Білім жетілдіру жоспары


Аттестатциядан өтудің
ПЕРСПЕКТИВТІ ЖОСПАРЫ
Информатика пәнінің мұғалімі білуі керек:
І. Информатика пәнін оқу процесінде оқушыларды білімдік және тәрбиелік мақсатта дамытуды;
ІІ. Мектеп бағдарламасының құрылымын;
ІІІ. Информатика пәні бойынша оқу және әдістемелік әдебиеттер мен нормативтік құжаттарды;
IV. Информатика пәнін оқыту әдістемесінің теориялық негізін (информатика пәнін оқыту әдістерін, кабинеттің жабдықталу жүйесін және талаптарын, қауіпсіздік техникасының ережелерін, оқытуда қолданылатын кез-келген құралдардың қолданылуын және сақталу ережелерін, заман талабына сай күн санап шығып жатқан түрлі сандық технологияларды меңгеруі тиіс)
Мектептегі информатика пәнінің мазмұндық жүйесі
- ақпарат желісінде білім алушылар ақиқаттың бір көрінісі ретінде ақпараттың жалпы қасиеттерімен, табиғаттағы және қоғамдағы ақпараттық үрдістердің өзара қатынасымен танысады
- модельдеу түсінігін ақпараттық үрдістерді сипаттаудың бір түрі ретінде қарастырады.
- аппаратты және программалық жабдықтау: компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларымен танысады.
- ақпараттық технологиялар желісі әртүрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған.
- алгоритм: алгоритм түсінігі, алгоритмнің қасиеттері мен алгоритмнің берілуі туралы білімдері негізін құрайды.
- телекоммуникация: Интернет, электронды поштамен жұмыс істеудің негіздерімен танысады.
Бұл мазмұндық желілер әр сыныпта оқытылады. Әрбір мазмұндық желідегі тақырыптар бойынша білімдер спиарльді бейнелі толықтырылып және кеңейтіліп отырады. Әрбір тақырыптағы мәліметтер келесі тақырып мазмұнын игеруге негіз болады.
Информатика пәнінің сыныптар бойынша оқытылатын теориялық негізі
- 5-сынып
- Кіріспе (1 сағат) :
- Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат) :
- Компьютер (9 сағат) :
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (17 сағат) :
- Жобалық іс-әрекет (4 сағат) .
- 6-сынып
- Кіріспе (1 сағат) :
- Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат)
- Компьютер (2 сағат) :
- Алгоритмдеу және модельдеу (8 сағат) :
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (15 сағат) :
- Телекоммуникациялар (2 сағат) :
- Жобалық іс-әрекет (2 сағат) .
- 7-сынып
- Кіріспе (1 сағат) :
- Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат) :
- Компьютер (3 сағат) :
- Алгоритмдеу және программалау (9 сағат) :
- Ақпараттық модельдеу (2 сағат) :
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (14 сағат) :
- Жобалық іс-әрекет (2 сағат)
- 8-сынып
- Кіріспе (1 сағат) :
- Ақпарат және ақпараттық үдерістер (7 сағат) :
- Компьютер (2 сағат) :
- Алгоритмдеу және программалау (10 сағат) :
- Ақпараттық модельдеу (2 сағат) :
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (8 сағат) :
- Телекоммуникациялар (2 сағат) :
- Жобалық іс-әрекет (2 сағат) .
- 9-сынып
- Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат) :
- Компьютер (2 сағат) :
- Алгоритмдеу және программалау (16 сағат) :
- Ақпараттық модельдеу (3 сағат) :
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (9 сағат) :
- Жобалық іс-әрекет (2 сағат) .
- 10-сынып
- Кіріспе (1 сағат) :
- Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат) :
- Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат) :
- Алгоритмдеу және программалау (17 сағат) :
- Ақпараттық технологиялар (8 сағат) :
- Жобалық іс-әрекет (4 сағат)
- 11-сынып
- Кіріспе (1 сағат) :
- Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат) :
- Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы(2 сағат) :
- Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация (21 сағат) :
- Жобалық іс-әрекет (6 сағат) .
- Резерв (1 сағат) .
Оқытуда қолданылатын құралдар:
- «Activote» - тест программасы
- Электронды оқулықтар
- Флипчарттар
- Слайд (презентация)
- Оқулықтар
- Әдістемелік журналдар
- Интернет беттері
Педагогикалық технологияның түрлі тәсілдерін игеру
- Жаңа форматта оқыту
- Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының элементтері
- Ақпараттық коммуникативтік технологиялар
- Ойын элементтері
- Интерактивті оқыту
- Деңгейлеп оқыту
- Smart-оқыту технологиясы
Педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін білу
1. Жаңа форматта оқыту - түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және құрбыларынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымдамаға негізделеді.
Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтіндігін тілге тиек етеді. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады.
Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамассыз етеді.
2. Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының элементтері
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж. Пиаже мен Л. С. Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Бірінші кезең - қызығушылықты ояту. Үйрену процесі - бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызы-ғушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру. өйткені үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, то-бында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұш-тастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу) . Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» - «білемін», «-» - «білмеймін», «+» - «мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жо-ғарыдағыдай ұйымдастыру аталған ке-мшіліктерді болдырмаудың бірден-бір ке-пілі.
Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады.
Тақырып туралы ой толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, сал-мақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, да-налыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдар-ламасындағы мұғалім үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Яғни, мұғалім бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.
3. Ақпараттық коммуникативтік технологиялар - күнделікті сабақта әртүрлі қондырғылар (аудио, видео, теле, компьютер, интерактивті тақта, түрлі қондырғылар) арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауымен бірге, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматтарын қайталау арқылы нақтылауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқушылардан күтіледі:
- оқушының жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады;
- өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап алады;
- оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;
- жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итермелейді;
- кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады;
- теориялық алған білімдерін практикада еркін қолданануға мүмкіндік береді.
4. Ойын элементтері
Пән бойынша материалды түсінгенінтексеру, бекітукезеңінде, сонымен қатар жаңа ұғымдарды үйрету барысындапайдалануға тиімді ойындардан мысал келтірсем:
«Білім биржасы» іскерлік ойыны негізінде деңгейлеп оқыту технологиясы жатыр. Ойын барысы төмендегідей: Аctivstudio немесе Power Point бағдарламасында «5», «4», «3» сандары жазылған батырма жазылады да, оқушылар өз білім деңгейі мен мүмкіншіліктерін ескере отырып, сәйкес бағасы жазылған сұрақтарға жауап береді. Жауаптар «акциялармен» бағаланады. Жауаптың толық әрі анықтығына қарай «оқушы-акционер» түрлі-түсті акция қағаздарын алады. Мысалы, толық емес жауап -сары, ал дұрыс, бірақ толық емес жауап -қызыл акциямен, дұрыс әрі нақты жауап -жасыл акциялармен белгіленеді. Акциялар өз құны бойынша бағаланып отырады.
«Пікірлер генерациясы» да осы деңгейлік дифференциалдау технологиясының негізінде құрылады. Білім беру үрдісінде Венн диаграмасын 1 тараудан 2-тарауға ауысқанда программалардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату үшін қолданған өте қолайлы. Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін «кубизмді» де сабақтың соңында бекіту ретінде қолдануға болады. Мысалы, 7-сыныпта «Paint графикалық редакторларының құралдары» тақырыбын өткенде кубиктің қырларына жазу арқылы оқушылардың сайман атаулары мен қызметінің есте қалуына ықпал жасауға болады.
Мәселен оқушының өткен тақырыптарды қалай меңгергенін тексеру үшін сабақ беру үрдісінде дидактикалық «Инфо-домино» ойынын қолданамын. Бұл ойынды интерактивті тақтада электронды нұсқа түрінде немесе қағаз түрінде қолдануға болады. Сыныпты 2-3 топқа бөліп, әр топқа тақырып бойынша домино ұсынылады. Доминоның көлемі ортасынан тік сызықпен бөлінген 5х10 см төрт бұрышты қатты қағаздан тұрады. Оның оң жақ бөлігіне сұрақ жазылса, ал сол бөлігіне жауап жазылады. Бірінші үлестірме бетшенің сол жағы бос, оң бөлігіне сұрақ жазылады. Ал ең бірінші доминоның сол бөлігінде жауап болса, оң жағы бос болуы қажет. Әр топ өзінің үлестірме беттерін араластырып, доминоны сұрақтың сәйкес жауаптары бойынша құрайды. Сұрақтың жауабы сәйкес келген жағдайда ғана домино ойыны ойналады. Егер қандай да бір үлестірме бет артық қалып қойса, демек топ мүшелері бір жерден қате жібергенін білуге болады. Домино тізбегі:
Қосарланған дөңгелек ойыны. Сынып екі топқа 5 оқушыдан бөлініп, орындықтарымен қос дөңгелек жасап отырады. Ойын барысында ішкі дөңгелектегі оқушылар орнында отырып, сыртқы дөңгелектегі оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Мұғалім бақылау сұрақтары жазылған үлестірмелі беттерді таратады. 1 минут уақыт ішінде оқушы өзінің үлестірме бетіндегі сұрақтың жауабын білмесе әріптес-оқушыдан білмегенін сұрап алуға мүмкіндігі бар. Уақыт болғанда арнайы гонг соғылып, сыртқы «дөңгелекте» отырған оқушылар бір орынға жылжып, ауысып отырады. Ойын осылайша жалғасады, яғни ойын барысында балалар бір-біріне өзара көмектесіп, қиналған сұрақтардың жауаптарын бірігіп іздейді. Бір айналым жасалынып болған соң ойын тоқтатылып, мұғалім үлестірмелі бет бойынша оқушыларға сұрақтар қояды. Әр оқушы кімге көмектесіп, өзі кімнен көмек алғанын баяндайды. Ойын арқылы оқушылардың бойында қайырымдылық пен ұжымдық бірлік қасиеттері қалыптасады.
Танымдық, логикалық ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі түсінікті болары сөзсіз. Ойын элементтері енгізілген сабақтар оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Балалардың ойын барысында достық сезімі оянып, бір-біріне қамқорлығы мен ұжымдық ынтымақтастығы нығая түседі. Балаларды мейірімділік пен ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді нақты меңгеруіне көмектеседі.
Ойын элементтерін білім беру үрдісінде қолданғанда төмендегідей әдістемелік талаптарға сүйенген жөн:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz