дара-психологиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерін зерттейді. Оқушылардың бейімделу үрдісін тездету үшін жоғары сыныптарда оқу, жаңа өмір бейнесіне және психологиялық-педагогикалық шарттардың табуы қажетті үрдіс болып табылады. Бейімделу үрдісі қандай ұзақ уақытқа созылса да, және әр түрлі шығындары болса да, оқудың бастапқы кезінде мақсаттардың табысты шешімі болады.
Зерттеу мәселесі . Колледж оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекет ерекшеліктерімен бейнеленеді.
Колледж оқушыларының проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік категориясы ретінде Б. Г. Ананьевтің [5] психологиялық мектебі зерттеді.
Колледж оқушыларының педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерін шетелдік ғалымдардан Н. В. Кузьмина [6], Ю. Н. Кулюткин, А. А. Реан, Е. И. Степанова, П. А. Просецкий, Е. М. Никиреев, В. А. Сластенин [7], В. А. Якунин, И. А. Зимняя [8] және т. б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ. Б. Жарықбаев [9], С. М. Жакупов [10], З. Ә. Исаева, Г. К. Ахметова, Ш. Т. Таубаева, М. А. Құсайынова және т. б. ғылыми еңбектерде сарапталып өзіндік тұжырымдама берген. Бірақ көптеген ғылыми еңбектерді қарастыра келе нақты колледж оқушыларының психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері негізінде колледждің оқу жағдайларына бейімдеу мәселесі әлеі де толық зерттелмегеніне көзіміз жетті. Сондықтан, колледж оқушыларының оқу жадайларына бейімдеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зертттеу өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері ” -деп таңдауға себепші болды.
Зерттеу нысаны : Колледж оқушылырын оқу жағдайларына бейімделу процесі.
Зерттеу пәні: Колледж оқушыларының психологиялық - педагогикалық даму әрекеті мен оқу жағдайларына бейімділігі
Зерттеудің мақсаты: Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері мазмұны мен әдістемесін зерттеу оқуға бейімділігін педагогикалық-эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
- Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің негізгі ұғымдарының мәнін ашу.
- Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық педагогикалық моделін белгілеу
- Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық бағдарламасын жасау оны сынақтан өткізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, колледж оқушылары оқуға бейімділігінің психологиялық-педагогикалық дамуы сай жасалса, онда болашақ мамандардың кәсіби-адами құндылық қасиеттерінің сапасы жоғары болар еді.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: зерттеу жұмысында келтірілген психологиялық-педагогикалық әдістер мен тренингтерді колледж оқушыларының оқуға бейімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарда әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу әдістері: Оқушылардың колледждегі түрліше қолайсыздық жағдайлары психиатриядан алынған "дезадаптация" терминімен анықталады. Дезадаптацияны құрайтын шарттардын бірі 3 төменгі оку мотивациясы, үлгерімнің төмен болуы және аса жоғары дөрежедегі мазасыздану проблемасы. Атақты психолог Л. С. Выготский 1730-шы жылдары былай деген болатын: "Оқушы әлеуметтік ситуацияның бір бөлігі, қоршаған ортаға және ортаның оқушыға деген қарым-катынасы бастан кешулер және оқушының өз іс-әрекеті арқылы беріледі. Қоршаған ортаның күші колледж оқушысының бастан кешулері арқылы бағытттаушы маңызға ие болады. Бұл дегеніміз, оқушының бастан кешу жағдайларын терең іштей талдауға міндеттейді". Міне, кезінде, яғни 1930-шы жылдары, айтып кеткен Л. С. Выготский ой-пікірлері біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізін құрады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Болашақ маманның оқуға деген бейімділігі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қалыптасу үлгісі мен тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.
Зерттеудің жаңалығы: Студенттердің оқуға деген бейімділігі психологиялық дамуына сай ғылыми негізде талданып, болашақ мамандардың оқуға деген бейімділігі психологиялық дамуының өлшемдері мен көрсеткіштері жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы : зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу, психологиялық эксперименттік зерттеу әдістерін (теориялық, эмпирикалық) қолдану, озық тәжірибелерді меңгеру, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау. Қазіргі уақытта бейімделуді мақсатты тұлғаның қолайлы уақытта қызметтендіру, яғни оны негізгі уақыт орын талабына келтіру, сол уақытты оның барлық қуаты, физиологиялық және рухани байлығы негізгі мәселелерді шешу үшін бағытталуы және шығындалуы тиіс.
Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Орал гуманитарлық коледжінде жүргізілді. Зерттеуге бірінші курстың 17, 18 жастағы 20 оқушы қатысты
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде колледж оқушылардың оқуға деген бейімдеу ерекшеліктерін анықтауда олардың кәсіби-адами құндылық қасиеттері мен жеке тұлғалық қасиеттерінің мән-мағынасын ашылып, теориялық тұрғыда дәлелденді. Колледж оқушыларының психологиялық, педагогикалық, тұлғалық қасиеттерімен іс-әрекет түрлерін зерттеген ғалымдар мен педагог-психологтардың ой-пікіріне сүйене отырып өзіндік тұжырымдама жасалды.
Ал, екінші бөлімде болашақ мамандардың оқуға деген бейімділігінің психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін зерттеп, әдістемелік тұрғыда қолдануға болатынын айқындадық. Әр бөлімді қорытындылап, соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімін көрсеттік. Қорытындыда зерттеу нәтижелері беріліп, ұсыныстар айтылады.
І. Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеуінің педагогика және психология ғылымдарында зерттелуі
1. 1 Оқу жағдайларына бейімдеу ұғымының мәні
Бейімдеу (лат. adaptare - бейімдеу) ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі. Бейімделу үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі - гомеостазды сақтауға бағытталады. Биологиялық бейімделу ағзаның барлық деңгейлерін қамтиды: молекулярлықтан бастап, іс-әрекетті психикалық реттеуте дейін. Экстремалды жағдайларға бейімделу сәттілігінде жаттығу процестері, индивидтің функционалдық, психикалық және моральдық күйі маңызды рөл атқарады. Бейімделу сондай-ақ теориялық ұғым ретінде гештальт психология, швейцар психологі Ж. Пиаже шығарған интеллект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-теңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады. Талдағыштар сезгіштігінің тітіркендіргіштердің әсеріне икемделуі. Нәрселердің бейнесін қабылдау кезінде көз шағылыстыратын жарықтың әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе қараңғы бөлмеге кірген адамның көзі біртіндеп маңындағыларды көре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жағымсыз естілетін дыбыстарға да бейімделу түрліше болады. Адамның уақытты түйсініп қабылдауға бейімделуі де әр қилы болуы мүмкін. Бейімделу мерзімі бірнеше секундқа, ондаған минуттарға созылады. Бейімделу орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметтері арқылы реттеледі. Адамның бейімделуі биологиялық және психологиялық деп екіге бөлінеді: біріншісі, ағза функцияларының және құрылымының ортадағы жағдайға, шартқа бейімделуі; екіншісі адамның әлеуметтік индивид ретінде, белгілі талаптарға, жағдайларға, принциптерге, әлеуметтегі және қоғамдағы әдептілік ережелеріне, өзіндегі жекелік қасиеттерін ескере бейімделу үрдісі болып танылады. Әлеуметтік ортаның талаптарына индивидтің белсенді бейімделу үрдісі психологияда әлеуметтік бейімделу (әлеуметтену), әлеуметті аккомодация деп аталады. Қабылдаудың нәтижелілігін арттыру және рецепторларды шектен тыс жүктемеден сақтау мақсатымен сезім мүшелерінің әртүрлі стимулдар ерекшеліктсріне сәйкес бейімделу орын алады. Бейімділік - индивидтің өзін қызықтыратын белгілі бір іске тандамалы бағыттылығы. Өмірде кездесетін жағдайларға, ең жақсы түрде бейімделуге ықпал ететін адам қылығы.
Колледж оқушыларының бойында мазасыздану күйі ұзақ уақытқа созылатын болса, бұл ол баланың жүйке жүйесінің жұмысына өсер етеді. Нәтижесінде уақыт өте келе, астения дамиды, яғни жүйке бірте-бірте тозады, әлсірейді. Астения кезінде шаршау жиілейді, жұмысқа деген бала қабілеттілігі төмендейді, зейін қоюлары нашарлайды, естері әлсірейді. Әрине, бұл кемшіліктердің барлығын жоюға болады, бірақ оларды жоймайынша оку іс-әрекетіңде табыс, нәтиже төмендей беретіні сөзсіз. . Үнемі бола беретін нәтижесіздік жағдайы уақыт өте келе, шындыққа деген пессимистік қатынасты, көзқарастың пайда болуына және депрессивті күйдің өріс алуына себепші болады. Әдетте мінез-құлықтық қиыңдықтар дегенді әдебиетте "мектептік мазасыздану" деген терминімен түсіндіріп жүр. Белгілі Кеңес Одағының психологы Б. Г. Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси - қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді. Эмоциялық күй-қалып жөнінде Қазақстанда жазылған еңбектер де бар. Мысалы, айтып кететін болсақ, М. В. Кузубованын "Жасөспірімдік шақтағы мазасыздану жайлы" және АЛ. Ескендірованың "Агрессияға" байланысты кандидаттық диссертация жұмыстары белгілі. Психология ғылымдарының докторы, профессор С. М. Жақыпов өзінің "Оқыту процесінде студенттердің танымдық іс-ерекетін басқару" еңбегінде мынандай құнды пікірді алға тартады. "Бірлескен іс-әрекет жағдайында эмоциялар санаға жекелеген ұғымдар жөніндн белгі береді. Бірлескен іс-әрекетте бір субъектінің эмоциясы өзге субъект үшін жеке мән-мағына жайлы белгі ретіңде болуы мүмкін. Эмоциялардың сигналдық функциясы негізгі үш қарым-қатынас каналы арқылы жүзеге асуы мұкін. Олар: одағай, интонацияны білдіреді, 2-ші:, ым-ишарат, 3-ші мәнерлі қимыл, дене тұрын білдіреді". Бастауыш сыныпта оқушылардың мазасыздануы туралы зерттелген зерттеулер жоқ. Бірақ, жоғарыдағы еңбектерге, әдебиеттерге терең талдау жасай отырып, мынандай қорытындыға келуге болады. Бастауыш мектеп кезеңі өте еліктегіштігімен дараланады.
Жан Пиаже айтқандай, бұл кезең - интуитивті ойлау кезеңі, яғни бала нақты әрекет-амалдарды орындай отырып, нағыз ойлау, логикалық ойлауға көшеді. Жөне осы ойлауда міндетті тұрде эмоциялық күй қатар жүреді. Осы жас кезеңіңде мазасызданудың туындауы түрлі факторларға байланысты, яғни социометриялық статус, жас кезеңі, отбасы жағдайы және т. б. Мазасыздану өзге эмоционалды қалып сияқты бастауыш мектеп окушысының мінез-құлқына әсер етеді. Және бұл калып түрлі іс-әрекет түрімен, оның ішінде ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысты. Жалпы, педагог, ересек, ата-аналар осы жас кезеңінің тұрлі даму ерекшеліктерін қатаң түрде ескеріп, тиісінше психокоррекциялық жаттығуларды әдістемелік тұрғыда дұрыс өткізе білулері тиіс. Адамның көптеген психикалық касиетгерінің негіздері нақ осы бастауыш мектеп жасыңда қалыптасады және әдетке айналады. Мектепке келген бойда кездесетін қиындықтар түрлері, мысалы, мектеп режиміне байланысты, әлеуметтік қарым-катынас (мұғалім, сыныптағылар, отбасындағы) . Осы қиындықгармен соқтығыса отырып, балалар мазасыздануды бастан кешіріп отырады.
Қазіргі заманның талабы, жас ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу, ол тұлғаның дүниетанымы кең, өзін - өзі қоғамда, өзі білім алып жатқан оқу орнындағы ұжымда бақылай алатын және кез-келген ортада өз-өзін таныта білетін болуы қажет. Бұл міндеттер баланың сол оқу орнына бейімделуімен тығыз байланысты. Осы аталған міндеттерді шешу қазіргі кездегі психолоиялық - педагогикалық ғылымның басты міндеті болып саналады.
Мектеп табалдырығынан кейін оқушылардың колледжде білім алуға келулері, олардың өміріндегі алғашқы дербес басқан қадамдарының бірі.
1 курсқа білім алушыларының колледж өміріне қалыптасу кезінде жақсы ойластырылып ұйымдастырылған жұмыс, көшет егін дайындығы тәрізді өз ісінде жас шебердің кәсіби қалыптасу ісінде көбірек елеулі жетістік әкелетіні баршамызға белгілі.
Баршамызға белгілі, жас, көпті көрмеген ұлдар мен қыздар мектептен басқа оқу ортасына түсіп, жаңа оқу орны, жаңа орта, жаңа тәртіпке-тәуелсіз, қарама-қайшы уәждемемен тиімді түрде бейімделе алмайды, жақсыға ұмтылуға қойып, кәсіби хабардардан алыс басымдық таңдайды.
Осыдан келіп кешегі оқушылармен жұмыс жасағанда олардың сол оқу орнына нәтижелі бейімделуге болысушылық та маңызды акцент жасау керек.
Осы орайда ұстаздар қауымының алдында көп сұрақтар туындайды: болусышылық деген не, оның тәжірибелік мазмұны неде, не нәрседен тап, қай реттілікте орындау керек? Осындай шаралар комплексінде кім маңызды қамқорлық ауыртпалығын алмақ?
Аталмыш сұрақтарға жауап өз бетімен табылады, әріне ол кураторлар, өйткені олар студенттің өмірін толық қамти алады, сондықтан куратор кіші оқу буыны «Колледжендіруде» жоғары табысқа жете алады деген сөз.
Бейімделу кезін бір сөзбен айтып өту қиын. Білімалушылардың педагогикалық-психологиялық жағынан жаңа оқу орнына бейімделулерінің оң және теріс ықпалдары да болады. Сондықтан да осы ықпалдарды шешуде оқу мен тәрбиені қатар алып жүргеннің орны ерекше.
Қазіргі кезде кез - келген оқушылардың мектептен кейін колледжге түсіп, сол оқу орнына бейімделуіне көңіл аударуларының орасан зор әлеуметтік мәнге ие, білімалушыларға қойылатын колледждің барша талаптарын оқушылардың орындауларын қамтамасыз ететін мұғалімдер, олардың білім мен білік, дағдыны дұрыс игеру кезіндегі жауапкершілік әрқашан бірінші орынға шығады.
Бейімделу процесі - үздіксіз процес болып табылады, егер де сол жүйеде «еңбек субъектісі - кәсіби орта» болған жағдайда ғана ол тұлғаны белсендіре алады.
Колледж өміріне білімалушылардың бейімделу процесінде 3 түрлі кезеңді алып қарауға болады:
1. Бейімделуге қиналу.
2. Орнығу.
3. Бейімделудегі жүдеу.
Осы кезеңдер іс-әрекет субъектісінің ақпараттық, энергиялық, мінез - құлықтық ресурстардың ара - қатынасын бейнелейді және өнеркәсіптік ортаның талаптарын орындайды.
Бейімделу - бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді.
Білімалушылардың колледжге психологиялық бейімделуі - оқу орнында қалыптасқан талаптар мен бағалардың өлшемдеріне құндылықтар мен нормаларды өзіне иемденудің есебінен білімалушының сол оқу орнына икемдену қабілетін айтады.
Бірінші курс білімалушыларының оқу орнының жағдайына бейімделуінің үш түрі бар:
1) формальды бейімделу, білімалушылардың жаңа ортаға, колледж құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;
2) қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс білімалушыларының топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;
3) Дидактикалық бейімделу, колледждегі білімалушылардың оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты бейімдеу.
Көпшілік бірінші курс оқушылары кеше ғана мектептегі мұғалімдерінің назары мен қамқорлығын сезінген олар оқу орны жағдайында алғашында дискомфортты сезінеді. Оларды арнайы оқу орнындағы жаңа іс-әрекеттері - ол жауапкершілікті тәуелді қатынастардың сапалы өзгеше жүйесі. Онда ең бірінші орынға өз мінез-құлқын өз бетімен реттеу қажеттілігін, өз ісі мен тұрмысының ұйымында бостандық дәрежесінің болуы қойылады.
Әр оқушының бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Еңбек стажы бар жас адамдар студенттік өмірмен тұрмысқа жеңіл және тез бейімделеді, ал кешегі оқушылар - колледждегі жұмыстарға жақсы бейім. Студенттік топтың міндеті - жалпы оптималды іс-әрекет үшін жағдай жасау.
Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші курстықтарды оқу орны жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады. Маңыздырақ іс-шаралар қатарына «Колледж оқушыларына арнау», «Мамандыққа кіріспе» курсының оқытылуы, алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен бірінші курс колледж оқушыларының сөз сөйлеуі, бақылау, бағалау шаралары жатады».
Бірінші курс студенттерімен негізгі жұмыс міндеттерінің бірі - ол өз беттік жұмыстың рационализациялау мен оптимизациялаумен оларды таныстыру болып табылады.
Студенттердің өздік жұмысын семинар, практикалық және зертханалық сабақтары арқылы бақылайтын кейбір студенттер тарапынан сәйкес талаптарды орындаудан қашып және оған енжарлық танытулары да байқатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz