Белсенді әсер ететін заттар



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Белсенді әсер ететін заттар

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны
І. Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қатты әсер ететін белсенді заттардың организмді зақымдауы ... ... ... ... ... .9
2.2 Наркозға арналған белсенді заттарға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... 14
2.3 Белсенді әсер ететін заттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.4 Сұйық ұшқыш заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.5 Газ тәрізді заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.6 Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .29

І. Кіріспе бөлім
Қазіргі кезде белсенді заттардың әсер етуінің бірнеше жолдары белгілі. Белсенді заттардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері болады. Мұндай әсердің себебі, гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса мембраналарымен байланысқа түседі. Белсенді заттардың тікелей әсерінің тетігі, жасушалық және субжасушалық деңгейлерде әлі толық зерттелмеген. Бар зерттеулерге қарағанда олардың түрлі әсер ету жолдары бар, олардың ішінде тікелей әсер ету тетіктерінің мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік жүйелерді, оның ішінде цитоплазма ферментін белсендендіру немесе бәсеңдету жолы. Бұл әсер жөнінде мәліметтер өте аз. Бұны адреналин мен гликогеннің фосфорилазды жүйеге адеіюзинмопофосфат арқылы циклды әсері дәлелдейді. б) Ядродағы генетикалық үрдістерді күшейту, мысалы, итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНҚ алмасуын және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.
Белсенді заттар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай, олардың қан тамырлары меп тіндердің әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді. Гуморалдық жағынан жекешеленген, бірақ денемен жүйке арқылы байланысқан, кез келген ағза тамыры арқылы адреналинді өткізгенде әдетте кан қысымының, дем алудың, лимфа ағысының т. б. өзгерістері байқалады.
Белсенді заттардың әсер стуінің үшінші тетіктері -- орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бір жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарылату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді. Гейманстың тәжірибелерінде иттің миын қоректендіретін қан тамырына тікелей адреналин енгізгеп, иттің басы денесімен тек қана кезеген жүйке арқылы байланысқан жағдайда ад­реналин кезеген жүйке орталығының тонусын жоғарылатып, жүрек қызметін бәсеңдетеді. Ал адреналин жүрекке тікелей әсер еткенде оның қызметін күшейтеді.
Кейбір жағдайларда әсер етуші заттардың, шартты рефлекстік әсерін байқауға болады.
Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады.

1.1 Әдебиетке шолу
Л.А.Зорина, М.И. Даулетбакова (1989) белсенді заттар топтары: тұншықтырғыштық әсері басым заттар, жалпы улылық әсері басым заттар, метаболдық улар, жүйкені жансыздандыратын улы заттар, терінің құрысуына әсер ететін улы заттар, көздің жасын ағызатын және тітіркендіргіштік әсері бар улы заттар, психикалық әсер ететін улы заттар, жылдам әсер ететін улы заттар, баяу әсер ететін улы заттар.
Н.Н.Шаталова, В.Г.Артамонова (1996) мағлұматтарында фармакологияның бір басты саласына фармация жатады, зерттейтін саласына фармацевтикалық химия, фармакогнозия, әртүрлі түрдегі препараттарды дайындау технологиясы және рецепт жазу кіреді. Фармацевтік химия - бұл дәрілік заттардың химиялық құрлысы мен қасиетін, сонымен қатар препараттардың емдік ықпалын алу үшін биологиялық маңызды зататрды зерттейтін ғылым. Фармакогнозия - табиғи өсімдік, жануарлар мен минералды өнімдердің биологиялық белсенділігін, яғни алғашқы өндеулерден алынған дәрілерді зерттейтін ғылымның саласы. Рецептура - бұл дәрілік түрдің рецептте жазылу ережесі туралы фармация бөлімі. Рецептура дәрігерлік және фармацевтік болады. Дәрігерлік рецептура, препаратты алу үшін дәрігердің дәріханаға жүгіну мақсатына тағайындалған. Фармацевтік рецептура, технолог-фармацевт үшін фармакопия негізінде зауыттарда препараттарды дайындау.
Алексеев С.В., Усенко В.Р. (1998) деректерінде ағзада микроэлементтер байланысқан және бос ионды түрінде де кездеседі. Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Сутек және оттек - макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су-маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% -- дан 90% -- ға дейінгі аралығын құрайды. Ендеше су ресурстарының құрамын зерттеу, үнемі бақылау және мемлекет тарапынан қорғау іс-шараларын жүргізудің тіршілік үшін маңызы бар деуге болады.
В.Г. Артамонова (1981) мәліметтерінде химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы - кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро- және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық орны әр түрлі болып келеді. Макроэлементтер -- ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл - негіздік құрамын реттеушілер. Микроэлементтер қан жасалу, тотығу - тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Макро - және микроэлементтер - кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий және кремний, сүйек және тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Микроэлементер ферменттер, гормондар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді. Әр түрлі микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аурулар белгілі. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. Адам ағзасын-дағы биогенді элементтер концентрациясы өмір сүрудің тепе-теңдігін сақтайды (химиялық гомеостаз). Бұл баланс элементтің жетіспеушілігіне немесе артық болуына байланысты бұзылады және әр түрлі аурулар туады.
Архипова О.Г., Шацская Н.Н., Семенова Л.С.(1988) зерттеулерінде Белсенді заттардың әсер ету тетіктері өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, гормон -- белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда бо­лады. Байланысқан гормондар кор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.
Белоскурская Г.И., Бердыходжин М.Т., Айтбембетов Б.Н. (1988) Белсенді заттар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен белгілі бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық қабылдағыш арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормонның арнайы фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды қабылдауды, яғни гормон мен жасушаның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Егер берілген гормонды қабылдағыш болмаса, жасуша онымен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды.
Брицко Н.П., Хейфиц А.С. (1988) Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормон-дар өз рецепторларымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің активтенуі жүреді. Оның әсерінен жасушада циклдік 3151-аденозинмонофосфат (ЦАМФ) пайда болады. Ал олар протеинокиназаларды -- белоктың синтезделуіне қажетті ферменттерді -- белсендендіреді, бұл гормондардың кейбіреулері циклдік 3151-гуанозинмоно-фосфат (ЦГМФ) арқылы әсер етеді.
Даулетбекова М. И, Абдрашитова Г. А. Шелехов Ю.А. (1986) белсенді заттардың қабылдағыштары жасуша іші құрылымына орналасқан және гормон-қабылдағыш кешені генетикалық аппаратқа әсер етеді, заттардың жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбір белсенді заттар әсер етуі мембрана өткізгіштігі өзгеруіне байланысты.
Маршелл Э. (1981) мағлұматына қарағанда тірі ағзаға қажетті тіршілік металдары деп аталатын металдардың жалпы сипаты бойынша шамамен салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады : кальций - 1700 г, калий - 250г, натрий - 250 г, магний - 42 г, темір - 5 г, мырыш - 3 г, мыс - 0,2 г, марганец, молибден, кобальт - барлығы шамамен 0,1 г. Ересек адамның денесінде 3 килограммға дейін минералды тұздар бар, бұл мөлшердің 56 бөлігі сүйек ұлпаларына тиесілі. Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) және көптеген микроэлементтер ағзада биолиганд - аминқышқылдармен, нәруыздармен, нуклеин қышқылдарымен, гормондармен, дәрумендермен және тағы басқалармен комплекс түрінде кездеседі. Мысалы, темір ионы комплекс түзуші ретінде- гемоглобин, кобальт-В 12 дәруменінің, магний- хлорофилл құрамына кіреді. Сонымен қатар, ағзада биологиялық маңызы жоғары басқа да элементтердің көптеген биокомплекстері бар.
Хьюз М. (1983) халықты радиациядан қорғау радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін, азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, аумақтын ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулеленуін дозиметрлікбақылауды және радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуді қамтиды.
Сеитов З. С. (2000) деректерінде қатты әсер ететін улы заттар дегеніміз - өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын объектілердегі авариялық жағдайда атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қатты әсер ететін белсенді заттардың организмді зақымдауы

Белсенді заттар химиялық қарудың негізін құрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.
Белсенді улы заттармен зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. Белсенді улы заттармен тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде Белсенді улы заттармен ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. Белсенді улы заттармен зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.
Белсенді улы заттармен тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ Белсенді улы заттармен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.
Осы заманғы белсенді заттар организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен белсенді заттардың улағыш қасиеттері мөн санына, белсенді улы заттардың түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты.
Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.
1.Белоктық -- пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома-тотропин т. б.);
2.Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);
3.Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер -адреналин, норадреналин). Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және α-глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі темен байланысқан гормон түрі пайда болады.
Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксин 1:100 млн, адреналин 1:10 млн сұйытылғанда да әсер етеді, ал бір грамм инсулин 125000 қоянның қанындағы қант деңгейін төмен түсіре алады. Тирокальцитониннің 5 нанограмы қандағы Са деңгейін едәуір төмен түсіреді (1 нанограмм -- 10-9 гжоғары).
Белсенді заттар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат алмасу қарқынына әрі РНҚ және басқа нуклеин қышқылдарының жасалуына әсер етеді. Эндокринді бездердің патологиясы кезінде адамның бет әлпеті соншалық өзгеруі мүмкін, бұл өзгерістер негізінде тез диагноз қоюға болады -- акромегалия, гигантизм т. б.
Гормондар -- өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекұсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.
Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады. Қызметі - Зат алмасу қарқындылығын өзертеді; Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігі арттырады Өсу мен көбеюді реттейді Физиологиялық үдерістерді күшейтеді немесе бәсеңдетеді Жасуша нысан - Гормон нысанада болатын нәруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар гормонның деңгейінің кішкене ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді, нәтижесінде олар өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бәсеңдетеді. Нәтижесінде гормонның мөлшері қалыпты жағдайға түседі.
Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Улағыш заттардың жіктелісі
Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
- жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар;
- жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан;
- терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит;
- тұншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген;
- көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс);
- психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;
Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).
УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:
- өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір қышқылы, иприт, люизит, фосген);
- уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2;
- тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.
Белсенді улы заттармен төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді Белсенді улы заттарға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген).
Жергілікті жансыздандырушы дәрілердің негізгі фармакологиялық әсерлері олардың денеге сіңуі мен олардың енгізілу жолдарына, мөлшеріне, жергілікті ұсақ тамырларға, липофильдік жағдайына (жансыздандыру белсенділігі, диффуздық қабілеті) және ақуыздармен байланысына (әсер ұзақтығы, улылығы), диссоциациялық тұрақты өлшемі (әсер ету басы, диффуздық қабілеті) мен сол аймақтағы ағзалармен қатынасына байланысты болып келеді. Жергілікті жансыздандырушы дәрілердің жалпы жанама әсерлері көбінесе олардың жүйелік қанға түсуімен байланысты болады. Сондықтан олар жүйке жүйесінің қоздыруы мен депрессия туғызып, жүрек қан тамырларын тежеуі мүмкін. Көптеген жансыздандырушы дәрілер қан тамырларын кеңейтеді. Сол себепті ертіндіге тамырларды тарылтатын эпинефрин (адреналин) дәрілерін қосу , олардың қанға сіңірілуіназайтады және олардың әсері ұзартады. Эпинефриннің ишемиялық некроз қауіпсіздігіне байланысты, оны өте сақтықпен қолдану керек, әсіресе саусақтардың жүйке талшықтарын тежеу кезінде. Жүкті әйелдерге жансыздандырушы дәрілерді тағайындағанда, ұрыққа улы әсер көрсетуі мүмкін, себебі олар плаценталық тосқауылдан жақсы өтеді. Сонымен қатар, олар босану кезінде әйелдердің тегіс және салалы бұлшықеттеріне әртүрлі әсер етеді, жатырдың жиырылу белсенділігін және толғақ тиімділігін өзгертуі мүмкін. Жергілікті жансыздандырушы дәрілердің сорылу жылдамдығы олардың қолданылу тәсіліне және енгізілген аймаққа, мөлшеріне (көлемі мен ерітіндінің құнарлығына), вазодилатация туғызу қабілетіне, тіндермен байланысына және липофильділігіне байланысты болып келеді. Олардың сорылуын ерітіндіге эпинефринді қосу арқылы төмендетуге болады. Қандағы ең жоғарғы құнарлығы жергілікті қолданғанда 10-30 минуттан кейін және тамырға және интратрахеальды қолданғанда 1-5 минуттан кейін дамиды. Белгілі дәрінің қауіпсіз мөлшерін таңдау, оның сорылу жылдамдығымен, элиминациясымен, белсенділігімен және улылығымен анықталынады. Күрделі амидтерден тұратын жергілікті жансыздандырушылардың биотрансформациясы бауырда, ал ығыстырылған эфир көп дәрежеде плазманың холинэстеразасымен гидролизденеді және аз дәрежеде тіндірдің эстеразасымен жүреді.
Жануарлардан және өсімдіктерден алынатын, үлкен белсенді беткейден тұратын, нәтижесінде басқа химиялық қосылыстармен немесе дәрілік препараттармен жақсы әрекеттесіп, өздерінің бойына сіңіріп алып, жүйке талшықтарын тітіркенуден қорғайтын сорғыш дәрілер. Бұл заттарға белсенді көмір, тальк және т.б. жатады. Бұлар іш өту кезінде және улы заттардың сіңірілуін тоқтату үшін қолданылады. Белсенді көмір (Carbo activatus), карболен, карбактин, энтеросорбент, арнайы өнделген, сорғыш беткейі бар, ерімейтін қара түсті ұнтақ. Белсенді көмір өзіне улы заттарды (токсиндерді, газдарды, алкалоидтарды) сіңіріп алады. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ішектегі ашу және шіру үрдістерімен жүретін диспепсияда (метеоризм), қышқылдықтың жоғары болуы мен асқазан сөлінің гиперсекрециясында, іштің өтуінде, жедел улануларда (алкалоидтармен, жүрек гликозидтерімен, ауыр металдардың тұздарымен және т.б.), токсикалық синдром ауруларында - тамақ токсикоинфекцияларында, дизентерия, сальмонеллезде, күйік ауруларының токсемия және септикотоксемия сатысында, созылмалы бауыр жетіспеушілігінде, бронх демікпесінде, атопиялық дерматитте, рентгенологиялық зерттеулерге дайында кезінде (газдардың түзілуін азайту үшін). Сулы жүзгінді уланғанда және интоксикация кезінде 20-30г; қышқылдық жоғары болғанда және іштің кебуінде - 1-2 таблеткадан (таблетка 0,5-0,25 г.) тәулігіне 3 - 4 реттен. Сулы жүзгінін ересектер үшін тамақтың арасында 10 г (бір пакет) тәулігіне 3 реттен; 7 жасқа дейінгі балаларға - 5 г, 7-14 жастағыларға - 7 г қабылдау. Емдеу курсының ұзақтығы 3-15 күн.

2.2 Наркозға арналған белсенді заттарға жалпы сипаттама

Наркоз (грек. narkosіs - мелшию, ұйып қалу) - орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін адам есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады.
Негізінен күрделі хирургиялық операциялар кезінде ауру сезімін болдырмау мақсатында наркоз беріледі. Наркозды организмге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік заттарды енгізу жолдары
Ксенобиотиктер туралы
Дәрілік заттардың жіктелуі
Жуғыш зат құрамы
Тыныс мүшелерінің қызметіне әсер ететін дәрілік заттар
Биологиялық белсенді заттар және олардың қауіпсіздігі
Дәрілік заттарды жіктеу
Ферменттер әсерінің кинетикасы жайлы ақпарат
Несеп құрамы және қасиеті
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Пәндер