Биология пәнінен сабақтың типтері және олардың ерекшеліктері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Биология пәнінен сабақтың типтері және олардың ерекшеліктері

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2016 ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Биологияны оқытудың әдістері мен тәсілдері
1.1. Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Биология сабағында ойын технологиясының пайдаланылуы ... ... ... ... ... .8
1.3. Биология сабақтарында көрнекі әдістердің түрлері және пратикалық әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
ІІ. Cабақтың типтері және олардың ерекшеліктері
2.1.Тіршілік тану курсында пәнаралық байланыстарды тиімді пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Биология сабақтарының жүйеленуі, құлрлымы және мұғалімнің сабаққа дайындығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының биологияға қызығушылығын арттыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Биология сабақтарында кең және жан - жақты пәншілік және пәнаралық бұрынғы болашақ, тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушылардың материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді. Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын аттыру әдістерінің бірі пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептері шығаруды үйрету. Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл - күйі, баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді [1,25].
Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін кабинетке тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру керек.
Тірі табиғат бұрышында жануарлар бөлімінде омыртқасыздар қарапайымдылар көп жасушалар буынаяқтылар, бунақденелер, былқылдақденелілер, шаяндар балықтар болса, енді өсімдіктер бөлімінде бөлме өсімдіктерінен бастап (алоэ, бегония, кактус, қазтамақ т.б.) және төменгі сатыдағы өсімдіктермен жоғары сатыдағы өсімдіктер мәдени өсімдіктер және кеппешөптер болса, оқушылардың қызығушылығы артады. Бұл кабинеттегіні сабақта пайдаланбасақ, кабинеттің мәнісі кетеді. Сондықтан ылғида пайдалануц керек. Оқушылардың биологиялықлық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту биологиядағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды.
Мақсаты: Биология сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері:
-биология сабақтарында ойын элементтерімен танысу;
-биология бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау;
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;
-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;
-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;
-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
І. Биологияны оқытудың әдістері мен тәсілдері
1.1. Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері
Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, оқушыларға білім мен тәрбие беру үшін, пәннің мазмұны мен құрылымы және сабақ өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материялдардан басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту әдістерінің үлкен маңызы бар. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге, тәрбие қалыптастыруға болады. 1963 жылғы философиялық сөздікте "метод" немесе "әдіс" дегенімізді белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тәсілі, реттелген іс- әрекет деп түсіндірілген. Демек "іс әрекетті" дидактикалық принсптер тұрғысында алатын болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мұғалімнің алдына қойған мақсатына жету ұшін жасайтын, пайдаланылатын тәсілдері деп қарастырамыз.
Биология пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.
1. оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс- әрекеттің сипаты.
2. Мұғалімнің білім берудегі іс - әрекетінің сипаты.
3. Білім алу көзі.
Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білшім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі: ал сөздік әдіс, көрнекілік және әдіс және практикалық әдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістері де оқу - тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Олар: оқулық және алуантүрлі техникалық жүйелер. Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп көрсетуге болады.
Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру мен оқытып - тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс - әрекеттеріне байланысты.
Сабақтың алғашқы жобасын жасаған неміс педагок И Штурм, дамытып, теорялық негізін қалаған, іс жүзінде қолдану технологиясы жасаған А Я Коменский. Сабақта мемлекеттік оқыту бағдарламасына сай материялдардың мазмұны оқытудағы тақырыптың негізінде мазмұндап, оқушыларға білім және тәрбие қалыптастырады. Әр бір лқушы сабаққа қатысуға міндетті. Кластағы оқушылар сагы тұрақты жас шаралар бірдей, білім деңгейлері де бірақ қалыпты болу керек. Сабақ барысында жетекші, негізгі ролі мұғалім атқарады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдердің, формаларын қолданады. Деңгеймен сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде орын жоғарылатпайды [4,41].
Мектептегі биология пәндерін оқыту барысында оқытудың басқада формалары қолданады. Сабақтардың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін топ серуендер (экскурция), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар міндетті немесе кластан тыс жұмыстық, мен тірі табиғат үйірмесінде биология бөлмімінде орындалатын жұмыстар. Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық әдіс - тәсілдерін қолданады. Өсімдіктермен жануарлар демократияларда зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың ішкі және сыртқы құрлыстарымен таныстырады. Тірі ағзалардың тіршілігін, дамуын, бір - бірімен қарым - қатнастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытуың басқа формасы қолданылады ол сбақ оқыту формасын толықтырады. Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар. Сөздік әдістері қолдануда оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, лекция түрінде білім береді, ал оқушылардың іс- әрекеті тыңдау. Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылар ауызша немесе жазбаша есеп беру барысында алған білімдері мен түсініктері қортындылады, бекітеді. Көрнекілік әдісін пайдаланған кезде мұғалімнің сөзі бас қа мағына алады да, оқушылардың алатын білім көзі мұғалімнің заттар мен құбылыстарды көрсету, демонстрациялау болып табылады. Оқушылар көрген фактіларін ой елегінен өткізіп, белгілі бір қорытындыға келіп жаңа білім қалыптастырады. Бұл жағдайда оқушылардың бақылаған, көрген құбылыстары білім көзі болып есептелінеді. Практикалық әдіс қолдануда мұғалім нің сөзі нұсқау беру үшін және орындалатын жұмыстың мақсатымен таныстыру үшін қажет. Оқушылардың алатын білім көзі, өздерінің орындайтын практикалық жұмысы. Бірқатар жағдайларда мұғалімнің нұсқауымен білім алу үшін кітаппен жұмы с жүргізледі. Оқушылар білімді кітаптың мазмұнынан алады. Кітаппен жұмыс алуан түрлі әдістерді қолдану барысында да жүргізіледі мұғалімнің қандайда бір әдістерді қолдануының негізгі мақсаты, оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыру . Оқушылар сабақтарда баяндамалар, түсініктемелер, тәхрибелер, практикалық жұмыстар жасайды. Әдістердің барлық түрлерін қолдануда, оқушылардың өз бетінше ойлау деңгейін дамыту жағын қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қатар оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін дамыту үшін олардың жауап әрекеттеріне сараптама жасау керек. Бұл жұмыс оқушылардың білімін тексеру, есепке алу арқылы жүзеге асады.

1.2. Биология сабағында ойын технологиясының
пайдаланылуы
Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады [7,67].
Ойын өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Мұғалім балалар ерекшеліктерін - мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі,сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады.
Мұғалімнің міндеті- ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады [3,95].
Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі - шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.[4]
Ойын - баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, биология сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың биологиялық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, ойлау дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Биология сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, Сақина салу, Ақсүйек ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына Ақсүйек тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі.
Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптары оқушыларының ой-өрісін дамытатын Сақина тастау ойыны. Дидактикалық мақсаты: берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім оқушының жеке басының ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.
Биология сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып сабақ өткізу өте пайдалы.
Мысалы: Көрші-көрші ойыны кітаппен жұмыс. Мұнда екі топ өздері үйде дайындаған жұмыстарымен бір-бірімен алмасып көрсетіп, бір бірін бағалайды.
Мұндай ойынды әр түрлі тақырыптарда өткізуге болады, өткізу арқылы қай оқушының тақырыпты меңгере алмағанын және қай жерден үнемі қате жіберетінін оңай аңғаруға болады. Сондай-ақ үзіліс кезінде білмейтін оқушыларға білетін оқушылардың түсіндіріп, үйретіп жатқанын көруге болады.
Алайда, ойын арқылы тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды.
1.3. Биология сабақтарында көрнекі әдістердің түрлері және
пратикалық әдістер
Көрнекілік әдісін педагогиканың көрнекілік принмптерімен шатастырмау керек. Бұл екі түрлі түсінік, бірақ бір - бірімен тығыз байланыста.
Көрнекіліктер биология сабақтарының барлығында қолданылады, бірақ бұл сабақтарды көрнекілік әдісімен өткізу деген түсі нік емес.
Сөздік әдістерін қолдануда алуан түрлі суреттерді, таблицаларды көрсету арқылы мұғалімнің сөзін дәлелдеу үшін қолданады. Мысалы: өсімдіктер мен жануарлар туралы әңгімелеуде, табиғи обеътілерді қолдануға, суреттерін көрсетуге болады. Сондайақ ғалымдардың өмір жолын, ашқан жаңалықтарын баяндаукезінде суреттер, таблицалар т.б. қолданады. Бұл кезеңдерде оқушылардың білім алу көзі, мұғалімнің сөзі, баяндауы, лекциясы немесе түсіндіруі. Ал қолданылған көрнекілігі қосымша материял ретінде сабақтың мазмұнын әсерлеу үшін қажет.
Ал сабақты көрнекілік әдіспен өткен кезде, пайдаланылған көрнекіліктің сипаты өзгереді жасалған тәжрибелер, көрсетілген тірі обеъктілер, кинофилмдер, таблицалар, бейнетаспалар - оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі екінші ретте көмекші құрал ретінде көрініс алады.
Көрнекіліктер мен обеътілерді демонстрациялау барысында оқушылар өз бетінше бақылап немесе мұғалімнің жетекшілігімен қортындылар мен тұжырымдар жасап, жаңа білім алады.
Көрнекілік әдәсін қолдану, оқушылардың хаңа мазмұнды қабылдау және ойлау қабілетін дамытады.
Биология сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді.
1. Табиғи түріндегі (Табиғи тірі объектілер және препраттар)
2. Бейнелеу құралдары ( таблицалар сызбанұсқалар, мульяждар, бейнефилмдер т.б.)
Әсіресе табиғи объектілерді демонстрациялау пәнді оқытуды тиімділігі өте жоғары. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлар жайында нақты ұғымдар қалыптастырады. Өсімдіктер тіршіліктану пәндерін оқытуда өсімдіктерді демонстрациялауға мүмкіншіліктері мол өсімдіктері алдын-ала табиғаттан тірі табиғат жүйесінен, т.б. дайындауға болады.
Өсімдіктану пәнінен жапырақтардың түр өзгерісі "тақырыбында, суды аз мөлшерде буландыру үшін жапырақтардың экологиялық ортаға беймделуін олардың түк қабаттары мен шаңданған қабаттарын, жапырақ тақталарының көлемінің кішірейун бөлме өсімдіктерінен көруге болады, оқушылар тірі обеъктілерден беймделуді көреді, мысалы: Монстера (Бразиляның ылғалды тропик ормандары), Камелия (Оңтүстік қытай) Алое (Оңтүстік африканың Калахари тахыры), Кактустар (Мексика шөлейті), шыршаның иелерінен, сексеуілдің жапырақтарынан, жантақтың теңге жапырақтарынан, т..б. көрсетуге болады [11,87].
Жануартану адам физиологиясы сабақтарында тірі жануарларды демонстрациялайды. Сүт қоректілердің, құстардың орташа көлемді түрлерін торда ұстап немесе арнайы жасалған ұяларда көрсету үшін мұғалімнің үстеліне қояды. Ұсақ жануарларды құрбақа кесірткі, шаян сияқты шыны ыдыстарға салып бетін дәкемен жауып көрсетеді. Пробиркада өте ұсақ жануарларды, бунақденелілерді, өрмекші тәрізділерді, қуыршақтарының дамуының әртүрлі сатысында демонстрациялайды. Үлкен жануарладың қаңқасын, модельдерін мульяждарында контрасты экран жарық сәулелерін қолдану арқылы арнайы үстелдерде көрсетеді. Тәжрибелерді демонстрациялау биология пәндерінің барлық сабақтарында қолданлады. Тәжрибелерді бірнеше оқушыларға бөліп береді. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне тәжрибені қою Тәртібінің суретін салып, қортынды нәтижелерін жазады. Мысалы: жасыл өсімдіктердің жарықта оттегінбөлуі, өніп келе жатқантұқымның көмірқышқылгазынбөлу туралы. Көпшілік микроскоптық объектілер биология сабақтарының барлығында қолданылуы мүмкін. Сондықтан оқушылар микроскоппен жұмыс істеу икем дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік әдісін Қолдану сынып жоғарылаған сайын күрделеніп, нағыз білім алу көзіне айналады. Қандайда болмасын әдістің негізгі мақсаты оқушылардың өз бетінше білім алуын көздейді. Олардың сана сезімін дамытып, логикалық ойлауын, шығармашылығын, өз бетінше білімін іс - әрекетте, практикада білуін дамытады [9,125].
Практикалық әдістер бұл әдістер мұғалімнің ұйымдастыруы мен бағыттауның нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын сөздік көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады. Практикалық метадоттарды қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсендіреді, еңбекке баулйды. Оқу тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды. Оқушылар бұрынғы алған блімдерін іс - жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдай ғана практикалық жұмыстар білім көзі болып табылады. Практикалық жұмыстардың методоттардың түрлеріне жататындар:
1. Табиғи обеъктілерді танып білу және анықтау.
2. Құбылысты бақылап есепке алу.
3. Экспериммент жасау.
Практиклық жұмыстың басында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеулері керек. Көрнекілік методымен практикалық методот кезіндегі оқушыларының бақылауының айырмашылығы жер мен көктей. Практикалық бақылау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізеді, өлшейді, есептейді, кептіреді т.б. Осындай құбылыстардың нәтижесінде оқуушылар құбылыстыдәлелдейтін материялдар жинайды.
2.Cабақтың типтері және олардың ерекшеліктері
2.1.Тіршілік тану курсында пәнаралық байланыстарды тиімді пайдалану жолдары
Оқушылардың тіршіліктану курсын оқуға дайындығы негізінен физика, химия пәндерінен алған азды - көпті білімдеріне байланысты (оныншы сынып). Мысалыға, физика пәнінен ультрафиолет сәулелер, рентгенизация, денелердің радиоактивтілігі, электрондық теория, фотон жайлы түсініктерді білу керек.
Ағзаның жалпы құралымы жайлы түсініктің органикалық химиядағы әсеріне биологиялық күрделі қосылыстар туралы мәліметтермен тікелей байланысы бар. Сондай- ақ пәнаралық байланыс оқушылардың биология ғылымдарының демалуының алғы шарттары және әр түрлі халық - шаруашылық салаларында оның жетістіктерімен танысуы кезінде қажет.
Бірақ-та, химия пәнінің байланысында көптеген кемшіліктер байқалады: оқушылар аққуыз, көмірсу, лепидтер және тағы басқа күрделі биологиялық қосылыстардың бүге - шүгесін білмей жатып, оны тіршіліктану барысында оқып өтеді. Ал бұндай қосылыстар органикалық химиядан тек онбірінші сынып оқу жылының соңында оқытылады. Жасуша туралы жаңа көзқарас химиялық компоненттерсіз және олардың құрылымынсыз ойға санамайтын нәрсе. Өз кезегінде нуклейн қышқылының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы туралы - көмірсу, фосфорқышқылының, сілтілі азоттың негіздерінің төрт түрін білмей ақуыздың синтезін және тұқымқуалаушылық, яғни, табиғи процестердің тіршілігін түсіну мүмкін емес. Осыған орай биология пәні мұғалімі өз сабақтарында жасушаның химиялық құрамын және ондағы процестерді түсіндіру үшін химиялық білімдермен қарулану қажет [6,27]..
Тәнтану пәнінен беретін мұғалім өтетеін тақырыбына байланысты органикалық химия курсынан қажетті химиялық білімдермен қарулану қажет. Мұғалім жаңа химиялық түсініктерді химиялық формулаларға жалпы сипаттама беруден шектеліп оны нақты мысалдармен демонстрациялайды. Онбірінші сыныпта мұғалім оқушылардың неорганикалық химиядан алған білімдеріне сүйенеді, себебі коваленттік байланыс және геонтериясы жайлы ұғымдар сегізінші - тоғызыншы сыныптарда өтілгені жағдайды жеңілдетеді.
Мұны келесі мысылдармен тьүсіндіруге болады:
Негізгі энергия көзі көмірсулар болатыны онбірінші сынып оқушыларына таныс глюкоза, гликоген, клетчатка, крахмал мысалына көруге болады. Көмірсудің физикалық құрамын және адам ағзасында кездесетінін, сондай - ақ тағам құрамындағы көмірсу ас қорыту процесінде глюкозаға айналып, қан арқылы ұлпаларға тасымалданатынын түсіндіруге болады.
Липидтер ағза резерві және жасуша құрцылымының құрамында мысалыға, жасуша қабықшасында көрінеді.
Нуклейн қышқылының молекулалық құрамын түсіндіру қиынға соқпайды. Себебі, көмірсу компонентінің түсіндіруде оқушылардың өсімдіктану мен тәнтану курсынан өткен крахмалдың мысалында айтуға (тұқымның құрамы, фотосинтез өнімдері және асқорыту процесі кезіндегі крахмалдың өзгеріске ұшырауы) болады. Ал сілтілі негізі және фосфорқышқылы туралы түсінік оқушыларға беорганикалық химиядан танымал.
Химия және физика бағдарламасы әсіресе, тіршілік танумен пәнаралық байланыс ретінде сәйкестендірілуі тиіс. Бұл тіршіліктану пәніне дайындық ретінде оқушылар молекуладағы атомдардың оранласуын, заттардың құрамы атом мен молекуланың құрылысына байланысты екендігімен таныс болуы керек.Мысалға Көміртегі және оның қосылыстары тақырыбы метаннан да басқа мысалдармен қеңейтіліп бірлесе, биологиялық оқытуда көмек болар еді.
Тіршіліктанудың гуманитарлық пәндермен де пәнаралық байланыстар бар. Оқушылардың тарих пәнінен білімдері, оларға тарихи жағдайда әр әртүрлі ғылыми теориялардың пайда болуын түсінуге көмектеседі. Экологиялық проблемалармен биосфераның заңдылықтарын оқыту үшін физико - географиялық білім қажет. Тіршіліктанудың мазмұны философиялық тәртіпке саяды. Сондықтан ғылымтануды оқытады.
Биологиялық құбылыстар ретінде философиялық тракт проблемаларына ден қою тіршіліктану пәнін оқытуда зарарын тигізеді. Бұл философиялық категорияларға қосымша оқытушыларды биологиялық факторлармен заңдылықтарды жаттауға үйретеді.
Бұндағы барлық байланыстар оқу және тәрбиелік мағана береді: Мектепте әртүрлі ғылымдардың негізі оқтылады, бірақ оқушылардың білімі түрлі оқу пәндерімен байланысты қоғам және табғат туралы жалпы білім қалыптасу керек.
Оқушылардың өздері әртүрлі пәндерді оқығанда бұндай байланыстарды қарастармайды. Мұғалім болса осы байланыстарды сұрақ қою арқылы ұғындырады.
2.2. Биология сабақтарының жүйеленуі, құрsлымы және мұғалімнің сабаққа дайындығы
Жоғарғылда айтылғандай оқу - тәрбие жұмысының негізгі формасы - сабақ. Сабақта мектеп оқушылары тұрақты ұжыммен белгіленген уақытта сабақ кестесіне сай білім алады. Сабақтың элементтері бір - бірімен тығыз байланысты және ол бір тұтас құрлым тұрақты жүйе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Биология пәнінен дәстүрлі емес сабақтың түрлері
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
«Дарвинизм»
Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар
Пәндер