Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2016 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану маңызы
1.1 Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Биология сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану ... ... .8
2. Биология пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану ерекшелігі
2.1 Интерактивті құралдарды биология сабағында қолдану ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Биология сабағында ақпараттық жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру ... ... ... ... ... .16
2.3 Биология сабақтарында презентацияны қолдану арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Адамзат үшін ХХІ ғасыр -- жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -- бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры -- ұстаздардың қолында. (Н.Ә. Назарбаев)
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты -- бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп -- үйрететін орта, оның жүрегі -- мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс -- оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау -- әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі -- педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру. Президенттің жолдауында: Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Биология - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамыта отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі -- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану ерекшелерін, тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру ерекшеліктері туралы түсінік беру;
- Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыру;
- Биология сабақтарында АКТ қолдану арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру әдістері туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану маңызы
1.1 Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету және оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлатуды көздейді.
Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты міңдеті. Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері педагог ғалымдардың үнемі назарында болып келеді. Мысалы, білім саласын ақпараттандырудың, компьтерлендірудің әртүрлі аспектілері В. С. Гершунский, В. М. Монахов, А. П. Ершов еңбектерінде, оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың теориясы мен әдістемесі В. А. Каймин, Ю. С. Брановский, Н. В.Василенко еңбектерінде қарастырылған. Ал Қазақстанда бұл мәселелерге Ж. А. Қараев, К. А. Таңатаров, К. З. Халықова, К. Т. Искакова, Б. А. Досжанов, Н. И. Аманжолова, т.б. зерттеулер жүргізді [1. 4].
Биология - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамыта отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Биология пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптары мынандай:
:: Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;
:: Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
:: Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;
:: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда биология пәні бойынша, құстардың құрылысы мен ерекшеліктері, қан айналым жүйесі, тіршіліктің пайда болуы атты тақырыптардағы сабақтарда жаңа технологиялардың тиімді әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар сабақтарда кубизм, топтастыру, бес жолды өлең, түртіп алу жүйесі, венн диаграммасы стратегияларын жиі пайдалануға болады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар.
Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жақандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бастысы - білім беру жүйесін жетілдіру, келер ұрпаққа заман талабына сай сапалы инновациялық білім беру. Қазіргі кездегі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы заман талабына сай инновациялық оқыту технологиялары мен оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын қолдану арқылы келер ұрпаққа сапалы білім беру. Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі салаларында орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы. Мемлекеттіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - біздің негізгі мәселеміз. Инновациялық үрдістің негізгі - жаңалықтары қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Оқушылардың ой -өрісін, дүниетанымын, сана-сезімін дамытады.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

1.2 Биология сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
ХХІ ғасыр - озық технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Білім берудің жүйесінің қай саласы болмасын осы технологияларды кеңінен қолдануда көптеген сапалы нәтижелерге жетуде. Осы мақсатта еліміздің болашағы үшін осы мүмкіндікті қалай пайдалану, қоғамды ақпараттандыруды қолға алуда. Мақсатқа жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білу керек. Білім берудің жүйесінің негізі - мектеп болғандақтан, мектепте жаңа технологияларды кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше.
Педагогиканың оқыту тәжірбиесінде ақпараттық технологияны қолдану кең өріс тапқан. Д. Ш. Матрос пікірі бойынша, кез келген әдіс пен технология ақпараттық технология деп танылады [3. 42]. Бұл қорытындыға ол оқытудың үнемі оқытушыдан білім алушыға ақпарат берумен байланысты болғандығы үшін келген. Сонымен қоса, педагог үшін ең бастысы білім алушылардың қабылдайтын ақпаратын сапалы меңгеруі үшін оны өңдеу жолдарын іздестіру болып табылады. Осылардың барлығына келісе отырып, оқытудың ақпаратттық технологиясы термині педагогика ғылымына енгізу білім беруде компьютерлік және ақпараттық техникаларды (байланыс құралдары, телекоммуникациялық желілері және т.б.) қолдану екендігін мойындаймыз. Біз оқытушы қолданған дидактикалық құралдардың үйлесімділігі арқылы кез келген оқыту технологиясын ақпараттық технологияға жатқызуға болады.
Оқу процесін жаңа ақпараттық және бағдарламалық құралдар көмегімен жандандыру компьютерлік технология терминін ақпараттық технология түсінігімен алмастыруға әкеп соқты. Сонымен, оқытудың ақпараттық технологиялары дегенімізді тұтас кешенді компьютерлік және басқа да құралдарды қолданумен болатын дидактикалық үдеріс деп танығанымыз жөн.
Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Қоғамның басты бағыттарының бірі - білім беру процесін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білім беру үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды.
Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үрдісіне ақпараттық - коммуникация технологияларының жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады [7. 5].
Заман талабына сай технологияларды ауқымы кең, түрлеріде күн өткен сайын дамып, өзгеріп отырады. Ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Инновациялық технологияларды қолдану барысында жеткен нәтижелер төмендегідей: түрлі техникалық құралдарды пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; оқушылардың барлығын сабаққа белсенді қатыстыруға мүмкіндік туды; олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың; оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың; оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен білім беру жүйесін жаңа технологиялардың алатын орны орасан зор. Осы технологиялардың көмегімен мұғалім аз күш жұмсап, көп сапалы нәтижелерге жетуге мүмкіндік алды. Ол үшін мұғалім жаңа технологиялардың мүмкіншіліктерін шебер, жүйелі қолдана біліп, өз білімділігімен, шеберлігімен бала жүрегінің кілт таба білу керек.
Қазіргі заман талабына сай мектептерде инновациялық озық технологиямен жабдықталған лингофонды мультимедиялық кабинеттер ашылды. Мұндай инновациялық құралдарды оқу процесіне енгізбес бұрын, мектеп мұғалімдерін арнайы компьютерлік курстарға жіберіп, инновациялық жаңа технологиялармен танысып, меңгергендігі жөнінде сертификат алуына жағдай жасалды.
Осы жаңа инновациялық технологиялардың ішіндегі ACTIVboard интерактивті тақта революциялық жабдық екендігі даусыз. Тақтаны қолдану үшін бар болғаны компьютерлік білімің болып, инновациялық құрал-жабдықтарды қолдана білу шеберлігіңіз жетіп жатыр. Ең алдымен интерактивті тақтамен танысып алайық.
Интерактив сөзі ағылшынның interact сөзінен шыққан, inter - өзара, act - іс - қимыл жасау. Интерактивті - біреумен (мұғаліммен, сыныптас жолдастармен, т.б.) диалог, әңгіме кезінде бір - бірімен өзара іс-әрекет жасауға қабілеттілікті білдіреді немесе компьютер арқылы, интерактивті тақтаны колданып электронды оқулықпен оқыту болып табылады [8. 5].
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Оқушыларлың шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады; оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады; әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа түрлерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі қолданылады.

2. Биология пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану ерекшелігі
2.1 Интерактивті құралдарды биология сабағында қолдану
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімді меңгеру; алған білімді жүйелеу; өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео-ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады [10. 14].
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі - ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Интерактивті тақта - сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін (визуалды) ресурс. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндік зор. Сондай-ақ оқытушылар үшін абстракты ойлар мен концепцияларды түсіндіруде құнды құрал болып табылатыны анық. Тақтада оп-оңай ақпаратты өзгертуге болады немесе жаңа объектілерді жасауға, жылжытуға да тиімді. Оқытушылар өз қимылдарын түсіндіре отырып ойларын ауызша жеткізуге болады. Осылайша бірте-бірте оқушыларды қатыстыру арқылы идеяларды тақтаға жаздыруға ұласады.
Интерактивті тақтадан түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқытушылар оқушылардың білімдерін тексере де алады. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалды жақсы түсінулеріне мүмкіндік туғызады. Талдау жүргізуді басқара отырып, оқытушы оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауларына жол сілтейді. Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын-ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді.
Интерактивті тақта көмегімен оқыту, тек компьютермен және проектормен оқытуға қарағанда айтарлықтай әсерлілеу, өйткені оның бірнеше артық тұстары бар. Атап айтсақ: веб-сайттар және басқа да ресурстар қолдану есебінен материалды түсінікті, әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді, сурет салу мүмкіндіктері бар және кез-келген қосымшалардың, әрі веб-ресурстардың үстінен жазуға, көп уақыт шығындамай-ақ бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған кез-келген жазуларды сақтауға, оны басып шығаруға болады; түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырады; ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады, жеке және әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді; оқытудың түрлі стильдерін қолдануды (белгілі бір қажеттілікке икемделе отырып, мұғалім барлық мүмкіндігі бар ресурстарға иек артуына болады); сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді; өтілген материалды қайталау үшін мектеп желісінде пайдаланылған файлдарды сақтауға мүмкіндік береді; сақталған файлдар негізінде меңгерілген материалдарды тексеруді жеңілдетеді; педагогтар жасаған материалдарды қолдануды, бір-бірлерімен материал алмасуларын қамтамасыз етеді.
Екінші режим - Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point - презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің төртбұрыш объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office - нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі - құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады тік төртбұрыш объектісін жылжыту немесе жою арқылы және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби шеберлігінің қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру [11. 3].
Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ActiveBoard электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты меңгеруге; flash - анимациаларды пайдаланып, ережелерді жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; видео-роликтер көруге, сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға; тест сұрақтарымен таныстырып, бір топ оқушыны тесттен өткізуге;
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; интернет-сайттары, басқа да құ-ралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Биологияны оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
Биологияны оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның маңызы
Шет тілін оқытуды ұйымдастырудағы жүйелілік қағидасы
Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім және тәрбие сабақтастығы
Ақпараттық оқыту мақсатының құралдары және әдістері
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Пәндер