Биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері мен мәні



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері мен мәні

Орындаған:

Тексерген:

Орал - 2017 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау Олимпиада оның құрылымы және ерекшеліктері
1.1 ЖОББ мектептерінде олимпиада өткізудің мазмұны мен маңызы ... ... ... ..5
1.2 Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .12
І тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ІІ тарау. Биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындау ерекшеліктері мен мәні
2.1 Биология пәнінен олимпиада өткізу әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...17
2.2 Биология пәнінен мектепшілік пән олимпиадасын өткізу ережесінің үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ІІ тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Олимпиада - республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімінің мазмұнын қалыптастыру, оның тұрақты даму аясында жетілдірудің құралы. Ертедегі Грецияда б.д.д 776 жылы қалыптасқан олимпиадалар тек түрлі спорттық жарыстарды ғана біріктіріп қоймаған, сонымен қатар өнер байқауларын да біріктірген. Тапсырмаларды орындау бойынша ұйымдастырылған байқаулар да олимпиада деп аталған. Олимпиадалық қозғалыстардың қалыптасуы мен дамуына, оларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемелерін жасауда зор үлес қосқан ғалымдар: П.С.Александров, В.Г.Болтянский, А.Л.Брудно, Б.Н.Делоне, Ю.С.Ильяшенко, В.Ф. Каган, П.Л. Капица, Л.И.Каплан, М.Клайн, СМ.Козел, А.Н.Колмогоров, Н.Н.Константинов, М.А.Лаврентьев, Л.А. Люстерник, А.И. Маркушевич, И.С.Петраков, Д.Пойя, СЕ. Рукшин, АЛ.Савин, И.Ш. Слободецкий, В.И. Смирнов, СЛ. Соболев, В.Н, Сойфер, .М. Тихомиров, А.Л.Тоом, Д.В.Фомин, Д.Шклярский, Л.Г. Шнирельман И.М. Яглом және т.б.[3]
Зерттеудің өзектiлiгi: Қазіргі таңда биологиядан олимпиадаларға дайындау оқу бағдарламасының негізі бөлігі болып қалыптасып келеді. Бұл бір жағынан оқушыларды биология пәніне қызықтырып ынталандырса, екінші жағынан оқушылардың білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Оқушыларға биологияны тереңдетіп оқытудың бірнеше тәсілдері бар. Ол, әртүрлі оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар, ғылыми ізденістегі жұмыстар. Ал, олимпиадаға дайындық курстарының мазмұны мен алға қойылған міндеттердің жоғары деңгейде құрастырылудың арқасында және тақырыптардың мағыналарының ашылуы негізінде оқушы пән бойынша терең білім алып, нәтижесінде биологиялық эрудициялы тұлға қалыптасады.[2]
Биологиялық олимпиаданың жаңа ғасыры 1951 жылдан кейін басталды. 1995 жылдан бастап олимпиада бес этаптан тұрды. Бірінші: мектептік; екінші: аудандық, қалалық; үшінші: облыстық, өлкелік; төртінші: республикалық; бесінші: халықаралық.
Зертетеудің мақсаты: Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау.
Зерттеудің міндеттері:
oo Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;
oo Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;
oo Биология бойынша курсты тереңдету.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау Олимпиада оның құрылымы және ерекшеліктері
1.1 ЖОББ мектептерінде олимпиада өткізудің мазмұны мен маңызы
Педагогика тарихынан белгілі, мәдениеттің жас ұрпақты өз бетінше шешім қабылдап, әрекет ете алуға тәрбиелеу білім мазмұнында мәдениеттанымдық қызметтің дамуына себепші болды. Сондықтан, бүгінгі күні білімнің даму көзі - мәдениет болып белгіленіп, оқушы - оны қабылдаушы және оның шығармашысы тұрғысынан тәрбиеленеді Шығармашылық қабілет - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің болуы. Шығармашылық ұғымымен қатар дарындылық, талант деген ұғымдарда бар. Дарындылық немесе талант ұғымдары өздерінің мәні бойынша, белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейін білдіреді.
Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, оқушылардың білім жетістіктері мен психопедагогикалық диагностикалары салыстырылып, әр оқушыға күнделік жүргізілен. Ғалымдар [1,2,3] анықтағандай дарынды немесе талантты оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері төмендегідей:
1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір - сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;
4. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Байқап отырғанымыздай оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау маңызды орынға ие.
Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. Ертедегі Грецияда б.д.д 776 жылы қалыптасқан олимпиадалар тек түрлі спорттық жарыстарды ғана біріктіріп қоймаған, сонымен қатар өнер байқауларын да біріктірген.
Тапсырмаларды орындау бойынша ұйымдастырылған байқаулар да олимпиада деп аталған. Тарихта ақыл ой жарыстарының барлығы содан бері белгілі болып келеді. Ерте Өрлеу дәуірінде Италида математикалық турнирлар кең көлемде таралған. Олипиадалық қозғалыстардың қалыптасуы мен дамуына, оларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемелерін жасауда зор үлес қосқан ғалымдар: П.С.Александров, В.Г.Болтянский, А.Л.Брудно, Б.Н.Делоне, Ю.С.Ильяшенко, В.Ф. Каган, П.Л. Капица, Л.И. Каплан, М.Клайн, СМ.Козел, А.Н.Колмогоров, Н.Н.Константинов, М.А.Лаврентьев, Л.А. Люстерник, А.И. Маркушевич, И.С.Петраков, Д.Пойя, СЕ. Рукшин, АЛ.Савин, И.Ш. Слободецкий, В.И. Смирнов, СЛ. Соболев, В.Н, Сойфер, В.М. Тихомиров; А.Л.Тоом, Д.В. Фомин, Д.Шклярский, Л.Г. Шнирельман, И.М. Яглом және т.б. Ұлы Отан соғысына дейін олимпиадалар жыл сайын өткізіліп тұрды да жалпы халықтық мойындаушылыққа ие болды. Соғыс жылдары Ашхабадта және Казанда, 1946 жылдан бастап Киевте, одан кейін Волгада, Смоленскіде, Иркутскіде, Саратовта, Минскіде өткізілген. Түрлі білімдер саласы мамандарының дайындаған жұмыстары барлық елдерде жаратылыстану ғылыми циклдері пәндері бойынща олимпиадаларды өткізуге жақсы жағдай жасады. Совет Одағы кезінде математикалық олимпиадалармен қатар астрономиялық, физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық және т.б. олимпиадалар өткізіле бастады. Ірі олимпиадалар құрылымы одан әрі сатылана түсті: республикалық және Бүкілодақтық пәндік олимпиадалар, ал үлкен қалалар ішінде аудандық сатылары ұйымдастырыла бастады. [3]
Соңғы жылдары түрлі пәндік олимпиадалардың міндеттері артқан:
- оқытудың міндетті нәтижесін бақылаушы;
- оқушыларды тиісті білім беру аясында оқыту формасы;
- оқушылардың ақыл ойын, шығармашылықтарын дамытушы форма;
- ақыл-ойы жоғары дәрежеде дамыған оқушыларды анықтау;
- оқушылардың кәсіби бейімділіктері мен қабілеттерін айқындау мен үйлестіруші;
- ЖОО емтихансыз қабылданатын оқушыларды таңдау формасы ретінде және т.б. Осылайша қосымша білім беру жүйесінде, осы саладағы көп жылдық бай дәстүрде дарынды әрі танымдық деңгейлері жоғары балалармен жұмыс жасау мүмкіндіктері жатыр. Айта кету керек оқушылардың олимпиадалардағы нәтижелері мұғалімдердің қызметін бағалау аспектіснің бірі болып табылады.
Пәндік олимпиадалар - оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден - бір формасы. Пәндік олимпиадалардың оқу үдерісіндегі негізгі роліне зерттеушілер түрліше анықтама береді. Ол туралы көзқарастар үш түрлі: - білім беру сапасын сырттай бақылау формасының элементі [1]; - танымдық ойын түрі [2]; - оқушы тұлғасын дамыту тәсілі, яғни оқушылардың шығармашылығын, дарындылығын арттыруға ықпал ететін оқыту тәсілдерінің бірі [3]. Зерттеушілер өздерінің еңбектерінде оқушыларды пәнге қатысты дайындықтарын арттырудың біршама маңызды құралдарының бірі ретінде пәндік олимпиадаларды атап көрсетеді.
Дарынды балалармен жұмыстың бір формасы ретінде пәндік олимпиадалар қазіргі уақытта оқушылардың тек пәнге бейімділіктері мен қабілеттерін айқындауға бағытталған емес, сонымен қатар барлық оқу процесінің мазмұны мен оқыту технологиясын жетілдіруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстың болашағы бар түрлерінің бірі болып отыр. Зерттеушілердің тұжырымдауы бойынша олимпиада оқушының өзінің қандай екенін көрсете алатын, потенциалды мүмкіндіктерін ашатын әлеуметтік­­-психологиялық шарттарды жасайды [5]. Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсақ, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу - әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:
- ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс;
- биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп - салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.
- оқушылар алдына қойылған мәселеге сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйрену қажет. Қазіргі кезде баланы дамыту және дамуына жағдай жасау керектігі ешкімге таңсық емес. Сондықтан да олимпиадаға қойылатын талаптар күшеюде.
Облыстық, республикалық олимпиада мектеп бағдарламасынан да білімді тереңдетуді қажет етеді. Олимпиадаларда биологияны өте жақсы меңгерген, қызығушылықтары жоғары балалар күш сынасады. Сондай жарыстарға оқушыларды іріктеу мақсатында арнайы курс жүргізіледі, курстың материалдары олимпиада тапсырмаларының теориялық жағын қамтуы керек. Биологиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеті оқу материалдарын терең меңгеруі артады. Теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу де есептер шығару арқылы жүзеге асырылады. Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау мақсатында құрастырылатын арнайы курс бағдарламасының негізгі міндеттері:
1. Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;
2. Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;
3. Биология курсы бойынша білімдерін тереңдету болып табылады. Күтілетін нәтиже, ізденімпаз, білімге құштар, терең және тиянақты білім алған оқушы дайындау. Біз, өз тәжірибемізде оқушыларды биология пәні бойынша пәндік олимпиадаға дайындаудың күнтізбелік жоспарын төрт кезеңге бөліп жоспарлаймыз:
І. Оқушыларды таңдау: бақылау, сараптау, жазбаша жұмыс, оқушылардың жалпы және пәндік дарындылықтарын айқындау үшін алғашқы сауалнаманы алу.
ІІ. Теориялық дайындық:
1. Тапсырмамен танысу. Рәсімдеу ережесі. Әдебиет көздеріне шолу.
2. Клетканың химиялық құрамы.
3. Тірі организмдердің алуантүрлілігі. Систематика. Патшалықтар белгілері.
4. Өсімдіктер, Саңырауқұлақтар, Бактериалар патшалықтарының жалпы ерекшеліктері.
5. Жануарлар патшалығының жалпы ерекшеліктері.
6. Адам мүшелері жүйесінің ерекшеліктері.
7. Жалпы биологияның теориялық негіздері
8. Былтырғы жылғы олимпиадалық тапсырмаларға шолу жасау. Кеңес беру.
9. Қосымша әдебиеттермен жұмыс. Жазбаша конспектілер құрастыру.
10. Интернет желісі арқылы оқушылардың ғылыми-ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру.
ІІІ. Практикалық дайындық - іскерліктерін қалыптастыру.
1.Арнайы құралдармен жұмыс жасау, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін анықтау мен тану, микропрепараттар дайындау, билогиялық коллекциялар дайындау және т.б. біліктіліктерін қалыптастыру бойынша практикалық сабақтары.
2.Цитология бойынша тапсырмаларды орындау.
3. Генетикалық есептерді орындау.
4.Бұрынғы жылғы олимпиадалардың практикалық тапсырмаларын талдау.
5. Түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау жолдарын талдау.
IV. Өзіндік дайындық
1. Бұрынғы жылғы түрлі күрделілік деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындау;
2. Бұрынғы жылғы олимпиалардың түрлі күрделілік деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау
3. Логикалық тапсырмаларды орындау
4. Біршама қиынырақ тапсырмалар бойынша кеңес алу. Жүргізілген зерттеу жұмысының негізінде оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысының мазмұнын, құрылымдық бөліктерін нәтиже өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін атап көрсетуге болады:
Мотивациялық деңгейде: дарындылықты дамытуда пәнге қатысты танымдық тапсырмаларды орындаудың қажеттілігін түсіну;
Мазмұндық деңгейде: олимпиадалық тапсырмалардың жауабын жүйелі зерттеп, іздеу жолдарын білу (ақпарат көздерін білу);
Іс- әрекеттік деңгейде: олимпиадалық тапсырмалар мазмұны бойынша білімдерін жаңа тапсырмалар жүйесінде қолдану .
Педагогикалық шарттары:
- оқушылардың дарындылықтарының деңгейін анықтау;
- оқушыларда оқу-зерттеу біліктіліктерін, ақпараттық сауаттылықтарын дамыту;
- оқушылардың жеке даму бағдарламаларын құрастыру;
- оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу;
- жан-жақты ақпараттандыру:
- байқаулар ұйымдастыру.
Ұйымдастыру дайындықты бөлімі Олимпиаданың өткізілуін қадағалайды.
1). Олимпиаданың өткізілу орнын және уақытын анықтау керек.
2).Олимпиада сұрақтарын даярлау және өткізу формаларын анықтайды.
3). Олимпиаданы өткізу.
4). Қорытынды жасау және марапаттаудан тұрады.
Биология олимпиада оқушыларға міндеттейді:
- биологиялық ойлаудың жүйелі қалыптасуын;
- биологиялық білімді оқушының терең және берік меңгеруін;
- оқушының биология пәніне деген қызығушылығының көтерілін;
- оқушының шығармашылық ұсынысын және интеллектуалдық қабілетінің дамуын;
- табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді;
- оқушының патриоттық сезімінің оянуын;
- болашақта мамандықтарын саналы түрде өздері таңдауға т.б.

1.2 Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері
Жалпы ережелер
1.Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері(бұдан әрі - Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік кезеңін, оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.
2.Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: оқушылрадың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету мектептегі білім берудің беделiн көтеру.
3.Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру
4.Олимпиаданы ұйымдастыруға жауапты ғылыми-әдістемелік орталық:
5.Олимпиаданың мектепішілік кезеңінің пәндер бойынша қазылар алқасының құрамына төраға және мүшелер кіреді.
Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 10-11 сыныптар, жаратылыстануматематикалық пәндер бойынша 9-11 сыныптар оқушылары қатысады. Олимпиаданың тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша пәндік әдістемелік бірлестіктер дайындайды және ғылыми-әдістемелік орталық бекітеді.[6]
Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, апелляцияға бере алады.
Апеляцияға беру әр тур бойынша қорытынды шыққанна кейін бір жұмыс күні ішінде орындалуы керек.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың 13 наурызынан №99 бекіткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасын өткізу ережесі туралы бұйрығына сәйкес, олимпиада 4 кезеңде өтеді:
1) бірінші кезең - мектептік;
2) екінші кезең - аудандық (қалалық);
3) үшінші кезең - облыстық (Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ республикалық мектептер дәрежесі облыстық олимпиадаға теңеледі);
4) төртінші кезең - республикалық. Республикалық олимпиада жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша I, II, III дәрежелі грамоталармен және тағыда басқа сыйлықтармен марапатталады.
Олимпиадада орын алған оқушылардың ұстаздары, ғылыми-жетекшілері, сонымен қатар, республикалық олимпиаданы өткізуде белсенділік көрсеткен жалпы білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы беріледі.
Биология пәні бойынша пәндік олимпиадаға дайындаудың күнтізбелік жоспарын төрт кезеңге бөліп жоспарлаймыз:
І.Оқушыларды таңдау: бақылау, сараптау, жазбаша жұмыс, оқушылардың жалпы және пәндік дарындылықтарын айқындау үшін алғашқы сауалнаманы алу.
ІІ. Теориялық дайындық:
Тапсырмамен танысу. Рәсімдеу ережесі. Әдебиет көздеріне шолу.
Клетканың химиялық құрамы.
Тірі организмдердің алуантүрлілігі. Систематика. Патшалықтар белгілері.
Өсімдіктер, Саңырауқұлақтар, Бактериалар патшалықтарының жалпы ерекшеліктері.
Жануарлар патшалығының жалпы ерекшеліктері.
Адам мүшелері жүйесінің ерекшеліктері.
Жалпы биологияның теориялық негіздері
Былтырғы жылғы олимпиадалық тапсырмаларға шолу жасау.
Кеңес беру.
Қосымша әдебиеттермен жұмыс. Жазбаша конспектілер құрастыру.
Интернет желісі арқылы оқушылардың ғылыми-ізденушілік
Практикалық дайындық - іскерліктерін қалыптастыру
1.Арнайы құралдармен жұмыс жасау, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін анықтау мен тану, микропрепараттар дайындау, билогиялық коллекциялар дайындау және т.б. біліктіліктерін қалыптастыру бойынша практикалық сабақтары.
2. Цитология бойынша тапсырмаларды орындау.
3. Генетикалық есептерді орындау.
4.Бұрынғы жылғы олимпиадалардың практикалық тапсырмаларын талдау.
5. Түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау жолдарын талдау.
IV. Өзіндік дайындық
1.Бұрынғы жылғы түрлі күрделілік деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындау;
2.Бұрынғы жылғы олимпиалардың түрлі күрделілік деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау
3.Логикалық тапсырмаларды орындау
4.Біршама қиынырақ тапсырмалар бойынша кеңес алу.

І тарау бойынша қорытынды
Оқушылардың пәндік олимпиадалары қазіргі мектеп жағдайында олардың оқу мотивациясын қалыптастыруға, оқушылардың танымдық белсенділіктерін көтеретін, шығармашылықтарын дамытуға, пән бойынша білімдерін кеңейтуге ықпал етуші құрал. Ең бірінші олимпиадалар біршама қиынырақ тапсырмаларды шешу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді [4].
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
-оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-зерттеушілік әрекеттерге қызығушылығын айқындау мен дамыту;
-оқушылардың негізгі ғылым саласына деген шығармашылық қызығушылықтарын дамыту;
-ұлттық білім дәрежесін көтеру;
-жастар арасында ғылыми білімді насихаттау.
Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау мақсатында құрастырылатын арнайы курс бағдарламасының негізгі міндеттері:
1. Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;
2. Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;
3. Биология курсы бойынша білімдерін тереңдету болып табылады.
Күтілетін нәтиже, ізденімпаз, білімге құштар, терең және тиянақты білім алған оқушы дайындау.
Ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс. Биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалы түрде көрсетуге, оның себеп - салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.
Биологиядан жүргізілетін мектептік олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың жаратылыстық ғылымдарға деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми - зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерді насихаттау, табиғатқа деген аяушылық қатынасқа негізделген терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатарбелсенді өмір ұстанымын қалыптастыру.
Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдары
Оқу - әдістемелік бағыттар ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс;
- биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп - салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.
- оқушылар алдына қойылған мәселеге сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйрену қажет.

ІІ тарау. Биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындау ерекшеліктері мен мәні
2.1 Биология пәнінен олимпиада өткізу әдістемесі
Қазіргі ұрпақ қоғамдағы қарқынды өзгерістер жағдайында өсіп келе жатыр, ол динамикалық жағынан өзгеріске ұшырауда, мұнда жастарды өздерінің тұлғалық өзінділігін. Олимпиадаларға қатысу танымдық өзінділікті белсендіруге, оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға септігін тигізетін қызмет нысаны болып табылады. Міндеті - мектеп пәндерін зерделеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пән бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері мен мәні
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Химия пәнінен оқушыларды пәндік олимпиядаға даярлауды ерекшеліктері
Мектеп кезеңі
Математикадан логикалық есептер жинағы
Оқушылардың математикалық қабілеттері мен ойлау қабілетін дамыту
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру түрлері
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Спортшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер