Тірі табиғат бұрышында омыртқасыз жануарларды орналастыру және күту



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Көлемі: 21 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Тірі табиғат бұрышында омыртқасыз жануарларды орналастыру және күту

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2016 ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Биология кабинетіндегі тірі табиғат бұрышының маңызы
1.1 Биологияны оқытуда материалдық базасын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Биология сабақтарында тірі табиғат бұрышында пайдалану ... ... ... ... ... ... 8
2. Тірі табиғат бұрышында омыртқасыздарды орналастыру және күтім жасау
2.1 Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, омыртқасыздарды орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Тірі табиғат бұрышында ақ тышқандарды орналастыру және зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Омыртқасыз жануарлардың қозғалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Адам - табиғатпен егіз. Адам ауырса, одан табиғатқа келіп-кетер ештеңе жоқ шығар, ал табиғат ауырса, адам онымен қоса ауырары хақ. Сондықтан да, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау, оған қамқор болу адамзат баласы үшін маңыздылығын жойған емес. Қазіргі таңда экология ғылымы адам өміріндегі ең өзекті мәселелерді бүкіл адамзат алдына қойып отырған ғылымының бірі. Оқушыларға білім мен тәрбие берудегі бүгінгі күнгі басты мәселелердің бірі-экологиялық тәрбие, сана, сауаттылық, этика, мәдениетті ұғындыру, ұғу деңгейін көтеру.Бұл ұғымдарды түсіну оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруіне жол ашады және пәнге деген қызығушылығын арттырады.Мектептегі экологиялық зал мен тірі табиғат бұрышан ұйымдастырудағы мақсат:
1.Оқушыларға экологиялық білім негізін қалау ;
2.Эстетикалық тәрбие беру;
3.Теорияны практикамен ұштастыру, білім дағдысын қалыптастыру;
4.Пәнге деген қызығушылығын арттыру
Биология сабағында әр тақырып сайын оқушылармен түрлі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырып, түрлендіріп, өткізу басты мақсат.Әрбір сабақ - мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушының есінде қалатындай етіп түрлендіріп өткізу керек. Оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыру мақсатында өсімдіктер бөлімінде тірі табиғат мүйісіндегі және бөлме өсімдіктері көрнекілік ретінде пайдаланылады.
Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін кабинетке тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру керек.
Тірі табиғат бұрышында жануарлар бөлімінде омыртқасыздар қарапайымдылар көп жасушалар буынаяқтылар, бунақденелер, былқылдақденелілер, шаяндар балықтар болса, оқушылардың қызығушылығы артады.
Тақырып өзектілігі: Генетикалық материалдар бойынша ақ ышқандар адамнан 1% ғана ерекшелінеді және олар басқа сүтқоректілерден тиімді дараланып, үйренуге қабілітті болып келеді. Ақ тышқандар зиянкестер ғана емес, сонымен қатар олар - қала адамдарының сүйікті ұй жануарлары болып келеді. Қалада тұратын адамдардың көбісі ұй жануарларын ұстағысы келсе де, алайда ондай мүмкіндіктері болмайды. Жануарларды асырау үшін оған алдын ала оған тұратын орынды дайындап алу керек, кішкене болса да ол тіршілік ететін табиғи ортаға сай келтіру керек.
Зерттеу мақсаты: биологияны оқытуда материалдық базасымен таныстыру, биология кабинетін ұйымдастыру оның оқу-тәрбие процесіндегі рөлі, оқу жабдықтарын орналастыру туралы ұғым беру, тіршілік бұрышының маңызы анықтау.
Зерттеу міндеттері:
oo Мектепте тірі табиғат бұрышында омыртқасыз жануарларды орналастыру және оларға күтім жасау әдістері туралы;
oo Іс-әрекеті мен қоректену ерекшеліктерін бақылау;
oo Омыртқасыз жануарлардың дамуын, қоректенуін анықтау;
oo Омыртқасыз жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу.
Зерттеу болжамы: мектептегі тірі табиғат бұрышы ұйымдастырылса, жануарлардың қимыл іс-әрекетін бақылауға, тірі ағзалар туралы білім алуға қызуғышылық пайда болады және оқушылар мен олардың арасында қоршаған ортадағы жануарларға деген көзқарастары, қорғаушылық еңбек мәдениеті дамитыны сөзсіз.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы: бақылау, эксперименталдық тәжірибе жұмыстарын биология сабағында қосымша сыныптан тыс сабақтарда қолдануға болады.

1. Биология кабинетіндегі тірі табиғат бұрышының маңызы
1.1 Биологияны оқытуда материалдық базасын ұйымдастыру
Биологияны окытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу керек, ол дегеніміз оқытудың материалдық базасын ұйымдастыру; биология кабинеті, оқу-тәжірибе алады және тірі табиғат мүйісі, бұлар бір-бірімен өзара байланысты және оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыруда бірін-бірі өзара толықтырып отырады.
Оқытудың негізгі түрі сабақ болғандықтан ол, негізінен сыныпта өтеді. Биология сабақтары өтетін сынып бөлмесі - биология кабинеті болуы тиіс, осында биологиялық білімді игеру жүреді.
Биология кабинеті - бұл биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пәнінің ерекшелігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс. Пән ұстазы үшін кабинет, өзінің бар; жинақталған байлығымен, тек қана сабақ өткізуге арналған және тек қана жұмыс орны емес. Бұл ерекше орын, онда әртүрлі өсімдіктерді және; жануарларды кездестіретін өз алдына табиғаттың бір бөлшегі. Осы жерде тек күнделікті сабақтар ғана отіп коймайды, онда зертханалық және сарамандық сабақтар, тәжірибелер көрсету, тірі табиғат нысандарын бақылау, сыныптан тыс шаралар жүргізіледі.
Кабинетте барлық оқытуға кажетті құрал-жабдықтар және арнайы, нақты курсқа, нақты тақырыпты оқытуға арналған құралдар болады.
Кабинеттің оқу - тәрбиелік рөлі. Биология кабинетінде оқыту үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту сияқты жұмыстар жүргізіледі, сол үшін де ерекше құралдар мен жабдықтар керек. Топтық практикалық жұмыстар, әртүрлі дәстүрлі емес сабақтар жүргізген кезде орындарынан қозғап өзгерте алатындай ыңғайлы орындықтар мен үстелдер болады. Мүғалімнің үстелі мен тақта сабақта көрнекі құралдар көрсетуге пайдаланылады. Қабырғада (тақта үстінде) экран (оралған түрде), қатарында телевизор, арт жақта кинопроектор.
Кабинетте су құбыры, қол жуғыш міндетті түрде болуы шарт. Су үнемі практикалық, зертханалық жұмыстар және өсімдіктер мен жануарларды күту үшін қажет.
Биологиялық әдебиеттер, әртүрлі анықтамалар, зертханалық және практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік ұсыныстар жинакталған шағын
кітапхана ұстазға да оқушыға да оқу материалын меңгеруде кажет.Ғылыми - әдістемелік рөлі. Кабинет - биология мұғалімінін жұмыс орны.Сол себепті онда ұстазға сабаққа және басқа жұмыстарға шығармашылықпен дайындалуға мүмкіндік туғызатын қажетті бағдарламалар, кітаптар, мерзімді басылымдар, әсіресе Мектептегі биология, Мектептегі экологиялық білім т. б. журналдар мен әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс.
Мектеп жанындағы оку-тәжірибе алаңы да биологияны сапалы оқытуда маңызды материалдық базаның бір кұрам бөлігі. Биологияны оқыту - практикасында мектептің оқу - тәжірибе алаңының рөлі аса зор. Тәжірибе алаңында оқушылар биология сабақтарында игерген теориялық білімдерін тереңдетіп өз қолдарымен практикалық жұмыстар жасайды. Сол себепті өсімдіктерді өсіру мен баптаудың практикалық біліктілігін игереді. Жануарларды күту, бақылау дағдылары қалыптасады. Көктемде және күзде тәжірибелер қойып осімдіктердің өсуінің биологиялық зандылықтарын анықтайды. Нақты осы табиғи жағдайда өсуі мен даму, оның қажетті шарттарын оқып үйренеді. Тәжірибелер мен бақылаулар кезінде шаруашылық дакылдарының түсімін молайту мүмкіндіктерін анықтайды. Оқушылардың еңбек тәрбиесінде биология пәнінің, оның ішінде оқу -тәжірибе алаңының маңызы зор әрі мүмкіндіктері мол. Тәжірибе алаңындағы жұмыс балалардың еңбек мәдениетін, әсемдік сезімін, және ұжымдық дағдыларын тәрбиелейді. Мектептің оку-тәжірибе алаңын жасауды тыңғылықты педагогикалық ойланылған жоспар құрудан бастау қажет. Оқу- тәжірибе алаңы мектеп ғимаратына жақын орналасуы тиіс. Оны жасағанда, орын таңдағанда, жердің сипаты, бедері мен топырақ жағдайлары, жарық түсуі есепке алынуы кажет. Оқу-тәжірибе алаңы биология пәнінің зертханалық және практикалық жұмыстарының бөлімшесі ретінде болғандықтан онда биология пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес оқылатын өсімдіктер өсіру кажет.
Тірі табиғат мүйісі арнайы бөлмеде (реті келсе) немесе биология кабинетінде орналастырылады. Табиғат мүйісінде жануарлар мен өсімдіктер тек қана сакталмайды, ол - сабакта және сыныптан тыс сабақтан жұмыстарда бақылаулар мен тәжірибелер жүргізілетін орын. Бұнда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру, балалардың ой-өрісін кеңейту мүмкіндігінің зор екендігі сөзсіз.
Кез - келген мектепте тірі табиғаг мүйісінің болуы оқушылардың мәдениетіне өсімдік дамуларына және оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешуде ықпалы зор.
Табиғат мүйісін жасауда бірінші мәселе - оқу үрдісінде пайдаланылатын тірі нысандар орналастыру. Оқушылар бұл жерде бағдарламаға сәйкес бақылаулар жүргізіп, тірі нысандармен тәжірибелер жасайды. Оқу-тәжірибе алаңы сияқты бұл жерде де жануарлар мен өсімдіктерді ұзақ бақылау зерттеушілік біліктіліктің дамуына ықпал етіп, сарамандық жұмыстың ыңғай дағдысын игеріп, тірі табиғаттың көптүрлілігінің куәсі болады.
Биология кабинеті мен оқу-тәжірибе алаңын ұйымдастырған тәрізді тірі табиғат мүйісін жасауда да оқушылардың ат салысып, белсене араласқаны жөн. Жануарлар мен өсімдіктердің орналастырылуы және оларды ұстау биологиялық, санитарлық-гигиеналық ережелерге сай болуы тиіс. Ұстаздың кеңесімен балалар өсімдіктер мен жануарларды күту және бақылаудың күнделігін құрып, кесте жасайды. Тірі нысандармен жұмыс істеу барысында оқушылардың еңбек мәдениеті, біліктілігі мен дағдылары қалыптасып, табиғатқа деген аяушылык және қамқорлық сезімдері оянып көзқарастарына әсер етеді.
1.2 Биология сабақтарында тірі табиғат бұрышында пайдалану
Кабинетті жабдықтау шеберлікті, ізденісті талап етеді. Толық жабдықталған кабинетте оқушылардың көру, бақылау жүргізу, зертханалық жұмыстар жасау арқылы білім, біліктері артыи, естерінде ұзақ сақталады. Төменде экология кабинетін оқу жабдықтарымен жабдықтау және тірі табиғат бұрышын жасау мысалдары көрсетілді.
Жануарлар:
Аквариум Балықтар: группиялар, шұбар-семсер (пецилиялар), семсерқұйрықтар, алтын балықтар, жайыншалар, данио-рерио, барбустер, скаляриялар және т.б.
Омыртқасыздар: кірпікшелі кебісше, кәдімгі гидра.
Былқылдақ денелілер: айқұлақ, ұлу, перловица, ампулярия, ахатина, үлкен тоспа ұлуы, қошқармүйіз ұлу, шалғындық шырыш және т.б. Шаянтәрізділер: шашақмұрт шаян (дафния), циклоп, есекқұрт
Бунақденелілер: жүзгіш қоңыз (плавунец окаймленный), үлкен суіңкәр, ауылшаруашылық зиянкестердің дернәсілдері немесе көбелек қуыршақтары, басқа да бунақденелілерді, дрозофнлаларды ұстауға болады. Сирекқылтанды құрттар мен сүліктер.
Қосмекенділер: кәдімгі құйрықты бақа (тритон), аксолотль, шпорц бақасы, шөп бақа, жасыл немесе сұр құрбақа, шұбар бақа.
Мамандандырылған кабинеттерде басқа да жануарларды ұстауға болады: тасбақаларды, су жыландарды, атжалмандарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарды; құстардан: кептерлерді, тотықұстарды, шымшықтарды және т.б.
7 сыныпта буылтық құрттар типін өткенде гүл ыдысына жіберілген жауын құртын зерттеп, жұмысқа пайдаланады.Оқушының өзіне берілген құрттың сақиналы буылтығын санайды, белдеушесін тауып, бас бөлігімен құрсақ бөлігін ажыратады.Аз қылтандарын қарап, тіреу қызметін бақылайды. Балықтар класын оқығанда шартты рефлекстің түзілуіне тәжірибе қою арқылы шартты рефлекстің түзілуін тәжірибе жүзінде дәлелдейді.Аквариумдегі балықтарды пайдалана отырып, жүзбе қанаттарының қызметін бақылып, біледі.Қосмекенділер класын өткенде бақаның алдыңғы, артқы аяқтарының құрылысымен қызметін салыстырып,тері бездері мен шырышын қарап,басында орналасқан мүшелерімен танысады.Сүтқоректілер класын отрядтарға бөлгенде кеміргіш сүтқоректілердің қоянтәрізділер отрядтарын өткенде қоянның күрек тістерін қарады. Жалпы биология бөлімінде Аллельді емес гендердің әрекеттесуі тақырыбын өткенде әрекеттесу типін атай келіп, комплементарлы әрекеттесуіне тотықұс қауырсынының түстерін мысалға келтіре отырып, көрсетіп дәлелдедік. Құстар класын оқығанда құс тұмсығының құрылысын айтқан кезде тотықұстың балсірісін көрнекілікке пайдалануға болады. Қауырсындарының түрлерін ажыратып, үйренеді.
Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін қадағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті жеке тұлғаны анықтауға болады.
Экологиялық зал мен тірі табиғат бұрышында тек мұғалімге емес, оқушыларға да жұмыс жасауы керек.Осы мақсатта Жас эколог үйірмелері ұйымдастырылды.
Жас экологтардың міндеті:
:: Залды, кабинеттерді гүл түрлерімен безендіріп көбейту, күту, тәжірибе қою
:: Тірі табиғат мүйісін экспонаттармен тірі ағзаларды жинақтап, толықтырып, жаңартып отыру, тәжірибелер қою
:: Аквариумдерде, террариумдерде тірі жануарларды күту
:: экологиялық білім мен тәрбие негізін қалау,жергілікті жер табиғатын қорғауға ат салысу.
Сонымен қатар тірі ағзаларды сыныптан тыс шараларда да пайдаланып, жүзеге асыруға болады.Бастауыш сыныптағы дүниетану, өзін-өзі тану, жаратылыстану пәндеріне де пайдаланылады.Сонымен қатар балабақша тәрбиеленушілері, шағын орталық балалары, мектеп алды дайындық балалары жиі саяхат жасап, қызығушылығы оянады.Сыныптан тыс шараларда табиғи материалдарды пайдалана отырып, әртүрлі бұйымдар жасайды. Жерілікті жердің дәрілік өсімдіктері, оларды қолдану жолдары тақырыбында буклет жасалып, қорғалды.Бұның өзі оқушылардың туған жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілігін көрсетеді.
Биология сабақтарында ылғалды препараттардан К.И.Скрябин ұсынған ГТЖТ әдісі арқалы зерттеу.
Бұл әдіс ғылыми мақсат барысында қолданылады. Онымен жануарлардың тоғышарлары бар барлық мүшелерін тексеруге болады
Мал дәрігерлік жеке тәжірбиеде мүшелерді тексеруде ГТЖТ әдісі көп пайдаланылады. Мысалы: фасиолез бен дикроцелиозын аурулардың қоздырғыштары сорғыш құрттарды балау үшін бауырды тексереді. Оны ет жолдары бойынша тіліп отырып, оның жеке бөліктерінің ішінде физиологиялық кюветкаға салады. Осы уақытта құрттар ертіндіге түсіп, ыдыс түбіне жиналады және олардфы үлкейткіш лупаны пайдалана отырып теріп алады.
Герлихтың модификациясы бойынша асқорыту жүйесін зерттеу. Бұл әдіс күйіс қайыратын малдың стронгилятадаларын нематодаларын іздеп табуға қолайлы. Ол үшін асқазан ұлтабар асқазан кілегейлі қабығынан көптеп қырынды алып, ыдысқа салып, Рингер ертіндісінде бірнеше дүркін жуып-шайып 60 в-ты электро шам астына 4-5 см қою керек. 30 минут өтісімен жұмыр құрттар жылы мен жарықтың әсерінен қырындының үстіне шығып, преполовальды инемен жинап алып, қайта жуып шаю үшін стаканға салады. Остертагиялар мен гемонхтарды жинау үшін ұлтабарды бөліп алып тіліп қандауырдың (скальпелдің) түбі өтпес жағымен кілегейлі қабығынан мол етіп қырынды жинап, көлемі 9-12 см кюветкаға салып, 200 в электро шам астында екі арлық 20 см қояды. Қырынды сыртына жылжып шыққан неиотодтарды жинап физиологиялық ертіндісі бар шыны ыдысқа салады.
Аквариумдегі алғашқы балықтарға келсек майда және ірі балықтарды кездестіреміз. Мысалы: алтын балық, группиялар, жайыншалар, скаляриялар т.б. Бұлар майда балықтар. Осы сияқты аквариумде омыртқасыздар; кірпікшелі кебісше, гидра, былқылдақденелілерден; айқұлақ, ұлу, қошқармүйіз ұлу т.б, шаянтәрізділерден; өзен шаяны, циклоп, дафния т.б, өрмекшітәрізділерден; қарақұрт, бұзаубас т.б. оқушыларға білім беру үшін пайдаланамыз. Аквариумдегі барлық жануарлар еріген оттегімен тыныс алады және қолдан қореқтенеді. Бұлар жыртқыш жәндіктер. Жануарлардың адам өмірінде үлкен маңызы бар.
Жануарлардың жер жүзінде суда да, құрлықта да, топырақта да тіршілік етеді. Жануарлар қоректеніп ұрпағын өрбітеді.
Бұлардың акватеррариум дегеніде бар. Онда арнайы қосмекенділер кәдімгі құйрықты бақа, тритон, аксолотль, шұбар бақа т.б. Бақаларды жеке бөлек ұстайды. Өйткені бақалар суды тез ластап, басқа жануарлардың өмір сүруіне кедергі жасайды. Қазақстанда бақалардың екі түрі мекендейді. Көпшілігі тропиктік жерлерде (Африка, Австралия ) елдерінде мекендейді.
Мамандандырылған кабинеттерде басқада жануарларды ұстауға болады: тасбақаларды, су жыландарды, атжалмандарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарын, құстардан: кептерді, тотықұстарды, шымшықтарды т.б.
Негізінен жануарлар әлемі табиғаттың бөлінбес құрамдас бөлігі. Сондықтан бүкіл халық болып жануарларды қорғау жұмысы ұйымдастырылды. Халықаралық Қызыл кітапқа 1979 жылдан 226түрі 79түр тармақтары, құстардың 181 түрі мен 77 түртармақтары, жорғалаушылардың 98 түрі мен түр тармақтары, қосмекенділердің 40 тармақтары тіркелді.

2.1 Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, омыртқасыздарды орналастыру
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру - бұл оқушылардың тікелей тәжірибелер мен бақылаулар жүргізуіне қажет жағдай. Кейінгі кездерде мектептерде тірі табиғат бұрышын жасауды онша тиімді емес деген пікір етек алуда. Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру арқылы мұғалім оқушыларға жергілікті нысандарды нақты бақылауға жағдай жасайды. Тірі табиғат бұрышын жасауда бірнеше талаптарды естен шығармаған дұрыс:
- тірі табиғат бұрышына арналған бөлмеге жарық жақсы түсуі керек. Бұл жерде түрлі өсімдіктерді өсіруге де жағдай болуға тиісті. Сонымен қатар мұнда қоятын тірі табиғат нысандарын таңдау жергілікті жердің жағдайына және мектептегі жағдайға байланысты бұрышқа қойылатын жануарлар мен өсімдіктер міндетті түрде жергілікті нысандардан болуға тиіс. Сонымен қатар бастауыш сынып бағдарламасына лайықты ма­териалдар қамтылмақ.
- әрбір нысан екі-екіден болуға тиісті. Бұл оқушылардың әр түрдің нақты қасиеттері мен түсінің тұрақтылығын аңғаруына керек. Бұрышқа қойылатын материалдар баланың назарын аударатындай, тартымды және түрі-түсі ашық қанық бояулы болғаны жөн. Мәселен, өсімдіктер болса, көбіне ашық түсті және оқушылардың бақылауына ыңғайлы бөлме өсімдіктері: алоэ, бегония, кактустың түрлері, традисканция, фиалка, фикус т.б. Сонымен қатар өсімдіктер мен жануарларды орналастырғанда олардың биологиялық ерекшелігіне көңіл аударуы керек (көлеңке сүйгіш. Жарық сүйгіш, суыққа шыдамды, жылыны ұнататын т.б.).
Бұрышқа қойылатын материалдар, нысандар оқушылар өміріне қауып туғызбайтын және олардың бақылау жүргізуіне ыңғайлы болуы керек. Мәселен, жануарлардан: бақа, тасбақа, кірпі, атаман, сушошкасы, ақтышқан т.б.
- бұл нысандар сол бұрышта тіршілік етуге ыңғайлы, былайша айтқанда икемделген болуға тиісті.
- қорек таңдамайтын, оларды тамақтандыру қиынға түспейтін болуға тиісті. Сонымен қатар мұғалім үнемі бұрышқа орналастырған тіршіліктің немен қоректенетінін іздестіріп, оқушылардың да бұл туралы әдебиетті оқып білуін тапсырып отырады. Сол арқылы оқушылардың тіршіліктің ерекшелігін білуге қызығушылықтарын күшейтеді.
- тірі табиғат бұрышына қоятын нысандар тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Қыстайтын және жыл құстары болса, олар уақытша ұсталады. ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Тірі табиғат мүйісі және оны ұйымдастырудың маңызы
Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру
Атмосфераның табиғат пен тірі организмдер тіршілігіндегі рөлі
Мектепке дейінгі ұйымдарда өлі және тірі табиғат құбылыстарымен таныстыру
Түйені күту және азықтандыру
Қазақстандағы омыртқасыз жануарлардың түрлері
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Балапандарды бағып – күту әдістері
Жерге орналастыру
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь