Биологияны оқытуда өз организмін таным білуге үйрету


Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Жаратылыстану- география факультеті
Биология және экология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Биологияны оқытуда өз организмін таным білуге үйрету»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Биологияны оқыту әдістемесі
1. 1 Биологияны оқытудың мақсаты . . . 5
1. 2 Биологиялық білім беру проблемалары . . . 8
2. Биологияны оқытуда адам организмін оқыту
2. 1 Биологияны оқытуда өз организмін танып, білуге үйрету . . . 14
2. 2 Адам ағзасы туралы түсінік . . . 20
2. 3 Адамның жеке басының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар (онтогнез) . . . 24
Қорытынды . . . 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34
Кіріспе
Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, оқушыларға білім мен тәрбие беру үшін, пәннің мазмұны мен құрылымы және сабақ өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материялдардан басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту әдістерінің үлкен маңызы бар. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге, тәрбие қалыптастыруға болады. 1963 жылғы философиялық сөздікте “метод” немесе “әдіс” дегенімізді белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тәсілі, реттелген іс- әрекет деп түсіндірілген. Демек “іс әрекетті” дидактикалық принсптер тұрғысында алатын болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мұғалімнің алдына қойған мақсатына жету ұшін жасайтын, пайдаланылатын тәсілдері деп қарастырамыз.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау ісіне айрықша мән беріліп, байыпты да жүйелі өзгерістер талап етілуде.
Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық тұрақтылығын зерттей оытрып нозологияға дейінгі күйді анықтау. Адамдардың денсаулық деңгейін жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік күйін сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланды. Оқушылардың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен оларды салауатты өмір салтына үйрету қажет. салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 57%-ы, әйелдердің 34%-ы, жастардың 40%-ы, шылым тартса, ересек адамдардың 65%-ы үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 17, 5%-ы нашакорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-на себеп болып отыр.
Биология сабақтарында кең және жан - жақты пәншілік және пәнаралық бұрынғы болашақ, тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушылардың материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді. Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын аттыру әдістерінің бірі пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептері шығаруды үйрету. Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл-күйі, баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді
Биология пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.
1. оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс- әрекеттің сипаты.
2. Мұғалімнің білім берудегі іс - әрекетінің сипаты.
3. Білім алу көзі.
Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білшім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі: ал сөздік әдіс, көрнекілік және әдіс және практикалық әдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістері де оқу - тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Олар: оқулық және алуантүрлі техникалық жүйелер. Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп көрсетуге болады.
Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру мен оқытып - тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс - әрекеттеріне байланысты.
1. Биологияны оқыту әдістемесі
1. 1 Биологияны оқытудың мақсаты
Биология пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.
1. оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс- әрекеттің сипаты.
2. Мұғалімнің білім берудегі іс - әрекетінің сипаты.
3. Білім алу көзі.
Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білшім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі: ал сөздік әдіс, көрнекілік және әдіс және практикалық әдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістері де оқу - тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Олар: оқулық және алуантүрлі техникалық жүйелер. Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп көрсетуге болады.
Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру мен оқытып - тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс - әрекеттеріне байланысты.
Сабақтың алғашқы жобасын жасаған неміс педагок И Штурм, дамытып, теорялық негізін қалаған, іс жүзінде қолдану технологиясы жасаған А Я Коменский. Сабақта мемлекеттік оқыту бағдарламасына сай материялдардың мазмұны оқытудағы тақырыптың негізінде мазмұндап, оқушыларға білім және тәрбие қалыптастырады. Әр бір лқушы сабаққа қатысуға міндетті. Кластағы оқушылар сагы тұрақты жас шаралар бірдей, білім деңгейлері де бірақ қалыпты болу керек. Сабақ барысында жетекші, негізгі ролі мұғалім атқарады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдердің, формаларын қолданады. Деңгеймен сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде орын жоғарылатпайды [4, 41] .
Мектептегі биология пәндерін оқыту барысында оқытудың басқада формалары қолданады. Сабақтардың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін топ серуендер (экскурция), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар міндетті немесе кластан тыс жұмыстық, мен тірі табиғат үйірмесінде биология бөлмімінде орындалатын жұмыстар. Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық әдіс - тәсілдерін қолданады. Өсімдіктермен жануарлар демократияларда зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың ішкі және сыртқы құрлыстарымен таныстырады. Тірі ағзалардың тіршілігін, дамуын, бір - бірімен қарым - қатнастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытуың басқа формасы қолданылады ол сбақ оқыту формасын толықтырады. Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар. Сөздік әдістері қолдануда оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, лекция түрінде білім береді, ал оқушылардың іс- әрекеті тыңдау. Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылар ауызша немесе жазбаша есеп беру барысында алған білімдері мен түсініктері қортындылады, бекітеді. Көрнекілік әдісін пайдаланған кезде мұғалімнің сөзі бас қа мағына алады да, оқушылардың алатын білім көзі мұғалімнің заттар мен құбылыстарды көрсету, демонстрациялау болып табылады. Оқушылар көрген фактіларін ой елегінен өткізіп, белгілі бір қорытындыға келіп жаңа білім қалыптастырады. Бұл жағдайда оқушылардың бақылаған, көрген құбылыстары білім көзі болып есептелінеді. Практикалық әдіс қолдануда мұғалім нің сөзі нұсқау беру үшін және орындалатын жұмыстың мақсатымен таныстыру үшін қажет. Оқушылардың алатын білім көзі, өздерінің орындайтын практикалық жұмысы. Бірқатар жағдайларда мұғалімнің нұсқауымен білім алу үшін кітаппен жұмы с жүргізледі. Оқушылар білімді кітаптың мазмұнынан алады. Кітаппен жұмыс алуан түрлі әдістерді қолдану барысында да жүргізіледі мұғалімнің қандайда бір әдістерді қолдануының негізгі мақсаты, оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыру . Оқушылар сабақтарда баяндамалар, түсініктемелер, тәхрибелер, практикалық жұмыстар жасайды. Әдістердің барлық түрлерін қолдануда, оқушылардың өз бетінше ойлау деңгейін дамыту жағын қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қатар оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін дамыту үшін олардың жауап әрекеттеріне сараптама жасау керек. Бұл жұмыс оқушылардың білімін тексеру, есепке алу арқылы жүзеге асады.
Биологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ болып табылады. Ол белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны мұғалім тұрақты оқу кестесі бойынша құрамы тұрақты оқушылар тобымен арнайы жабдықталған биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді.
Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар қайталау сұрақтары белгіленеді, экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады.
Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды. Онда тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер, көрнекі құралдар, практикалық жұмыстарға қажетті материалдар және сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Білімді жақсы меңгеру және бекіту үшін қажет болған жағдайда кейбір тақырыптардың сағат мөлшерін 1 - 2 сағатқа көбейтуге болады. Мұндайда кейбір тақырыптардың сағаты қысқартылады және бағдарлама толық орындалу керек.
Тақырыптың өзара орынын ауыстырған дұрыс емес.
Жылдық жоспарда қайталауға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарда нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы мен сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады.
Биология оқытушысына жұмысты жоспарлаудың өте бір қажеттілігі мынадай жағдайға байланысты: биология оқытушысы материалды күн ілгері әзірлеу керек, белгілі бір мерзімде көрсетілетін тәжірибелерді алдын ала жасау, экскурсия туралы күні бұрын келісу және т. б. қажет.
1. 2 Биологиялық білім беру проблемалары
Жалпы білім беретін мектептегі биологиялық білім мазмұнын, оны оқыту әдістерін түбегейлі жаңартудың қажеттігі көп жылдар бойы қалылтасқан ескі әдіснамалық ұстанымдарра негізделіп жасалған пәннің дәстүрлі әдістемесінің қоғам дамуындағы жаңа бағытта даму үрдісінен шыға алмай дағдарысқа түсуінен туындап отыр.
Қазіргі мектептегі биология курсы XX ғасырда биология ғылымдарында болған, танымдық, білімдік және тәрбиелік жағынан аса маңызды деген өзгерістерді жеткілікті дәрежеде игермеген.
Тіршіліктің жасушаның - ағзалық деңгейі бүкіл оңу материалының 90% астамын алады: ал популяциялық - түрлік, биосфералық биогеоценотикалық деңгейлер қажетті көлемде және тереңірек қарастырылмайды, себептілік, тарихилық, жүйелілік, полицентриуі т. б. сияқты білімді дүниетанымдық көзқарас жүйесіне жалғастырыг енгізетін биологиялық таным әдістері арнайы оқытылмайды: ғылыми болжам жасау, оны тексеріп байқау әдістері туралы айтылмайды.
ҮІ-ҮІІІ сыныптардағы өсімдіктану жануартану пәндерінде тірі ағзалар топтарының жекелеген өкілдерінің аттарын атап, сыртқы, ішкі құрылысын тәптіштеп сипаттауға, жіктеп топтастыруға өте көп көңіл бөлінеді де, экология, диалектикалық көзқарас қалыптастыру мәселелеріне жете мән берілмейді.
IX сыныптағы тәнтану пәнінде адам омыртқалы жануарлардың тіршілік үрдістерін зерделеудің моделі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік мәні, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орны, өмір сүру мақсаты, құндылығы, салауатты өмір, т. б. қазіргі заманғы адамтанудың аса маңызды мәселелері мектептегі бүкіл білім мазмұнынан тыс қалған.
Мектептегі биологиялық білім мазмұнының ізгіліктендіру ұстанымын жүзеге асыратындай, оқушыларда тіршіліктің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыратындай, экологиялық сауаттылығын арттырып, мәдениеттілікке тәрбиелейтіндей ойлауын дамытуымыз керек.
Қазіргі заманда ғылыми білімнің қуатты кіріктіру кезеңі жүріп жатыр. Мектепте білім мазмұнын пәндерге жіктеп оқыту басымдылығы берік сақталған. Орта, жоғарғы сыныптарда пәндік оқытуға мән берілуі қажет, онсыз оқушыларға қазіргі заманғы ғылым негіздерінен тиянақты білім беру мүмкін емес. Пәндік оқытудың гипертрофиясы биологияның басқа пәндермен байланысын былай қойғанда, өз ішіндегі салалық бөлімдері арасындағы байланыстың үзілуіне әкеп соқтырған. Мысалы: тіршіліктану курсы бір-бірімен байланысы аз цитология, эюлюциялық ілім, экология және генетика сияқты: тіпті әрқайсысы өз ғылыми пәнін де қажетті деңгейде бейнелей алмайтын жеке-жеке бөлімдерден тұрады.
Тіршілік жүйесінде жүретін физикалық-химиялық заңдылықтардың негізін түсінуге көмектесетіндей алдын-ала дайындау пәндер оқытылмайды. Мысалы, диффузия, адсорбция, сәуле-жарық, ионды алмасу, қысым, т. б. туралы қарапайым мәліметтері жоқ. Ү-ҮІІІ сынып оқушылары өсімдік, жануар, адам ағзасында жүретін тіршілік үрдістері туралы /қоректену, тыныс алу, көбею, өсу, даму, қозғалу т. б. / материалдарды жаттанды оқуға мәжбүр болады. Мектептегі басқа пәндер сияқты биологиядан да оқушыларға көп жағдайда, дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттарды іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту әдістемесі, догмалық ойлау типі басым, дайын нұсқауларды бұлжытпай орындаушылар тәрбиелеуге бағдарланып құрылған. Еліміз тәуелсіз даму жолына түсіп отырған жағдайда оқушылардың өз еліне, туған табиғатқа, жеріне терең, аялы сезімін оятып, патриоттық рухта тәрбиелейтіндей, эстетикалық талғамын қалыптастыратындай материалдар, ұлттық мәдениетіміздің элементтері биология пәні мазмұнында жеткіліксіз.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына орай жалпы білім беретін мектептің құрылымы, әр сатысының оқу-тәрбиедегі қызметі өзгереді. Ал, қазіргі мектепте оқытылып жүрген биология пәні әдістемесінің негізгі құрамдас бөліктері /мақсаты, мазмұны, әдістері, оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері, құралдары/ түбегейлі өзгеріске түскен жоқ, ескі базисте сақталып отыр. "Жаңа" деп жасалған оқулықтары /"Өсімдіктану, Жануартану, Тіршіліктану, Тәнтану/ ескі базиске құрылғандықтан аталған кемшіліктерден арылмаған. Оның үстіне республикадағы көп мектептер бұрынғы Одақта жасалған ескі оқулықтар пайдалануда. Осының бәрі жалпы білім беретін мектептегі биология пәні әдістемесін түбегейлі жаңартып, қайта құру қажеттігін көрсетеді.
Биологиядан жалпы білім берудің мақсаты, мазмұны, құрылымы, ең алдымен қоғамның әлеуметтік сұранысына, қазіргі заманғы биология ғылымының жүйесі мен әдіснамасының ұсыныстарына және орта буын сыныптары оқушыларының жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай анықталады.
Мектептің негізгі сатысында биологиядан білім берудің негізгі мақсаты -тіршілікті ең жоғары құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, экологиялық мәдениеті, дүниенің ғылым бейнесіндегі тірі табиғаттың, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми танымдық әдіс, тәсілдерін, іргелі ұғымдар жүйесін қажетті деңгейде меңгерген және биологиялық білімін экожүйелер мен тірі ағзалардың көптүрлілігін сақтап, қорғауға, өндірістік енбек үрдістерін экологияландыруға, салауатты өмір сүруге тиімді қолдану біліктері бар, биологиялық сауатты тұлға дайын болуы керек.
Бұл мақсат мынадай міндеттер жүктейді;
- Оқушылардың ғылыми дүние танымын, тірі жүйелерге, адамға ең жоғары құндылық, мінсіз әсемдік ретіндегі қарым-қатынасын қалыптастырып, биологияны мәдениет құбылысы деп танып, қабылдауын қамтамасыз ету;
- тіршіліктің, адамның дүниесінің ғылыми бейнесіндегі орны мен ролін түсініп, меңгеруіне жағдай жасау;
- биологияның негізгі идеяларын ұстанымдарын, идея мен деректің өзара байланысын, теориялар мен тұжырымдамалардың қалыптасуы мен дамуын, алмасуын саналы меңгерту;
- тірі жүйелер туралы білімді практикада қолдану біліктерін қалыптастыру;
- биологиямен байланысты мәдениет салаларына қажетті негізгі әрекет түрлері туралы түсінік, білік, дағдыларды меңгерту;
- биологиямен байланыеты мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу.
Биологияны оқыту мақсаты педагогикалық психологияда анықталғандай, орта буындағы сынып оқушысында теориялық ойлаудың даму мүмкіндігінің жоғары болуы жаңа білім мазмұны негізін дамыта отырып, оқыту идеясын игеру қажеттігін көрсетеді. Бұл идеяның негізгі ұстанымдарының бірі - білімнің теориялық деңгейін көтеру екені белгілі. Мектептің негізгі сатысында жалпы биологиялық білімнің аяқталған сипаты болуы қажеттігіне орай, білімнің теориялық деңгейін көтеру бұрын Х-ХІ сыныптарда оқытылатын биологияның іргелі теориялары мен тұжырымдамалары /жасуша, хромосома, онтогенез, эволюция т. б. / туралы ақпараттарды осы сатыға түсіру арңылы жүзеге асырылады. Мұнда оқушылардың таным мүмкіндігі ескеріледі; ең алдымен, ХҮ-Х сыныптардағы бұрынғы өсімдік, жануар, адам туралы бір-бірімен байланыссыз, индуктивті сипатта, эмперикалық деңгейде оқытылатын материалдардағы ұсақтүйек, білімдік, дүниетанымдық жағынан онша мәні жоқ мағлұматтар қысқартылып, қалғаны жүйеленеді, жалпы биологиялық заңдылықтарды ашатын теориялар мен тұжырымдамалар ықшамдалып жеңілдетіледі /тұқым қуалаудың химиялық негіздері, жасуша деңгейіндегі зат және энергия алмасуының физикалық-химиялық аспектілері т. б. / және басқа материалдармен кірістіріледі. Мұның өзі мектепте оқытылатын биологиянм сәйкес ғылымның моделі ретінде қарастырып, жүйелілік, полицентризм, себептілік, тарихилық ұстанымдары тұрғысынан бір-тұтас курс түрінде құруға және оның мазмұнында тіршіліктің үш деңгейі туралы білімді қамтуға мүмкіндік береді тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпы биологиялың заңдылықтармен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі сатысының өзінде-ақ олардың жалпы білімділік дайындығының толық болуын қамтамасыз етеді.
Мұндағы әдіснамалық ұстанымдардың ролі білім мазмұнын, құрылымын, құрамын, оқыту әдістерін анықтауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың өзі білім мазмұнының құрамдас бөлігі бола отырып, биологиялық білімді дүниетанымдық жүйемен ұштастырады. Соның нәтижесінде "Оқушылардың тірі табиғатқа деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру" талабы /мақсат/ тек сөз жүзінде қалмай, мазмұны арқылы жүзеге асырылады.
Бұл орта буын кезеңіндегі /11-15 жастағы/ оқушыда жетекші орынға шығатын құндылық бағдарлы әрекеттің қалыптасуына елеулі ықпал етіп, соның негізінде өмірдің мәнін іздестіру, дүниеге көзқарасын, адамгершілік сезімін, мұрағият ұстанымын, эстетикалық талғамын айқындау бағытындағы талпынысы мен мүддесіне сай келеді. Дамыта отырып оқыту идеясы мектеп биологиясының әдістемесінде тірі табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттік қарымқатынасын, оқушы тұлғасы дамуының ерекшелігі мен оқу пәні қисынының бірлікте қарастырылуы, биологиялық білімінің жалпы мәдениеттегі орнын анықтайтын ізгіліктендіру идеялары арқылы нақтыланып, биологиялық білім мазмұны құрылымы, құрамы, оны оқыту әдістері осы идеяларға негізделеді.
Оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес білім мазмұнының төмендегідей құрылымы анықталады:
- Тірі табиғат туралы білім.
Бұл тірі табиғаттың ғылыми бейнесін көрсететін қазіргі заманғы биологиялық ғыльми білім жүйесін және осыны толықтырып, оған әлеуметтік-мәдени фон беретін тірі табиғаттың көркем моделі мен ол туралы әр түрлі мифтік, діни мағлұматтарды қамтиды.
Тірі табиғаттың ғылыми бейнесіне
а/ биологиялық обьектілер мен құбылыстар /өсімдік, жануар, адам тіршілігі/ туралы түсініктер;
б/ түрлі обьектілердің, оларда жүретін үрдістердің және тіршілік қызметінің /қасиеттері, құрылымы, қарым-қатынастық байланыстары, т. б. / басты сипаттамалары;
в/ биологиялық, теориялар, т. б, туралы білім кіреді.
Оқушылар меңгеруі тиіс әрекет түрлері туралы білім. Бұған ғылыми-зерттеу, көркем қабылдау, құрастыру, технологиялы практикалық сипаттары және тірі табиғатқа қатынасты, оның мәдениеттегі орнын түсініп бағалауға арналған адамгершілік сипаттағы оқу тапсырмаларын шешуге бағытталған әрекет түрлері жатады.
- Білімді меңгерудің әдіс-тәсілдері туралы білім.
Бұл білім туралы /эмпирикалық, теориялық, практикалық, білік, дағдылар/ және оны меңгерту тәсілдері туралы /логикалық: талдау, синтез, жалпылау, салыстыру ғылыми, бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу т. б / білімді қамтиды.
Білім берудің мақсатына орай, оқушының жасына байланысты таным ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың бәрінің білім алуына тең мүмкіндік берілуі қажет дейтін дидактикалық ұстанымға сүйенгенде, сонымен қатар біздің мектептерімізде берілетін биологиялық білім деңгейінің алдыңғы қатарлы елдерден төмен болмауын көздегенде, ең алдымен, әр оқушыға мектеп ұстанатын оңу материалының базалық /өзгеріссіз/ денгейі, яғни базалық білім мазмұны анықталуы тиіс. Бұл деңгей қандай типті екеніне қарамастан мектептің негізгі сатыда әр оқу үшін ұсынатын білім мазмұнын толық ашады және оқу бағдарламалары осы мазмұнға құрылады.
2. Биологияны оқытуда адам организмін оқыту
2. 1 Биологияны оқытуда өз организмін танып, білуге үйрету
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz