Биологиядағы білім мен біліктілікті қалыптастырудағы оқу тәжірибелік ұйымдастыру мен оның маңызы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану- география факультеті
Биология және экология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Биологиядағы білім мен біліктілікті қалыптастырудағы оқу тәжірибелік ұйымдастыру мен оның маңызы

Орындаған:
Тексерген:

Орал,2015ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Биологияны оқытуда оқу-тәжірибелік аймақтардың маңызы
1.1. Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Биологиядан оқу-тәжірибе аймағы және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ..8
1.3. Оқу-тәжірибе участогында жасалатын тәжірибелердің оқу-танымдық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ. Биологиядағы білім мен біліктілікті қалыптастырудағы оқу тәжірибелік аймақтарды ұйымдастыру
2.1.Агробиологиялық аймақтарды ұйымдастырудың алғышарттары ... ... ... .15
2.2 Биологиядан кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазақстанның білім беру заңдары мен білім стандарттарында әрбір азаматтың сапалы білім алып, өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін өз бетімен жүмыс жасай білуінің маңызы зор екендігі атап көрсетілген.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Еліміздің ертеңі, бүгігі жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында деп атап көрсеткеніндей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен міндет артып отыр. Оқу процесін дұрыс және ғылыми тұрғыда ұйымдастыру үшін мұғалімге тек биологияның теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз. Сонымен қатар, білім алуда ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда, ойлау мен таным қабілеттерін дамытуда оқыту үдерісінің жалпы психологиялық заңдылықтарын білу қажет.
Сондықтан, биологиядан кластан (сыныптан) тыс жұмыстар, атап айтқанда мектептің оқу-тәжірибе участогындағы жұмыстар барысында оқушыларға ауылшаруашылығы жұмыстарының маңыздылығын нақтылап талдап көрсету жоғары маңызға ие болмақ. Жерге деген көзқарас өлкетану, туристік басқа да алуан түрлі мектептен және сыныптан тыс жұмыстар арқылы қол жеткізетін тәрбиелік шаралар нәтижесінде қалыптасатын туған өлкеге деген қарапайым ғана сүйіспеншілік емес. Жерге деген қарым-қатынасқа тек ақыл ғана емес, жүрек керек.
Тәжірибелік жұмыстар еңбекке баулу мен тәрбиелеудің қортындысының өзіндік көрсеткіші (индикаторы) қызметін атқарады.
Оқыту мен тәрбиелеу барысы екі жақты, ол педагогтар мен тәрбиелеушілердің біріккен күш-жігері арқылы ғана тиімділікке қол жеткізеді. Сондықтан, оқушылардың таным белсенділігінің артуы, олардың еңбек әрекетіне қатысуының ұлғаюы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу жұмысының маңызды тұсы болып табылады.
Оқушылардың қандай да бір іске қызығушылығы мектепте ғана қалыптасатынын ескеру абзал. Олай болса, оқушылардың ауылшаруашылығы бағытындағы тәжірибелік жұмыстарының мазмұны мен әдістерін түбірінен жақсарту қажеттілігі туындайды.
Мектептегі ауылшаруашылығы тәжірибелік жұмыстарын дамыту оқушыларға еңбек, адамгершілік, физикалық, экологиялық, эстетикалық тәрбие берумен тығыз байланыстырылуы шарт.
Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін кабинетке тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру керек.
Тірі табиғат бұрышында жануарлар бөлімінде омыртқасыздар қарапайымдылар көп жасушалар буынаяқтылар, бунақденелер, былқылдақденелілер, шаяндар балықтар болса, енді өсімдіктер бөлімінде бөлме өсімдіктерінен бастап (алоэ, бегония, кактус, қазтамақ т.б.) және төменгі сатыдағы өсімдіктермен жоғары сатыдағы өсімдіктер мәдени өсімдіктер және кеппешөптер болса, оқушылардың қызығушылығы артады. Бұл кабинеттегіні сабақта пайдаланбасақ, кабинеттің мәнісі кетеді. Сондықтан ылғида пайдалануц керек.
Мақсаты: Биология сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері:
-биология сабақтарында ойын элементтерімен танысу;
-Мектептің оқу-тәжірибе участогінде өсімдіктер өсіру кезінде оқытуды ауылшаруашылығы еңбегімен тығыз да жоспарлы түрде байланыстыруды іске асыру.
-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Биологияны оқытуда оқу-тәжірибелік аймақтардың маңызы
1.1. Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері
Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, оқушыларға білім мен тәрбие беру үшін, пәннің мазмұны мен құрылымы және сабақ өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материялдардан басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту әдістерінің үлкен маңызы бар. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге, тәрбие қалыптастыруға болады. 1963 жылғы философиялық сөздікте "метод" немесе "әдіс" дегенімізді белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тәсілі, реттелген іс- әрекет деп түсіндірілген. Демек "іс әрекетті" дидактикалық принсптер тұрғысында алатын болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мұғалімнің алдына қойған мақсатына жету ұшін жасайтын, пайдаланылатын тәсілдері деп қарастырамыз.
Биология пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.
1. оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс- әрекеттің сипаты.
2. Мұғалімнің білім берудегі іс - әрекетінің сипаты.
3. Білім алу көзі.
Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білшім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі: ал сөздік әдіс, көрнекілік және әдіс және практикалық әдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістері де оқу - тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Олар: оқулық және алуантүрлі техникалық жүйелер. Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп көрсетуге болады.
Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру мен оқытып - тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс - әрекеттеріне байланысты.
Сабақтың алғашқы жобасын жасаған неміс педагок И Штурм, дамытып, теорялық негізін қалаған, іс жүзінде қолдану технологиясы жасаған А Я Коменский. Сабақта мемлекеттік оқыту бағдарламасына сай материялдардың мазмұны оқытудағы тақырыптың негізінде мазмұндап, оқушыларға білім және тәрбие қалыптастырады. Әр бір лқушы сабаққа қатысуға міндетті. Кластағы оқушылар сагы тұрақты жас шаралар бірдей, білім деңгейлері де бірақ қалыпты болу керек. Сабақ барысында жетекші, негізгі ролі мұғалім атқарады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдердің, формаларын қолданады. Деңгеймен сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде орын жоғарылатпайды [4,41].
Мектептегі биология пәндерін оқыту барысында оқытудың басқада формалары қолданады. Сабақтардың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін топ серуендер (экскурция), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар міндетті немесе кластан тыс жұмыстық, мен тірі табиғат үйірмесінде биология бөлмімінде орындалатын жұмыстар. Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық әдіс - тәсілдерін қолданады. Өсімдіктермен жануарлар демократияларда зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың ішкі және сыртқы құрлыстарымен таныстырады. Тірі ағзалардың тіршілігін, дамуын, бір - бірімен қарым - қатнастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытуың басқа формасы қолданылады ол сбақ оқыту формасын толықтырады. Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар. Сөздік әдістері қолдануда оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, лекция түрінде білім береді, ал оқушылардың іс- әрекеті тыңдау. Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылар ауызша немесе жазбаша есеп беру барысында алған білімдері мен түсініктері қортындылады, бекітеді. Көрнекілік әдісін пайдаланған кезде мұғалімнің сөзі бас қа мағына алады да, оқушылардың алатын білім көзі мұғалімнің заттар мен құбылыстарды көрсету, демонстрациялау болып табылады. Оқушылар көрген фактіларін ой елегінен өткізіп, белгілі бір қорытындыға келіп жаңа білім қалыптастырады. Бұл жағдайда оқушылардың бақылаған, көрген құбылыстары білім көзі болып есептелінеді. Практикалық әдіс қолдануда мұғалім нің сөзі нұсқау беру үшін және орындалатын жұмыстың мақсатымен таныстыру үшін қажет. Оқушылардың алатын білім көзі, өздерінің орындайтын практикалық жұмысы. Бірқатар жағдайларда мұғалімнің нұсқауымен білім алу үшін кітаппен жұмы с жүргізледі. Оқушылар білімді кітаптың мазмұнынан алады. Кітаппен жұмыс алуан түрлі әдістерді қолдану барысында да жүргізіледі мұғалімнің қандайда бір әдістерді қолдануының негізгі мақсаты, оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыру . Оқушылар сабақтарда баяндамалар, түсініктемелер, тәхрибелер, практикалық жұмыстар жасайды. Әдістердің барлық түрлерін қолдануда, оқушылардың өз бетінше ойлау деңгейін дамыту жағын қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қатар оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін дамыту үшін олардың жауап әрекеттеріне сараптама жасау керек. Бұл жұмыс оқушылардың білімін тексеру, есепке алу арқылы жүзеге асады.

1.2. Биологиядан оқу-тәжірибе аймағы және оны ұйымдастыру
Оқу-тәжірибе участоктері оқушылардың тәжірибе жұмыстарының базасы болуы тиіс. Оқу - тәжірибе жұмыстары барысында оқушылар тапсырылған іске жауапкершілікке тәрбиеленеді, бастаған ісін аяғына жеткізуге дағдыланады.
Ауылшаруашылығы тәжірибе жұмыстары арқылы оқушылар тірі табиғатты тереңірек оқып-үйренеді, жергілікті климат жағдайын ескере отырып ауылшаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға эксперименттік зерттеу жүргізеді, табиғатты қорғау шараларын үйренеді, тірі табиғат бұрышында мектеп жанындағы тәжірибе участогінде жұмыс істеуге дағдыланады.
Мектеп оқушыларының тәжірибе жұмыстары- оқуды өндірістік еңбекпен байланыстырудың бір түрі, оқытудың теориялық және машықтану (практикалық) деңгейіндегі негізгі ұғым-түсініктерді игерудің тиімді құралы деп қарастыру керек.
Тәжірибе жасау арқылы - зерттеуші (экспериментатор) қойған мәселені шешуге жан-жақты жауап іздеу нәтижесінде күрделілігі, маңыздылығы, ұзақтылығы әртүрлі көптеген сұрақтардың жауабын табады.
Мектеп жанындағы тәжірибелік - машықтану (практикалық) жұмыстарын оқушылардың келешек мамандығын саналы түрде таңдауға дайындайтын еңбек тәрбиесінің алғашқы сатысы деп қарау керек және бұл еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінің өзіндік көрсеткіші қызметін атқарады.
Тәжірибе жұмыстары көптеген пәндердің - еңбекке баулу, табиғаттану, биология, география, экология, химия және физика-математиканың кейбір тақырыптарының оқу бағдарламаларының жалғасы болып табылады.
Осы пәндерден игерілген теориялық білім далалық және зертханалық эксперимент жүргізгенде пайдаланылатын болады. Алайда бұл білім әдетте аздық етеді, сондықтан іс барысында туындайтын мәселерді шешу үшін қосымша хабар көздеріне жүгіну, танымның жаңа әдістерін игеру керек болады.
Тәжірибелік жұмыстарға балалардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін, олардың икемімен қызығушылығын ескере отырып, 1-11 класс шәкірттері тақырыптар бойынша түгел қатыстырылуы керек.
Тәжірибе жұмыстарының бағытына қарай негізгі алға қойылатын мәселе оның қортындысының ғылыми құндылығы болуы керек. Яғни, тәжірибе жұмыстары бұрыннан белгілі әдістермен жүргізілуі керек, оның қорытындылары дәлелді де сенімді, қорытындысы қатесіз болуы керек. Жас натуралист ұзақ тәжірибе жасау үстінде көптеген беймәлім жайттарға жауап табады. Кейде алғашқы мәліметтер болмауы мүмкін, оларды алдын-ала арнаулы әдебиеттерден, шаруашылықтың статистикалық материалдарынан, мерзімді баспа сөздерден, ұзақ та қыруар еңбек жұмсаған эксперимент үстінде табуға болады.
Оқу әдісі ретінде бақылауды тәжірибемен үйлесімде оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін сабақтарда кеңінен пайдалану қажет. Өсімдіктер құрылымы мен тіршілігін ғылыми зерттеудің маңызды әдістері - бақылау мен тәжірибе кейбір өзгерістерге ұшырай отырып, ғылыммен бірге мектепке енді. Мектеп учаскесінде оқушылар мәдени және арам өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың өсуі мен фазалар бойынша дамуын бақылайды. Оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілген тәжірибелер мен бақылаулар материалында негізгі биологиялық-экологиялық ережелер мен ұйымдарды ашу өте тиімді.
Бұл зерттеуде оқу-тәжірибе учаскесі базасы негізінде агробиологиялық білімді қалыптастыруға бақылаулар мен тәжірибелердің әсері анықталды. Бақылаулар мен тәжірибелерді толық түсіну себеп-салдарлық байланыстарды, анықтаумен және оларды жинақтаумен байланысты. Ол сыртқы нақты фактілерді қабылдаудан бақыланатын құбылыстардың мәнін ашатын ұғымдарға өтуді болжайды.

Бақылау - қоршаған табиғатты танудың маңызды тәсілдерінің бірі. Ол сезім органдары көмегімен табиғат нысандары мен құбылыстарын тікелей қабылдауға негізделген. Бақылау оқушылардың мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын табиғат құбылыстарын, еңбек үдерістерін, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін өздігінше зерттеудің әдісі болып табылады. Бақылауды жылдың кез келген уақытында ұйымдастыруға болады.
Себуден өнімді жинауға дейінгі күтімнің барлық түрлері (топырақты қопсыту, сирексіту, арам шөбін отау, түбін көму, суғару, үстеп қоректендіру, үзу, шырпу, өгей бұтақшаларын кесу, аурулармен күрес және т.б. тәжірибелік), сондай-ақ бақылау мөлдекшелерінде бір мезгілде жүргізіледі.
Тәжірибе нәтижелері барлық нұсқалар бойынша бір мезгілде жазылып отырады. Мысалы, егер бұл көкөніс немесе дала дақылдары болса, онда алдымен зақымдалған өсімдіктер мен қорғаныс белдеулерін тазалайды (олардың өнімі тәжірибеде ескерілмейді). Біздің зерттеулерімізде біздер учаскеде қойылған тәжірибелердің көпшілігінде қорғаныс белдеуі қарастырылмағанына назар аудардық.
Әдебиетті талдау, үздік биолог-мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу және тәжірибелер жүргізудегі талдау оқу-тәжірибе учаскесіндегі тәжірибелік жұмыстарды оқушыларды жүргізуі кезінде биологиялық-экологиялық білімді тиімді меңгеру үшін мына талаптарды орындау қажет екенін көрсетті:
- тәжірибе танымдық және өндірістік маңызбен іріктеледі;
- тәжірибелерді қою кезінде, зерттелінетіннен басқа шарттар бірдей болуы тиіс, яғни ғылыми-зерттеулер қағидасы - бірдей айырмашылық қағидасы сақталуы тиіс;
- тәжірибе бақылаумен салыстырылады;
- тәжірибе нұсқаларын анықтау. Орта және төмен жастағы оқушылар үшін тәжірибені екі нұсқада: тәжірибе - бақылау қойған тиімді. Өте шынайы болуы үшін тәжірибені кем дегенде екі қайтара жүргізу керек;
- тәжірибелік және бақылау мөлдекшелерінің орналасуын, көрсететін, тәжірибе сызбасын алдын-ала белгілейді;
- жұмыстарды жүргізу түрлері мен мерзімдерін көрсетумен дәл агротехникалық жоспарды әзірлеу;
- тәжірибелік және бақылау мөлдекшелерінде өсімдіктерге жүйелі түрде фенологиялық бақылаулар жүргізу, қажетті өлшеулер мен есеп жүргізу, жазулар, суреттер, фотосуреттер түрінде бекіту;
- тәжірибе және бақылау учаскелерінде себу, күтім, өнім жинауды бір мезгілде, кесте бойынша жүргізу;
- әрбір тәжірибе барлық вегетациялық кезеңге нақты топқа бекітіледі;
- түрлі топтардың жүргізген барлық тәжірибелерімен барлық сынып оқушыларын таныстыру. Мұғалім ұйымдастырған ағымдағы бақылау жолымен және қорытынды сабақта жүзеге асырылады.
Мектеп жаны учаскелеріндегі тәжірибелік жұмыстар оқушылардың биологиялық-экологиялық білімін қалыптастыруға үлкен мүмкіншіліктер ұсынады. Оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың қызметі барысында практика мен тәжірибелік жұмысқа үлкен орын беріледі. Білімді меңгеру барысында фактілер мен көріністерді ұғымдар, пікірлер, ой тұжырымдары жүйесіне жалпы жинақтау болып табылады.
Осыған байланысты фактілерді "ой елегінен өткізу" кезеңі түбегейлі маңыз алады. Оқушылар тек жинақтау негізінде фактілерді ұғына, олардың мазмұнын сапалы және берік меңгере алады.
Бұл үдеріс тәжірибені қою кезінде айтарлықтай жеңілдетіледі.
Мектеп дамуының осы кезеңінде, дамытып оқытудың маңыздылығын арттыру жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың құралдарының бірі ретінде учаскедегі тәжірибе жұмысы идеясы ерекше назарға ие болады.

1.3. Оқу-тәжірибе участогында жасалатын тәжірибелердің оқу-танымдық маңызы
Бақылау сыныптарда оқу материалы тәжірибелерді қоюсыз, ал тәжірибелік сыныптарда тәжірибе жұмыстары негізінде түсіндірілді. Тәжірибелік сыныптардағы сабақтарда оқушылардың танымдық белсенділігі екі есеге артты.
Оқу-тәжірибе учаскесіндегі тәжірибелер мен бақылаулардың оқушыларға берік, түсінікті биологиялық-экологиялық білім алуына көмектесетінін зерттеу нәтижелері көрсетті. Тәжірибе жұмысы міндетті түрде оқушылардың тәжірибені түсініп меңгеруімен жүйеде жүргізілуі тиіс. Бұл жұмысты жүргізу биология мен ауылшаруашылығы еңбегі курстарының байланысын жүзеге асыруға ықпал ететін әдістемелік шарттардың бірі болып табылады. Оқушыларда олар үшін мүмкін болатын ағзалық немесе жасушалық деңгейде физиологиялық құбылыстарды түсіндіруге ұмтылысты дамыту керек.
Мектептегі оқу-тәжірибе участогіндегі тәжірибені жасар алдында оқушылар тәжірибеге қойылатын талаптармен танысып алу керек. Әр тәжірибе екі мөлдекте жүргізіледі - тәжірибелік және бақылау мөлдектері.
Мөлдектердің мөлшері, формасы, бетінің тегістігі, топырағының құрамы бірдей болуы міндетті.
Тәжірибелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білімін бақылау
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
БОӘ дамуына үлес қосқан Қазақстандық әдіскерлер және олардың еңбектері
Ғылымның даму кезеңдері
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамуы
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Оқушылар білімін тексеру
Жобалау технологиясы оқыту ерекшеліктері
Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі күрделі және көп қырлы
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін университет магистратурасының білім беру жүйесін қалыптастыру
Пәндер